Астрахан №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахыт Еркегүлдің аналитикалық есебі



жүктеу 91.42 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі91.42 Kb.
Астрахан №1 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахыт Еркегүлдің аналитикалық есебі

ХХІ ғасыр ұрпағын оқытып тәрбиелеп жатқан ұстаздар қауымының жауапкершілігі күн санап арта түсуде. Ізденіс, жаңалық, тынымсыз еңбек-заман талабына айналуда. «Инновациялық білім берудің қазақстандық үлгісінің тұтастығын қалыптастырған жөн» - деген ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісінде.  Қазіргі уақытта «Сабағымды қалай қызықты, тартымды өткізем? Сабақ кезінде оқушының жетістіктерін қалай туғызам?» деген сұраққа ойланбайтын мұғалім жоқ шығар. Олай болатын себебі, әрбір жаңашыл ұстаз шәкірттерінің шығармашылық жетістіктерін, пәніне деген қызығушылықтарын арттыруды мақсат  етеді.



Сапалы маман қазіргі ақпарат ағымының көшінде үнемі өзі ізденіп, кәсіби және рухани өсу үстінде бола білуі қажет. Осы тұрғыда жинақталған тәжірибеме талдау жасамақпын.

Дәстүрлі оқытудағы бірсарындылық мезі қылғанда жаңаша өзгерісті іздейсің. Осы күнге дейін тәжірибеде қанша әдіс-тәсілдер қолданып көрсем де әдістемелік тұрғыдан қанағаттанбаушы едім. Осы мәселенің жауабын 2013 жылы Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының ІІ деңгей бағдарламасының мазмұнымен танысқаннан кейін тапқандай болдым.



Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Бұрын жаңа технологияларды қолдануда шашыраңқылық байқалатын, ал осы деңгейлік курс барлығын бір ізге салды. Бағдарламаның негізгі мазмұны жеті модуль- жүйелі түрде жаңаша ойлау, жаңаша жұмыс жасау, басқаларға да ынтымақтастықпен әдістемелік бағыт көрсетуге негізделгендіктен, сыныптағы іс-әрекетті зерттеу, әріптестерге коучинг сессияларын ұйымдастыру, тәлімгерлік ету негізгі жұмыс бағыттары болып отыр.

Мектептегі өзге әріптестерімді білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,  білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық сынды 7 модуль элементтерін сабақ беру үрдісінде қолдануларына ықпал етудемін. Менің міндетім – коуч болып, үйренгенімді әріптестерімнің үйренуіне бағыт- бағдар беру. Жоспарға сай «Диалогтік оқыту», «Блум таксономиясы», «Блум таксономиясы-оқушының ойлау деңгейін дамыту жетістігі», «Блум таксономиясы бойынша сабақтар әзірлеу», «Қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістері туралы түсінік беру», «Топтық жұмыстарды ұйымдастырудың оқыту үшін тиімділігі», «Оқыту үшін бағалау - оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал», «Оқудағы кедергілерді қалай жеңуге болады?» тақырыбында өткен коучингтерден көрген әдіс-тәсілдерді мұғалімдер өз сабақтарында пайдаланып жүр.Топпен жұмыс жасау арқылы сабақ өкізуді түрлендіріп, топты күнделікті сабақта алмастырып , сабақта екі рет топпен жұмыс болуын, оқушылардың түгел қамтылуын, сабақтан тыс қалмауын қадағалау, оқушы нені ойлау керектігін ұғынуын, топтық жұмысты ұйымдастырғанда, олардың бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау керектігін әріптестерім тани түсті.

Бұрын дәстүрлі оқытуда сабақтың мақсатын өзімізге бағыттасақ, заманауи оқытудың негізі 7 модулі бойынша жаңаша сабақтарда мақсат оқушыға бағытталады. Қазіргі заман талабына сай мұғалім «білімді беруші» емес, «білімді игеруге» жеткізуші, яғни білім алуға бағыттаушы болуы тиіс. Әрине сабақ мақсаты коучингтегідей жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету емес, жаңа білімді, ақпаратты баланың өзіне игерту. Білім беру және оқытуға байланысты мақсатқа сай креативті амалдарды іске асыруда ортақ аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынастың шынайылығында, оқытуда белсенділік пен өзара әрекет тығыз байланысқандықтан, нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасуда. Топтық жұмыс арқылы ой қозғай отырып, өз ойыммен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін топ ішінде талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасау-өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау екені мәлім.  Күнделікті жұмыс нәтижесінде, сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптасып, білімге құштарлықтары артты, әр күнгі өткізілетін тренингтер балалардың көңіл күйлеріне оң әсерін берді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылық қабілеттері айқындала бастады. Соның нәтижесінде білім сапасы көрсеткіші төмендегідей:

Оқу динамикасының артуы, оқытудың дұрыс бағытталғанының дәлелі екені белгілі.


Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдірумен қатар оқушының танымдық қабілетін дамытып, саналы деңгейге көтеруге бағытталған жүйелі жұмыстар дарынды оқушылардың шығармашылығына жол ашып отыр және ғылыми жұмыстармен айналысатын балалардың қатары жыл сайын арта түскенін көре аламыз.

2011-2012 оқу жылы:

1. «Тіл тазалығы-ой» тазалығы» ғылыми жобасымен 11 сынып оқушысы Болатбек А, «Жарқын болашақ» облыстық сайыста ІІІ орын

2. «Абай оқулары» облыстық конкурс, 6-сынып оқушысы Бошай Б , Ақмола облысы білім басқармасы сертификатын иеленді;

2012-2013 оқу жылы:

1.«Оқушыларды көркем әдебиетті оқуға қызығушылығын арттыру жолдары» ғылыми жоба авторы 5 «а» сынып оқушысы Әділбекқызы Ш, Ақмола облысының білім басқармасының Сертификатын алды;



2013-2014 оқу жылы:

1. «Абай өлеңдері-ақындыққа жетелеу көзі» ғылыми жобасымен 11 а сынып оқушысы Таттибаев А, «Жарқын болашақ» аудандық ІІ орын алып, облыстық жарысқа қатысты,

2.«Қазақстанды жастар көркейтеді» жобасын аудандық сайысқа 11 а сынып оқушысы Бүркіт Б ұсынды;

3. «Ғасыр дертіне қарсы тұрайық!» жобасын 11-сынып оқуысы Жарқынбаев Ұ, Жунусова А 1-желтоқсан Халықаралық СПИД-ке қарсы күнге орай жазып, оқушылармен өткізді;



2014-2015 оқу жылы:

1. «Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы от сөзінің қолданысы» ғылыми-жоба, 8 «А» сынып Жексенбай Ж;

2. «Қазақ тіліндегі септік жалғауларының сыры» ғылыми жоба, 8 «А» сынып Умуртаева Д

3. «Қазіргі қазақ тіліндегі қос сөздер» ғылыми жоба, 8 «А» сынып оқушысы Қаби М сынды оқушылардың жұмыстары аяқталу үстінде.


Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді, ұстазарды жаңашыл іс-әрекетке жетелейді. Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін де жетілдіре түседі. Бұған дәлел ретінде соңғы жылдарда әдістемелік жинақ қоржыным тек сабақ жоспарларымен ғана шектелмей, маңызды зерттеулер, курс бағдарламалары, коучинг әзірлемелері т.б. маңызды материалдармен толыға түсті. Авторлық туындыларым:

1.«Жалпыға ортақ сатылай кешенді талдау» грамматикалық талдау түрлері

1.1. дидактикалық материалдар жинағы,

1.2. оқушыларға жұмыс дәптері,

2. «Ата салтым-асыл қазынам» бағдарлама (1-сынып. Қазақ тілі орыс тідінде оқитын сыныптарда) 3.«Жай сөйлем синтаксисі» әмбебап сабақ жоспарлары ,брошюра

3.1 Әмбебап сабақ жоспарлары

3.2 Жұмыс дәптерлері /№1,№2,№3,№4, №5/

4 .«Жалпыға ортақ сатылай кешенді талдау» курсы бағдарламасы, (қазақ тілі пәнінен дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс)

5.. «Заманауи оқыту үлгілері» ІІ деңгей бағдарламасы бойынша жұмыс деген атаумен әдістемелік жинақтар циклі әзірленді. №1 есептер, №2 коучингтер, №3 сабақтар, №4 тәлімгерлік.

6. «Сахна мәдениеті» қолданбалы курс бағдарламасы, әдебиет пәні

7. «Қазіргі қазақ тілі» қолданбалы курс бағдарламасы (10-11 сыныптарды ҰБТ-ға дайындау). Бұл бағдарлама қазақ тілінің фонетика, морфология, лексика, синтаксис, пунктуация салаларын толық қамтыған материалдар мен тақырыптық тест жинақтары бар, барлығы 150 беттен тұрады.

8. «Шығармашылық шабыты» сабақ берген жылдардағы үзді деп таныған ашық сабақтар мен іс-шаралар жинағы шығарылды.

Аталмыш жұмыстарды халықаралық жәрмеңке, облыстық сайыстарда, интернет саттарына жариялап, тәжірибе тарату және алмасу бағытында игі істер атқарылды.



Жаңа формация мұғалімі – шығармашыл тұлға, негізгі мақсаты- сабақ үрдісін ұйымдастыру жаңа технологияларды қолдану, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, өзндік танымдық біліктілігінің дамуын ұйымдастыру. Демек, «қазіргі таңда мұғалім менеджер ретінде болуға тиіс»-деген қағидаға сүйене отырып кәсіби біліктілігімді арттырып, шығармашылығымды ғылыми тұрғыдан шыңдау, өзге әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында 2015 жылы өзімнің жеке сайтымды http://multiurok.ru/erkemugalim/lenta адресімен аштым. Бұл әлемдік кеңістікке жасалған сенімді қадам болмақ. Сайтқа тек қазақ тілі мен әдебиетіне ғана қатысты емес,оқу ісінің орынбасарларына арналған маңызды материалдар жариялануда.

Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді, сондықтан біліктілікті арттырудың тиімді жолдары түрлі сайыстарға қатысу болса, еңбек жолын бастағаннан бері үздіксіз конкурстар арқылы білімімді сынап, әдістемелік шеберлігімді жетілдіріп, мамандығыма қажет тәжірибе жинаудамын.



Қатысқан конкурстар мен жетістіктері, марапаттаулары:

“Мектептің негізгі мерекелері” сайысына қатысқаны үшін Ақмола облысының Білім Басқармасының Дипломы-2003 ж;

«Қазақстан-1» телеарнасы «Әй, жарайсың!» өнер сайысындағы үздік өнері, жеңісі үшін Диплом-2003 ж;

Ақмола облысы білім департаментінің Құрмет грамотасы-2007 ж;

«Үздік ұйымдастырушы» Аршалы аудандық білім бөлімі Құрмет грамотасы-2007 ж;

Аршалы ауданы Мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімі Алғыс хаты-2007 ж;

«Үздік маман» Аршалы ауданы әкімшілігі Алғыс хаты-2007 ж;

Қазақстан Республикасының 15 жылдығына орай Мақтау грамотасы Аршалы ауданы Сараба ауылы әкімшілігі-2007 ж;

«Үздік қазақ тілі мұғалімі-2009» байқауында І орын алғаны үшін Астрахан ауданы білім бөлімі Грамота-2009 ж;

«Ауылдың үздік ұстазы-2010» конкурсында «Зерттеуші-мұғалім» номинациясы үшін Ақмола облысы білім басқармасының Грамотасы-2010 ж;

«ІІ халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесі» Ақмола облысы бойынша білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты Қола жүлде Сертификаты-2012, 2013 жылы қатысушы сертификаты;

«Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы, Ақмола облысы, Білім басқармасы сертификаты, 2014 жыл.



«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталы арқылы ұйымдастырған қазақ тілінен қашықтық олимпиада «Үздік нәтиже» сертификаты-2014-2015 оқу жылы.

Қорыта келе «педагогтік шеберлік» – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Ендеше, іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық дегім келеді.  Алдына қойған мақсаты айқын өз ісіне сүйіспеншілікпен ,жауапкершілікпен қарайтын ұстаздардың бойында байқағыштық, төзімділік, өз ісіне, балаға деген ерекше ілтипат пен сенімділік төгіліп тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық.

  2. « «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері.


: 887344EE9999D2F9
887344EE9999D2F9 -> Астрахан №1 орта мектебінде 16 – 21 ақпан аралығында өтетін психология апталығының іс шаралар жоспары
887344EE9999D2F9 -> Тақырыбы: «Қазақ хандығына 550 жыл» Мақсаты
887344EE9999D2F9 -> Қазақстан Республика Конституциясына 20 жыл мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету. Білімділік
887344EE9999D2F9 -> Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе
887344EE9999D2F9 -> Тақырыбы: «Әке, шешем және мен!» отбасылар сайысы Мақсаты
887344EE9999D2F9 -> Мектеп директоры Балабаева С. А. 28. 01. 2015 жыл
887344EE9999D2F9 -> Н. Назарбаев. Астрахан №1 орта мектебі
887344EE9999D2F9 -> Педагогтың шығармашылық Өсу картасы аты-жөні : Ахыт Еркегүл, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
887344EE9999D2F9 -> Орта мерзімді сабақ жоспары




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет