Астана әлемнің рухани ортасы ретінде



жүктеу 65.01 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі65.01 Kb.
Манасова М.М.,

ҚазҰУ-дың PhD докторанты
АСТАНА ӘЛЕМНІҢ РУХАНИ ОРТАСЫ РЕТІНДЕ.
Қаланы зерттеуде астаналар көбінесе әкімшілік орталық ретінде қарастырылады. Астаналар – сонымен қатар ұлттық идеологияның символикалық бейнесі, елдің экономикалық дамуының катализаторы, тарихи тұрғыдан алғанда – жергілікті мәдениет арасындағы байланыстырушы құрал. Қазіргі заманғы астаналық қалалар рөлін айқындайтын теоретикалық жағынан нақты академиялық әдебиеттер жоққа жақын. Астаналық өмір түрлі пәндер арасында әртүрлі аспектілері арқылы қарастырылған.

Бүгінгі таңда Қазақстан астанасы шығыс даналығы мен батыс прагматизмінің симбиозына айналып отыр. Астана – ХХІ ғасырдағы ең жас астана ғана емес, ұлт болашағы үшін жаңа жоба. Жапондық архитектор Кисе Куракава Астана қаласын тұрғызуда «Өмір принципі» атты концепциясы арқылы жасады. Бұл концепцияның негізінде қоршаған ортамен үйлесімділік басты категория ретінде көрсетіледі.



Американдық профессор, урбанизация бойынша эксперт, Джонн Ренни, өзінің «Қала теориясы» (2006) атты еңбегінде қалалардың қоғамның кеңістікті ұйымдастырудағы фундаменталды өзгерістерге ықпалын талдап өтеді. Глобализация, өмір дифференциациясы, және постмодернизм., бұндай процестер қаланың функционалды құрылымымен тығыз байланысты екендігін айтады. Сонымен қатар қалаларды әртүрлі параметрлерге бөліп қарастырады: Әртүрлілік қаласы, Ұжымдық қала, Постиндустриалды қала, Постмодерндік қала, Постколониалды қала, Иммигранттар қаласы, Экономикалық қала, Қазіргі заманғы қала, Саяси қала және т.б. [1].

Академик Нысанбаев А.Н. (2011) Астананы қазіргі заманның рухани ортасы ретінде көрсетіп, Астананы жаңа астананың қайта жаңғыруы мен әлемнің нүктесі, Еуразия жүрегінің онтологиялық синтезі ретінде көрсетеді. Астана құрылыстарында қазақ халқының тарихы мен постмодерн, ұлттық стилистика мен жаңа биік үйлер сәйкестікте жасалған [2.38]. Астананың дамуы Қазақстандық қала мәдениетінің жаңа типте қалыптасуына әкелді.

Қазақстан астанасының динамикалық дамуында ең басты аспектілердің бірі Астананың қазіргі заманғы жоғары технологиялық мәдени инфрақұрылымы болып табылады. Бүгінгі таңда Астанада 7 театр, 8 мұражай, 27 кітапхана, 7 кинотеатр, 8 концерттік алаң, цирк, көрмелер, мәдени және демалыс бақтары бар. Астананың көркем-мәдени өмірі Қазақстанның жаңа астанасын бүкіл әлемге танытып отыр. Астана көркем-шығармашылық мәдениетінің дамуы мемлекетіміздің жаһандық мәдени-коммуникативті кеңістігіне енуіне, сонымен қатар қазақстандық қоғамның рухани қажеттілігінің өсуіне, өнерде ұлттық дәстүрдің сақталуына байланысты [3].

Астана «орталық нерв жүйесі» ретінде маңызды мемлекеттік функцияларды атқарады, басқару импульсі елдің барлық территориясына тарап отырады. Қазіргі заманғы астана мемлекеттің әкімшілік орталығы ретінде саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және тіпті әскери-стратегиялық міндеттерді де атқарып отыр.

Астананың көркемдік өмірі, соның ішінде: архитектура, мүсін, би, театр өнерінің қалыптасуы мен дамуы, ұлттық опера өнеріндегі жаңа серпін мен көркемдік инновациялар, Астананы мемлекеттіміздің мәдени, шығармашылық тенденциялардың катализаторы ретінде көрсетіп отыр. Сонымен қатар Қазақстан мәдени кеңістігінің инновационды ұмтылысындағы сахналық өнер және музыка өнерінің рөлі, Астана композиторларының ұлттық музыка мәдениеті дамуындағы шығармашылық қызметі, композиторлар шығармашылықтары халықаралық деңгейде орын алып отыр. Соңғы он жылда жаңа астананың мәдени өмірінде маңызды рөл атқарып отырған елімізге белгілі туындылар, есімдер және мәдени орталықтар пайда болды.

Астана архитектуралық композицияларының құрылымы, архитектуралық үлгіде бүкіләлемдік көркем дәстүрлердің синтезделуі Астана архитектурасының негізгі ерекшелігін айқындайды. Еліміздің нышанына айналған «Бәйтерек» құрылысының, жалпы Астана архитектураларының метафорлығы, қазақ мәдениеті, мифологиясы және тарихымен байланысты. Қазақ мәдени мұрасының әмбебап архаикалық идеяларын алға тарту арқылы жас астана тағы бір өзіндік ерекшелікке ие. Бізді қоршаған қазіргі заманғы әлемнің әртүрлілігі, рухани байлығы және экономикалық мүмкіндігі, жаңа шығармашылық идеялардың Астананың архитектуралық бейнесінде көрініс табады. «Хазрет Сұлтан» астаналық мешітінің рухани мазмұны – үйлесімділікке толы және дәстүрлі архитектуралық идеяның қазіргі заманғы материалдарымен сәйкестікте салынған.

Астананың халықаралық қатынастағы рөлі архитектуралық және мәдени объектілерінен көрінеді. Оған дәлел ретінде, рухани және діни ғана емес, қазіргі Қазақстан зайырлы мәдениетінің белгілі объектілерінің бар екендігі мәлім. Мысал ретінде Астанадағы Еуропа мәдениетінің және өркениетінің жаршысы «Астана опера» театрын келтіріп кетуге болады. Ерекше атап өтетін жайт, «Астана опера» театры құрылысында классикалық еуропалық және қазақ архитектуралық дәстүрінің синтезі байқалады. Астана архитектурасының инновационды жобаларды, әлемдік архитектура дәстүрлерін және ескі қала кварталдарын біріктіре отырып болашаққа бағыт алып отыр.

Астананың монументальды мүсінінің басты ерекшелігі – жоғары идеологиялық деңгей, азаматтық пафос және образ маңыздылығы. Астана мүсіндеріндегі қазақ тарихының басты фигуралары тек эстетикалық қырынан ғана емес, өзіндік бірегейлікті сақтаған.

Қазақстанда ҚР ескерткіштері бойынша Мемлекеттік комиссия жұмыс жасайды. Ескерткіштердің көркемдік идеологиялық деңгейін қадағалайды. Соның ішінде мемлекеттің монументальды мүсіндеріне басты назар аударады. Ұлттық өзіндік сананың өсуінде көркем өнер маңызды рөл атқарады. Сондықтан да монументальды өнер айрықша рөлді алып отыр. Оған дәлел ретінде, еліміздегі кең ауқымды архитектуралық-мүсіндік кешен «Қазақ елі» монументі - көпұлтты Қазақстан үшін біріктірудің бастамасын айтуға болады. Монументальды өнер ескерткіштерінің Қазақстан мемлекеттілік идеясын күшейтуге қызмет етіп отырғандығын факт ретінде келтіруге болады.

Астана бейнелеу өнері тәуелсіз кезеңде ерекше дамуға ие болды. Авторлардың келтірген деректеріне сүйенсек, Астана суретшілерінің туындыларында Қазақстан тарихы, патриотизм, дәстүр, туған жер табиғаты, пейзаж, этнография басты тақырып болып қала береді. Суретшілер шығармаларынан инновационды шығармашылық ізденісті және отанға деген сүйіспеншілікті байқауға болады.

Қазіргі зерттеушілер көзқарасымен қарасақ, Қазақстан астанасы бүгінгі күні отандық және халықаралық мәдени қауымдастықта ерекше рөлге ие болған мемлекетіміздің мегажобасы. Қазақстанның жаңа бейнесі туралы көзқарас мемлекеттік мұражайлар, көркем көрмелер арқылы қалыптасып отыр. Қазақстанның жаңа тарихын репрезентациялау идеясын алға тартып отырған мұражай институттарының ішіндегі ерекше маңызға иесі ҚР Бірінші Президентінің Мұражайы. Мұражай жан-жақты бағыттарда жұмыс жасап отыр: көрмелік, ғылыми-зерттеу, ақпаратты-басылым, экскурсия, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және т.б.

Сонымен қатар қазіргі заманғы өнер мұражайында республикалық және халықаралық деңгейдегі шаралардың өткізілетіндігі, «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар фестивалін ел жастары жоғары бағалайтындығы бізге белгілі.

Күләш Байсейтова атындағы Ұлттық опера және балет театры маңызды қойылымдарымен мемлекеттің мәдени жағын көркейтуде маңызды орын алып отыр. Опера және балет театрының 10 жыл ішіндегі ұлттық хореография өнеріндегі жетістіктері аса зор. Әртүрлі тақырыптағы балет қойылымдары, жаңа «Астана Опера» театрының шығармашылық қызметі театр өнерін жоғары классикалық деңгейге көтеріп, еліміздің мәдени брендіне айналып отыр.

Астана театр өнеріне тоқталып кетсек, театр қойылымдарына арнайы шетелден шақыртылған әншілердің сахнадағы өнері, образды орындау шеберлігі жоғары. Өнертанушылар Астана, Бәйтерек, қазақ жігіті мен жапон қызы арасындағы махаббат жайлы жазылған А.Серкебаевтың «Астана» мюзикліне Қазақстандағы тұңғыш кәсіби мюзикл ретінде баға беріледі.

Қазақ опера өнерінің болашағын жасау үшін жүйелі жұмыс пен тынымсыз еңбектің қажеттілігі зор. Үлкен сахнада жүрген мамандардың шығармашылық, тұрмыстық, әлеуметтік мәселелерге тап болатындығы да мәлім.

Астана театр өнерінің қалыптасуы және дамуы, Қазақстанның жас астанасындағы театрлардың тек мәдени орталық ретінде ғана емес, халықаралық туризмді дамытушы ретіндегі рөлін арттырады.

Ұлттық музыка мәдениетінің дамуы аспектісіндегі композиторлардың шығармашылық қызметтерін зерттеу барысында, өнертанушы ғалымдар бүгінгі күні отандық музыкатануда кәсіби жұмыстардың жеткіліксіздігін атап өтеді. Қазақстанда қазіргі концерт қызметі филармониялық және эстрадалық жағынан екі негізге ие. Соның ішінде астаналық концерттік мәдениетте филармониялық музыканың маңыздылығын ерекше атап өтуге болады.

Бүгінгі таңда Қазақстанды Астанасыз елестету мүмкін емес. Ел тәуелсіздігінің қалыптасуы мен оны бекітуде маңызды рөл атқарып отырған қала. Астананың көркем-мәдениетінің дамуы мемлекетіміздің рухани дамуына әсер етеді. Жаңа астанадағы болып жатқан көркем-инновациялық, мәдени шаралар, архитектуралық кешендер, мүсіндік өнер дамуындағы шығармашылық белсенділіктің өсуі, музыка және театр өнерінің даму барысын зерттеу мен оған талдау жасау арқылы, Елорда мәдениетінің негізгі феномендері айқындалып отыр.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Short, John R. Urban theorya critical assessment. Basingstoke [England]; New York: Palgrave Macmillan, 2006.

  2. Нысанбаев А.Н. Становление Астаны как духовного центра современного мира. Международная научная конференция, посвященной 20-летию Неза- висимости Казахстана и Дню города Астаны (Астана, 4-5 июля 2011г.), 38-45сс.

  3. Астана: от политического статуса к культурному развитию. Очерки. – Алматы: 2014. 428с.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет