Ашимбаева ф. Е



жүктеу 114.6 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі114.6 Kb.
ӘӨЖ 572. 42 “632/637”
АШИМБАЕВА Ф.Е.

Әл – Фараби ат. ҚазҰУ тарих факультеті

2 – курс студенті


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН БАЙЫРҒЫ КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
Аннотация
Мақалада Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының палеантропологиялық ерекшеліктері және антропологиясы бойынша көне және қазіргі заманғы халықтардың қарастырылып отырған территорияда нәсілдік және этногенетикалық үрдісін ашуқарастырылған.

Кілт сөздер: краниология, палеоантропология, этногенез, раса.


Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштері мен байырғы көшпенділердің арасындағы сабақтастық
Қазақтың кең байтақ жерінде ұзақ ұақытқа созылған тарихи кезеңдерін қамтитын көптеген археологиялық және антропологиялық нысандар арасынан қола дәуірінің ескерткіштері ерекше орын алады.

Отан тарихының ежелгі кезеңдерін, байырғы халықтардың мәдени-экономикалық байланысын, миграциялық жолдары мен этникалық үрдістерін, адамдардың антропологиясы мен этногенез мәселесін, археологиялық ескерткіштер арқылы зерттеуге болады. Осы кезеңде көршілес орналасқан ірі мәдени – тарихи аймақтардың өркендеуі бір – бірімен тығыз байланысты болды, сондықтан қола дәуірінің зерттелуі басқа тарихи – мәдени кезеңдердің ескерткіштерімен бірге өрбиді. Қазақ жеріндегі қола дәуірі ескерткіштері мен мәдениетіне деген қызығушылықты туғызған Ресей патшасы І Петр жарғылары деуге болады. Патша өзінің жарлығында обалардан алынған ежелгі адам қаңқасына мың рубль, бас сүйегі үшін бес жүз рубль көлемінде сый – ақы тағайындаған [1].

Қола дәуіріне тән обаларды немесе тас қоршауларды белгілі зерттеуші Н.И. Потанин 1829 ж. Семейден Созаққа дейін жүріп өткен жолында Орталық Қазақстан өңірінен кездестіреді.

Көне қорымдар, тас плитадан тұратын қабірлер мен қоршауларды зерттеу барысында қола дәуірі тайпалары табиғи жағдайы өмір сүруге қолайлы, кен байлықтары мол жерлерді қоныстанғандығын көруге болады. Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлиханов та Орталық Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерін сипаттап кетті.

1862 жылы В.В. Радлов қола дәуірі ескерткіштерін зерттеп, Аягөзге жақын маңнан Қарқаралы округынан, Семей төңірегінен бірнеше қола дәуірі нысандарында қазба жұмыстарын жүргізді. Табиғи жағдайларға, археологиялық артефактіге қарап ол көршілес өңірлерменбірге қазақ сахарасы да мыс, қалайы, алтын өндірген аймақтарға кірді деп есептейді. Алғашқылардың бірі болып өз заманында бұл ғалым Оңтүстік Сібір мен Қазақстанның солтүстік – шығыс аудандар мәдениетінің тарихын мыс немесе қола, ежелгі темір және жаңа темір, ерте орта ғасырлар секілді кезеңдерге бөлді [2].

Сонымен қатар М.Копалов Орталық Қазақстан ескерткіштерін алты топқа бөлді — жай мола, қабырғасынан қаланған тастар (андроновтық қоршаулар), қисық сызықтылар (көне бөген қалдықтары), төбелер (обалар), кен орындары мен бекіністер еді [3].

ХХ ғасырдың басында Ф.Н. Педащенко, А.Н., Б.Н. Белослюдов секілді зерттеушілер Шығыс Қазақстанның андронов мәдени – тарихи қауымдастығына жататын ескерткіштерді тауып зерттеді [4].

Шығыс Қазақстанның көне тарихи, ең үлкен ескерткіштерінің бірі болып саналатын Зевакинск, Измайловск, Қайыңды, Орлов, Қойтас т.б қорғандарын көптеген ғалымдар зерттеп, сол дәуірдегі қауымның жерлеу рәсімін, өмір сүру жағдайын анықтаған. Қола дәуіріндегі Қазақстан үшін ең бір маңызды, құндылығы жоғары, ежелгі андронов мәдениетінің тарихта алатын орны ерекше ( б.з.б XVII—VIII ғғ.). Олар біздің заманымызға дейін үйінділер, қорғандар, елді мекендер түрінде сақталып қалған. Тайпалық қауым жер игеруге, егін егугеқолайлы өзен – көл жағалауларын мекен еткен. Бұл уақыттағы жерлеу рәсімінің өзіндік ерекшелігі бар, бір немесе бірнеше ондаған мәйітті – таспен шеңберлі немесе тікбұрышты пішінді түрде қалаған.

Мәйіттің басын батысқа, оңтүстік – батысқа қаратып сол жақ қырымен қойып жерлеген. Бір – біріне бетпе – бет қаратылып, қырынан жатқызылған жұптық жерлеу де жиі кездеседі. Молада бірнеше ритуалды қыш құмыралар, жанында мыстан жасалған моншақтар немесе қола пышақ сияқты заттар бірге жерленген. Осы мәдениетке тән балшықтан жасалған үшбұрышты, шеңбер, ромб тәрізді күрделі орнаментпен жабылған құмыра да сол дәуірдің ерекшелігін көрсетеді. Барлық материалдардың жиынтығы Қазақстандағы қола дәуіріндегі андронов тайпаларының шаруашылық – мәдениеті екенін дәлелдейді [5].

Дегенмен бұл дәуірдің материалдары ұзақ уақыт бойына хронологиялық дифференция жасалмаған. Тек қана 1948 жылы Сальников К.В. кермакикалық бұйымдар мен жерлеу рәсіміне толық қанды анализ жасау барысында Орал жағалауының қола дәуіріндегі ескерткіштеріне классификация жасады. Кейіннен ол өзінің Оңтүстік Оралдың ежелгі тарихы туралы монографиясында андронов мәдениетін бір – бірін алма кезек алмастыратын үш этапқа: федоров( б.з.д. XVIII—XVI ғғ.), алакөл ( б.з.д. XV—XII ғғ) және замараев ( б.з.д XII—VIII ғғ).

Кейіннен Акишев К.А 1953 жылы осы дәуірдегі Орталық Қазақстандағы андронов мәдениетін жіктеді, бірақ замараев кезеңін дәндібаймен алмастырды. Оразбаев А.М. 1958 жылы Сальников К.В. классификациясын Қазақстанның солтүстік аудандарындағы ескерткіштерге таратты.

Ә.Х.Марғұлан мен К.А.Акишев Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерін өзіндік екі археологиялық мәдениетке: андронов және беғазы – дәндібай деп бөліп қарастырады. Өз кезегінде андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: нұра деп аталатын – ерте андронов және атасу – кейінгі андронов мәдениеті. Ғалымдардың пікірінше нұра мен атасу кезеңі синхронды және жалпы сипаттамасы бойынша Орал жағалауындағы федоров пен алакөл кезеңіне сәйкес келеді, ал беғазы – дәндібай мәдениеті – Минусинск ойпатындағы қарасу мәдениетіне ұқсас болып келеді.

Осылайша қола дәуірінің барлық ескерткіштері тек хронологиялық кезең бойынша ғана емес сонымен қатар таралу аймағына байланысты этнографиялық ерекшеліктерімен ажыратылады [6].

Көп жылдық зерттеулер негізінде Орталық Қазақстандағы қола мәдениетінің бірнеше мыңжылдықтар барысында дамығандығын және әр кезеңдегі өзгерістерден өткендігін байқаймыз. Қола мәдениеті кезеңдерінің бірізділігі бір – бірінен ғимараттары, жерлеу салты мен мүкәммалы бойынша ерекшеленетін ескерткіштерден анық көрінеді. Әр кезеңнің басында өткен дәуірдің кейбір бітістері сақталып отрған. Кең дала кеңістігімен бөлінген облыстардан табылған тұрмыстық құралдардың, керамиканың және басқа да еңбек құралдарының ұқсастығы ежелгі тайпалардың арасында болған мәдени және экономикалық байланысын дәлелдейді.

Орталық Қазақстандағы кейінгі қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері Енисейдегі қарасу мәдениеті ескерткіштерінен анық бітістермен ерекшеленеді.

Қарастырған кезеңдегі ізденістердің өзіндік ерекшеліктері бар. Қола дәуіріне жататын археологиялық нысандардың басқа дәуірлермен мерзімделіп отырған кездері жиі ұшырасады [7].

Андронов мәдениеті тұрғындары өздерінің жерлеу әдет – ғұрпы ерекшеліктерімен этнографиялық тұрғыдан көршілес тайпалардан өзіндік айырмашылықтары болды. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында обалар мен қабырлардың ерекшеліктерін байқауға болады. Олар зиратты пішіні әр түрлі тас қоршаулар түрінде тұрғызған, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалған, кейбір өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамды өртеу рәсімі де орын алған, сонымен қатаререкше әдіспен бүйірінен жатқызып, қол – аяғын бүктеп, тас тақталардан жасалған «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салып жерлеген. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған.

Қола дәуіріндегі тұрғындардың палеоантропологиялық көрсеткіштері территорияның нәсілдік және этногенетикалық үрдісін көрсетеді. Аталмыш дәуірдің қоғамдық құрылымын палеоантропологиялық материалдардан краниология сериясын құрастыру арқылы анықтауға болады. Палеоантропологиялық материалдардың арасынан краниология сериясын бөліп алу барысында, әрбір сүйекті тазалап, бүлінген сүйектерді қалпына келтіріп, барлық анатомо – морфологиялық анықтамаларды кешенді және салыстырмалы зерттей отырып, тұрғындардың нәсілдік және этногенетикалық үрдісінің қалыптасуы айқындалады [8].

Шығыс Қазақстанның көне тұрғындарына этногенетикалық тұрғыда краниологиялық салыстырмалы талдау жасау барысында, қазақ халқының ата – тегі және этногенетикалық байланыстары сипатталады. Көне тұрғындар мен қазіргі заманғы қазақ халқына салыстыра отырып, олардың дәуірлік этногенетикалық сабақтастығы ұштасып жатқандығын көрсетеді.

Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті алқабындағы Бәйгетөбе қорғанында сақ «алтын адам» табылғаны белгілі. Жерлеу рәсімінің ерекшеліне орай, яғни мәйіттің қасына мықты, ауыр, қымбат–бағалы тастармен көмкерілген қару–жарақтардың бірге жерленуінен ер адамның сүйегі екендігін аңғаруға болады. Мәйіттің бас сүйегі, астыңғы жағы және тістері жақсы сақталған. Шүйденің жоғарғы жағы зақымдалған және үстіңгі жақтан екі азу тісінің бірінші және үшінші жұбы, оң жақ екінші күрек тісі жақсы сақталған. Қаңқаның өзіндік ерекшелігі мен антропологиялық сипаттамасын қарастыратын болсақ, бас қаңқасы биік, салыстырмалы ұзын, қысыңқы, бас қаңқа көрсеткіші бойынша долихокранды, маңдайы кең, шығыңқы, орташа көлбеген, дөңес, қастың жоғарғы жағы доғалары дамыған, сондықтан бас пішіні жоғарыдан қарағанда овоидты болып келген, шүйде бөлімі шамалы шығыңқы[9].

Басқа да морфологиялық ерекшеліктеріне және осы айғақтарға сүйене отырып, қорғаннан табылған қаңқаның жас ер адамға тән екендігін көрсетеді.

Шілікті “ алтын адам” бас қаңқасының краниологиялық сипаттамасы мен морфологиялық басқа да белгілерін анықтау барысында, ерте темір дәуіріндегі тайпалардың ортасында кең таралған, сонымен қатар монголоидты элементтер аздап байқалатын антропологиялық түр шеңберіндегі протоевропеоидты расаға жатады [10].

Бәйгетөбе қорғанындағы қарастырылған жеке тұлғаның расалық белгілері антропологиялық типтің монголоидтық белгілермен жаңа араласып келе жатқан европеоидтық расаға қарайтынын көрсетті.

Андронов мәдениетінен – кейінгі қола дәуіріне ауысу кезеңдегі ескерткіштердің өзіндік ерекшеліктері болды ( б.з.д. XII – XI ғғ).

Айыршақ моласында қола мәдениетінің ескерткіштері – Атасу және беғазы – дәндібай мәдениетінің алдында болған ауыспалы екі кезеңмен көрсетілген. Обаның ішінде 0,8 м тереңдікте солтүстік – шығыс бағытында әйел адамның қаңқасы жақсы сақталған. Ол тізесі бүгіліп, буындары жамбасына салынып, шалқасынан жерленген. В.В. Гинзбургтың краниологиялық анықтамасы бойынша қаңқа егде әйелдің қаңқасына ұқсайды. Оны бірге жерленген заттар дәлелдейді.

Оба – қорымның солтүстік – батыстағы топшасының биіктігі – 0,65 м, төбесінде саяз шұңғыма бар. Жерлеу ғимараттары ерекше орнатылған. Бірінің үстіне бірі орналасқан екі жәшік екі метрлік тереңдіктен табылды. Трапеция түріндегі төменгі бөлігі жағымен батысқа қараған. Адамның қаңқасы 0,7 м тереңдікте орналасқан. Арқасымен, қол – аяғы созылып, басы оңтүстік – батысқа қарап жерленген. Қаңқаның жанында сиыр сүйектері, аттың тістері мен жауырыны, биконикалық пішінді қола моншақтары болды.

Оба – қорымның оңтүстік бөлігінде биіктігі бір метрге жететін жер үймесін көрсетеді. Оңтүстік – шығыс қорымның жәшігі 0,9 м тереңдіктен табылды. Оның түбінде адамның мыжылған бассүйегі мен дене сүйектері, керамика сынықтары, қола негізінде өрнектелген алтын түйреуіш ретсіз орналасқан. Солтүстік – шығыс қорымның жәшігі 0,8 м тереңдіктен табылды. Бұл жерден өртенген адам сүйектерінің қою – күлгін түсті органикалық туындаған затпен бірге жатуы таңқаларлық көрініс. Дақты тазартқаннан кейін жәшіктің түбінде мата іздері, майлы дақтың іздері байқалды. Марқұмды кремациялау жәшіктің ішінде жүргізілген болуы мүмкін.

Орталық Қазақстан бойынша қола негізінде жасалған бұймдар ауыспалы кезең мәдениетіне тән. Қола дуірінің ескерткіштеріне тән. Айшырақ обасында анықталған заттар андронов ескерткіштерінде кездеспейді. Олар ауыспалы кезеңде пайда болған және беғазы – дәндібай ескерткіштеріне тән.

Егізек қорымы екі топшадан тұрады, ғимарат құрылым, жерлеу салты, мәдени заттары бойынша бір типті. Жерлеу ғимараттары құрылысында бітістері сақталған. Бірақ осы тұрақты дәстүрден андроновқа тән емес жаңа элементтер көрінеді. Кешен қола дәуіріндегі әр кезеңнің ескерткіштерінен тұрады. Оның негізгі бөлігін Атасу кезеңінің қорымы құрайды[11].

Ауыспалы кезең ескерткіштері шетте орналасқан және андроновтықтан ірі көлемімен ерекшеленеді. Ауыспалы кезеңдегі жерлеу ғимараттарының өзіне тән пішіні – оба–қорымдар болып тбылады. Олар қырымен қазылып көмілген айналым қорымдары бар үлкен үймелі төбелерді құрайды.

Осындай қорымдардың бірінде шығыс бағытта жәшіктерді бойлай адам қаңқалары болды, оған қарап жерлеу салты туралы айту қиын. Адам отырғызып жерленуі мүмкін. Сүйектерді жинау барысында,адамның мықын сүйегінен ( os ilium)пішін білік тәрізді жебенің үшкір қола ұшы шығып тұрды. Жебенің қатты соққысынан мықын және маңдай сүйегінің қосылған жерінен үңірейген жарық ( eminetia iliopectipca) пайда болған. Жерлеу салтында, мола құрылымдарын орнатуда, керамиканың пішіні мен өрнегіндегі өзгерістер анық байқалады. Осы топтың ескерткіштерінде жерлеу рәсімі үш түрде көрсетілген: бүгілген, тізесін біраз көтерген, отырғызылған күйде. Сондай – ақ жұптық жерлеу орындары үлкен патриархалды отбасынан жеке ұя болып бөлінгенін көрсетеді [12].

Қола дәуіріндегі европеоидты расаға Орталық Азиядағы шығыс елдері территориясынан монголоидтық элементтердің инфильтрацияның басталғаны, сол кездің өзінде шекаралық қарым – қатынастың болғандығын білдіреді.

Қазақтың кең байтақ жеріндегі метисация үрдісінің негізінде біртіндеп трансформациялану арқылы Еуразияның дала зонасында да тайпалардың расалық жиынтығы алмасып отырды.

Еуразияның расалық тип қатарында қазақ халқының папуляциясы өзіндік анық бейнеленген антропологиялық белгілерімен анықталады. Антропологиялық классификация бойынша қазақ халқы автохтонды тураноидты расаға жатады.




Әдебиеттер
1 Сборник исторического общества. Т.ХІ, СПб., 1873. – С. 372.

2 Радлов В.В. Сибирские древности, Т. І. СПб., 1888. С.10.

3 Копалов М. Памятники старины киргизской степи /Записки Уральского общ. Любит. Естествозн. Екатеринбург, 1891 – 92. Т.ХІІІ. вып. 1.– С. 19 – 22.

4 Грязнов М.П. Казахстанский очаг бронзовой культуры / Сб. Ст. Антропол. Отряда Казахстанской экспед. Академии наук СССР. Л., 1930, вып. 15. – С.149 – 162.

5 Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма – Ата, 1966. Гл. I, II, V.

6 Кадырбаев М.К. Могильник СангруII. // В кн.: Новые материалы по археологии и этнографии Казахстана. // Труды ИИЭА. Т. 12. Алма – Ата, 1961. – С. 52.

7 Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. // МИА. М. – Л., 1960. № 88. – С. 237.

8Алексеев В.П., Дебец Г.Ф. Краниометрия. Методика антропологических исследований. – М., 1964.

9Гинзбург В.В. Материалы к антропологии древнего населения Юго–Восточного Казахстана. Труды Ин–та истории, археологии и этнографии АН КазССР, 1959. – Т.7.

10Исмагулов О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности (палеоантропологическое исследование). – Алма–Ата, 1970.

11Гинзбург В.В. К антропологии ранних кочевников Восточного Казахстана // Антропологический сборник ІІІ. Труды Ин–та этнографии АН СССР. – М., 1961. – Т. 71.

12 Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К:, Оразбаев А.М. Указ соч. – С. 217. Памятники Карасуского этапа в Центральном Казахстане. 1966.



Feferences
1 Sbornik istorycheskogo obchestva . Т. ХІ, SPb., 1873. – S. 372.

2 Radlov V.V. Sibirskie drevnosrti, T.I. SPb., 1888. – S. 10.

3 Kopalov M. Pamiatniki starini kirgizskoi stepi / Zapiski Uralskogoobsh. Lubit. Estestvozn. Ekaterinburg, 1891 – 92. T. XIII. Vip. 1. – S. 19 – 22.

4 Griaznov M.P. Kazakhstanskioshakbronzovoikulturu / Sb. St. Antropol. OtridaKazakhstanskoieksped. Akademiinauk SSSR. L., 1930, vip. 15 – S. 149 – 162.

5 Margulan A.X., Akishev K.A., Kadurbaev M.K., Orazbaev A.M. DrevnaiakulturaSenrtralnogoKazakhstana. Alma – Ata, 1966. Gl. I, II, V.

6 Kadurbaev M.K. Mogilnik Sangru II. // Vkn.:Novuematerialupoarheologii I etnografiiKazakhstana. // trudu IIAEA. T. 12. Аlma – Аtа, 1961. – S. 52.

7 Shernikov S.S. VostoshnuiKazakhstanvepoxubronzu. // MIA. M. – L., 1960. № 88. – S. 237.

8 Alekseev V.P., Debec G.F. Kraniometria. Metodika antropologisheskix issledovanii. – M., 1964.

9 Ginzburg V.V. K antropologii rannix koshevnikov Vostoshnogo Kazakhstana // Antropologisheskii sbornik III. Trudu In – ta etnografii AN SSSR. – M., 1961. – T. 71.

10 Ismagulov O. Naselenie Kazakhstana ot epoxy bronzu do sovremennosty (paleoantropologishekoeissledovanie). – Alma – Ata, 1970.

11 Ginsburg V.V. K antropologii rannix koshevnikov Vostoshnogo Kazakhstana // Antropologisheckii sbornik III. Trudu In – ta etnografii AN SSSR. – M., 1961. – T. 71.

12 Margulan A.X., Akishev K.A., Kadurbaev M.K., Orazbaev A.M. Ukazsosh. – S. 217. Pamiatniki Karasuskogo etapa v Sentralnom Kazakhstane. 1966.




АШИМБАЕВА Ф.Е.

Магистрант 2 – курса КазНУ им. Аль – Фараби


ПРЕЕМСТВЕННОСТИ МЕЖДУ АНТИЧНЫХ КОЧЕВНИКОВ И ПАМЯТНИКОВ В ЭПОХУ БРОНЗЫ В КАЗАХСТАНЕ
Аннотация
В статье представлены палеоантропологические особенности населения Казахстана в эпоху бронзы в сопоставлении с соответствующими параметрами современных казахов для выяснения эпохальной этногенетической преемственности между древним и современным населением.

Ключевые слова: краниология, палеоантропология, этногенез, раса.

ASHYMBAEVA F.E.

2- d undergraduate Student of the al – FarabiKazNU


CONTINUITY BETWEEN ANTIQUE NOMADS AND MONUMENTS DURING A BRONZE ERA IN KAZAKHSTAN

Summary

In article it is presented paleoantropologichesky features of the population of Kazakhstan during an era of bronze and to compare them with the corresponding parameters on modern Kazakhs for clarification of epoch-making ethnogenetic continuity between ancient and modern the population.



Keywords: kraniologiya, paleoanthropology, ethnogenesis, race.
: edu.history -> media -> upload -> 2209 -> 2016
2016 -> 1916 ж., Түркістан: патшалық отаршылдық жүйе дағдарысы
2016 -> Талдыбаев ж. ҚАзақ халқЫ: КӨші-қон тарихының демографиясы
2016 -> Досекеева К. А. Ахатаева К. Б
2016 -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
2016 -> Сырым Нұғыманов
2016 -> МӘШҺҮр жүсіп көпейұлы қолжазбаларындағЫ Қажылық МӘселесі
2209 -> Әбжанов Ханкелді Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
2016 -> Хайрулдаева А. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы»




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет