Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А



жүктеу 67.39 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі67.39 Kb.



ӘОЖ 811.512.122:39


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «АҚ», «ҚАРА» СӨЗДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Құрбанов А.Г., Қайырбекова Ұ.Ж., Үкібасова Ғ.А.

ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан


Резюме

В этой статье рассматриваются проблемы образования пословиц и поговорок в казахском языке с помощью слов «белый», «черный»
Summary

The article deals with the problem of Kazakh proverbs and sayings building by means of “white” and “black” lexical units.
«Тіл – адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді. Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, ұлт үшін де қымбат. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айдай анық көрініп тұрады», - дейді Мағжан Жұмабаев.

Түркі тілдердің барлығына ортақ сапалық сын есімдер деп аталатын негізгі сын есімдер өздерінің табиғаты бойынша заттың сан түрлі сыр- сипатын білдіреді. Бұндай сапалық сын есімдер салыстырылған тілдерде лексикалық-семантикалық мағыналармен атқаратын қызметі бойынша бір-біріне ұқсас екендігі сезіледі [1, 50 б.].

Мысалы: Қиылған қара қасы, қарақаттай мөлдіреген қара көзі, қолаң қара шашы үйдің қараңғылығын қоюландырып тұрғандай (Ә.Әбішов) Осы сөйлемдегі қара сапалық сын есімі барлық тілдерде, ескі Орхон-Енисей жазуларында, әдеби мұралар тілінің барлығында да осы мағынада, ақ сөзінің антонимі ретінде қолданылады. Ал қазіргі қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түркімен тілдерін салыстырып, оның даму жолын көзден өткізсек, оның қолдану сферасы әлдеқайда кеңейгендігін көреміз. Қара сөзі тек қана сын есім болып реңді білдіріп қоймай, ауыспалы мағынада қолданылады. Мысалы, түрікімен тілінде «Гара кече ак болмаз, көне душман дост болмаз» (Мақал). «Гайраны үзүмчилиги четинде бир гара гөрунди» (Молла Мурат Сайланан эсерлер). Сол сияқты гара багыр, гара йурек, гара гүн, гара иш, гара багт, гара готаз, гара башы, гара гыш, гара гөз, гара денен, гара гөрнүм, гара гуйч, осымен қатар гара басмак, гара салмак, гара сув болмақ, зараңы ювмақ, гарасы йитмек т.б. болып қолданыла береді.

Қазақ тілінде қара бет, қара жүрек, қара дүрсін, қара жаяу, қара көлеңке, қара кер, қара суық, қара тер, қара торы сияқты сан алуан мағынада қолданылады.

Сол сияқты қара сын есімнің антонимі-ақ ақ сақал, ақ шаш, ақ киім, ақ үй, ақ ниет, ақ жүрек, ақ бейіл ақ сұр, ақ құба, ақ бурыл, ақ сүт сияқты болып қолданылып, заттың сынын - реңін білдіреді:

Ақ киімді, денелі ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті-басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай)

Қазақ тілінде, басқа да түркі тілдер сияқты ақ сөзінің мағынысы да, қолданылу сферасы да дамып кеңейткенін көреміз.

Сол сияқты «Оқыған білер әр сөзді, надандай болмас ақ көзді». (Абай) «Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз» деген сөйлемдерде ақ көз (надан), ақ ниет деген сөздер ауыспалы мағынада қолданылып кеткендігін көреміз.

Түрікмен тілінен мысал келтірейік: «Бир энеден ак да догар, гара да догар». (Мақал) (Бір енеден ақ та, қара да ауар, немесе бір енеден ала да, құла да туады.) «Ак гүнде агарарсың, гара гүнде гараларсың». (Мақал) (Ақ күнде ағарарсың, қара күнде қараярсың) «Сакгалың агы- өлүмиң хабары».» Ак гирсе де, аң гирмеген». (Мақал) Ақ кірсе де ақыл кірмеген [2, 23 б.].

Ақын-жазушылар «ақ», «қара» сөздерін өздерінің шығармаларында жақсылық пен жамандықты, әділет пен әділетсіздікті, достық пен араздықты, ақылдылық пен надандықты т.б. өмірдің түрлі салаларында кездесетін жағымды-жағымсыз әрекеттерді бейнелеуге қазақ тілінің байлығынын шұрайлы сөздерін көркем сөздерде шеберлікпен пайдалану арқылы ұлттық дүниетанымды, қазақ ұлтының «тілдік айнасын» көрсеткен.

Мақал-мәтелдер - халық шығармасының төл жемісі. Әуелі әрбір жеке адам ойлап шығарғанымен, жүре-бара олардың авторы ұмытылып кетеді де, жұрт сынынан өткенде ол халық қазынасына – ауыз әдебиеті шығармаларына айналып отырады. Осыдан барып мақал-мәтелдер көбінесе «халық даналығы» деп аталады. Көне түркі тілдерінде «аталар сөзі» деп те атайды, яғни мақал-мәтелдер атадан балаға мирас болып келе жатқан қазына деген сөз.

Мақал-мәтелдер этнолингвистикалық арнаның ең құнарлы бұлақтарына жатады. Әрбір мақал мен мәтелдің бойына этнос болмысына, оның рухани заттық (материалдық) мәдениетіне, дүниетанымына, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сеніміне т.б. қатысты бай информация жинағанын ескерсек, олардың этнос болмысын танып-білуге қосар үлесі зор. Фразеологизмдер сияқты, мұнда да күрделі мәселе – мақал-мәтелдердің тілде пайда болу факторлары мен дами келе адамға (оның сын-сипатына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, қалып-күйіне т.б. қасиеттеріне) ауысу мотивтерін тап басып, дәл айқындау, мән-жайын таратып, түсіндіру. Бір-ақ мысал: «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал «отбасында қандай тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге көрсең, өсіп-жеткенде де соны істейсің» деген ауыс мағынада бүгінгі педагогикалық тұжырымдаманың негізіне айналып отыр [3, 44 б.]. Этнолингвистика болса, міне, осындай құбылыстың мән-жайын түсіндіруге тырысады. Мәселен, осы мақалдың өзін алсақ, ол о баста қыран құстар өмірін байқаудан туып, саяткерлер лексиконында қолданылған жай тіркес болған. Шынында да, бүркіт өз балапандарын құз-қиядағы ұясында түлеп, қара қанат болып ұшқанға (өз тамағын өзі тапқанға) дейін сол төңіректегі барлық аң-құстардың, мал төлінің етімен қоректенуге тырысқан. Бұл жәйт мақалда «отбасындағы көрген тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі» мағынасына баланып отыр. Ал, бала бүркіттің өсіп, қыран болғанда «иісін алып, дәмін татып, құштарлана жеген аң-құстарды көбірек ілетіні» ауыс мағынасында «баланың өскенде де отбасында көрген үлгі-өнегесін істейтін әдетіне» айналып отыр.

Міне, осы тәрізді мағыналық өзгерістерді біз кез келген мақал-мәтел табиғатынан байқаймыз. Осы сияқты өзгерістердің тілдік, тетіктері мен мотивтерін айқындап, оларды «тірек» сөздер арқылы тақырыптық топтар жүйесіне енгізу, түсіндіру тағы да сол этнолингвистиканың ең бір күрделі міндетіне жатады [4, 23 б.].

Осы күнгі түркі халықтарын мамандар ХІV-XVI ғасырларда бөлініп, өз алдына отау тігіп кеткен елдер деп есептейді. Көптеген түркі тілдерінде ХV-XVІI ғасырларда жазылып қалған мол мұралар күні бүгін өмір сүріп келетін болғандықтан бұл жұмыста алдымен оларға орын беріп отырмыз. Атап айтсақ, Ю.Баласағұни, С.Сарайидің «ақ» және «қара» сөздерімен келетін мақал болып кеткен нақыл сөздерінен, көне жазу ескерткіштерінен алынған нақыл сөздер мен бүгінгі күні халық аузында ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан мақал-мәтелдерді де беріп отырмыз.

«Ақ», «қара» сөздеріне байланысты даналар сөзі

Қара халық қапы кетсе, басынан айрылар (Ю.Баласағұни)


Қара халықтың қарны тойса, тілінен ерік кетеді (Ю.Баласағұни)
Қара судан нәр шықпас қайнатқанмен (Алтын шехіре)
Қара күшпен байлық жимайды,

Тек тілекпен бек болмайды (С.Сарайи).


«Ақ», сөзіне байланысты халық мақалдары

Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,

Шын жақсылық ашуы бар, кегі жоқ.
Ақ айналар, қара байланар.
«Ақ» дегені – алғыс,

«Қара» дегені – қарғыс.


Ісің ақ болса,

Құдайың жақ болады.


Жорғаң қатты болса, бәске сал,

Ісің ақ болса, көпке сал.


Ақ пейілдің аты арымайды, тоны тоны тозбайды.
«Қара», сөзіне байланысты халық мақалдары

Қара бет болып қашқаннан,

Қайрат көрсетіп өлген артық.
Қара иттің ұяты ақ итке тиер.
Қара құс басып жейді,

Сүңқар шашып жейді.


Қара жерді жамандама

Қайтып сонда барарсың

Қауым елді жамандама

Қарғысына қаларсың.


Фразеологизмдерден кейін халықтың ұлттың ерекшелігін аңғартатын ұлан-ғайыр қор – мақал-мәтелдер. Мұнда халықтың ғасырлар бойы өмірден түйген өзіндік ақыл-ойы, парасат танымы, өмірлік қағидалары мен философиясы жатыр.

Ұлт топырағында тамырланып нәр алған халық тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер ғана ұлт ерекшелігін, менталитетін айқындап бере алады. Ұлттар ерекшелігін, менталитетін идеология әйнегі емес, өз болмысын дұрыс танып білуге этнолингвистика саласы қызмет етеді.

Қорыта келе айтарымыз, «ақ» сөзіне байланысты халық мақал-мәтелдері жақсылықты адалдықты, әділдікті, тазалықты, ақылдылықты бейнелеуде пайдаланылса, «қара» сөзіне байланысты мақал-мәтелдер қара ниеттілікті, қара беттілікті, қара көңілділікті білдіруде, сонымен бірге қарғыс айтуда да пайдаланылады.

Қазақ халқының белгілі ақан-жазушылары қазақ ұлтының тұрмыс-тіршілігін бейнелеуде қазақ тілінің бар байлығын, шұрайлы сөздерін көркем сөзде асқан шейділікпен қолдану арқылы ұлттық дүниетанымды, қазақ ұлтының «дүние суретін» бүкіл әлемге айшықтап көрсеткен.


Әдебиеттер.

1.Манкеева Ж.А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты.-Алматы,1997.

2.Смағұлова Г.Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері,-Алматы,1996.

3.Сейдембек А. Қазақ әлемі.Этномәдени пайымдау.-Алматы. 1997 жыл,



4. Ә. Қайдар. Этнолингвистика. Білім және еңбек, №10, 1985


: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ
publications -> Қылмыстық-атқару құқығы, криминология




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет