Ақтөбе облысы Алға қаласы «Алға мектеп – бақшасы» мм – нің бастауыш сынып мұғалімі



жүктеу 45.88 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі45.88 Kb.
Ақтөбе облысы Алға қаласы

«Алға мектеп – бақшасы» ММ – нің

бастауыш сынып мұғалімі

Бесайдарова Гулзат Бакбергеновна


Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:

Құмырсқаның қанағаты”ертегісі

Мақсаттары:

Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын, шығармашылығын қалыптастыру, сөздік қорын молайту.

Оқыту нәтижесі

Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауын қалыптастыру, ертегіні құрастыру қиялын шарықтату, өз бетінше ой түйіндеу.

Түйінді идеялар:

Қанағат қарын тойғызады.

Уақыт

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ресурстар

2 минут


Психологиялық даярлық.

Айдай сұлу көркім бар,

Шамшырақтай көзім бар.

Бес саусағым майысқан.

Шебер екі қолым бар.

Кәне, бері келіңдер,

Құшағыма еніңдер.

Топқа бөлу.

Бунақденелілердің суретімен 3 топқа бөлу.



Амандасу.

Құмырсқа, ара, көбелек болып әр топ бір – біріне саттілік тілейді.

Оларға сұрақ қоямын.

Бұл жәндіктер несімен ұнайды?



Балалар өздеріне түскен сурет арқылы топтасады.

І топ – «Құмырсқа»

ІІ топ – «Ара»

ІІІ топ – «Көбелек»




Құмырсқа, ара, көбелек бейнеленген үлестірмелі суреттер.



4 мин


Бейнетаспадан құмырсқа туралы сюжет көрсету.



Құмырсқа туралы үзінді көре отырып, неге бұл кадр көрсетілгендігі жөнінде ойланады. Тақырыпты ашады. Ойларын айтады.

видеоролик





8 мин

Ой қозғау: Құмырсқа туралы дайын мәтінді 3 топта талқылау


І топ – Құмырсқаның түрлері

ІІ топ – Пайдасы

ІІІ топ – Құмырсқаның қоректенуі


Формат А3 қарындаш, өшіргіш, қағаздар.

2 мин

Осы мәтінді талдай отырып, құмырсқаның бойынан қандай қасиетті көрдіңдер?

Қанағат ұғымын топтастыру

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Құмырсқаның қанағаты”ертегісі.


Үнемшіл және қаңағатшыл
Өз ойларын айтады

  • Барға риза болу;

  • Үнемдей білу;

  • Барыңды қадірлей білу;

  • Місе тұту.

оқулық



7 мин

3 мин

Құрастыру әдісін пайдаланып бір мәтінді 3 - ке бөліп тарату арқылы топтарға бөлемін

  • әр топ бір – біріне сұрақ қояды.




Мәтінің бөлшектерін оқып, бір – біріне түсіндіріп талдайды.

Үшке бөлінген бір мәтін

Үнтаспа





Сергіту сәті

Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

Бір - біріңнің арттарыңа тұрыңдар.

Орманда күн шығып барлық ағаштар жапырақтарын оған жайып қарап тұрады. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылады. (Саусақ) Жапырақтар күннің астында билеп тұрады. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан жаққа шайқай бастайды. Талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жай ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жаңбыр тамшыларын сезінеді.

Жауын одан әрі күшейіп, қатты жауа бастады.

Талдар бір біріне жанашырлық білдіріп, жаңбырдың қатты соққысынан қорғап, сипалай бастады.Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, Олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап таза сезініп қалды.

Бір - біріннің арттарына тұрады.


Алдыңғы тұрған баланың арқасын саусақтарымен жауын тамшыларындай тырсылдатады. Кәдімгі майда жауын жауып тұрғандай жеңіл қимыл жасайды.




8 мин

Топтық тапсырма


І топ – 5 жол өлең

ІІ топ – құмырсқаға сипаттама беру

ІІІ топ – жарнама


Формат А3 қарындаш, өшіргіш,қағаз.

3 мин

Салыстыру кестесі

І,ІІ тақырып бізді неге тәрбиелейді?



Үлестірмелі қағаз.


АКТ



5 мин

Фантастикалық эссе жазу.

Балалар құмырсқа туралы аяқталмаған әңгімені жалғастырыңдар.


Сонымен балалар «Құмырсқаның қанағаты» ертегісін оқи отыра, көңілімізге не түйдік?



Оқушылар құмырсқаның орнына өзін қойып әңгімені аяқтайды.
Адамгершілік қасиеттерді, шешендігін, тапқырлығын, еңбекқорлығын,ынтымақтығын,

қанағатшыл,ақылды,иісшіл, ұйымшыл,қайратты екенін білдік.



Формат А3, қарындаштар

3 мин

Сыни тұрғысынан бағалау.

«Сиқырлы таяқша» арқылы мен бүгін өзімді неге тенедім?

Сабаққа көңіліңіз толды ма?



Мен бүгін өзімді құмырсқаға, араға көбелекке тенедім.Себебі деп ойларын айтады.


Сиқырлы таяқша

Қосымша тапсырма:

1. Ертегіні сахналау.

2. Құмырсқаны қатыстырып ертегі құрап келу.



: 2015
2015 -> Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық»
2015 -> Сабақтың тақырыбы: «Негізгі және туынды сын есім»
2015 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
2015 -> 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Атырау қаласы
2015 -> Абай және музыка Мақсаты
2015 -> Сабақ: «Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Шығармалар жинағы (оқу-әдістемелік құрал) Асимбетова Лиза Куанышовна Мустафина Алтынгул Агисовна
2015 -> Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет