Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к



жүктеу 65.7 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі65.7 Kb.
ӘОК 355.233:894.342

Міржақып Дулатов шығармалары

арқылы жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Қорқыт ата атындағы Қызылорада мемлекеттік университеті

Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының



аға оқытушы ф.ғ.к.

Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы
Халықтың шын жанашыр қамқоры болып туған, өте алыс болашақтарды ойлап, мәңгілік маңызы бар істер атқарған ақын-жазушыларымыздың бірі-Міржақып Дулатов. Ол - нағыз ұлтжанды, өз ұлтының шамшырағы секілді біртуар ұлы. Керемет құдіретті сөздердің иесі, Міржақып қазақ даласын жанындай сүйіп, оның келешегін ойлап “Оян, қазақ!” деген атпен өлеңдер жинағын жазғанда ол 25 жаста еді. Жас та болса, бас болып, әу дегеннен ел назарына ілікті. Сол кездегі қазақ аспанында жарқырап тұрған жұлдыз Мағжан Жұмабаевтың “Оян, қазақ!” үшін тұтқынға түскен Міржақып туралы үш өлең жазуы өте орынды еді.

Оян, дедің жұртыңа,

Бас көтеріп, тірлік қыл.

Ақыл айттың ұлыңа,

Таста талас, бірлік қыл. [1/130]

Осы айтылған пікірлер Міржақыптың елі алдында сіңірген еңбегін әділ де дәл бағалап отыр. “Оян, қазақ!” жинағын патша өкіметі жақтырмады. Автор қуғын – сүргінге ұшыраған соң 1910 жылы қоныс аударады. Солтүстік Қазақстанда ұстаздық құрып жүріп, Мағжан Жұмабаевпен танысады. 1913 жылы Орынбор қаласына келеді. Сонда Ахмет Байтұрсыновпен бірге “Қазақ” газетін шығарысады, 1913 жылы Қазанда “Азамат” атты жинағы жарияланады. “Ақ жол” газетінде, Қазақстан мемлекеттік баспасында, “Еңбекші қазақ” газетінде әдеби қызметкер болып істейді. Сталиндік репрессияның тырнағына ілігіп, 1935 жылы концлагерьде қаза табады.

М.Дулатов қаламынан туған мақалалар ішінен әлеуметтік өмір, экономика, мәдениет, әдебиет, тарих, дін мәселелерінен бастап, тіпті сол кездегі халықаралық жағдайға дейін қамтыған, солар жайынан оқырманға өте бағалы танымдық деректер берген материалдар ерекше назар аудартады. Мысалы: “Қазақ” газетінің 1914 жылғы 23 маусымында шыққан 67 – санында “Абай” атты мақаланы ұлы ақынның қайтыс болуының 10 жылдығына арнап жазған еді. Онда Абайды қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп атап, туған әдебиетіміздің болашақ дамуындағы оның орны мен маңызын тап басып айтқаны өте орынды еді. Газеттің 1913 жылғы 6 сәуірдегі санында Ғабдолла Тоқайдың қайтыс болуына байланысты тебіреніп жазған мақаласы, немесе 1915 жылғы 31 қазандағы санында этнограф, фольклорист Әбубәкір Диваев туралы қызықты деректер келтірілген зерттеулер материалы жарияланған. Қазақтың ішкі өміріндегі зорлық–зомбылық, әділетсіздік, парақорлық, жікшілдік сияқты жағымсыз көріністерді сынаған материалдар “Дауқұмар”, “Жүзі қаралар” атты фельетондары. Газет бетіндегі Міржақып көтерген мәселелердің ішіндегі ең бір сүбелісі отарлау мәселесі, қазақ жеріне қоныстандырылған шаруалар мен жергілікті халықтың арасындағы қарым-қатынас жайы болды. Бұл екі тақырыптың екеуі де әрдайым патшалық ресми орындар тарапынан қатты наразылық тіпті қудалау шараларын туғызып отырды. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ұран болып, замандар бойы ел бірлігінің халық тұтастығының бейнесіне айналып келген Алаш атты ардақты ұғымның ел құлағына жат естіліп, бұқара халықтың аузынан жырылып түскен кезі де сол тұс болатын.

Міржақып Дулатов Семей түрмесіне түсіп, онда Әлихан Бөкейхановпен танысып, екеуі Орынборға жөнелтіледі. Одан босатылған соң, 1922-1926жж Орынбордағы қазақтың халыққа білім беру институтында оқытушы болды.

1922 жылы “Есеп құралы” атты екі бөлімнен тұратын пьеса жазды. Ол 1924 жылы Қызылорда қаласында қайтадан басылып жарық көрді.

Ақын өзінің “Оян, қазақ!” атты өлеңдер жинағын 1909 жылы Уфадағы Шарх матбуғасынан жарыққа шығарады. Ақынның революциядан сегіз жыл бұрын шыққан алғашқы жинағының жалпы идеясы мен онда топталған өлеңдерінің негізгі мазмұны “Оян, қазақ!” деген атынан-ақ көрініп тұр. Автордың алдына қойған мақсаты мен айтайын деген ойы төрт жолдық беташарға түгел сыйғызылған:

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты. [2/19]

Патшаның отарлау саясаты, халықтың өнер-білімнен мақұрым қалуы, тұрмыс күйінің күйзелісі, тағы басқа неше түрлі қасірет қайғылары осы төрт жолға толық сыйғызылған.

“Оян, қазақты!” бір жағынан саяси трактат, тарих оқулығы ма дерсің. Тек сауатты жоқ қалың қазақтың жаттап алуына қолайлы болсын деп, өлеңмен жазылған. Автор сөзін “халық үшін,” әсіресе “жиырмасыншы ғасыр жастарына” арнап отырғанын жасырмайды. М. Дулатов алғашқы екі ұзақ өлеңінде қазақ халқының бүгінгі халін және бұрынғы тарихын әңгімелейді. Ол алдымен қазақ неліктен жеке ел болудан қалды деген сұраққа жауап іздейді. Жер байлығы кең, емін-еркін өскен халық сыртта жау бар екен-ау дегенге мән бере бермейді. Мұнда ел шетіне тигізген жауға емес, өз бауырына өзінің мейірімсіздігі ғадетке айналған. “Күштісі нашарларын шауып” алып отырған. Өз пайдасын ақылмен істемеген. Тіпті, халық түсінігіндегі біраз қымбат қағидалар бұзылған. Өзге жұрт Отанын, елін қорғағанды “батыр” атандырса, қазақ бұл түсінікке қамал бұзар үй тентекті де қосқан. Ел байлығын бірінен-бірі тартып алып, иеленгеніне ғана мәз, сырт дүниеде не болып, не қойып жатқанымен ісі жоқ. Барымта, ұрлық қылып “мал қуысқандардың” саны көбеймесе азаймаған. Міне, осындай халде Қазақстан Әбілхайыр хан тұсында Россия құрамына енеді. Міржақыптың “Оян, қазақ!” үшін теперіш көретін жері осы болса керек. Ол царизмнің отарлық саясатын қатты шенейді, “жеріңе тимеймін” деген уағда далада қалғанын сынайды.

Тұманға кірді біздің қалың қазақ,

Арты жар, алды тұйық бұл не ғажайып. [1/133]

Адасқанға кім басшы болып жүр? деп сұрақ қояды.

Міржақып Дулатов қазақтың азын-аулақ интеллигенциясын ұйқы басқан қазақты оятуға шақырады. Міржақып дүниетанымы ағартушылық-демократиялық мұраттардан әрі аспайды. Осыған байланысты патша әкімдерінің “Оян, қазаққа!” неліктен соншама шұқшиғанына қайран қаласың. Мұнда революцияға, патша өкіметін жоюға шақырған ұран ұшыраспайды. Автор дүниедегі өнеркәсіптік революция нәтижесінде қандай өзгеріс болып жатқанын айта келе, өнер-білімге шақырады.

Үйренген халықпыз ғой кемшілікке

Талпынып ұмтылмайтын кеңшілікке, -дейді. [1/133]

Тыпырлауға шамаң келмей қалар, қол-аяғың бос тұрғанда қимылдап қал дейді. Өнерлі халық атану үшін іздену, талпыну қажет деп өсиет айтады.

Міржақып Дулатов өзінің “Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі” деген өлеңінде халықтың басындағы ауыр жағдайды айта келіп, оның тағдырын ойлап толғану, оның елдік мүддесіне қызмет ету - әрбір саналы азаматтың ең бірінші борышы екенін ақын былай деп түйіндейді.

Адасып қараңғыда сорлы қазақ,

Ай тумай, күн һәм шықпай, тұр таң атпай:

Сөндірмей жанған өртті көрген адам.

Қалайша тұру мүмкін жанға батпай. [2/13]

Содан кейінгі “Қазақ халқының бұрынғы мағи шаты,” “Қазақ жерлері” сияқты өлеңдерінде ақын халқымыздың әрегіректе өз бетімен емін-еркін көһшіп-қонып жүрген заманын еске алады, оның елдік салтын, жақсы дәстүрлерін жырға қосады. Бірақ ол өткеннің бәрі жақсы еді деп жоқтамады, сол заман қайта келсе екен деп көксемейді. Оны халқымыздың басынан өтіп кеткен бір тарихи кезең деп қарайды да, қазіргі тұрмыстық, бүгінгі күннің қам-қарекетін бірінші орынға қояды. Өткен тарихты ғибрат, тағылым ретінде ғана ұсынады. Дәріптеу былай тұрсын, қайта өткен заманның келе-келе аза бастағанын, көлеңкелі жақтарын сыншыл көзбен, сарапшыл оймен таразыға салып, бүгінгі мүшкіл халіміздің бір себебін сол кездегі бейқамдық пен берекесіздіктен іздейді.

Сол кезде біздің қазақ ала болған,

Көлденең дұшпандары және болған.

Күштісі нашарларын шауып алып,

Бұрынғыдай болмаған, пәле болған. [2/14]

Бір кезде өз еркімен Россияға қосылып, соның құрамындағы әр түрлі ұлыс-ұлттармен бірге ел қатарлы тіршілік етерміз деген халық үмітінің ақталмағанын, патшалық отарлау саясаты бұратана атанған бұқараның арқасынан аяздай қысып бара жатқанын шерлі жүректен запыран төгіп айтқан ақын зары осынау қараңғы қапастан құтылудың бірден-бір жолы – бірлік пен ынтымақта болашақты ойлаған саналы іс-әрекетте, өнер-білімге ұмтылған өршіл талапта екенін қайта-қайта ұғындырған жан айқайы “Таршылық халіміз қақында аз мінәжат”, “Насихат ғұғұмия” атты өлеңдерінің негізгі арқау болған. Халқын сүйген, халқының келешегіне үміт артқан ұлтжанды ақын Міржақып Дулатов көңілі жүдеп құлазып келе жатқандай болады. Ақын өз көкірегінде қайтадан үміт отын тұтатады, ел ішінен көңілі ояу, сезімі сергек ұлдар, ұландар, ерлер шығатынына сенеді, соларға үміт артады.

Мыңнан біреу шыққанда басшы болып,

Жүзден біреу шықса екен соңына ерер.

Әр тайпадан бір білген болып тұрса,

Сонда жұртқа шүбәсіз үлгі берер. [2/15]

Ақын осы өлеңі арқылы жастарды оқуға, ағарту ісін дамытуға шақырады. Халықтың келешегі жастар, сол жастарды тәрбиелеу - ұстаздың, ұлағатты адамдардың, ақын-жазушылардың міндеті. Жастар - өмір тірегі, оларды тәрбиелеу, көркейту - өмірдің заңы.

Міржақып – ел мұңын, халық мүддесін жырлаған, туған елі үшін бүкіл өмірін құрбан еткен, тағдырдың болашақ талқысын ақын жүрегімен анық сезінген қайсар жан. “Оян, қазақты!” жазып, патша абақтысының дәмін татып шықты. Қуғынға ұшыраған қазақтың бір туар азаматтары Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймаутов сынды үлкен ел ағалары ақталған соң солардың қатарына Міржақып Дулатовтың келіп қосылғаны халқымыз үшін зор қуаныш. Дулатов “Бар екен таудан аққан таза бұлақ”, - деп басталатын өлеңінде кейінгі ұрпаққа жүзі жарқын, болашағы нұрлы болуы үшін тамаша тағлым қалдырған.

Жұрт құмар бұлақ таза болғандықтан,

Жазудан мағнам сол менің ұққан.

Көңіліңді бойыңменен таза сақта,

Пәкілікпен арттырарсың сонда жұрттан.[1/150]



Жүрекке жылы тиіп, елін, халқын сүюге дайын жастар осы ақын ағадан үлгі алар деп ойлаймын. Ұлтымыздың бағын жандыратын білімді, өнерлі жастар. Жастар өз елін сүюді осы ағалардан үйренуі қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Шериаздан Елеукенов “Жаңа жолдан” Алматы “Жазушы”, 1989ж

  2. Міржақып Дулатов шығармалары Алматы “Жазушы”, 1991ж

  3. Ахмет Байтұрсынов “Ақ жол” Алматы “Жалын”, 1991ж

  4. Зейнолла Қабдолов “Сөз өнері” /Талант пен таным/ Алматы, 1983







: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ
publications -> Қылмыстық-атқару құқығы, криминология




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет