Қарахандар иеліктері

жүктеу 29.24 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі29.24 Kb.
Қарахан мемлекетінің құрылуы Жетісу мен батыста Испиджабқа, шығыста Қашғарға дейінгі алып аумақтағы саяси оқиғалармен, қарлұқ мемлекетінің құлдырауымен тікелей байланысты. Осы аумақтағы шиеленіскен саяси жағдайды Қашғар билеушісі Сатұқ (915-955 жж.) пайдалана білді. 942 жылы ол Баласағұнды алып өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Осы жылдан Сатұқ негізін  қалаған Қарахан мемлкетінің тарихы  басталды. Сатұқ исламды қабылдап Дослан Қарахан лауазымын алды. 955 жылы билік Сатұқтың  ұлы Мұсаның қолына өтті. Мұса қаған 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні ретінде жариялады. Бұл исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдаған тұңғыш түрік мемлекеті еді. Мемлекеттің орталығы Қашғар қаласы болды. Сатұқ Боғра ханның екінші ұлы Сүлеймен ілік Баласағұнда билік жүргізді. Қарахандар иеліктері батыста Амудария мен Сырдарияның орта ағысына дейін, шығыста Қашғар, солтүстікте Тараз маңынан өтіп  оңтүстікте Мәуереннахрға  дейін созылды.
Қыпшақтардың қазақ және басқа да түркі тілдес халықтардың қалыптасуындағы (этногенезіндегі) ролі зор. Оны орта ғасырлардағы этникалық топтар ретінде Алатай, Монғолия, Хорезм, Қазақстан тағы да басқа жерлерді мекендеуі ғана емес, сонымен қатар олардың  маңызды этникалық  компонент ретінде, бүгінгі өзбек, қарақалпақ, башқұрт, түркімен, алтай халықтарының құрамында болуы да дәлелдейді.

Б.з. II мыңжылдықтың  басында ортағасырлық шығыстың мұсылмандық тарихнамасы мен Ежелгі Русь жылнамаларында Еуразия далаларының  шығыста Алтай тауларының сілемдерінен басталып, батыста Карпат таулары бөктерлеріне дейін созылған алып аумағында көшіп-қонып жүрген негізгі халық атымен аталған «Дешті- Қыпшақ» немесе «Половецкое поле» (орыс жылнамаларында) ұғымы пайда болды. «Дешті - Қыпшақ » парсы тілінен   «қыпшақтар даласы» деп аударылады. Бұл атауды XI ғасырдың парсы тілдес авторы, парсы ақыны Насир  и - Хусрау берген. Ол өзінің «Диуан» еңбегінде бұлайша Хорезмнің солтүстік  шығыс шекарасына тиіп жатқан далаларды, яғни  Балқаш пен Сырдария өзенінен солтүстікке қарай, Ертістен Итильге (Еділ) дейінгі жерлерді атаған.

©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет