Қаулы 26 шілде 2012 жыл Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының салауатты өмір салтын дамыту және көпшілікке тарату жөніндегі



жүктеу 55.59 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі55.59 Kb.




Қаулы

26 шілде 2012 жыл


Салауатты өмір салтын қалыптастыру

орталығының салауатты өмір салтын

дамыту және көпшілікке тарату жөніндегі

қызметі туралы

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Денсаулық сақтау басқармасының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының салауатты өмір салтын

дамыту және көпшілікке тарату жөніндегі қызметі туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап, қалада салауатты өмір салтының культін қалыптастыру, халықтың денсаулығын нығайту және аурудың алдын алу бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілгендігін атап өтті.

«Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасы мемлекеттік денсаулық сақтаудың бағдарламасын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша шаралар қабылдануда. Халықты ВИЧ/СПИД, өкпе ауруын алдын-алу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі хабардар етуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы жанында скринигтік тексеруді үйлестіру, мониторинг жасау және талдау жөніндегі жұмыс тобы құрылды және тұрақты қызмет етеді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі қалалық орталығының (бұдан әрі - Орталық) қызметінің негізгі бағыты әлеуметтік жобаларды іске асыру, полиграфиялық өнімді,сыртқы жарнаманы (билбордтарды) әзірлеу және шығару, салауатты өмір салты аспектілері бойынша бейнематериалдарды жалға беру болып табылады. Жастарға медицина-психоәлеуметтік көмек көрсету мақсатында, «Арман қала» жастар денсаулық сақтау орталығы құрылды және қызмет көрсетеді.

Астана қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларды бюджеттік қаржыландыру қамтамасыз етілген, ол 2011 жылы 106 287 мың теңгені, 2012 жылы – 110 208 мың теңгені құрады. Республикалық бюджет қаражатынан мақсатты ағымдық трансферттер бөлінеді: 2011 жылы 18 млн. 484 мың теңге көлемінде, 2012 жылы – 50 млн. 716 мың теңге көлемінде.

2011 жылы бөлінген қаражаттар темекі шегуге қатысты жағымсыз қатынастарды қалыптастыру үшін қоғамды мобилизациялауға, мүгедек балалар үшін спорттық іс-шараларды өткізуге, Қазақстан Республикасы халқының арасында қауіптің мінез-құлық факторларының таралуы серпінін салыстырмалы талдауға бағытталған іс-шараларды өткізуге жұмсалды. Әлеуметтік жобаларды іске асыру мақсатында еріктілер дайындалды және білім беру ұйымдарында психоактивті заттарды қолданудың алдын-алу бойынша спектакльдер өткізілді, мемлекеттік және орыс тілдерінде темекіге қарсы бейнероликтер дайындалды, «Денсаулық фестивалі - 2012» кең таралған акция және зияткерлік мүмкіндігі шектеулі балалар арасында Қазақстанның Қысқы бірінші ашық арнайы олимпиадасы жүргізілді. Жасөспірімдер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша педагогтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер мен ата-аналар үшін ұсыныстар әзірленді. 2011 жылы ақпараттық-білім беру материалы әзірленді және республикалық бюджет қаражаттарынан 4 696 300 теңге сомасына 63 150 дана көлемінде шығарылды.

Жергілікті бюджет қаражатынан 2012 жылдың 6 айы ішінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың 17 алдын-алу бағыттары бойынша плакаттар, таратпалар, буклеттер, брошюралар 42500 дана көлемінде шығарылды. Репродуктивті денсаулықты сақтау және қатты инфекциялық және жүрек-тамыр ауруларының, А вирусты гепатиттің алдын-алу, есірткілікті, жол-көлік оқиғасында жарақаттанушылықтың алдын алу бойынша белгілі бір жұмыс көлемі жүргізілді. Осы мақсатта бейнематериалдар және анимациялық фильмдер дайындалды және жасалды, сыртқы жарнама құралдары пайдаланылды, бастапқы медицина-санитарлық көмектің алдын-алу қызметтеріне мониторинг жүргізілді, сайттарда салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздерін жариялауда инновациялық келістер пайдаланылды.

Қалалық және республикалық құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың жасөспірімдер мен жастар арасында шылым шегу, алкоголизм, қолайсыз психо-эмоциялық ортаның алдын алу, салауатты өмір салтын үгіттеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда, ведомствоаралық өзара әрекетті ұйымдастыруда оң үрдісті атап өткен жөн.

Сонымен қатар, Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы елордада салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері алдағы уақытта жетілдіруді талап етеді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-шараларын қаржыландыру көлемі «Денсаулық сақтау басқармаларымен және Комитеттердің аумақтық департаменттерімен өзара қарым-қатынаста профильдік денсаулық сақтау қызметтерінің қызметтерін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі алқасының 2011 жылғы 1 шілдедегі 9-тармағының 8, 9 тармақшаларына қарама-қайшы келеді, оған сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын-алу жергілікті бюджеттің денсаулық сақтау көлемінен 1 % көлемінде қамтамасыз ету қажет, бұл сомада республикалық бюджеттен мақсатты ағымдық трансферттер ескерілмейді.

Бастапқы медицина-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында жалықты скринигтік тексерумен айналысатын кадрлардың жетіспеушілігі, сондай-ақ мүдделі жұмыс берушілердің қызметкерлердің денсаулығын сақтап нығайтуға және скринигті өту үшін арнайы уақытты бермеуінен, халықтың скринигтік тексеруден өтуіне проблемалар туындатады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қажетті іс-шараларды өткізуде және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік алаңдарының жетіспеушілігі біршама қиындықтарды туындатады.

Телеарналарда әлеуметтік роликтерді трансляциялаудың құны жоғары болуына байланысты, негізгі профилактикалық бағдарламалар бойынша халыққа хабарлау деңгейі бұрынғыдай өте төмен болып қалып отыр.

Қаланың шалғай аудандарында тұратын халыққа салауатты өмір салтын үгіттеу жөніндегі ақпараттық жұмысты кеңінен жүргізу талап етіледі.

Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Денсаулық сақтау басқармасының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының салауатты өмір салтын дамыту және көпшілікке тарату жөніндегі қызметі туралы» кешенді бағдарламасын іске асыру барысы туралы» ақпараты назарға алынсын.

  2. Астана қаласының әкімдігі, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, қаржы басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында, қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығын материалдық-техникалық базаны жетілдіру бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Қала халқының денсаулығын нығайту және сақтау бойынша тиімді және мақсатқа бағытталған жұмысты жүргізу үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын қажетті медициналық кадрлармен қамтамасыз ету шараларын қабылдасын.

Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы елорда халқының мотивациясын салауатты өмір сүру салтына қарай арттыруға және өзінің денсаулығы мен өз туыстарының денсаулығына жауапты қатынастарды қалыптастыру бойынша алдағы уақытта жоспарлы жұмысты жүргізсін. Астана қаласының шалғай аудандарында тұратын халықтың скринигтік тексеруден өткізу жұмыстары арттырылсын.

  1. Ішкі саясат басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік роликтерді трансляциялау және медициналық теле- және радио бағдарламаларды шығаруға мемлекеттік тапсырысты арттыру арқылы салауатты өмір салтын үгіттеудегі рөлін жандандырсын.


Әлеуметтік-мәдени дамыту

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрағасы А. Байгенжин
: uploads -> post postkom
uploads -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
uploads -> Тесты по казахской литературе для подготовки к ент 2013
uploads -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
uploads -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
uploads -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
uploads -> Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
uploads -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру, қайталау, бір жүйеге келтіру
uploads -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
post postkom -> Қаулысы Қала басқармаларының жазғы уақытта балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша жұмысы туралы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет