Қазақстан діни бірлестіктерінің Өкілдері жиналысына қатысушылардың «Әлем. ХХІ ғасыр»



Дата30.06.2016
өлшемі19.3 Kb.
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ

ЖИНАЛЫСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ

«ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСТІ ЖӨНІНДЕГІ

ҮНДЕУІ
Біз, Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту аясында өткен, Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері Жиналысына қатысушылары,

этникалық және діни негіздегі алауыздыққа түбегейлі қарсы шыға отырып,

экстремизм мен терроризмнің барлық формалары мен көріністерін қатаң айыптап,

қоғам мен мемлекеттердің бейбіт өмір сүруіне қауіп төндіретін, азаматтардың құқықтық бостандықтары мен заңды мүдделеріне қауіп төндіретін кез келген формадағы соғыстар мен зорлық-зомбылықты қабылдамай,

бүкіл адамзаттың өмірі мен денсаулығына оңалмайтындай зиян келтіретін қандай да бір қаруды қолдануға табанды түрде қарсы шығып,

ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзатын әрекеттерден үзілді-кесілді бас тартып және айыптап,

барлық отандастарымызға үндеу жариялаймыз:

ұлттық және діни қатыстылықтары әртүрлі адамдардың бейбіт өмір сүруі, адамзат қауіпсіздігінің негізі ретінде пайымдай отырып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету,

ядролық қарудан бас тартып, бейбіт атомға көшу идеясын толық қолдауға,

жалпы қарусыздану процесіне және шиеленістердің түпкі себептерін жоюға ықпал етуге,

өз күшімізді адамгершілік құндылықтарды, Жаратушының өсиеттерін орындауға және Отанымыздың игілігі үшін адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтап, терроризм мен экстремизмнің барлық идеяларынан бас тарту.

Қазақстанның діни қауымдастықтары, Бас Ассамблея мен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алған, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» Манифестін толық қолдайды.



Манифестке мұндай жоғары мәртебе беру халықаралық қауымдастықтағы Мемлекет басшысының жоғары беделінің айқын көрсеткіші және оның барлық адамзат және қазіргі әлем үшін өмірлік өзекті бастамаларын мойындау болып табылады.

Біз, еліміздің әр түрлі мәдени және діни көзқарасты ұстанатын ұлттардың ғасырлар бойы өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, бейбіт қатар өмір сүруінің нақты үлгісі екеніне сенімдіміз.
Каталог: uploads -> file
file -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
file -> Результаты городских конференции колледжистов «информационные технологии в современном мире»
file -> Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
file -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
file -> Перечень поступивших заявлений в отношении Договора №104
file -> М. А. Шолохов «Судьба человека». Судьба человека и судьба Родины
file -> Урок усвоения новых знаний. Оформление доски: Тема «маленького человека» в повести Н. В. Гоголя
file -> Сапа рәсімі шебер сынып
file -> Әдістемелік нұсқаулық астана


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет