Қазақ мемлекеттік қыздар


ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ



жүктеу 3.36 Mb.
бет13/17
Дата20.06.2016
өлшемі3.36 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кішібаева Д. Ж. - п.ғ.к., доцент; Божбанбаева З.Ж. - аға оқытушы;

Оспанов С.- магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін, олардың жекелеген сапаларын дамыту қажет деп білеміз. Оның ішінде: зердесін, эмоция мен сезімдерін, өзіне деген сенімділігін, өзін жақсы көруді, дүниеге көзқарасын, дербестігін, ынтасын дамыту. Педагог-психологтардың (оның ішінде Л.С.Выготскийдің) еңбектеріне талдау жасаудың негізінде ақыл-ойдың дамуының екі жолын атап көрсетуге болады. Оның біріншісі, қол жеткен даму - онда оқушы тапсырманы өз күшімен орындайды. Екіншісі, ең жақын даму аймағы - педагог тапсырманы күрделендіріп, мәселені шешуге бағыттайды. Бұл жолдың екеуінің де өзіндік орны ерекшеліктері бар. Біріншісі, оқушының талпынысынан, ұмтылысынан, ішкі мотивінен туындаса, екіншісі, сыртқы мотив арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың мынадай жолдары белгілі: әңгімелесу, топ серуенге шығу, тәжірибелік жұмыстар, техникалық құралдарды пайдалану, танымдық есептер құрастыру және оны шешу, сөз жұмбақтар, ребустар, метограммаларды құрастыру және шешу, практикалық жұмыстар жүргізу. Бастауыш сыныпта пәнаралық байланыстағы мақал-мәтелдерді оқушының шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың төмендегідей жолы бар:

- тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу;

- оны өз сөзімен, ойымен дәлелдету;

- көрініске қарап мақал-мәтел айту;

- табиғатқа сай мақал-мәтел құрастыру;

- суреттерге қарап мақал-мәтел айту.

Осының нәтижесінде оқушының сөз саралауы, ізденімпаздығы, тапқырлығы, нақты ой болжауы - тіл байлығы артады

Зерттеу жұмысы барысында пәнаралық байланыс оқу материалдары негізінде түзілетін (немесе түзетін) білімдер мен іскерліктерді, педагогикалық-ғылыми зерттеу материалдары (В.А.Бухвалов, А.Т.Рыбкин және т.б.) және оқу бағдарламалары негізінде айқындалды (оқу пәні бағдарлама 1-4 сыныптар үшін).

Мысалы, 1-сыныпта оқушылардың меңгеру тиіс пәнаралық оқу іскерліктері (немесе оны жалпы оқу іскерліктері деп те қарастырады)

- сабақ тақырыбын және кітаптағы тапсырма нөмірін таңдау;

- минутына 40 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

- минутына 4-5 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

- ережелер көмегімен терминді есте сақтау;

- мәтіндегі сұрақтарға жауап табу;

- ауызша және жазбаша мәтінді біргелікте өзгерту және толық-тыру;

- дене, зат және моделді салыстыру және классификациялау;

- табиғи денені және құбылысты бақылау;

- шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін біргелікте қолдану;

- ұйымдасқан және үнемді жұмысты ұйымдастыру;

- өзінің жұмысына бақылауды орнату;

- сабақтың жоспары бойынша өзінің іс-әрекеті нәтижесін талдау.

Ал енді 2-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері

- минутына 60-70 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

- минутына 6-8 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

- терминдер мен мәтіндерді ережелер көмегімен есте сақтау;

- мәтіндегі бастыны бөліп алу;

- ауызша және жазбаша мәтінді біргелікте өзгерту және толықтыру, құрастыру;

- дене, зат және моделді салыстыру және классификациялау;

- табиғи денені және құбылысты бақылау;

- тапсырманы орындау үшін ережені таңдау;

- шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін біргелікте қолдану;

- денелер, материалдар мен суреттердің композициясын құрастыру;

- жұмыстағы пайдаланған әр түрлі материалдардың қасиеттерін есепке алу;

- әр түрлі құралдарды тапсырма мазмұнына сәйкес пайдалану;

- критерилер бойынша өзінің іс-әрекеті нәтижесін бағалау.

Сондықтан 3-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері мыналардан тұрады:

- минутына 70-80 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

- минутына 10-12 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

- терминдер мен мәтіндерді ережелер көмегімен есте сақтау;

- мәтіндегі бастыны өзбетінше бөліп көрсету және оны схема, кесте, конспекті түрінде әзірлеу;

- ауызша және жазбаша мәтіндерді өзбетінше өзгерту, толықтыру және құрастыру;

- құбылыстар мен оқиғалар үшін себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;

- тапсырманы орындау үшін ережені біргелікте әрекет ету;

- жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жүзеге асыру;

- шығармашылық тапсырманы орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін өзбетінше қолдану;

- зерделеуі қажет сабақ тақырыптары сұрақтарын құрастыру.

Соңында 4-сыныпта оқушылардың меңгеруі тиіс пәнаралық оқу іскерліктері:

- минутына 90-100 сөз жылдамдықпен оқу және оқығанды түсіну;

- минутына 13-15 сөзді дәптерге сауатты көшіріп жазу;

- ережелер көмегімен терминді және мәтінді есте сақтау;

- мәтіндегі бастыны өзбетінше бөліп көрсету және оны схема, кесте, конспекті түрінде әзірлеу;

- ауызша және жазбаша мәтіндерді өзбетінше өзгерту, толықтыру және құрастыру;

- заңдылықтарды, дәлелдемелерді, жалғанға шығаруларды анық-тау;

- тапсырманы орындау үшін ереже алгоритмін біргелікте құрастыру;

- шығармашылық тапсырманы орындау кезінде ойлауды белсендіру және алгоритмдеу әдістерін өзбетінше қолдану;

- өзбетінше жұмысты орындау, олардың нәтижелерін талдау және бағалау.

Жоғарыда берілген пәнаралық оқу іскерліктері - қазіргі уақытта жас мұғалімдер үшін оқу-тәрбие процесінің нәтижесінде ескеретін іс-әрекеттер.

Оқу іскерліктері, біріншіден, оқыту мазмұнын құраушы элементтің бірі болып табылады; екіншіден, оқушының шығармашылық іс-әрекетінің негізі ретінде қарастырылады.

Сондықтан да оқыту процесін ұйымдастыруда басшылыққа алатын құжаттардағы, бағдарламалық материалдардағы қарастырылған іскерліктерді талап етілген деңгейде меңгермеу кейінгі оқу жылында оқушылардың үлгермеушлігіне негіз болады. Ал, пәнаралық байланыс тұрғысынан оқу іскерліктерін меңгермеу оқушының шығармашыл тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді деп білеміз.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін оқу материалдарының дамытушы құрылымы айқындалуы тиіс. Оқу материалдарының дамытушы құрылымы – бұл ұғымдар арасындағы өзара байланысты міндетті бөлумен қарапайымнан күрделіге ретті мазмұндалуы. Сабақта жаңа оқу материалдарын оқып-үйренуде оқушылар ғылыми немесе мәдени зерттеу үрдісінде ертеректе зерделенген ұғымдар қалай жаңа білімдер мен таным әдістері шығарылғанын көретіндей етіп тұрғызу қажет. Кез келген жүйенің даму үрдісі – бұл оның пайдалы функциясының артуы. Ғылыми білімдердің дамуы – бұл теория мен әдістердің функциональдық тиімділігінің жоғарылау үрдісі. Үрдістер диалектика заңдылықтары негізінде жүзеге асырылады:

Сондай-ақ мұғалім оқушылардың пәнаралық байланыс оқу іскерліктерінің даму деңгейін анықтаумен, оқушыларда қажетті дамымаған пәнаралық іскерліктерді дамыту үшін сабақ конспектілерінде педагогикалық тапсырмалар көлемін реттеуі тиіс.

Пәнаралық байланыстың атқаратын функцияларын анықтау жөнінде көптеген зерттеулерді айтуға болады. Мәселен, О. Мұсабеков пәнаралық байланыстың функцияларын оқыту процесіне ықпалы бойынша айқындайды:

1 Ойын дамытуға ықпал етеді;

2 Берік білім алуға көмектеседі;

3 Оқыту үрдісін жеделдетеді;

4 Дербестігін және танымдық белсенділігін дамытуға ықпал етеді;

5 Мұғалім жұмысының әдістемесін жақсартады.

Зерттеуші мұғалімдердің пәнаралық байланысты пайдалану мақсаттарын айқындаған

1 Оқушыларды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді.

2 Білімнің сапасын арттырады.

3 Танымын, оқу іс-әрекетін белсенділендіреді.

4 Танымдық қызығушылығын қалыптастырады.

5 Оқушылардың ойын дамытады.

6 Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін дамытады.

7 Ес пен ойлауды дамытады.

8 Қисынмен ойлауды дамытады.

9 Тапқырлығын дамытады.

10 Оқыту үрдісін жеделдетеді.

11 Білімін практикада қолданады.

12 Шығармашылығын дамытады.

13 Зейінін дамытады.

14 Оқығанын пысықтайды.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті екі жағын бөліп көрсетуге болады. Объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы тікелей оқыту процесінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері ретінде қарастырылады. Пәнаралық байланыстардың практикалық жүзеге асырылуының негізгі бағыттары: оқулықтарды, оқу құралдарын жазу кезінде, оқу жоспарларын және бағдарламаларды даярлауда, жеке әдістемелерді және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді жазуда, оқу орындарының түріне байланысты әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуде орындалады.

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. -Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1998. -245 б.

2. Кішібаева Д. Пәнаралық байланыстың мақсаты - оқушылардың білім сапасын арттырып, оқу іс-әрекетінде белсенділік таныту. Ұлытау - Жезқазған - көне өркениет пен Ә.Х.Марғұланның ғылыми-зерттеу аймағы Республикалық "3-Марғұлан оқулары" материалдарының жинағы) - Жезқазған, 2004. -167-170 бб./

3. Педагогические основы профессионального обучения учащихся общеобразовательных школ с учетом требований ускорения научно-технического прогресса: методические рек. /ред. - сост. Е. А. Рыкова. - М.: АПН СССР, 1988. - 85 с.


ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В данной статье раскрываются пути совершенствования межпредметной связи.


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ
Кішібаева Д.Ж. - п.ғ.к., доцент; Оспанов С.- 2-курс магистранты
Оқыту - бұл оқушының оқуын өз бетінше педагогикалық мақсатты түрде ұйымдастыру. К.Д.Ушинский бойынша: "Мұғалімнің басты міндеті оқушының білім алуын өз бетінше білім алуға айналдыру".

1 Оқытушының оқушының оқуын ұйымдастыру әдісінде, құралдарында, мазмұнында оқу-тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың нақтылығы.

2 Оқыту технологиясының қажетті элементі бір логикамен байланысты жеке сабақтардың барлық тізбегін құру және соңғы нәтижелердің қысқаша сипаттамасы енетін тақырыптық жоспарлау болып табылады.

3 Оқушының оқу- танымдық жұмысының әрбір кезеңінде бақылау ұйымдастыру.

4 Оқушының шығармашылық іс-әрекетін жоғарылату, тек қана білетін оқушыға ғана емес, жұмыс істей алатын оқушыға да бағыт беру.

5 Оқыту әдістері мен формаларының әр түрлі болуы, жеке құралдар мен формаларын әмбебап болдырмау.

Білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиіс:

- дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;

- қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;

- сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;

- оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;

- біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі.

Сонымен, технология көмегімен білімдерді, дағдыларды, біліктілікті игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Қазіргі заманғы ғылыми-теориялық әдебиеттерде және атақты отандық педагогтардың іс-тәжірибелерінде технология негізгі үш түрге бөлінеді:

1 Техникалық.

2 Экономикалық.

3 Гуманитарлық.

Гуманитарлық технологиялар басқару гуманитарлық педагогикалық және психологиялық болып бөлінеді. Гуманитарлық технология - адамдардың өзін көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздері жүзеге асыру технологиясы.

Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адаммен ортаның өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындалау (Г.К.Селевко). В.А. Сластениннің ойы бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.

Педагогикалық технология нақты технологиялық процестерде жүзеге асырылады. Оқыту ой тұжырымдамасында технологиялық процесске, нақты тақырыпты оқыту тәсілдері мен формалараның жүйелелігі жатады және де әр түрлі есептер шығару кезінде дағдыларды өндіру мақсатындағы сарамандық міндет бірдей оқыту технологиясының көмегімен шешіледі.

Оқыту (тәрбиелеу) технологиясының тұтастығы оның үш құрамдас бөлігімен қамтамасыз етіледі:

- ұйымдастыру формасымен;

- дидактикалық процеспен;

- мұғалім (немесе оқыту техникалық құралдарымен) маманмен.

Педагогикалық технологияның тақырыбы болып мұғаліммен оқушының әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдары, олар оның құрастырылған, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы ұйымдастырылады.

Педагогикалық технологияның міндеттеріне мыналар жатады:

- әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;

- мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;

- технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;

- технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;

- оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.

Жалпы, педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып табылады.

Біріншіден, педагогикалық технология тәжірибе жүзінде бұрынғы педагогикалық экспериментті жоққа шығарып, оны алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл дидактикалық (тәрбие) түсініктеме тілдерінде мүмкін болып табылады.

Екіншіден, бұрынғы мұғалімдерге арналған сабақ жоспарларынан өзгеше, педагогикалық технология оқушының өзіндік жұмыс мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесіндегі жоба ұсына-ды, яғни бұл оқу танымдық жұмыс жобалануы кез-келген оқушылар санын жоғарғы тұрақты табысқа жетуге болады дегенді білдіреді.

Үшіншіден, педагогикалық технологияның айшықты қасиеті – мақсат білімділік процесі. Бұл педагогикалық технологияның негізгі мәселесі дәстүрлі педагогикадан басты айырмашылығы. Ол екі қырынан талқыланады:

- мақсат білімділіктің болжамы және оқушылардың оқу бағдарламасын сапалы меңгеруін объективті бақылау;

- жалпы тұлғаның дамуы.

Төртіншіден, педагогикалық технологияны нақты педагогикалық жүйе жобасы ретінде білу арқасында оның маңызды қағидаларының бірі – бүкіл оқу-тәрбие процесінің тұтастық қағидасын (құрылымдық және мазмұндық) тұжырымдауға болады. Тұтастық қағидасы педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің үйлесімділігі.

Тұтастық қағидасы болашақ кез-келген педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің үйлесімділігін, өзара іс қимылына қол жеткізу қажеттілігін көрсетеді. Педагогикалық жүйенің (ПЖ) бір элементіне өзгеріс енгізу үшін, басқа да элементтерді қайта құруға тура келеді. Мысалы, оқу мақсаттарын өзгерте отырып, бірақ оның мазмұнын және оқу процесін сол қалпында қалдырсақ, деформацияланған педагогикалық жүйеге тап боламыз. Тәжірибе көрсеткендей, олар өміршең болмайды. Бірақ әлемде жалпы "педагогикалық технология" деген не және оның ішінде жеке оқу "технологиясы" туралы түсініктемелер қалыптасып келеді (3-кесте)

Отандық педагогикадағы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді.

Технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық қызметтің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажет. Әлеуметтік тұрғыда бұл белгі, технологияның басқа белгілері – оның жалпылық сипатымен байланысты .

Педагогикалық технология жөніндегі қатаң түсініктің басты белгілері болып мыналар табылады:

- мақсаттың диагностикалық сипаттамасы;

- педагогикалық процестің өндірушілігі (оның ішінде оқытудың мақсатына және оқытушы мен оқушы іс-әрекетінің (қызметінің) сипатына сай этаптардың жасалуы).

- педагогикалық нәтижелердің өндірушілігі.

Қазіргі таңда көптеген жаңа педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие процесінде басшылыққа алынуда (ақпараттық, проблемалық, дамыта оқыту, т.б.).

- технологияның кез келген оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жағдайында қайта жаңғыртылуы.

Қазіргі педагогикалық технологиялар келесідей негізгі сапаға ие болуы қажет: құрылымға; технологиялық критерилерге; тұжырымдылыққа; жүйелілікке; басқарушылыққа; нәтиже бойынша тиімді және шығын бойынша оңтайлы, өндірушілікке.

Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді.

Бастауыш сыныпта тәжірибе барысында басқа да педагогикалық технологияларды пайдалану балалардың белсенділігін, шығармашы-лық қабілеттерін дамытуға негіз қалайтынын анықтадық. Олар: "ойды синтездеу", "шынжыр" (тізбек), "матрица" және т.б.

Педагогикалық еңбектерде дәстүрлі сабақты: жаңа оқу материалын өту сабағы; білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; жинақтау және жүйелеу сабағы; аралас сабақ; бақылау, білімге дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы. Сабақты дидактикалық міндеттеріне сәйкес: кіріспе сабақ; жаңа сабақты өту; білімді бекіту сабағы; жинақтау сабағы; есепті-бақылау, аралас сабақ; диспут, КВН сабақтары деп ажыратады. Қазіргі таңда оқушылардың өз бетінше жұмысын жандандыру және шығармашылықпен іс-әрекет жасауын қамтамасыз ету үшін сабақтың дәстүрлі емес формаларын кеңінен оқыту процесінде қолдануда.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. - М.: Педагогика, -1989.

2. Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999. - N3. - 3-8 бб.

3. Кларин М. В. Технология обучения: идеал и реальность. - Рига, Эксперимент, 1999. -180 с.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада педагогикалық технологиялардың мәні туралы айтылады.


РЕЗЮМЕ

В данной статье раскрываются сущность и содежание педагогических технологий.




БІЛІМ БЕРУДІҢ 12 ЖЫЛДЫ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кошербаева Ш.С – оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Кез келген өзгеріс жаңалықтар бірнеше жылдар бойы қалыптасып үйреншікті бойға сіңісті болып кетпей қазіргі білім жүйесінен басқа жүйеге ауысуы ондағы субъектілерге бірқатар қиыншылықтар туғызуы заңды нәрсе. Өйткені алдағы дүние әрқашан жұмбақ болып қаншалықты белгісіз дүниелердің проблема ретінде оны шешу мәселелер біраз қорқыныш тудыратын сөзсіз. Сондықтан да қалыпты жағдайдан шығу әркімге де оңай емес. Бірақ өмір болғаннан кейін ол үнемі өзгеріске толы оларды айналып өту мүмкін емес. Ал қазіргі білім саласына айтарлықтай реформа әсіресе осы уақыттағы ұлттық құндылықтарға, заман ағысына ілесе алатын, мол ақпараттарды игере меңгере білетін, өмірге бейімделе әлеуметтене білетін, кәсіпке даяр ұлттың рухы биік жеке тұлғаны тәрбиелеу ,оқыту үшін қазіргі дәстүрлі жүйенің қауқарсыздығы байқалып жүр. Сондықтан да білім берудің жаңа Қазақстандық моделі бізге әбден керек. Сонау 1992 жылы барлық елдердің білім министрлері бас қоскан Боллон келіссөздеріне біздің елімізде қатынасын әлемдік білім кеңістігіне шығудың бірден бір жолы 12 жылдық жүйе бола алатынын ескеріп, оған даярлық жұмыстары жалғасып келеді. ҚР Президенті Н. Ә. /1/ Назарбаев «Еркін елдің ертеңі – кемел біліммен кенен ғылымда екенін ұмытпау» мәселесін «Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға даяр бәсекеге қабілетті және білікті тұлғаны даярлау» міндеттерін әр кез тарихи қүжаттарында айтып келеді. Сондықтан да осы 12 жылдыққа көшу мәселесі ҚР білім беруді дамытудың өткен 2005-2010 жылдарға арналған бағдарла масында ескеріліп жаңа 2011-2020 бағдарламасына түпкілікті міндеттер жүктеуі заңдылық /2/.

Европа мақұлдаған 12 жылдық білім жүйесін 216 мемлекет құп көріп отырса, ТМД мемлекеттерінің төртеуі және Прибалтика мемлекеттерінің бірқатары бұл жүйеге көшсе Ресейдің 1784 жалпы білім беретін мектептерінде кең көлемде осы 12 жылдыққа көшуге байланысты эксперименттік жұмыстары үзіліп жатыр. Яғни 12 жылдық жүйе Қазақстан үш ін шындық екені даусыз. Олай болса қазіргі күнге бұл жүйенің ең басты құжаты. Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты әзірленіп болды. Бұл құжаттың ең басты айырмашылығы: оқушылардың бұрын ғыдай таным білік дағдыларына деген талап емес, тікелей үш нақты нәтижеге бағытталған талаптың күшейетіндігінде. Яғни жоғарыда айтылған жеке тұлғаны қалыптастыра алатындығына, негізгі құжаттың әзір болуы 12 жылдық жүйеге көшуге даяр екендігімізді білдірмейді. Мұнымен қатар бірқатар өзекті мәселелердің бар екендігі белгілі /3/.



Солардың қатарында мұғалім оқушы және олардың ата – аналарының жаңа жүйеге психологиялық тұрғыда ешқандай қиыншылықсыз көшу мәселесі, яғни бұл жұмыстар қазірден бастап білім беру мекемелерінде қолға алынып оның басты мақсаттары мен міндеттері туралы толық жете түсініктер жүргізіліп, концептуалды және нормативті құжаттары кең көлемді субъектілерге түсіндірілуі абзал. Әсіресе оқушылардың денсаулығына тағыда басқа жағдаяттардың назардан тыс қалмауы ескерілуі тиіс. Сонымен қатар 12 жылдық жүйеде сабақ беретін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға қатысты мәселелерде мұғалімдер білімін жетілдіру институттары тарапынан жеткілікті жағдайдағы курстар аз немесе жоқтың қасы. Жоғарғы оқу орындары мен мектептер арасында кәсіби қызметтік байланыстарды қолға алу мәселесі ақсап тұр. Тек қана оқушы емес оның ата-анасының да 11-12 сыныптан кейін баласының қай оқу орнына баратыны, онда қандай жағдайлар күтіп тұр, қандай жан – жақты ойластырылған балаға деген мүмкіндіктері бар т.с.с. кәсіби – бағдарға қатысты шаралар жеткіліксіз. Мектеп бітірген балалар жоғарғы оқу орнының атауын ғана білумен шектеліп отыр. Ал жоғарғы оқу орындары оқу жылы соңында бір өкілін жіберіп бір парақ прайс беттерін сол мекемеде қалдырып кетумен шектелуде. Ал жоғарғы оқу орындарының әлемдік ғаламторда сайттары болса, әсіресе ауыл мектебі балаларының оны ашып көріп таныса алулары екі талай. Себебі оларда жеке компьютерлері көбінде жоқ. Әйтеуір осы күнге дейін әйтіп-бүйтіп бірдеңе қылып жағдайдан шығып келеді. Көптеген ақпараттарды балалар тиісті жерден тысқары жерлерден алуға мәжбір. Сондықтанда жоғарғы оқу орындары мен жалпы білім беретін және кәсіптік лицей-гимназиялар мекемелері арасында келісім шарт контракт мәселесі де болашақта қолға алынып жатса жақсы болар еді. Тағы бір өзекті мәселенің бірі мектептердің материалдық базасы. Әсіресе өте қажетті компьютерлердің жағдайы. Жалпы Қазақстан бойынша мектептерді компьютерлендіру аяқталған, алайда олардың қазіргі уақытқа физикалық моральдік жағынан тозып бара жатқаны белгілі. Тіпті мектепті қойып жоғарғы оқу орындарының кейбіреуінде сол компьютерлерді ұршықша иіретін программистердің жоқтығы мен ақпараттық технологияларға арналған жеткілікті мөлшердегі программалардың жетіспеушілігі басқа әңгіме. Бұлда кәсіби біліктілікке қатысты нәрсе, жоғарыда айтқанымыздай, біліктілігі шамалы мұғалімдеріміз осы жүйе басталысымен сол бұрыңғы дәстүрлі сарынмен сабақтарын жалғастыра берері хақ. Яғни педагог ғалымдар тарапынан жаңа технологиялар мектептерге көптеп еңгізіліп жатса, нақты нәтиже күтуге әбден болады. Мектептердегі оқулық мәселесіне келсек, әрине қазіргі жағдай жаман емес. Төрт жылда бір рет жаңа буын оқулықтар келіп жатыр. Енді 12 жылдық жүйеге көшуде бір жыл бұрын тағы бір толкын оқулықтар мен мектептерді қамтамасыз етілетін болады. Әрине ол оқулықтар біз күткендегіміздей болады деп сенеміз, ал әзірше мектептер екі бағыттағы оқулықтармен оқытылып жатыр. Болашақтағы ақпараттық метериалдар тағыда қосымша бағыттарды қамтиды деп ойлаймыз. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың әр жыл сайынғы Жолдауларында білім саласы назардан тыс қалмай келеді. Осы мәселеге қатысты 2008 жылғы жолдауында айтылғандай 12 жылдық жалпы орта білімге көшу үрдісіндегі педагогтардың кәсіптік деңгейі, оқулықтармен білім беру бағдарламаларының арттырылуына қатысты мәселелер әрдайм есімізде болары сөзсіз /3/. Мектеп саласы қызметкерлерінің басты мақсаты осы жүйеде «Тарыдай боп кірген баладан таудай кәсібиленген, әлеуметтенген өмірге даяр адам шығару». Бұл дегеніміз нағыз кластерлік жүйеге ұқсайды.

Расында да жас адамға қоғамдық жеке өмірінде нағыз тұлға болып қалыптасыуна үлкен қолдау өте қажет /2/.Бұл үрдістен педагогтар қауымы шыға алады деп сенеміз. Не нәрсені бастау қиын, шешілмейтін проблема болмайды, халқымыз аман ел – іші тұрақты экономикамыздың әлеуеті арта беретін болса, бәрі болады, көште түзеледі. Осы жастарымыз – ертенгі күннің жарқын болыуна жұмыс жасайтындар, олай болатын болса, оларды дұрыс тәрбиелеп жақсы біліммен тәлім беру болашақты жасай білу деген сөз. Бабаларымыздың аманатын орындай алатын басқа ел мен терезесі тең егеменді ел тұтқасын беріп ұстай білетін ұрпақты қалып тастыру қазіргі педагогтар қауымының парызы.

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. «12 жылдық білім» журналы. Алматы, 2008 ж, №6, 42 бет.

  2. «Бейінді оқыту проблемалары және шешу жолдары». Алматы, 2008ж.

  3. «12 жылдық білім беруге өту үрдісіндегі эксперименттік зерттеу жұмысын ұйымдастыру» (Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары) 5-7 желтоқсан 2006 ж. 187, 217 бет.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада білім берудің 12 жылдық жуйесіне көшудің өзекті мәселелері жайында сөз етіледі. Қазіргі білім саласындағы реформаның заман ағысына ілесе алатын, мол ақпараттарды игере меңгере білетін, өмірге бейім, кәсіпке даяр, ұлттық рухы биік жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту үшін қазіргі дәстүрлі жүйенің қауқарсыздығының байкалуы қарастырылады.
РЕЗЮМЕ

В данной статье рассматриваются актуальные проблемы 12 летнего образования. Задачами современной реформы, являются воспитание духовно-нравственного, специализировано подготовленного к будущей профессии, ориентированный к современной жизни индивидуальной личности. Но традиционная система воспитания и образования недостаточна, адаптирована предложенной реформе.




: attachments
attachments -> Семинар «Национальные рамки квалификаций: от методологии архитектуры до практики применения»
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы
attachments -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В011500 «Құқық және экономика негіздері»
attachments -> Урок по английскому языку в 6 классе по теме
attachments -> Внеклассное мероприятие по английскому языку в 7 классе «Времена года»
attachments -> Зачетная работа по курсу «Введение фгос ООО в деятельность образовательного учреждения»
attachments -> Урок русского языка по программе
attachments -> Методическая разработка интегрированного урока Тема: М. А. Шолохов: страницы биографии. Изображение русского характера в рассказе Шолохова «Судьба человека»
attachments -> Мастер-класс «Приемы развития критического мышления на уроках географии и биологии»


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет