Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі



жүктеу 2.45 Mb.
бет10/11
Дата01.07.2016
өлшемі2.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3 бап
Принцип

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқық принциптеріне сәйкес мемлекеттердің қоршаған орта облысында өзінің саясатына сәйкес меншікті ресурстарын әзірлеуге егеменді құқықтары бар және олардың заңды құзыры немесе олардың қадағалауы шеңберінде іс-әрекеттері басқа мемлекеттердің немесе ұлттық құқық құзыретінен тыс аудандардың қоршаған ортасына нұқсан келтірмеуді қамтамасыз ететін жауапкершілік алады.



4 бап
Құқық құзыретінің аймағы

Басқа мемлекеттердің құқықтарын сақтау жағдайында, егер Конвенцияда ашық көзделмесе, осы Конвенцияның жағдайы әр Келісуші тарапқа қатысты қолданылады:



a) өзінің ұлттық құқықтық құзыреті шеңберінде биологиялық түрлілік компоненттеріне қатысты; және

b) ұлттық құқықтық құзырет шегінде, сондай-ақ ұлттық құқықтық құзырет шегінен тыс, салдарлары байқалған жерлерге байланыссыз, оның құқықтық құзыретінде немесе бақылауында іске асырылатын үдерістер мен жұмысқа қатысты.

5 бап
Ынтымақтастық

Әр Келісуші Тарап, қаншалықты бұл мүмкін және орынды, басқа Келісуші Тараппен тікелей немесе, егер орынды болса, құзыретті халықаралық ұйымдар арқылы, биологиялық түрлілікті орнықты пайдалану және сақтау мақсатында, ұлттық құқық құзыретінен тыс аудандарға қатысты және өзара мүдделілігі бар басқа да сұрақтар бойынша ынтымақтастықпен жұмыс істейді.



6 бап
Сақтау мен орнықты пайдалану бойынша ортақ шаралар

Әр Келісуші Тарап өзінің нақты жағдайы мен мүмкіндігіне сәйкес:



a) Тиісті Келіскен Тарапқа қатысты, атап айтқанда осы Конвенцияда баяндалған шараларды көрсететін биологиялық түрлілікті пайдаланудың ұлттық стратегиясын, жоспарын немесе бағдарламасын әзірлейді немесе осы мақсат үшін қолданыстағы стратегияларды, жоспарларды, бағдарламаларды бейімдейді; және

b) Тиісті секторлар мен сектораралық жоспарларда, бағдарламалар мен саясатта биологиялық түрлілікті орнықты пайдалану және сақтау шараларын қаншалықты мүмкін және орынды көздейді.

7 бап

Анықтау және мониторинг

Әр Келісуші Тарап, қаншалықты бұл мүмкін және орынды, атап айтқанда 8-10 баптардың мақсаты үшін:



a) І Қосымшада көрсетілген, категориялардың бағытталған тізілімін есепке алып, сақтау мен орнықты пайдалануда маңызды мағынасы бар биологиялық түрлілік компоненттерін анықтайды.

b) жоғарыдағы a) тармақшаға сәйкес анықталған, сақтау бойынша дереу шаралар қабылдауды талап ететіндерге, сол сияқты орнықты пайдалануға үлкен мүмкіндіктер ашатындарға аса көңіл бөле отырып, үлгілерді таңдау арқылы және басқа да әдістермен биологиялық түрлілік компоненттеріне мониторинг жүргізеді;

c) биологиялық түрлілікті сақтау мен орнықты пайдалануға салмақты қолайсыз әсер көрсететін немесе көрсете алатын әрекеттер категориясын және үдерістерді анықтайды, және үлгілерді таңдау арқылы және басқа да әдістермен мониторинг жүргізеді; және

d) жоғарыдағы a), b) и c) тармақшаларға сәйкес, анықтау және мониторинг бойынша шаралар нәтижесінде алынған деректерді әртүрлі әдіспен жинайды, жүйелейді. .

8 бап
in-situ сақтау

Әр Келісуші Тарап, қаншалықты бұл мүмкін және орынды:



a) биологиялық түрлілікті сақтау үшін арнайы шаралар қабылдау керек ететін аудандар мен қорғалатын аудан жүйесін жасайды;

b) қажетінше, биологиялық түрлілікті сақтау үшін арнайы шаралар қабылдау керек ететін аудандар мен қорғалатын аудандарды рационалды пайдалану, жасау және таңдаудың басшылық принциптерін әзірлейді;

c) қорғалатын аудандар мен олардан тыс жерлерде сақтап, орнықты пайдалану үшін, биологиялық түрлілікті орнықты пайдалануда маңызды мағынасы бар биологиялық ресурстарды реттейді және ұтымды пайдаланады;

d) табиғи жағдайларда түрлерлің өміршең популяциясы мен табиғи мекендеу ортасын, экожүйені қоғауға ықпал етеді;

e) Осы аудандарды қорғауға ықпал жасау мақсатында, аудандар мен оларға жақын жатқан жерлердегі экологиялық негізделген және орнықты дамуын ынталандырады;

f) құлдыраған экожүйелерді қайта қалпына келтіру мен оңалту бойынша шаралар қабылдайды, қауіпті жағдайдағы түрлердің қайта қалпына келуіне ықпал жасайды, атап айтқанда ұтымды пайдаланудың басқа стратегиялары мен жоспарларын іске асыру және әзірлеу арқылы;

g) биологиялық түрлілікті орнықты пайдалану мен сақтауға әсер ете алатын мүмкіндігі бар, экологиялық зиянды салдар бола алатын, биотехниканың нәтижесі болып табылатын, өзгерген тірі организмдердің босауы және пайдалануымен байланысты, адам өміріне қауіп төндіруін ескеріп, реттеу, бақылау немесе шектеу құралдарын қояды және қолдайды;

h) экожүйелерге қауіп төндіретін, бөтен түрлердің интродукциясын жібермейді, ондай бөтен түрлерді бақылайды және құртады;

i) биологиялық түрлілікті сақтау және оның компоненттерін орнықты пайдаланудың қолданыстағы тәсілдерін пайдалану сәйкестігін қаммтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасауға ұмтылу;

j) ) биологиялық түрлілікті сақтау мен пайдалануда мағңызы бар, дәстүрлі өмір салтын көрсететін, түпкілікті және жергілікті қауымның білімі, жаңалығы, іс-тәжірибесін өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес, қолдауды, сақтауды және құрметтеуді қамтамасыз етеді, осындай білім, жаңалық, іс-тәжірибе әкелушілердің қатысуымен және мақұлдауымен оларды кең пайдалануға жағдай жасайды, сол сияқты, осы білімдерді, жаңалықтарды, іс-тәжірибелерді пайдаланудан алынатын пайдаларды әділ бірлесіп пайдалануды белсендіреді;

k) қауіптілік төнген түрлер мен популяцияларды қорғау үшін қажетті заңдылық нормаларын және / немесе реттейтін жағдайларды әзірлейді немесе іске асырады;

l) 7 бапқа байланысты, биологиялық түрлілікке көп қолайсыз әсер көрсетілу фактісі болған жағдайда, қолданыстағы үдерістер мен жұмыс категорияларын регламенттейді немесе реттейді; және

m) жоғарыдағы a)-l) тармақша баяндалғанға сәйкес, әсіресе, дамып келе жатқан елдер үшін, in-situ сақтау шараларына қаржылық және басқа қолдау көрсетуде ынтымақтасады.

9 бап
ex-situ сақтау

Әр Келісуші Тарап, қаншалықты бұл мүмкін және орынды, және, алдымен, in-situ шараларын толықтыру мақсатында:



a) биологиялық түрліліктің in-situ компоненттерін сақтау үшін шаралар қабылдайды, алдымен, осындай компоненттерді шығаратын елдерде;

b) ex-situ өсімдіктерді, жануарларды және микроорганизмдерді сақтау мен зерттеу үшін жағдай жасайды, қолдайды, алдымен, генетикалық ресурстарды шығаратын елде;

c) тиісті жағдайда олардың табиғи мекендейтін жерлерінде реинтродукциясы үшін және қауіп төнген түрлерді қайта қалпына келтіру мен оңалту үшін шаралар қабылдайды;

d) экожүйелер және in-situ түрлердің популяциясына қауіп төндірмейді, тек, жоғарыдағы c) тармақшада баяндалған арнайы уақытша ex-situ шараларын қабылдау талап етілетін жағдайдан басқа, ex-situ сақтау мақсатында, биологиялық ресурстарды табиғи мекендейтін ортасынан жинақтауды реттейді және регламенттейді; және

e) жоғарыдағы a)-d) тармақша баяндалғанға сәйкес, және in-situ сақтауды дамып келе жатқан елдерде жасау және қолдау жағдайын жасау шараларына қаржылық және басқа қолдау көрсетуде ынтымақтасады.

10 бап
Биологиялық түрлілік компоненттерін орнықты пайдалану

Әр Келісуші Тарап, қаншалықты бұл мүмкін және орынды:



a) ұлттық деңгейде шешім қабылдау үдерісінде биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану мен сақтау сұрақтарын қарауды көздейді;

b) биологиялық түрлілікке қолайсыз әсерлерді минимумге әкелу немесе болдырмау үшін, биологиялық ресурстарды пайдалану облысында шаралар қабылдайды;

c) сақтау мен орнықты пайдаланудың талаптарына сәйкес келетін, мәдениеттілік салтпен қалыптасқан биологиялық ресурстарды пайдаланудың дәстүрлі әдістерін сақтайды және ынталандырады;

d) биологиялық түрліліктің қысқаруы болған, зияндық көрген аудандардағы жағдайды дұрыстау бойынша шараларды әзірлеп, іске асыруда жергілікті тұрғындарға қолдау көрсетеді; және

e) биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану әдістерін әзірлеуде өзінің елінде мемлекеттік органдармен және жеке секторлар арасында ынтымақтасуды ынталандырады.

11 бап
Ынталандыру шаралары

биологиялық түрлілік компоненттерін орнықты пайдалану мен сақтауды ынталандыратын, экономикалық тұрғыдан ақталған шараларды қабылдайды.



12 бап
Кадрларды дайындау мен зерттеу

Келісуші Тараптар, дамып келе жатқан елдердің қажеттілігін есепке ала отырып:



a) дамып келе жатқан елдердің нақты қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, кадрларды оқытып, дайындауға қолдау жасайды, биологиялық түрлілік және олардың компоненттерін сақтау мен орнықты пайдалану бойынша кадрларды оқыту мен дайындаудың ғылыми-техникалық бағдарламасын әзірлейді және жүзеге асырады;

b) әсіресе дамып келе жатқан елдерде, атап айтқанда, ғылыми, техникалық және технологиялық кеңес бойынша Қосымша органның ұсынысы негізінде, Тараптар Конференциясының шешіміне сәйкес, биологиялық түрлілікті сақтау мен орнықты пайдалануға ықпал жасайтын зерттеулерді ынталандырады және көтермелейді; және

c) 16, 18 және 20 баптардың жағдайына сәйкес, биологиялық түрлілікті сақтау мен орнықты пайдалану әдістерін әзірлеуде, биологиялық түрлілікті зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелерді ынталандырады және осындай нәтижелерді пайдалануда ынтымақтасады;

13 бап
Қоғамды ағарту және хабардар болуын көтеру

Келісуші Тараптар:



a) биологиялық түрлілікті сақтаутаудың маңыздылығын түсінуді, сол сияқты оны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіттеуді және осы сұрақтарды оқу бағдарламасына ензуді көтермелейді; және

b) биологиялық түрлілікті сақтау мен орнықты пайдалану сұрақтары бойынша қоғамның хабардар болуы облысында, оқыту бағдармалары мен бағдарламаларды әзірлеуде халықаралық ұйымдар және басқа мемлекеттермен, тиісті жағдайда, ынтымақтасып жұмыс жасайды;

14 бап
Қолайсыз жағдайларды минимумге әкелу және әсерлерді бағалау

Әр Келісуші Тарап, бұл қаншалықты мүмкін және орынды, 1.



a) биологиялық түрлілікке маңызды қолайсыз әсер ете алатын, өзінің ұсынған жобаларына экологиялық сараптама жасауды талап ететін тиісті рәсімдерді енгізеді

осындай салдарлардың алдын алу немесе минимумге әкелу мақсатында, және бұл орынды болғанда, қоғамның осындай үдеріске қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;



b) биологиялық түрлілікке маңызды қолайсыз әсер ете алатын, өзінің бағдарламалары мен саясатының экологиялық салдарларына қажетті есепті қамтамасыз ететін тиісті шараларды қабылдайды;

c) ұлттық құқықтық құзыреттен тыс аудандар мен мемлекеттерде биологиялық түрлілікке маңызды қолайсыз әсер ете алатын, өзінің құқықтық құзыреті немесе оның бақылауы шеңберіндегі іс-әрекеттер туралы, консультациялар жүргізеді және өзара хабарлау негізінде ақпаратпен алмасуға, тиісті жағдайларда, екіжақты, аймақтық немесе көпжақты келісімдер жасау арқылы ықпал жасайды;

d), басқа мемлекеттердің құқықтық құзыретіндегі аудандар немесе ұлттық құқық құзыретінен тыс аудандардың биологиялық түрлілігі үшін, оның құқықтық құзыреті немесе бақылауындағы көзден шарасыз немесе салмақты қауіп немесе шығынды жағдайда, осындай қауіп пен шығыннан зиян шегетін мемлекеттерді дереу хабардар етеді, сондай-ақ, оны болдырмау бойынша және қауіп пен шығынды минимумге әкелетін шараларды қабылдайды; және

e) биологиялық түрлілікке салмақты және шарасыз қауіп әкелетін, табиғи және басқа себептермен туындаған, әрекеттер мен оқиғаларға дереу жауап беру жағдайы бойынша ұлттық шараларға ықпал жасайды, және осындай ұлттық күш салуды толықтыратын халықаралық ынтымақтастықты ынталандырады, және орынды болғанда, мүдделі мемлекеттер немесе экономикалық кірігудің аумақтық ұйымдарының келісуімен, төтенше жағдайларға бірлескен жоспарлар әзірлейді.

2.Тараптар Конференциясы, биологиялық түрлілікке зиян көрсететін, , жүргізілетін зерттеулер негізінде, қайта қалпына келтіру және шығынды компенсациялауды қоса алғанда, жағдайды түзету және жауапкершілік туралы, сұрақтарды қарайды, жауапкершілік тек таза ішкі сұрақ болғаннан басқа жағдайларда.



15 бап
Генетикалық ресурстарға қол жеткізу

1. Мемлекетердің өзінің табиғи ресурстарына егемендік құқығының барын мойындағаннан, генетикалық ресурстарына қол жеткізу құқығы ұлттық үкіметтерге беріледі және ұлттық заңнамамен реттеледі.

2. Әр Келісуші Тарап басқа Келісетін Тараптың экологиялық қауіпсіз пайдалану мақсатында генетикалық ресурсқа қол жеткізуді жеңілдетуге және осы Конвенцияның мақсатына қайшы келетін шектеулер қоймауға ұмтылады.

3.Осы бапта және 16, 19, баптарда айтылған, Келісуші Тарап беретін, осы Конвенцияның мақсаты үшін генетикалық ресурстарға тек Келісуші Тараптармен берілгендер ғана жатады, осы ресурстар бар елдер, немесе осы Конвенцияға сәйкес, осы генетикалық ресурстарды алған Тараптар.

3. Қол жеткізу, ол берілген жағдайда, өзара келісілген шартпен қамтамасыз етіледі және ос Баптың жағдайымен реттеледі.

5. Генетикалық ресурстарға қол жеткізу, осы ресурстарды беретін Келісуші Тараптың негізделген келісімі негізінде реттеледі, егер ол Тарап басқаша шешпесе.

6. Әр Келісуші Тарап, басқа Келісетін Тарап беретін генетикалық ресурстарға негізделген, мүмкін болған жағдайда, олардың толық қатысуымен ғылыми зерттеулерді дайындап, жүргізуге ұмтылады.

7. Зерттеулер мен жұмыстар нәтижесін тең және әділ негізде, сол сияқты, ресурстарды беретін Келісуші Тараппен генетикалық ресурстарды коммерциялық және басқа да пайдаланғаннан пайда алуда, әр Келісетін Тарап, қажет болғанда 16 және 19 баптарға сәйкес, 20 және 21 баптарға сәйкес жасалған қаржаландыру механизі арқылы қажетті заңдылық, әкімшілік және саяси шараларды қабылдайды. Мұндай бірлесіп пайдалану өзара келісілген шартпен іске асырылады.



16 бап

Технологиялық қол жеткізу және оларды беру.
1. Әрбір Келісуші Тарап, технология биотехнологияны қоса отырып және технологияға қол жеткізу ретінде, сонымен қатар оның Келісуші Тараптар арасында берілуі Конвенцияның нағыз мақсатының маңызды жетістікті элементі болып табылады, нағыз баптың жағдайымен сәйкесінше көрсетеді және/немесе биологиялық әртүрлілікті тұрақты пайдалану және сақтауға қатысы бар немесе генетикалық ресурстарды қолдануды болжайтын және қоршаған ортаға өзінің зияндығын тигізбейтін, сонымен қатар оларға осындай ақпаратты беретін басқа Келісуші Тараптармен технологияларға қол жеткізілуін жеңілдетеді.

2. Жоғарыда көрсетілген 1-ші пунктте көрсетілгендей технолоогияларға қол жеткізу және оларды дамушы мемлекеттерге беру әділетті және аса қолайлы жағдайларда қамтамасыз етіледі және/немесе жеңілдетіледі, сонымен қатар жеңілдікті және преференциальді, егер де өзара келісімге қол жеткізілсе, және, ол өте қажет болса, 20-шы және 21-ші бапқа сәйкес құрылған қаржыландыру механизмімен байланысты. Патентті және басқа да интеллектуальді жекеменшіктік құқықпен негізделген технологиялар жағдайында, мұндай қол жеткізу мен беру интеллектуальді жекеменшіктік құқықтың тиімді және жеткілікті қорғанысын ескеретін және соған сай келетін жағдайда қамтамасыз етіледі. Нағыз пункт төмендегі 3,4 және 5-ші пункттермен сәйкес қолданылады.

3. Әрбір келісуші Тарап заңды, административті немес саяси шаралар қолданады, өйткені Келісуші Тараптар, әсіресе дамушы елдер болып табылатындар, гентикалық ресуртарды қамтамасыз ететін, осы ресурстарды қолдануды болжайтын технологияларға қол жеткізу қамтамасыз етілді, және осы технология өзара келісілген жағдайларда берілген, сонымен қатар интеллектуальды жекеменшіктің басқа да құқықтары мен патенттерімен қорғалған технологияны қоса, және қажет болған жағдайда халықаралық құқықтың нормаларымен сай 20-шы және 21-ші баптардың жағдайы негізігнде, сонымен қатар төмендегі көрсетілген 4-ші және 5-ші пункттерге сәйкес келеді.

4. Әрбір Келісуші Тарап заңды, административті немесе саяси шараны жоғарыдағы 1-ші пункттегі көрсетілген технолгияларға қол жеткізуді жеке сектор жеңілдету үшін, үкіметтік мекемелердің қызығушылығында, сонымен бірге дамушы елдің жеке секторында бұл технологиялардың берілуі мен бірлесіп қайта өңделуі үшін қабылдайды, және осы байланыста 1,2 және 3-ші пунктте мазмұндалған міндеттер орындалады.

5. Келісуші Тарап интеллекиуальды жекеменшіктің патентті және де басқа құқықтары нағыз Конвенцияның жүзеге асуына әсер етуі мүмкін екенін мойындай отырып, бұл құқықтар оның мақсатына қарсы тұрмауы және халықаралық нормамен басқарыла отырып, осы салада ірңптестік орнатады.
17 бап
Ақпарат алмасу
1. Келісуші Тараптар дамушы мемлекеттердің ерекше қажеттілігін ескере отырып биологиялық әртүрлілікті тұрақты пайдалану және сақтауға қатысты, барлық жалпы қол жетімді ақпарат көздерімен алмасумен көмектеседі.

2. Мұндай ақпаратпен алмасу өзімен бірге техникалық, ғылыми және әлеуметтік-экономикалық зерттеулердің нәтижесін, сонымен қатар маманданған дайындық пен зерттеу Бағдарламасы туралы ақпаратпен арнайы білімімен және технологиялармен қосарланған 16-шы баптың 1-ші тармағында ескерілгендей ақпарат алмасуларын қосады. Сонымен қатар өзімен, егер де мүмкін болса ақпарат репатрияциясын қосады.


18 бап
Ғылыми-техникалық әріптестік
1. Келісуші Тарап биологиялық әртүрлілікті тұрақты қолдану және сақтау саласында, керек кезінде, сәкес келетін халықаралық және ұлттық мекемелер арқылы халықаралық ғылыми-техникалық әріптестікке қатысады.

2. Әрбір Келісуші Тарап арнайы Конвенцияны жүзеге асыру үшін, жекелей айтқанда ұлттық саясатты жүзеге асыру және қайта өндеу нәтижесімен басқа Келісуші Тараппен, әсіресе, дамушы елдермен ғылыми-техникалық әрістестікте болады. Осындай әріптестікке қатысу кезінде ерекше назарды адами ресурстарды дамыту және сәйкесінше мекемелерді құру жолымен ұлттық мүмкіншіліктерді кеңейтуге және нығайтуға көңіл бөлу керек.

3. Тараптардың Конференциясы өзінің бірінші жиналысында ғылыми-техникалық әріптестікті жеңілдеті және қолдау мақсатынды делдалдық механизмін құру жолын анықтады.

4. Келісуші Тараптар ұлттық заңнамаға және саясатқа сәйкес шынайы Конвенция мақсатына сай келетін, жергілікті және дәстүрлік технологияларды қоса отырып технологиларды жасап шығару және қолдану саласында әріптестіктің түрлерін кеңейтеді және жеңілдетеді. Ол үшін Келісуші Тарап сол сияқты кадрларды длайындау мен мамандармен алмасу саласында әріптестігін кеңейтеді.

5. Келісуші Тараптар бірлескен келісімі бойынша нағыз Конвенцияның мақсатына қатысы бар технологияларды қайта өңдеу үшін бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламасы мен біріккен кәсіпорындарды құруға көмектеседі.
19 бап
Биотехнологияларды қолдану және олармен байланысты пайданы үлестіру
1. Әрбір Келісуші тарап егер де осындай Келісуші Тараптарда мүмкін болатын, осындай зерттеулер үшін генетикалық ресурстарды көрсететін әсіресе дамумен мемлекеттерде сол Келісуші Тараптарда биотехнологиялық зерттеулерді жүргізу бойынша салада тиімді қатысуды қамтамасыз ету бойынша жүктелген заңнамалы, административті немесе саяси шараларды қабылдайды.

2. Әрбір Келісуші Тарап осы Келісуші Тараппен көрсетілген генетикалық ресуртсарға негізделген биотехнологиядан бөлінген пайдасына және нәтижесіне, Келісуші Тараптармен, әсіресе дамушы елдермен, әділетті және тең негізде приоритетті қол жеткізуді қамтамасыз етуге көмектесу және мүмкіндік туғызу үшін барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайды. Мұндай қол жеткізулер бірлесіп келісілген жағдайда жүзеге асады.

3. Тараптар жекелей айтқанда биологиялық әртүрлілікті тұрақты пайдалануға және сақтауға қолайсыз әсер көрсететіндердің және биотехнологиялардың нәтижесі болып табылатын кез келген тірі өзгерген ағзаларды қолдану мен жүзеге асыруды қауіпсіз беру саласына сәйкес келетін процедураны өңдеу бойынша алдын ала негізделген келісімді қоса хаттама түрінде мүмкін болатын, қолданылатын шаралардың шарты мен қажеттілігін қарастырады.

4. Әрбір Келісуші Тарап оның юрисдикциясының астындағы және ағзалардың 3-ші пунктінде ескертілгендерді көрсететін физикалық немес заңды тұлғасын, осындай ағзалармен жұмыс жасау кезінде, осындай Келісуші Тараппен анықталатын қолдану тәртібі мен қауіпсіздік техникасы туралы кез келген бар аұпаратпен алмасу, сонымен қатар осы ағзалармен таысмалданатын, сол Келісуші Тарапқа сай келетін нақты ағзалардың потенциалды зиянды әсері туралы кез келген ақпарат міндетті түрде ұсынады немес талап етеді.



20 бап
Қаржылай ресурстар
1. Әрбір Келісуші Тарап өзінің ұлттық жоспарымен, приоритеттерімен және бағдарламаларымен сәйкес мынадай Конвенцияның мақсатына жетуге бағытталған, ұлттық дәрежедегі саланың түріне қатысты қаржылай қолдау және стимулды өзінің мүмкіндігіне қарай қамтамасыз етумен міндеттеледі.

2. Дамыған мемлекет болып табылатын Тараптар, дамушы мемлекет болып табылатын Тараптарға нағыз Конвенция бойынша міндеттері орындау барысында шараларды жүзеге асыру жолында толық келісілген қосымша шығындарды жабу мақсатында жаңа және қосымша қаржылай ресурстар және оның жағдайын жүзеге асырудан пайда табуын қамтамасыз етеді, мұндай шығындар қол жеткізідің критерилерімен және бағдарламалы приоритеттерімен, стратегиялармен, шаралармен сәйкес 21-ші бапта ескертілген ұйымдастырулы құрылым және дамушы мемлекет болып табылатын Тараптар арасында, сонымен қатар Тараптар Конференциясында орнатылатын қосымша шығындардың шамаланған тізімімен мақұлданады. Басқа Тараптар соның ішінде нарықтық экономикаға өту үрдісінде өту мемлекеттерді қоса, дамыған мемлекет болып табылатын Тараптардың міндеттерін ерікті түрде өзіне алуына болады. Нағыз баптың мақсаты үшін Тараптар Конференциясы өзінің бірінші жиналысында дамыған мемлекет болып табылатын Тараптардың тізімін, және басқа да дамыған мемлекет болып табылатын Тараптардың міндеттерін өз мойнына алатын Тараптардың тізімін орнатты. Тараптар Конференциясы кезеңді түрде тізімнің шолуын жүргізеді, және керек болса өзгертулер енгізеді. Сонымен қатар еректі негізде басқа мемлекеттерден және басқа көздерден төлемдер кеңейтілуде. Бұл міндеттерді орындау барысында тізімге енгізілген Тараптармен қаржыландыруда қатысатын шығындардың ауырпашылығын бірлесіп мойнына алудың маңыздылығы және өз уақытындағы қаражат ағымын және болжануын, қажеттілігін және адекваттылығын ескеру қажет.

3. Дамыған мемлекет болып болып табылатын Тарапатар сонымен қатар қамтамасыз етуі мүмкін, ол дамушы мемелекет болып табылатын Тарапатар нағыз Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты екіжақты, көпжақты және аймақты арна бойынша қаржылай ресурстармен қолдануға мүмкіндігі бар.

4. Дамушы мемлекет болып табылатын Тараптың өзінің міндеттерін Конвенция бойынша тиімді орындау қабілеттілігі, дамыған мемлекет болып табылатын Тараптардың технологиялардың берілуі мен қаржылай ресурстармен байланысты өзінің міндеттерін Конвенция бойынша тиімді орындаумен байланысты, дамушы мемлекеттер болып табылатын Тараптардың маңызды приоритеттері болып табылатын кедейліктің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ликвидацмясы фактымен толық анықталады.

5. технологияларлың тапсырысы мен қаржыландыркмен байланысты өзінің іс-әрекеттерінде Тараптар толықтай ең аз дамыған мемлекеттердің ерекше жағдайын және нақты қажеттіліктерін тіркейді.

6. Келісуші Тараптар әсіресе кіші аралды мемлекеттер, Тарап болып табылатын дамушы елдердегі биологиялық әртүрліліктің орналасқан орны және орналасуына байланысты болып табылатын нәтижелі ерекше жағдайларға назар аударады.

7. Сонымен қатар дамушы елдердің жағдайына, жағалаулық және таулы, шөл және жартылай шөлді аймақтары бар елдер сияқты экологиялық көз қараста айтарлықтай төмен болып табылатын елдерді қоса назар аудару керек.
21 бап


: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
2013 -> Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұНЫ
2013 -> Тұңғыш Президентпен өткен бес жылым
2013 -> Кіріспе 4 І әдебиеттерге шолу
2013 -> Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі
2013 -> 2-5 Тарау–I. 1921-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты
2013 -> Жоспар: і-тарау. Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет