Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының даму жағдайы



жүктеу 69.23 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі69.23 Kb.
УДК:336.748.8(574)
Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының даму жағдайы
Алтыбаева Ш.М. аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ

Скок Е.А. аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығы іс жүзінде қалыптасты деп санауға болады. Мұндай үрдіске тән барлық құрылымдық белгілерді байқауға да болады. «Сақтандыру қызметі туралы», «Өзара сақтандыру туралы», сақтандырудың міндетті түрлері туралы 9 заң және басқаларын, Азаматтықтық кодекстің 40-шы тарауын, үкімет пен өкілетті мемлекеттік органның нормативті-құқықтық актілерін біріктіретін заңнамалық және нормативті-құқықтық база құрылды.

Сақтандыру нарығының әрбір қатысушысының - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандырушылардың, брокерлердің, агенттердің, омбудсмен және басқалардың орны, ролі, құқығы, міндеттері мен қызметінің қағидалары анықталған, бақылаушы орган - қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу бойынша комитет те жұмыс жасайды.

Сыйымды және бәсекеге қабілетті ұлттық сақтандыру нарығын құру, оны әр түрлі және сапалы сақтандыру қызметтерімен толықтыру президент бұйрығымен бекітілген (27 қараша 2000ж. №491) ҚР-ның 2000-2002 жылдардағы сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген. Бағдарламаның міндеттерін шешу үшін бірқатар бағыттар мен механизмдер, оның ішінде сақтандыруды дамытуда мемлекеттің ролін жоғарылату қарастырылған. Бағдарламаның ақырғы мақсаты 4.3 тарауда берілген: мемлекеттік бюджет қаражаттарының есебінен әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету халықтың ең аз қамтылған бөлігіне ұсынылуы тиіс [1].

Осылайша, әрбір еңбекке қабілетті азаматтың өзінің материалдық жағдайына қазіргі уақытта және болашақта сақтандыру мүмкіндіктерін қолдану арқылы жеке жауапкершілігінің басымдығы жарияланған. Өз кезегінде, сақтандыру арқылы 2-3 жылда дәрігерлік көмекті төлеуді, кәрілік, мүгедектік, асыраушысынан айырылу бойынша қамсыздандыруды қосқанда халық үшін қосымша мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл үшін өмірді кешенді сақтандыруды басым бағытта дамыту қажетілігі алға қойылды, 2003 жылдың басына сақтандыру нарығының жалпы көлемінде оның үлес салмағы 30-40% дейін жеткізілуі тиіс болды. Дегенмен 2013 жылдың бірінші қаңтарына тек 7,1% деңгейіне қол жеткізілді.

Бұрынғы КСРО-да басқа да шет елдердің көбіндегідей, өмірді сақтандыру жетекші орында болды. Мысалы, 1991ж. Қазақ ССР-да сақтандырудың осы сыныбы бойынша 602,0 млн сом (сатып алу қабілеттілігі бойынша шамамен 300,0 млрд қазіргі теңгеге сәйкес) немесе 42% жиынтық сыйақы, немесе 84% ерікті сыйақы жиналды [2].

Кейіннен үкіметтің қаулыларымен бекітілген бірнеше сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қабылданады. Олардың әрқайсысында мемлекеттің, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін түрлі тәуекелдерден қорғаудың тиімді механизмі ретінде сақтандырудың ролін нығайтуға бағытталған «ұлттық сақтандыру индустриясын» әрі қарай реформалау қажеттілігіне көңіл бөлінеді. Осы бағдарламаларды орындауда сақтандыру нарығының инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарды. Сақтандыру қызметін мемлекеттік қадағалау жетілдірілуде, қатардағы қарапайым адам үшін жұмбақ атаулары бар: брокер, актуарий, аджастер, омбудсмен, андеррайтер сияқты сақтандыру нарығының жаңа қатысушылары пайда болды. Дегенмен, он жыл бұрынғыдай сақтандыру нарығында ұсынылатын сақтандыру қызметтерінің ассортименті негізінен сақтандырудың міндетті түрлерімен және корпоративті сақтандырумен шектеледі. Халыққа бөлшек сату секторының тек нұсқасы ғана бар, өйткені азаматтар тек көлік құралының иесін міндетті сақтандыруға қосымша ретінде автокөлік және азаматтық құқықтық жауапкершіліктен басқа тікелей ерікті жеке мүліктік сақтандыру келісім шарттарына отырмайды.

Сақтандыру компаниялары өз қызметтерін халық арасында түсіндіру, жеткізу үшін мақсатты түрде бағытталған жұмыс жүргізбейді, негізінен заңды және жеке тұлғаларды сақтандыру келісімшарттарын жасауға мәжбүрлейтін факторларды, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың ерікті салуын пайдаланады. Оны бұқаралық ақпарат құралдарында сақтандыру жарнамаларының болмауынан көруге болады.

Осылайша, отандық сақтандыру нарығы стагнация жағдайында деп айтуға толық негіз бар. Анығырақ айтсақ, бізде сақтандыру нарығы емес «квазинарық» бар (квази-латын тілінде нақ өзі емес). Бұған ЖІӨ-дегі сақтандыру сыйақысының үлес салмағы 2007 жылы 1,1%-дан 2013 жылдың 1-қаңтарында 0,67%-ға дейін төмендеуі дәлел бола алады.

Дамудың оң динамикасы нарықтың негізгі көрсеткіштерінің нақты цифрларының өсуіне әкелгенімен, бірақ оның функционалдық мүмкіндіктері бұрынғыдай төменгі деңгейде қалып отыр. Бұған сақтандыру сыйақыларының жиынтық көлемінің 2007ж. 147,3млрд теңгеден 2008-2009 ж.ж. қорытындысы бойынша 113,3 млрд теңгеге дейін құлдырауы әсерін тигізді. Кейінгі жылдары сыйақының өсуі жаңғырғанымен, экономиканың қарқынды өсіңкілігі нәтижесінде сақтандыру секторының жалпы ішкі өнімге қатысты негізгі көрсеткіштері нашарлады. Соңғы 6 жылда сақтандыру сыйақыларының жалпы ішкі өнімге қатынасы 1,1 деңгейінен 0,7% дейін, меншікті капитал мен активтер – сәйкесінше шамамен 1,0-0,7% және 1,8-1,5% дейін құлдырады. Жиналған сақтандыру сыйақыларының ЖІӨ қатысты сомасы Қазақстанда дамыған елдердің көрсеткіштерінен (7-10%), Орталық және Шығыс Европа елдерінен (3%дай), сондай-ақ Ресей мен Украинадан бұрынғыдай біршама төмен дәрежеде қалып отыр. Өткен жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы сақтандыру сыйақылары 14,8 мың теңгеден асып, сол кездегі бағамен шамамен 98 долларды құрады, бұл сыйақы жан басына 2000-4000 доллардан келетін дамыған елдердің орташа көрсеткішінен ондаған есе төмен.



Көрсеткіштерді салыстыру Қазақстанның сақтандыру нарығы дамуының тиісті деңгейінен әлі де алыс екенін көрсетіп отыр. Сақтандыру ұйымдарының мүмкіндіктері біртіндеп өскенімен, әліде болса шектеулі күйде қалуда. Сондықтан отандық компанияларға сақтандырудағы ірі жобаларға қол жеткізу қиын. Көптеген сақтандыру ұйымдарының көрсететін қызмет тізімі шектеулі. Олардың мүмкіндіктері экономика мен қаржылық нарықтың өспелі қажеттіліктеріне жауап бере алмайды. Мұндай артта қалушылықты тек қызмет спектрын тез арттыру және нарық көрсеткіштерінің қарқынды өсу есебінен еңсеруге болады. Сақтандыру нарығының ойдағыдай дамымауының себептерінің бірі болып Қазақстан халқының көп бөлігінің табыстарының төмендігі аталады. Дегенмен мәселе тек онда емес. Мысалы, табыстарының салыстырмалы деңгейінде Ресей мен Украинадағы халықтың сақтандыруға жұмсаған шығындары Қазақстанға қарағанда жоғарырақ [3]. Мұндай айырмашылықтар өмірді сақтандыру нарығының бәсең дамуына субъективті факторлар да әсер етеді деп тұжырымдауға негіз береді. Бұл, яғни өмірді сақтандыру бойынша компаниялар санының аздығы, тәжірибенің жоқ болуы, капиталдандырудың жоғары болмауы және сәйкесінше ұсынылатын қызметтер спектрының аздығы. Өз кезегінде, өмірді сақтандырудың жинақтау сияқты кең танымал түрі жоққа тән. Бұл түрі банктік депозиттерге нақты балама бола алар еді. Бұған заңнамалық актілердің жетілдірілмегендігі, халықтың менталитеті, сақтандырушылардың өздерінің сақтандырудың осы түрін жарнамалаудың жеткіліксіз деңгейі бөгет болып отыр. Нәтижесінде бұрын қабылданған сақтандыру нарығын дамыту бағдарламалары жүзеге асырылмай отыр. Сыйақының жалпы ішкі өнімге қатысты 2% деңгейіне жету өткен 10 жылдықтың екінші жартысының басына көзделгенімен, соңғы 6 жылда бұл көрсеткіштің мәні жоғарыламай, керісінше төмендеп кетті. Жіберілген артта қалушылықты жою үшін, нарықтағы жағдайды түбегейлі өзгерту үшін және сақтандыру ұйымдарының функкционалды мүмкіндіктерін арттыру үшін көп жыл қажет, бұл жылдар бойы сақтандыру нарығы номиналды ЖІӨ-нің динамикасын басып озатын қарқынмен өсуі тиіс. Сәйкесінше негізгі көрсеткіштердің өсу қарқындары және ең алдымен жиналған сыйақылардың көлемі жоғарғы деңгейде ұсталып тұруы керек. ЖІӨ-нің динамикасымен салыстырғанда нарық көрсеткіштерінің қарқынды өсуіне ұлттық экономика өсуінің баяулауы, меңгерудің төмен деңгейі әсер етуі мүмкін. Бұған жоғарыда көрсетілген факторлардан басқа салыстыру базасының өсуі кедергі келтіреді. Бірақ дамудың оңтайлы жағдайында да отандық нарықтың көрсеткіштері болашақта төмен деңгейде қалады. Мысалы ағымдағы жылы Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы сыйақы 100 доллардан асады деп күтілгенімен, бірақ кезекті теңгенің бірсәттік девальвациясы бұл деңгейге жетуге мүмкіндік бермейтіні түсінікті. Теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамы ағымдағы деңгейде сақталған жағдайда мұндай көрсеткішке жету үшін осы жылы жиналатын сыйақылардың көлемінің өсімі шамамен 65 млрд теңге құрауы тиіс. Дегенмен, өсудің мұндай жоғары қарқынында сыйақы көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы 1%-ға да жетпейді.

Сақтандыру нарығын нығайтуға ұсақ сақтандыру компанияларының көптігі (сақтандыру компанияларының жалпы санының 14%-ын құрайтын бес ірі сақтандырушыға жиынтық активтердің 49,5%-ы тиесілі) және банктердің өз иелерінің мүдделері үшін жұмыс жасайтын 12 (34%) еншілес сақтандыру ұйымдарының болуы әсерін тигізбейді. ТМД-ның басқа елдеріндегідей, қазақстандық мемлекеттік емес сақтандыру секторы күрделі де қарама-қайшы дамуда, сақтандыру қатынастарының даму деңгейі жалпы алғанда экономикалық қатынастардың даму деңгейінен айтарлықтай артта қалып отыр. Бүгінгі күні республиканың сақтандыру нарығы өз қалыптасуының бастапқы кезеңдерінен ғана өтті деп айтуға болады. Дегенмен, Қазақстанның қалыптасуы сақтандыру нарығы төменде көрсетілгендерді қосқанда айтарлықтай күрделі жүйені білдіреді :

- сақтандыруды қорғаумен байланысты нарықтың субъектілері мен олардың мүдделерімен; нарықтың барлық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыратын тауарлы формадағы сақтандыру қызметтері түріндегі құралдармен сақтандыруды қорғау объектілерімен толықтырылатын меншікті экономикалық мазмұны;

- институционалдық, салалық және аймақтық құрылымдармен сипатталатын ұйымдастырушылық мазмұн;

- нарықтық үрдістерді мемлекеттік реттеу, оның ішінде оларды құқықтық реттеу мен тағы басқа үш кезеңді жүйесінің құрылуы.

Нарықтың функционалдық мүмкіндіктерін біртіндеп жоғарылатуға жеткізу үшін сақтандыру ұйымдарына капитализациялау деңгейін арттыру, қызмет түрлерін кеңейту, резидент еместерге қайта сақтандыруға берілетін сақтандыру сыйақыларының көлемін әрі қарай төмендетуге жету қажет. Сақтандыру ұйымдарының нарықты толық қамтуға дайын екендіктерін болашақ көрсетеді. Бірақ өсудің жоғары қарқынын ұстап тұрусыз Қазақстаның сақтандыру нарығы алдағы уақытта мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қаржылық, әлеуметтік және басқалай тәуекелдерден қорғаудың тиімді механизмі болады деп үміт артуға болмайды.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. 2000 жылғы 27 қараша № 491, Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдардағы сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

  2. Тагиев Г.М. «Развитие государственного страхования в СССР», М.: Финансы, 1978 г.

  3. Марчук А. «Тенденции развития страхового рынка в современной России» // «Страховое дело», №9, 2009 г.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет