Қазақстан республикасының



жүктеу 0.69 Mb.
бет1/4
Дата06.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.37/03-2013



«Мамандану практикумы ІІІ» пәні бойынша

оқу-әдістемелік материалдар



№3 басылым 13.09.2012 ж. орнына

№4 басылым 13.09.2013 ж.





ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мамандану практикумы ІІІ»

«5В050300» – «Психология» мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР








Семей 2013




Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық жұмыс (проект)

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

Биогенетикалық заң – баланың құрсақта даму кезеңдерінің және биологиялық даму кезеңдерінің арасындағы қатынасын сипаттайтын заң. Негізін Ф.Мюллер мен Э.Геккел ашқан.

Белсенділіктің органикалық жүйесі- жануарлардың мінез-құлық белсенділігінің әдістері мен формасын белгілейтін түсінік.

Белсенділік- тірі ағзалардың жалпы мінездемесі.

Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.

Генотип – ағзаның генетикалық конституциясы немесе барлық гендер жиынтығы.

Даму - анатомиялық, физиологиялық, әлеуметтік, рухани аспектілердің бір қарқынмен сандық және сапалық жағынан өзгеруі.

Жүйелілік принципі- психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.

Онтогенез- балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.

Постнаталды кезең- босанудан кейінгі кезең.

Психиканың дамуы- психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.

Рекапитуляция теориясы- балалардың психикалық дамуы мен биогенетикалық заңның әсерін қарастырған С.Холл теориясы. Бұл теория бойынша онтогенез дегеніміз- филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.

Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі.

Сенсорлы-сезетін, сезімдік, түйсікке байланысты ұғымдар.

Сана- психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.

Тәртіп психологиясы(бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым.

Феномен- құбылыс дегенді білдіреді.

Фенотип – сыртқы ортаның әсері барысында онтогенезде дамитын барлық белгілер жиынтығы.

Эмбрионалдық- құрсақтағы, туғанға дейінгі кезең.

Ювенильді –ойын кезеңі.

2 ДӘРІСТЕР

Тақырып 1. Отбасы жүйесіне психологиялық талдау

  1. Отбасы туралы жалпы мәлімет.

  2. Отбасының қызметі.

  3. Құрылымы.

Психологияда жеке адам мәселесі үш тұрғыдан қарастырылады: биологиялық, әлеуметтік, биоәлеуметтік.

Биологиялық бағыт жеке адамның бойындағы барлық өзгерістер негізін туа пайда болатын қажеттіліктермен, желігу және инстинктермен байланыстырады (З. Фрейд, Адлер т.б.).

Әлеуметтану бағытын жақтаушылар адам биологиялық тіршілік иесі болып туғанымен, белгілі ортада жетіліп, сол ортаның заңдылықтарына байланысты әлеуметтенеді дейді.

Адам неғұрлым ортамен қарым- қатынас жасаған салтын соғұрлым оның биологиялық негізінің кей жақтары өзгеріске ұшырайды. Адамның ұлт өкілдері болу көрсеткіштері де соған байланысты болмақ.

Ал, биоәлеуметтік бағыттағылар адамның психологиялық процестері (түйсіну, қабылдау, ойлау, т.б) биологиялық негізде қалыптасатын болса, оның бағыттылығы, қызығушылығы, қабілеті, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасатындығын түсіндіреді.

Л.С. Выготскийдің анықтауынша жеке адам- белгілі бір қызмет атқарып, сол қызметті өтеуге бағытталған психикалық жүйе. Жеке адамның негізгі қызметі- қоғамда қалыптасқан адамның тәжірибесін жасампаздықпен қабылдау. Сол себепті, жеке адам белгілі қарым- қатынаста іс- әрекет арқылы дамиды. Міне, осыдан барып оның әлеуметтік белгілері пайда бола бастайды. Халықтық орта, яғни ұлттық қоғам сол әлеуметтік теорияларды (ережелерді) белгілейтін жүйе.

Жеке адамның әлеуметтенуі көптеген жағдайлардың әсер ету нәтижесінде жүзеге асады. Ендеше, белгілі ортада жеке адамның жүріс- тұрысының белсенділігі осы жағдайлардың әсер етуіне байланысты болады. Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар дегенімі адамның әлеуметтану процесіне себепші болатын жағдайлар.

Психолог А.В. Мудрик оны негізгі үш топқа бөледі:

- макрофакторлар (космос, планета, дүние, мемлекет) қоғам- жер шарының қандай бөлігінде болмасын адамдарға әсер ететін факторлар;

- мезофакторлар (меза- орташа, аралық)- ұлттық белгілерге байланысты әсер ететін факторлар (аймақ, ауыл, қала, кино, теледидар, радио, ойындар, т.б.);

- микрофакторлар - адамға тікелей әсер ететін факторлар (отбасы, құрбы- құрдас, микроәлеуметтік орта, оқу орны, жұмыс орны, т.б.).

Микрофакторлар белгілі әлеуметтік агенттер арқылы әсер етеді. Мәселен, отбасында- әке- шеше, оқу орнында- мұғалімдер, жұмыс орныныда- цех бастығы т.б. Бұл факторлар жақсы ұйымдасқан, арнаулы әсер ету құралдары нақтыланған болуы шарт. Оларға қойылатын негізгі талаптар: дұрыс атмосфераның болуы, өзара сенім, қауіпсіздік, жеке тұлғаның қалыптасуына, жетілуіне кедергі жасамау.

Тұлға- сан қырлы, мазмұны да, табиғаты да күрделі, құпиясы мол әлеуметтік ұғым. Адам өсу, дамып жетілу процесінде біртіндеп тұлға, кісі деген атқа ие болады. Оның жан жүйесі, сана- сезімінің дамуы айналасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Осындай жағдайда оның дүние танымы мен сенімі, арманы мен талғамы, кісілігі қалыптасады, яғни белгілі ұлт пен ұлыстың ділінен (менталитет), салт- дәстүр, жол- жоралғыларынан жеке дара ұғыну ерекшеліктері қалыптасады.

Адам тұлға, кісі болу үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей, жалпы адамзатты сүюі шарт. Таза жүректі, халқын сүйген, ел мұқтажын ойлаған, әділет пен адалдықты жақтаған адам ғана тұлға бола алады. Мұндайда ол жан- жақты дамып, нағыз өркениет жолына түсе алады.

Адам баласы туғанда жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда өте әлсіз, осал болып келеді, малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Адам баласы туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Адам баласы осылай өте әлсіз болып туып, кәміл жасқа толып, өзін- өзі танып білгенше ата- анасының тәрбиесінде болады. Олар баласын бағып, қағып, жанына, денесіне азық беріп, көмек көрсетіп, баптап, қамқорлық жасап, өсіп дамуына көмектеседі.

Отбасы қоғамның бастапқы ұясы. Ол әлеуметтік- қоғамдық дамуда маңызды роль атқаратын құрылымның негізі. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым- қатынастар ерекше міндеттерге негізделеді.

Адам баласы қасиетті борыштарын үлкендерге құрмет, кішілерге мейірім, сондай- ақ адамгершілік және отан сүйгіштік сезімдерін отбасында үйренеді. Отбасы- сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың бастау бұлағы. Еркек пен әйел- отбасаның іргетасы. Адам баласы мұқтаж болған рахатты, шын сүйіспеншілікті, мейірбандылық сезімдерін ананың құшағында, әкенің қара шаңырағында табады. Олай болса, отбасының мәні өте зор. Оның қос діңгегі саналатын ерлі- зайыптылар құқықтары мен міндеттерін түсіне біліп, дұрыс әрекет етсе отбасында бақыт пен шаттық орнайды.

Атақты социолог А.Г Харчевтің айтуы бойынша, отбасы – жұбайлар, ата – аналар мен балалар арасындағы қарым – қатынастың тарихи нақты жүйесі. Оны кіші топ деп қарастырамыз, өйткені мұнда адамдар бір – бірімен туыстық, таныстық, үй жағдайына, моральды жауапкершіліктермен, әлеуметтік қажеттілікпен тығыз байланысты.

Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың алғашқы ұясы. Ол тарихи өзгеріп отыратын құбылыс.

Отбасы- бұл адамдардың әлеуметтік- педагогикалық тәрбие тобы әрбір мүшенің өзін- өзі сақтау ұрпақты жалғастыру және өзін- өзі сыйлау қажеттілігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралардың сақтаушысы.

Отбасының құрамы деп- оның мүшелерінің жиынтығын айтамыз. Оған туыстық қатынастың басқа, рухани азаматтық билік, беделдік қатынастар жатады. Отбасының туыстық құрылымы, біріншіден- балалар, жұбайлар, екіншіден- балалы жұбайлар және әйелдің немесе күйеуінің бірге тұратын тОтбасының құрамы деп- оның мүшелерінің жиынтығын айтамыз. Оған туыстық қатынастың басқа, рухани азаматтық билік, беделдік қатынастар жатады. Отбасының туыстық құрылымы, біріншіден- балалар, жұбайлар, екіншіден- балалы жұбайлар және әйелдің немесе күйеуінің бірге тұратын

Отбасылық қарым- қатынастағы ұстанымдар (принциптер):


  1. өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейірімділік көрсету;

  2. балаларды отбасы өміріне қатыстыру, ақылшы ретінде қпрау;

  3. балармен ашық және сенімділік қарым- қатынас жүргізу;

  4. талап қоюға жүйелілік;

  5. өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу.

Одан басқа да жеке принциптерді маңызды деп санауға болады: ұрып соғуға, кемсітуге, жазалауға, тілдеуге болмайды. Отбасының қалыптасу, даму деңгейлері ондағы мүшелерінің құрылымына, мінездеріне, қарым- қатынас тілдеріне және отбасылық бірлікті қамсыздандыру мен функцияларын орындауға даярлығына тікелей байланысты.

Отбасы типтеріне нақты жіктеме жоқ дегенмен төмендегі негізде жүйелеуге болады:


Бала санына

байланысты

Отбасы

құрамына

байланысты

Отбасы

құрылымына

байланысты

Отбасындағы

қатынасқа

байланысты

Баласыз

Бір ұрпақты тек қана ерлі зайыптылар

Толық (әкесі, баласы)

Сәтті


Бір балалы

Екі ұрпақтылар (ата- аналар және балалар)

Толық емес (әке- шешесі, баласы)

Сәтсіз (толық ажырасу, ажырасқан)

Аз балалы (екі- үш балалы)

Ұрпақ аралық әжесі, әке- шешесі, баласы

Некесіз



Көп балалы (үштен көп)









Отбасының қалыптасу процесінде және әлеуметтенудің бір факторы болып шығу барысында бірқатар функциялар қалыптасты. Солардың ішіндегі негізгі дегендерге тоқталсақ.



Отбасының танымдық функциясы

Дүниетаным

дық функция



Әлеуметтік қоғамдағы, жалпы қоғамдағы жеке тұлғаның адамгершілік қатынас мазмұнына және сипатына деген көзқарасымен айқындалады. Отбасы этнопедагогикалық материалдарды қолдана отырып қоғамдық өмірдің міндеттерін шешуде қоғамдық идеалды қалыптастыруды, болып жатқан процестердің мәнін түсінуге көмектеседі.
.Басқа адамдармен қарым- қатынас процесінде жеке тұлғаның жағымды- рухани әлеуетін жасауға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өзін жеке тұлға ретінде жетілдіреді, халықтың этно- педагогикалық элементтері негізінде қоршаған ортаға көзқарасы қалыптасады


Адамның жеке тұлғалық қалыптасуында, өзіндік санасының дамуында жүзеге асады. Отбасы адамгершілікке, ізгілікке, биязылыққа, ар- ұят, намыс тағы басқаға тәрбиелейді.

Адамдар арасындағы мазмұндық қатынасты белгілейді. Мінез-құлыққа отбасының ерекше тәсілімен ықпал етуге түрткі болады, қоғамдағы қатынасты басқаруды қамтамасыздандырады.

Отбасының реттеуші функциясы
Коммунатив

тік функция

Адамның қарым- қатынасын болжамдап, оның өлшемдерін жасайды; қарым- қатынасты ізгілендіреді; қарым- қатынастың мүмкіндігінше барлық сала үшін нанымды болуын ескереді.

Тәрбиелік функция


Отбасының интегративтік функциясы

Отбасы адамдардың әлеуметтік жағдайларына ұлтына, діни және басқа да сенімдеріне қарамастан біріктіреді, өйткені ол жалпы адами сипат қалыптастыруда барлық жеке адамға бірдей талап қояды. Ешбір құбылыс осылай әртүрлі адамдардың басын біріктіре де оларда басқаға деген силастық та қалыптастыра алмайды.
Отбасы қарым- қатынасының психологиялық мәні, ерекшеліктері.

Әрине отбасындағы принциптер, міндеттер түгелдей дерлік іске асырылып отырылмауы да мүмкін. Мұндағы себеп- отбасылық ахуалдың қалыптастырылып отырылған адамның психологиялық- педагогикалық көзқарасының өмірімен, сол сәттегі адамның көңіл күйімен, материалдық, әлеуметтік жағдаймен ұштаспай қауқарсыздығынан болып отырады. Отбасындағы өктемдік баланың өзін- өзі басқарудан, билеуден айырады, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш- жігері төмендейді, сезімі мұқалады. Баланың өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешурішілік, ата, ананың баласына деген сүйіспеншілігі. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке үйретеді. Отбасында біріңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып бала екі жүзді жағымсыз болып өседі. Ата- ана баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысуы, оған бөгет жасайды. Ол баланың қалыптасуына кері әсер етеді. Ата- ана баласының іс- әрекетіне немқұрайлы қарап оған жауапсыздық танытса, бала оны пайдаланып кездейсоқ күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.

Бала санасына жетіп бойына мінез болып қалыптасқан кейбір мәселелер:


  1. Бала өзін - өзі тоқтатып, ұстамдылық көрсетпесе, өзін - өзін тежей білмесе, онда намыс пен жігердің болуы мүмкін емес. Ал намыссыз жігерсіз адам «құр қуыс кеуде», ол берген уәдесін орындай алмайды.

  2. Бала неғұрлым батыл болса, соғұрлым шыншыл әділ болады. Бала өз қателігін түсініп, сол үшін өзі жауап беретін болсын, сіз түсінік бере көрмеңіз.

  3. Баланы жастайынан шынайы сезімге дағдыландыру керек. Жалған сезім абырой әпермейді. Екіжүзділік, көзінше мақтап,артынан күліп даттау, мінезсіздік, азғындық.

  4. Өзімшіл болмай көпшіл болса, адам сезіміне дақ түсірмей, өзін өзгенің орнына қоя білу.

  5. Өз ісіне жауапкершілік, ұқыптылық, ойлылық, күтімділік қасиеттері...

Ата – ана абыройы дегеніміз – бала көзімен көріп тұрған жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиетті күші, ішкі қуаты, берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді балалардың бойына сіңіре білу отбасы тәрбиесінің мақсаты борышы, міндеті. Жұбайылардың өзара билік бөлісіне сәйкес отбасының екі түрі болады:

  1. демократиялық

  2. дәстүрлік немесе авторитарлық

Баланың санына байланысты топқа, түрге бөлінеді. Олардың да өзіндік сипаты бар. Материалдық жағдайына, табысына сәйкес те бөлінеді: жоғары ауқатты, орташа ауқатты, тұрмысы төмендер.

Өмір сүру сипатына қарай жас отбасының үш түрі бар:



  1. Дәстүрлік бұл ерлі-зайыптылардың, жалпы отбасының құндылықтарына байланысты. Мұнда бүкіл отбасы мүшелері бос уақытты бірігіп өткізеді, теледидарды бірге отырып қарайды, отбасы басшысы формальді болсада, ер адам, әйел үй жұмысын істейді, бала тәрбиелейді.

  2. Ер мен әйелдің – кәсіби жетістікке жеке бастарының дамуына бағытталады. Бұларда негізінен бір бала болады. Үй жұмысын бөліп атқарады. Мүмкіндігінше ата-ананың көмегін пайдаланады. Театрға, киноға, концертке, спортқа бірге барады, басшылық демокраиялық сипатта болады.

  3. Жас отбасы мұнда бос уақытты бірге де, бөлек те өткізеді. Мақсаты -екі балалы болу. Шаруашылық – тұрмыстық қажеттіліктер екеуіне бірдей бірге іске асырылады. Отбасы тәрбиесінде ықпал жасайтын жағдайларды сипаттайды дейтін басқа да белгілерді атауға болады.

Олар:

  1. Отбасының этикалық құрылымы мен құрылысы.

  2. Отбасының әлеуметтік тіршілік ортасы: білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрылым,күнкөріс көзі. Материалдық әл-ауқаты ауылдық, қалалық жанұя.

  3. Отбасының мәдени құрамы: күнбе-күнгі мәдени тіршілігі, күн режимі, бос уақыт өткізу түрлері, кітапхана, теледидар, музыка.

  4. Отбасының ішкі өзара қарым – қатынастары: өзара микроклиматы, көзқарастық бірлігі мен айырмашылығы, өз міндеттеріне көзқарасы.

  5. Қоғамдық өмірге көзқарасы: еңбекке, қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына көзқарасы, қатынасы.

Негізгі ұғымдар: отбасы жүйесі, макро-микро факторлар, отбасы функциясы, отбасы типтері, отбасылық құрылым.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Отбасы туралы өз түсінігіңізді негіздегіңіз.

  2. Отбасының типтерін анықтау мақсатындай қандай параметрлер негізге алынады?

  3. Некелі отбасы мен некесіз отбасыларының айырмашылығы бар ма?

  4. Отбасы әлеуметтік-психологиялық топ ретінде қандай функцияларды атқарады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007

  2. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;

  3. Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;

  4. Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013

  5. Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.

  6. Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.


Тақырып 2. Отбасы жүйесінің параметрлері

  1. Отбасы жүйесінің гомеостаз және даму заңдары.

  2. Отбасы ролдерінің құрылымы.

  3. Отбасы ережелері. Сыртқы және ішкі шекаралар.

  4. Өзара әрекеттесу стандарттары.

  5. Отбасы тарихы.

Отбасы жүйесінің қалыптасуы негізінен гоместаз және даму заңдарына бағынады. Гомеостаз заңы бойынша қалыптасқан жүйе тұрақтылыққа ұмтылады. Отбасы өзінің тіршілік етуінде «status quo» деңгейін сақтауға тырысады. Кез-келген өзгеріс ауыр қабылданады.
Сонымен қатар, өмірдің барлық циклінен өтуге ұмтылатын, даму заңымен өмір сүретін отбасы жүйесі бар. Отбасы өзінің дамуында бірқатар объективті жағдайларға тәуелді. Мысалы, уақыт ағымы, жас ерекшелік кезеңдері сияқты факторлар отбасы өмірін сапалық өзгерістерге әкеледі.

Отбасы жүйесі - ашық, табиғи түрде қалыптасады және бұл жүйеде өзіндік ішкі әрекеттесулер жүзеге асырылатын әлеуметтік топ болып саналады. Өзара әрекеттесу үнемі және тұрақты болғандықтан, өзара әрекеттесу стереотиптері туындайды. Бұл стереотиптер отбасы құрылымын анықтап, отбасы мүшелерінің ролін, қызметін белгілейді. Отбасы мүшесі өзін жеке бірлік ретінде санайды. Ол өзінің міндетін, орынын және күтілімдерді анық біледі.Мысалдар.

Отбасын жүйе деп алатын болсақ, ол келесі механизмдер арқылы өзінің қызметін атқара алады:


  • Отбасы ролдерінің құрылымы;

  • Отбасының ішкі жүйесі (подсистемы);

  • Олардың арасындағы ішкі және сыртқы шекаралар.

Отбасы мүшелерінің отбасылық ролдерінің өзіндік қанағаттануы немесе атқаылынатын ролге басқа отбасы мүшелерінің қанағаттануыотбасы өмірінің барысын анықтайды. Отбасылық ролдерді орындауда нормалар мен санкциялар көмекке келеді. Норма - не орындалу керек мәселесіне жауап берсе, санкция – ролдің орындалу немесе орындалмауына реакция білдіру. Көп жағдайда ішкі санкция отбасы өмірінде өте маңызды орын алады. (Мысалдар).

Отбасылық ролдер жүйесі келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:



  1. Қойылатын талап немесе күтілім тұрақты болуы қажет. Қарама-қайшылықтар отбасындағы проблемаларға әкеледі;

  2. Отбасы мүшесінің атқаратын ролі, оның жеке қажеттіліктерімен: сыйлау, бағалау, симпатия және т.б., сәйкес келуі маңызды;

  3. Орындалатын роль оның мүмкіндіктеріне сәйкес келуі маңызды;

  4. Ролдік бөлініс өзара тең болуы тиіс.

Ролдік бөліністің үш типі белгілі:

  1. Орталықтандырылған (авторитарлы);

  2. Автономды;

  3. Демократияландырылған.

Егер отбасын күрделі жүйе деп қарастыратын болсақ, отбасы мүшелерінің өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне қарай отбасының ішкі жүйесі болатыны белгілі. Бұлар отбасы ішіндегі ерлі-зайыптылар жүйесі, ата-аналар жүйесі, сиблинг жүйесі (ұрпақтар) немесе жыныстық бөлінуге байланысты ата, әке, бала жүйесі және т.б. Отбасылық ішкі жүйені «холондар» деп белгілеуге болады (грек тілінен аударғанда «холос» - тұтас, ал «он» жұрнағымен – бөлшек деген мағынаны білдіреді).

Ішкі жүйе арасындағы шекаралар – отбасы өмірінің белгілі бір аспектісінде кімнің қандай қызмет атқаратын белгілейтін ережелер анықтайды. Сыртқы шекара отбасының жекелігін анықтайды, отбасы және қоршаған ортаны бөледі. Ал ішкі шекара отбасының ішкі кеңістігінде белгіленіп, оның дамуына түрткі болады. Ішкі шекаралар айқын немесе әлсіз болуы мүмкін. Ішкі шекаралар келесі қызметтерді атқарады:



  • Отбасы иерархиясын анықтайды;

  • Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын реттейтін әрекет-қылық ережелерін, құндылықтар мен нормаларды анықтайды;

  • Сырттан келетін және отбасы мүшелерінің іштей ақпарат алу каналдарын анықтайды.

Психологтар үшін отбасының ішкі шекараларын анықтау немесе оларға психологиялық анализ жасау отбасы туралы келесі мәліметтерді алуда маңызды:

  • Отбасы шекараларының қаншалықты икемділігі;

  • Отбасына келіп түсетін немесе отбасынан шығатын ақпараттардың «сүзілу» ерекшелігі;

  • Отбасындағы жаңа ақпарат көзі және оны өңдеуші, жеткізуші кім екендігі;

  • Отбасы өзінің тұтастығын сақтай алу қабілеттілігі.

Қалыпты дамушы отбасыларында ішкі шекара неғұрлым анық және түсінікті, ал дисфункционалды отбасларында ішкі шекара тым қатал сипатта нмесе анық емес болып келеді.

Отбасы ережесі дегеніміз –үнемі қайталанатын әрекеттердің белгілі бір моделге енуі. Отбасы ережелері ашық және жасырын болуы мүмкін.

Отбасы ережелері отбасының қалыптасу процесінде туындап, олардың өмір сүруінің, сыртқы ортамен араласуының және ішкі өзара әрекеттесудің мазмұнын белгілейді. Мысалы, үй шаруашылығын жүргізу ережесі, бюджетті бөлу ережесі, түрлі шиеленістерді шешу ережесі және т.б. Отбасы ережелерінің сақталуы тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігі белгілі. Бірақ бұл ережелердің неғұрлым адекватты болуы қалыпты отбасы үшін негізгі шарт.

Өзара әрекеттесу стандарттары отбасы мүшелерінің үнемі қайталанып отыратын әрекет-қылықтарының формасы. Мысалы, отбасы мүшелерінің бір-бірімен әзілдесуі, сыйласуы немесе наразылықтарын көрсетуін айтамыз.

Өара әрекеттесу стандарттарының барлығын отбасылық коммуникация деп қарастыруға болады. Жақын адамдар арасындағы ақпарат алмасу процесін қамтамасыз ететін коммуникация келесі этаптар арқылы жүзеге асырылады:1 ) хабарды таңдау; 2) оны кодировкалау; 3) жеткізу; 4) декодировка; 5) жауап қайтару. Мысалы, есікті тарс еткізіп жабу, ыдыс-аяқтарды салдырлату адамның ішкі дүниесінің қанағаттанбауын білдіреді.

Негізгі ұғымдар: отбасы жүйесі, гомеостаз, даму, өзара әрекеттесу, стереотиптер, әрекеттесу стандарттары, отбасылық ролдер, норма, санкция, холондар, сиблинг, сыртқы және ішкі шекаралар.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


    1. Отбасылық ролдердің қалыптасу механизімі қандай?

    2. Ролдік бөлініске қандай талаптар қойылады?

    3. Отбасылық ішкі жүйе дегеніміз не, қандай мысалдар келтіре аласыз?

    4. Сыртқы және ішкі шекаралардың сақталу деңгейлерінің жеке тұлғаның әлеуметтену процесіне әсері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007

  2. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;

  3. Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;

  4. Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013

  5. Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.

  6. Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.


Тақырып 3. Отбасы жүйесінің қызмет етуінің бұзылуы

  1. Отбасы жүйесінің қызмет етуінің бұзылуының жалпы себептері.

  2. Отбасында тұлғаралық қарым-қатынастың бұзылуы.

  3. Интеграция механизімінің бұзылуы.

  4. Отбасы өмірлік қызметінің құрылымдық-ролдік аспектісінің бұзылуы.

Отбасы өзінің өмір сүру барысында түрлі қарама-қайшылықтармен кезігіп отырады. Кездесетін қиындықтардың объективтілік дәрежесі әр отбасында түрлі қабылданады.

Қалай дегенмен отбасының даму барысында болып отыратын заңды қиындықтарды екі топқа бөліп қарастыруға болады, олар: 1) әлеуметтік процестердің жағымсыз әсерлері; 2) көлденең және тік стрессорлар.

Бірінші топты ауқымды (глобалды) – соғыстар, экологиялық және техногенді катастрофалар, табиғат апаттар; макроәлеуметтік – ұлттық және этникалық қарама-қайшылықтар, экономикалық, мәдени дағдарыстар, миграция және т.б.; микроәлеуметтік - түрлі (білім беру, денсаулық, құқық қорғау) органдармен, көрші-қолаңмен қақтығыстарды жатқызуға болады.

Екінші топқа Өмірлік циклдің бір этапынан екіншісіне өтуде болатын қиындықтар (некеге отыру, туыстармен қатынас орнату, баланың тууы немесе олардың бөлінуі және т.б.); бірнеше мәселелерді паралелді шешуде болатын қиындықтар, өмірлік циклдің өтілуінде жоспарланбаған немесе күтілмеген жағдайлардың туындауы кіреді.

Сонымен қатар, отбасы өмірінде болатын қиындықтарды пайда болу немесе өтілу ерекшелігіне қарай өткір және созылмалы деп қарастыруға болады (мысалдар).

Түрлі отбасы бұл қиындықтарды әртүрлі қабылдайды және олардың төтеп бере алу дәрежесі әртүрлі.

Көп жағдайда жоғарыда келтірілген қиындықтар отбасы жүйесінің латентті бұзылуына себеп болады. Отбасының латентті бұзылуы күрт өзгеріс ретінде емес, біртіндеп жүзеге асырылады. Отбасының латентті бұзылуы негізгі екі күштің ықпалымен шарттас. Олар: 1) отбасы ішіндегі қарым-қатынастың ерекшеліктері; 2)отбасы мүшелерінің психологиялық дара ерекшеліктері.

Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың бұзылуы келесі жағдайлардан байқалады:



  • Отбасы туралы жалпы түсініктің бұзылуы;

  • Отбасының интеграциялық механизімінің бұзылуы;

  • Ролдік-құрылымдық аспектінің бұзылуы.

Отбасы мүшелерінің психологиялық дара ерекшеліктеріне байланысты бұзылыстар:

  • Психологиялық келіспеушілік;

  • Руханилық пен мәдени келіспеушілік;

  • Сексуалды дисгармония

Кез-келген жеке тұлғаның әлеуметтену және психологиялық даму деңгейіне қарай отбасы туралы өз түсінігі, өз бейнесі болады. Практикалық психологияда «отбасы бейнесі», «отбасының ішкі картинасы» деген ұғымдар қолданылады. Отбасы туралы жалпы түсініктің бұзылуына байланысты отбасының келесі типтері ажыратылады: «пассивті», «жартылай соқыр», «примитивті ойлайтын» деп бөлінеді. Болып жатқан өзгерістер мен құбылыстарды «көре алмау» жағдайына әсер ететін ерекшеліктер:

  • Отбасы өмірі мен өзара қарым-қатынастың шектен тыс «нормативтілігі»;

  • Отбасы өмірінің тым тұрақтылығы;

  • Отбасы және психологиялық мәдениеттің төмендігі;

  • Отбасылық постулаттар.

Отбасындағы тұлғаралық коммуникация негізінде отбасы мүшелері вербалды және вербалды емес өзара құралдар арқылы өзара хабар алмасады. Отбасы коммуникациясы өте күрделі және оның бұзылуының себептері де өте күрделі. Зерттеу нәтижелері бойынша жеке тұлғаның психологиялық қалыптасуында ең маңызды фактор болып отбасылық хабар алмасу жүйесі болатыны анықталған. Коммуникациялық деңгейде болатын бұзылыстар екі формада жүзеге асады: 1) коммуникацияның тым артықтылығы; 2) коммуникация адресаты туралы бейненің бұзылуы (коммуникациялық барьер).

Отбасының интеграциялық механизімінің бұзылуы отбасы мүшелерінің өзара байланыс әрекеттерінің эффективтілігімен анықталады. Көп жағдайда отбасы интеграциясының бұзылуы түрлі проблемаларға қарсы тұра алмауда байқалады: шешім қабылдауда (дезинтеграцияланған - конфликтілі), өзара тіл табысуда (дезинтеграцияланған - конформдылық). Ал реинтеграцияланған шешім қабылдай алуға деген қабілеттілік бірнеше қасиеттердің болуымен шарттас:



  1. Мәселеге бағдарлану. Отбасы мүшелерінің әрқайсысының мәселені түсінуі. Мәселені бар екенін көру қабілетінің болмауы ең көп тараған құбылыс (мәселелік агнозия).

  2. Мәселені шешу жолдарымен әрбір отбасы мүшесінің ақпараттануы және оған жеке қатысуы.

  3. Отбасылық мәселелерді шешудің мотивациялық қамсыздандырылуы. Әрбір отбасы мүшесі мәселені шешуге мүдделі болуы.

  4. Отбасылық эвристикалар. Мәселені шешу процесіндегі стратегиялардың жасалынуы және оның бағалануы.

Өзара интеграциялы шешім қабылдау прцесіне кедергі келтіретін факторлар:

  1. Топтық шешім қабылдау дағдыларының болмауы немесе жетіспеушілігі;

  2. Мәселені шешуге деген ықыластың болмауы.

Ролдік-құрылымдық аспектінің бұзылуы психотерапияда потологизацияланған ролдер деп белгіленеді. Отбасылық потологизацияланған ролдер пайда болу моивтері әртүрлі:

  • Отбасы мүшесінің өз туралы түсінігіне сәйкес келмейтін күшті қажеттіліктерінің болуы: агрессия, өзіне көңіл аударту, садизм және т.б.;

  • Өз қажеттіліктерінің қанағаттануын басқа отбасы мүшесі арқылы жүзеге асыру. Мысалы, «бала – отбасының үміті», «менде болмаса сенде болссын» және т.б.

  • Проекция механизімінің жүзеге асырылуы. Бұл отбасы мүшесінің бірі өзінің кемшілігін екіншісіне кіна тағу арқылы ролдерді ауыстыру;

  • Отбасының бір мүшесінің шамадан тыс доминанттылығы.


Негізгі ұғымдар: көлденең және тік стрессорлар, латентті бұзылулар,отбасылық бейнелер, отбасылық интеграция, дезинтеграция, потологизацияланған ролдер, проекция механизімі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Отбасы жүйесінің бұзылуына әкелетін әлеуметтік жағымсыз факторлар қандай ?

  2. Отбасының туындап отыратын мәселелерді шеше алу қабілеттілігі қандай жағдайлармен шарттас?

  3. Отбасы жүйесінің латеентті бұзылу механизмдеріне мысалдар келтіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007

  2. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;

  3. Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;

  4. Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013

  5. Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.

  6. Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.


Тақырып 4. Отбасы терапиясының жалпы мәселелері

  1. Отбасы терапиясының мақсаты мен міндеттері.

  2. Отбасы терапиясының этаптары.

  3. Терапияны жоспарлау және болжам жасау мәселелері.

: ebook -> umkd
umkd -> Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі
umkd -> 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
umkd -> «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
umkd -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> «Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
umkd -> Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған


  1   2   3   4


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет