Қазақстан Республикасы көлік саласы кәсіби одағы Бірлескен



жүктеу 0.83 Mb.
бет1/4
Дата06.07.2016
өлшемі0.83 Mb.
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасындағы теміржолшылар мен көлік құрылысшылары Кәсіподағы құрылтай съезінде 1992 жылғы 26 наурызда бекітілген

Қазақстан Республикасындағы теміржолшылар мен көлік құрылысшылары Кәсіподағының кезектен тыс съезінде өзгертулермен және толықтырулармен1995 жылғы 6 желтоқсанда бекітілген

«Қазақстан Республикасының теміржолшылар кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің  IV съезінде өзгертулермен және толықтырулармен 2000 жылғы  21 қыркүйекте бекітілген

Қазақстан Республикасының теміржолшылар кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс VIII съезінде толықтырулармен 2014 жылғы 19 қараша бекітілген

«Қазақстан Республикасының теміржолшылар кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің IV съезінде өзгертулермен және толықтырулармен 2010 жылғы 29 қыркүйекте бекітілген

Қазақстан Республикасы көлік

саласы кәсіби одағы Бірлескен

съезінде толықтырулармен 2015 жылғы 27 ақпанда бекітілген



«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің

ЖАРҒЫСЫ

1.Жалпы ережелер

1.1. Теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіби одағы, мұнан әрі «Кәсіподақ» деп аталынады және өз мүшелерінің өндірістік әрі кәсіби мүдделерінің бірлігі негізінде құрылған салалык, тәуелсіз, дербес қоғамдық бірлестік болып табылады.

1.2. Кәсіподақ заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Ата заңына, Заңдарына, халықаралық құқықтың көпшілік мақұлдаған нормаларына және осы Жарғыға сәйкес қызмет етеді.

1.3. Кәсiподақ жарғыларды, құрылымды өз бетінше әзірлейді және бекітеді, қызметтің басым бағыттарын айқындайды, кәсіподақ органдарын құрады, қызметті ұйымдастырады, жиналыстар, конференциялар, съездер және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған басқа да іс-шаралар өткізеді.

Кәсіподақ өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен тәуелсіз болады, олардың бақылауында болмайды және оларға есеп бермейді.

Кәсіподақтың олармен қарым-қатынастары тең ынтымақтастық және әріптестік қағидаттары негізінде құрылады.

1.4. Кәсіподақ басқа кәсіподақтармен қызмет істеуге құқы бар, республикалық және халықаралық кәсіподақ қозғалыстарына қатысады, ынтымақтастық жөнінде келісім негізінде басқа қоғамдық ұйымдармен және шетелдік кәсіподақ ұйымдарымен іскерлік байланыстарға түседі.

1.5. Кәсіподақ Қазақстан Республикасының жартысынан көп облыстарының аумағында қызмет жасайды.

1.6. Кәсіподақтың банктерде есептік және басқа шоттары, мөрі, мөр табаны, бекітілген үлгідегі бланкілері болады.

1.7.  Орналасқан жері: 010000 ,Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д. Қонаев көшесі, 6 үй. 


2. Кәсіподақ қызметінің мақсаттары және нысаны, олардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Кәсіподақтан көрсетілетін қызмет аясы: Кәсіподақ мүшелерінің жеке, ұжымдық, кәсіби және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүлдделерін білдіру, көрсету және қорғау, қайырымдылық акцияларына қатысу, мәдени және спортты-денсаулықты жақсарту шараларын жүргізу.

2.2. Кәсіподақ өз мүшелерінің еріктілігі, тең құқықтығы мен ынтымақтастығы негізінде олардың еңбек, кәсіби, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында құрылады және қызмет етеді

2.3. Кәсіподақ өзінің мүшелерін қорғау үшін өзінің сайланбалы органдары арқылы:

- кәсіподақ ұйымдарының қызметін біріктіруге, бағыттауға және үйлестіруге;

- мемлекеттік билік органдарында және жұмыс берушінің алдында, соттарда өзінің мүшелерінің, мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға, прокурорлық қадағалау өрісіне жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша қарсылық білдіру туралы өтініш жасауға;

- мемлекеттік органдардың өкілдерімен және жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізуге, келісімдер, ұжымдық шарттар жасасу кезінде әлеуметтік әріптестіктің тарапы болып әрекет ету және олардың орындалуына бақылауды іске асыруға;

- Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты заңнамалық және нормативтік актілерді жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға өтініш жасауға, олардың құқықтарын нашарлататын нормативтік актілерді жоюға қол жеткізуге;

- әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру және нормалау, бюджеттік және салықтық саясат, жұмыспен қамту, еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша заң жобаларын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді жасауға қатысуға немесе оларды қарау туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;

- ҚР кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзатын, келісімдер мен ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындамайтын тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізуге;

- еңбек туралы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі заңнамалардың сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуге, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысуға;

- ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысуға;

- кәсіподақ кадрларын және активін оқытуды, дайындауды қайта дайындауды, соның ішінде медиация мәселелері бойынша, ұйымдастыруға;

- еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялауға қатысуға;

- өмір сүру деңгейіне, отбасылық бюджетіне, инфляцияға, жұмыссыздыққа, еңбек қорғау мәселелеріне қатысты зерттеулер жүргізуді іске асыруға және осы мәселелер бойынша мемлекеттің экономикалық саясатының әлеуметтік бағыттылығына кол жеткізуге;

-кәсіби дайындау және қайта дайындау, медициналық және зейнеткерлік қамтамасыз ету, санаториялық-курорттық емделу мен демалу мәселелері бойынша Кәсіподақ мүшелеріне жәрдем көрсетуге;

- өзінің мүшелеріне және құрылымдық бөлімшелеріне ұйымдастырушылық, консультациялық, құқықтық, материалдық және қайырымдылық көмек көрсетуге;

- қолданылып жүрген заңнамада қарастырылған тәртіппен өз өкілдерін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсынуға;

- Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Заңнамада белгіленген тәртіппен жиналыстар, митингтер, демонстрациялар, көше шерулері, ереуілдер мен басқа көпшілік акцияларын ұйымдастыруға және өткізуге;

- шаруашылық әрекетін жүргізуге, кәсіпорындар құруға, ақша қорларын ұйымдастыруға, акцияларды, басқа құнды қағаздарды сатып алуға және осы Жарғымен қаралған міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлік қызметті дамытуға;

- ақпараттық-кеңестік, насихаттық және баспалық қызметті жүзеге асыруға

2.4. Кәсіподақ өз қызметін жүзеге асыру үшін:

- ұжымдық шарт, салалық, өңірлік, бас келісімдер бойынша міндеттемелерді орындауға;

- өкілеттіктер шегінде әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға;

- кәсiподақ мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ереуiлдер, бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткiзу тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге;

- кәсiподақтар мүшелері арасында олардың құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері бойынша сауаттылығын арттыру, еңбек дауларында келіссөздер жүргізе алуды дамыту және пәтуаға қол жеткізу жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуге;

- қызметкерлердің ішкі еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібі қағидаларын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауына жәрдемдесуге;

- жарғыда айқындалған шарттар және тәртіп бойынша кәсіподақ мүшелеріне ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруге міндетті.
3. Кәсіподаққа мүшелік
3.1. Кәсіподаққа мүшелік-кәсіподақ мүшелерінің жеке тұлға, ал мүшелік ұйымдардың- заңды тұлға болуын қамтиды.

3.1.1. Жеке тұлға:

- Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар;

- Кәсіподақ Жарғысын мақұлдайтын және мүшелік кәсіподақ жарналарын төлейтін жұмыс істеуші немесе уақытша жұмыс істемеуші, зейнеткер, студенттер, оқушылар. Кәсіподақ мүшесі басқа кәсіподақтарға мүше бола алмайды.

3.1.2. Заңды тұлға-жергілікті кәсіподақ.

3.2. Кәсіподаққа мүшелік ерікті түрде. Кәсіподақ мүшелігіне қабылдау және одан шығу тиісті кәсіподақ органына кірушінің берген жазбаша түрде жеке арызы бойынша жекеше түрде жүргізіледі. Кәсіподаққа қабылдау және одан шығу туралы шешім:

- Кәсіподақ мүшелерінің саны 30 адамнан кем жағдайда-бастауыш ұйымының жиналысында;

- саны 30 адамнан көп болған жағдайда - кәсіподақ комитетінің отырысында, бастауыш ұйымының жиналысын (конференциясын) кейіннен хабардар ете отырып қабылданады.



Кәсіподақ мүшесіне қабылданған адамға белгіленген үлгідегі кәсіподақ билеті беріледі.

Кәсіподақ мүшелерін есепке алу негізгі жұмыс орнында есеп карточкалары немесе электронды тасымалдаушы арқылы бастауыш ұйымда жүргізіледі.

3.3. Кәсіпорында, мекемеде, ұйымда кәсіподақтың бастауыш ұйымы болмаса, Кәсіподаққа қабылдау не одан шығу туралы шешімді Кәсіподақтың тиісті филиалы, Кәсіподақ қабылдауы мүмкін.

3.4. Кәсіподақтық өтілі Кәсіподақ мүшесіне қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап есептеледі және Кәсіподақ беретін жеңілдіктерді пайдаланған кезде ескеріледі.

3.5. Белгіленген мөлшерде мүшелік кәсіподақ жарнасын төлеп отырған кәсіподақ мүшесінде кәсіподақ өтілі мен мүшелігі:

- кәсіпорын, ұйым, мекеме таратылуына, штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан уақытша айрылғанда, басқа жұмысқа қабылданғанға дейін;

- жасы бойынша зейнетке шығуына, мүгедектікке байланысты жұмыс істеуді тоқтатқанда;

-Кәсіподақ мүшелігіне кіргендерде, егер ол бұрын басқа кәсіподаққа мүше болған болса, кәсіподақтар арасында өзара кәсіподақтық мүшелікті мақұлдайтын уағдаластық болған жағдайда сақталады.

3.6. Кәсіподақ мүшесінің:



- Кәсіподақ пен оның органдары жағынан өзінің еңбек, кәсіби, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерінің өкімет органдарында, жұмыс берушінің алдында, сот және басқа органдарда қорғалуына;

- кәсіподақ органдарынан кеңес сұрауға, сонымен қатар, арызбен, ұсыныстармен жүгінуге және жүгіністің байыбы бойынша жауап алуға;

- еңбек және басқа дауларды шешу кезінде кәсіподақ органдары көрсететін тегін құқықтық көмекті пайдалануға;

- Кәсіподақ қаржысынан материалдық және қайырымдылық көмек алуға;

- Кәсіподақ органдарын сайлауға және сайлануға;

- Кәсіподақ қызметіне қатысуға, ұсыныстар енгізуге және кез-келген деңгейдегі Кәсіподақ қызметіне байланысты мәселелерді еркін талқылауға, сайланбалы органдардың қызметіне баға беруге, олардың қызметі жөнінде ақпараттар алуға;

- Кәсіподақ жасасқан шарттарда және келісімдерде және келісімдерде қаралған қосымша жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығы бар.

3.7. Кәсіподақ мүшесі:



- Жарғыны бұзбауға, бастауыш ұйымның және барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарының қабылдаған шешімдерін орындауға;

- белгіленген тәртіп пен мөлшерде ай сайын мүшелік жарналарды төлеуге;

-еңбек және ұжымдық шарттарда (келісімдерде) қаралған міндеттерді орындауға;

- Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделері қорғалғанда оларға тілектестік білдіруге, Кәсіподақтың ұжымдық іс-әрекеттерін қолдауға.

- Кәсіподақтық қозғалысқа зиян келтіретін әрекеттерге кедергі жасауға міндетті;

3.8. Кәсіподаққа мүшелік одан шыққанда не шағарылғанда тоқтатылады.

Кәсіподақтан шығу жөніндегі мәселені Кәсіподақ мүшесінің жеке арызы негізінде Кәсіподаққа қабылдауға құқы бар органдар қарайды.

Кәсіподақтан шығару жөніндегі мәселе Кәсіподақ мүшесінің жарғылық міндеттерін орындамаған кезде, сонымен қатар Кәсіподақ тұтастығын бұзатын және оған зиян келтіретін іс –әрекет жасаған кезде қаралады.

Кәсіподақ мүшесі үш ай мерзім ішінде жоғарғы ұйымдардың қабылданған шешіміне шағымдана алады. Кәсіподақтан шығарылып тасталған Кәсіподақ мүшелігіне жалпы негізде қабылдануы мүмкін.

3.9. Кәсіподақ мүшесі жарғылық міндеттерді орындамауына байланысты Кәсіподақ беретін жеңілдіктерден алты ай мерзімінде пайдалану құқығынан айырылады.

3.10. Кәсіподақ беретін жеңілдіктерді пайдалану құқығынан айыру туралы шешім және кәсіподақтан шығару туралы шешім Кәсіподаққа қабылдауға құқығы бар органдар, сонымен қатар жоғарыда тұрған сайланбалы кәсіподақ органдары, кейін бастауыш ұйымын хабардар ете отырып қабылданады. Аталған шешім кәсіподақ мүшесінің қатысуымен қабылданады. Егер ол дәлелді себепсіз қатыспаған жағдайда мәселе оның қатысуынсыз шешіледі.

Шешім, егер оған жиналысқа қатысушылар немесе сайланбалы органның отырысына қатысушы мүшелерінің үштен екісі дауыс берген жағдайда, кворум бар болғанда қабылданған болып саналады.

3.11. Кәсіподақ мүшесі Кәсіподақ беретін жеңілдіктерді пайдалану құқығынан айырылғаннан, немесе Кәсіподақтан шығарылғанан кейін екі айлық мерзімде қабылданған шешімді бұздыру үшін жоғарыда тұрған органдарға шағымдануға құқы бар.

3.12. Кәсіподақтан шығарылған адам, Кәсіподаққа мүше болып жалпыға бірдей негізбен шығарылғанына кемінде 6 ай өткен соң қабылдана алады.

3.13. Жұмыстан шығуына не басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты бастауыш ұйыммен байланысын жоғалтқан Кәсіподақ мүшесі осы бастауыш ұйымның шешімімен есептен шығарылады. Шешім егер оған жиналысқа қатысушылардың немесе сайланбалы органның отырысына қатысушы мүшелерінің үштен екісі дауыс берсе, кворум бар болғанда, қабылданған болып саналады.

3.14. Жасы, мүгедектігі бойынша зейнетке шығуына байланысты жұмыс істеуді тоқтатқан, штат қысқарғанына, мекеме, кәсіпорын жабылуына байланысты уақытша жұмыстан айырылған кәсіподақ мүшелерін қоспағанда, дәлелді себепсіз үш ай бойы мүшелік жарна төлемеген Кәсіподақ мүшесі, қарызын өтемегенше Кәсіподақ тарапынан қорғау құқығын жоғалтады.



Бұдан былай оны Кәсіподақтан шығару туралы мәселе шешілуі мүмкін.

3.15. Кәсіподақтан шыққан немесе шығарылған адам Кәсіподақтың қорғау, кәсіподақ меншігін пайдалану құқынан айырылады. Кәсіподақ жарналарының төленген сомалары оған қайтарылмайды.

3.16. Кәсіподақ қызметіне белсенді қатысқан Кәсіподақ мүшелеріне:

- алғыс берумен;

- Кәсіподақ белгісімен, Кәсіподақтың Орталық Кеңесі мен құрылымдық бөлімшелердің сайланбалы органдарының мадақтамаларымен;

- ақшалай сыйақылармен, бағалы сыйақылармен, кәдесыйақылармен;

- демалыс үйлеріне, санаторий-курорттық емделуге жолдамалармен, туристік жолдамалармен көтермелеу шараларымен құрмет көрсетілуі мүмкін.
4. Кәсіподақтың құрылуы мен қызметінің негізгі

қағидаттары және оның құрылымы
4.1. Кәсіподақ өндірістік-салалық белгі бойынша құрылады және өзінің қызметін келесі қағидаттар:

- салалық кәсіподақ қозғалысының бірлігі;

- кәсіподаққа өз еркімен кіру және одан өз еркімен шығу;

- кәсіподақ органдарының төменнен жоғарыға дейін сайланбалы болуы, олардың Кәсіподақ мүшелерінің және жоғары кәсіподақ органдарының алдында есеп беруі;

- Кәсіподақтың сайланбалы органдары жұмысының алқалы болуы, қабылданған шешімдер мен тапсырмалардың орындалуына жеке жауапкершілігі;

- әлеуметтік әріптестік органдары мен Кәсіподақтың жоғарғы органдары шешімдерінің төменгі органдар мен Кәсіподақ мүшелері және мүшелік ұйымдары үшін орындалуының міндеттілігі;

- кәсіподақ органдары мен ұйымдарының Кәсіподақ Жарғысын бұзып қабылдаған шешімдерін Кәсіподақтың жоғары органдарының күшін жоюы және тоқтатылуы;

- бірыңғай қаржылық саясат;

- кәсіподақ кадрларын және активін оқыту, біліктілігін көтеру және кадр резервін сапалы дайындауға негізделген бірыңғай кадрлық саясат негізінде құрады.

4.2. Кәсіподақ өз практикалық іс-қызметінде аумақтық (облыс, республикалық дәрежедегі қала, астана деңгейіндегі) кәсіподақтар бірлестіктері және жергілікті кәсіподақтармен достық байланыс пен іскерлік ынтымақтастық негізінде қарым-қатынас жасайды;

- Кәсіподақ құрамына кіретін кәсіподақ бастауыш ұйымдарына, жергілікті кәсіподақтарға ұжымдық келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек даулары мен шиеленістерді шешуге жәрдем көрсетеді;

- бірлесе және келісіп аймақтық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен, кәсіподақ қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік және өзара қолдау үшін әлеуметтік әріптестік орнатады;

- Кәсіподақ ықпалын нығайтуға және сала мен аймақты әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын іске асыруға, кәсіподақтың орталық органдарының шешімдерін орындауға бағытталған шараларды іске асырады;

- кәсіби одақтар мен кәсіподақтар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірлескен акциялар өткізеді.

4.3. Осы бірыңғай Жарғының шегінде Кәсіподақ құрылымына мыналар:

- бастауыш ұйымдар;

- филиалдар;

- Кәсіподақ өкілдіктері;

- жергілікті кәсіподақтар кіреді.

4.4. Бастауыш ұйымдардың, Кәсіподақ филиалдары және олардың сайланбалы органдарының қызметі Кәсіподақ съезімен бекітілген осы Жарғымен және олар туралы Ережелермен реттеледі.

4.5. Кәсіподақтың бастауыш ұйымы.

4.5.1. Бастауыш ұйым Кәсіподақ немесе оның филиалдарының, өкілдіктерінің және жергілікті кәсіподақтарының ішкі құрылымына кіреді.

4.5.2. Бастауыш ұйым Кәсіподақ мүшелері ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік түрлеріне тәуелсіз бір кәсіпорында, мекемеде, ұйымда істейтін немесе бір оқу орнында Кәсіподаққа кіру жөнінде арыз берген азаматтар саны үштен кем болмаса құрылтай жиналысында құрылады. Құрылтай жиналысының өтетін күні мен орны туралы шешімді тиісті филиалдың кәсіподақ органы немесе Кәсіподақтың Орталық Кенесі (әрі қарай -Кәсіподақтың ОК) қабылдайды.

4.5.3. Бастауыш ұйымның ең жоғары органы болып жиналыс (конференция) саналады, ол қажеттігіне қарай, бірақ кемінде жылына екі рет өткізіледі. Жиналыстың (конференцияның) күні, күн тәртібі және өтетін жері туралы Кәсіподақ мүшелеріне белгіленген мерзімнен кемінде екі апта бұрын хабарланады. Кезектен тыс жиналыс (конференция) кәсіподақ комитетінің (кәсіби ұйымдастырушының) бастамасымен, ұйым мүшелерінің үштен бірінің бастамасымен немесе жоғары кәсіподақ органының ұсынысы бойынша шақырылады. Кезектен тыс жиналыстың (конференцияның) күні, күн тәртібі және өтетін жері туралы кәсіподақ мүшелеріне кемінде бір апта қалғанға дейін хабарланады.

Жиналыс, егер оның жұмысына бастауыш ұйымның жартысынан астам мүшесі қатысқан жағдайда құқылы болып саналады;

Жұмысына сайланған делегатардың кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда конференция құқылы болып саналады.

4.5.4. Жиналыс (конференция) бастауыш ұйымның қызметіне қатысты кез-келген мәселені шешуге құқылы. Тек қана жиналыстың (конференцияның) құзырына жататындар:

- бастауыш ұйым қызметінің басым бағыттарын анықтау;

- кәсіподақ комитетінің, ревизиялық комиссияның қызметі туралы есептерді тыңдау және талқылау;

- бастауыш ұйымның төрағасын (кәсіби ұйымдастырушысын), кәсіподақ комитетін және ревизиялық комиссиясын сайлау;

- Кәсіподақ атынан жұмыс берушімен ұжымдық келіссөздер жүргізу жайлы шешім қабылдау және ұжымдық шарттың негізгі ережелерін анықтау;

- жұмыс берушіні немесе оның өкілдерін, кәсіподақ комитетін ұжымдық шарттың орындалуы туралы тыңдау;

- Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау акцияларын өткізу жөнінде қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес шешім қабылдау;

- бастауыш ұйымның кәсіподақ бюджетін бекіту және оның орындалуын бақылау;

- қорлар, сақтандыру кассаларын құру және олардың қызметі жайлы есептерді тыңдау.

- филиал құрамына оның құрылымдық бөлімшесі ретінде кіру не болмаса филиалдан шығу туралы шешім қабылдау.

4.5.5. Ағымдағы жұмысты жүргізу үшін бастауыш ұйымда:



- 30-дан кем Кәсіподақ мүшесін біріктіретін ұйымда - кәсіби ұйымдастырушы;

- 30 не одан көп Кәсіподақ мүшесін біріктіретін ұйымда - төраға басқаратын кәсіподақ комитеті сайланады

4.5.6. Кәсіподақ комитетінің мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Кәсіподақ комитеті тек тікелей жиналысының (конференцияның) қарауындағы мәселелерден басқа бастауыш ұйым қызметінің кез-келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы және өз қызметінде жиналысқа (конференцияға) әрі кәсіподақтың жоғары органдарына есеп береді.

4.5.7. Кәсіподақ комитетінің шешімі бойынша кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде кәсіподақ топтары, цехтік кәсіби ұйымдар құрылуы мүмкін, оларға өз бөлімшесінің шеңберіндегі ағымдық мәселелерді шешу үшін бастауыш ұйымының құқы берілуі мүмкін

4.5.8. Кәсіподақтың бастауыш ұйымы сондай-ақ Кәсіподақтың немесе оның тиісті филиалының тіркелу құжаттарының негізінде белгіленген үлгідегі мөрі, бланкілері және мөртабаны болуға құқы бар.

4.5.9. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының территориялық бытыраңқы жағдайына байланысты тиісті филиалдың шешімімен кәсіподақтар Төрағалары кеңесі немесе тораптық кәсіподақ комитеттері құрылуы мүмкін.

4.5.10. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы бастауыш ұйымның өкілетті өкілі болып табылады және:



- кәсіподақ комитетінің және кәсіподақ жиналысының (конференциясының) құзырында болмаған оперативті сұрақтарды өз бетімен шешуге;

- ағымдағы мәселелерді пысықтау және кәсіподақ комитеті мен жалпы жиналыстың (конференциясының) шешімдерін дайындау үшін уақытша комиссиялар, жұмыс топтарын құруға, кәсіподақ комитетінің қызметіне сарапшыларды, мамандарды, кәсіподақ белсенділерін тартуға;

- кәсіподақ комитетінің мәселелерін шақыру мен жүргізуге, мәжілістердің қабылданған шешімдері мен хаттамаларына қол қоюға;

- кәсіподақ комитетінің штаттық қызметкерлерінің жұмысына басшылық етуге;

- заңды тұлғаның сенімхаты бойынша Кәсіподақ атынан ұжымдық шарттарға қол қоюға;

- бекітілген сметаға сәйкес ақшалай операцияларды жүргізуге, кәсіподақ комитетімен келісу арқылы басқа шарттар жасасуға;

- сайланбалы активтің оқуын ұйымдастыруға;

- Кәсіподақ мүшелерінің келісімі бойынша, олардың жеке арыздары болғанда, әкімшілікпен келісім негізінде олардың мүшелік жарнамаларын қолма-қол жасалмайтын төлемдер және оны Кәсіподақ есеп-шотына Кәсіподақ Жарғысымен белгіленген мөлшерде аудару туралы мәселені шешуге құқылы.

- мүшелік кәсіподақ жарналарын Кәсіподаққа уақытылы, толық мөлшерде аудару үшін дербес жауапкершілікті болады.

4.6. Кәсіподақтың филиалы:

4.6.1 Кәсіподақ Филиалы бастауыш ұйымның жолданымы бойынша Кәсіподақ Съезі шешімімен құрылады және филиал туралы Ереженің негізінде әрекет етеді.

4.6.2. Кәсіподақ филиалы ол туралы Ереженің негізінде аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өткеннен кейін, банктерге есеп айырысу шотын ашуға, белгіленген үлгідегі мөрінің, бланкілерінің, мөртанбандарының болуына құқы бар.

4.6.3. Кәсіподақ филиалының ең жоғарғы органы болып конференция саналады, ол кемінде бес жылда бір рет шақырылады. Конференцияның күні, өткізілу орны және күн тәртібі туралы оның өткізілуінен кемінде екі апта бұрын хабарланады. Кезектен тыс конференция сайланбалы органның бастамасы бойынша филиал құрамына кіретін бастауыш ұйымдардың кемінде үштен бірінің талабымен не Кәсіподақ Орталық Кеңесінің ұсынысымен шақырылады. Күні, өткізілетін жері мен күн тәртібі оның өткізуінен кемінде бір апта бұрын хабарланады.

4.6.4. Кәсіподақ филиалының конференциясы:

- өзінің сайланбалы органының және ревизиялық комиссияның қызметі туралы есептерді тыңдайды;

- филиал қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді;

- филиал Кеңесінің мүшелерін сайлайды не олардың өкілеттілігін растайды;

- филиал төрағасын және ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды;

- филиалдың тіршілік етуіне байланысты кез-келген басқа мәселелерді шешеді.

4.6.5. Конференциялар аралығында Кәсіподақ филиалының басқару органы болып филиалдың төрағасы басшылық ететін Кеңес саналады. Кеңестің мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жылына екі рет өткізіледі.

4.6.6. Кеңес өз қызметін Кәсіподақтың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып ұйымдастырады, сонымен қатар:

- бастауыш ұйымдардың қызметін үйлестіреді, оларға тәжірбиелік көмек пен қолдау көрсетеді, олардың мүдделерін және кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін тиісті мемлекеттік және сот органдарында, жұмыс берушілердің алдында білдіреді;

- жұмыс берушілермен не оның өкілдерімен келісімдердің негізгі ережелерін белгілейді;

- қажет болған жағдайда бастауыш ұйымдардың Кеңес құрамына сайлаған мүшелерінің өкілеттігін растайды;

- филиал төрағасының орынбасарын (орынбасарларын) және атқарушы комитетті сайлайды;

- филиал төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса, қайта сайлау өткізеді;

- кәсіподақ бюджетінің сметасын және Кәсіподақ ОК Атқарушы комитетімен келісу арқылы аппараттың қызметкерлер штатының санын бекітеді;

- тікелей конференцияның қарауындағы мәселелерді қоспағанда, филиалдың және оның құрамына кіретін бастауыш ұйымдардың жарғылық қызметіне байланысты басқа мәселелерді шешеді;

- өз қызметінде Кәсіподақ филиалының конференциясына және Кәсіподақтың Орталық Кеңесіне есеп береді.

4.6.7. Ағымдағы жұмысты ұйымдастыру үшін Атқарушы комитет сайланады, оның мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ әр тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі.

4.6.8. Атқарушы комитет:

- Кәсіподақтың басқару органдарының, конференциалар мен филиал Кеңесінің шешімдерін, өзінің шешімдерін орындау жөнінде нақты іс-әрекеттер жасайды және олардың орындалуын бақылайды;

- мемлекеттік органдармен және жұмыс берушілермен келіссөз жүргізу үшін өз өкілдерін жібереді;

- бастауыш ұйымдардың қаржылық қызметін, олардың Жарғыны, жоғары органдардың шешімдерін сақтауын үйлестіреді және бақылайды;

- кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының кәсіподақ бюджеті сметасын үйлестіреді;

- төменгі кәсіподақ ұйымдарының және кәсіподақ органдарының Жарғыға және Кәсіподақтың алқалық органдарының шешімдеріне қайшы келетін қаулыларының күшін жояды, Кәсіподақ мүшелерін осындай шешімдердің мәні бойынша хабардар етеді;

- Жарғының және кәсіби органдар шешімдерінің орындалуына бастауыш ұйым төрағасының жеке жауапкершілігі туралы мәселені қарайды, Кәсіподақ Жарғысы өрескел бұзылған жағдайда оны мерзімінен бұрын босату жөнінде не кәсіподақ комитетінің бүкіл құрамына кезектен тыс сайлау туралы ұсыныс енгізеді;

- кәсіподақ кадрлары мен активтерінің оқуын ұйымдастырады және жүргізеді, жұмыс тәжірибесін зерделейді және таратады;



- филиалға пайдалануға берілген Кәсіподақтың мүлігін және ақшалай қаржысын пайдаланады;

- тікелей конференцияның қарауындағы мәселелерді қоспағанда, филиал қызметінің кез-келген басқа мәселелері бойынша шешім қабылдайды;

- жұмыс берушілермен немесе оның өкілдік ететін тұлғаларымен келісімнің негізгі ережелерін белгілейді;

- өз қызметінде конференцияға, филиал Кеңесіне, Кәсіподақтың Орталық Кеңесіне және Атқарушы комитетіне есеп беруге міндетті.

4.6.9. Кәсіподақ филиалының төрағасы:

- кәсіподақ сенімхаты негізінде әрекет етеді, материалды- жауапкершілікті тұлға болып табылады;



- филиал қызметіне басшылық жасайды, филиал Кенесі мен филиал Атқару комитеті құзырына жатпайтын жедел мәселелерді өз бетімен шешеді;

- филиал аппаратының штаттық қызметкерлерінің жұмысын басқарады, қолданып жүрген заңнамаға сәйкес олармен еңбек шарттарын жасасады және бұзады;

- сенімхат бойынша жұмыс берушілермен және олардың бірлестіктерімен, мемлекеттік басқару органдарымен, кәсіподақ бірлестіктерімен және басқа ұйымдармен кейіннен филиал Кеңесінің мәжілісінде бекітумен келісімге қол қояды;

- филиал Кеңесі мен Атқару комитеті және Кәсіподақтың жоғары органдары белгілеген өкілеттік шегінде қаржылық қызметті, ақшалай операциаларды жүргізеді;

- жарғылық міндеттерді орындау үшін дербес жауапкершілікті;

- лауазымы бойынша Кеңес пен филиалдың Атқару комитетін басқарады;

- филиал Атқару комитеті атынан кәсіподақтардың босатылған төрағаларымен еңбек шарттарын жасайды және бұзады;

- филиал Кеңесі мен Атқару комитеті, сонымен қатар кәсіподақтың Атқару комитеті мен Орталық Кеңесі оған берген басқа да міндеттерді атқарады;

4.6.10. Филиал төрағасының өкілеттік мерзімі-бес жыл.

4.6.11. Жиналыстар, сайланбалы органдардың мәжілістері олардың жұмысына жиналысқа қатысқандардың, сайланбалы органдар мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан кезде, ал конференциялар және съездер - сайланған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы болып саналады;

4.6.12. Кворум болған жағдайда съездерде, конференцияларда, жиналыстарда, Кәсіподақтың сайланбалы органдарында және оның құрылымдық бөлімшелерінде шешімдер делегаттардың жиналысқа қатысқандардың, сайланбалы органдар мүшелерінің дауыс көпшілігімен қабылданады, егер Жарғының басқа тармақтарымен басқадай қарастырылмаса.

4.6.13. Кез-келген шешімдерді қабылдаған кездегі дауыс беру тәртібін (ашық, жабық) съездердің, конференциялардың делегаттары, жиналыстың, сайланбалы органдар мәжілістерінің қатысушылары белгілейді.

4.7. Жергілікті кәсіподақтар

4.7.1. Жергілікті кәсіподақтар заңды тұлға ретіндегі өзінің дербестігі мен құқықтарын сақтайды, Қазақстан Республикасының Заңнамасына және өз жарғыларына сәйкес іс-қимыл жасайды.

- кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқығы мен мүдделерін қолданыстағы заңнамалардың, салалық келісімдер мен ұжымдық келісім-шарттардың негізінде қорғайды, кәсіподақтардың кадрларын нығайту, ұйымдастыру-қаржылық жұмысын мақсатты орындайды;

-құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимылын үйлестіру жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын,  кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жергілікті кәсіподақтар Жарғысы Кәсіподақ Жарғысы белгілеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі қажет.  

4.7.2.Жергілікті кәсіподақтардың құрылымдық бөлімшелері 

кәсіподақтардың   аумақтық бірлестіктерімен өзара іс-әрекетте болуы тиіс.

4.7.3. Жергілікті кәсіподақтың Кәсіподақ құрамына кіруі жазбаша өтініш негізінде жасалады.

Кәсіподақ құрамына енгісі келетін Жергілікті кәсіподақ жазбаша өтініштерін:

- сайлау ұйымының шешімі, құрылтайлық құжаттар (кәсіподақ жарғысы, тіркеу жөнінде куәліктің көшірмесі және т.б.);

- Жергілікті кәсіподақтың саны туралы статистикалық деректерді;

- өзінің сайланбалы органдары тұратын жерді;

-Кәсіподақ Жарғысын қабылдау жөніндегі міндеттерін орындайтындығы жөніндегі қосымшалармен қоса ұсынады.

Жергілікті кәсіподақ Кәсіподақ құрамына енген кезден бастап Жарғыға сәйкес мүшелік жарналарды төлейді.

4.7.4. Кәсіподаққа мүшелік мына жағдайларда тоқтатылуы мүмкін:

  1   2   3   4


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет