Қазақ тiлі тест 2012 І нұсқа Әдеби тілдің формаларын көрсет



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/4
Дата30.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4

testent.ru Page 30.06.2016

Қазақ тiлі тест 2012
І нұсқа


  1. Әдеби тілдің формаларын көрсет

а) жазбаша с) жазбаша, ауызша

в) ауызша д) формалары жоқ

е) берілген жауаптардың бәрі дұрыс


  1. Қазақ тіліндегі «әдеб» сөзі қандай сөздің негізінде жасалған?

а) мәдениет в) сөз әдебі с) әдебиет

д) сөз сөйлеу мәнері е) әдеп



  1. Тіл қаруы - ... , сөз қаруы –ой

а) сөйлеу в) шешендік с) ойлау

д) сөз д) ақыл



  1. Мәтіннің құрылымы

а) сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан

в) сөздерден, тақырыптардан

с) сөйлемдерден, әріптерден

д) жай және күрделі сөйлемдер

е) берілген жауаптардың бәрі дұрыс


  1. Мәтіннің құрамындағы сөздердің байланысу түрлері

а) тақырып бойынша, негізгі ой бойынша, айқын идея арқылы

в) тек тақырып бойынша

с) тек айқын идея арқылы

д) негізгі ой және тақырып бойынша

е) тақырып және негізгі ой бойынша


  1. Мағына дегеніміз не?

а) сөздің сыртқы қабығы в) сөздің жалпы формасы

с) сөздің жасалу жолдары д) сөздің ішкі мазмұны

е) сөздің айтылу мәндері


  1. «Елу» деген сөздің бастапқы түрі қандай болған?

а) леу в) елудей с) елліг д) оғл е) оғул

  1. Лексикалық мағынасы бар сөзді көрсет

а) бар, ғой, ілк в) кел, мет, шырақ

с) хол, решд, бас д) бас, өмір, шырақ

е) шырақ, решд, өмір


  1. «Малай» сөзінің қазақ тіліндегі мағынасын тап

а) бала в) қызметші, жалшы с) қызметкер

д) ұл, қыз е) қырқыл



  1. Қазақ тіліндегі көкпар сөзінің құрамын көрсет

а) көк және ат в) көк тұлпар с) көк және жылқы

д) ат ойын е) көк және бөрі



  1. Тура мағына дегеніміз не?

а) Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы

в) Сөздің затты я құбылысты тұспалдап білдіретін мағынасы

с) Сөздің затты я құбылысты атап, тұспалдап білдіретін мағынасы

д) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

е) Сөздің затты я құбылысты баяндайтын мағынасы


  1. «Күннің көзі» дегендегі көз қандай мағынада қолданып тұр

а) тура мағынада в) тура және ауыспалы мағына

с) туынды мағына д) ауыспалы мағына е) тұспал мағына



  1. Берілген тіркестер құрамындағы «терең сөзінің тура мағынада тұрғанын көрсет»

а) терең білім в) терең сезім с) терең ой

д) терең құдық е) терең ақыл



  1. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын не дейміз?

а) сөздің тура мағынасы в) сөздің көп мағыналығы

с) сөздің ауыспалы мағынасы д) сөздің бір мағынасы

е) сөздің жауаптарының бәрі дұрыс


  1. «Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады» деген мақалда ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіздер

а) тауып в) айтады с) білмеген

д) қауып е) білген



  1. Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобы

а) синонимдер в) антонимдер

с) омонимдер д) көп мағыналы сөздер

е) тура мағыналы сөздер


  1. Түбір не сөздерге жұрнақтар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер

а) тура омонимдер в) омонимдер ұясы

с) түбір омонимдер д) жасанды омонимдер

е) туынды омонимдер


  1. Омонимдерді тап

а) әдемі, көркем сұлу

в) ат болады деп Бұрылды, мақтады, оның аты Асан

с) қысқа, ұзын, ақ, қара

д) әдемі, ұзын, қысқа, көркем

е) тәтті, ащы


  1. Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер

тобы?

а) синонимдер в) антонимдер

с) көп мағыналы сөздер д) омонимдер

е) тура мағынасындағы сөздер



  1. Сын есімдерден болған синонимдерді көрсет

а) оң, сәлемдесу, түр, түс

в) тез, амандасу салмақты, шапшаң

с) салмақты сабырлы, байыпты, ұстамды

д) ұстамды, байыпты, ажар, кескін

е) түс, келбет, пішін рең, дидар

ІІ нұсқа


  1. Зат есімдерден болған омонимдерді тап

а) амандасу, тез, жылдам

в) салмақты, сабырлы, тез

с) өң, түр, түс, келбет, пішін

д) амандасу, сәлемдесу, еселдесу

е) тез, жылдам, шапшаң


  1. Етістіктерден болған синонимдерді көрсет

а) өң, қол, түс, келбет, пішін

в) салмақты, сабырлы, байыпты

с) тез, жылдам, шапшаң, лезде

д) амандасу, сәлемдесу, есендесу

е) тез, салмақты, есендесу


  1. Үстеулерден болған синонимдерді көрсет

а) амандасу, сәлемдесу, есендесу

в) тез, жылдам, шапшаң, лезде

с) салмақты, сабырлы, байыпты

д) ажар, көрік, әлпет, кескін

е) пішін, жылдам, есендесу


  1. «Ғажап» сөзінің синонимін табыңыз

а) сұлу в) ұсқымсыз с) өкінішті

д) керемет е) әдемі



  1. Жаз бен қыс қасарысып, қарсыласып, айтысты.

Сөйлемдегі синонимдерді тап

а) жаз бен қыс в) қасарысып, қарсыласып

с) қарсыласып айтысты

д) қыс, қасарысып е) жаз, айтысты



  1. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер тобы

а) антонимдер в) синонимдер с) омонимдер

д) көп мағыналы сөздер е) қос сөздер



  1. Антоним сөздерді тап

а) көрікті, әлем в) ат, ажал с) үлкен-кіші

д) бай, дастархан е) үлкен, үлкендеу



  1. Болымды-болымсыздық мағынадағы антонимді тап

а) жақсы-жаман в) ал-бер с) сулы-құрғақ

д) жақсы-жаман емес е) көңілді-қапалы



  1. Биік сөзінің антонимін тап

а) аласа в) сары с) ақ д) биіктеу е) ұзын

  1. Синонимдік қатарды көрсетіңіз

а) батыл, қорқақ, сыйлық, ала

в) амандасу, сұлу, дастархан

с) батыр, батыл, қаһарман, ер жүрек

д) ұзын, қысқа, ақ, қараша

е) әдемі, ажарсыз, адамның


  1. Табу қандай ұғыммен байланысты?

а) этнографикалық в) этнолингвистикалық

с) лексикалық д) синонимдік

е) берілген жауаптардың бәрі дұрыс


  1. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тиым салынған сөздер тіл білімінде қалай аталады?

а) эльфилизм в) синоним с) омоним

д) табу е ) антоним



  1. Тіліміздегі дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айтуды не дейміз?

а) дисфемизм в) эвфемизм

с) табу д) синоним е) астарлап айту



  1. «Мылжың» сөзінің эвфемизімін ата

а) қосып айту в) қолды болды

с) сөзуар д) ала жібін аттамау

е) өтірік айту


  1. Әдепті сөзді дөрекі сөзбен жеткізу құбылысы

а) дисфемизм в) эвфемизм

с) табу д) синоним е) астарлап айту



  1. Дисфемизм мағынасы жағынан қай құбылысқа қарама-қарсы келеді?

а) антонимдер в) синонимдер

с) эвфемизм д) омонимдер

е) берілген жауаптардың дұрысы жоқ


  1. Тұрақты тіркестердің анықтамасын көрсетіңіз

а) Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер

в) Біріккен дыбыстардан айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер тобы

с) Мағынасы бір-біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталатын сөздер

д) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

е) Екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері


  1. Тас бауыр деген тұрақты тіркестің мағынасын табыңыз

а) ақылды в) мейірімсіз с) ақымақ

д) қорқақ е) батыр



  1. Қорқақ деген сөздің фразеологизмін табыңыз

а) тас бауыр в) тайға таңба басқандай

с) қас қараша д) су жүрек

е) ит жүрісін басына қаптады


  1. Тұрақты тіркесті құрайтын сөздерді ауыстырып немесе басқа сөзбен алмастыруға болады ма?

а) ия в) мүмкін

с) кейде болады д) болмайды

е) мағынасына қарай ауысады

ІІІ нұсқа


  1. «Көз ілмеді» фразеологизмінің синонимдік баламасын табыңыз

а) тас қараңғы

в) көрер таңды көзімен атырды

с) қыздың жиған жүгінде

д) ит жүрісін басына қаптады

е) азар да безер болды


  1. Тұрақты сөз тіркесінің антонмдік жұбын табыңыз

а) көзді ашып жұмғанша – ұзын арқан

в) көзді ашып жұмғанша – қас пен көздің арасында

с) көзді ашып жұмғанша – ит арқасы қиянда

д) ұзын арқан – кең тұсау

е) ауызды жиып алғанша – көзді ашып жұмғанша


  1. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайтын сөздер тобы дегеніміз не?

а) фразеологизмдер в) синонимдер с) антонимдер

д) мақал-мәтелдер е) мақал



  1. Мақалды табыңыз

а) Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда

в) Біреу тоңып секіреді, біруе тойып секіреді

с) Көзді ашып жұмғанша

д) Кең болсаң, кем болмайсың

е) Ит өлген жер


  1. Ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болатын сөздер тобы

а) мақал-мәтелдер в) мақал с) мәтел

д) синонимдер е) фразеологизмдер



  1. Туыстықты білдіретін атауларды көрсетіңіз

а) ет, сүт, айран, қымыз, т.б.

в) ата, ана, нағашы, жиен, аға, т.б.

с) күн, ай, жел, бұлт, тау, т.б.

д) жеңіл, ащы, тұшщы, жылы, т.б.

е) кел, бар, кет, сөйле, күл, т.б.


  1. Заттардың түр-түсін, сапасын білдіретін атаулар

а) қызыл, жасыл, қалың в) ата, ана, нағашы, т.б.

с) күн, ай, жен, т.б. д) жеңіл, ащы, тұщы, жылы, т.б.

е) кел, бар, кет, т.б.


  1. Қимыл-қозғалысқа, әрекетке қатысты сөздер

а) ет, сүт, айран, т.б. в) ата, ана, нағашы, т.б.

с) жел, топырақ, ағаш, т.б. д) дәмді, тұщы, қою, т.б.

е) кел, бар, кет, отыр, сөйле, т.б.


  1. Тамаққа қатысты атаулар

а) ет, сүт, айран, қымыз, т.б. в) ата, ана, нағашы, т.б.

с) жел, топырақ, ағаш, т.б. д) дәмді, тұщы, қою, т.б.

е) жеңіл, ащы, жылы, т.б.


  1. Қазан, ожау, қасық т.б. сөздердің мағыналық қай тобына жатады

а) тұрмыс қажетіне қатысты атаулар

в) сал атаулары с) есімдіктер

д) анатомиялық атаулар е) аң-құс атаулары


  1. Сөздік құрам дегеніміз не?

а) тілдегі сөздердің құрамы

в) тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы

с) тілдегі сөздердің сыртқы пішіні

д) тұрақты сөз тіркестері е) антонимдер



  1. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?

а) 3 в) 4 с) 2 д) 5 е) 6

  1. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылуы жағдайына қарай қандай сөздерге бөлінеді?

а) кәсіби, диалектизмдер в) антонимдер, синонимдер

с) жиі қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер

д) термин сөздер, ауыз екі тілге тән қарапайым сөздер

е) кәсіби сөздер мен терминдер сөздер



  1. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлігін қандай сөздер құрайды?

а) термин сөздер

в) қазақтың байырғы жөн сөздері

с) диалектизмдер

д) ауыз екі тілге тән қарапайым сөздер

е) неологизмдер


  1. Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ған кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді ... дейміз

а) антонимдер в) фразеологизмдер с) көнерген сөздер

д) тарихи сөздер е) сөздік құрам



  1. Қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар дегеніміз не?

а) антонимдер в) фразеологизмдер с) көнерген сөздер

д) тарихи сөздер е) сөздік құрам



  1. Тарихи сөздерді табыңыз

а) хан, патша, уәзір в) әдемі, көркем, сұлу

с) мен, жаз, өлең д) қызбала, ұл е) ескі, көне



  1. ...... – халықтың тұрмыс тіршілігін, салт-сана, әдет ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отыруға немесе ескіріп кеткен сөздер

а) көнерген сөздер в) архаизмдер с) тарихи сөздер

д) фразеологизмдер е) синонимдер



  1. Архаизмдерді табыңыз

а) уәзір, би, сұлтан, аға в) итшабақ, балық, шортан

с) торқа, биқасап, дүрия д) торқа, уәзір, дүрия

е) дүрия, сұлтан, аға


  1. Мата атауларына қатысты архаизмдер

а) велюр, қыжым, шыт в) биқасап, дүрия

с) атлас, шәйі, барқыт д) мақпал, шибарқыт

е) берілген жауаптардың бәрі дұрыс
ІV нұсқа


  1. Жаңа сөздер немесе неологизмдердің анықтамасын табыңыз

а) тілдегі тұтас сөздердің жиынтығы

в) қолданыстан шығып қалған сөздер

с) белгілі бір кәсіпке байланысты сөздер

д) тілдегі жаңа ұғымды білдіретін сөздер



  1. Банкіден несие алып, соның ақшасына оқытып жатырмыз.

Сөйлемнен жаңа сөзді тап

а) соның в) несие с) ақша

д) алып е) оқытып


  1. Жалпылама лексиканың анықтамасын табыңыз

а) бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінетін сөздер

в) тілдегі тұтас сөздер жиынтығы

с) мағынасы қарама-қарсы сөздер

д) мағыналары жуық, жазылуы басқа-басқа сөздер

е) қолданыстан шығып қалған сөздер


  1. Жалпылама лексикаға жататын сөздер несімен ерекшеленеді

а) қолданыстан шығып қалуымен

в) белгілі бір жерде ғана қолданылуымен

с) жалпы халыққа түсініліктілігімен, анықтылығымен

д) қолданылу аясы тар болуымен

е) берілген жауаптардың бәрі дұрыс


  1. Басқа тілден енген сөздерді қалай атаймыз?

а) неологизмдер в) кірме сөздер

с) фразеологизмдер

д) терминдер е) архаизмдер


  1. Арап-парсы тілдерінен енген сөзді тап

а) адам, әтеш в) мәдениет, Зайсан

с) тәрбие, пән д) тарих, әдебиет

е) телефон, телеграф


  1. Монғол тілінен ел билеуге байланысты енген сөздер

а) тарихи, мәдениет в) ұлыс, жасақ

с) пионер, қоғам д) аймақ, жарлық

е) емтихан, сіріңке


  1. Монғол тілінен жер-су атауларына қатысты сөзді тап

а) білім, ғылым в) Баянауыл с) ұлыс

д) Тарбағатай е) ұшақ, тік ұшақ



  1. Орыс тілінен енген кірме сөзді табыңыз

а) адам в) кәмпит, сөмке

с) кереует, жәшік, пән

д) ұлыс, көнер е) емтихан


  1. Белгілі бір тілдегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді қалай атаймыз?

а) диалект в) термин с) неологизм

д) көнерген сөз е) архаизм



  1. Диалект сөздер жалпы халықтық сөздер болып есептеледі ме?

а) ия в) белгісіз с) есептелмейді

д) кейде есептеледі е) дұрыс жауап жоқ



  1. Әдеби тілдегі «тәртіп» сөзі Орал обылысында қандай мағынада қолданылады?

а) сұлу, әсем в) бұзық, тентек

с) нұсқау, бұйрық д) жер аудару е) нұсқау, сілтеме



  1. Әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында қалай айтылады?

а) сым в) қоржын с) шалбар

д) еркекшора е) жемелтай



  1. Дардай адаммен қалай тобелесесің?

Сойлемнен диалект сөзді тап

а) адам в) дардай с) қалай

д) төбелес е) диалект сөз жоқ


  1. Жалпы халықтық тілге айналған диалектизмдер

а) тұқым, жар, жұмыртқа в) нұсқау, бұйрық, тәртіп

с) қабырға, жар, ұғым д) жейде, ұжым е) сым, жұмыртқа



  1. Көктем келіп табиғат ояна бастады.

Сөйлемнен диалект сөзді тап

а) көктем в) келіп с) табиғат

д) ояна е) бастады


  1. Сүгірет, ішқұста, бәдірен диалект сөздерінің әдеби баламаларын табығыз

а) сүгіреттей, ішқұста, бадыран

в) сурет, ішқұса, қияр

с) бадыран, сүгірт, ішқұса

д) сурет, ішқұста, бадран

е) сурет, ішқұста, бадыран


  1. Жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі-бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер

а) термин сөздер в) фразеологизмдер с) кәсіби сөздер

д) тұрақты сөз тіркестері е) омонимдер



  1. Термин сөздердің анықтамасын табыңыз

а) жұрттың бәріне түсінікті бола бермейтін, беолгілі-бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын сөздер арасында ғана айтылатын сөздер

в) Ғылым, техника, өндіріс және тағы басқа саласындағы арнаулы ұғымдар мен заң атауларын білдіретін сөздер

с) Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін ғылым

д) Мағынасы жуық, бірақ жазылуы әр басқа

е) Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер


  1. Сөздің тура мағынасын табыңыз

а) Ақылға аздап тізгін берейін. в) Кедейлерге тізгін тиіпті

с) Майор мені таныды да, аттың тізгінін тартты.

д) Жатқа тізгін бермеңіз.

е) Той тізгінін ұстау жабаға берілді.



V нұсқа


  1. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз

а) Тұйғын – лашын тұқымдас құс

в) Қолымызға тұйғын алып жолға шықтық

с) Қаршыға, тұйғын қай жақта болса да кездеседі

д) Тұйғын алғыр келеді.

е) Ол өзі жаста болса тұйғын қыз.


  1. Омоним сөз қатысқан сөйлемді табыңыз

а) Сүтсіз сиыр сүзеген в) Атты адам аңды атты

с) Азғын бұзау – жүдеу бұзау д) Мал баққанға бітеді

е) Жалқау өрім жау


  1. Синоним сөздерді көрсетіңіз

а) қашық, алыс, шалғай в) сатушы, оқушы

с) ән, күй д) сауатты, сауатсыз

е) сағыныш, алданыш


  1. Антонимді табыңыз

а) жекпе-жек в) жүрдім-бардым с) жора-жолдас

д) іле-шала е) жиі-сирек



  1. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз

а) жер нәрі в) бұйра шаш

с) есею жылдары д) жаңа туған

е) маңдайы тасқа тию


  1. Мәтелді көрсетіңіз

а) Кең болсаң кем болмайсың

в) Әке жүрегі таудан үлкен, шеше жүрегі теңізден терең

с) Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда

д) Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде

е) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл


  1. Көнерген сөзді табыңыз

а) хан в) мектеп с) компьютер

д) ксерокс е) ғарыш



  1. Неологизмді көрсетіңіз

а) аға сұлтан в) патша с) банк

д) қызыл әскер е) лашық



  1. Орыс тілінен енген сөзді көрсетіңіз

а) кереует в) ғылым с) жарлық

д) жасақ е) нан



  1. Диалект сөздер дегеніміз не?

а) Басқа тілден енген сөздер

в) Белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер

с) Тілде жаңа ұғымдарын білдіретін сөздер

д) Қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер

е) Ғылым, өндіріс және тағы басқа саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атаулдарын білдіретін сөздер


  1. Антоним дегеніміз не?

а) Мағыналары бір-біріне жақын, әр түрлі дыбысталатын сөздер

в) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер

с) Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер

д) Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздер

е) Белгілі бір кәсіппен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер


  1. Антонимдік жұпты көрсетіңіз

а) дау-талас в) бүтіндей-жалпақ

с) есею-өсу д) дауысты-дыбысты

е) бөтен-таныс


  1. Диалект сөздер дегеніміз не?

а) Басқа тілден енген сөздер

в) Белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер

с) Тілде жаңа ұғымдарын білдіретін сөздер

д) Қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер

е) Ғылым, өндіріс және тағы басқа саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атаулдарын білдіретін сөздер


  1. Қай сөз ауыспалы мағынада қолданылады?

Сенің шешен болғаның

Шер балықтың арқасы

Сенің көсем болғаның

Ер халықтың арқасы

а) сенің в) шешен с) халықтың

д) көсем е) арқасы


  1. Тұрақты сөз тіркесін көрсет

а) жазғы жайлау в) жол торабы

с) жұлдызы қарсы болу д) таза жүру

е) әдемі қыз


  1. Омоним болатын сөз қайсы?

а) дәрігер в) терезе с) ара

д) кітап е) көпір



  1. Қай сөз антоним бола алмайды?

а) сары в) ақ с) үлкен

д) алыс е) жаман



  1. «Анық» деген мағынасын білдіретін тұрақты сөз тіркесін көрсет

а) ит арқасы қиянда в) жүрегі тас төбесіне шығу

с) тайға таңба басқандай д) жүрегінің түгі бар

е) қас пен көздің арасында


  1. Синоним сөздер тізбегін көрсет

а) егін, дала, егіс в) турашыл, әділ, шыншыл

с) қуаныш, мақтаныш д) ала, қыз, әпке

е) әке, бала, ата


  1. Фразеологизм емес сөз тіркесін тап

а) адам жүрек в) қоян жүрек с) су жүрек

д) ит жүрек е) тас жүрек



VІ нұсқа


  1. Ауыспалы мағынаны тап

а) Таразға тартып өлшейік

в) Біздер үшін табыс таразысы – төл

с) Таразыладрдың дұрыстығы күнде тексеріледі

д) Таразыға тұрып салмағын өлшеді

е) Таразға тартқан кезде білмеіз


  1. Мақалдардан антоним сөздерді тап

а) Отан – оттан да ыстық

в) Мектеп – кеме, білім –теңіз

с) Жігіттің екі сөйлегені – өлгені

д) Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді

е) Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат


  1. : ld
    ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
    ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
    ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
    ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
    ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
    ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
    ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
    ld -> Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі


  1   2   3   4


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет