Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен



жүктеу 0.82 Mb.
бет1/6
Дата29.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ҚР Еңбекминінің 14.02. 2011 ж. № 45 - ө бұйрығы ҚР Еңбекминінің кейбір бұйрықт. толықт. мен өзгеріс енгізу және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 23 қарашадағы № 141-ө бұйрығының күшін жою туралы




Қазақстан Республикасы Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрінің

кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен

өзгеріс енгізу және

«Қызмет салаларының бәріне ортақ

және БТБА шығарылымынданда

енгізілмеген жұмысшылар кәсіптерінің

тарифтік – біліктілік сипаттамаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрінің 2003 жылғы 23 қарашадағы № 141-ө

бұйрығының күшін жою туралы

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтары басылымдарын (БТБА) біркелкілікке келтіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 10-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін.

2. Қызмет салаларының бәріне ортақ және Жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтамасының (БТБА) басылымдарына енгізілмеген жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік – біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 23 қарашадағы № 141-ө бұйрығының күші жойылсын.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр Г. Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2011 жылғы ______ қаңтардағы

№ _______ бұйрығына

қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін

толықтырулар мен өзгеріс
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

1. «Жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтамасы шығарылымдарын бекіту туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 тамыздағы № 343-ө бұйрығына:

1) БТБА, 01-шығарылымынданда:

«Халық шаруашылығының барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері» деген бөлімі мынадай мазмұндағы:


«ТАРАЗЫШЫ»

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі үлгідегі және конструкциядағы таразыларды жүктерді өлшеу. Жүкті сыртынан тексеру және орауының дұрыстығын тексеру. Жүктің атауының, салмағының және басқа да сипаттамаларының ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексеру. Ілеспе құжаттарды ресімдеу және жүктің жетіспеуі мен бүліну актілерін жасайды. Өлшенетін жүктердің есебі. Таразыларды баптау және олардың көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру. Жүктің салынуына басшылық жасау және өлшенетін жүктің таразыға салынуына тікелей қатысу. Жүк сыйымдылықтарының толық толтырылуын қадағалау.

Білуі тиіс: өлшенетін жүктердің номенклатурасын, өнім түрлерін және сорттарын; қызмет көрсететін таразылардың құрылымын, оларға тартыла алатын жүктемені; таразыларды тексеру мен өлшеу дәлдігін реттеудің тәсілдерін; салмақ өлшемдерін; жүктерді өлшеудің, жинаудың, жинақтау мен сақтаудың ережелерін; көлік сыйымдықтарының үлгілері мен олардың жүк көтеру мүмкіндігін; өлшенетін жүктердің есебі мен жүктерге ілеспе құжаттарды ресімдеу.
ЭЛЕКТР – АВТОАРБАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУШІ
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйедегі электр-автоарбаларды, олардың көтергіш платформалары мен крандарын жүргізу. Өздігінен жүретін траптарды ұшып келу және ұшып шығу кестесіне сәйкес ұшақтарға уақытында әкелу және ұшақтан әкету. Қозғалыс құрамын жөндеу үшін детальдар мен қосалқы бөлшектерді, жолаушы вагондарын жабдықтау үшін төсек – орын заттары мен көмірді, багаж бен басқа да жүктерді: учаскелердің, цехтардың, теміржол стансаларының, әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының аумақтары бойынша тасымалдау. Жүк тиеудің, бекітудің, жүкті түсірудің немесе жүктерді өз күшімен тиеудің және түсірудің дұрыстығын қадағалау. Тасымалдау және жүктердің сақталуын қамтамасыз ету. Аккумуляторлардың зарядтарын, тежегіштің жұмысын тексеру және анықталған кемшіліктер туралы аға лауазымды тұлғаға айту. Тетіктерді техникалық күту және ағымдық жөндеу жүргізу. Жүкті қабылдау және тапсыру құжаттарын ресімдеу.

Білуі тиіс: электр – автоарбалардың, түрлі жүйедегі өздігінен жүретін механизмдердің құрылымын, жүк көтеру мүмкіндігін, негізгі пайдалану деректерін; аккумуляторлар зарядтарының мерзімдері мен тәсілдерін; іштен жану двигателдерінің жұмыс принциптерін; отын мен майлардың түрлерін; электр – автоарбаларды жүргізудің және қауіпсіздік қозғалысының нұсқаулықтарын; жүктерді тиеу мен түсірудің, оларды орналастырудың және бекітудің ережелерін; жүктерді қабылдау мен тапсыру құжаттамаларын ресімдеу тәртібін.

Жүк көтергішті 2 тоннаға дейінгі электр - автоарбаларды жүргізу кезінде – 2 - разряд;

Көтергіш тетіктермен немесе жүк тасымалына арналған тіркеме жабдықтармен жабдықтылған жүк көтергішті 2 тоннаға дейінгі электр -автоарбаларды жүргізу кезінде – 3 - разряд;

жүктерді учаскелердің, цехтардың, теміржол стансалардың, әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының аумақтарында, жұмыс істеп тұрған қозғалыс көлігіне жақын тасымалдауға арналған көтергіш тетіктермен немесе жүк тасымалына арналған тіркеме жабдықтармен жабдықталған жүк көтергішті 2 тоннаға дейінгі электр – автоарбаларды жүргізу кезінде - 4 - разряд;


СҮҢГУІР

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Судағы құтқару жұмыстарын атқару. Суда апатқа ұшыраған адамдарға алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету. Құтқару құралдарын тексеру және әзірлеу.

Білуі тиіс: су асты жабдықтарын сақтаудың, тексерудің және әзірлеудің ережелерін; су асты жабдықтарының ұсақ ақауларын жөндеу жолдарын; жүзудің, сүңгудің, суға кетіп бара жатқан адамның ұстаған қолынан босанудың жолдары мен тәсілдерін, оны сүйретудің жолдарын, судан алып шыққаннан кейінгі алғашқы (дәрігерге көмекке дейінгі) көмек көрсету тәсілдерін; медицина, су астына түсудің физикалық және физиологиялық негіздерін; құтқару станциясындағы қызметті ұйымдастыруды.
СҮҢГУІР

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидротехникалық құрылыстардың су астындағы бөлігін, су асты траншеяларына салынған құбырлар мен кабельдерді зерттеу, трасса іздегіштердің көмегімен оларды іздеу және жатқан тереңдігін анықтау. Кемелер, жүзгіш белгілер жақындап тоқтау үшін арналардың, шлюздердің, бөгеттердің, дамбалар мен басқа да құрылыстардың тас беткейін, жол жағдайы мен навигациялық жабдық құралдарын қарау. Тереңдету және судың түбін тазалау мақсатымен гидрожуу құралдарының көмегімен су асты топырағын өндеу. Гидротехникалық құрылыстар немесе су асты нысандарының тағаны астындағы тас – қиыршық және құмдақ төсенішті тұрпайы өңдеу. Су астына шпур бұрғылау, ағаш құрылғыларды, свайлардағы тікен құрылғыларын арамен кесу, ағаш тығындарды тесікке және прокладкаларды ағаш құрылғылардың қуысына орналастыру, басқа да жұмыстар. Массасы 20 тоннаға дейінгі кесінділер мен массивтерді орнату. Су астында заттарды ілмекке ілу және ағыту. Кемелерді профилактикалық байқаудан өткізу, корпустың су асты бөлігін, есу винтерін, слиптер мен эллингтердің су асты жолдарын өскендер мен шөгінділерден тазалау; су астында қарапайым құрастыру, слесарлық, ұста және жүк жинау жұмыстарын атқару. Теңіз өнімдерін өндіру, өнеркәсіптік балық аулау жабдықтарына су асты бақылау жүргізу. Суға батқан кемелердің корпусына сыртқы зерттеу жүргізу. Батып кеткен кемелердің корпусын шөгінділерден тазалау. Жалпы демалуға арналған акваторийді тексеру және тазалау. Зардап шегушілерді түрлі құтқару құралдарын пайдалана отырып табумен және көтерумен байланысты іздестіру жұмыстарын атқару. Сүңгуір аппараттарына сығымдалған ауа толтыру.

Білуі тиіс: суда сүңгуірлік тереңдеу ережелерін; су астындағы жұмыс кезінде қолданылатын бақылау - өлшеу құралдары мен жабдықтарының құрылысын; акваторийді, төселген құбырлар мен кабельдерді зерттеудің тәсілдері мен технологияларын; су астында жатқан заттарды іздестіру және көтеру технологиясын; зерттеу нәтижелері бойынша схемалар, эскиздер мен актілер жасаудың ережелерін; су асты топырағын әзірлеудің тәсілдерін, су асты төсеніштерін төсеудің және тегістеудің, кеме көтеру құрылғыларының рельс жолдарын түзеудің және реттеудің жолдарын; су алу және су ағызу кесінділерін, блоктар мен массивтерін орнатудың және қосудың ережелерін; теңіз өнімдерін сүңгуір тәсілімен өндірудің тәсілдерін, өнеркәсіптік балық аулау жабдықтарына бақылау жүргізу технологиясын, теңіз өнімдері мен қауіпті теңіз жануарларының түрлері мен олардан қорғану заттарын; батып кеткен кеме корпусын қараудың ережесі мен тәртібін; корпустармен гидротехникалық құрылғылардағы ақауларды өлшеудің тәсілдерін; слесарлық, ұста және жүк жинау жұмыстарын жүргізудің жолдарын; сүңгуір жабдықтары мен сүңгуірлік тереңдеуді қамтамасыз ету заттарының ақауларын анықтаудың тәсілдері мен ескерту жөндеу жүргізудің жолдарын.
СҮҢГУІР

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қайрандар мен кеме көтергіш құрылғыларды зерттеу. Гидротехникалық құрылғылардың су асты құбырлары мен кабельдерді төсеу және төсеудің дұрыстығын, траншеяға төселген құбырлардың көмкерілген жиектерін өлшеу. Жүктерді, ряждар мен басқа да гидротехникалық жабдық құрылғыларының массасы 20-дан 50 тоннаға дейінгі су асты бастауына орнату. Су астында қалыптың барлық түрлерін орнату және бұзу, жарықтарға, тұтастырғыш төсемдер мен созбаларға арматура орнату. Шлюздердегі затворлар мен қақпалардың тірек – жүру бөліктерін қарау және жөндеу. Терең траншеялар мен батып қалған кеме корпусының астындағы туннельдерді жуу. Адам тұратын су асты аппараты мен су асты зертханаларынан атқарылатын ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысу. Батып кеткен кеме корпусынан теңдестіруді қажет ететін жүктерді түсіру, кеменің суға батқан бөліктерінде жұмыс істеу. Кеме корпусындағы жарықтар мен гидротехникалық құрылғылардың ақауларын өлшеу. Руль құрылымын, есу винтінің қалқаншаларын түзету. Құбырлардың ақауларын оңдау. Кемелерді кеме көтергіш құрылғыларға орнықтыру. Күрделі жағдайларда құтқару жұмыстарын жүргізу. Адамдарды суға батқан катерлерден, (шағын көлемді флот кемелерінен), автокөліктерден тракторлар мен басқа да техникалардан құтқару. Катерді өздігінен басқару.

Білуі тиіс: 45 метр тереңдіктегі сүңгуір стансаларының, кеме корпустары конструкциялары мен түрлі гидротехникалық құрылғылардың су астындағы бөліктерін зерттеудің және жөндеудің жолдары мен тәсілдерін; су асты аппараттарын қараудың және суға тереңдеуге әзірлеудің, оларды алып жүретін кеменің бортына көтерудің ережелерін; жүктерді теңдестіруді, суға батқан техниканы жолдары мен тәсілдерін; су асты құбырларын, кабельдер мен кеме көтеру құрылғыларының рельс жолдарын салудың және орындалған жұмысты бақылаудың тәсілдерін; кеме көтеру кезінде өткізгіштер заводкаларының траншеялары мен туннельдерді жуу тәсілдерін; сүңгуір жабдықтарын жұқпасыздандыру ережелері мен мерзімдерін; сүңгуір аппараттарын сығымдалған ауамен толтырудың ережесі мен тәсілдерін; сүңгуір істері жөніндегі құжаттамалардың барлық түрлері мен есептеме жүргізу нұсқаулықтарын; құтқару қызметі жөніндегі басшылық құжаттарды; Сүңгуірлер құрамының бағынысты адамын құтқару жұмыстарын атқарудың жаңа жолдарын үйретудің әдістемесі мен тәсілдері; катерді басқару мен ішкі су жолдарымен жүзу ережесін.
СҮҢГУІР

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Топырақ сипаттамасын анықтай отырып тереңдік планшеттерін жасау. Батып кеткен кемелерді зерттеу кезінде күрделі өлшеулер жүргізу. Массасы 50 тоннадан артық су асты бастаулары мен массивтерді орнату. Кемелер мен гидротехникалық құрылғыларды зерттеу кезінде телевизиялық қондырғыларды басқару. Кеме корпусындағы жарықтар мен гидротехникалық құрылғылардың су асты бөліктері ақауларының контурлық және көлемдік шаблондарын түсіру және жасау. Су астында металды кесу және пісіру, жарылыс жұмыстарын атқару. Есу винттерін немесе олардың қалқаншаларын ауыстыру. Туннельдердің, қазаншұңқырлар мен төсемдердің орналасу орындарын белгілеу. Жарықтарға жапсырма қоюды басқару. Авариялық кеменің су асты корпусының суға кетуін жою жөніндегі жұмыстар. Кеме көтергіш строптарды, орамалдар мен басқа да жабдықтамаларды бекіту, кеме көтергіш понтондарды тегістеу және найт арқандау, шлангілерді кеме көтергіш понтондарға жалғастыру. Сүңгуірлерді өзінің жұмысқа мамандану тобы бойынша практикалық даярлау. Авариялық – құтқару, құтқару, кеме, кеме жөндеу, кеме көтеру және басқа да күрделі сүңгуір жұмыстарының бәрін атқару. Сүңгуір техникасының барлық түрлерін пайдалану және бұл техникаларға жөндеу жүргізу. Зардап шегулерді табу және оларды судан шығарумен байланысты іздестіру жұмыстарының барлық түрлеріне басшылық жасау.

Білуі тиіс: сүңгуір стансасының немесе 60 метрге дейінгі тереңдіктегі сүңгуір стансалары тобының жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету; сүңгуірлік техниканың барлық түрлерін пайдалану мен жөндеу ережесі; сүңгуірлер су астында пайдаланатын телевизиялық және басқа да радиотехникалық жабдықтардың құрылысы және пайдалану принциптерін; гидротехникалық құрылғылардың су асты бөліктерінің техникалық жағдайын тексерудің, оларды жөндеу және авариялық – қалпына келтіру жұмыстарын атқаруды; электрмен пісіру аппараттарына қызмет көрсету ережесін, пісірілетін металдардың негізгі қасиеттерін; металдарды су астында кесу және пісіру кезінде қолданылатын газдар мен сұйықтардың негізгі қасиеттерін; бақылау үшін қолданылатын электр өлшегіш приборлар мен жабдықтардың нысанын; пайдаланылатын жарылғыш материалдардың негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін және олармен жұмыс істеу кезіндегі сақтану шараларын; суға батқан кеменің бойымен орналастыру жөніндегі есептерді; суға батқан кемелер мен жүктерді көтеру жөніндегі сүңгуір жұмыстарын жүргізудің технологиясын.
СҮҢГУІР

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Акваторийлерді, гидротехникалық құрылыстардың су астындағы бөлігін, су асты траншеяларына салынған құбырлар мен кабельдерді зерттеу. Кемелер, жүзгіш белгілер жақындап тоқтау үшін арналардың, шлюздердің, бөгеттердің, дамбалар мен басқа да құрылыстардың тас беткейін, жол жағдайы мен навигациялық жабдық құралдарын қарау. Трасса іздегіштердің көмегімен құбырлар мен кабельдерді іздеу. Трасса іздегіштердің көмегімен немесе көлденең кесіндіні алу әдісімен құбырлардың жатқан тереңдігін анықтау. Тереңдету және судың түбін тазалау, сондай – ақ батқан кеменің корпусын шөгінділерден тазарту мақсатымен гидрожуу құралдарының, су ағынды немесе пневматикалық топырақ сорғыш пен ұрғылау балғасының көмегімен су асты топырағын өңдеу. Топырақ алып тастаумен байланысты жұмыстар. Гидротехникалық құрылыстар немесе су нысандарының тағаны астындағы тас – қиыршық және құмдақ төсенішті тұрпайы өңдеу. Топырақ алып тастаумен байланысты жұмыстар. Гидротехникалық құрылыстар немесе су асты нысандарының тағаны астындағы шпур бұрғылау. Ағаш құрылғыларды, свайлардағы тікен құрылғыларын арамен кесу, шпунт қатарлардағы жарықтарды бітеу, ағаш тығындарды тесікке және прокладкаларды ағаш құрылғылардың қуысына орналастыру, басқа да жұмыстар. Шпунт қабырғаларға және қатарларға терезе шығару. Ерштарды, қапсырмаларды, балдақтарды, шегелерді қағу және алып шығу; болттарды қою және гайкаларды бұрау. Ағаш төсемдерді қолмен бөлшектеу. Массасы 20 тоннаға дейінгі кесінділер мен жәшіктердегі (кюбельдегі) бетон қоспасын төсеу. Су астында заттарды ілмекке ілу және ағыту. Батып кеткен кемелердің корпусынан теңдестіруді қажет етпейтін жүктерді түсіру. Ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысу. Кемелерді профилактикалық байқаудан өткізу. Кеме корпусының су асты бөлігін өскіндер мен қалдықтардан тазарту. Кеменің есу винттерін тазалау. Су асты жолдарын өскіндер шөгінділерден тазарту; Су астында қарапайым құрастыру, слесарлық, ұста және жүк жинау жұмыстарын атқару. Суға батқан кемелердің корпусына сыртқы зерттеу жүргізу. Шлангтердің кеме көтергіш понтондарға жалғануын ағыту, сондай-ақ осыған ұқсас басқа да жұмыстарды атқару. Біліктілігі бұдан да жоғары сүңгуірлер атқаратын авариялық – құтқару, кеме көтеру кеме және су асты техникалық жұмыстарын жүргізу; күрделі жағдайларда авариялық-құтқару және құтқару жұмыстарына басшылық жасау; тәжірибелік сүңгуір жұмыстарын орындау және су астындағы жұмысқа арналған сүңгуір жабдықтамалары мен техникалық құралдары сынау.

Білуі тиіс: сүңгуір жабдықтамалары мен сүңгуірдің суға түсуін қамтамасыз ететін құралдары сақтаудың, дайындаудың және шағын ақауларын жөндеудің ережесін; сүңгуірдің суға тереңдеп түсу ережесін, медицина негіздерін, суға тереңдеудің физикалық және физиологиялық ерекшеліктерін; біліктілік сипаттамасына сәйкес тиісті сүңгуірлік жұмыстар өндірісінің технологиясын; жұмыс орынын ұйымдастыруды; су астындағы жұмыс кезінде қолданылатын бақылау - өлшеу құралдары мен жабдықтардың құрылысын; су астындағы акваторийді, төселген құбырлар мен кабельдерді зерттеудің тәсілдері мен технологияларын;

Қарапайым чертеждерді сызудың және оқудың негіздерін; зерттеу нәтижелері бойынша схемалар, эскиздер мен актілер жасаудың ережелерін; су асты төсеніштерін төсеудің және тегістеудің, кеме көтеру құрылғыларының рельс жолдарын түзетудің және реттеудің тәсілдерін; слесарлық, ағаш шебері және жүк жинау, су астында бетон төсеу жұмыстары өндірісінің жолдарын; су алу және су шығару кесінділерін, блоктар мен массивтерін орнату мен түйістіру ережесін; такелаж ісі мен такелажы пайдалану ережесін, кеме көтеру жабдықтарының құрылымын; конструктивтік элементтер мен гидротехникалық жабдықтардың қолданылу нысанасы мен олардың жұмыс принциптерін; кеме корпусының жарықтары мен гидротехникалық жабдықтар ақауын өлшеу тәсілдерін.


АРБАКЕШ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Атпен, өгізбен, мүлмен және басқа да жүк тасымалдайтын жануарлармен түрлі жүктерді, қоқыстар мен басқа да жүктерді тасымалдау; жануарларды жегу, доғару және жұмыс кезінде күтім жасау. Жинап шығару шұңқырларын, қоқыс жәшіктерін және канализациялық құдықтарды ластан ожаумен, қолмен және арнаулы насостар мен механизмдердің көмегімен тазалау. Канализация люктерін ашу және жабу, сору жабдықтарын цистерна насосына жалғау және ағыту. Жинап шығару шұңқырларын, қоқыс жәшіктерін жұқпасыздандыру, тасымал құралдары мен ат әбзелдерін жеңіл жөндеу мен майлау. Жүктерді тиеу, бекіту және тасымалдау кезіндегі сақталуын бақылау. Ластар мен қоқыстарды арнайы орындарға шығару. Жол құжаттарын ресімдеу.

Білуі тиіс: аттарға және басқа жүк тасымалдайтын жануарларды күту ережесін; тасымалданатын жүктің шекті салмағын, ластықтарды жинау, тасымалдау ережесін және жинап шығару шұңқырлары мен қоқыс жәшіктерін жұқпасыздандыру ережесін; насостардың құрылымы мен оларды пайдалану ережесін; тасымалдау жабдықтары мен ат әбзелдерін күтудің ережесін; жол қозғалысы ережесін; жүктерді қабылдау және тапсыру жөніндегі жол құжаттарын ресімдеу тәртібін; жинап шығару шұңқырлары мен канализация құдықтарының, қоқыс үйінділерінің орналасқан жерлерін.
ГАРДЕРОБШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұйым қызметкерлері мен келушілердің сырт киімін, бас киімін және басқа да жеке заттарын сақтауға қабылдау; тапсырылған заттардың сақталуын қамтамасыз ету. Қызметкерге немесе келушіге заттардың сақталу орыны көрсетілген жетонды беру және жетонды ұсынған кезде киімі мен жеке заттарын беру. Гардероб орынын таза және тәртіппен ұстау. Мүгедектер мен қарт келушілерге шешіну және киіну кезінде көмек көрсету.

Білуі тиіс: жеке заттарды қабылдау мен сақтау ережесін; жетон жоғалған жағдайда құжаттарды ресімдеу тәртібін; ұйымның жұмыс кестесін.
ҚЫЗМЕТШІ ӘЙЕЛ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қонақ үйлердің, жатақханалардың бөлмелерін, санитарлық бөлмелерін және өзіне бекітілген басқа да орындарды тазалау және тазалықта ұстау. Тұрған әрбір адам кеткеннен кейін төсек жаймалары мен орамалдарды ауыстыру. Ұзақ уақыт тұрған жағдайда – қонақ үйлердегі пайдалану және ішкі тәртіп ережелерінде көзделген мерзімдерде төсек орынды қабылдап алу. Тұрғандардан тұрмыстық қызметтерге тапсырыс қабылдау және олардың уақытында орындалуын бақылау. Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау.

Білуі тиіс: коммуналдық қонақ үйлеріндегі пайдалану және ішкі тәртіп ережелерін; техникалық қауіпсіздік ережесін; электр шаңсорғыш пен электр еден сүрткіш құрылымын; жергілікті тиекті арматураның орналасқан жерін.
ЖҮК ТАСУШЫ

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүктерді қарапайым тиеу-түсіру жабдықтарын қолдана отырып қолмен тиеу, түсіру және қойма ішілік өңдеу жұмыстары – сұрыптау, жинау, орнын ауыстыру, қайта өлшеу, таратып салу және т.б. Жұмыс процесінде вагондарды жақындату (алыстату). Жылжымалы составты жүк түсірілгеннен кейін тазалау. Қызмет көрсететін тиеу – түсіру жабдықтарын тазалау және майлау. Щиттер мен траптарды қайта орналастыру.

Білуі тиіс: жүктерді тиеудің және түсірудің ережесін; қарапайым тиеу - түсіру жабдықтарын қолдану ережесін; жүктерді ашық теміржол жылжымалы құрамына тиеу кезіндегі және теміржол вагондарынан жүктерді түсіру және оларды текшелеп жинау кезіндегі жол берілетін габариттерді.
ЖҮК ТАСУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүктерді тасымалдау құралдарын: сүйретпелерді, арбаларды, транспортерлерді және басқа да көтеру – тасымалдау жабдықтарын қолдана отырып тиеу, түсіру және қойма ішілік өңдеу. Шығырларды, көтергіш блоктарды, уақытша скаттар мен жүктерді тиеу мен түсіруге арналған басқа да жабдықтарды орнату. Жүктерді қоймалар мен тасымал құралдарына бекіту және жабу. Қызмет көрсететін тасымалдау құралдарын тазалау және майлау.

Білуі тиіс: жүктерді тасымалдау құралдарында жинаудың, бекітудің, жабудың ережесін; тасымалдау құралдарын пайдалану ережесін; жүктерді көтеру – тасымалдау механизмдерімен тиеу және жүктерді кезіндегі шартты белгіні; қоймалардың және жүктерді тиеу және түсіру орындарының орналасқан жерін.
ТАБЫНШЫ

2- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Базарда мал табынын, көлік құралдарын, қажетті мүлік пен жабдықтарды қабылдап алу. Малдарды өлшеу, ветеринарлық өңдеу, жынысына және қоңына қарай сұрыптау кезінде қатысу. Табынды нысаналы жерге айдап бару. Малды жолда бағу, жемдеу, суару. Малды вагондарға, баржаларға және автокөлікке тиеу және түсіру. Табынға жолда ілесіп жүру және оның күзетін қамтамасыз ету, өткізу пунктінде бағу және ұстау. Табынды тұтынушыларға тапсыру, малды қабылдау және тапсыру құжаттамаларын ресімдеу. Малды түсіргеннен кейін вагондарды тазалауға дайындау.

Білуі тиіс: зоотехника мен ветеринария негіздерін; малды қабылдау мен өткізудің тәртібің; малды айдап бару, тасымалдау, жаюдың тәсілдерін; малға тамақ берудің рационы мен уақытын; аурулардың, жарақаттанудың, мал шығынының алдын тәсілдерін; алғашқы ветеринарлық көмек көрсету ережесін; қабылдау - өткізу құжаттарын ресімдеуді.

АУЛА СЫПЫРУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсететін үйге іргелес көшелерді, тротуарларды, учаскелер мен алаңдарды жинап сыпыру. Тротуарларды, көпір жолдары мен соқпақтарды қардан және мұздан уақытында тазалау, оларға құм себу. Кез келген уақытта кедергісіз бару үшін өрт құдықтарын тазалап қою. Арналар мен су жиналатын науаларды қазу және тазалау. Көше урналарын жуу және оларды қоқыстардан ұдайы тазалап тұру. Қоқыс жәшіктерінің, қоғамдық дәретханалардың, уақытында тазалануын және олардың санитарлық жағдайын; үйдің сыртқы жабдықтары мен мүлкінің (қоршаулардың, баспалдақтардың, дөдегенің, суағар құбырларының, урналар мен жарнамаларының, т.б.) ақаусыз болуын, жасыл желектер мен олардың қоршауларының сақталуын қадағалау; Үй маңдайшаларына жалаулар ілу, оларды түсіру және сақтау. Милиция өткізетін үй аумақтарын аралауға қатысу. Жазатайым оқиғалардан зардап шеккен адамдарға, қарттарға, аурулар мен балаларға, т.б. көмек көрсету.

: sites -> default -> files
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
files -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
files -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
files -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
files -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
files -> Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жббом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
files -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда


  1   2   3   4   5   6


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет