«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел –бір тағдыр»



жүктеу 32.8 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі32.8 Kb.
Сынып сабағы

Тақырыбы: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел –бір тағдыр»

«Өз еліне пайдалы болу,

өз Отанының тағдырына жауапты болу –

бұл әрбір қазақстандықтың

борышы және ар-намысы».

Н.Назарбаев

Сабақтың мақсаты: Туған жерге,Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту,қазақстанда жүргізіліп жатқан саясат көп ұлтты халақтарды өзара жақындастыру, қарым қатынас және олардың достығын нығайту,оқушыларға жан дақты мағлуматтар беру

Оқушылардың тарихи,сыни қөзқарастарын қалыптастыру,өз қөзқарастарын жеткізке білу, өзара достыққа, Отанын құрметтеуге , ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: бой жазу, топпен жұмыс

Сабақтың көрнелігі: нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, қазақстаның саяси картасы,КР Конституциясы,Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел –бір тағдыр» буклеті.



Жүргізілу барысы

I.Қызығушылықты ояту.Ой шақыру

1)Халық дегеніміз не?Бұл сөзді қалай түсіндірер едініз?

Оқушы: Халық дегеніміз- салт-дәстүр,әдет-ғұрып, тілі және мәдениеті жөнінен айырмашылықтары болатын адамдардың қауымдастығы. Халықтардың шығу тегін, таралып орналасуы, мәдениеті мен тұрмыс жағдайын – этнография ғылымы зерттейді.

2) Біздің Отанымыз қай ел?

Оқушы: Еңдігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан. Н. Назарбаев өз еңбегінде былай дейді: “Біздің туысымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Қазақстандағы барлық ұлттар өкілдерінің бір кісінің баласындай бір қолдың саласындай күш біріктіруіне мүлделіміз”.

3) Қазақстан қандай ел?

Оқушы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Оның аймағында 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері турады.

Ең бастысы – қазақ халқы тәуелсіз мемелекеті бар, өзгелермен тең жүріп, иық тірестіре алатын ұлтқа айналады.

Хормен:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асар тау,

Жеміс толы бақша- бау.

Болсын жер мен су ортақ,

Болсын бізге ну ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

II.Эксклюзивті интервью.

А) Ұлт мәселесі Қазақстанда қалай шешу жолдары пайда болу керек деп ойлайсындарма?

Оқушы-саясаткер: Ұлт мәселесі басты проблема қатарына жатады. Ал КСРО ұлт мәселесін шешу ісінде қабілетсіздік танытты. Тек тезистер мен қарарлар арқылы біртұтас кеңес халқы құрылды. Бұл тезистер шындыққа жанаспады. Ұлтаралық шиеленістер, ұлттық дағдарыстар, ұлттар арасында жанжалдар болып тұрды. Олар Кеңес Одағының ыдырауына түрткі болды және технологиялық жағынан артта қалу себептерінің бірі еді. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” кітабында “Ең қауіптісі-олар таза ұлттық сипат ала бастады. Ұлт мәселесінің соншалық асқындауы әуелі теориялық дәрменсіздіктен етек алды”, деп жазды. Шынында да басшылықта да, ғылыми орталықта да бұл мәселемен шындап айналысқысы келген ешкім де болмады. Ал ХХ ғасырдың аяғында тек Кеңестер елінде ғана емес, бүкіл әлемде ауқымды ұлттық оянудың жаппай бас көтеруі басталған болатын. Ал Кеңес өкіметі құлағаннаң кейін бұрынғы ұлт саясатындағы бір ұлтты жоғары қою арқылы, екіншілерін төмендету, екінші қатарға ысырып тастауға, империалық көңіл-күйлерге, экстремистік әрекеттерге тосқауыл қойылды.

Б) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл, ұлт аралық қарым қатынас тілі қандай?

Оқушы: ҚР конституциясында былай деп жазылған: 7 бап:

Қазақстан республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі

Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзің өзі басқару органдары орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады

Мемлекет Қазақстан тілдерін үйрету мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

ІІІ. (топпен жұмыс)

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында еліміздің ПрезидентіН.А. Назарбаев белгілеген «бір халық - бір ел - бір тағдыр» идеясына тоқталу,талдай жасау.

Оқушылар: Президентіміз анықтағандай, «бір халық» - бұл барлығына ортақ ұлт мүдделері, «бір ел» - бұл барлығымызға ортақ Отанымыз, «бір тағдыр» - бұл барлығымыздың басымыздан өткен қиындықтар мен жеңістер, бұл біздің ортақ келешегіміз – көркейген және гүлденген Қазақстан.

Елбасы атап өткендей, Отанға, туған жерге, ата-бабаларымызға, бірыңғай және жігі ажырамаған тарихымызға деген махаббатбарлық қазақстандықтар үшін ерекше маңызды.



Екі онжылдық ішінде Қазақстанның жолы ұлт жеңісінің үлгісі болды, осындай жетістікке тек күшті халық жете алады. Біз сондай халық бола алдық және осы биікте болуымыз керек, - деген Президент.

VI.Рефликсия:Сабақ аяқталды.
: download -> version
version -> Коучинг сессиясының орта мерзімді жоспар Тақырыбы
version -> Сабақ тақырыбы Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс Жалпы мақсаты
version -> Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Секция: қазақ әдебиеті
version -> Жалпы орта білім деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Қазақстан тарихы сұрақ кітапшасы
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Тип урока: изучение нового материала, урок-соревнование. Педагогические технологии
version -> БАҒдарламасы 10-11 сыныптар жаратылыстану-математикалық бағыт
version -> [Қарақытай] 1217-1218 ж. Хорезм шахы Мұхамет Текеш теңге соқтырған қала: [Отырар]




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет