Қазақстан Республикалық Білім және ғылым министрлігі Қордай ауданы әкімиятының білім бөлімі



жүктеу 371.21 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі371.21 Kb.
Қазақстан Республикалық Білім және ғылым министрлігі

Қордай ауданы әкімиятының білім бөлімі


Бекітемін: Келісемін:

№9 орта мектеп директоры АББ әдіскері


----------------------------------- -----------------------------

Молдажанов Б.Ш Бахрамова С.А




Авторлық бағдарлама

Тақырыбы: «Қазақтың салт- дәстүрі»


Сыныбы: 8 орыс сыныбы

Орындаған:

№9 Ауқатты орта мектебінің

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Жарылғасымова Нұрғиса Тоқтасынқызы

Ауқатты ауылы

2016 жыл

Автор туралы мәлімет


Аты-жөні – Жарылғасымова Нұрғиса Тоқтасынқызы
Білімі – жоғары, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Қызметі – қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Біліктілік санаты – 13/1
Педагогикалық еңбек өтілі – 18 жыл
Наградалары:

Жамбыл облысы әкімінің Білім басқармасы білім беру және ғылым қызметкерлерінің Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының дипломы. 2004 ж.
Аудандық білім басқармасының Құрмет грамотасы. 2005 ж. мамыр
Жамбыл облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының мақтау қағазы. 2006 ж.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ІІ орынды жүлделі дипломы. 2008 ж. сәуір


РЕЦЕНЗИЯ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарылғасымова Нұрғиса Тоқтасынқызы мектебіміздегі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің бірі. Мұғалімнің 8 орыс сыныбына арнап жазған «Қазақтың салт-дәстүрі» атты авторлық бағдарламасын оқып, танысу барысында біздің мектеп әкімшілігі бірауыздан төмендегідей шешім қабылдады:

-бағдарлама құрылымы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес;

-балаларды көру, есте сақтау қабілеті мен сөздерді сауатты жаза білуіне үйретеді;

-тұрақталған сөз орамдарымен, тілдік құралдарымен, сөзжасам ерекшеліктерімен таныстырады;

-мәтіндердің мазмұнын қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аудару дағдылары қалыптасады, әр түрлі грамматикалық жұмыстарды орындау арқылы сөздік қорларын молайтады;

-өз ойларын еркін және толық жеткізе білуге, ауызекі сөйлесе білуге дағдыландырады;

-өз бетінше ізденуге, зерттеуге ықпал жасайды;

-оқушылардың екі тілде сөйлеу арқылы коммуникативтік мүмкіндіктерін дамытады;

-өзге ұлт балаларына сөйлеу үрдісінің индикативтік, коммунакативтік және сигнификативтік қызметтерін іске асыруға үйретеді;

-өзге ұлт балалары мен қазақ балаларына халық педагогикасынан толық мағлұмат бере алады;

-балаларды мейірімділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Жоғарыда аталған қорытындыға келе отырып №9 орта мектептің әкімшілігі оқу-әдістемелік кешенді жасау мен рәсімдеу кезінде мұғалім Жарығасымова Нұрғиса Тоқтасынқызы «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар» атты нормативтік құжатты басшылыққа ала отырып жасағанына толығымен келіседі.

№9 орта мектеп директоры: Молдажанов Б.Ш.


Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: Мыңжасаров К.Н.



Түсінік хат
Бағдарлама Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім Академиясы үздіксіз білім беру институты даярлаған орыс, ұйғыр, өзбек тілді мектептердегі қазақ тілінің мемлекеттік білім стандартының негізінде жасалды. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы методологиялық басшылыққа алынды.

Аталған стандартқа сәйкес бағдарламаның мазмұндық бағыттары төмендегідей мақсаттарға бағдарланып құрылды.

Тәрбие беру – сан-сапалы тексіз рухани күш. Қазіргі кезде қазақ халқының рухани жағынан қайта даму кезеңі басталды. Дәстүрді қастерлеп, жас ұрпақты ұлтына, еліне, мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеу қажеттігі туып отыр.

Қазақ өз ұрпағын, ең алдымен, ата дәстүріне үйреткендігін, кішіпейілдікке, инабаттылыққа, зергерлікке, шешендікке, ұлт өнеріне құштарлыққа баулығанын білеміз. Халқымыздың бала тәрбиесі жөнінде өзіндік заңдары, ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесі бар екендігіне өзге ұлт балаларының көзін жеткізуіміз керек.

Бағдарлама негізі халықтық педагогиканы бетке ұстай отырып бала тәрбиесін тіл үйретуден бастау, тіл мәдениетін бейімдеу, санамақ, тақпақ, өлең, мақал-мәтелдер үйрету. Жаңылтпаштар арқылы тіл ширатуды, жұмбақтар арқылы ой дамытуды, мазақтамалар арқылы намыс оятуды, мақал-мәтелдер арқылы адамгершілікке баулуды, батырлар жырлары арқылы бірлікке, достыққа тәрбиелеу, әңгімелер, өлеңдер арқылы дене тәрбиесін беріп, әсемдікке қызықтырып, өтірік өлең арқылы баланың қиялын дамыту, ертегілер арқылы алуан түрлі тәрбие беру, аңыз әңгімелер арқылы болашаққа сену, өткеннен үлгі-өнеге алуды үйрену сияқты мақсаттарды көздейді.

Бағдарламаның екінші мақсаты: ұлттық салт-сананы танытып үйрету. Оларға: әдет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, салт-саналар жатады.

Үшінші мақсаты: өзге ұлт балалары үшін қазақ тілін үйрену, этнопедагогика, елтану, тілімізді құрметтеу сияқты мақсаттарын көздейді, ал қазақ балалары үшін өз тілін, салт-дәстүрді ұмытпауға, ұлттық тәрбие алуға қызмет етуге үйрету.
Мақсаттары:

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

Орыс тілді басқа ұлт өкілдері оқушыларының ұлттық педагогикадан білімдерін тереңдету. Барлық балаларды ұлт дәстүрлерін білу арқылы қазақ халқының мәдениетін сыйлауға, ең озық салт-дәстүрлерін қабылдау, қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылық. Орыс мектептеріндегі балаларды өткізіліп отыратын олимпиадаларға, сайыстарға, фестивальдарға дайындау.

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Тұлғаның өз бетімен білім алуын, өздігінен қалыптасуын тиімді қамтамасыз ету үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілетін дамыту, белсенділігі мен саналылығын қалыптастыру, психикалық, физиологиялық даму заңдылықтарын, жалпы әлеуметтік құнды белсенділігін дамыту.

Міндеттері






Орыс мектебінде оқып жүрген қазақ балаларын өз ұлтының мәдениетін, дәстүрін тамаша жақтарымен таныстыру

Оқушылардың сана-сезімдерінде ұлтына деген мақтаныш, намысшылдық, тектілік, адамгершілік сезімдерін ояту.



Қазақ тілінде айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім, әрекеттерін меңгеру.

Қазақша сөйлесуге, қазақша киінуге ұялмайтын, келешекте еліне қызмет ететін, елін қорғайтын ел азаматы, елдің ұл-қызын қалыптастыру.

Сөздік қорын молайту, аударма түсіндірме және т.б. сөздіктерін пайдалана алу.

Ата-аналарының тіл білмеуінен бере алмай жүрген ұлттық тәрбиенің аз да болса қалыптасуына мүмкіндік жасау.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДЫҚ БӨЛІМІ


І.Баланың тууы, өсіп-жетілуіне байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлер.
Олар қазақ халқының баланы мұрагерім, шаңырақтың жалғасы деп қарауы, қыз баланы басқа шаңырақтың болашақ анасы деп құрметтеуін; балаларына енші жасау, дайындау, отау тігу, қыз ұзату;

Бесік тойы, шілдехана; баланың әр түрлі сырқатының қазақша емі, шілдехананың маңызы, бесік жырының психологиялық көркемдік мәні;

Сүндет тойы, оның ислам дініндегі айнымас қағидасының орындалуы, денсаулыққа, тазалыққа бейімделуі;

Тілашар тойы, ана-әженің, әке-атаның бала тілін қалыптастыруы; жаңылтпаш, мақал-мәтел, ертегі аңыздарды үйретуі сияқты түрлері.

Қазақ халқының тілі – бесігінен, басқа тілдерді білмей тұрып қалыптасуы керектігін түсіндіру. Ұлт тілі мен тәуелсіздіктің бір-бірімен мұңдас екендігін баланың санасына құю, шет елде тұрып жатқан қазақтардың өз ұлтының тілін, мәдениетін, әнін, әдебиетін қалай құрметтеп, қалай сақтап отырғандығын әңгімелеу.

Басқа ұлттардың тіліне құрмет көрсету және де өзі тұрып жатқан мемлекетінің тілін де құрметтеу керек екендігін түсіндіру.

Тұсау кесер, атқа мінгізу тойларындағы халықтың даналығын, тәрбиелік мәні айтылатын өлең-жырларды айту.

Тыйым сөздер мен ишара сөздер, нақыл сөздер, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Ұл тәрбиесінің айырмашылығын түсіндіру. Қазақтың ертеден келе жатқан дене тәрбиесі – ұлттық ойындары туралы; табиғатты қорғау, табиғаттың байлығын білу, тамашалау сезімдеріне тәрбиелеу.

Қазақ халқының ерекше қасиеттері: қонақжайлылығы, ашықтылығы, меймандылығы, басқа ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынастылығы. Сонымен бірге аңқаулығы, қарапайымдылығы, еліктегіштігі жайлы да айту.

ІІ.Қазақтың жылдың төрт мезгіліндегі мекен-жайлары – киіз үй туралы.
Көшпенділіктің ерекшеліктері, маңызы. Киіз үйдің қолайлылығы, жеңіл жиналып, құрылатындығы. Киіз үйдің көшпенді халықтардың ғасырлар бойғы жинаған сәулет өнерінің белгісі екенін айту. Киіз үйдің дайындалуы, түрлері; құрал-жабдықтарын дайындайтын ағаш шеберінің ісі, киіз басу өнері, өрнектеу өнері туралы.

Мал шаруашылығының адам өміріне тигізетін пайдасы. Киіз үйдің ішкі жасауы. Олардың арнайы жасалатын түрлері. Киіз үйдің төрі, әр нәрсенің өз орны. Киіз үйдің қысқы, жазғы түрлері.

Шаңырақ ұғымы, шаңырақтың айтылуы, маңызы. Киіз үйдегі жиһаздар, қазақ қолөнерінің туындылары - әйелдің шеберлігінің көрмесі. Киіз үйдің қазіргі заманда қолданылуы.

Қазақтың зергерлік өнері: қазақ халқының асыл тастарды, алтын, күмісті қадірлеуі; байлықтың, барлықтың белгісі етіп қолдануы. Қыз баланы, бозбаланы, жас келіндерді зергерлік бұйымдармен әшекейлеп, мәнерлегені. Зергерлік бұйымдардың атадан балаға мұра болып қалуы.

Зергерлік бұйымдармен әшекейленген сақ киімі туралы. Зергерлік өнердің ұлттық киімінің бір бөлшегі, сәндік бұйымдарға жататындығы, оның түрлері туралы түсіндіру.

Қазақтың ұлттық тағамдары, ерекшеліктері.

Бұрын негізінен ет, сүт тағамдары болған, оны өндіру, сақтау, әр түрлі тағамдарды дайындау. Сүт, ет, нан тағамдарының аттары, құрамы, көшпенділік тұрмысқа бейімділігі. Қазақша еттің, қой етінің, жылқы етінің мүшеленуі. Ет тарату, ет жасау, ас беру дәстүрлері қойдың басы – құданың асы деп аталуы. Сүттің ақтығының қасиеті. Нанды, ақты аяққа баспа делінуі. Жылқы етінің емдік қасиеті, тазалығы. Қазақ ұлтының мұсылман қауымының шошқа етін харам деп жемеуі туралы.

Ас алдында қол жуу, «биссимилляһи» деп, үлкендерден кейін табаққа қол салу. Ас ішіп отырғанда көп сөйлемеу. Астың бетін ашық қалдырмау. Асқа бата беру, ас дайындаушыға құрмет, үй иесіне ризашылық білдіруге үйрету.

Төрт түлік малға байланысты ұғымдар.

Текті жануар, ат адамның қанаты, малдың түрлері: Қамбар ата, Ойсыл қара, Шекшек ата туралы.

«Мал-жаның аман ба?» сәлемдесуінің төркіні, қалың мал, жұрт, жайлау, тебін ұғымдарын түсіну. Малға байланысты қазақтың «ботам, қозым» деген сөздерінің, Ботагөз, Тайлақ тағы басқа адам аттары. Жылқы малының көшпенділер өміріндегі көліктік қызметі, жаугершілік, барымта мәселелері. Егіншілік пен балық аулуға байланысты дәстүрлер.

ІІІ.Әлеуметтік-мәдени дәстүрлер.


Қазақ өмірінің ертеден келе жатөан мәдени деңгейі, той, кештер, шешендік өнерге құрмет, өнер адамдарының төңірегінде шоғырлану.

Қазақ ауылында жасайтын бастаңғы, тоқым қағу, ақындар айтысын тыңдауға жиналу. Айтыскер ақындар – Жамбыл Жабаев туралы, Біржан-Сара айтысы, қазіргі заманғы айтыстардың тақырыбы, мазмұны жөнінде айту. Қазақтың ұлт аспаптары туралы түсіндіру.



Үйленуге байланысты салт-дәстүрлер.
Танысу, құда болу, қыз ұзату тағы басқа түсініктерге байланысты дәстүрлер. Қалың мал, жасау, киіт кигізу туралы. Той әндері, той ырымдары, ойындары жайлы айту.

Наурыз тойы жаңа жыл мерекесі. Наурыздың экологиялық, астрономиялық, имандылық, табиғи мәнін түсіндіру.

Табиғатты қорғауға арналған дәстүрлер, ұлттық өнерді насихаттау, халық әндерін үйрену, ұлттық киімдерді киюге баулу, наурыз көженің мәні туралы түсіндіру.

Діни мейрамдар: құрбан айт, ораза айт туралы айту.

Қазақ халқы киелі деп есептейтін «3», «5», «9» сандарының алыну төркіні және осы сандарға байланысты ұғымдар жайындау әңгімелеу.

Нормативтік бөлік
Теориялық




Тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе. Қазақ мемлекеті мен қазақ атауының шығу тарихы

2

2

Ұлттық ерекшелік. Салт-дәстүр туралы


4

3

Қасиетті қара шаңырақ


4

4

Қолөнер – зор өнер


4

5

Ас – адамның арқауы


4

6

Қарға тамырлы қазақ


6

7

Төрт құбылада – төрт түлік


4

8

Табиғат – тал бесік


4

9

Киелі сандар


2

10

Қорытынды


2

Тақырыптық жоспар


Аптасына 1 сағат





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны



Кіріспе

1



Қазақ мемлекеті мен қазақ атауының шығу тарихы

1



Ұлттық ерекшелік. Қазақтың салт-дәстүрі туралы

1



Салт-дәстүрді сақтау жолдары

1



Жақсы сөз – жарым ырыс. Халықтың ырымдары

1



Шағын шығарма

1



Қасиетті қара шаңырақ

1



Киіз үйге байланысты ұғымдар

1



Тұрмыстық және шаруашылық заттардың атаулары

1



Диалог құрастыру

1



Қолөнер – зор өнер

1



Шеберлер шешімін тапқан

1



Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

1



Мазмұндама

1



Ас – адамның арқауы

1



Ыдыста ырыс бар

1



Асқа байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

1



Эссе

1



Қарға тамырлы қазақ

1



Ағайын жұрт

1



Нағашы жұрт

1



Қайын жұрт

1



Жақындық және іліктік атаулар

1



Ойтолғау

1



Төрт құбылада – төрт түлік

1



Төрт түлікке қатысты атаулар

1



Жан-жануарларға байланысты ырымдар

1



Әңгіме құрастыру

1



Табиғат – тал бесік

1



Халық ауа райын қалай болжаған?

1



Шағын шығарма

1



Киелі сандар

1



«7», «5», «9» сандарының мағынасы

1



«Салт-дәстүр – асыл қазынам» жұлдызды сағат

1



Қорытынды

2


Барлығы: 36 сағат

Ақпараттық-әдістемелік бөлік
1.Баланың тууы, өсіп жетілуіне байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлерді жете меңгеруі тиіс.
2.Қазақтың жылдың төрт мегзіліндегі мекен-жайлары киіз үйі, көшпенділіктің ерекшеліктері, маңызы туралы білуі тиіс.
3.Оқып, танысқан деректерді өмірмен сабақтастыра білуі тиіс.
4.Қазақ өмірінің ертеден келе жатқан мәдени деңгейі, табиғи мәніне өзіндік тұжырым жасай білуі тиіс.
5.Туған жерінің табиғатын сүйе отырып, оны қорғай білуді үйренуі тиіс.
6.Салт-дәстүрді сақтау жолдарын оқып үйрене отырып адамгершіліктің, азаматтықтың алғы шарттарын меңгеруі тиіс.
7.Дәстүрді қастерлей отырып ұлтын, елін шынайы махаббатпен сүюді үйренуі тиіс.
8.Ұлттық салт-сана туралы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасуы тиіс.
9.Қазақтың бала тәрбиесі жөнінде өзіндік заңдары, мол тәжірибесі бар екендігіне өзге ұлт балаларының көзін жеткізу.
10.Аңыз-әңгімелер арқылы болашаққа сену, өткеннен үлгі-өнеге алуды үйренуі тиіс.

Білімді меңгеру барысын анықтау түрлері:
-сұрақ-жауап, әңгімелесу, мәнерлеп оқу, талдау арқылы

-қазақтың салт-дәстүріне байланысты жинақталған тақырыптық ғылыми жұмыстарын қорғау, талдау.

-мұғалім әрбір тақырып бойынша ой толғау, пікір, эссе жаздыру, сұрақ тапсырмалар арқылы курсты меңгеру деңгейінен анықтайды.

-оқушының білім деңгейін «меңгерді», «меңгермеді» деген қорытындымен айқындалады.



Меңгеру деңгейінің талаптары.
Бұл курсты оқыған оқушылар мына мәселелерді білуге тиіс:
-қойылған сұрақтарға толық, дұрыс жауап беру;

-ғылыми жұмыстарын қорғау кезінде сөйлеу, талдау, дәлелдеу әдістерін қолдана отырып түсіндіру.



Оқушылар төмендегідей біліктілік дағдыларын көрсетуі керек:
-өтілген тақырып бойынша қосымша іздену, жинаған деректер мен дәйектерді ауызша немесе жазбаша түрде баяндау;

-мерзімді баспасөз материалдарын, кітапханадағы қосымша әдебиеттерді тиімді пайдалана білу;

-қазақтың салт-дәстүріне байланысты қағидаларға өз пікірін, көзқарасын білдіру және сыни тұрғыдан бағалау;

-өз пікірін дәлелдеп, тиісті қорытынды – түйін жасау;

-өз беттерінше реферат, шығарма, конспект дайындап, оқушылар алдында қорғау, пікірталастарға қатысу;

-көркем шығарманы мазмұндап, көркемдеп баяндау;

-оқиға, кейіпкер жөнінде ой қорыта білу;

-кез-келген тақырып аясында өз ойын еркін жеткізе білу;

-тілдік тәсілдерді, стильдік құрылыстарды дұрыс, орынды қолдану арқылы сауатты сөйлеуге, ой дәлдігіне, сөйлеу әдептілігіне үйрену, дағдылану.

Қолданылатын технологиялар элементтері:

1.Модульдік.


2.Сын тұрғысынан ойлау.
3.Жобалау технологиясы.
4.Іскер ойын технологиясы.

Курсты оқыту барысында қолданылатын әдістер:

1.Лекциялар мен талқылаулар.


2.Топпен жұмыс.
3.Пікір алмасу.
4.Жоба бойынша жұмыс істеу.
5.Өзіндік жұмыс.

Оқушылар пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ тілі. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Алматы 2002 ж.


2.Абай өлеңдері. Алматы. 1995 ж.
3.Қазақ мақал-мәтелдері Ө.Тұрманжанов. Алматы: Ана тілі, 1997 ж.
4.Қазақтың мәдениеті мен тұрмысы.Энциклопедия.
5.Қазақ тілі. К.Сариева. Алматы «Білім» 2001 ж.
6.Этнопедагогика. 2005 ж. №2
7.Қазақ тілі. С.Жұманова, Д.Актайлакова. Алматы. «Мектеп» 2008 ж.

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:

1.Қазақ тілі және ел тану. К.Сариева. Алматы, Классик. 2000 ж.


2.Қазақ мақал-мәтелдері. Ө.Тұрманжанов. Алматы. Ана тілі. 1997 ж.
3.Ұлттық дүниетаным. А.Құралұлы. Алматы. Өнер. 2002 ж.
4.Бөлтірік би. Б.Әбілдаұлы. Алматы. Мерей. 1996 ж.
5.Қазақ елінің рәміздері. Е.Шаймерденов. Алматы. Балауса. 1993 ж.
6.Қазақы тәрбие. Т.Байқұл. Алматы. Өркениет. 2002 ж.
7.Өрнекті сөз – ортақ қазына. М.Әлімбаев. Алматы. Қазақстан. 1967 ж.
8.Халық даналығы. Б.Адамбаев. Алматы. Мектеп. 1976 ж.
9.Қанатты сөздер. Н.Төреқұлов. Алматы. Жазушы. 1997 ж.
10.Бұқар жырау. «Ай, Абылай, Абылай!» Алматы. Жалын. 1993 ж.
11.Шежіре. Қазақтың ру тайпалық құрылысы. Алматы. Рауан. 1991 ж.
12.Біз қалай туысамыз? М.Ниязбеков. Алматы. Өнер. 1992 ж.
13.Қымыз. Шұбат. Алматы. Қайнар. 1980 ж.
14.Аударма, түсіндірме сөздіктер



Кіріспе
Халық педагогикасы мен ұлттық педагогикалық ойлардан құралған қазақ этнопедагогикасы жүйеленіп қалыптасқан ғылым. Ол ұлттық мәдениеттің негізі болып саналады.

Марко Поло тамсанған, Янушкевич таң қалған, Даль ізденген, Радлов жоғары бағалаған иманды халқымыздың өнері мен ауыз әдебиеті, салт – дәстүрлері халық педагогикасының қуатты құрамы екендігін анықтайды.

Әдет , әдет-ғұрып, әдеп-ұлттық мәдениеттің мәдени іргетасын құрайды.

Этнопедагогика философиямен тамырлас біртұтас ғылым.

Қазақ этнопедагогикасы қазақ мектебінде де, орыс мектептерінде де лайықты жүйеленіп, оны қолданбалы тәсілмен оқыту біздің дәстүріміз болып қалыптасуы тиіс.

Тәрбие бесіктен басталады, қазақ этнопедагогикасы тәрбиені бесік жырымен бастайды. Ұлттық мәдениетімізді, инабаттылықты, имандылықты, қайырымдылықты, мейірімділікті, ізеттілікті, меймандостықты, тіл өнерін балаға балдырған кезінен бастап үйрету-өркениеттік дәстүріміз.

Өркениеттігімізді өрде көрсетуімізді үшін қазақ этнопедагогикасын арымызбен ардақтап, аса жауапкершілікпен оқыту-ұлтжанды ұлағатты ұстаздардың аялайтын ары, абыройлы ісі.

Президентіміз «Қазақстан -2030» атты халыққа Жолдауында: «Қай мектепте оқығанына қарамай, оқушыларды қазақстандық патриотизммен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, ХХІ ғасырда Қазақстанның Орта Азия барысына айналуы үшін бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген.

Қазақ мектептерінде халықтық педагогиканы іске асырумен бірге орыс мектептеріндегі қазақ балаларының тәрбиесі де қазақ тілі мұғалімдері, сіздер мен мектеп әкімшілігі назарынан тыс қалмауы керек.

Орыс мектептеріндегі өзге ұлт балалары мен қазақ балаларының халық педагогикасынан мағлұмат алып,түсінігін тереңдетіп, кеңейту үшін мен өзімнің «Қазақ халқының салт-дәстүрі» атты авторлық бағдарламамды сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын.

Бағдарлама сабағының апталық сағаты – 1 сағат, жылдық сағаты – 36 сағатқа құрылған.
Бұл бағдарламаның ерекшілігі:


  • бағдарламада көрсетілген тақырыптар блоктар бойынша беріледі – (әр блокқа 2 - 5-ке дейін тақырып енді);

  • әр блоктан кейін практикалық жұмыстар енгізіліп өз беттерінше жұмыс істеуге көңіл бөлінді, мұндай жұмыстар жүргізудің мақсаты – мәтінді тыңдап, түсіну, сурет бойынша еркін әңгіме айту, жаңа сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер, ережелер, мақал, өлең, жұмбақтарды



  • еске түсіру жолымен қазақша ауызекі сөйлеуге, сауатты жазуға жаттығу.


Бірінші сабақ

Кіріспе

Тіл дамыту.

Тақтаға көрнекі түрде сызылған, жазылған қазақтың салт-дәстүрі мен шығу тарихы туралы сызбалар мен суреттері ілінді.

Оқушылар салт-дәстүрлер туралы білетін деректерін айтып түсіндіреді, жаңа түрлерімен танысады.

Екінші кезекте қазақтың шығу тарихы туралы әңгімелене отырып, аударма жолымен түсіндіріледі.

Үшінші кезекте салт-дәстүр туралы кішігірім үзінді алынып ол талданады, «тапсырма», «сөйлесу» деген айдарлармен берілген тапсырмаларды орындау барысында сөз, сөз тіркестері, грамматикалық тұлғалар туралы жаттығу сабағы өткізіледі.

Төртінші кезекте «Әдеп немесе өлмес өнеге» мәтіні оқылып, мағынасы талданады «Тұғыры берік, ұлт қасиетін, жөн-жосық, мәрттік, жомарттық» деген сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Үйге: Қазақтың салт-дәстүрлері бойынша өз ойын жазып келу.

Екінші сабақ
Қазақ мемлекеті мен қазақ атауының шығу тарихынан.

Септіктерді қайталау.

Лексикалық жұмыс.
Сөздер:
шамамен – примерно

бұрын – раньше

мекендеу – обитать

құрал – орудие

дәлел – доказательство

заман – эра

орта шені – середина

иен – бескрайний

тайпа – племя

сына жазу – клинопись

белгі – знак

шұғылдану – заниматься


Оқыңдар, аударыңдар
Қазақстан жерін алғашқы адамдар шамамен алғанда бұдан 300 мың жыл бұрын, яғни ертедегі тас дәуірінен бастап мекендеген. Мұны Қаратау үңгірлері мен Балқаштың солтүстік жағалауынан табылған тас құралдары дәлелдейді. Біздің заманымызға дейін 1 мың жылдықтың ортасында иен даладағы тайпалар көшпелі мал шаруашылығымен айналасты.

Оларды парсылар сақтар деп атаса, грек авторлары азиялық скифтер деп атаған.


Жаттығулар

  1. Септеңдер: дәуір, құрал

  2. Сөз құрамын анықтаңдар:

Жылдық, азиялық, шаруашылық, дәуірлік, атамекен,суармалы,тұрақты, өмірлік.

  1. Берілген зат есімдерден сын есім құрастырып жазыңдар:

Мысалы: белгі – белгілі

Жер, тас, мал, егін, сенім, дәулет, өмір, бақыт, өнер, дәстүр, баға,сый.



  1. Мына етістіктерді үш жақта жіктеңдер: дәлелдеу, шұғылдану, зерттеу


осы шақ

келер шақ

өткен шақ

Үйге: Мәтіннен зат есімдерді тауып түбірін жазыңдар.
Үшінші сабақ

Ұлттық ерекшелік.Қазақтың салт-дәстүрі туралы.


Лексикалық жұмыс.

Сөз құрамын қайталау.


Сөздер:

Жеті ата-семь колень предков

Жиен-дети дочери

Құда-сват

Нағашы-родня по линии матери

Ерекшелік-особенность

Бауырмалдылық-братство

Түз төсінде-в степи


Оқыңдар,аударыңдар.
Қазақтар түз төсінде жолыға қалса жеті атасын сұрастырып бәрін білген соң:

«ой,сен өзі бөтен болмадың,тіпті ең жақын туысым болып шықтың,бізге жиен екенсің немесе нағашы не құда екенсің ғой»десіп табысып,әзілдесіп,ел-жұрт,бала-шағаның амандық-саулығын сұрасып бір жасасып қалады. Бұның бәрі халқымыздың айрықша қасиеті.Басқа жұртқа ұқсамайтын ұлттық ерекшелігі.Қазақы бауырмалдылық.


Жаттығулар:
1.Түбірін табыңдар:

Жолығу,жолыққан,жолығады,жолықтыру;білу,білген,біледі,білді;шығу,шық-қан,шығады;сұрау,сұрасқан,сұрасады,сұрастыру.


2.Үлгі бойынша жалғастырыңыз:
Қасиетсіз,ата......,сұрау.....,құда.....,туыс.... .

Елудей,тоқсан.....,жиырма....,алты..... .


3.Мына сөздермен бірнеше сөйлем құрастырыңыз:
Жолыға қалса,тіпті,ең жақын,бәрін білген соң,содан кейін,бүгін.
4.Ұлттық ерекшелік туралы әңгімелеп беріңдер.
5.Көршіңмен осы тақырыпқа әңгімелес.

Үйге:Мәтінге диалог құрастыр

Төртінші сабақ.
Салт-дәстүрді сақтау жолдары.
Антонимдерді пайдалану.

Біріккен сөздер.


Сөздер:

Сақтау-хранение

Қасиетті міндеті-святая обязанность

Жоғары отыру-садятся выше

Бесікке салу-укладывать ребенка в колыбель

Бата беру-благопожелание

Асықпай айту-излагать не торопясь

Олжасын ұсыну-добычу отдают

әбес-неприлично

сый-сыяпат-подарки.


Оқыңдар,аударыңдар.

Ата-баба дәстүрін,ғұрыпты аттамайды.Ата жолына кім болса да бас иеді.

Егер әкесі үлкен болса адамның жасы кіші болса да,жолы үлкен болып саналады,яғни салт-дәстүрде жол,кезек соған беріледі.

Табақта басқа рудың,тайпаның,жүздің азаматы отырса,бас соған тарты-

лады.

Қыз келіндерден жоғары отыруға хақы бар.



Сәбиді бесікке салғанда жол құдағидікі немесе басқа рудың әйеліне беріледі.Бесікті отпен аластайды.

Бата беру ас қайыру қонаққа немесе ақсақалға,жолы үлкенге беріледі.

Келген адам жұмысын тұрып айтпайды,отырып,асықпай айтады.

Қызға кәрі жілік ұсыну әбестік.


Жаттығулар:

1.Мына сөздердің септік жалғауын анықта:

Ғұрыпты,адамның,табақта,ағаларынан,бесікке,рудың,отпен,қонаққа,қызға.

2.Төменгі сөздердің қарсы жұбын табыңдар:

Үлкен-

Кезек-


Жоғары-

Тұрып-


Кәрі-

Келген-


3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Үйге:Берілген сөздерді аударыңдар:мырзалық,мүшелтой,алыс сапарға,құр-

дас,сый-құрмет.



Бесінші сабақ.
Жақсы сөз -жарым ырыс.

Халықтың ырымдары.

Қыстырма сөздер.

Сұрау және леп белгілері.


Сөздер:

Шаңыраққа-дом,очаг.

Игі сөз-доброе слово.

Орын ұсыну-предлагать место

Жаңа қоныс-новоселье

Сәтті күн-благополучный день

Ілтипат-почтение

Мәжіліс-совещание


Оқыңдар,аударыңдар

Кездескен адамдар бір-біріне «Ассалаумағалейкум!»-деп сәлем береді.Бұл- «сізге де нұр жаусын»деген сөз.Сәлем алушы: «Уағалейкум- ассалам!»-дейді.Бұл-«өзіңізге де нұр жаусын»деген сөз.

Үйге келген кісі шаңыраққа сәлем беріп кіреді.Үй иесі сәлемін алып, жасы кіші болса қайта сәлем беріп: «Қош келдіңіз!Төрге шығыңыз,»-деп ілтипат көрсетеді.

Қазақ әрбір сәтті күнге,қуанышқа,мәжіліске,тойға келгенде «Құтты болсын!»деген игі сөзді қосып айтады.

Жаңа қоныстанып жатқандарға «Қоныс құтты болсын!»деген тілек айтып,жөн сұрасады.
Жаттығулар:

1.Мына қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар:

Алайда,мүмкін,әсіресе,бірақ,сөз жоқ.
2.Мәтіннен лепті,сұраулы сөйлемдерді теріп жазыңдар.
3.Мәтінді оқи отырып екеуара сөйлесіңдер
Үйге:Мәтінді әңгімеле.

(Бесінші сабақтың жалғасы)


Халықтың ырымдары.

Сөздер:


Санамайды-не считает

Омыртқа-позвоночник

Жұлын-спинной мозг

Қиқым-крошки

Несібесі-доля

Бұғана-ключица


Оқып,аударыңдар.

Қазақ баланы санамайды және бала санын айтпайды.

Бала бас ұстамайды.Егер бас ұстаса,әкесі өліп қалады деп,тыйым салған.

Омыртқаның жұлынын жесе суға кетіп қалады деген ырым бар.

Нанның қиқымын жесе бай болады дейді.

Баланың аңшылықтағы алғашқы олжасын несібесі кетеді деп,ешкімге байлатпайды.

Жас балаға бұғана ұстатпайды.Онда бойы өспей қалады деп жорыған.

Жаттығулар.


1.Мәтінге сұрақтар құрастыр.

2.Мына сөздердің сөз құрамын анықтаңдар:

Баланы,омыртқаның,қиқымын,аңшылықтағы,олжасын,жұлынын.

3.Қандай халық ырымдарын білесіңдер,әңгімелеңдер.



Үйге:Мәтіннен 2-3 зат есімді сөзді алып септеңдер.

Алтыншы сабақ

Практикалық жұмыс.


Шағын шығарма

Оқушылар осы блок бойынша оқып білгендерін қорытып әңгімелей келе жоспар құрастыруды,шығарма жазуды өз беттерінше үйренеді.



Үйге:Өткенді қайталау.



Нормативтік бөлік
Практикалық



1.Топтастыру




Қазақ


атауының

шығу


тарихы


2.Сұрақ қою өлшемі.
Қазақтың салт-дәстүрі туралы қандай сұрақтар туды?
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



3.Автор орындығы.
«Қасиетті қара шаңырақ» тақырыбына эссе жазу
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



4.Бес жолды өлең жаз.
«Ас – адамның арқауы» тақырыбына
5.Болжау кестесі.
_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

(«Қарға тамырлы қазақ» мәтінімен танысады).


6. Қойын дәптер.
Төрт түлік туралы көрген-білген қызықты оқиғаларды түсіріп келу беріледі.
_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________
7. Эссе. Тақырыбы «Туған өлкем табиғаты».

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________


8. Еркін жазу. «Нағашы жұрт туралы» Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді оқылғаннан кейін еркін ой толғау жазу

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________


9. Топтастыр.


Жақындық Іліктік


атаулары туралы

10. Әңгімені жалғастыр

(Табиғатқа байланысты)


Мен орман ішін аралап жүріп келемін. Орман мүлде өзгерген. Жаздағы жап-жасыл түсі сарғайып, сұп-сұр болған...................................................................

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________


11.Елес жетелеу

(Төрт түлік туралы)


Бір күні сиыр, ат, ит – үшеуі таласыпты. Сиыр оны қожасы бәрінен де жақсы көретінін айтыпты. Ал ат болса өзінің қожасына көп көмек беретінін айтып мақтанады.

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________



12. Сезімнен туған өлеңдер.

(Табиғаттың суреті)

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________


13.Венн диаграммасы.

«Киелі сандар»






Жеті Ортақ қасиеті Тоғыз




14.Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру


Үзінді


Пікір






(Ас – тамаққа байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы)
15.Ішіне, сыртына


Ішіне


Сыртына






(Киіз үйге байланысты ұғымдар)
16.Б.Б.Ү.


Білемін


Білгім келеді

Үйрендім









(Табиғат туралы ұғымдар)
17. «Т» кестесін толтыр

(Салт-дәстүрді сақтау жолдары туралы кестені түсір)














18.Авторға сұрақ қою

«Халықтың ырымдары» туралы әр топ авторға сұрақ қояды.


1.____________________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________________
3.____________________________________________________________________________
4.____________________________________________________________________________


19.Кубизм стратегиясы

Төрт түлік малды есіңе түсір

(өзің таңдап екі малды алып, кестені толтыр)


Салыстыр

Пайдасы

Нені керек етеді?

Сипатта

Зертте

Зияны




































Бақылау диктанттары

үлгілері.

Қазақ халқы – қонақжай

Қазақ халқына тән ерекше қасиеттердің бірі - қонақжайлылық. Қандай жағдай болса да жолаушылап келген адамды жылы шыраймен қарсы алып, сый-құрметін көрсетіп аттандыру - әркімнің парызы.

Салт-дәстүр бойынша қонақты үй иесі қарсы алып, үйге кіргізеді. Жөн сұрасқаннан кейін қонақты төрге отырғызады, алдына ең дәмді тағамдарды қояды.

Қонақасы берілген соң, қонақтан әңгіме сұрайды. Өнерлі болса, ән салғызып, күй тартқызады.

Үй иесінің балалары да қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – қазақ халқының тамаша бір дәстүрі.

(71 сөз).


Пайдалы жануарлар

Жер бетінде пайдалы жануарлар көп. Жарқанат, үкі, бақа, кірпі де пайдалы жануар қатарына жатады. Мысалы, жарқанат бір түнде жүздеген қлңыздар мен инеліктерді жеп үлгереді. Ал олар ағаштың жапырағын, өсімдіктердің тамырын бүлдіреді.

Үкі бір түнде он-он бес тышқан ұстап жейді. Тышқандар егіннің бірінші жауы.

Бақа адамға зиянды маса, шіркей, қоңыз сияқты жәндіктерді жейді. Ал кірпі тышқанмен, улы жыланмен қоректенеді.

Жарқанатты, үкіні, құрбақаны, көлбақаны және кірпіні қорғап жүріңдер! Олар қашанда адамға көп пайда келтіреді. Табиғатты қорғайды. Олардың бәрі де біздің досымыз. Пайдалы жануарларға қамқор болайық.

(83 сөз)


Мазмұндамалар үлгілері
Бата мен тілек

Бата мен тілек – егіз қозыдай ұғым. Тілек дегеніміз – бата, бата – тілек. «Үйің құтты болсын», «Сапарың оң болсын», «Жақсы жатып, жайлы тұрыңыз» деген тіркестерде бата да, тілек те бар.

Бата мен тілек, негізінен, адам баласына жақсылық ойлау. Ол жас ұрпақты білікке, әдептілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Бата ризашылық тілек – ниетінің көрінісі ретінде айтылады. Сапарға шығарда жанашыр үлкен адамнан бата алады: «Сапарың оң болсын, сәтті жол болсын, басыңа бақ қонсын, т.б.». Іштей тілеу әрбір адамның сеніміне байланысты. Ол «құпияны» әркім біле бермейді. «Біреуге жамандық тілегенше, өзіңе амандық тіле» дейді қазақ мақалы. Бата беруді үйрену өмірде өте қажет.

(93 сөз).


1.Бата мен тілек туралы ұғым.

2.Бата, тілек арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу.

3.Бата түрлері


Жаралы тазы.

Алғашында бойын үрей буып, ышқына секірген. Темір қышқаш түспеді, қоса көтерілді. Екінші қайта секіргенде қақпанға жалғанған шынжырдың ұшына бекітілген темір сопаң етіп қар бетіне шықты. Бірақ ауыр салмақ алдыңғы аяғын тартып, тазы екпінін баса алмай, тоңқалаң асып түсті. Кәрі жілігі ортасынан морт сынды. Көзіне қан толған тазы тұра салып қақпанды тістеледі. Жеңіл тот басқан темір шақыр-шұқыр етті. Қақпан тазының аузынан ыққан жоқ, сол сірескен қалпында қалды. Тазы жансыз темірді қарш-құрш шайнай берді. Біраздан соң қақпанды да, қар бетін де қып-қызыл қан басып кетті. Шаршаған тазы қар үстіне сылқ құлады. Талмаусырап ұзақ жатты.

Есін жиған кезде өзінің екі-үш күннен бері аш екендігі есіне түсті. Кенет оның көзі алдындағы қарда жатқан қанға түсті. Тазы орнынан тұра салып қатқан қанды асай бастады. Сәлден соң қар бетінде қызарған бір де бір дақ қалмады.

(133 сөз).


1.Қақпанға түскен тазы

2.Ессіз әрекеті

3.Аштықпен күрес

Тапсырмалар мен жаттығулар үлгілері.


Ас – адамның арқауы.

Ұлттық тағамдар.


1.Қажетті қосымшаны қойыңдар.

1.Қымыз, шұбат сусындары қазақ аспаздығында кеңі...... қолданылады.

2.Мен әдетте қымыз, шұбат іше.....

3.Мен ұлттық тағамдар..... көп атауларын білемін.

4.Маған ұлттық тағам..... ұнайды.

5.Мен ұлттық тағамдар...... дайындай аламын.
Қажетті қосымшалар:

-мін, -дың, -нен, -дар, -ды.

2.Дұрыс жауапты белгілеңдер.

1.Қазақ аспаздығында қандай сусындар кеңінен қолданылады?

а)спрайт

ә)қымыз, шұбат

б)кола
2.Мен қазақтың ____________________ сияқты сусындарын ішемін.

а)лимонад

ә)қымыз, шұбат

б)спрайт
3.Саған ұлттық тағамдар ұнай ма?

а)ұнайды

ә)ұнамайды

б)білмеймін
4.Сен ұлттық тағамдарды дайындай аласың ба?

а)дайындай алмаймын

ә)дайындай аламын

б)білмеймін


3.Мына сұрақтарға жауап бер.

1.Қымыз бен шұбатта емдік қасиет бар ма?

2.Қымыз, шұбат денсаулыққа пайдалы ма?

3.Палау, лағман, қазақша ет ұлттық тағамдарға жата ма?

а)иә

ә)жоқ
4.Мына сөздердің қарсы мағынасын бер.



1)ұнайды –

2)пайдалы –

3)ішемін –

4)барамын –


5.Бір сөзден бірнеше сөз жасап шығар.
Бауырсақ, ірімшік, қарта, балқаймақ.
Үлгі: бауыр, уық, бақ, бас, сары, ауыр, бау.


6.Мәтінді оқы. Түсіндір.
Қазақ – қонақжай халық. Қазақ халқы барлық уақытта қонақты күтуге дайын тұрады. Қонағына ұлттық тамақтар дайындап береді. Мысалы, ет асып, қуырдақ жасап береді. Қонақтың түрлеріне байланысты қойдың басын, жамбасын, төсін, жіліктерін бөліп-бөліп қояды. Қазақша ет – қазақтың ерекше ұлттық тамағы. Оны қойдың, сиырдың, жылқының еттерінен де әзірлейді.
7.Сұрақтарға жауап бер.
1)Қазақ қандай халық?

2)Қазақ халқы қонаққа қандай тамақ дайындайды?

3)Қазақша етті неден әзірлейді?
8.6-тапсырмадан сөйлемнің бірыңғай мүшелерін табыңдар.
9.Сөздерді сәйкестендір.

а)готовить 1.денсаулық

ә)гостеприимный 2.пайдалы

б)напиток 3.дәрумен

в)национальный 4.тағам

г)блюдо 5.ұлттық

д)витамин 6.сусын

е)полезный 7.қонақжай

ж)здоровье 8.дайындау
10.Берілген сөздерден сөйлем құраңдар.


тауық, сорпа, ірімшік, май, нан, бал, ет, кеспе, картоп, балық, күріш ботқасы, айран, шұбат, жұмыртқа, компот, шай

жеймін.

ішемін.


іштім.

жедім.

Бүгін




11.Орыс тіліне аударылмайтын ұлттық тағам атауларын тізіп жазыңдар.
Үлгі: шұбат – шубат.
12.Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.
а)бауырсақ 1.жеміс

ә)қазы 2.ет

б)құрт 3.ірімшік

г)алма 5.нан

д)шұбат 6.сусын

Баяндама

«Қазақ халқының салт- дәстүрі» авторлық бағдарламасы

мен күнтізбелік жоспарының құрылымы.

№9 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Жарылғасымова Нұрғиса Тоқтасынқызы

Ауқатты ауылы

2016 жыл
Бағдарламаның негізгі мақсаты:

Барлық балаларды ұлт дәстүрлерін білу арқылы қазақ халқының мәдениетін сыйлауға, ең озық салт дәстүрлерін қабылдауға ұмтылыс, қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылық, бұл пәндерден білімділік қажеттілігіне сұраныс туғызу. Орыс мектептеріндегі балаларды өткізіліп отыратын олимпиадаларға, сайыстарға, фестивальдарға дайындау. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Орыс мектептерінде оқып жүрген қазақ балаларын өз ұлтының мәдениетін, дәстүрін тамаша жақтарымен таныстырып, сана- сезімдеріне ұлтына деген мақтаныш, намысшылдық, тектілік, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.

Қазақша сөйлеу, қазақша киінуге ұялмайтын, келешекте еліне қызмет ететін, елін қорғайтын, ел азаматы, елдің ұл- қызын қалыптастыру.

Ата- аналарының тіл білмеуінен бере алмай жүрген ұлттық тәрбиенің аз да болса қалыптасуына мүмкіндік жасау.

Бағдарламаның мазмұны:

1.Баланың тууы, өсіп жетілуіне байланысты қалыптасқан салт- дәстүрлер.

2. Қазақ халқының тұрмысы салты.



3. Әлеуметтік- мәдени дәстүрлер болып үш-төрт бөлімге бөлінеді.
: materialy -> avtorbagdar
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Анашым ән-жырым
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
materialy -> Сабақтың тақырыбы Жүз жасаған бәйтерек Жалпы мақсаты
materialy -> Маликова Шолпан Саттарқызы Мағжан Жұмабаевтың
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Сабақтың мақсаты
avtorbagdar -> Бекітемін: Келісемін: «Тоқсансай» жалпы орта Аудандық білім бөлімінің мектебінің директоры: бастауыш сынып әдіскері
avtorbagdar -> Бекітемін: Келісемін: «Тоқсансай» жалпы орта Аудандық білім бөлімінің мектебінің директоры: бастауыш сынып әдіскері
avtorbagdar -> 26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы шешендік өнер (таңдау курсы) Сынып – 5 Сағаты – 1 Жылдық сағаты – 34 Бағдарламаны құрастырған
avtorbagdar -> Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет