«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» Сынып сағатының барысы



жүктеу 81.52 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі81.52 Kb.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы:

бір халық – бір ел – бір тағдыр»

http://www.assembly.kz/userfiles/image/1366849708.jpg

Сынып сағатының барысы:

  1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі:

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті.

Сессия жұмысына еліміздің барлық аймақтарынан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.


  1. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен үзінді тыңдау:

Қымбатты отандастар!

Қадірлі қауым!

Қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды.

Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 18 жыл.

Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды.

Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20 сессиясын «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп атауымыздың астарында үлкен мән бар.

Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.

Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.

Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.

Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.

Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.

Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды.

Ел иесі – қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсеткен жоқ.

Ұлтына, тілі мен діліне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін Ата Заңымызда айқындап алдық.

Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қалмай, алыс болашағымыздың темірқазығы – «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық.

Онда ең басты 7 басымдықтың бірі – Жаңа қазақстандық патриотизмнің түп қазығы ретінде ел бірлігін басты назарға алдық.

Менің тапсырмаммен дайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат.

Бүгінгі сессияда салиқалы ойлар айтылып, тағдырлы шешімдер қабылданарына сенемін.

Қазақстан – этностық жанжалдардан азат аумақ.

Экономикалық және әлеуметтік-саяси реформалар этносаралық тағаттылық пен үйлесімнің арқасында табысты жүргізілді.

Бейбітшілік пен тыныштық әр үйдің баға жетпес байлығына айналды.

Бүгін біз Ассамблея – тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз!

Барлық он жеті миллион!

Бүгін Ассамблея – тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы.

Ассамблея тарихы – ел тарихы, халық тарихы.

 


  1. Оқушылармен сұхбат.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз? (Оқушылар жауаптары)



Мұғалімнің тұжырымы : Өйткені, «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!


Мұғалім: Бүгінде әлемдік экономикада «белгісіздік белесі» келе жатыр.

Дамыған елдердің рейтингтері төмендеуде, рецессияның жаңа толқынын күту күшейе түсуде.

Кипрде болған жақындағы оқиғалар адамдардың игілігіне тікелей ықпал ететін қаржы тәуекелдері қаншалықты күрделі болатынын көрсетіп берді.

Бұл – алаңдатарлық дабыл.

Әлемдегі экономикалық жағдай біз мұқият бақылап отырған этномәдени ахуал трендтеріне ықпал етеді.

Қазіргі дәуірдің шешуші парадоксі әлемде бір мезгілде екі үрдіс: унификация жағына және үлкен әртүрлілік жағына іс-қимыл танытатынына барып тіреледі.

Әлем қарапайымданып емес, күрделіленіп барады.

Тек Еуропаға ғана миллион-миллиондаған мигранттар келіп жатыр.

Біреулер үшін бұл құбылыс табиғи, ал екіншілері үшін апатты көрінеді.

Барған сайын шетін риториканың дауысы қатты естілуде.

Мультикультурализмнің бұрынғы практикасы өзін тауысқаны айқындала түсуде.

Тіпті болашақта Еуропа мемлекеттерінің «өзін өзі жоятыны» туралы кітаптар пайда болуда.

Біз Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық жиырма сессиясы бойына нақ осындай саясат жүргізіп келеміз.

Және бұл саясат өзін толық ақтады!

Тәуелсіздік жылдарында этносаралық бірліктің моделі жасалды.

Іс жүзінде азаматтарымыздың тең құқығы мен мүмкіндігін, өмір сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз еттік.



  1. Үнтаспадан түрлі ұлт өкілдерінің пікірлерін тыңдау:

Зураб Бобохидзе Атыраудан былай деп жазады:

«Менің үйім, менің отбасым, бауырларым, үш балам, бес немерем осында.

Тәуелсіздік жағдайында мен грузин болғаным үшін бірде-бір рет өз елімнің өмірінен шет қалу сезімін басымнан өткерген емеспін».

Бүгінде біздің көптеген азаматтарымыз осылай дей алады.

 


  1. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен үзінді тыңдау:

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінде әлем өзгеріп жатыр.

Онда көптеген оқшаулағыш сызықтар: өңірлік және конфессиялық, әлеуметтік және мәдени, тілдік және этностық сызықтар пайда болуда.

Жаңа жағдайларда, біз 2050 жылға дейінгі Стратегияға аяқ басқан кезде қоғамның көпқырлылығын өзіміздің пайдамызға жарата білуге тиіспіз.

Жаңа жағдайларда Ассамблея нағыз жалпыазаматтық, саясатүстілік және жалпыхалықтық институт болуы тиіс.

Мен мынаны атап көрсетемін: Ассамблеяның XXI ғасырдағы миссиясы тарылып емес, кеңейіп келеді!

Өкінішке қарай, мұны барлығы бірдей, тіпті шенеуніктер де түсіне бермейді.

Кейбіреулер ҚХА-ға қарап, «ескіше» – бұл этностық азшылықтың өкілдігі деп ойлайды.

Мен түсінбейтіндерге немесе түсінгісі келмейтіндерге бүгінде Ассамблеяның не екенін айтқым келеді.

Оны БҰҰ-да, ЕҚЫҰ-да, АӨСШК-де таныды.

Ассамблея – бүкілхалықтық өкілдік!

Нақ сондықтан Ассамблеяға өзім жетекшілік етемін!

Нақ сондықтан мен бүгінде Ассамблея – бұл барлық 17 миллиондық қазақстандық дедім!

 

Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім.



Ал ұлтаралық татулық мәселесі Ассамблеяның сан қырлы қызметінің бір парасы ғана.

Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал.

Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек.

Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.

Халқымыз «тар жерде табысқан кең жерде келіседі» демейтін бе еді?!

Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.

 


  1. Қорытынды: Сонымен, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға кірістік.

Бүгінде біздің 2050 жылға дейінгі этносаралық саладағы стратегиялық болжамымызды қалыптастыруға толықтай негіз бар.



  1. Оқушылармен сұхбат: Қазақстан 2050 жылы қандай ел болады?

Оқушылар жауаптары: 2050 жылы Қазақстанның жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болатынына мен сенімдімін.

Мұғалім:

Қоғамдық келісім біртұтас полиэтностық халық, мемлекет пен азаматтық қоғам институттары, саяси партиялар, діни конфессиялар өмірінің басты ерекшелігі болуы тиіс.

Қоғамдық келісім Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының ереже тұтар қалыбы болуы тиіс.

Жаңа жағдайларда Қазақстан халқы Ассамблеясының жауапкершілігі тек арта түсетін болады.

Қоғамдық келісім тиімді инновациялық экономикаға негізделеді.

Қазақстанның әрбір азаматы айқын перспективалар, болашағына сенімділік, кәсіби өсу үшін барлық мүмкіндіктерге ие болады.

Бұл – жаңа стратегиялық құжат.

Оның жібек желісі – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік.

Тұжырымдаманы табысты жүзеге асыру үшін бізге мыналар қажет:

Бірінші. Облыс әкімдеріне жергілікті ерекшеліктер мен этнодемографиялық құрылымдарды есепке ала отырып, өңірлік ҚХА-ны дамытудың тұжырымдамасын жасау тапсырылады.

Екінші. Қоғамдық келісім мен әлеуметтік бастамалардың орталығы ретінде Достық үйлері жұмысының тиімділігін арттыру қажет.

Үшінші. Ассамблеяның «тігі» мен «көлбеуі» әр қазақстандыққа, әсіресе, әр жас қазақстандыққа жетуі міндет.

Жастарды Ассамблеяның қоғамдық келісім қалыптастыру жөніндегі барлық деңгейдегі шараларына тартуды қамтамасыз ету маңызды.



Төртінші. Қоғамдық келісім бүкіл халық өмірінің басты қағидаты болуы тиіс.

Бесінші. Қоғамдық келісім халықаралық аспектілерге ие.

Қазақстанның этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім моделі оның таяу және алыс шетелдердегі брендіне айналды.

Ассамблеяның саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Болашақ жолындағы естелік» жобасы мен Толеранттылық мәселелері жөніндегі азаматтық форумы халықаралық резонанс алды.

Жақында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Атқарушы хатшылығы Ассамблеямен ынтымақтастық туралы Хаттамаға қол қою бастамасын көтерді.



Алтыншы. Ассамблеяны дамытуға ЭКСПО-2017-ге дайындық қуатты серпін беруі тиіс.

Көрмеге әлемнің ондаған елдерінен, оның ішінде қазақстандық этностар шыққан елдерден делегациялар қатысады және олар өздерінің үлкен мәдени бағдарламасын әкеледі.

Ассамблея, этномәдени бірлестіктер, халық дипломатиясының жанды көпірі ретінде, көрменің этностық топтар жетістіктерінің жарқын көрінісіне айналуы үшін жағдай жасаулары керек.

Қазақстан халқы біздің меймандарымыздың қонақжай қожайынына айналуы тиіс.




  1. Оқушылар мен ата-аналардың тақырып бойынша ой-пікірлері.

  2. Мұғалім: Отанымыздың болашағы- сендерге жаңа оқу жылында табыс, ашық аспан тілеймін!





©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет