Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Раймкулова Жанат Таңатарқызы а есебі Тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»



жүктеу 123.59 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі123.59 Kb.

Раймкулова Жанат Таңатарқызы Мұғалім портфолиосы А есебі

II топ III деңгей

Қызылорда қаласы 18.11.2014жыл


e3dbfb6d

Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Раймкулова Жанат Таңатарқызы

А есебі

Тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін енгізгенім туралы рефлексивтік есеп

«Бағалау» деген терминді мен қалай түсінемін? Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылған термин (МАН, 56-бет. ) Осы тұжырымды басшылыққа ала отырып, бағалау арқылы оқу мен оқытудың нәтижесін шығара аламыз.

Александер теориясына сүйенсек, бағалау тек қана техникалық тәсіл емес, Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесежеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттарға ғана емес,сондай-ақ баланың дамуы, оқуы, ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.(Александер,2001).

Мен не себепті осы модульді таңдадым? Курсқа дейінгі тәжірибемде, яғни дәстүрлі сабағымнан мысал келтіретін болсам, біз, мұғалімдер бір сабақта 4-5 оқушыны ғана бағалайтын едік және «5» балдық жүйемен бағалайтынбыз. Бағалауды қатаң ережеге сүйеніп қоятынбыз. Оқушылардан кейде, тіпті, бағадан қорқу сезімі де байқалып жататын. Ендігі менің мақсатым - Мұғалімге арналған Нұсқаулықты басшылыққа ала отырып тізбектелген сабақтар топтамасына жеті модульді енгізу болды. Сонымен мен «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін таңдадым. Бағалау – сабақтың маңызды бір бөлігі болып табылады. Курста үйренген бағалау түрлері мен дәстүрлі сабақтағы бағалау түрлерінің айырмашылығы өте көп. Алдағы уақытта бағалаудың түрлерін тиімді пайдалану үшін алдымен бағалаудың мақсаттарын айқындап , түсіну керек деп шештім.

Әдетте, бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта және кім үшін , қалай өткізу керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары төменде қысқаша айтылған.

1.Оқытудың қиындықтарын анықтау.

2.Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс.

3.Уәж.


4.Болжау және сұрыптау.

5.Стандарттарды бақылау және орындау.

6.Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау (МАН,56-бет).

Аталған мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңінен кейін формативті бағалауды мадақтау сөздерін айту арқылы , «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жұдырық –Алақан», «Тәтті тоқаш», «Бағдаршам» әдістерін сабақта пайдалануды үйрендім. Бір сабақтың үстінде оқушының әрбір әрекеті бағаланады, яғни бірнеше рет бағаланады, бағалау кезінде оқушы өзін еркін сезінеді. Өткізілген сабақтардан байқағаным - сабақтағы әрбір іс-әрекеттің соңында формативті бағалаудың түрлері жүзеге асады және бағалау түрлерінің әрбірі оқушыға да, мұғалімге де жақсы нәтиже береді.

Сонымен, тізбектелген сабақтар топтамасында мен Сындарлы оқыту теориясынан алған бағалаудың бірнеше түрлерін өз шеберлігіме қарай пайдаландым. Мәселен, тізбектелген сабақтар топтамасының алғашқы «Бастауыш» тақырыбындағы сабақтан бастап мен әр сабақтың басында оқушыларға «Дейін -Кейін» стратегиясын беруге дағдыландырдым. Сабақ басталысымен олар топ болып тақырып жөнінде бұрын білетіндерін ортаға салып «Дейін» бағанына жазып қояды да, сабақтың соңында алған жаңа білімдерін «Кейін» бағанына жазады, яғни сол сабақтағы өз деңгейлерін өздері бағалайды. Осы сабақта үй тапсырмасын тексеру кезінде тест тапсырмаларын 10 балдық жүйемен бағаладық. Осы тұста жұптық бағалау да іске асты, жұптар бір-бірімен дәптер алмасу арқылы тест қорытындыларын бағалады. Сонда сабақта жұптық бағалаудың тиімділігі неде? Жұптық бағалау арқылы оқушылар салыстыруды, талдауды, не нәрсенің де айырмашылығын ажырата білуді үйренеді .

Дәл осы сәтте «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін , тәртібін мұқият бақылауы болып табылады деген пікір ойыма келіп отыр (МАН.57-бет .).




Тест қорытындысы бойынша Білім сапасы 45 %

Оқыту мақсаттарының алғашқысы – оқытудың қиындықтарын анықтау - үшін өткізілген тест жұмыстарын жүргіздім де алдағы уақытта өзіндік тузету және тест жұмысын қайта өткізуді жоспарлап қойдым.

Келесі қадамда , «Тақтадағы диалог» әдісінде оқушылар тақтадағы екінші бағанға орналасқан сөйлемдерді аяқтап, одан бастауышты тауып, оның қай сөз табынан жасалғанын топ болып табады. Топтардың сыртынан бақылау жүргізе отырып, жақсы идея айтып отырған оқушының арқасынан қағып, жігерлендіріп те отырдым. Кейбір оқушының айтқан пікірлері мені таң қалдырды.

Топтар бір-бірінің постерлерін «Екі жұлдыз, бір тілек»әдісі арқылы бағалады. Мысал ретінде айтар болсақ, Септіктер тобы Жіктіктер тобының жұмысына «Керемет!», «Жарайсыңдар! Сөйлемдерің өте жақсы берілген.» деген мадақтауларын бере отырып, «Жазу ретімен жазылғанда тіпті әдемі көрінер еді» деген ұсыныс білдіріпті. Әрбір топта ерекше пікір айтқан балаларды Басбармағымды көрсету арқылы бағалап отырдым. Осы тұста балалар өздерінің пікірлерінің бағаланатынын сезінді ме? Әрине, сезінген жоқ. Бұл алғашқы сабақ болғандықтан сабақтың сәтсіз тұсы деп білемін. Дәстүрлі әдіс бойынша менің жауабымды тек тыңдайды деген ой болатын. Енді оқушылар айтылған әрбір пікірдің, әрбір жауаптың маңызды екенін сезінетін болды. Осы бағалаулардан кейін оқушыларым келесі сабақта қалай бағалау қалай жүргізілетінін сұрайтын болды. Бағалау түрлендірілген сайын оқушылардың сабаққа қатысуы, ізденуі, өз- өзіне деген сенімділіктері арта бастағандығын байқадым. Ағашқы сабақ болған соң оқушылар арысында қобалжу болды. Сабақ барысында кемшіліктер де болды. Топқа бөліну кезінде әсіресе оқушылар арасында шу, топпен келіспеушіліктер болды. Бір оқушым жоба қорғау кезінде «мен сөйлемедім» немесе «мен айтпадым» деп ренжіді. Осы сәтсіз сәттерді келесі сабақта болдырмауға тырыстым. Сабақ соңында «Б.Б.Б.» әдісін тиімді пайдаланып Оқушыларға «Білемін.Білгім келеді.Білдім» кеспедегі кестені толтырып, өз- өздерін бағалау ұсынылды. Кестені қарап шығып оқушылардың Білдім бағанына көп мәлімет жазғандарын байқадым, бұл дегенім –оқушылар сабақтан көп білім ала алған деген қорытындыға сайып келеді.

Келесі «Баяндауыш» тақырыбындағы сабақта«Үлгі жауап» әдісінде әр топтан бір үлгілі оқушы шығады , өзге топ мүшелері өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Бұл тапсырмада А деңгейіндегі оқушы өз білімін тағы бір дәлелдеп шықты. Дегенмен, өзге топтан шыққан С есімді тұйық оқушының сынып алдына шығып берген жауаптары да көңіл қуантарлық болды. Әрине, оқушылардың ынтасын арттыру үшін олардың әрбір әрекеттері бағаланып отырғаны дұрыс екен деп ойладым. Оқушылардың жауаптарына әр топ «Тәтті тоқаштан» сыйлады. Келесі қадам Топтық жұмыс «Қара.Оқып шық.Жап.Жаз» әдісінде де ерекше көзге түскен оқушыларды мадақтап жүрдім. Тақырыпты оқып білу үшін оқушыларға уақыт берілді. Олар топта оқыды, талқылады, баяндады. Сонымен бірге жазған мысалдарын дәлелдеді. Топтарды бағалау критерийлерін алдын-ала ақылдасып таңдап та алғанбыз, сол критерийлер бойынша топ жұмыстары бағаланды. Бағалау парақтарынан мысал келтіруді жөн көрдім.


топтар

Тақырыптың ашылуы

Топтың қорғап шығуы

Постердің безендірілуі

Ынтымақтастықта жұмыс істеуі

қорытынды

Фараби

тобы


Тақырыпты толық ашты дейміз,тек мысалдар тағы көптеу жазу керек

Жақсы қорғады,

сұраққа жартылай жауап берді



Жақсы ,

почерк нашарлау болды



Бәрі қатысып жұмыс істеді, рөлдерді жақсы бөліп алған.топ басшысы ұйымдастырған екен

8 балл

Әр оқушыға топтағы бақылаушы қызметін атқаратын оқушы бақылау жүргізеді, яғни әр оқушының іс-әрекетін жазып отырды. Бұл тұста айтарым - оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың маңызы зор. Ондағы мақсат - оқушыларға өз жұмыстарының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндіктерін талдауға көмектесу. Нәтижесінде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді. Сонымен, бағалауды Балдық жүйе бойынша жүргіздім. Сабақты бекітуде қолданылған «Ілесіп отыр » әдісінде 53-жаттығу тапсырмасы бойынша сегіз сөйлем беріледі. Тақтаға әр топтан бір оқушыдан шығып берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне қарай талдаулары керек. Отырған оқушылар тақтадағылардан қалмай ілесулері керек.Оқушылардың талдау жүмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалап шықтық.

Сабақ қорытындысында оқушыларға «Бір минуттық эссе» жазу тапсырылды. Аз ғана уақыт. Бірақ оқушылардың көбі өз тұжырымдарын осы аз ғана уақытқа сыйғыза білді. Мәселен, Д есімді оқушы: «маған сабақтардың осылай өзгеше түрде өтіліп жүргені ғана ұнап қойған жоқ. Біз дәл осы сабақтарда басқа сабақтарға қарағанда біз көбірек білім алған сияқты болып көрінді маған» десе, Н есімді оқушы өтілген сабақтан алған әсерін былайша өлең жолдарымен жеткізіпті.

Жаңалыққа құмар жан едім,

Алған көп жақсы әсерім

Өзіміз ойланып талқылағаннан

Көп болды-ау менің түсінгенім.

Қоңырау кезінде оқушылар менен келесі сабақтарда қандай жаңа бағалау түрлерін пайдаланатынымызды сұрады. Бұл ,әрине мені қуантты. Оқушылар бағалау түрлерінің көптілігін байқаумен қатар, оларды қалай және қашан қолданғандары жөнінде де пікірлерін айтты. Яғни сабақта бағалау түрлерін тиімді пайдалану арқылы біз үлкен нәтижеге жете алады екенбіз.

Тізбектелген сабақтар топтамасының келесі сабағында үй тапсырмасы «Меню» әдісі арқылы сұралып «Жұдырық -Алақан» бағалау әдісімен бағаланды. Үй тапсырмасына оқушылардың жақсы дайындалып келгендерін бірде-бір Жұдырықтың көрсетілмегенінен-ақ байқауға болады.

Өткізілген сабақтың келесі қадамындағы жұмыстарда «Шапалақтау», «Бас бармақ», өзін-өзі бағалауда «Бағдаршам» әдістерін жүргіздім. Аталған

бағалау әдістері уақыт жағынан да тиімді болып келеді. Аз уақытта оң нәтиже аласың. Ол нәтижесі төмендегіше болды


Бағдаршам. Жасыл түс Өте жақсы түсіндім

Сары түс Орташа түсіндім

Қызыл түс Түсінбедім



Білім сапасы 100%

Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс екенін түсіндік. Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады (МАН,56-бет.).

Осы тұста Сындарлы оқыту теориясындағы әрбір әрекет оң нәтижеге бағытталғанын тағы бір айта кеткім келеді. Әрбір сабақта, әрбір іс-әрекетте көрініс тапқан кері байланыс жасаудың біз үшін тиімділігі өте жоғары. Кері байланыс орнату арқылы біз оқушының сабақты меңгеру деңгейін, қолдану мүмкіндігін , әдістердің тиімді әсерін анықтай отырып, мұқият бақылау жүргізіп, алдағы уақыттарда кемшіліктерді болдырмау жолдарын қарастырып жоспар құрамыз. Бағалау түрлерін жүргізгеннің нәтижесінде сынып оқушылары әр сабақта әрқайсысының іс-әрекеті толық бағаланатынын түсінгендей .Бұлай деуіме себеп- оқушылар әрбір тапсырмаға араласып, өздерін көрсеткілері келіп ,мені қалай бағалар екен деп күтетін сияқты көрінді. Тіпті ынталандыру ретіндегі мұғалімнің басынан сипауы,арқасынан қағуы, «Бәрекелді!», «Жақсы», «Дұрыс бастапсың» деген мадақтаулары ның өзі оқушыны жігерлендіріп қоятынын байқадым. Тіпті деңгейлік тапсырманы орындауда оқушылардың белсенділігі артып өз деңгейлерінен жоғары деңгей тапсырмаларын орындауға талпынып кетті. В деңгейлі С есімдіоқушы жақсы нәтиже көрсетті. Талдауға белсене қатысып, сұрақтарға да белсенділік танытты. Алғашқы сабақтан -ақ оқушылар бір-бірін бағалаудың әділ болмағанына ренжіп отыратын. Өздеріне қай топ қандай баға берсе, өздері де сондай баға берген еді. Кейіннен бағалау критерийлерін нақтылағаннан да болар, жұмыстың ең маңызды тұстарына көптеу назар бөле отырып әділ баға беретін болды. Және де постер қорғағанда да тақырыпты түсіндіруде жаңа әдістерді ойластыратын болды және олардың қайсысы нәтижелі болатынын байқап отырды. Мысалы, жаңа сабақты түсіндіру үшін алынған мысалдарды олар сөйлеммен емес, суретпен көрсетті. Сурет арқылы түсіндіргенде оқушылардың естерінде ол мысалдар жақсырақ сақталатындығы байқалды. Осы тұста бұл идеяны В деңгейіндегі С есімді оқушы ұсынылғандығы анықталды. Осы топтың жұмысына оқушылар жоғары баға берді. Бұл сол оқушының да, сол топтың да және менің де жетістігім шығардеп ойладым. Яғни оқушылар дұрыс бағалауды үйренді. Тақырыптың маңыздылығын бағалауды, оны қабылдаулары арқылы бағалайтын болды.

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Қорыта келе, «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулін қолданғандағы менің өзгерісім – сабақтың әрбір қадамында бағалаудың түрлерін қолдану әрбір оқушыға қызықты әрі нәтижелі болды(МАН,58-бет.) Бұл ретте, біз,мұғалімдер, жалғыз ғана бағалаушы тұлға болмауымыз керек. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін. Және де мұғалім бағалауды түрлендіре отырып белсенді жүргізгенде ғана оқушылар бағалауға белсенді қатысады. Сондықтан ең бастысы, оқушылар өз білімдерін арттыру үшін бағалауды үйренулері тиіс. Сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін үнемі кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеулері қажет.

Ал Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады(МАН, 59-бет.).

Бағалаудың аталған мақсаттарына жеткендігін тағы бір нақтылау үшін мен тізбектелген сабақтар топтамасындағы соңғы сабақта «Бәйтерек» бағалау әдісін пайдаландым. Бұл әдісте оқушылар сабақта алған білімдерін жинақтай келе өздерін - өздері бағалау арқылы өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын анықтап, әрі қарай кемшіліктерін анықтап , қандай бағытта даму керектігін түсінетін болады. Тапсырма берілген соң оқушылар стикердің бір бетіне сабақтан алған әсерлерін жазса, келесі бетіне өз есімдерін жазып Бәйтеректің бір бөлігіне жапсырады. Бағалау нәтижесі оқушылардың сабақты толық түсінгендерін көрсетті, яғни оқушылардың есімдері Бәйтеректің ең жоғары бөлігінен көрініс тауыпты. Бұл да мен үшін қуанарлық жағдай. Сонымен мен тізбектелген сабақтар топтамасында оқушылардың өзін-өзі бағалаудың, жұптарын бағалаудың, топтарды бағалаудың жоғарыда айтылған түрлерін пайдаландым және ол әдістерді пайдалануымның тиімділігін түсіндім. Атқарылған осы жұмыстар арқылы мен оқытуды жақсартудың бес факторын қамтыдым. Яғни , нақты айтар болсам, оқушылармен тиімді кері байланыс қамтамасыз етілді; оқушылар белсенді өзіндік оқуға белсенді қатысты; бағалау нәтижелері ескеріле отырып, оқыту өзгертілді; бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігі мойындалып, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етті;оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттіліктері артты.



Менің сабақтағы сәтті тұстарым:

-Топтық жұмыстың жақсы ұйымдастырылуы,топтағы оқушылардың өз міндеттерін нақтылап алулары ;

- Топтағы оқушылар белсенділігі,идеялардың алуандылығы ;

-Топтардағы бақылаушылар кімнің қаншалықты жұмыс жасағанын бақылап, бағалап отыруы.

- Кері байланыс

- Бағалау түрлеріне оқушылардың қызығуы


Менің сабақта жіберген сәтсіз тұстарым:

Алғашқы сабақтан-ақ бағалау критерийлерін анықтап алмағандығым.

Бағалаудың шынайы болмауы. Бағалау барысында оқушылардың топтық жұмыс кезінде бір-бірімен достық қарым-қатынастың бағалауға кері әсер тигізуі.

Топтық жұмыс кезінде жұптық жұмыстың аз болуы;

Оқушылардың нені үйренгенін бағалау үшін тағы да басқа бағалау стратегияларын қолдануға болар еді...
Алдағы уақытта тәжірибеме өзгеріс енгізу үшін мынадай ұсынысты қабылдадым.

-Күнделікті сабақта бағалаудың басқа да стратегияларын өз шеберлігіме қарай қолдансам деймін;

-Блум таксономиясын толық түсініп, сабақтың барлық қадамдарында қолдансам деймін. Өткізген сабақтарда бұл әдісті қолданбау себебім- толық мағынасын түсінбедім;

- Оқушыларға топ ішінде жұптық жұмысты көп жүргізу; оқушылардың әлеуметтік сала бойынша бірлескен оқуды қалыптастыру үшін жұптық жұмысты көбірек жүргізер едім, өйткені жұптық жұмыс арқылы барлық оқушы түгел қамтылады, еріксіз білім алу үдерісі жүреді;

- Жалпы осы бағдарлама бойынша жеті модульді жақсы меңгерту; Әрбір сабағымда келешекте оқушыларыма жеті модульдің атап айтсам, диалогты оқытуды,өзара бағалауды, АКТ-ны қолдануды,дарынды және талантты оқушыларға күрделі тапсырмалар беруді,оқушылардың қиын тапсырмаларды орындау барысында сыни ойлай алатынын меңгерту үшін нақты жоспар құрамын;

- Мақсаттан нәтижеге жететін іс-әрекетті жоспарлау; Әр сабағымда белгілі бір мақсаттан нәтижеге жету үшін оқушыларға берілетін тапсырмалар арқылы іс-әрекетті жақсартамын.

- Тапсырмалардың белгілі уақытта орындалуын жоспарлау; Оқушыларға берілетін тапсырмалар белгілі бір уақытта орындалып шығуын келесі сабақтарымда қатты қадағалаймын;

- Бағалауды әлі де болса жақсарту; Оқушылар өзара бағалауды шынайы жүргізу үшін критерийлер беру арқылы бағалауды жақсартамын;

-Үнемі кері байланыс орнатып отырамын.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 56-60 беттер



2.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.


: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет