Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Саға негізгі мектебі І санатты бастауыш сынып мұғалімі Иманалина Әсель Амангалиқызы



жүктеу 45.13 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі45.13 Kb.
Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Саға негізгі мектебі

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Иманалина Әсель Амангалиқызы

Дүниетану пәнінен 3 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы Топырақтың құрамы мен ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: * Топырақ, топырақтың құрамы мен олардың тау

жыныстардан ерекшелігі туралы мағлүмат беру;

• Оқушылардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, белсенділігін арттырып, ой өрісін дамыту;

• Табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, тәжірибе жасау,сұрақ-жауап, бес жолды өлең

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер.

Дүниетану сабағы.

ІІ. Өткенде тарауды еске түсіру «Көп оқыған, көп білер»

1.Тығыз тау жыныстарын ата

2.Жер қойнауында жатқан пайдалы қазбалар қандай әдіспен алынады?

3.Тығыз тау жыныстары үгілсе неге айналады?

4.Пайдалы қазбалар дегеніміз не?

5.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?

6.Құмды сазбен араластырып не жасайды?

7.Жер қыртысын толтырып жатқан денелерді не дейміз?

8.Жанғыш пайдалы қазбаларды ата.

9.Гранитті қазақша қалай атайды?

10.Бос тау жыныстарын ата.

11.Пайдалы қазбалардың неше түрі бар?

12.Құмтастың қандай түстері бар?

ІІІ.Жаңа сабақ.Қызығушылығын ояту.

Өзен жағасындағы табиғатқа,үлкен гранит тастарға , өзен жағалауындағы құмға,сазға,жарқабаққа көңіл аудару.



Тұжырым: Бұл жерде ешнәрсе өсіп тұрған жоқ.Өйіткені, гранит,құм,саз тау жыныстары.Таза тау жыныстарына ешқандай өсімдік өспейді.

-Өзеннің жоғары бетінен не көрдіңдер?

-Ағаштар,шөптер,гүлдер т.б.

-Бұл жерде өсімдіктің өсуі неге байланысты?

-Бұл жерде өсімдіктің өсуі топырақтың болуына байланысты.

Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты топырақ деп аталады.



Шешесі'>-Кішкене көрінісімізді тамашалайық.

Шешесі:Үсті басың шаң-шаң әбден топыраққа аунапсың ғой

Бекзат:Апа ештеңе емес қағып,қағып жіберемін.

Шешесі:Үйді шаңдатпай сыртқа барып қақ.

Бекзат:Апа, шаң дейсің, топырақ дейсің, соның бәрі менің үстімде ме?

Шешесі:Иә, соның бәрі сенің үстіңде.Топырақтың ішінде неше түрлі заттар бар.Олар саз,құм, тағы басқа заттар.

Бекзат: Топырақ деген не?

Шешесі: Оны түсіну үшін тәжірибе жасап көрейік.

Сарамандық жұмыс.

Топырақты ақ қағаздың бетіне салып, анықтап қара

- Өсімдіктің ұсақ қалдықтары, шіріген жәндіктің қалдықтары байқалады. Одан әрі анықтай түсу үшін тәжірибе жасайық.

1 - тәжірибе.

Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқадық. Көпіршіп шыққан не? Ауа



2 - тәжірибе.

Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар? Су



3 - тәжірибе

Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар.

Ол - қарашірік

4 - тәжірибе

Шірінді жанып біткен толпырақты суға салып араластырайық. Лайланған суды тұндыруға қояйық. Біраздан кейін тұнбаның астында қүм, оның үстіне саз шөгеді. Бұдан топырақ құрамында құм, саз барын байқайық.

Тәжірибені қортындылау: Топырақта қарашірік көп болса, соғұрлым топырақ құнарлы болады. Қарашірік топыраққа қара, қоңыр түс береді.
су



Топырақ құрамында



ауа құм


қарашірік саз

IV. Ой қозғау

Оқулықпен жұмыс

түртіп алу жүйесі



Тұжырым: Таза тау жыныстарында ешқандай өсімдік өспейді.

Дәптермен жұмыс.Бес жолды өлең.

1.Не? Топырақ

2.Қандай? Қара,бозғыл,құнарлы, борпылдақ

3.Не істейді? Өседі, салынады, түзіледі,суланады

4.Сөйлем. Құнарлы топырақ табиғатқа қажет.

5.Мағыналас сөз. Қарашірік


Сабақты қортындылау

«Орнын тап» ойыны арқылы бекіту

Топырақ арасында өмір сүретін жануарлар бар. Оларды өз орнына апарып орналастырайық. Ол үшін артындағы сұрақтарға жауап берейік.


Құрт: Топырақ дегеніміз не?

Тышқан: Топырақтың тау жыныстарынан басты ерекшелігі неде?

Борсық: Топырақтың құрамында не бар?

Қоңыз: Қарашірік қайдан пайда болады? Өсімдіктер менжәндіктердің қалдығынан құнарлы қарашірік пайда болады.

Құмырсқа: Топырақтың қандай пайдасы бар?

Топырақ - өсімдік үшін қоректің көзі және баспана.

Бүгінгі алған білімдеріміз өмірге қажет па?

Ендеше: Күніміз ашық,



Түніміз тыныш.

Ауамыз таза,

Топырагымыз құнарлы болсын.

Өзіміз аман болайық.
Үйге тапсырма:Топырақтың құрамы және ерекшелігі



: 2015
2015 -> Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық»
2015 -> Сабақтың тақырыбы: «Негізгі және туынды сын есім»
2015 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
2015 -> 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Атырау қаласы
2015 -> Абай және музыка Мақсаты
2015 -> Сабақ: «Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Шығармалар жинағы (оқу-әдістемелік құрал) Асимбетова Лиза Куанышовна Мустафина Алтынгул Агисовна
2015 -> Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет