Қазақстан негізгі мектебінде Өрт қауіпсіздігіне байланысты



жүктеу 31.3 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі31.3 Kb.
Қазақстан негізгі мектебінде Өрт қауіпсіздігіне байланысты

іс-шаралар өтті. «Қауіпсіз деп ойлама,Отпен оқыс ойнама» сынып сағаты өтті.Мектептегі өрт қауіпсіздігіне байланысты презентация әр сыныпта өтті.Презентацияда оқушылар мектепте адамдардың көп болуына байланысты,үйдегі адамдарды құтқаруға қарағанда эвакуация жасауға ұзақ уақыт қажет болатынын айтып өтті.Сондықтан мектепте өрт болған жағдайда қауіпсіздіктің алғы шарттары орындалуы тиіс.Мектепте өрт болып жатқан жағдайда не істеу керек? жайында әңгіме жүргізілді.



c:\users\казахстан ош\desktop\20141205_110149.jpg

Тұғырлы тұлға

1 – желтоқсан – тұңғыш Президент күні.

Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы

Қазақстан негізгі мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған бастауыш сынып арасында тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты:Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.Балалық шағынан бастап осы уақытқа дейінгі еңбек жолын көрсету.Елімізге еңсе тіктетіп,мемлекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытқан Елбасының салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі болып,елінің туын көкке көтерген ерекше қасиеті жайында мағлұмат беру арқылы оқушыларға ой салу.Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуа тәрбиелеу.



c:\users\казахстан ош\desktop\отчет салтанат\фото 1 желто0сан\20141128_165054.jpg

c:\users\казахстан ош\desktop\отчет салтанат\фото 1 желто0сан\20141128_165418.jpg

Қазақстан негізгі мектебінде 15 қарашадан бастап 15 желтоқсанға дейін «Зиянды әдеттерден сақтан!» айлығы өтті.Біріншіден жоспар құрылды.Құрылған жоспар бойынша жұмыстар жасалды.Оқушылар іс-шараға белсене қатысты.Әр сыныптың сынып жетекшілері өз сыныптарымен жұмыс жасады.

Өтілген іс-шараның мақсаты:оқушыларға зиянды әдеттерден сақтану жолдарын,оның денсаулыққа зияндылығын түсіндіру.Оларды салауатты өмір салтын сақтауға,зиянды заттардан аулақ болуға,адамгершілікке,сақтыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

Салауаттылық өмір салтына байланысты ішімдік,темекі шегу,нашақорлық,ауруларының адамға,қоғамға тигізетін кері әсерлерін түсіндіру.



c:\users\казахстан ош\desktop\нашакорлык\20141205_120609.jpgc:\users\казахстан ош\desktop\нашакорлык\20141205_114300.jpg

Қазақстан негізгі мектебінде «Желтоқсан – тәуелсіздігімнің бастауы» атты мерекелік кеш өтті. «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. Мақсатымыз оқушыларды еліміздің төл мерекелері өмірімен таныстыру арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бағдарлама екі бөлімнен тұрды. Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептері және тәуелсіздіктің қадір-қасиеті.Бүгінгі іс- шараларымыз Отанымыз Қазақстанның тарихында ерекше орны бар,халқымыздың қасіреті мен ар-намысына,сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан көтерлісіне және осы Желтоқсан оқиғасы бастау болған Тәуелсіздік күніне арналады



c:\users\казахстан ош\desktop\20141215_113602.jpgc:\users\казахстан ош\desktop\20141215_114009.jpg

30 желтоқсан айынан бастап 8 қаңтар аралығындағы өтілген қысқы демалыстың жоспары. Бірінші күні оқушылар саяхатқа шықты,қысқы табиғатты тамашалады.Демалыстың екінші күні мектептің ішінде эстафеталық ойындар өтті.Өткізген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Темертасов М.М. Мектеп алаңында оқушылар аққала жасады.



c:\users\казахстан ош\desktop\20150108_115742.jpgc:\users\казахстан ош\desktop\20150108_120114.jpg

Желтоқсанның 29 –шы жұлдызында мектебімізде Жаңа жылға арналған мереклік іс-шара өтті.Жаңа Жылдық іс-шараға жауапты болған ұстаздар Мухамадиева Г.А. Далбаева К.Х. және Кабылбекова Л.С. Мерекелік кеште Аяз ата өзінің сыйлығын таратты,бастауыш сыныптар ұлттық киімдерін киіп өнерлерін көрсетті.Жоғары сыныптар арасында бірінші орынды 5-6 сыныптар ие болды.Оқушылар Аяз атаның сыйлығына ие болды.Мереклік іс-шараға Ақкөл ауылдық округінің әкімі Мухамадиев Т.С. қатысып өз тілегін білдіріп,осы Жаңа Жылдық мерекеге демеушілік тауып мектепке дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына сыйлықтар таратты.



c:\users\казахстан ош\desktop\20141229_003244.jpgc:\users\казахстан ош\desktop\20141229_000036.jpg

Қазақстан негізгі мектебінде қаңтар айының 22 жұлдызында «Қош бол,сүйікті «Әліппем ! » атты ертеңгілігі өтті.Бірінші сыныптың сынып жетекшісі Шарипова Ғалия Елеусізқызының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Осы кештің мақсаты оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.


Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.Кешті өлең шумақтарымен бастады.

c:\users\казахстан ош\desktop\отчет салтанат\фото әліппе\20150123_152541.jpg

c:\users\казахстан ош\desktop\фото әліппе\20150123_152737.jpg

Тәрбие ісінің меңгерушісі Кожамбетова С.К.



©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет