Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Астана қаласының Статистика департаменті



жүктеу 21.58 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі21.58 Kb.



Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Астана қаласының Статистика департаменті



Жедел ақпарат

2014 жылғы «06» қаңтар

Астана қаласы бойынша 2013 жылғы қарашада тұтыну тауарлары және қызметтерге бағалар мен тарифтердің өзгеруі туралы

Жыл басынан бергі кезеңде (2013 жылғы желтоқсан 2012 жылғы желтоқсанға қарағанда инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 103,9%-ды, оның ішінде азық-түлік тауарларының индексі - 102,7%-ды, азық-түлік емес тауарлардың индексі - 104,1%-ды, ақылы қызметтердің индексі - 105,2%-ды құрады. 2013 жылғы желтоқсанда инфляцияның жалпы деңгейі 100,8%-ды құрады.


2012 және 2013 жылдардың желтоқсанындағы Астана қаласы бойынша

тұтыну бағаларының индексі

өткен жылғы желтоқсанға пайызбен

2013 жылғы желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағалар индексі 2013 жылғы қарашаға қарағанда 100,8%-ды құрады. Жемістер мен көкеністер бағасы - 2,8%-ға, жұмыртқа - 2,7%-ға, балық және теңіз өнімдері - 2,1%-ға,алкогольді сусындар мен темекі өнімдері - 1,5%-ға, сүт өнімдері - 0,8%-ға, нан және жарма өнімдері – 0,6%-ға ет - 0,5%-ға, алкогольсіз сусындар - 0,4%-ға өсті. Сонымен қатар, қанттын бағасы - 4,2%-ға, өсімдік майы - 0,3%-ға төмендеді.

Нан және жарма өнімдері тобынан жарма - 2,7% - ға, макарон өнімдері - 2,2%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері - 0,7% - ға қымбаттады. Көкөністер тобында қияр - 16,4%-ға, қызанақ - 6,7%-ға, қызылша, картоп - 4,7%-ға, басты пияз - 4,0%-ға жоғарылап, сәбіз - 1,6%-ға, ақ қауданды қырықкабат - 0,9%-ға арзандады.

2013 жылғы желтоқсанда азық-түлік емес тауарлардың бағалар индексі 2013 жылғы қарашаға қарағанда 101,2%-ды құрады. Телефондық и факсимильное жабдықтар - 2,4%-ға, тұрмыстық құралдар- 1,9%-ға, киім және аяқ киім - 1,7%-ға, фармацевтикалық өнім - 1,3%-ға қымбаттады.Қатты отынның бағасы - 0,7%-ға өсті.

2013 жылғы желтоқсанда халыққа ақылы қызмет көрсету саласындағы бағалар мен тарифтер индексі 2013 жылғы қарашаға қарағанда 100,3%-ды құрады.Негізгі тұрғын үйді жалдау үшін нақты жалға алу құны - 7,9%-ға , фотографтардың қызметі - 1,1%-ға, денсаулық сақтау - 0,8%-ға өсті.

Орындаушы:

Т.М. Зақұмбаева


тел. 8(7172) 32-66-52

Астана қаласы Статистика

департаментінің басшысы

Г.Н. Қартбаева

тел. 8(7172) 41-28-91



Баспасөз хатшысы:

Д.Ғ. Ғалымжан

Тел. 8(7172) 31-78-38

D.Galymzhan@stat.kz



Мекенжай:

010000 Астана қ.



Желтоксан көшесі, 22

© Астана қаласының Статистика департаменті, 2014





©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет