Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылы Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі 9 «ә» сынып оқушысы



жүктеу 22.37 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі22.37 Kb.
Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі

9 «ә» сынып оқушысы

Ғабдел Мөлдір Аманбайқызы

Менің мектебім

Мектеп - жас ұрпақты білім нәріне сусындайтын мекеме. Өмірде қандай қиындықтар мен қуаныштар болса да , мектепте өткізген уақыттар ешқашан ұмытылмас. Мектеп – кеме , білім теңіз , онда жүзем демеңіз демекші , сол мектепте он бір жыл бойы білім нәрін сусындап, тарыдай болып кіріп, таудай болып шығамыз .Алғашқыда мектеп табалдырығын аттаған кезде әріпті қалай саламыз, жазуды қалай жазамыз деп қиналатын едік қой шіркін! Уақыт өте келе бәрі өзгерді . Мен,қазіргі таңда Ш. Т.Еркінов атындағы орта мектебінің 9 сыныбында оқып жатырмын . Мен өз мектебіммен мақтана аламын . Біздің мектебімізде 444-ке жуық оқушы білім алып жатыр. Сол оқушылардың бойында тұнып тұрған өнерлері баршылық. Әрбір адамға мектеп қабырғасындағы өткізген әрбір уақыт балалық шақтың бір дәурені болып қалмақ .Кей кезде кішкентай балаларға қарап, сол уақыттар қайтып келсе екен деп ойланасын ! Сонымен қатар , қоңыр күздің жанға жайлы күніндегі бір сәт есімнен шықпайды . Ол – 1 қыркүйек болатын . Мектеп ауласы балалар легімен теңіздей толқиды . Мен өз мектебім туралы айтып өтсем деймін.Біздің мектеп Шүкір Таңатарұлы Еркіновтың атына берілген.Мектеп директоры Косдаулетова Айнұр. Ол – өте білімді жан.Менің мектебім өзім үшін ыстық. Сол мектептен талай ақындар мен бишілер тәлім алған болатын. Мен осы білім мекемесінде оқығаныма мақтанамын .Батыр атамызды құрметтеу – біздің парызымыз. Оның қан майданда көрсеткен ерлік істерін өзімізден кейінгі жас ұрпаққа насихаттау арқылы олардың Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін нығайта түсуіміз қажет.Батыр ағамыздың өмірбаяны туралы шертіп өтсем деймін . Шүкір Еркінов 1924 жылы Миялы ауыл советіне қарасты бұрынғы Калинин атындағы колхозда туған. Бір кезде Миялы селосы Ойыл ауданына қараған . Ол бастауыш білімді Орал облысының Қаратөбе ауылында нағашыларының қолында тұрған. Одан кейін Миялыдағы Комсомол орта мектебінде оқып , 9-10 кластарды Ойыл қазақ орта мектебінде бітірген . Сондықтан да Шүкірді ойылдықтар өздерінің жерлесі санайды . Оның ерлік істерін қастерлеп , ардақ тұтады . Ұраны – Шағырай . Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылындағы орта мектеп Шүкір Еркінов атымен аталған.Сонымен қатар Шүкір Еркіновке арнап көшелер аты да берілген.Олар:Атырау қаласында , Миялы селосында , Жасқайрат ауылында , Ақтөбе облысының Ойыл селосында. Батыр атамызға ескерткіш кеуде мүсіндер де қойылған : Атырау облысының тарихи- өлкетану мұражайында , Қызылқоға ауданының Шүкір Еркінов атындағы орта мектепте қойылған . Атырау облыстық тарихи – өлкетану мұражайында батырға арналған мүйіз ашылған . Қызылқоға ауданындағы Шүкір Еркінов атындағы орта мектепте арнайы мемориалдық мұражай жасақталған . Мәскеуде « Тағзым тауындағы » алып мәрмәр тақтадағы батырлар қатарында,Атырау қаласының демалыс саябағындағы өзіне ғана арналып қойылған бөлек мәрмәр обелиск- тақтада, Ақтөбе қаласындағы батырлар аллеясында, Атырау қаласындағы мұнайшылар саябағында батыр атамызға арналып ескерткіш тақталарға аты жазылған. Қазақ ССР Министрлер Советінің 1977 жылғы 8 шілдедегі қаулысы бойынша Қызылқоға Орлыкөл орта мектебі Ш.Т. Еркінов атындағы орта мектеп болып аталған болатын. Алдағы уақытта өз мектебімді көркейтуге бар үлесімді қосамын. Даңқ орденінің толық иегері,батыр атамыздың атындағы мектепте оқығаныма мақтанамын.
: 2015
2015 -> Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық»
2015 -> Сабақтың тақырыбы: «Негізгі және туынды сын есім»
2015 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
2015 -> 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Атырау қаласы
2015 -> Абай және музыка Мақсаты
2015 -> Сабақ: «Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Шығармалар жинағы (оқу-әдістемелік құрал) Асимбетова Лиза Куанышовна Мустафина Алтынгул Агисовна
2015 -> Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет