Астана қаласы әкімдігі «№78 мектеп-гимназия» кмм 2014-2015 оқу жылы



жүктеу 111.84 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі111.84 Kb.
Қаралды________ Келісемін_________ Бекітемін___________

Сынып жетекшілер директордың тәрбие ісі мектеп директоры

бірлестігінің жетекшісі жөніндегі орынбасары Ж.О.Жумабекова

Н.Ж.Есимсейтова Қ.Т.Дадаева



Астана қаласы әкімдігі «№78 мектеп-гимназия» КММ

2014-2015 оқу жылы

«Ана- өмір шуағы»

(тәрбие сағаты)

Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі: Т.С.Тоқсанбаева

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күй сыйлау, анасын, әжесін сыйлауға тәрбиелеу,

-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. 
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, шарлар, 2 тегене, ұзын жіп, кір қысқыш. 
Ертеңгіліктің барысы: 
Жүргізуші: 
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
Аналардан туған небір даналар. 
Ана деген тіршіліктің тірегі, 
Армысыздар, қасиетті аналар! 
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі
«Ана– өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық. (балалар орындықтардың алдына келіп тұрады) 
Хормен:
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, 
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!


 Ән: «Ақ мамам»

  1. Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың -

Аман-сау жүр ақ мамам!

Қайырмасы:

Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейірімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен, 2 рет

2. Көрсетемін күлкімді

Жарық етем түндерді

Қыр-сырымен сыйлаймын

Жұрт көрмеген гүлдерді
1 – бала: Саят М

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық.
2 – бала: Аянат

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

3-бала Саят А

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.

«Құлыным» деп құшағына алады

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?!

4-бала Нұрали

Өзің мені өсірген, 
Айналайын ақ әжем. 
Тентек болсам кешірген 
Шөлдедің бе дана әжем.

 5-бала Сабина
Ақ қабақты анашым 
Күн сәулелі анашым. 
Әлпештеген баласын, 
Айналайын анашым. 


6-бала Ибрахим
Әр сөзімді жаттаған, 
Жүрегінде сақтаған. 
Анашым деп мақтанам, 
Айналайын ақ анам! 


«Суретші аналар» байқауы. Байқаудың шарты: үрленген шарды жарып алмай, сыртына әр ана өз баласының суретін салады. Қосымша тапсырма: шардың ішін жазылып тұрады.

(Сабина , Нұрали, Асема, Дінислам, Малика, Ибрахим)

c:\users\alisher\desktop\20150304_100947.jpg


  1. Балаңызды еркелетіп қалай атайсыз?

  2. Балаңызды қай саланың қызметкері болғанын қалайсыз?

  3. Қай өнерге жақын? (ән салу,билеу, өлең оқу т.б)

  4. Ең жақсы көретін тағамы.

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән: Ерген Әйгерімнің орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар!

8-бала Ж.Айзере

«Ана» деген сөзді де
«Әке» деген сөзді де
«Ата» деген сөзді де
Ойлап тапқан балалар

9-бала Меруерт

«Күнім» «Жаным» дегенді

«Құлыншағым» дегенді

«Ботақаным» дегенді

Ойлап тапқан аналар


Көрініс: «Үш ана» Ортаға стол және үш орындық қойылады.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.

Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін

Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген

Әжесі- сыныптағы баланың әжесі

Жүргізуші: Ойыннан келген Әйгерім

Қуыршағын іздейді.

Үстөлдің астынан тапты да,

Хал сұрауды көздеді.



Әйгерім: Қызым, менің қалайсың?

Томсырайып қарайсың.

Қарның ашып отырмай,

Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең

Қу сүйек боп қаласың.

Отыр қане алдыма,

Тамақтанып аласың (Қуыршағын алдына алып отырады)



Жүргізуші: Әйгерімнің осы сәт, Анасы үйге кіреді.

Тағат таппай қызының қалын сұрап біледі



Анасы: Әйгерімжан, бүгін сен,

Тамағыңды іштіңбе бе?

Қызықтап әлде ойынды,

Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,

Тамағыңды іш деймін.

Тіл алмайсың қырсығып,

Осы сені не істеймін (отырады)



Жүргізуші: Анасының артынан,

Аптығып әже кіреді.

Ол – дағы өз қызының

Қалын сұрап біледі.



Әжесі: Айналайын, алтыным

Шаршадың ба, жарқыным.

Ішпедің – ау тамақ та,

Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым,

Түсіңкі ғой қабағың.

Жұмыстан қолың босамай

Болмай қалды – ау тамағың (отырады)



Жүргізуші: Аналардың елжіреп,

Ет бауыры барады.

Әрқайсысы еміреніп

Өз қызына қарайды.



Үшеуі бірге: Қандай қиын, қараңдаршы,

Қырсық мінез бала болу.

Бәрінен де оңай емес,

Білсеңіздер ана болу!


10-бала Мансур
Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде

11-бала Айлана


Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз

12-бала Асылай
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай

13-бала Айдана
Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен 
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең

14-бала Малика
Аялаған саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.

15-бала Ақбота

Апатайым анашым

Ақылың көп данасың

Қамқорысың сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің

Аманжол Айзеренің орындауында : «Еркетай» әні, бишілер тобы билейді.

c:\users\alisher\desktop\20150304_101438.jpg

Жүргізуші:                         Аяулы да алтын нұрлы анашым
                                            Жүрегімнен мәңгі бірге боласың
                                            Сен арқарсың, сен аспансың,биіксің
                                            Сен дархансың,  сен жомартсың, данасың


16-бала Бейбарыс   

Үн қатасың бал тілмен

   Еркелеймін күнде мен 
   Құттықтаймын анашым
   Сегізінші наурызбен

17-бала Әсем

  Әлпештеген аялаған 
  Ақ сүт берген апатайым
  Тақпақ айтып бүгін саған
  Мейрамыңмен құттықтаймын.

18-бала Нұрғиса

Ана өмір шырағы
Ана өмір бұлағы

   Бесігімнің жыр әні 
      Жүрегімде тұрады.

Жүргізуші:       Гүлдей жайнап тұр өңі
                             Мейірлене күледі
                            Үйдегі бар шаруаға
                             Үлгіреді бір өзі
«Менің балам» ойыны     Аналар сіздермен ойын ойнасақ.
Ойын шарты: 2 ана қатысады, әр ана өз баласын сипап сезу арқылы тауып алу керек.

(Саят, Мансур, )

g:\фото\20150304_105922.jpg

19-бала А.Айзере

Еркелеймін шаттанам,
      Жарқын күлкің бақ маған
    Ақ бетіңнен сүйейін
      Келші, келші ақ мамам

20-бала Еңлік

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамымен құттықтаймын

21-бала Аружан

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

22-бала Нұрсұлтан

Жарқын жүзді жан анам


Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан


23-бала Дінислам

Баланың да тірегі


Дананың да тірегі
Шаршамасын ешқашан
Аналардың жүрегі
24-бала Балнұр

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз.

  Аналарды құттықтап,
 Би билейміз бәріміз.
Балаларыңыз сіздерге арнап би билейді.

Құттықтау сөзі беріледі.

Жүргізуші: 
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сау болыңыздар! 

Астана қаласы әкімдігі «№78 мектеп-гимназия» КММ 2014-2015 оқу жылы

мектепалды даярлық сыныбында өткен « Ана – өмір шуағы » тәрбие сағатының анықтамасы

Тәрбиелік мақсаты:

 -мерекелік көңіл-күй сыйлау, анасын, әжесін сыйлауға тәрбиелеу,

-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. 

Оқушылар мерекеге сай киініп келді. Бұл мерекелік іс-шараға әжелер және аналар қатысты. Сынып оқушылары өлең шумақтарын оқып, ән салды, би биледі.



c:\users\alisher\desktop\20150304_105614.jpg c:\users\alisher\desktop\20150304_105815.jpg

c:\users\alisher\desktop\20150304_101029.jpg
«Үш ана» атты көрініс Тоқпанова Айлананың анасы Зарина, Сеилбек Меруерттің әжесі Ақыт әженің, Ерген Айгерімнің қатысуымен қойылды.

Аналар мен әжелер арасында қызықты ойындар жүргізілді. «Менің балам»,

«Анамның портреті»

Жеке дауыспен ән салған: Ерген Айгерімнің орындауында «Анашым» әні,

Хамит Асылайдың орындауында «Тәттім» әні аналарды қуанышқа бөледі. Аманжол Айзере «Еркетай» әнін орындады. Осы әнге сыныбымыздағы би үйірмесіне қатысатын оқушылары биледі.

Тәрбие сағатының барысында оқушылардың мектеп қабырғасындағы уақытынан фото- слайд көрсетілді.



Аналар сөз сөйлеп, қыздарды құттықтады. Мереке соңында балалар аналарын биге шақырды.
Анықтаманы дайындаған: Т.С.Токсанбаева
: files -> sites -> 1420869502853069 -> files -> widgets -> book-catalog
sites -> Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім Сабақтың мақсаты
sites -> «Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
sites -> 11 сынып (орыс тілді ) оқушыларының қазақ әдебиетінен жағы демалыста оқитын әдебиеттер тізімі
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі
sites -> Қазақ әдебиет пәнінен оқитын 10сыныпқа арналған әдебиеттер тізімі Д. Бабатайұлы
sites -> ертегісі «Аяз би» ертегісі «Қерқұла атты Кендебай
sites -> Оқу пәнінің 6 сыныптағы базалық білім мазмұны Кіріспе(1сағат). 14. «Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар»
sites -> Қазақстан тарихы 8 сынып. (68 сағат ) 2013ж І тоқсан
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті Негізгі түйінді идея
book-catalog -> Тақырыбы Дарынды және таланты балалар – мектеп айнасы Мақсаты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет