Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құтикөл ауылы Т. Шонанұлы атындағы орта мектеп



жүктеу 27.51 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі27.51 Kb.
Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Құтикөл ауылы

Т.Шонанұлы атындағы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шәуенова Мейрамгүл Рахметоллақызы


Уақыты




Пәні

Қазақ тілі

Класы

10

Тақырыбы

Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктері, тиімділігінің шарттары.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығы, әдістемелік нұсқау

Жалпы мақсаты

Адамдармен қарым-қатынастағы әдептілік . Іскерлік қарым-қатынас тіліндегі сөз өнері жайлы ұғымды қалыптастыру.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Теориялық білім алады. Білімді қолдана алады.

Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгереді



Тапсырмалар: Сұрақ -жауап, топтық жұмыс, іздену, талдау жұмыстары.

Көрнекіліктер: Кеспе қағаздар,сабаққа қажетті құралдар.




Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

(7 мин)


Оқушылармен сәлемдесу.

Сынып бөлмесін тәртіпке келтіру.

Оқушы назарын сабаққа аудару, топқа бөлу

Этнолингвистикалық атаулар.

Сұрақ-жауап.

Адал тілеулестікті білдіретін қандай тілектер бар?

Халықтық салт-дәстүрге байланысты атауларға мысал келтіріңдер.


Сәлемдеседі.

Топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасы бойынша сабақ айтады. Сұраққа жауап береді.


Тұсаукесер

(8 мин)


Жаңа тақырыпты түсіндіру. Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктері, тиімділігінің шарттары.

Әдеп дегеніміз-адамның жылдар бойы қалыптасқан өзіндік жақсы мінез-құлқы мен қасиеттерінің қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасында көрініс табуы. Ассосация жасау. "Әдеп"



Оқушылар тыңдайды, біледі, түсінеді, оқиды.

Негізгі бөлім

(20 мин)


Оқулықпен жұмыс. Жаттығулар орындау

70-жаттығу. Берілген мақал-мәтелдердің мәнін өз сөздеріңмен түсіндір.

І топ. 1.Елгезек екі айтқызбайды.

2. Жаман сөз жылатады.жақсы сөз жұбатады.

ІІ топ. 1. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

2. Әдепсіз өскен адамнан,тәртіппен өскен тал жақсы.

ІІІ топ. 1. Өзіңді зор тұтпа,өзгені қор тұтпа.

2. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

71- жаттығу. Сөздерге лексика-грамматикалық талдау.

Топ басшылары тақтаға талдау жасайды.

"Даналық ойдан дән ізде"

Ұлылар айтқан ұлы сөздерге назар аударып, ой бөлісу.

Сұрақ-жауап.

Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесіңдер?

Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай?

Іскерлік қарым-қатынас деген не?



Оқулықпен жұмыстанады.

Жаттығуды орындайды, сөздерге талдау жасайды, сыни тұрғыдан ойланады, өз ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді.



Қорытынды

( 10 мин)



Топтар рефлексия жазады. Топтар бірін-бірі бағалайды. Оқушы білімін бағалауда оқушы топтардың бағалауын ескеру. Формативті бағалау.

Үйге тапсырма: 1.Іскерлік қарым-қатынас тиімділігінің негізгі шарттары. 2. 74-жатығу.



Оқушылар тақырыпты қаншалықты меңгергендері жайлы айтады.

: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет