Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2014 жылырға арналған кешенді жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат



жүктеу 464.35 Kb.
бет1/3
Дата01.07.2016
өлшемі464.35 Kb.
  1   2   3




Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2014 жылырға арналған кешенді жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат
Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2014 жылырға арналған кешенді жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1294 қаулысымен бекітілді.

Кешенді жоспарда барлығы 93 іс-шара көзделген, оның ішінде есептік кезең бойынша орындау мерзімімен – 74 іс-шара бар. Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №7-17/28 ақпараты бойынша, 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 2.2, 7.3 тармақ.тарына сәйкес, 2011 жылы іске асыруға қарастырылған іс-шаралар орындалған.

2012 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мәліметтері бойынша Кешенді жоспардың іс-шараларының орындалуы туралы келесідей көрініс табатын аралық ақпараттары ұсынылады:

2.1 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қаражар, Қараөткел, Қоянды, 96-разъезд, Тайтөбе, Талапкер, Қажымұқан, Қызылсуат, Аршалы ауданы Жiбек жолы селоларын жер асты су қорымен қамтамасыз ету мақсатында iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу (орындауға жауапты – ИЖТМ, Ақмола облысы әкімі, орындау мерзімі – 2011-2013 жылырдағы қаңтар, шiлде)

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі №7-20/1373 ақпараты бойынша, аталған жобаның әкімшісі ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану Комитеті болып табылады. 2012 жылы Комитет тарапынан 2013 жылы жұмыстарды аяқтаумен, Ақмола облысы Целиноград ауданының Қаражар, Қараөткел, Қоянды, 96-разъезд, Тайтөбе, Талапкер, Қажымұқан елді мекендерін жер асты су қорымен қамтамасыз ету мақсатында іздеу-барлау жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Целиноград ауданының Қызылсуат ауылы және Аршалы ауданының Жібек жолы (Александровка) ауылы - 2 елді мекендер бойынша судың қоры расталды (Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің пайдалы жер қазбаларының қоры жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының Солтүстік Қазақстан бөлімшесінің отырысының 29.12.207 жылғы № 44 хаттамасы бар)



2.3 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылынан 2 көтерiлу станциясынан (33 км) Ақмол ауылына дейiнгi магистралдық жүйелердi қайта жаңарту (орындауға жауапты – АШМ, Ақмола облысы әкімі, орындау мерзімі – 2012 жылғы шілде)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 19-04-13/13913 ақпараты бойынша, облыстық әкімдіктің өтініміне сәйкес, «Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылынан 3 көтерiлу станциясынан Ақмол ауылына дейiнгi магистралдық жүйелердi қайта жаңарту. 1-ші кезектегі құрылыс» жобасы 2012 жылы іске асыруды бастаумен, 2012-2014 жылырға арналған республикалық бюджеттен берілетін несиелер және дамытуға арналған нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың Тізбесіне (одан әрі - Тізбе) енгізілді.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, құны 1296,3 млн.теңгеге ЖСҚ-на МС 05.04.2011 жылғы № 01-105/11 қорытындысы бар. «Компания-Энергодор» Құрылыс Консорциумы ЖШС және «Кокшетаугидрогеология» АҚ-мен 04.05.2012 жылғы № 23-12 шарт жасалды. Жергілікті бюджеттен 2011 жылы жұмыстарды бастауға 70,0 млн теңге, 2012 жылы 360,0 млн. теңге бөлінді, игерілгені 216,0 млн. теңге. Траншеяны әзірлеу бойынша жер жұмыстары жүргізілуде, магистралдық құбырлар салынып, материалдар жеткізілуде.

2.4 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылының (1 2, 3, 4 шағын ауылдары) жаңа құрылыстары маңында тарату жүйелерiн салу (орындауға жауапты – Ақмола облысы әкімі, АШМ, орындау мерзімі – 2012-2013 жылырдағы қаңтар, шiлде)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, 2012 жылы іске асыруды бастаумен «Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылының жаңа құрылыстары маңында (1,2,3, және 4 шағын аудан) сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңарту. Құрылыстың 1 кезегі» жобасы Тізбеге енгізілді.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, құны 1296,3 млн.теңгеге ЖСҚ-на 05.04.2011 жылғы № 01-105/11 МС қорытындысы бар. «Кокшетаугидрогеология» АҚ-мен 04.05.2012 жылғы № 23-12 шарт жасалды. 2012 жылы 567,0 млн. теңге, оның ішінде РБ-тен – 135,0 млн. теңге бөлінді, игерілгені 40,5 млн. теңге, ЖБ-тен – 432,0 млн. теңге, игерілгені 129,5 млн.теңгені құрайды.

2.5 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын түзету;

б) сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту (орындауға жауапты – АШМ, Ақмола облысы әкімі, орындау мерзімі – 2011-2013 жылырдағы қаңтар, шiлде)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, «Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту. Сырттағы сумен қамтамасыз ету желілері. Түзету» жобасы 2012 жылы іске асыруды бастаумен Тізбеге енгізілді.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобалау-сметалық құжаттамаларға түзетулер жүргізілді. ЖСҚ-ға 838,7 млн. теңге сомаға 28.02.2011ж. № 03-0037/11 Мемсараптама бар. 2012 жылы 108,0 млн.теңге бөлінді. Конкурс 15.06.2012 жылы өткізілді. Қорытынды шығарылуда.

2.6 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы сумен қамтамасыз етумен желiсiн қайта жаңартуды аяқтау (орындауға жауапты – АШМ, Ақмола облысы әкімі, орындау мерзімі – 2012 жылғы шілде)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша осы жоба жобалау-сметалық құжаттаманың болмауына байланысты Тізбеге енгізілген жоқ.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның іске асырылуы Қосшы ауылын дамыту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде қарастырылды.

2.7 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту (3-кезек)

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу

б) сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту (орындауға жауапты – АШМ, Ақмола облысы әкімі, орындау мерзімі – 2012-2013 ж.ж.)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, осы жоба жобалау-сметалық құжаттаманың болмауына байланысты, Тізбеге енгізілген жоқ.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бұл жоба Қосшы ауылын дамыту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде іске асырылуда. ЖСҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2 776 млн. теңге сомаға әзірленді. 2012 жылы 651,866 млн. теңге бөлінді. Диаметрі 110 мм – 15,4 км; диаметрі 32 мм – 1,6 км; диаметрі 225 мм – 870 м. құрбылар желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2.8 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылының сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту

б) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу;

в) сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту (орындауға жауапты – АШМ, Ақмола облысы әкімі, орындау мерзімі – 2012-2013 жылырдағы қаңтар, шiлде)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, жобалау-сметалық құжаттаманың болмауына байланысты осы жоба 2014 жылы іске асыруды бастаумен Тізбеге енгізілді.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, МС-ға ЖСҚ әзірлеу үшін 7,98 млн.теңге сомаға «ПИ Кокшетаугорсельпроект» ЖШС (Көкшетау қ.) 7.05.2012 ж. №№25-12 шарт жасалды. 2012 жылы 38,0 млн теңге бөлінді. Жұмыстар жүргізілуде. Аяқтау мерзімі - 2012 жылғы 7 қыркүйегі.

2.9 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылының сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту

б) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу;

в) сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту (орындауға жауапты – АШМ, Ақмола облысы әкімі, орындау мерзімі – 2012-2013 жылырдағы қаңтар, шiлде)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, жобалау-сметалық құжаттаманың болмауына байланысты, осы жоба 2014 жылы іске асыруды бастаумен Тізбеге енгізілді.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, МС-мен ЖСҚ әзірлеу үшін 13,0 млн.теңге сомаға «ПИ Кокшетаугорсельпроект» ЖШС (Көкшетау қ.) 7.05.2012ж. №№24-12 шарт жасалды. 2012 жылы 20,0 млн теңге бөлінді. Жұмыстар жүргізілуде. Аяқтау мерзімі - 2012 жылғы 7 қыркүйегі.

2.10 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылының сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту

б) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу;

в) сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту (орындауға жауапты – АШМ, Ақмола облысы әкімі, орындау мерзімі – 2013 жылғы қаңтар, шілде)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, жобалау-сметалық құжаттаманың болмауына байланысты, осы жоба 2014 жылы іске асыруды бастаумен Тізбеге енгізілді.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, МС-ға ЖСҚ әзірлеу үшін 13,0 млн.теңге сомаға «ПИ Кокшетаугорсельпроект» ЖШС (Көкшетау қ.) 7.05.2012ж. №№24-12 шарт жасалды. 2012 жылы 20,0 млн теңге бөлінді. Жұмыстар жүргізілуде. Аяқтау мерзімі - 2012 жылғы 7 қыркүйегі.

2.11 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қаражар ауылын модульдi блок орнату жолымен сумен қамтамасыз ету

б) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу;

в) модульдi блок орнату (орындауға жауапты – АШМ, Ақмола облысы әкімі, орындау мерзімі – 2012-2013 жылырдағы қаңтар, шiлде)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, жобалау-сметалық құжаттаманың болмауына байланысты осы жоба Тізбеге енгізілген жоқ.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, модульдi блок орнату жобасын іске асыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуына байланысты құжаттаманы әзірлеуге көзделген қаражат облыстық бюджетті нақтылау барысында қайта үлестірілді (модульдi блок орнатуда сумен қамтамасыз ету тарифінің өсуі халықтың наразы болуына ықпалын тигізеді).

2.12 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы 96-разъезд ауылында сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту

б) жобаның жобалау-сметалық құжаттарына мемлекеттiк сараптама жүргiзу;

в) сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту (орындауға жауапты – АШМ, Ақмола облысы әкімі, орындау мерзімі – 2012-2013 жылырдағы қаңтар, шiлде)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, жобалау-сметалық құжаттаманың болмауына байланысты осы жоба Тізбеге енгізілген жоқ.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану Комитеті тарапынан іздеу-барлау жұмыстары жүргізілмеген, жобаны іске асыруды бастауға мүмкіндік жоқ. Осыған байланысты, облыстық бюджетті нақтылау барысында қаражат қайта үлестірілді.

2.13 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту

б) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу;

в) сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту (орындауға жауапты – АШМ, Ақмола облысы әкімі, орындау мерзімі – 2013 жылғы қаңтары мен шілде)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, осы жоба жобалау-сметалық құжаттаманың болмауына байланысты, Тізбеге енгізілген жоқ.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты белгіленген мерзімде ұсынылады.

2.14 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Максимовка ауылының сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына түзету жүргiзу;

б) сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту (орындауға жауапты – АШМ, Ақмола облысы әкімі, орындау мерзімі – 2012-2013 жылырдағы қаңтар, шiлде)

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, «Ақмола облысы Целиноград ауданы Максимовка ауылының сумен қамтамасыз ету желiсiн қайта жаңарту. Түзету» жобасы 2012 жылы іске асыруды бастаумен Тізбеге енгізілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес елді мекендер шегінде сумен қамтамасыз ету және су бөлу саласында басшылық ету және салааралық үйлестіру жөніндегі функциялар Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігіне жүктелді.



Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі №994 қаулысымен «2011-2020 жылырға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасына (одан әрі – Бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда Бағдарлама бойынша жалпы үйлестіру жұмысы Агенттікке жүктелді және аталған Агенттік 2012 жылғы бері қалалық және селолық сумен қамтамасыз ету жөніндегі Тізбені қалыптастыру үшін жұмыс органы болып табылады.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобалау-сметалық құжаттамаларға түзетулер жүргізілді. ЖСҚ-ға 506,3 млн. теңге сомаға 28.02.2011ж. № 03-0038/11 МС бар. 2012 жылы 90,0 млн.теңге бөлінді. Конкурс 15.06.2012 ж. өткізілді. Қорытынды шығарылуда.

3.1 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында (жаңа құрылыстарда, 1, 2, 3, 4 шағын аудандары) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2012-2013 жылдардың қаңтар, шілдесі)

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қаржыландыру қарастырылмаған. Осы жоба бойынша ЖСҚ-қа МС бар. Жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландырыру үшін ИЖТМ-не тапсырылды.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 26.06.2012 жылғы № 09-3/6-17941 ақпараты бойынша, министрлік тарапынан Астана қ. іргелес елді мекендерді электрмен қамту желiсiн салуға Республикалық бюджет есебінен қаржы бөлу үшін ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік тапсырыс жолданды.

3.2 тармақ. Ақмола облысы Аршалы ауданы Жiбек жолы ауылында электрмен қамту желiсiн салу:

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу;

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2012-2013 жылдардың қаңтар, шілдесі)

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша, Ақмола облысы әкімдігінің жергілікті бюджетінің есебінен жобалық-сметалық құжат әзірлеуге қаржы бөлінді. ЖСҚ және Мемсараптаманы әзірлеудің жоспарлы мерзімі 31.07.2012 жыл.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2012 жылы облыстық бюджеттен 40,0 млн. теңге бөлінді. МС-мен ЖСҚ әзірлеуге Астана қ. «ДиА-студио» ЖШС-мен 40,0 млн.теңгеге шартқа отырылды. 01.07.2012 жылы 21,0 млн. теңге игерілді.

3.3 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында электрмен қамту желiсiн салу

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу;

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2013 жылдың қаңтар, шілдесі)

ИЖТМ және Ақмола әкімдігінің ақпараты белгіленген мерзімде ұсынылады.

3.4 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылында электрмен қамту желiсiн салу

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу;

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2012-2013 жылдардың қаңтар, шілдесі)

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша, жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжат әзірленді, 1 258,0 млн. теңгеге 26.09.2011 жылғы № 16-0515/11 мемлекеттік сараптамасы алынды. Министрлік тарапынан Астана қ. іргелес елді мекендердің электрмен қамту желiсiн салуға Республикалық бюджет есебінен қаржы бөлу үшін Қаржы министрлігіне бюджеттік тапсырыс жолданды.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қаржыландыру қарастырылмаған. Осы жоба бойынша ЖСҚ-қа МС бар. Жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландырыру үшін ИЖТМ-не өтінім тапсырылды.

3.5 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылында электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2012-2013 жылдардың қаңтар, шілдесі)

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша, Министрлік тарапынан Астана қ. іргелес елді мекендердің электрмен қамту желiсiн салуға Республикалық бюджет есебінен қаржы бөлу үшін ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік тапсырыс жолданды.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қаржыландыру қарастырылмаған. Осы жоба бойынша ЖСҚ-қа МС бар. Жобаны республикалық бюджет есебінен қаржыландырыру үшін ИЖТМ-не өтінім тапсырылды.



3.6 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылында электрмен қамту желiсiн салу

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу;

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2012-2013 жылдардың қаңтар, шілдесі)

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша, Министрлік тарапынан Астана қ. іргелес елді мекендердің электрмен қамту желiсiн салуға Республикалық бюджет есебінен қаржы бөлу үшін ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік тапсырыс жолданды.

3.7 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында электрмен қамту желiсiн салу

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2012-2013 жылдардың қаңтар, шілдесі)

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша, Ақмола облысы әкімдігінің жергілікті бюджетінің есебінен жобалық-сметалық құжат әзірлеуге қаржы бөлінді. ЖСҚ және Мемсараптаманы жоспарлы әзірлеу мерзімі 31.07.2012 жыл.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2012 жылы облыстық бюджеттен 8,2 млн. теңге бөлінді. ЖСҚ әзірлеуге «Проект Энерго Строй НС» ЖШС (Астана қ.) 11.04.2012 ж. № 14-12-шартқа отырылды. 01.07.2012 ж. 7,1 млн. теңге игерілді.

3.8 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылында электрмен қамту желiсiн салу

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2011-2012 жылдардың қаңтар, шілдесі)

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша, Министрлік тарапынан Астана қ. іргелес елді мекендердің электрмен қамту желiсiн салуға Республикалық бюджет есебінен қаржы бөлу үшін ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік тапсырыс жолданды.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қаржыландыру қарастырылмаған. Осы жоба бойынша ЖСҚ-қа МС бар. Жобаны республикалық бюджет есебінен қаржыландырыру үшін ИЖТМ-не өтінім тапсырылды.

3.9 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылжар ауылында электрмен қамту желiсiн салу

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2013 жылдың қаңтар, шілдесі)

ИЖТМ және Ақмола әкімдігінің ақпараты белгіленген мерзімде ұсынады.

3.10 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Максимовка ауылында электрмен қамту желiсiн салу

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2012-2013 жылдардың қаңтар, шілдесі)

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша, Ақмола облысы әкімдігінің жергілікті бюджетінің есебінен жобалық-сметалық құжат әзірлеуге қаржы бөлінді. ЖСҚ және Мемсараптаманы жоспарлы әзірлеу мерзімі 31.07.2012 жыл.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2012 жылы облыстық бюджеттен 44,0 млн. теңге бөлінді. ЖСҚ әзірлеуге «Проект Энерго Строй НС» ЖШС (Астана қ.) 11.04.2012 ж. № 14-12-шартқа отырылды. Жұмыстарды аяқтау мерзімі 2012 жылдың 31 шілдесі. 01.07.2012 ж. 39,9 млн. теңге игерілді.

3.11 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка ауылында электрмен қамту желiсiн салу

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2013 жылдың қаңтар, шілдесі)

ИЖТМ және Ақмола әкімдігінің ақпараты белгіленген мерзімде ұсынылады.

3.12 тармақ. Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылында электрмен қамту желiсiн салу

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2013 жылдың қаңтар, шілдесі)

ИЖТМ және Ақмола әкімдігінің ақпараты белгіленген мерзімде ұсынылады.

3.13 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Малотимофеевка ауылында электрмен қамту желiсiн сала

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2013 жылдың қаңтар, шілдесі)

ИЖТМ және Ақмола әкімдігінің ақпараты белгіленген мерзімде ұсынылады.

3.14 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Шұбар ауылында электрмен қамту желiсiн салу

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2011-2012 жылдардың қаңтар, шілдесі)

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша,Министрлік тарапынан Астана қ. іргелес елді мекендердің электрмен қамту желiсiн салуға Республикалық бюджет есебінен қаржы бөлу үшін ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік тапсырыс жолданды.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қаржыландыру қарастырылмаған. Осы жоба бойынша ЖСҚ-қа МС бар. Жобаны республикалық бюджет есебінен қаржыландырыру үшін ИЖТМ-не өтінім тапсырылды.

3.15 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат ауылында электрмен қамту желiсiн салу

а) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу

б) электрмен қамту желiсiн салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2013 жылдың қаңтар, шілдесі)

ИЖТМ және Ақмола әкімдігінің ақпараты белгіленген мерзімде ұсынылады.

4.1 тармақ. Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында қуаты 40 Гкал/сағ. орталық жылу қазандығын салу (орындауға жауаптылар – Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ, орындау мерзімі - 2011-2013 жылдардың қаңтар, шілдесі)

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2012 жылы РБ-тен 600,0 млн. теңге қарастырылды. Мердігер «Ақ Жол Болашақ» ЖШС. Қазіргі уақытта ауа шығаруды монтаждау, № 5 блокты бетондау, жабдықтарға арналған фундаменттерді арматуралау бойынша жұмыстар жүргізілуде, түтін шығару мұржасы әкелінді. 01.07.2012 ж. 383,6 млн. теңге игерілді.

ҚТҮКША ақпараты бойынша, Ақмола облысы Ақмол аулындағы орталық қазандық құрылысына 2012 жылы республикалық бюджет есебінен 600,0 млн.теңге бөлу қарастырылды, Ақмола облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес 2012 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша 383,6 млн.теңге игерілді. қазандықтарды орау, ауа шығаруды монтаждау, № 5 блокты бетондау, жабдықтарға арналған фундаменттерді армирандылау бойынша жұмыстар жүргізілуде, түтін шығару мұржасы әкелінді.

: upload -> iblock
iblock -> Поэмасын табыңыз. A «Ескендір». B «Ақын өлімі туралы аңыз»
iblock -> Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Қызылорда хбб нзм уақыты: 25. 11. 2013 ж
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> «Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> Қазақстан тарихы пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы
iblock -> Сабақ жоспарының құрылымы Қазақстан тарихы 9-сынып
iblock -> Сабақ 2 сағат Мектеп: Семей қаласы фмб нзм
iblock -> Елена воевода по пути евразийских караванов: проблемы сотрудничества и межкультурной коммуникации


  1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет