Атты мақалаға талдау



жүктеу 28.25 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі28.25 Kb.
«Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра»

атты мақалаға талдау


(«Ана тілі» газеті, 20 -cәуір, 2015)

Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз. «Тіл ақылдың өлшемі» деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем - әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Себебі көркем - әдеби туындыларды аз оқитын оқушылардың сөздік қоры аз, осыған орай, олардың дүние танымы да, сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады. Өйткені ақылдың көзі ойда. Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу тіл мәдениетін қалыптастырады. Дұрыс ойланып сөйлеген адамдар өз ойын толық жеткізе алады және өзін басқаларға тыңдатады да, өзі басқаның ойын тыңдай біледі. 

Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзі түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз, өткен – кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес. Қазақ халқы өзінің шешендігімен шеберлік және даналығымен ерекшеленеді. өйткені мақал – мәтелдердің мағынасына зер салып көрсек, бір шындықтың нышаны білінеді. Ертеде билер мен шешендер ел – елдің дауын майда тілмен шеше білген. Оның айғағы «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді» деген мақалдың астарын бақылайықшы. Яғни, баланы ұрып, ұрсып айтпай –ақ, ойланып, дұрыс сөйлеп оның зердесіне жетуге болады. Жақсы сөзбен оның көкірегі мен көзін ашуға болады.  Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.

                   Сүйемін туған тілді – анам тілін,

                   Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

                   Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

                   Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С.Торайғыров ағамыз жырлап өткен.

Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. Мысалы: "Өнер алды – қызыл тіл”, "Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады”,   "Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар” сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді.



Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан "Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар "Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш.

Қорытынды: Тілім,ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңде көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім. Бірақ, менің терім "туған тілім” сен үшін ғана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады...

                                                                     


Қазақ тілі және мәдениеті

кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С. Қалыбекова



Тақырып бойынша ұсынылады:

  1. «Тілге құрмет – елге құрмет»  Н. Сатубеков

  2. «Тіл байлығы » Жасарал Қуанышәлин

: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> «Педагогика тарихы» пәнінен дәрістер тезисі №1 Дәріс тақырыбы: Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 2 сағат Дәріс тақырыбының мақсаты
2016 -> "Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" Сайыс тақырыбы: “1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліске 100 жыл”
2016 -> Қазақстан республикасының отбасы-неке қатынастарын реттеу заңЫ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет