ҚАзақ ҚОҒамындағы тархандар институты: тарихнамалық шолу



жүктеу 216.79 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі216.79 Kb.
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТАРХАНДАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ (XVIII ғ. - 1917 ж.)
Исенов Өтеген Ихсанұлы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,

Наурызбаева Эльмира Кенжеғалиқызы тарих ғылымдарының кандидаты

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Түйін

Дәстүрлі қазақ қоғамына Ресей патша үкіметі тарапынан XVIII ғ. 40 жылдарында жаңғыртылып қайта енгізілген болатын. Тақырыптың зерттелу тарихнамасын хронологиялық түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші, патша өкіметі кезеңі (XVIII ғ. - 1917 ж.), екінші, кеңес өкіметі тұсы (1917-1991 жж), үшінші кезең Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңі (1991 ж. - қазіргі уақытқа дейін).

Бірінші кезең, патша өкіметінің тапсырысы бойынша қазақ халқының ұлттық тарихы мен қоғамдық тұрмыс тіршілігін, дәстүрлі шаруашылығын жан-жақты зерттеуге арналған. Қазақ қоғамын зерттеу жұмыстарына патша үкіметінің әскери қызметкерлері мен шенеуніктері тартылды. Өйткені отарланатын елді жан-жақты зерттеу арқылы білу Ресей патша әкімшілігінің басты стратегиялық бағыттарының бірі болды. Сондықтан да қазақ халқының тарихын, дәстүрлі қоғамдық құрылым жүйесін, дәстүрлі шаруашылық жағдайын, этнографиясын, алғашқы болып зерттегендер қатары – ресми мәртебесі бар әскери және азаматтық әкімшілік шенеуніктер болды.

Мақала авторлары ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихына қатысты Ресей патша өкіметі кезеңіндегі (XVIII ғ. - 1917 ж.) патша үкіметінің шенеуніктері мен әскерилерінің және батыс еуропа саяхатшыларының тарихи еңбектерімен жолжазбаларынан жазылған тарихи әдебиеттерге тарихнамалық шолу жасайды.



Кілт сөздер: Қазақ қоғамындағы дәстүрлі басқару жүйесі, тархан, тархандар институты, тарихнама, хронология, кезең, сұлтандар институты, тархандық атақ, мұрағат деректері, жолжазбалар, әскерилер, саяхатшылар, шенеуніктер, ру, тайпалар, көші-қон, қазақ ғалымдары, әлеуметтік институттар, рубасылар, батырлар, билер, сұлтандар, хан, отаршылдық саясат.

Аннотация

В 40 годы XVIII века со стороны правительства царской России были проведены попытки вновь возобновить традиции казахского общества.

В хронологическом порядке можно выделить три этапа исследования историографии. Первый, царский период (XVIII - 1917 г.), второй, период советской власти (1917-1991 гг.), третий этап - период независимости Республики Казахстан (1991-до настоящего времени). Первый период, посвящен всестороннему исследованию национальной истории, общественной жизни и традиционного хозяйства казахского народа. Потому что одной из стратегических направлений Российской царской администрации было всестороннее исследование колонизирующих стран. И первыми исследователями в истории казахского народа, структуры традиционного общества, состояния традиционного хозяйства, этнографии были российские военные и государственные чиновники.

Авторами статьи произведен обзор исторических сочинений и литературы периода института тарханов казахского общества XVIII-XIX вв., во времена Российской империи (XVIII в. 1917), Царского правительства и военных чиновников, а также западно-европейских путешественников.
Ключевые слова: традиционная форма правление казахского общества, тархан, историография, хронология, период, институт тарханства, архивные источники, чиновники, путешественники, род, племя, родоначальники, батыры, бии, султаны, хан, колониальная политика.

Abstract
In the 40th years of the 18th century from the government of imperial Russia modernization of traditional Kazakh society has been carried out.

In a chronological order it is possible to allocate three investigation phases of a historiography. The first, imperial period (XVIII - 1917), the second, the period of the Soviet power (1917-1991), the third stage - the period of independence of the Republic of Kazakhstan (1991-so far). The first period, is devoted to comprehensive investigation of national history, public life and traditional economy of the Kazakh people. Because comprehensive investigation of the colonizing countries was one of the strategic directions of the Russian imperial administration. And the Russian military and government officials were the first researchers in the history of the Kazakh people, structure of traditional society, a condition of traditional economy, ethnography.

Authors of abstract have made the review of historical compositions and literature of the period of institute of tarkhan of the Kazakh society of the 18-19th centuries at the government of Russian imperia (18th century 1917), times of the Imperial government and military officials, and also the Western European travelers.



Keywords: tarhan, the institution, the traditional Kazakh society, historiography, decrees, regulations
Қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихы оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік орны арнайы зерттеу нысаны ретінде зерттелгенімен [1], дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы жүйесіндегі әлеуметтік инситуттар даму тарихында жекелеген лауазымды тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін саралауға арналған кешенді зерттеулер соңғы жылдары көптеп жазылуда.

Тақырыптың зерттелу тарихнамасын хронологиялық түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: бірінші, патша өкіметі кезеңі (XVIII ғ. - 1917 ж.), екінші, кеңес өкіметі тұсы (1917-1991 жж), үшінші кезең Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңі (1991 ж. - қазіргі уақытқа дейін).

Бірінші кезең патша өкіметінің тапсырысы бойынша қазақ халқының ұлттық тарихы мен қоғамдық тұрмыс тіршілігі, дәстүрлі шаруашылығын жан-жақты зерттеуге патша үкіметінің әскери қызметкерлерімен шенеуніктерінің тартылуы. Әрине, бұған патша үкіметінің саяси ықыласы болғаны жасырын емес. Өйткені отарланатын елді жан-жақты зерттеу арқылы білу, Ресей патша әкімшілігінің басты стратегиялық бағыттарының бірі болды. Сондықтан да қазақ халқының тарихын, дәстүрлі қоғамдық құрылым жүйесін, дәстүрлі шаруашылық жағдайын, этнографиясын, алғашқы болып зерттегендер қатары ресми мәртебесі бар әскери және азаматтық әкімшілік шенеуніктер болды.

Патша өкіметі кезеңі (XVIII ғ. - 1917 ж.). Бұл кезеңге патша үкіметінің шенеуніктері мен әскерилерінің және батыс еуропа саяхатшыларының тарихи еңбектерімен жолжазбаларының жазылуын атауға болады. Ондай еңбектердің қатарына: Л. Мейер [2], И.И. Крафт [3], В.Н.Витевский [4], А.И. Добросмыслов т.б. зерттеулерін қосуға болады [5].

Орынбор әкімшілігі қызметі туралы маңызды мәліметтер Л.П. Мейердің «Киргизская степь Оренбургского ведомства» атты Бас штабтың тапсырмасы бойынша жазылған еңбегінде де кездеседі. Автор бұл еңбекте Орынбор Шекара комиссиясының құжаттарын (әсіресе, жылдық есептер), Генерал-губернатор кеңсесіндегі, Жеке Орынборлық корпус және Орынбор Кеден округінің, сондай-ақ, далалық өлкеде қызмет бабымен болған уақытында жинаған материалдарын қолданған. Сонымен қатар, қазақ халқының өмірі мен тұрмысына қатысты материалдар жинақтаған. Автор қазақ даласындағы туудан бастап жерлеуге дейінгі салттарды мейлінше жеткілікті етіп жазуға тырысқан. Еңбекте мал шаруашылығына, аңшылыққа, егіншілікке қатысты мәліметтер мен қазақтардың діни, саналық тәрбие беру ерекшеліктері жөнінде жазылған мәліметтер бар.[2].

Қазақ даласын ғылыми түрде сипаттауға бірінші болып әрекет жасағандардың бірі капитан П.И. Рычков болды [6]. Ол «История Оренбургская» еңбегінде Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өту мәселесі қарастырылса, «Топография Оренбургской губернии» деген [6] еңбегінің бірінші бөлімінде Орынбор губерниясына жалпы шолу жасалған, ал екінші бөлімінде қазақтардың саны, рулық құрамы, жайылымдық жерлер, шарушылығы, мәдениеті және тұрмысы жайында деректер бар.

XVIII ғасырдың II жартысында жарық көрген П.И.Рычковтың «Орынбор губерниясының топографиясы», «Орынбор тарихы» атты еңбектерінде қазақ батырлары Арғын Жәнібек пен Тама Есет, олардың қазақ-орыс қатынастарындағы мәмлегерлік қызметтері жайлы баяндалады [7]. 1771 жылы Жоңғарияға қарай қашқан Еділ қалмақтарын қуған арнайы жасақталған әскери қосынының офицері П.И.Рычковтың күнделігінде алғашқы қазақ тархандары Арғын Жәнібек пен Тама Есет туралы, олардың қазақ-орыс қатынастарындағы елшілік қызметтері туралы мәліметтер келтіріледі [8, с.39;73;88], ал оған дейін XVIII ғасырдың 20-жылдары кезінде қазақ жоңғардан жеңіліп, «Ақтабан шұбырындыға» ұрынғаны мәлім. Әрі жөңкіп, бері жөңкіп, ақырында Орта жүз бен Кіші жүз Сарыарқаның – Алғидың құба жонына қарай ағылып, Сарыарқаның беліне қарай ысырылады. «Алғидың құба жоны» деп Сарыарқа белінің Атбасар, Торғай, Қостанай уездеріндегі созылған жонын айтады. «Алғидың құба жонында» деп қазақтың ескі жырларында келеді. П.И.Рычков өзінің «Топографиясында» [7] сол жотаны Алғидың жоны деп жазады. Сол дөңшемен қосып жүргізген Алғи деген бір батыр бар екен дейді [7]. Жем, Ор, Ырғыз, Торғай, Тобыл, Есіл, Нұра, Сарысу басы, Керей, Қыпшақ, Қоскөл, Құланөтпес, Терісаққан алаптарына келіп құлады. Жем бойында қалмақты, Тобыл бойында башқұртты (қазақ кейде естек деп те айтады) қонысынан аударып қуған. (Сарыарқа – Талдың жері.)

Орыстың көрнекті тарихшы-шығыстанушысы, лингвист, нумизматы В.В. Вельяминов-Зерновтың басты еңбектері Ресейдің құрамына кірген Шығыс халықтарының тарихына арналған. 1851 жылы Орынбор өлкесінде ерекше тапсырмалар шенеунігі қызметін атқарған ол Шекара комиссиясы мұрағатымен жақсы таныс болды. В.В. Вельяминов-Зерновтың зерттеулері шежірелік-хронологиялық және фактілік жазба ескерткіштеріне негізделген. Мәселен, ол өз еңбегінде Қарақалпақтарға аз қолымен тұтқынға түскен Ералы сұлтанды тұтқыннан босату үшін, 1750 жылы ақпан айында Кіші жүзден сұлтан Айшуақ, Өтетілеу тархан және Орта жүзден Жәнібек тархан бастаған үш мың қол қазақ сарбаздары қарақалпақтар мен аралдықтарды шауып, Ералы сұлтанды босатып алғандығы айтса [9, с. 119], Есет тарханның ғұмырнамасына қатысты: «Красноярск дистанциясының командирі секунд майорының – 1754 жылдың жазынан күзіне дейінгі аралықта Озерной бекінісіне жақын жердегі тоғайда старшын Есет тарханмен бірге жүз үй жайлады», деген мәліметі біз үшін құнды дерек қалдырған [10, с. 158 ]. Қазақ тарихын зерттеген орыс зерттеушілерінің арасында В.В. Вельяминов-Зернов тархандық институт мәселелерін арнайы зерттеуімен ерекшеленеді. Ол XVIII ғасырдағы башқұрт қоғамындағы тархандық институт тарихына қатысты зерттеу жүргізді [11]. Ал. И.И. «Крафтің из киргизской старины» еңбегінде [12, с. 70-80] XVIII-XIX ғғ. Орынбор губерниясындағы жер шаруашылығы, қазақ қоғамының сұлтан, тархан, және би әлеуметтік институттары және Қазақстан саяси тарихы туралы құнды мәліметтер бар [12 с. 80-83]. И. Крафтың қазақ халқының шығу тегімен қазақ хандығының құрылуы, әдебиеттер, мұрағаттық және фольклорлық деректер негізінде құралған, Кіші жүз, Орта жүз,Ұлы жүздің Ресейге қосылуының жағдайы туралы маңызды құжаттардың мәтіні келтірілген деректері бар. Тарихи очеркі, автордың «Сборник узаконений о киргизских степных областях» еңбегіне енген [12].

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының жүйесін зерттеушілердің бірі аудармашы – Л.И. Д’Андре. Ол қазақтың әдет-ғұрып құқығы бойынша материалдар жинауға ерекше көңіл бөлген. Д’Андре 1846 жылдың шілде айында қазақ даласына «Дала заңдарын» жинап келу үшін Орынбор Шекара комиссиясының жолдамасымен екі жарым ай бойы Орта жүзде және Кіші жүздің батыс бөлігінде болып, Шекара комиссиясына өзі жасаған сапардың негізінде жазылған «Описание киргизских обычаев» атты тарихи құқықтық жинағын жазады [13]. Оның еңбегінде төлеңгіттердің әлеуметтік топ ретіндегі пайда болуымен құқықтық жағдайы туралы және «би» терминің шығу төркіні жайына қатысты біршама мәліметтер жарияланды. Сонымен қатар. ол үкімет тапсырмасы бойынша мұрағат құжаттары негізінде арнайы қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихына қатысты деректер жинап қазақ тархандарының ұзын санын анықтауға талпыныс жасайды [13].

Гвардиялық бас штабтың капитаны, барон Е.К.Мейендорф 1820 жылғы Бұхараға сапары нәтижесінде жазған «Орынбордан Бұхараға саяхат» атты еңбегінде: «Қырғыздар (қазақтар. – Ө.И.) рубасылары ақсақалдар, билер, батырлар, сұлтандар арқылы басқарылады. Батырлар деп батыл, әділ, алғыр адамдарды айтады, жорықтар кезінде олар керемет шабандоздар», – деген сипаттама береді [14]. Бас штаб полковнигі шеніндегі И.Ф.Бларамберг Кіші жүздің ру-тайпалық құрамын толық жазды. Ол барлық ірі ру, тайпаларының негізгі көші-қон жерлерін көрсетті [15]. И.Завалишин жазбаларында Шекара Коммисиясының мұрағат істерінен алынған Әбілқайыр ханнан тараған ұрпақтарының шежіресі және бұрынғы Омск Облыстық Басқармасының мұрағат істерінен алынған Қайып ханның ұрпақтарының шежіресі берілген [16]. И.Казанцев жазбаларында Орынбор өлкесінің негізінің қалануының тарихын Әбілқайыр ханның қалуымен болған деген дерек бар. Автор жазбасында Әбілқайыр ханның Ор бойына өзіне қала тұрғызуын сұраған өтініші туралы :«...Абулхайыр хан 1733 г. отправил своих брата и сына Нияза и Ералы просить Императрицу о покравительстве его с народом. Они 10 февраля удостоились Императрской ауэдиненции, на которой от имени Хана просили о построении россиского города при устье реки Ори» [17, с. 52], – делінген. Одан әрі жазба авторы патшайымның Әбілқайыр ханның қала салып беру туралы өтінішін құрметпен қабылдап, 1734 жылы стат кеңесшісі Кириловқа Орынбор атауымен қала салып беру туралы бұйрық берілгені айтылады [17, с.52]. Зерттеуші Н.Н.Балкашин жазбаларында Ресей патша үкіметіне қараған татар, башқұрт, кавказ, қазақ мұсылман халықтарының мекендері мен олардың жалпы саны туралы деректермен қатар әрбір мұсылман халқының саяси және діни тарихы туралы баяндайды [18].

Коллеждік асессор шеніндегі зерттеуші А. И. Левшин Орта және Кіші жүздің ру-тайпалық құрамын салыстырмалы түрде жазып, Ұлы жүздің құрылымын толық жазды А.И. Левшин ірі ру, тайпалардың негізгі көші-қон жерлерін көрсетті, онда көшпелі халықтар өздері мекендеген жерлерді, егер бұл әдетті өзгертуге мәжбүр етпесе, тұрақты ұстайтындықтарын айтады. Аталған фактілік мәліметтерге қосымша ретінде, А.И.Левшин тарихи әдебиетте бірінші рет рудың шығу тегі мен әр түрлі әлеуметтік топтар туралы мәлімет беретін қазақ таңбаларының кескінін көрсетті [19]. Сонымен қатар А.И.Левшиннің жазбасында XVIII ғ. патша үкіметі тарапынан қазақ қоғамында бірінші болып тархан грамотасын алған қарадан шыққан Арғын Жәнібек батыр Қошқарұлын Орынбор губернаторының ақсүйек өкілі сұлтандарға ғана көрсететін сый құрмет дәрежесінде қабылдағанын атап көрсетеді [19, с. 199]. Сонымен бірге, автор Орынбор бекінісіне 1742 жылы Әбілқайыр ханның Жәнібек тархан мен бірнеше сұлтандар бастаған нөкерлерімен Ресей патшайымна адалдығына ант беруіне барғандағы сапарында ант бергеннен кейінгі салтанатты жиын мен қонақтардың құрметіне тартылған дастарханнан кейін, «При всем случае, после угащения учились перед азиатцами с пальбою одна гренадерская рота. Зюнгарские посланцы тогда еще не отправились обратно, и Абульхайыр заметя их удивление, не упустил сказать им, что под защитую императрицы русской, которая имеет такой войска, можно быть безапасным» [19, с. 199] деген деректері Әбілқайыр ханмен оның серігі болған батыр тархандардың хан саясатын қолдауының сырын саралауаға маңызы бар дерек болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстанның «Ресейге қосылуы» туралы мәселеге қатысты А.Левшин жазбасында ант бергендердің қатарын 27 старшын деп көрсетіп, Әбілқайыр ханмен Бөкенбай, Есет, Құдайназар батырлардың есімдерін көрсетеді [20, с. 493].



А.И.Добросмыслов еңбегінде 117 құжат бар [26, с. 493]. Онда Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңіндегі қалыптасқан саяси жағдаймен ресейге қосылуының себептері, қазақтардың жоңғарлармен, башқұрттармен, жайық казактарымен, еділ қалмақтарымен қатынасы сондай-ақ қазақ жүздері олардың халық санымен көш қоныстары, хан билігі, сұлтандармен батыр билер арасындағы Ресейге қосылу мәселесіне қатысты өзара тартыс туралы мәліметтер, патша үкіметінің Қазақстанды отарлауының мақсаттарымен отаршылдық әдіс-тәсілдерін сипаттайтын деректік тарихи құжаттар берілген.

А.И. Добросмыслов еңбегінде:«1749 жылдың 20 қаңтарында Орынбор губернаторы И.Неплюев Есет тарханға және оның қарауындағы қазақ руларына Жайықтың ішкі бетіне көшуге тыйым салған. Патша үкіметінің жарлығына қарамай, Есет тархан ұлысымен Жайықтың ішкі бетіне өтіп алады» [20, с. 89]. – деп, Жайықтың оң жағына өтпеу жөніндегі бұйрыққа бағынбағандығын жеткізеді.

Автордың көрсетуінше: «Патша үкіметі қазақтардың Жайықтың оң бетіне шығуын қаламаған. Себебі, қазақтар Жайықтың оң жағына түпкілікті өтіп алып, Еділ өзеніне дейінгі жерге ие болып қалады деп қорыққан » [20, с. 32], –– деп жазады. Добросмыслов А. И. Қазақ-башқұрт қарым қатынастары шиеленістіру мақсатында екі халықты бір-біріне қарсы айдап салу туралы патша әкімшілігінің әрекеттерімен қазақтардың патша үкіметіне қарсы бас көтерулерін болдырмау туралы отаршылдық басып жаныштау саясаттары сөз болады [20, c.1-104]. Шекара комиссиясы төрағасы қызметін атқарған В.В.Григорьев: «Қырғыздарды (қазақтар. – Ө.И.) басқаруға қатысты біздің әдістеріміз шын мәнінде күлкілі, үйлеспейтін мақсаттар, менің ол үшін қолданылған тәжірибесіз шаралардың нәтижесі, әсіресе тілге, дінге, түсініктер мен әдет - ғұрыпқа байланысты жасалған әрбір қадамым қателік болды» [21, с. 5], – деп мойындайды. Ал бұл қателіктердің неден туындағанын ол былай түсіндіреді: «Біз қырғыздарды өзіміздің поволжелік татарлармен этнографиялық жағынан ұқсас деп ойладық, сондықтан жүз жиырма жыл бойы барлық санақ жұмыстарын татар тілінде толық сеніммен жүргіздік. Мұнымыз испандықтарға итальян тілінде немесе итальяндықтарға испан тілінде, сербтерге поляк тілінде, ал поляктарға серб тілінде жазған сияқты болып отыр. Тағы да бір біздің қателігіміз – қырғыздарды магометандықтар дедік, ал өткен жүз жылдықтарда олар шамандықта болған...» [21, с. 5]. Автордың еңбектеріндегі деректер халықтың әлеуметтік және дәстүрлі құқықтың негізін ашуға мүмкіндік береді.

Патша әкімшілігінің қазақ халқына қатысты жүргізген саясатының шындығын ашады. Біріншіден, сұлтандар мен билерге жеке меншік құқығымен қыс қыстауларды және жаз жайлауды өздерінің жеке меншігі ретінде иеленуге рұқсат етілді. Екіншіден, сұлтандар мен билер аға сұлтан, болыс, билеушісі т.б. ретінде әкімшілік қызметке тағайындалды. Үшіншіден, сұлтандар мен билер салықтардан және басқа да міндеттерден босатылды. В.В. Григорьев өз хаттарында: «Қазақтармен Орынбор басшылығы сыйлық тарату, асқа шақыру, үнемі кешірім жасау арқылы ғана жұмыс жасай алады», – деп Орынбор әкімшілігі қызметіне өкпесін білдіреді [22, с. 90].

Расында да, Орынбор әкімшілігі ресми қызметтер ұсынып, ақы төлеп және әр түрлі наградалар тапсырып, сыйлықтар тарту етіп елдегі ықпалды тап өкілдерін өздеріне қаратуға тырысқан (медальдар, кафтан, қымбат металдан жасалған бұйымдар және т.б.).

Н.Модестов өзінің жазбасында [29] Орынбор қаласы және оның қалаға айналу тарихымен 1734 ж. Орынбор экспедициясының алғашқы қадамдары жайындағы деректік материалдар береді [23. с. 57-74.].

Қазақстанды зерттеудегі Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің есебінде кітапхана қорына тапсырылған «Татищевтен Неплюевке дейінгі Орынбор өлкесінің отарлануы» атты белгісіз автордың қолжазбасында қазақ даласын отарлаудағы патша әкімшілігінің нұсқауларын жүзеге асырудағы Орынбор өлкесінінің бастықтарының қызметтері туралы айтылады [24, с. 95-99]. Ф. Лобысевич Орынбор өлкесінінің басты бастықтары: И. К. Кириллов, В. Н Татищев, В. А. Урусов, И. И. Неплюев, А. Р. Давыдов, Д. В. Волков, А. А. Путятин, И. А. РейнсдорфС. К. Вязьмитинове, О. А. Игельстром, Н. Н. Бахметов, Г. С. Волконск, П. К. Эссен, П. П. Сухтелен, В. А Перовск, В. А. Обручев, А. А. Катенин, А. П. Безак, Н. А. Крыжанов туралы биографиялық мәліметтер берсе [25, с. 41- 68.], И.В. Чернов жазбаларында [26]. Орынбор генерал губернаторлары:1743-1781 жж. И.И. Неплюеев (1742-1757), О. А. Игельстром (1784-1792, 1796-1798), Н. Н. Бахметов (1798-1803), Г. К. Волконский (1803-1817), П. К. Эссен (1817-1830), П. П. Сухтелен (1830-1833), В. А. Перовский (1833-1842, 1851-1857). В. А. Обручев (1842-1851), А. А. Катенин (1858-I860), А. П. Безак (1860-1864), Н. А. Крыжановский (1864-1881) әкімшілік қызметтері туралы деректер келтірген [26, с. 209-255]. Бұл деректер патша үкіметінің Орынбор бекінісінде қызмет еткен генерал губернаторларының әкімшілік қызметтерінің тарихы патша үкіметінің қазақ даласын отарлаудағы отаршылдық саясаттарының мәнін ашуға мүмкіндік береді.

Орынбор ғылыми мұрағаттары комиссиясының еңбектерінде [27] Кіші жүз қазақтарын әкімшілік басқарудың әдістері туралы, қазақтардың шекарадан өтуіне тыйым салу және жер кәсіпшілігіне үйрету жөніндегі патша үкіметінің жарлықтары туралы мәліметтер бар [27].

Л.Костенконың тарихи очерк зерттеулерінде [28] Қазақстанның және Орта Азияның Ресейге қосылуының саяси, экономикалық және мәдени нәтижелерінің мәселелері қаралады. XVII ғ. бастап Ресейдің Қазақстанмен және Орта Азиялық хандықтармен саяси байланыстарына шолу беріледі. Сонымен қатар, патша өкіметінің Қазақстандағы билігін нығайтудың негізгі саяси актілері, әскери экспедиция және царизм армиясының негізгі әскери операциялары баяндалады [28]. Патша үкіметінің шенеунігі А.Гейнстің мақаласында [29], Қазақ даласында болған іс сапары кезінде жазған жолжазбалары, онда жүріп өткен жолдарындағы Усть-Каменогорск, Семипалатинск, Петропавловск, Көкпекті бекіністері, Аягөз, Лепсинск, Қапал және т.б. бекеттермен елді мекендер туралы жазған. Автор Орынбор, Есіл, Ертіс, Бұқтырма шебінің бекіністерінің құрылыстарымен XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Ресейдің қазақтармен қарым-қатынастары туралы, сібір казактары олардың құрамы жөнінде т.б. мәліметтер қалдырды [ 29 с. 145-178; 305-342.].

А. И. Макшеев Арал экспедициясы жұмысының XVIII ғ. бірінші жартысымен XIX ғ. Арал теңізі туралы мәліметтер сақталған [30, с. 30-61].

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуындағы экономикалық мәселелер тарихына қатысты М.Н. Галкин еңбегінде [31] Орынбор өлкесі қазақтарының тұрақты қоныстары туралы мәліметтер арнайы мәліметтер бойынша Кіші жүз қазақтарының жазғы жайлаулары мен қысқы қыстауларының көші-қон бағыттары жазбаға түсірілген [31, с. 240-250].

Небольсин П. И.Орынборға барған сапарының жазбаларында [32] қазақ және башқұрт әйелдерінің тұрмыс тіршіліктерімен әлеуметтік жағдайларына қатысты салыстырмалы талдау жасайды. Төленгіттер институтының әлеуметттік жағдайына сипаттама береді. Қазақ даласындағы Орынбор айырбас сауда орталығындағы Ресейдің Орта Азиямен саудасының маңызына тоқталады. Жайық өзені мен Каспий теңізіндегі балық шаруашылығының жағдайының маңызы туралы пікірлерін білдіреді. Патша үкіметінің Орынбардан қазақ балаларына арналған мектеп ашу жайы туралы жоспарлары жөнінде деректер береді [ 32, с. 83-113].

Батыстық авторлардың еңбектерінде XVIII-XIX ғасырлардағы Батыс Еуропалық және ресейлік зерттеушілердің қазақ даласына қатысты еңбектерінде қазақ батырлары, соның ішінде тама Есет батыр Көкіұлы оның қайын ағасы табын Бөкенбай батыр Қарабатырұлы және оның ұрпақтары Тіленші, Жоламан тархандар туралы нақты мәліметтер кездеседі. XVIII ғасырдың 30-шы жылдарында Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның ордасында болып қайтқан ағылшын саяхатшысы суретшілік өнері бар Джон Кэстльдің Әбілқайыр ханға қатысты жазбаларында [33] Тама Есет батырдың замандастары – Жәнібек батыр, Бөкенбай батыр, Баймұрат батыр, Бүберек батыр, Асан батыр, Ақмолай батырлар есімдері аталады. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік ерекшеліктеріне назар аударған жазба авторы ханнан басқа старшындар, мырзалар, билер, батырлардың да жарлық беруге құқылы болғанын жазған [33, с.110]. Мәселен, түркі халықтарындағы «батыр» атауын славяндардан естіп, оның ержүрек адам ретіндегі сипаттамасын алғаш жазған XVI ғасырда Московия жеріне елшілікке келген австриялық дипломат барон Сигизмунд (Зигмунд) фон Герберштейн болатын [34].

Патша үкіметі тұсында қазақ тарихына қалам тартқан қазақ ғалымдарынан XVIII-ХІХ ғасырдағы дәстүрлі институттар тарихын тануда Ш.Ш.Уәлиханов [35], Бабажанов С. [36], Ы.Алтынсарин [37], А.Құнанбаев [38] еңбектерінің орны ерекше.

XVIII ғ. қазақ батырларының тархандық атақты Жоңғар хандығы тарапынан алғандығы хақындағы деректі Ш.Уәлихановтан кездестіреміз [35], Автор Арғын Малайсары Бәсентіұлының ХVІІІ ғасырда Жоңғар билеушілерінің тарапынан тархандық грамота алғандығын және оның берілуінің себебін тұтқындағы Абылай сұлтанды босату мақсатындағы елшілік келіс сөздердің нәтижесімен байланыстырады [35].

Осы кезеңде қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттар тарихындағы батырлар және тархандар кезеңін зерттеген Шоқан Уәлиханов та қалам тартты. Ш.Уәлихановтың: «Абылай» [35], «Қазақтардың ежелгі қару жарақтары және әскери жетістіктері», «Жоңғар очеркі, «Сібір қырғыздары ведомствасының сот реформалары туралы жазбалары», «Едіге», «Тәңірі» (Құдай), «Қалдан Сереннің тархандық грамотасы», Шоқан жазбаларының нұсқасынан алынған» «Шона батыр» және де басқа жырлар,«Қазақ көші туралы» аңыздар мен тарихи шежіерелер автордың шығармаларының жинағына енген [35]. Уалиханов өзі өмір сүрген кезеңдегі қазақ қоғамы мен оның билеушілері жайында жазған еңбектерінде «батырлық» терминіне тоқталып:«Батыр – ең маңызды және беделді тұлға, ол соғыста жолбарыстай айбарлы, арыстандай қайратты болуы тиіс. Ол – айтқан сөзі халыққа өтетін, елге ең сыйлы адам», – деп анықтады. «Абылай» атты мақаласында қазақ халқының Ресей мен Қытай секілді екі алып империяның арасындағы тәуелсіздікті сақтап қалу жолындағы қызметі мен ханның өмір сүрген уақытын «Абылай ғасыры қырғыздардың (қазақтардың) жауынгерлік (серілік) заманы болды» деген бағасын берді [35, с. 218]. Сонымен қатар, ол XVIII ғасырдағы батырлар жайындағы ел арасында сақталған әңгімелерді де жинап, өз еңбектерінде қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресінде ерліктерімен танымал болған көптеген батырлардың есімдерін атайды.

Қорыта келгенде, аталған тарихнамалық еңбектердің барлығы ХVІІІ ғ. қазақ қоғамындағы алғашқы қазақ тархандарының қоғамдық-саяси қызметтерімен қазақ қоғамындағы тархандар институтының тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуде жаңаша саралауға, ой-елегінен өткізуге мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Исенов Ө. Қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихы (ХVІІІ-ХІХ ғғ.): 07.00.02. – Тарих ғылымдарының кандидаты ... диссертациясы. – Қостанай, 2009. – 161 б.

2. Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. – СПб., 1865. – 288 с.

3. Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. – Оренбург, 1898; Соныкі, Из киргизской старины. – Оренбург. Тип. Ф. Б. Сачкова, 1900, – 157 с.

4. Витевский В.Н. И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г. – Казань. 1897. Т.1. – 292 с.; Т.2. – 293-616 с.;Т. 3. – 201 с.

5. Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. – Оренбург, 1900. – 524 с.

6. Рычков П.И. История Оренбургская. 1730-1750 гг. / под редакции Н.М.Гутьяра. – Оренбург: Тип.-Лит И.И. Евфимовского – Мировицкого, 1895. – 365 с.

7. Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. – Оренбург: Тип. Бреслина, 1887. – 170 с.

8. Рычков П.И., Рычков Н.П. Капитан жазбалары. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 104 б.

9. Вельяминов-Зернов В.В. Исторические известия о киргиз-кайсатских народах и сношениях России с Средней Азией со времени кончины Абулхайр хана (1748-1765). // Оренбургские губернические ведомости 1853 – № 27. – (С. 119-158). // Оренбургские губернические ведомости. 1853. №4- 48.

10. Букеевской Орде 200 лет. Исторические известия О Киргиз-Кайсаках и сношенияхРосии со Средней Азией со времени кончины Абул-Хайыр хана (1748-1765 г.г.) Описание Киргиз-Кайсак. 1 Книга. Букеевской Орде 200 лет. Издание из 6 книг. Книга 1. – Алматы: изд-во «Өлке». – 2012. – 216 с.

11. Вельяминов-Зернов В.В. Источники для изучения тарханства, жалованного башкирам русскими государями. – СПб., 1865. – 48 с.

12. Крафт И. И.Из киргизской старины. Оренбург. Тип. Ф. Б. Сачкова, 1900.– 157с.; Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. – Оренбург, 1898.; Крафт И.Принятие киргизами русского подданства. Оренбург, 1897. (Известия Оренб. отдела Рус. геогр. о-ва, вып. № 12).

13. Материалы по казахскому обычному праву, собранные чиновником особых поручений Д’ Андре в 1846 году. // Материалы по казахскому обычному праву: сб. Научно-популярное из-дание / сост. Т.М. Култелеев, М.Г. Масевич, Г.Б. Шакаев. – Алматы: Жалын, 1998. – с. 343.

14. Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. (Перевод с французского) Предисловие Н.А.Халфина. – М.: Главная редакция восточной литературы издательства «Наука», 1975. – 180 с.

15. Бларамберг И.Ф. Военно-статическое обозрение земли киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевский) и Зауральской (Малой) Орды Оренбургского ведомства. // Военно-статическое обозрение Российский империи. Т. 16. Ч. 1, – СПб., 1848. – 322 с.

16. Описание Западной сибири. Т.3. Сибирско-киргизсккая степь. Соч. Ипполита Завалишина. – Москва, Университетский типографий, (Катков и Ко)1867. – 145 с.

17. Описание киргиз-кайсак. Составитель И.Казанцев. – Санктпетербургь. Типография Товарищества «Общественная Польза». 1867. – 231 с.

18. Балкашин Н.Н. О киргизах и вообще о подвластных росии мусулманах. – С-Петербургь. Типография Министерства внутренных дел. – 1887. – 56 с.

19. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с.

20. Добросмыслов А. И. Материалы по истории России. - Сборник указов и других документов, касающихся управления и устройства Оренбургского края. 1734 год. Т. 1. – Оренбург, 1900. – 303 с.; Известия о-ва археол., ист. и этногр. при Казанском ун-те, Т. 16, вып. 2, 1900 – 252 c.

21. Григорьев В.В. Русская политика в отношении к Средней Азии. Исторический очерк. – СПб., 1874.

22. Веселовский Н.И. Василий Васильевич Григорьев по его письмам и трудам 1816-1881 гг. – Спб., 1887. – 288 с.

23. Модестов Н.Основание г. Оренбурга и первоначальное благоустройство его. (О первых шагах деятельности Оренбургской экспедиции 1734 г.). – Труды Оренб. уч. архивной комиссии, вып. 35, 1917. – 57-74 c.

24. Отчет о действиях Оренбургского отдела императорского Русского географического общества за 1874 год. – Известия Оренбургского отдела Русского географического общества, Т. 11, отд. 1, 1875. – 95-99 c.

25. Лобысевич Ф. Главные начальники Оренбургского края 1734-1870. – Военный сборник, 1872, № 5, – с. 41-68.

26. Чернов И.В. Записки Ивана Васильевича Чернова. – Труды Оренб. уч. архивной комиссии, вып. 18, 1907, с. 14-224, 22 табл. илл. в тексте.

27. Архив бывшего Оренбургского генерал-губернаторского Управления. Вып. 1. Указы Оренбургским военным губернаторам императрицы Екатерины II (1764) и императора Павла I (1797-1800). – Оренбург, 1889, 69, 29. 6 с. – (Труды Оренбургской Ученой архивной комиссии, выпуск 1).

28. Костенко Л.Исторический очерк распространения русского вл'адычества в Средней Азии. – Военный сборник, 1887, № 8, с. 145-178; № 9, с. 5-37; № 10, с. 139-160; № 11, с. 5-35. Библиогр. в подстроч. прим.

29. Гейнс А. К. Киргизские очерки. – Военный сборник, 1866, № 1, с. 145-178; № 6, с. 305-342; № 7.

30. Макшеев А. И.Описание Аральского моря. – Записки Рус. геогр. о-ва, кн. 5, 1851, – с. 30-61.

31. Галкин М.Н. Сведения о местах расположения киргизских родов Оренбургского края. Зимние и летние их кочевья. (Поофициальным данным). – Записки Рус. геогр. о-ва. По отд. этногр., Т. 1, 1867, с. 240-250.

32. Небольсин П. И.Отчет о путешествии в Оренбургский и Астраханский края. – Вестник Рус. геогр. о-ва, ч. 4, кн. 1, отд 51852, с. 1-34; кн. 2, отд. 5, с. 83-113.

33. Кестль Джон. Дневник путешествия в 1736-м году из Оренбурга к Абулхаиру, хану Киргиз-Кайсацкой Орды. (Пер. с нем. В.Штаркенберга, В.Скорого (регистр). – Алматы: Жибек жолы, 1998. – 152 с. 13 ил.

34. Герберштейн С. Записки о Московии. – М.: МГУ, 1988. – 430 с.

35. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2 бас. – Алматы: Жазушы, 1985. – 258 б.; Валиханов Ч.Ч. Соб.соч. в пяти домах, Т.4. – Алматы, 1985. – 258 с.

36. Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 80 б.



37. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 80 б.

38. Құнанбаев А. Шығармалар. Екі томдық. – Алматы: Жазушы, 1968. Т.1. – 320 б.; Т. 2. – 250 б.
: edu.history -> media -> upload
upload -> 1916 ж., Түркістан: патшалық отаршылдық жүйе дағдарысы
upload -> Талдыбаев ж. ҚАзақ халқЫ: КӨші-қон тарихының демографиясы
upload -> «Қозы көрпеш – баян сұЛУ» эпосы көне дүниенің кескіндемелі қолданбалы өнерінде
upload -> Досекеева К. А. Ахатаева К. Б
upload -> Балтабаев е. Ж
upload -> ҚазақТЫҢ ДӘСТҮрлі қару– жарақтары түйіндеме
upload -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
upload -> Ашимбаева ф. Е
upload -> Н. Н. ҚҰрманалина әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторанты Т.Ә. ТӨлебаев
upload -> Сырым Нұғыманов




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет