Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



жүктеу 3.39 Mb.
бет1/19
Дата21.06.2016
өлшемі3.39 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ

«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Филиал АО Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» «Институт повышения квалификации педагогических работников по Алматинской области»
«Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері»

атты Республикалық ғылыми-практикалық оn-line конференция


МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ


СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

Республиканской научно-практической оn-line конференции



«Педагог малокомплектной школы: проблемы профессионального развития в рамках обновления содержания образования»
27 мамыр

27 мая
Алматы - 2016

«Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық оn-line конференцияның

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІСІНІҢ БАЯНДАМАЛАРЫ


БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕГІ МҰҒАЛІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ РӨЛІ
Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы

саяси ғылымдарының докторы, доцент, Педагогикалық білімнің халықаралық Ғылым Академиясының академигі,

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары
«ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ –

рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген,

педагогикалық құралдардың барлық түрлерін

шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым

жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.

Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны

қалыптастырып, дамыту үшін жауапты»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
Еліміздің барлық аймақтарындағы шағын жинақты мектептер білім беру саласының басты ерекшелігінің бірі болып отыр. 

Шағын жинақты мектеп - бiлiм алушылар контингентi шағын, сынып-жинақтары бiрiктiрiлген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзiндiк нысаны бар жалпы білім беру мекемесі [1].

Статистикалық деректер бойынша, жалпы республика бойынша біріктірілген 1-4 сыныптар 4398 (33250 бала), 5-9 сыныптар - 2012 (15201), 10-11 сыныптар – 17 (110). Қазақстанның 7576 жалпы білім беретін ұйымының 4288-і - ШЖМ. Бұл жалпы санның 56,5 %-ын құрайды. Ауылдық жерлерде 6032 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 4139-ы ШЖМ. Бұл барлық санның 68,6 %-ы. 1913 қала мектебінің 149-ы - ШЖМ. Бұлар оқушы санының аздығымен, сыныптарды біріктірумен, мұғалімдердің көп пәннен сабақ беруімен сипатталады.

Қазақстан Республикасындағы халық тығыздығының әркелкілігі аталған проблеманың өңірлік аспектісіне негізделген: ШЖМ-ның басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (облыстағы барлық мектеп санының 88,1 %-ын құрайды), Ақмола (81 %), Қостанай (77,5 %), Павлодар (76,5 %), Батыс Қазақстан (72,9 %), Ақтөбе (67,5 %), Шығыс Қазақстан (67,9) Қарағанды (58,9 %) облыстарында [2].

Жалпы елімізде шағын жинақты мектептердің үш типі жұмыс істейді:

- бастауыш шағын жинақты мектептер;

- негізгі сатыдағы шағын жинақты мектептер;

- жоғарғы сатыдағы шағын жинақты мектептер.

Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары бар. ШЖМ мұғалімдерінде кездесетін көптеген қиындықтарды оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда міндетті түрде ескеру қажет, атап айтсақ:

-материалдық-техникалық базасының әлсіздігі және инфраструктураның нашарлығы;

- параллель сыныптардың болмауы;

- оқушылар санының аздығы;

- біріктірілген сыныптарда оқытудың қиындығы;

- оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі.

Міне, осылайша, қазіргі таңда шағын жинақты мектептердің ерекшеліктері:

- біріктірілген сыныптармен;

- біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасауы болып табылады.

Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «шағын жинақты мектептерді дамыту проблемасы» басым бағыттардың бірі болып белгіленген [3]. Сонымен қатар, аталған құжатта ШЖМ-ның материалдық-техникалық базасын жақсарту, ШЖМ-ны мамандармен қамтамасыз ету, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіби жағынан жетілдіруді желілік жүйе арқылы іске асыру, қашықтықтан оқыту бағдарламасын енгізу т.б. мәселелер қарастырылған. 

Осы орайда шағын жинақты мектеп өзінің білім беру әрекетінде келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:

- білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру;

- бір пәндік және бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқыту сабақтарын ұйымдастыру;

- біріктірілген сыныптар үшін сабақ кестесін икемді етіп құрастыру;

- даралап және саралап оқыту;

- оқу үдерісінің технологиясы мен мазмұнының икемділігін және вариативтілігін жүзеге асыру;

- білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;

- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескеру;

- оқушылардың оқу барысындағы бір-біріне өзара көмектесуі және ынтымақтастығы.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 75 тармағын [3] жүзеге асыру нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жанында Республикалық шағын мектептерді дамытудың орталығы (РШЖМДО) құрылды. Бірнеше жылдар бойы РШЖМДО шағын мектептердегі (ШЖМ) педагогикалық процесті жетілдіру және ондағы ғылыми-әдістемелікпен қамтамасыз ету жақтарын анықтау мәселесі бойынша зерттеулер жүргізді. Алғаш рет ШЖМ-ге арналған оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК), ШЖМ-ді дамыту тұжырымдамасының жобасы және ШЖМ-дің қызметтік ережесі дайындалды. Орталық қызметкерлері 17 оқу-әдістемелік құралдарын жасап шығарды [4].

Республиканың білім беру мазмұнын жаңарту барлық білім беру жүйесін, сондай-ақ, шағын жинақты мектептерді де қамтиды. Сондықтан ШЖМ мұғалімдеріне төмендегідей талаптар қойылады:

- өздігінен білім жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау;

- оқытудың оңтайлы әдістерін іріктеу, таңдау және құрастыра білу;

- әр түрлі жастағы оқушылар ұжымын басқара білу;

- оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасын іздестіру;

- үздіксіз кәсіби деңгейін көтеру және жетілдіру;

- оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивті әдістерді кеңінен оқып-үйрену, практикаға ендіру.

Бұл талаптар мұғалімдерден үлкен шығармашылық еңбекті қажет ететіні анық. Шығармашылық – бұл мұғалімнің күнделікті өмірде өзін - өзі тануға ұмтылуы, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.

Ғылыми әдебиеттерде шығармашылықтың төмендегідей түрлері анықталған:

1) материалдық-техникалық;

2) рухани-теориялық; 

3) әлеуметтік-ұйымдастырушылық;

4) педагогикалық;

5) көркем-шығармашылық т.б.

М.М.Поташник мұғалімнің шығармашылығы мына жағдайларда көрінеді деп санайды:

1) мәселені шешудегі тапқырлықта;

2) жаңа формалар, әдістер, тәсілдер, технологиялар жасап, оларды тиімді қолдана алуда;

3) белгілі тәжірибені жаңа жағдайда тиімді пайдалана алуда;

4) жаңа міндеттерге сәйкес белгілі ақпаратты жетілдіріп, өзгерте алуда;

5) жоғары интиуциямен нақты есеп негізіндегі сәтті импровизацияда;

6) бір мәселені шеше алудың бірнеше жолдарын көре алуда;

7) нақты педагогикалық іске әдістемелік нұсқаулар мен теориялық ережелерді трансформациялап жасай алуда.

Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қарауы, қанағаттануы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды түрткінің қалыптасуы тағы басқалар маңызды орын алады. Сонымен қатар, шығармашылық қабілеттерді жетілдіруде мұғалімнің жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдап алу, көңіл-күйінің бір қалыптылығы, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік ұстаным тәрізді сапалары дамиды.

Ал, озат ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды. Бұл ретте ізденімпаз мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттарды орындауы тиіс:

- шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

- оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;
- жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
- ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету.

Бүгінгі таңда «тұлғаға бағдарланған» оқу үдерісін жүзеге асыру кезінде мұғалімнің өзіндік шығармашылығының орны ерекше. Осы орайда оқу үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану сапалы білім беру негізгі шартының бірі болып табылады. Бұл ретте білім берудің мазмұнын жаңартып, инновациялық технологиялардың ішінен интербелсенді әдістерді өз тәжірибемізде қолданудың маңызы зор.

Интербелсенді әдістер педагогикалық тәсілдердің өзгеруіне алып келіп, тыңдаушылардың өзіндік дамуына, оларды өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді. Осы орайда білім беру үдерісінде мұғалімнің міндеті – тыңдаушылардың неғұрлым белсенділік танытуына жағдай жасау, қажет кезде жол көрсету болып табылады. Бұл ретте мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады.

Білім алушылардың назарын оқу үдерісіне аудару үшін мұғалім интербелсенді оқытудың мынадай шарттарымен таныс болуы керек:

- жағымды психологиялық орта орнату (мысалы, биопоэма, ізгі-тілектер және т.б.);

- қызығушылығын арттыру үшін төтесінен қызықты да жұмбақ сұрақтар қою (мотивация, ұмтылыс тудыру);

- ұжыммен жұмыс жүргізу (психологиялық ойсергектер, кестелер толтыру). Егер осы шарттарды ретімен орындай алсаңыз, білім алушылардың психологиялық жағдайын анықтауыңызға әбден мүмкіндігіңіз болады.

Өз кезегінде интербелсенді оқытуда үйренушілер нәтижеге бірлескен қарым-қатынас пен әрекеттесу арқылы жететіндігін біледі. Сондықтан мұндай сабақтарда жағымды психологиялық климат пен өзара сенім ахуалын орнықтырудың маңызы ерекше. Соған орай мұғалім интербелсенді оқыту кезінде білім алушыларды ынталандырып, оларда ішкі мотивацияның пайда болуына және өзара әрекеттесуіне ықпал жасайды.

Сондай-ақ, бүгінгі күні білім беру жүйесі сабақ беру кезінде ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді. Осылайша білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Оқытудың ақпараттық технологиясы бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және бейнеқұралдар, компьютерлер, электрондық оқулықтар телекоммуникациялық желілер). Білім беру үдерісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқытуды, әр білім алушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық технологияларды пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.



Қорыта айтқанда, дұрыс құрылған жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шәкірт жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін-өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне-өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эстетикалық талғамы бар, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін-өзі үздіксіз дамытып отыратын жан-жақты тұлға болып қалыптасары анық.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года №319 «Об образовании» (с изменениями и дополнениями на 04. 07. 2013), online.zakon.kz

2.Қазақстан Республикасында 
шағын жинақты мектептерді дамытудың 
2010-2020 жылдарға арналған 
тұжырымдамасы Жобасы // http://kk.convdocs.org/docs/index-107671.html?page=3

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік  Бағдарламасы, 2010 жылғы 7 желтоқсан // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1000001118

4. Нормативтік-құқықтық базаны және шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктерін талдау. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 11-б.
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕП: БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА
Дихамбаева Ж.Ә.

Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің

шағын жинақты мектептер бойынша әдіскері

Талдықорған қ.
Бүгінгі күн - білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген еді[1]. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда.

Осыған орай, қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға және өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталып, білім беруге қойылатын талаптарды өзгертіп отырғанын жоққа шығару мүмкін емес. Оның ішінде шағын жинақталған мектеп мәселесі өз алдына бөлек әңгіме. Өйткені, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда  мұндай мектептердің өзіндік қиындықтары бар екені белгілі. Ал, осындай мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық ғылыми білімдерді, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен арнайы технологияларын меңгеруі жеткіліксіз дәрежеде қалып отыр. Оған себеп,



  • орталықтардың шалғайда орналасуы;

  • ШЖМ мұғалімдері үшін арнайы мамандық жетілдіру курстарының жергілікті жерде аз ұйымдастырылуы;

  • ұстаздардың өз бетінше білімін көтеруіне қажетті оқу-әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі;

  • ШЖМ-ға арнайы маманданған кадрлардың дайындалмауы;

  • кадрлардың тұрақтамауы;

  • тірек мектептердің мұғалімдермен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктің жоқтығы басты себеп [3].

  Алматы облысындағы жалпы білім беретін 737 мектептің 239-ы – шағын жинақталған мектептер (32,4%) (2015 ж. – 33,3%), оның 58-і бастауыш, 51 – негізгі, 130 орта мектеп. Оқушылар контингенті - 16203 (2013 ж. - 20176) баланы құрайды, оның 952-і бастауыш мектепте, 2663 негізгі мектепте, 16203 орта мектепте білім алуда. Бұл облыс мектептеріндегі оқушының жалпы контингентінің (314019) - 5,2% құрайды.

Облыстағы 239 шағын жинақты мектептің 193-і қазақ тілді, 3-і орыс тілді, 3-і ұйғыр тілді, 40-ы аралас мектеп, сонымен қатар шағын жинақталған мектептің 141-і типтік ғимараттарда орналасса, 104-і бейімделген ғимараттарда орналасқан.

Адам аз орналасқан елді мекендер мектептерінің сыныптарында оқушы санының аздығына байланысты 166 біріктіріліп оқитын сыныптар ашылған, бұл жалпы сынып санының 7,5% құрайды.

Облыс бойынша ШЖМ-де 4592 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде: жоғары білімді – 3982 мұғалім (86%), аяқталмаған жоғары арнаулы кәсіптік біліммен – 599 (13%), жалпы орта біліммен – 11 (0,2%) адам. Жоғарғы санатты 430 мұғалім (9,4%), бірінші санатта – 1551 (33,8%), екінші санатты – 1412 (30,7%), санаты жоқ-1199 (26%).



Біз «жай білетін адамнан» – «шығармашылықпен ойлауға, өзін-өзі дамытуға қабілетті адамға» айналамыз. Білім беру мазмұнын жаңарту - бағдарламалардың құрылымы мен мазмұнын шолу, оқыту әдістерін қайта қарау. «Оқытушыға ойлау инерциясын жеңу керек болады, өзіне де оқушымен бірге оқу, оқушының қабылдауын өзгерту, авторитарлық оқытудан ынтымақтастыққа оқытуға көшу керек болады.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ әдістемелік жұмыстар нәтижелілігі, білім сапасын көтерудегі жаңа технологиялардың тиімділігі, мұғалімдердің өз білімін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды қоғам талабы мен мемлекеттің даму болашағына сай құру білім беру жүйесінде өзгерістің болуын қажет етеді. Бұл, бірінші кезекте, шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесін шешу қажеттігін байқатты. Мұндай өзекті мәселе бойынша 2008 жылдан бері Алматы облысы, Қаратал ауданының Кәлпе, Дзержинский, Лермонтов атындағы және Қарасай ауданындағы Ерменсай, Крупская атындағы мектептері мұғалімдері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Ақпараттық білім беру жүйесінің дамуы: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «ҚР шағын жинақты мектеп академиясы» порталы» ғылыми жобасы негізінде Online режимі бойынша оқытудың аудиовизуалдық құралдарын, ақпараттық-білім беру бағдарламаларын пайдалану арқылы ұйымдастырылған шебер-сыныптар, бейне конференцияларға, өздігінен білім алу және  біліктілігін арттыру курстарына қатысуда [5].

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңартылған бағдарлама бойынша курстарға қамтылған шағын жинақты мектеп мұғалімдері бойында төмендегі құзыреттіліктер қалыптасады:



  • қосымша білім мен дағдыларды меңгереді,

  • білім жүйесіндегі қарқынды өзгерістер ауқымындағы үздіксіз дамуға бейімделеді,

  • топтық және жеке жобалар, өзіндік жұмыстар, сабақ жоспарлары, эссе, рефлексиялық есеп жасау арқылы алған тәжірибелерін бекітеді,

  • оқушылардың бойында өздігінен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру біліктілігі жетіледі.

Шағын жинақты мектеп жағдайында мұғалім өзіндік идеялары бар, жаңа оқу бағдарламаларын жасауға жəне жүргізуге қабілетті, жоғары интеллектуалдық əлеует пен ғылыми құзырлылыққа ие, əдістемелік даярлығы қалыптасқан, сабақта оқушылардың танымдық іс-əрекетін ұйымдастырудың түрлі əдістерін меңгерген тұлға болуы тиіс.

Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен педагогтердің шығармашылық потенциалын көтеру; ақпараттық технологияны тиімді пайдалана отырып, жаңа форматтағы педагогтардың шеберлігін шыңдау; озық іс-тәжірибені насихаттау мақсатында «Шағын жинақты мектепте сабақ жүргізудегі тәжірибе және инновациялық технологиялар» тақырыбында сырттай облыстық практикалық Интернет-конференция өткізілді. Интернет-конференцияға облыстағы шағын жинақты мектептердің басшылары, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтер және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Педагогтердің тәжірибесін жаңартып, оған үздіксіз өзгеріс енгізудегі ұйымдастырушылық бағыттағы жұмыстың бірі - семинарлар. ШЖМ мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, кіріктірілген пәндерді оқытудағы кәсіби шеберліктерін жетілдіру мақсатында «Шағын жинақты мектептер жағдайында кіріктірілген пәндерді оқытудың өзіндік ерекшеліктері», «Шағын жинақталған мектептерде тарих және география пәндерін кіріктіре оқыту», «ШЖМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылу жағдайы», «Шалғай жатқан ШЖМ тарих пәнінен білім сапасын жетілдіру жолдары» тақырыбында семинарлар өткізілді.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында ШЖМ-дағы білім сапасын көтерудің бір жолы ретінде — ресурстық орталықтарды (РО) ашу міндеті қойылды [2].



ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы №24 (тарау 6, 3,4 тармақ) бұйрығына сәйкес шағын жинақталған мектептердің оқу процесін ақпараттандыру және қашықтан оқытуды жүзеге асыруда облысымызда 9 тірек мектептер ашылып, оған 32 магниттік мектептер тартылған.

Ресурстық орталықтардың маңызы - тірек мектептер мен магниттік мектептер, жекелеген мұғалімдер мен оқушылар арасындағы оқу, әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша жедел ақпараттар алмасудың үлкен мүмкіндігі туады.

Облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жаһандану жағдайында тірек мектептер (Ресурстық орталық) қызметін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылау, шешу жолдарын айқындау, жаңашылдық идеяларды ортаға салу, тәжірибе алмасу мақсатында 2014 жылы «Тірек мектептер: қалыптасуы, жаңашылдығы, келешегі» тақырыбында республикалық және 2015 жылы «Модернизациялау жағдайында ресурстық орталықтың (РО) оқу-тәрбие жүйесіндегі инновациялық үдеріс» тақырыбында өңіраралық семинарлар өткізілді. Осы өңіраралық семинар барысында шағын жинақты мектептер педагогтарына оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда бағдарламалық-әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетіп, оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етуде Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Кербұлақ ауылы №7 ресурстық орталығының «Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) – ауылдағы білім сапасын арттыру мәселесінің шешімі» және Талдықорған қаласы, Өтенай ауылындағы №21 ресурстық орталықтың «Ресурстық орталықтағы білім беру үрдісі: проблемалар, тәжірибелер және жаңашылдығы» тақырыбында тәжірибелері таратылды.

Талдықорған қаласы №21 орта мектебі ресурстық орталығы 2015 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясның ұйымдастыруымен өткен «Үздік ресурстық орталық» Республикалық конкурсына қатысып, мемлекеттік бағдарламамен жас мамандарды тартудағы еңбегі үшін «Ауылым – алтын бесігім» номинациясымен марапатталып қайтты. Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасымен шағын жинақты мектептер және ресурстық орталықтар қызметі бағытындағы интеграциялық жұмыстарды жанжандыру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Ресурстық орталықтағы қашықтан оқыту үрдісі: проблемалар, тәжірибелер және жаңашылдығы» тақырыбында өңіраралық семинар өткізу жоспарлануда.

Қорыта келгенде, өзгеріп, жаңарып жатқан өмірмен бірге мұғалім де өзгеруге тиіс. Заман соны талап етуде. Шағын жинақталған мектептерде педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру үшін мұғалімнің мына жайларды толық түсінгені жөн:


  • Оқу-тәрбие мәселесінде оқушы тұлғасын жоғары құндылық ретінде тану;

  • Сыныптарды біріктірудің педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығына назар аудару;

  • Сабақтан тыс жұмыстарды біріктірілген сыныптардағы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып ұйымдастыру;

  • Мұғалімге «шәкірттер үшін» емес, «шәкірттермен бірге» ұстанымына ауысып, тұлғаға бағдарланған оқыту жүйесін енгізу;

  • Оқушылардың қабілеті мен жас ерекшеліктерін ескеретін технологияларды таңдау;

  • Тұлғаның қалыптасу деңгейін, өзін-өзі дамыта білу қабілетін ұштап, оны бақылап отыру;

  • Педагогикалық ізгілік мәселесі, мұғалім бойындағы ізгіліктілік деңгейін арттыру;

  • Оқушылардың білім, білік дағдыларын ізгілікті педагогикалық ұстанымдарға негіздеу;

  • Баланың тұрмыстық жағдайы мен ата-анасы туралы жалпы мәліметтерді білу; т.б. [4].

Ауыл мектептері, әсіресе шағын жинақты мектептер педагогтердің ғылыми-теориялық, әдістемелік-тәжірибелік жағынан жетілдіру мақсатында  оларға тиімді көмек көрсету, ізденушілік-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері ұдайы жүзеге асырылса, нәтижеге бағытталған  білім сапасына жетеріміз анық.


: attachments -> article
article -> Семинар «Национальные рамки квалификаций: от методологии архитектуры до практики применения»
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В011500 «Құқық және экономика негіздері»
article -> Зачетная работа по курсу «Введение фгос ООО в деятельность образовательного учреждения»
article -> СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік ұсыныстар
article -> Нұсқаулар 050510- мемлекеттік және жергілікті басқару «Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасы
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> Дипломная работа астрахань в контексте российско-казахских отношений на рубеже ХХ-ХХI вв. Исполнитель
article -> Рабочая программа по учебному предмету «Английский язык 3 класс»
article -> Урок русского языка во 2 классе по теме «Правописание приставок и предлогов»


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет