Астана қаласы Ж. Жабаев атындығы



жүктеу 22.66 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі22.66 Kb.
Астана қаласы

Ж.Жабаев атындығы

4 мектеп- гимназиясының



биология пәні мұғалімі

Хамидуллина Ағипа
Жарыс кеші

Оқушыларды өсімдік әлемімен тереңірек таныстыру және оны қорғау шараларына баулу мақсатында «Өсімдіктер айтысы» атты биологиялық жарыс кешін өткіздім.

Кешке көрнекілік ретінде өсімдіктердің маңызын көрсететін кестелер, мақал-мәтелдер, өзгертпесөздер, ақын-жазушылардың өлеңдерінен үзінділер пайдаландым.

Жарыс кеші мұғалімнің кіріспе сөзімен басталып, әділқазы алқасы сайланды. Сынып оқушыларын екі топқа бөліп, кезеңдер бойынша тапсырмалар бердім.



I кезең. «Өсімдіктер айтысы».

Әр оқушы өз костюмдерін қорғап, өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызына тоқталады.



II кезең. «Дүниедегі ең, ең...» ( сауалғы тапсырмалар.)

  1. Өте тез өсетін өсімдік. ( Бамбук, тәулігіне 1 метр өседі)

  2. Ұзын жапырақты өсімдік. Ол қайда өседі? ( Рафия пальмасы, ол Амазонка жағалауында өседі)

  3. Ең қысқа өсімдік қалай аталады? ( Балықоты, ұзындығы 0,5 ені 0,3 см)

  4. Бағалы антибиотик саңырауқұлақтың қай түрінен алынады, ол қандай дәрі? ( Зең саңырауқұлағынан алынатын пеницилин дәрісі)

  5. Дүниедегі ең үлкен жеміс? (Асқабақ)

  6. Пиязшықты өсімдіктерді атаңыз? ( Пияз, сарымсақ, жауқазын, бәйшешек, қазжуа)

  7. Фотосинтез процесін ашқан ғалым? ( К.А. Тимирязов)

  8. Дүниедегі ең биік ағаш? (Эвкалипт, 155 метр)

  9. Ең ұзақ жасайтын ағаштар? ( Емен 2000 жыл, қайың, терек 150 жыл)

  10. Қай өсімдіктің сабағы өте жуан? ( Баобаб)

III кезең. «Дәрәлік өсімдіктер».

А тобына пайдасы, Б тобына зияны туралы тапсырмалар беріледі.



IV кезең. «Жұмбағым жұтылды». Мұнда оқушылар бір-біріне жұмбақтар жасырып, шешеді.

V кезең. «Мына өлең авторы кім? Өлеңнің атын атаңыз?»

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпты,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

( Ы.Алтынсарин «Өзен»)

Түйе боздап, қой қоздап- қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүлмен ағаш майысып қарғанда,

Сыбдыр қағып, буланып ағады су.

( А.Құнанбаев «Жазғытұры»)

VI кезең. «Биологиялық эстафета» ойыны.

Мұнда оқушылардың жылдам ойлау қабілеттерін байқауға болады. Бір оқушы бір

жемістің атын айтса, келесі оқушы сол жемістің соңғы әрпінен басталатын өсімдік атын айтуы керек.

Мысалы, алма- алмұрт- терек- көкнәр- раушан- нарцисс- сәбіз- зығыр- райхан, т.б.

VII кезең «Қорытындылау».

Әділқазылар жалпы ұпай сандарын есептейді, қорытындысын хабарлап кеште белсенділік көрсеткен оқушыларға сыйлықтар береді.



Оқушылардың ой-өрісін дамыту, жылдам әрі тез ойлау қабілеттерін арттыруда бұл кештің берері мол болды.

Астана қаласы.
: 2015
2015 -> Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық»
2015 -> Сабақтың тақырыбы: «Негізгі және туынды сын есім»
2015 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
2015 -> 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Атырау қаласы
2015 -> Абай және музыка Мақсаты
2015 -> Сабақ: «Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Шығармалар жинағы (оқу-әдістемелік құрал) Асимбетова Лиза Куанышовна Мустафина Алтынгул Агисовна
2015 -> Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет