Қазақ Әдебиеті пәніндегі шығармалар арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру



жүктеу 45.44 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі45.44 Kb.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАР АРҚЫЛЫ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Патриот болу – Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау» деген сөздері терең ой салады. Өз елінің патриотты болу әрбір азаматтың парызы мен міндеті. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім өз-өзінен қалыптаспайды, ол оқу-тәрбие үдерісінде мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуі керектігін бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу. Қазақстанның мектеп оқушыларына этностық ерекшеліктерімізді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін насихаттау жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің жолы болып табылады. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын адам бойына сіңіру. Қазақстандық патриотизм - Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады.



Жеке тұлғаның өзіндік мінез-құлқы мен оның жеке психологиялық ерекшеліктерін, көптеген басқа да әлеуметтік факторлардың ықпалын ескере отырып, жеке тұлғаның бойында патриоттық сезімді қалыптастырудың негізі ретінде оқыту-тәрбиелеу аясында қазақ әдебиеті пәнінің рөлін, атқаратын қызметі зор.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруде қазақ әдебиеті пәнінің алатын орны ерекше. Өйткені жалпы тәрбиелеу үдерісі біріншіден отбасынан бастау алып, мектеп арқылы жалғасын табады. Баланы отбасында патриоттық сезімге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата тегін білуді таныту – ата-ана парызы болса, әдебиет пәні мұғалімнің міндеті көркем шығармалар арқылы тәрбиелеу. Әдебиеттегі шығармалар ойды да, сезімді де тәрбиелейді, мінез-құлықты қалыптастырады. Оқырман жағымды кейіпкерлерге еліктейді, одан үлгі алады. . Ал мектеп оқушылары осы пән арқылы өз бойына патриоттық сезімді ұялататыны анық. Ең бірінші әсер Тәуелсіздікке қол жеткізген аға, әпкелеріміздің ерліктері болса, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік жасауға негіз болатын оқиғалар барлығы әдеби шығармаларда беріледі, әдебиетіміз тікелей тарихпен байланысты, ал тарихымыз біздің осы күнге жеткен қиын да, аңсаған жолымыз. М.Жұмабаевтың «Елдің елдігін сақтайтын- әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі»деген нақыл сөздері бар. Мәселен 5-сыныптың қазақ әдебиетін алсақ, ежелден қалыптасқан қазақтың отансүйгіштігін, ұлтжандылығын айқын көрсететін шығармалар ұсынылған, оған қазақтың мақал-мәтелдері де дәлел. Мәселен туған жер, отан туралы мақал-мәтелдер: «Отан үшін отқа түс - күймейсің», «Отанды сүю отбасынан басталады», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Көп түкірсе - көл», «Елдің көзі - елу» т.б болып кете береді. Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, Отанын сүюінің негізі болып табылады. Қазақ әдебиеті пәні оқушылардың ішкі дүниесін, рухани-адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағытталған, бұл пәннің бұл тұрғыда ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді. Мәселен 7-сынып оқулығында лиро-эпостық жырлар, қазақтың би-шешендерінің сөздері, жыраулар поэзиясы оқушыға ұлттық таным, патриоттық тәрбие берсе, ежелгі дәуір әдебиеті бөлімінде Түрік қағанаты заманында қолбасшы болған Күлтегіннің, «Оғыз Қаған» дастанында Оғыз батырдың түркі елін жаудан қорғаудағы ерлік істері, әскери жорықтары, даналығы оқушылардың сана-сезіміндегі патриоттық сезімнің қалыптасуына оң әсер береді. Сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық негіздерін бір арнаға түсіріп, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға тәрбиесі туралы ой – пікірлерін, үлгі-өнегесін тәрбие мәселесінде көп пайдаланамын. Мысалы, Жамбыл Жабаевтың «Патша әмірі тарылды» (1916 жылғы оқиға) өлеңі 1916 жылы Ресей патшасының жарлығымен қазақтың жігіттерін майданға қара жұмысқа алғаны жөнінде суреттейді. Ол жарлық рухы биік қазақ халқын қорлаумен бірдей еді. Халық наразалықтарын білдіріп көтеріліске шықты. Бұл өлең қазақ халқының намысшыл, өз елінің ертеңгі жарық сәулелі күні үшін жан қияр халық екенін ұғындырады. Мағжан Жұмабаевтың «Өткен күн» өлеңі Сарыарқаның кереметтерін суреттеп, оқушылар бойында туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады, сонымен қатар «Сүйемін» өлеңінде «Сол анамды сүйемін», «Сол жарымды сүйемін», «Сол елімді сүйемін», «Сол Арқамды сүйемін» деген сөздері арқылы ақын туған халқын, елін, жерін айтып отыр. Ендеше, ақынның өз елінің патриоты екенін сезінген оқушылар Мағжан Жұмабаевты өздеріне үлгі ретінде тани біледі. Батырлық жырларының да білімділік және тәрбиелік мәні зор, қандай шығарма болса да оның негізгі мақсаты – тәрбие. Ауыз әдебиеті – халықтың ой-санасы мен мінез-құлқын қалыптастыратын тарихи мектеп. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында бас кейіпкер, қазақтың біртуар батыры Баян інісі Ноянның өз елінің жауы қалмақ қызымен кетіп қалғаны үшін туған інісін өлімге қиюы арқылы батырдың отансүйгіштігін көрсетіп, әр оқушының жүрегінде елге, жерге деген сезімдерін ұялатады.

Әрбір сабағымызда Қазақстан елінің күнделікті тұрмыс-тіршілігі, оның жетістіктері туралы айтып отырсақ, оқушылардың да өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдері қалыптасады. Менің ойымша мұндай ұстанымдар «шынайы патриотизм» түсінігінің мәнін ашып көрсетеді. Осындай әдеби шығармалар ата-баба дәстүрінің ізімен жастарды жауынгерлік рухқа баулуды, Отанға, халыққа шын сүйіспеншілікпен қарауды, ата салтын құрметтеуді, ел тарихына қызығушылықпен қарауды тәрбиелеу әдебиет сабағында үлкен жетістікпен іске асады. Қазақ – құдыреттілігі, имандылығы, адамгершілігі көзінен, жүрегінен көрініп тұрған, патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде айтылған еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі - жастарымызды отаншылдық, елжандылық, патриоттық қасиеттерді сақтауға шақырады. Баланы Отанды сүюге, ол үшін аянбай еңбек етуге елжандылыққа тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеті болып саналады.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан елінің жас ұрпақтарын отаншылдыққа тәрбиелеу – аса маңызды идеологиялық міндеттеріміздің бірі деп білеміз. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн.» деген сөздерімен қорытындылай отырып, еліміздің әрбір азаматы өз елінің патриоты болсын десек, оның бойындағы патриоттық сезім отбасында, мектеп қабырғасында қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.



Тақырыбы:

Қазақстандық патриоттық тәрбиені жалпы білім беретін пәндер арқылы интеграциялау.



Мұғалімі: Есімбекова А.Т.
: files -> blog
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Қазақ әдебиетінен тапсырмалар. Құрастырған: ф.ғ. к.,проф. Б.Қ.Қапасова
blog -> Қадыр Мырзалиев
blog -> Поэмасын ата a «Аққулар ұйықтағанда» b
blog -> Қазақстан тарихынан бақылау жұмыстарының жүктемесі
blog -> Сабақ № Сынып: 9 А. Пәні: Қазақстан тарихы
blog -> 11- сыныптарға арналған Қазақстан тарихынан емтихан сұрақтары
blog -> Учебная программа по предмету «История Казахстана»
blog -> Сабақ жоспары Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауыл шарушылығы
blog -> Мақсаты: Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет