Ата-аналар жиналысы



жүктеу 61.71 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі61.71 Kb.
Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Раздольный орта мектебі


АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Тақырыбы: «Адамгершілік –асыл қасиет»

Өткізген мұғалімдер: Онгарбай Жанерке

Мусина Лаззат

2015 оқу жылы

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Адамгершілік - асыл қасиет

Мақсаты:ата-аналардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.



Көрнекілігі:ән-күй,үлестірмелі материалдар,нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Интерактивті тақта.



Ата-аналар жиналысын өткізген мұғалімдер: Онгарбай Жанерке, Мусина Лаззат

Ата-аналар жиналысы екі бөлімнен тұрады.

  1. Ата-аналармен жұмыс.

  2. Оқушылармен ашық тәрбие сағаты

Жоспар:

  1. Тренинг . Өзін таныстыру

Ойын «Өз орныңда тап!»

  1. Топқа бөлу. «Бағдаршам»

  2. Топтық тапсырма:

А.Баланың бойындағы жақсы қасиеттер

Б.Баланың бойындағы жаман қасиеттер

В..Ашу дұшпан-ақыл дос.

5.Ойлан, тап! Сұрақ-жауап бөлімі

6.Мұғалім сөзі

7. Сергіту сәті

8. Оқушылардың ашық тәрбие сағаты

Барысы:


  1. СЕРГІТУ СӘТІ. “ Менің орным қайда” жаттығуы.
    Мақсаты: Ата-аналардың көңіл- күйі көтеріледі, азда болсын денесі шынығады;
    2. ТОПҚА БӨЛУ . « Бағдаршам» ойынымен ұжымды 3 топқа бөлінді.
    1.Ағымдағы мәселені зерттеу – 10 мин. Берілген тапсырмалар.

1-топ.Баланың бойындағы жақсы қасиеттер «Сарылар»

2-топ Баланың бойындағы жаман қасиеттер «Қызылдар»

3- топ .Ашу дұшпан-ақыл дос. «Жасылдар»

Әр топ өз жұмыстарын постер арқылы қорғады.


c:\users\zhanerke\saved games\desktop\ата-ана жиналысы адамгершілік\фото1015.jpg
2-топ «Сарылар»

c:\users\zhanerke\saved games\desktop\ата-ана жиналысы адамгершілік\фото1017.jpg




1-топ. «Қызылдар»


c:\users\zhanerke\saved games\desktop\ата-ана жиналысы адамгершілік\фото1016.jpg


3-топ. «Жасылдар»

2. «Ойлан, тап!»

Әр топқа екіден адам бойындағы қасиеттер жайында тапсырмалар беріледі. Сол қасиеттің не екенін табады.

Тапсырмалар:



  1. Адам бойындағы таза ниет. Ол-шыншылдық, әділдік, жалтармаушылық, уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттер жиынтығы. Тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау, адал ниетпен орындау, басқаға қиянат жасамау, шындықты ар-ұжданды қорғау. /адалдық/

  2. Адамдар арасында ізетті, өзгені сыйлай біледі, жан-жағына көмектеседі, ортасына сыйлы, сөзі сыпайы адам./Әдепті/

  3. Адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға, ет жақын туыс –туғандарына, тілектес, ниеттес, сыйлас кісілерге деген ерекше көңіл күйі, қамқорлығы./жанашырлық/

  4. Адам бойындағы белгілі бір істі, өзінше тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет. Өмірге, іс-әрекетке ар-ұятпен, аса ұқыптылықпен қараудың белгісі./Жауапкершілік/

  5. Адам бойындағы жақсы қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы, мәдениеттің белгісі. Ол адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының жалпы ережелері.Биязы, инабатты, ізетті, сыпайы, тәртіпті деген ұғымды білдіреді. / Әдептілік/

  6. Адамға, табиғатқа, жан-жануарға жақсылық істеу, оны күту, үлкен адамға қызмет етіп, оған көмек көрсету. /Қамқорлық/

Тапсырмалар орындап болғаннан кейін әр топтың түйінді пікірлері тыңдалады.

Мұғалімдердің сөзі: Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». (Абай) Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан қашпақ керек»деп үйретеді. «Әуелі надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық.Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны,талапсыздық,ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады.Залымдық-адам баласының дұшпаны.

2.Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.


Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады .

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс -тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский : «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.


Кім болса да жақсы өмір сүруге тырысады. Жақсы өмір сүру материалдық және рухани байлықтың арақатынасының тепе-теңдігіне байланысты. Абайдың «ақыл мен жүректі бірге ұстаң»,-деген сөзінен жақсы өмірдің бейнесін көруге болады. Тағы бір сөзінде Абай « мінезге бай» болу керектігіне тоқталады. Шынайы байлық адамдардың іс-әрекетінен көрінеді.
II бөлім. Оқушылардың қатысуы.

1.4-сынып Көрініс. «Бір атаның үш ұлы»

Өлең тақпақтар айтады.


  1. 3 «А» сынып

«Ата ақылы»

«Жақсы болу өзіңнен» т.б тақпақтар

Мақал - мәтелдер
1. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
2. Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен. т.б

«Ата-ананы тыңдайық» әні айтылады.

Жиналыс соңында тәрбие меңгерушісі ата-аналарға тілек айтты.



Қорытынды сөз.

Ата-ананың ақылы

Сайрап жатқан жолмен тең

Ақылдының ақылы

Сарқылмайтын көлмен тең.
Жиналыстағы кейбір сәттер:

c:\users\zhanerke\saved games\desktop\ата-ана жиналысы адамгершілік\фото1010.jpgc:\users\zhanerke\saved games\desktop\ата-ана жиналысы адамгершілік\фото1019.jpg

Жұмыс кезі Постер қорғау сәті

c:\users\zhanerke\saved games\desktop\ата-ана жиналысы адамгершілік\фото1021.jpgc:\users\zhanerke\saved games\desktop\ата-ана жиналысы адамгершілік\фото1020.jpg

Оқушының өлең оқу сәті «Бір атаның үш ұлы» көрініс

«c:\users\zhanerke\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\фото1028.jpg



Қорытынды кезең. Менің пікірім...





©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет