Қазақстан республикасындағы отбасы саясаты мәселесі



жүктеу 93.53 Kb.
Дата23.06.2016
өлшемі93.53 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ОТБАСЫ

САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІ
Айқынбаева Г.К. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, п.ғ.

Халметова Ю.Ф. - 3 курс студенті

Умирзакова А. - 1 курс магистранты
Қазақстан бойынша мемлекеттің отбасы саясатын қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін нақты зерттеу жұмыстары адам мен коғам бар жерде жар сүю, жас ұрпақты толыққанды тәрбиелеу, әке болу және ана болу бақытына ие болу талап-тілек, кажеттіліктері орын алған жерде отбасы әрқашанда қажет болғандығына, сол себептен де, біздің барлық күш-жігеріміз сол отбасын нығайтуға, оны тұрақтандыруға бағытталуы кажеттілігіне көзімізді жеткізе түседі.

Отбасы – ұлттық мәдениеттің ұлттық салт-дәстүрлердің, ұлттық психологияның сақтаушысы. Ол барлығын ұдайы жаңғыртып отырады. бірақ, сонымен бірге, өзгеріске ұшырап отыратын, әлеуметтік мәдени орта мен елдегі халықтың көп ұлтты құрамы ықпал-әсерінен олардың кейбірін белгілі дәрежеде жоққа шығарып, жойып немесе өзгертіп отырады. Саяси-әлеуметтік процестер мәселесі ауқымында қазақстандық отбасын зерттеу барысында ұлттық тұрғыдан алғандағы некенің орын алуы мен өрістеуі ғана емес, сонымен бірге бағалау көрсеткіштері – қандай да бір әлеуметтік немесе этникалық ортадағы ол некелерге деген көзқарас-қатынас сипаты да ескерілетіндігін айта кеткен жөн. Сол сияқты, ұлттық аралас отбасыларындағы тілдік және мәдени-тұрмыстық процестер де қарастырылады. Әсіресе, мұндай отбасыларын ұрпақ, буын тұрғысынан зерттеуге баса назар аударылады, ал бұл өз кезегінде, қандай да бір ұлттық этникалық және некелік-отбасылық процестердің одан әрі даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік берері сөзсіз.

Қазақстан Республикасы отбасы саясаты қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық негіздерінің құрылу сипаты бүгінгі таңда отбасынан сүйеніш-тірек іздеуге қазақстандық азаматты материалдық қажеттіліктер мен мүдделер, отбасылық ұйымдардағы бірлескен еңбек қана емес, сонымен бірге, психологиялық себептер де: қоғамдық тұрақсыздық сезімі, жұмыссыздық алдындағы қорқыныш, әлеуметтік қорғансыздық сезімі, өмір, мүлікті сақтау қамы, сонымен қатар, қарым-қатынас, тілдесу, өз жеке басының бағалығын сезіну, өз «менін» бірегейлігін тану талап қажеттіліктері де игермелейтіндігін атап көрсету қажет. Бұл қажеттілік өте эмоционалды турде көрініс табады. Өзінің бағалығын еезіну, өзгелер, оның ішінде, ең алдымен ең бастапқы ұйым – отбасы тарапынан қолдау, ниеттестікті сезіну сияқты бірқатар сезімдерге ұласады. «Әрбір адам іздегенін өзінен-өзі болғандай бірден табатын, ол қандай болса да, озін отбасы бақытының бір бөлшегіндей сезінетін жерде ғана нағыз берік отбасы құрылады».

Ғалымдардың пікірінше, қазақстандық отбасының қоғам мен мемлекеттің іс қайраткерлігіндегі рөлі өте зор. Себебі, отбасы қазақстандық тұлғаның қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге, адамның отбасы аясында да, одан тыс жерде де өзін-өзі жетілдіруге, өзін таныта білуіне де мүмкіндіктер туғызады, оның әлеуметтік, өндірістік және шығармашылық белсенділігіне жағдай жасап, ынталандырып отырады, адамның физикалық және психологиялық жай-күйін сактауға және нығайтуға жағдай тудырып, оның өзіне тән ерекше қасиеттерінің ашылуына мүмкіндік жасайды. Осыған байланысты, қазіргі кезде әрбір отбасы өзі қажет деп тапқан көлемде бала өсіре алатындай жағдайларды тудыру Қазақстан Республикасы отбасы саясатының басты міндеті.

Қазіргі қазақстандық отбасының әлеуметтік-психологиялық мәселелерін зерттеуде бала туу және көп балалы отбасы санының төмендеуі немесе көбеюі, ажырасу көрсеткішінің жоғарылығы, толымсыз отбасының үлес санының жоғарылығы, некесіз немесе кезекті неке аясында туып, тәрбиеленген балалар үлес санының артуы, балалар мен жеткіншектер қылмысы және тағы да басқа әртүрлі ғылыми және практикалық мәселерді қарастыру қажет.

Тұтастай алғанда ұлттық қатынастарды да, сол сияқты, аралас некелерді де мемлекеттік саясат жүйесінде қарастыру қажеттігі олардың ғылыми маңыздылығына ғана емес, сонымен қатар іс жүзіндегі қажеттілігіне де байланысты. Ол, бір жағынан, біздің Қазақстандағы некелік-отбасылық қатынастардың қазіргі жай-күйі туралы білімімізді кеңейтуге және олардың келешектегі дамуын болжауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, елдің қандай да бір облысында орын алған этнодемографиялық жағдайды, интернационалды процестердің тұрмыстағы сипатын, қос тілділіктің кеңейілуі мен таралуы және тағы да басқа процестерді өз дәрежесінде бағалауға мүмкіндік береді.

Халыктар арасындағы тығыз қарым-қатынастарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сол халықтардың тарихи қалыптасқан бірлескен тіршілік жүйесін сақтап қалу шарасы ғана, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік және демографиялық факторлармен байланысты еркін көші-қонды дамыту ісі халықтардың өзара алмасу, өзара бірін-бірі байытуының Қазақстан Республикасы отбасы саясатын дамытудың, сол сияқты қоғам біртұтастығының маңызды факторларының бірі ретіндегі ұлтаралық отбасыларын нығайтудың лайықты негізін құра алады.

Бүгінгі таңда елімізде отбасы бастан кешіріп отырған өзгеріс процестеріне сай мемлекеттің ұтымды нәтижелі отбасы саясаты жоқтың қасы.

Мемлекеттің отбасы саясатының нәтижелілігі іс жүзінде, әдетте, жағдайы төмен отбасыларына заттай-қаржылық жәрдем беру, балалы аналар, өндірістегі әйелдерге көмек көрсету тағы да басқа сияқты шаралармен шектеледі. Реформалар процесінде отбасы мүдделері назардан тыс қалып отырады. Жеке меншік пен нарықтық қатынастар өздігінен отбасының дамуы мен нығаюына өздігінен алып келе алмайды.

Бүгінгі таңда отбасы меншігі, отбасылық кәсіпкерлік пен өндірісті нығайтудың зор маңызы бар. Тиімді мемлекеттің отбасы саясатын жүргізу арқылы отбасының экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, оның әлеуметтік жағдайын арттыру, оның тұлға мен қоғам арасындағы дәнекерлік рөлін нығайту максатында «жеңілдіктер мен артықшылықтар саясатынан» кіріс пен несиелер саясатына өтуді жүзеге асыру қажет. Айта кетерлік жайт, мемлекеттің отбасы саясатының теориялық және әдістемелік тұрғыда жетілмегендігі әлеуметтік саясатқа кері әсерін тигізіп, мемлекеттік саясатпен іс-қайраткерлік жүйесі ретіндегі Қазақстан Республикасының тиімді отбасы саясатын қалыптастыру және дамыту процесін тежейді.

Назар аударарлығы Қазақстанның тиімді отбасы саясаты отбасы институты, отбасылық құндылықтарды нығайту және дамыту; қоғамдық даму процесінде отбасы саясатының мақсаттары мен принциптеріне сәйкестігі тұрғысынан үкімет органдары шешімдерін, отбасы тіршілік-әрекетін сараптауда жүзеге асыру; отбасының еңбек белсенділігі негізінде өз қызмет-міндеттерін атқаруына, мемлекеттік отбасы саясатын жүзеге асыру процесіндегі өз субъектілік рөлін атқаруына қажетті қолайлы базистік жағдайлар туғызу; әлеуметтік тұрғыда әлсіз отбасыларының әлеуметтік қамқорлықпен қамтамасыз ету сияқты тағы да басқа міндеттерді жүйелі түрде шешуге бағытталған.

Осыдан келе, отбасын әлеуметтік қолдау мемлекеттің отбасы саясатын жүзеге асырудың басты формасы болып табылады. Отбасын әлеуметтік қолдау дегеніміз – отбасы және жеке тұлғаның тіршілік әрекетінің әлеуметтік-экономикалық психологиялық жағдайларына «көмектесетін экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, ақпараттық шаралар жүйесіә.

Өзінің мазмұны жағынан тиімді отбасы саясаты кешенді болып келеді және қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салдарындағы мемлекет пен отбасы арақатынастарының айқын көрінісі болып табылады. Күрделі жүйе ретіндегі отбасы кешенді зерттеу отбасы шеңберіндегі процестердің мазмұны мен бағытын айқындауда ғана емес, сонымен бірге, қоғамның негізгі сяяси-әлеуметтік экономикалық және мәдени сипаттарының аталған процестерге ықпалын, бір жағынан, ол процестердің қоғамға ықпалын, екінші жағынан мемлекеттің отбасы саясатын мақсатты түрде, ғылыми негізде қалыптастырудың шешуші факторларын анықтауға мүмкіндік береді.

Отбасы саясатының тиімділігін теориялық негіздеу мәселесін терең пайымдап жете түсінуді талап етеді. Оны ғылыми тұрғыда шешу отбасы институтын тұрақтандыру, нығайту және дамыту бойынша қоғамның күрделі практикалық міндеттерінің тиімді шеішілуіне негіз болады. Мемлекеттің отбасы саясатын ғылыми тұрғыда талдап зерттеудің негізі 60-80 жылдары бұрынғы КСРО-да жарыққа шыққан. А.И. Антонов, И.В. Бестужев-Лада. В.В. Бойко, В.А. Борисов, Д.И. Валентей, Э.К. Васильева, С.И. Голод, Т.А. Гурко, А.Я. Кваша, Н.Г. Юркевич және тағы да басқа зерттеулерінде қаланған болатын.

Жұмыр жерді яғни планетаны 3 мыңға жуық ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекен етеді. Ал дүниежүзінде 225 мемлекет бар. Қазіргі кездегі әлем халықтарының саны орта есеппен минутына 156, сағатына 9375, күніне 225 мың, айына 7 миллионға жуық, ал жылына 79 миллион адам қарқынмен өсіп келеді. XXI ғасыр аяғында жер шарындағы халық саны – 12,5 миллиардқа жетсе, Қазақстандағы халықтардың саны 50 миллионға жетпекші.

Өткен тарихымызда бірнеше жылдар бойы демографиялық процестерге, халықтың өсіп-өнуіне отбасының дамуына әр уақытта мемлекет үлкен мән беріп, назар аударып келген. Соңғы уақыттарда біздің қоғамымызда бұл ең негізгі мәселелердің қатарына көтеріліп отыр. Бұған себеп – жаңа қоғам талабына сай өзгерістерге жаңаша көзқараспен қарау еді.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 жолдауында «Ата-аналар балаларына, балалар өздерінің ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда еліміз үшін алаңдамауға да болады» дей отырып, «қандай жағдайда да әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек» деп айқын атап көрсеткен болатын.

Отбасы – қоғамның аса маңызды бастапқы ұясы болып табылады. Ол рухани мәдениеттің дамуын қамтамасыз етеді, еңбек құндылықтарының сақталып, олардың ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне қатысады. Адамдардың бірлесіп өндіріс құндылықтарын ұйымдастыруда маңызы зор және ең соңғысы халық санының өсіп-өнуі осы отбасына байланысты болады. Сонымен қатар, отбасы – біздің қоғамымыздың жоғарғы рухани құндылықтардың бірі болып табылады.

Қоғам өмірінде отбасының маңыздылығына мемлекетте үлкен жауапкершілікпен карайды. Отбасы – болашақ жастарды тәрбиелеу мен денсаулықты нығайтуда қоғамның экономикалық және әлеуметтік жетістіктерін қамтамасыз етуде демографиялық процестерді жақсартуда маңызды рөл атқарады. Онда жеке адамның мінез-құлықтарының негізі оның еңбекке, моральға, мәдени құндылықтарға қарым-қатынасының негізі қалыптасады. Бұл дегеніміз қоғамымыздың болашағына өсіп келе жатқан болашақ ұрпақтарымыздың экономикалық және әлеуметтік жетістіктерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан отбасының нығаюы үшін оған материалдық, тұрғын үй, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету, баланы тәрбиелеуде мемлекет тарапынан көмек көрсетудің маңызы зор.

Отбасы – халық санын өсірудің қайнар көзі ретінде еліміздің демографиялық дамуында елеулі рөл атқарады. Халықтың өсіп-өнуі демографиялық жағдайдың қалыптасуына, оның тұрақтылығына, отбасындағы балалардың санына тікелей байланысты болады. Сонымен қатар отбасы демографиялық саясаттың басты объектілерінің бірі болып табылады. Өйткені, қазіргі қоғамдағы отбасының ерекшеліктерін ескермей, демографиялык процестерді әлеуметтік басқаруды жүргізу мүмкін емес.

Қазіргі таңда әр баланың жақсы өсіп жетілуі, денсаулығы мықты анаға байланысты екендігі мәлім. Сондықтан әйел салауаттығы отбасы үшін өте маңызды. Ал отбасылардағы игіліктен кез-келген қоғамның игілігі, өркениетті қоғамға жетудің негізі басталары анық. Салауатты отбасы ғана өскелең өмір иелерін өсіріп, денсаулық сақтау мекемелерімен әлеуметтік қызмет салаларына ауыртпашылық түсірмейді. Бүгінгі біз әрбір отбасы өз қажеттілігін қанағаттандырып мықты денсаулығын қамтамасыз ете алған жағдайда ғана отбасы денсаулығын сақтау және отбасы медицинасы туралы айтуымызға болады. Күнделікті салауатты өмір түсіріп, қоғамның заңды нормаларын қадағалаған жағдайда ғана қоғам адамдардың денсаулығын сақтауда мол табыстарға жететіні даусыз екені рас. Қазір дені сау адамның денсаулығы турасында айтуымыз керек сияқты. Өйткені оның негізінде қоғамға пайдалы денсаулық мәселесі жатыр. Қазіргі әлеуметтік-экономикалык киындықтардың халқымыздың өсуіне едәуір нұқсан келтіріп отыр. Осыған орай мемлекетіміздің стратегиялық міндеті – халық санын арттыру үшін еліміздің әлеуметтік-экономикалык дамуына сай әйелдерді әртүрлі отбасылық көмек түрлерімен, әлеуметтік зейнетақымен және ананы қорғаудың кепілдік құқықтарымен байланысты. Осы жөнінде мемлекет тарапынан қолдау тіпті ерекше болуға тиіс.

Отбасының дамуының жаңа заңдылықтары мен негізгі тенденцияларының пайда болуы, қазіргі кезеңдегі отбасы мен қоғамның өзара қарым-қатынасының негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қазіргі кезеңде отбасында оның құрылымы мен атқаратын қызметіне нақтылы әлеуметтік тұрғыда бағыт таба білу – адамзаттың өмір сүру қызметінде нақ осы маңызды орталар арқылы ұлттық мәдениетіміздің жаңғыруының да негізгі механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді. Отбасы қоғаммен бірге дами отырып, өзінің ішкі заңдары мен заңдылықтарын қабылдайды. Болашақ қоғамымыз жақсы болсын десек, өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың жан-жақты жетіле дамуына отбасының тұрақты болуына толық жағдай жасауымыз керек.

Сондықтан бүгінгі таңда өркениетті қоғам қатарына жету үшін ең алдымен, отбасы саясатына жете көңіл бөлу керек. Біз тек отбасының даму заңдылықтарын терең түсінген кезеңде ғана оған бүгінгі таңда жан-жақты дамуына көмектесе аламыз.


Әдебиеттер:

1. Назарбаева Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы: «Білім», 2001. – 93 б.

2. Гаспарян Ю.А. Семья на пороге ХХІ века. – Санкт-Петербург, 1999. – С.10-15.

3. Алешина Ю.В. Цикл развития семьи: Исследования и проблемы // Вестник МГУ. Психология. Сер.14. – №2. – С.17-19.



Аргайл М. Психоолгия счастья // Общ.ред. М.В. Кларина. – М.: «Прогресс», 1990. – 336 с.

Ковалев С.В. Психоолгия семейных отношений. – М.: «Педагогика», 1987. – 160 с.
: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011 А. Ш. ҚОсанова абыл ақЫН
123456789 -> Мезгіл мәнді тұРАҚты тіркестердің мағыналық ерекшеліктері б. С.Әбдуова, ф.ғ. к., доцент
123456789 -> З. Ш. Айтуғанова қазақстандағы азық-ТҮлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
123456789 -> Кенжәлиев д. И. Астрометри я
123456789 -> БірыңҒай толықтауыштардың лексика- грамматикалық ерекшеліктері




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет