Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, И.Құрманов атындағы орта мектебі



жүктеу 211.14 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі211.14 Kb.


Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану

Құрастырған: Ташимова Лаура Тұрымқызы
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,

И.Құрманов атындағы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,

И.Құрманов атындағы орта мектебі

Құрастырған: Ташимова Лаура Тұрымқызы – тарих пәнінің мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта тарих пәнінің мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі ШЖМ-де педагогикалық технологиялардың тиімділігі жөнінде және сабақтар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты тарих пәнінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.



«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана

шәкірт жанына нұр құя алады»

Ахмет Байтұрсынов


Тәуелсіз еліміздің дамыған өркениетті 50 елдің арасынан орын алуы бүгінгі жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі мен алатын тиянақты біліміне тікелей байланысты[3:2-3].

Бүгінгі кезде жалпы орта білім беретін ШЖМ - жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, ізгілендірілген. өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мектептің дамуы үшін жаңа үлгі, жаңа жобалар қажет. Бұндай жобаларды жасап, жүзеге асыратын әрине мұғалімдер. Осы орайда біздің мектеп ошағында жаңа жобалар жасалып, іске асырылуда. [2:10].

Инновациялық технологияларды пайдаланудың өзектілігі - ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады; мектептегі білім сапасы артады; оқушылар ғылыми - зертханалық жұмыстар жасауға машықтанады, мұғалімдердің біліктілігі артады.

Сондықтанда қазіргі егеменді еліміздің білім беру саласын жаңғырту мақсатында ШЖМ-де инновациялық технологияларды пайдалану аса маңызды болып отыр. Бұл мәселенің маңыздылығы – инновациялық технология арқылы оқушылардың бойындағы дарындылық қасиеттерін жан-жақты ашу, соның нәтижесінде болашақта бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу қазіргі заман талабы болып табылады. Әрбір мұғалім үнемі ізденіс үстінде жүріп қана жаңа технологияларды пайдалану арқылы дарынды оқушылармен жұмыс жасай алады. Сол кезде ғана алдына қойған мақсат-міндетіне жете алады.

Оқу үрдісін жаңғырту жағдайында инновациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаттары:


  • Оқу үрдісін инновациялық негізде ұйымдастыру оқу-тәрбие үрдісінде шәкіртті субъект ретінде танып, жеке тұлға ретінде қабылдап, оның интеллектуалды танымдық қабілеті мен іс-әрекетінің дамыту жолдарын анықтау.

  • Баланың тұлғалық қалыптасуын, оны қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету

  • Ой-өрісі кең ұлттық және әлемдік құндылықтар негізінде тәрбиеленген, нарық жағдайларында еңбек етіп, білім алуға дайындығы бар жеке тұлға даярлау.

Осы мақсатқа жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қоямыз:

1.Білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру.

2.Оқушыларды ғылыми ізденіске бағыттау, зерттеу жұмыстарына жағдай жасау және ғылыми негізде оқушылардың шығармашылық жұмысын дамыту.

3.Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу.



Ғылыми жобаның болжамы – жаңа технологияның әдіс – тәсілдері арқылы оқушының тұлғалық әрекеті дамиды, оқушылар белсенділікке ұмтылып, көшбасшылық қабілеті қалыптасады, кез-келген проблемадан шешім таба білуге дағдыланады.

Зерттеу нысаны: жан-жақты білім берудің үрдісі жүзеге асырылатын «алаң» сабақ және оқушы тұлғасы.

Ғылыми жобамыз кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жобаны жүзеге асыру барысында негізгі екі бағытта жұмыс жасалды. Олар – «Ұлағат» және «Дарын»



Оқыту үрдісін жаңғырту

"Жақсы мұгалім мектепке жан кіргізеді"

А.Байтурсынұлы

Мақсаты: Білім беру үрдісін инноваииялық негізде ұйымдастыру, білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жанарту арқылы білім сапасын арттыру және оқушының интеллектуалды танымдық қабілеті мен іс-әрекетін дамыту жолдарын анықтау.

"Ұлағат" бағыты бойынша жаңа технологияларды игеру арқылы оқушыларға білім беріледі.

Жаңа технология элементтерін үйрену мақсатында семинарлар, тренингтер, конференциялар өткізіледі. Мұғалімдердің білім жетілдіру институттары мен ғылыми орталықтар арасындағы байланыс тұрақты, жүйелі түрде арттырылады. Аудан, облыс көлемінде ашық сабақтар, ғылыми-танымдық конференциялар ұйымдастырылады. Оқушылардың білім деңгейіне жүйелі түрде сараптама жасау үшін тест жинақтары құрастырылады.

Тест жинақтарын құрастырудағы көзделетін мақсат – тарих пәнінен мектеп стандарты пән бағдарламасы талабына сай оқушы білімінің деңгейін айқындау.

Себебі бағдарлы оқытудың жоғары сатысында оқушының тағдырын шешетін, бір кәсіпті меңгеруіне іргелі негіз болатын пәндерді ғана жан-жақты, тереңдетіп оқуына мүмкіндік жасалуы тиіс.

ҰБТ-да жақсы нәтижеге жету үшін алдымен төмендегі шаралар жүзеге асырылуы тиіс.



  • тесті бағдарлы оқытудың дайындық сыныптарынан бастау;

  • әр тоқсанда негізгі пәндерден кемінде 1-2 рет тест алынып, рейтингісін шығарып отыру;

  • ұлттық бірыңғай тестілеу орталығымен байланыста болу;

- тест қорытындысымен ата-аналарды үнемі хабардар ету.

«Ұлағат" бағыты бойынша психологиялық-педагогикалық теориялар, педагогикалық тұжырымдар меңгеріледі. Мұғалімдердің біліктілігі артады. Оқушылардың ҰБТ-дан көрсеткіштері жоғарылайды.

Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін пайдаланылатын әдіс-тәсілдер:

1. Иллюстрациялап түсіндіру әдісі – бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланатын басқа құралдарды (оқулықпен, интерактивті тақтаны, түрлі суреттер мен кестелерді, буклеттерді және көркем әдебиетті) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалімде, оқушыларда қызмет жасайды. Соның нәтижесінде оқушылар өздігінше жұмыс жасауға үйренеді.

2. Ақпаратты – рецептивті әдісі – әңгіме, әңгімелесу, экскурсия түрінде, ауызша және жазбаша жүзеге асырылады. Білімді әңгімелеу негізінде оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс мұғалімнің басшылығымен, оқулық, құжат, сурет, әңгіме экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады.

3.Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі – бұл әдісте оқушылардың белгілі бір ұжымдық бөлігі түрлі театрландырылған көріністер көрсету арқылы жүзеге асырылады. Осы әдісті пайдалану нәтижесінде оқулықтан оқыған материалдарын театр көріністері арқылы нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді.

4.Тарихи құжаттарды пайдалануда осы циклды оқытудағы маңызды әдістердің бірі. Заңдардың, бұйрықтардың, хаттардың, естеліктердің, мемуарлардың үзінділерімен таныса отырып оқушылар белгілі оқиға, құбылыс туралы жан-жақты мәлімет алады. Тарихи құжаттарды оқу және талдау оқушылардың білімін кеңейтеді, олардың ойлауын дамытады, деректермен өздігінше жұмыс жасау шеберлігін ұштай түседі. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар үйде шағын шығарма, тарихи құжаттар бойынша конспект, хабар жасап келеді.

5.Біліктерді қалыптастыру әдісі – біліктерді қалыптастырудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор. Оқушы белгілі бір білікті меңгеруге байланысты өздігінше жұмыс жасайды. Оқушылар синхрондық кестелер сызады, тарихи текстің кеңейтілген жоспары, тарихи қайраткерлердің, құбылыстардың салыстырмалы сипаттамасы, бірыңғай тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, тарихи карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану, оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгереді.

6.Зерттеу әдісі – шығармашылықпен жұмыс жасау тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Зерттеу әдісі – ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс жасаудың белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге оқушылардың ынтасын ұштайды; оқушылар білімді толық әрі саналы іздену арқылы меңгереді.

7.Проблемалық зерттеу әдісі – оқушылардың ойлауын, қиялын дамытуға, эмоция туғызуға, бұрын алған білімдерін қайта еске түсіруге мүмкіндік береді. Демек жаңа білімдерді меңгеруге оқушылар белсене қатыстырылады, сөйтіп білімді берік меңгереді, ойлау қызметі одан әрі дамиды.

8.Тарихи - көркем шығармаларды пайдалану әдісі – Тарихи- көркем шығармамен сабақ барысында өзіндік жұмысын ұйымдастыруға болады. Мұндай тәсілдер дамытуға пайдасы көбірек тиеді. Оқушылар көбіне тарих оқулығындағы текспен және көркем әдебиет үзіндісімен қатар жұмыс жасайды. Оқушылар тарихи құжаттарды, басқа да әдебиеттер мен деректерді пайдалана отырып, өздігінше конспект, реферат, тезис, баяндама дайындайды.

Оқушыларға сапалы білім беру үшін аталған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқытудың жаңа технологияларын қолданамын. Оқытудың технологиясы туралы алғашқы идеяны ұлы дидактик Я.А.Коменскийден бастап ғалым-педагогтардың көпшілігі қозғады. И.Песталоции, А.С.Макаренко, В.Н.Сороки-Росинский, А.Я.Саваелев, В.М.Монахов және қазіргі заманғы педагогтарымыз П.И.Пидкасистый, В.П.Беспалько, Г.К.Селевко. т.б.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа технологиясын кең қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген оқытудың жаңа технологиясына мына технологияларды жатқызуға болады. Олар: дамыта отырып оқыту (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Левкин); оздыра отырып оқыту(С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау(Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Шаталов); саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; сын тұрғысынан ойлау; жобалап оқыту; ақпараттық технологиялар. Бұл технологиялардың ішінде өзіміздің отандық педагог-ғалымдарымыз Н.Нұрахметов, Ж.Қараев, М.Жанпейісова, Н.Оразақынова, Ш.Таубаева, Қ.Т.Бітібаева, Г.Галиевтің де технологиялары бар[6:24].

Тарих сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын жиі пайдаланамын. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін тарих сабағында мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық білдіруге рұқсат беру,

3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдау;

5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

"СТО"-ға бағытталған сабақтардың ерекшеліктері: сабақ процесінің оқушыға бағытталуы; сол арқылы оқушылардың позициясының өзгеріп, танымдық іс-әрекетте болуы; мұғалім мен оқушы арасында шынайы де-мократиялық қарым-қатынастың орнауы; оқытудың тиімді әдістерінің көптігі, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуы; сабақ құрылымының үш фазаға бөлінуі; ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігі:

1. Ой қозғау

1. Инсерт

2. Талқылау

3. Шығу парағы

4. Негізгі идеяны суреттеу

5. Галереяны шарлау

6 Топтастыру (ассоциациялар)

7. Болжау

Сайып келгенде менің сабақтағы мақсатым-оқушыларды қызу жұмысқа тарту. Сонда ғана ұстаз жақсы нәтижеге жете алады. Және деқарқыңды жұмыс кезінде сабаққа қатысушылардың бір-біріне деген ерекше ықыласы пайда болатыны сөзсіз, ал онсыз сабақтың мақсатына жетуі екіталай емес пе? Өздерінің іс-әрекеттері мен ойларын сыныптас жолдастары және мұғалімнің көтеріңкі түрде бағалайтынын білген де, олардың идеяларына, сенімдеріне құрметпен қарайтынына сенгенде, оқушылар оқуға үлкен жауапкершілікпен байыптылықпен қарайды. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

ДЖИК СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.

Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл "жанұя" топтар деп аталады. Содан кейін 1,2,3,4-ке санау арқылы бірлер бөлек, екі, үш, төрт өз алдына «жұмыс тобын» құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің бір бөлігін бірлер, екінші бөлігін екі санын алғандар, үшінші, төртінші нөмірлі топтарға оқу тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға жұмыс тобында мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікгі "жанұя топ" пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс. Мысалы, Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Автор оқырманды қалай қызықтырады? Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? т.б.

ұсынылган проблема, жасалған жұмыс бойынша толыкканды. жан-жакты түйіндеме жасай білу;

Ойлаудың алты телпегі.

• ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсете білу;

• таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі

Жузеге асыру қадамдары:

1-қадам: класты 6 топқа бөлу, әр топ қалаған телпегін «өлшеп көріп»

берілген проблема бойынша өз көзқарастарын айтады:

«Ақ телпек» -> СТАТИСТИКАЛЫҚ (проблемага катысты деректерді

талассыз келтіреді);

«Сары телпек» -> СӘТТІЛІК (сәтті кезеңдерді айтады);

«Қара телпек» -> СӘТСІЗДІК ( оқып жаткан проблеманын сәтсіз

тұстарын айтады);

«Көк телпек» -> АНАЛИТИКАЛЫҚ (талдау жасайды, топтар не

үшін? Неге? Неге байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді);

«Жасыл телпек» -> ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ («акылга сыйымсыз»

идеялар мен болжамдар айтады );

«Қызыл телпек» -> СЕЗІМТАЛ (топ окиғаны оку барысында, бастан

кешірген сезімдерін тұжырымдайды).

2-кадам: әр топтың жасаған жұмысы барысында телпек түріне

байланысты атқарған кызметі бойынша презентацияға дайындық.

3-кадам: топтардың жұмыстары бойынша презентация.

Осы технологияның элементтерін пайдаланған төмендегідей ашық сабақты[4:36] ұсынып отырмыз:



Сарматтардың қоғамдық құрылысы, тұрмысы және шаруашылығы

Сабақтың мақсаты: Қазақ жерінде мекендеген алғашқы тайпа бірлестіктерінің тарихын сарматтармен байланыстыра отырып, оқушылардың білімдерін толықтыру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндірмелі оқу әдісі, сыни тұрғыдан ойлау, ділгірлік оқыту

Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық, тірек – сызба, карта, ұлағатты сөздер, суреттер, түсіндірме, пікір талдау кестесі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (сабақ төмендегідей жұмыс жүйесі бойынша жүреді)



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.«Ой қозғау» әдісі:

(Өткен тақырыптардан сауал тастай отырып, өткенге шолу жасау)



Сұрақтары:

1. Қазақ жерін мекендеген алғашқы тайпалар туралы айтып беріңіз.

2. Сармат тайпалары еліміздің қай жерлерін мекендеген?

3. Сармат тайпалары қазіргі кезде бар ма?

2. «Ойлаудың алды қалпағы» стратегиясы

Қызыл қалпақ – эссе жазу

Жасыл қалпақ – шығармашылық

(қойылым, өлең, тақпақ, сурет, хат жазу)

1. «Топтастыру» стратегиясы


Сарматтар


ІІІ. Жаңа сабақ: Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы.

Жоспары:

1.Қоғамдық құрылысы

2.Сарматардың тұрмысы

3.Сарматтардың шаруашылығы

4.Сарматтардың заттай мәдениеті

Сарматтардың қоғамдық құрылысы

Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, мүлік теңсіздігі шықты

Әскери демократия жетілді

Сармат қоғамында әскери демократия әйелдерге де қатысты болды

Есте сақтау керек негізгі фактілер:

Б.з.б.ІІ-І ғ. – Ү ғ. Сармат тайпа одағы (Батыс Қазақстан): роксаландар,аландар, аорстар, сирактар; тілі Иран, ғұндар келгеннен кейін түрік тілі (түріктену). Әскери демократия. Аралтөбе ескерткіші (Атырау облысы) – ІІ алтын адам, Сарматтар туралы тарихшылар Диодор, Үлкен Плиний, Полиби жазды. Диодор: «Сарматтар жеңілгендерді жойып, Скифияның көп бөлігін босатты.»

Б.з.б. І ғ. Сарматтар Митридатпен одақтасып Риммен соғысты.

Анахарсис – б.з.б. ҮІ ғ. Сақ философы Сарматтарға грек мәдениеті үлкен әсерін тигізді. Сармат ескерткіштерінен Грециядан шыққан заттар жиі табылады. (Дионис бейнесі)

Сарматтардың шаруашылығы

Сарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты

Жылқының тебіндеуге үйренген түрі және жорықтарға мінетін қазанаттар өсірілді

Батыс сарматтар отырықшылық салтқа көшті

Сарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарды

Зергерлік өнер жоғары дамыды



ІҮ. Шығармашылық тапсырмалар:

V ???

Түсіндірме күнделігі

Сарматтар қандай тайпалар

Сарматтар шаруашылығы

Сарматтардың қоғамдық құрылысы

Сарматтар ескерткіштері

нің

түрлері туралы

Мағынасына сипаттама беріңіз

Сарматтардың қазақ елі тарихындағы ролі туралы не айта аласыз?

V

?

 

 

Пікір талдау әдісі:

Жаңа сабақ

Қандай әсер алдыңыз?

Мәселенің Қазақ елі тарихында-ғы маңызы




 




Ү. Үйге тапсырма:

1. Сарматтардың қоғамдық құрылысы, тұрмысы және шаруашылығы

2. Сарматтар туралы тест құрып келу, сөзжұмбақ жазып келу

ҮІ. Бағалау. (оқушы тапсырманың кезеңіне қарай бағаланады)

Ізденістер жолында...

"Бәсеке негізі - білімді жастар"

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты: Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1. Оқушылардың білім сапасын көтеру.

2.Оқушы бойындағы табиғи дарын мен қабілеттерін зерттеу мен дамыту.

3.Оқушыны келешек өмірге дайындау.

4.Оқушы бойында кәсіби білік пен бейімділікті қалыптастыру.

"Дарын" бағытында оқушыларды аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларына, республикалық танымдық ойындарға. пәндік іс-шараларға қатыстыру көзделеді.

"Дарын" бағыты бойынша жобаланған іс-шаралардың орындалуы барысында оқушылардың теориялық білімдері молайып, ғылыми-зертханалық жұмыстар жасауға машықтанады, жоғары білім алуға даярланады.

Дарынды оқушылармен жұмыс барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың нәтижесінде:



  • Салыстырмалылық ақпараттар жинауды;

  • Дәлелді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;

  • Кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

  • Ауқымды ғылыми жобалармен тәжірибе жасауда болжамдар мен ұсыныстар жасауды үйренеді.

Оқушы бойында осындай ойлау жүйелері қалыптасқан болса, ол оқушыны тарих пәнінен дарынды балалар қатарына жатқызамыз. Дарынды оқушылар өз бойындағы қабілеттеріне қарай үш бағытқа бөлінеді:

  • Шығармашылық бағыт

  • Интеллектуалдық бағыт

  • Ғылыми бағыт.

Шығармашылық бағыттағы оқушылардың бойында теориялық және практикалық ізденістер дамыған болады. Олар өлең шығару немесе шығарма жазумен айналысады. Әдетте тарих пәнінде олардың еңбегін баспасөз материалдарына жариялап отыруға болады.

Интеллектуалдық бағыт бойынша ізденетін оқуышылар тарих пәнінің барлық сұрақтарын меңгерген, кестемен, хронологиямен, тарихи тұлғалармен жұмыс жасайды. Ондай қабілеттері дамыған оқушыларды пәндік олимпиадаға, Кіші олимпиадаға, Ақбота, Кенгуру-лингвист сияқты интеллектуалдық жарыстарға қатыстырамыз.

Ғылыми бағытта ізденетін оқушылардың ғылымға, ізденуге, зерттеуге икемі бар оқушылар болады. Оларға алдымен белгілі бір тақырып беріп, ол туралы мәліметтер іздестіріп, зерттеп алдымен реферат жаздырып үйретеміз. Содан кейін ол рефератқа тезис жаздырып үйретеміз. Осыларды үйреніп дағдыланған соң, ғылыми мақала, ғылыми жоба жаздырамыз.

Жоғарыда аталған үш бағыттағы қабілеті бар оқушыларды әр тоқсан сайын жинап отырыс өткіземіз. Бұл отырыста дарынды оқушымен ой бөлісу, өзіндік бағалау, талдау, жетілдіру мақсатында пікірлесулер жүреді.

Мысалы, ғылыми бағыт бойынша жұмыс жасайтын болсақ, оқушыға «Қазақ тарихындағы Қарақыпшақ Қобыланды батырдың ролі» тақырыбында ғылыми жоба жазғызамыз. Ғылыми жұмыс дегеніміз – проблеманы табу, грекше «қиындықты шешу», «мәселені көре білу». Осы жобаны жазу барысында СТО технологиясының топтастыру, ассоциация, кілттік сөздер, венн диаграммасы т.б. элементтерін пайдаланамыз.

Оқытудың инновациялық технологиялары, соның ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың нәтижесінде дарынды оқушыларымыз көптеген жетістіктерге жетті. Ғылыми жоба қорғап, нәтиже көрсеткен оқушылар – «Кіші жүздегі Кете руына қатысты мәліметтер» тақырыбында Тұрымұлы Абай, «Азиада алауы – жаңа рекордтар және қазақ спортының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында Владимир Арайлым. Түрлі интеллектуалдық жарыстардан Тұрымұлы Абай, Теңелов Нұрым, Теңелов Даулет, Кереев Әлімжан, Төлепова Мөлдір, Қалдыбай Жұлдыз, Сағындықов Дархан жүлделі орындарға ие болып жүр.

Ғылыми жобамыздың жаңашылдығы білім беру барысында СТО технологияларын пайдалана отырып оқушылардың сезімдеріне әсер етіп, санасына жеткізу, сол арқылы оқушыларға терең білімді меңгерту және олардың бойына жаһандану жағдайындағы отансүйгіштік қабілеттерін дамыту. Қазақтың ағартушысы Жүсіпбек Аймауытов айтқандай: «сабақ беру – үйреншікті жай ғана емес, ол – жаңадан табатын өнер».

Жаңа технология

Ұғындыру Бағыт-бағдар беру Ой-қорытынды жасау өмірде

Нәтиже қолдану

Жақсы мінез-құлық Көркем шығарма оқу Тарихқа қызығушылық

Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау технологиясының үш кезеңінде қолданылатын стратегиялар: [1:26-27].



Қызығушылықты ояту

Мағынаны түсіну

Ой-толғаныс

Көрнекілік

Көрнекілік

Топтастыру көрнекілік

Топтастыру

Еркін жазу

Синквейн

Болжау

Сұрақ-жауап

Венн диаграммасы

БҮҮ

Пікірталас

Кітапханаға саяхат

Аталған технология бойынша тарих пәнінен білім негіздерін толықтай меңгерген дарынды оқушылардан мынадай нәтижелер күтуге болады:

  • Теориялық білімдерін практикада жүзеге асыра білу;

  • Алдына келген проблеманы жеңіл әрі ұтымды шеше алу;

  • Проблемалық тақырыптармен зерттеу жұмыстарын жасау;

  • Кез-келген мәселеге шығармашылық шабытпен қарай білу;

  • Жоғары интеллектуалдық потенциалының болуы;

  • Өз-өзіне сенімді, бәсекеге қабілетті болу

Қорытынды

Ғылыми жобада инновациялық технология, оның ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы білім беру процесіндегі әдістемелік тәжірибелерім мен осы технологиямен жұмыс жасаудың нәтижесінде дарынды балалармен жұмыста қол жеткен табыстар айтылды. Жалпы, СТО технологиясының әдістері арқылы оқушылардың ой-пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады[5 т :31]..

Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын дәлелдей алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болады.

«Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану» атты ғылыми жобамызды аяқтай отырып, мынадай ұсыныстар келтіреміз:



  • Білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру, ҰБТ нәтижесін көтеру;

  • Оқушыларды қабілеттеріне қарай ғылыми ізденіске бағыттау, зерттеу жұмыстарына жағдай жасау және ғылыми негізде оқушылардың шығармашылық жұмысын одан әрі жетілдіру;

  • Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, өмір сүруге бейімдеу.

Қорыта айтқанда, әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қоғам бізден, яғни мектеп мұғалімдерінен бәсекеге қабілеттілікті, шығармашылықты, құзіреттілікті талап етеді. Сондықтанда, үнемі ізденісте болған мұғалім ғана жаңа технологияларды пайдаланудың нәтижесінде терең ойлы, интеллектуалдық потенциалы жоғары, бәсекеге қабілетті, Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеп үлкен өмірге сенімділікпен аттандыра аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Абжаппарқызы М.А. «Қоғамдық пәндерді оқытуда оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу». // «Қазақстан тарихы әдістемелік журнал», 2012 ж.№9 -26-27.

2. Мұхамбетова С.Қ. «Педагогика». Оқу құралы., Ақтөбе, 2006-10.

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.2007-2-3.

4. Сманқұлова Ж.Е. «Сабақ – шығармашылық үрдіс»(әдістемелік құрал). А., 2005-36.

5.Тұрлығұл Т.Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары».А., 1984-31.



6. Шардабеков Д. «Қазіргі заман сабағы: құрылымы, талдау әдістері». А., «Үш Қиян», 2008-24.
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет