Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары



жүктеу 1.46 Mb.
бет1/8
Дата21.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары

Тақырыптың мазмұны бойынша мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Терминдерді, негізгі даталарды есте сақтаңыз!

9-сынып
1-тақырып.А.Байтұрсынов не себепті «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп айтты?
ХХ ғ.басындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы.1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды.

Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.

XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:

Түркістан генерал-губернаторлығы 


Сырдария облысы 
Жетісу облысы

Дала генерал-губернаторлығы 


(Орталығы - Омбы) 
Ақмола облысы 
Семей облысы 
Орал облысы 
Төрғай облысы

Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды.


Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.

Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.

Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).

XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.

Қала халқының көбеюі жолдары (урбандалу): 
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі. 2.Жатақтар санының артуы. 3.Ішкі демографиялық өсім. 4.Сауда қатынасының дамуы.

Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.



Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.

1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Мұның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.

1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.http://mypiter.kz/modules/4nalbum/album/old/pereselency-130914.jpg

Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.http://bibliotekar.kz/images/60untitled.jpg

Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.

Облыстардағы қазақтардың үлесі: 
Ақмола облысы – 36,6% 
Семей облысы - 73% 
Жетісу облысы – 60,5% 
Сырдария облысы – 63,3% 
Төрғай облысы – 58,7% 
Орал облысы – 56,9%

Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.

Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.

XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).

Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.

Темір жол.

1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.



Өндіріс орындары және жұмысшылар.

1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.

XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.

Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.



Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері. Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.

XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.



Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.
Терминологиялық сөздік:

  1. Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне 1906-1917 жж. жасалған реформа. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин болатын.

  2. Жатақ — дәстүрлі қазақ қоғамындағы көшіп-қонатын күш көлігі болмағандықтан, үнемі қыстауда немесе қала маңында тұрып күн көрген кедейлердің ерекше әлеуметтік тобы. Жатақтар кейін басқа әлеуметтік топтарға сіңіп,  жұмысшы,  қызметші,  кенші, мұнайшы  тәрізді түрлі кәсіп иелеріне айналған.

  3. Столыпин Петр Аркадьевич (1862 ж. - 1911 ж.) - Ресейдің белгілі мемлекет қайраткері, Ресей Министрлер Кеңесінің Төрағасы (1906 ж. - 1911 ж.), шаруаларды Ресейдің еуропалық бөлігінен Сібір мен Қазақстанға жаппай қоныс аудартудың бастамашысы.

  4. Демография  (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың,  этникалық топтың  санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік  ғылым  саласы.


Сұрақтар:


  1. XX ғасыр басында қазақ өлкесі неше облыстан тұрды?

  2. Сібір теміржолы қашан салынды?

  3. Қазақстанға қай жерлерден шаруалар көшіп келді?

  4. Қазақстанға неліктен басқа ұлт өкілдері қоныс аударды? Себептерін түсіндіріңіз.

  5. А.Байтұрсынов не себепті «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп айтқанын түсіндіріңіз.

  6. Ресей империясының қоныстандыру арқылы отарлық саясат жүргізгеніне дәлел келтіріңіз. Қоныстандыру саясатының екі-үш салдарын атаңыз.



http://www.voxpopuli.kz/userfiles/posts/800/57c8d5866de84f5f37b3c0c12b7d849c_big.jpg
2-тақырып.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды?

Қазақстандағы 1916 жылдың ұлт-азаттық қозғалыстың себептері: Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның щет аймақтарында патшалық шенеуніктердің озбырлығы мен жәбірленушіліктері әлдеқайда көбейді. Қазақстанда, әсіресе Сырдарияныңсолтүстік-шығыс аудандарында, Жетісудің оңтүстігінде және тағы басқа облыстарда қазақтардан жерлердің жаппай тартып алуы жалғасты. Тек бір Жетісу облысында ғана соғыстың алғашқы үш жылы ішінде ең жақсы мал жайылымдары мен егін салатын жерлердің 1800 дес. тартып алынды, ал осы жерлердің иелері – қазақтар шаруашылықты жүргізу үшін аз немесе мүлдем жарамсыз шөл және шөлейт аудандарына күшпен көшірілді.

http://historyline.kz/files/user/%d0%9d%d0%b0%d1%80%d0%be%d0%b4%d0%bd%d0%be%d0%9e%d1%81%d0%b2%d0%be%d0%b1%d0%be%d0%b4%d0%b8%d1%82%d0%b5%d0%bb%d1%8c%d0%bd%d0%be%d0%b5%d0%94%d0%b2%d0%b8%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%b5.jpg


Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлері, шенеуніктер, дін басылар, казак әскерлері және Ресей мен Украинадан қоныс аударушы шаруаларға берілді. 1916 ж. ортасына қарай қазақ халқынан тартып алынған жерлердің жалпы аумағы 45 млн. десятина құрады. Соғыс шикізат, азық-түлік, мал және тағы басқа материалдық құндылықтардың үлкен санын жұтты. Осыған байланысты қазақ халқына жаңа ауыртпалықтар түсті: еттің міндетті жеткізілуі, малдың жаппай мемлекеттің меншігіне алынуы, күймелі арбаға жаңа әскери салық енгізілді, земстволық алымдар мен бай болыстық алымдар – болыстық билеушілерді асырау үшін жиындар үлкейді, сонымен қатар жол және басқа жиындар үлкейді.

Соғыс басталғаннан кейін жергілікті тұрғындарға қатысты салықтар 3-4-ке, ал бөлек жағдайда – 15-ке өсті. 1916 ж. таптық және ұлттық езгінің, соғысқа қарсы өшпенділіктің өсуі жаппай бола бастады. Қазақстан және Орта Азияның барлық аймақтарын қамтыған 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысы соғыстың жарық көріністерінің бірі болып, елдегі жалпы ұлттық дағдарыстың жетілу процестерін тездетті. Әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттың факторлары, яғни отарлық езгінің күшеюі, жерлердің тартып алынуы, салықтар мен алым-салықтардың өсуі, еңбек етушілерді қанау, аймақтағы қазақ және басқа ежелгі халықтарға қатысты патша өткізген орыстандыру саясаты, соғысқа байланысты көптеген халықтар жағдайының нашарлауы қозғалыстың  маңызды себептері болды.

Қазақстан, Орта Азия және жартылай Сібірдің 19-43 аралығындағы «жат» ер адамдарын тыл жұмыстарына әскерге әкету туралы 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы қозғалыстың басты себебі болды, сол адамдарды әрекеттегі әскердің ауданында қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынас жолдарын салу бойынша жұмыстарға тартуға жоспарланды. Қазақстан және Орта Азия елдерінен 400 мың адам алынды, соның ішінде Қазақстанның облыстық далаларынан – 100 мың аса адам, Жетісудан – 87 мың адам алынды. Шілденің басында Қазақстанның барлық аймақтарында апатты қозғалыстар басталды, көп кешікпей қаруланған қозғалысқа айналды. Болыс билеушілері, ауыл старшындары және тың жұмыстарында тізімді құрайтын патша әкімшілігінң төменгі агенттері халық ашуының бірінші соққысын өзіне алды. Қазақтарда туу туралы куәліктің жоқтығын пайдалана отырып, олар кедейлердің жас ерекшеліктерін ескермей, тізімге өз еркімен қосты, ал бай балаларын пара үшін әскерге шақырудан босатты.

Тәжірибеде тізімдерді құру жүйесі жаппай парақорлық пен қиянат етушілікті тудырды. Сонымен қатар патша өкіметі лауазымды тұлғалар, болыстар, ауыл билеушілері, бұрынғы тұрғындардың төменгі полиция қызметкерлері, имамдар, молла мен мударистер, шағын несие мекемелерінің есеп жүргізуші мен есепшілер, жоғары және орта оқу орындарында оқитындар, үкімет кәсіпорындарының шенеуніктері мен тұлғалары, ақсүйектер мен құрметті азаматтар құқықтарын пайдаланатындарды жинақтарда босатты.

Патшаның қатал қаулысы және орындарда оны атқарудың әділсіз әдістерімен жұмыс істегендер, қолына не түссе сонымен қаруланғандар патша өкіметінің өкілдері – болыс билеушілері, ауыл старшындары, полицейлер, казактар, шенеуніктерге: «Адамдарды бермейміз!» - деп шабуыл жасады. Олар тың жұмыстарынан босатылатынына сеніп, болыс билеушілері мен ауыл старшындардың кеңселерін, үйлерін өрттеді, іс қағаздарын, әскерге шақырылғандардың тізімін жойды. Бірте-бірте апаттық қозғалыс ұйымдық сипатқа ие болды: А. Иманов, А. Жангельдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, У. Саурықов, Ж. Мамбетов және т.б. танылған басшылардың жетекшілігімен Торғай және Жетісуда ірі ошақтар пайда болды.

Көтеріліс бүкіл Қазақстанды жаулап алды және патшаның әскери-отарлық және кең ауқымды орыстандыру саясатына, сонымен қатар ауылдың бай-феодалдық басшыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысқа айналды. Сонымен бірге қозғалыс халық шаруашылығының дағдарысына және халықтың кедейлігіне әкелген империалистік соғысқа қарсы бағытталған. Осында ол Ресейдегі жұмыс тобы мен шаруалардың төңкерістік күресімен қабысты. Қазақ халқының бостандық және тәуелсіздік үшін барлық алдыңғы күресін қорытындылаушы ұлттық және саяси азаттығы 1916 ж. көтерілістің маңызды мақсаты болып табылады.

Ұлттық шаруаның кең қабаттары, сонымен қатар өсетін жұмыс тобының өкілдері, қолөнершілер көтерілістің негізгі жылжымалы күші болды. Оған қазақ халқының басқа қабаттарының өкілдері қатысты, олар: билер, сонымен қатар демократиялық зиялылар. Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс оңтүстік облыстарды санамағанда (Жетісу және Сырдария облыстары), көп ұлтты болды, сол көтерілісте қазақтармен бірге ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа халқының кейбір өкілдері қатысты. Қазақ қоғамында патша жарлығына деген қатынасы бір мағыналы емес болды: бай-феодалдық басшыларының белгілі бөлігі, сонымен қатар жергілікті әкімшіліктің шенеуніктері патша өкіметін сөзсіз қолдап, патша өмірінің басты жолаушылары болды; қазақ зиялылардың негізгі өкілдері (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) оған қарсы шықты және халықты қарулы тойтрарысқа шақырды, ал «Қазақ» газетінің біріктіруші либералды-демократиялық зиялылардың басшылары (А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов) жасқаншақ позицияда болды. http://russian7.ru/wp-content/uploads/2014/06/290591_original.jpg

22 қазанда А. Иманов басқарған 15 мың көтерілісші Торғай қ. қоршап алды. Қаланы қоршап алуы бірнеше күнге жалғасты. Ал ол уақытта қалаға үш жақтан генерал-лейтенат А. Лавретеньевтің жалазаушы тобы бет алды. Көтерілісшілер пата жалазаушыларының жылжып келе жатқаны туралы мәліметті алғаннан кейін, Торғай қамаудан босатып, патша әскерінің жасақтарына қарсы шықты. 16 қарашада А. Иманов басқарған 12 мыңдай сарбаз Топкойм пошта станциясының маңында подполковник Катоминнің жазалаушы жасағына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі салмағы жанды күшті сақтау үшін қарашаның екінші жартысында Торғайдан 150 шақырымдай алшақтап, Батпаққары ауданында шоғырланды. Осы жерден 1916 ж. қараша айының екінші жартысынан 1917 ж. ақпан айының ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жорықтар жасалды. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасындағы қақтығыстар Татырғ Ақшығанақ, Дұғал-Өрпек, Күйікте өтті. А. Иманов штабы орналасқан Батпаққары ауданындағы күрестер шиеленіскен болды. Олар 1917 ж. ақпан айының екінші жартысында өрістей бастады.

Осы күрестер А. Иманов көтерілісшілері Ақпан буржуазия-демократиялық көтеріліске тап болды. Қазақстанда көтеріліске шыққан басқа аймақтарда да патша жазалаушы жасақтарымен қатал күресті жүргізуге тура келді. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 кавалериялық жүздіктер, 11 күшейтілген жаяу әскер шықты, ал торғай көтерілісшілеріне қарсы патша өкіметі 17 атқыш ротасы, 18 казақ жүздіктері, 4 кавалериялық эскадрон, 18 қару, 10 пулет және тағы басқаларын жіберді. Алайда жазалаушылар көтерілісті Ақпан төңкерісіне дейін баса алмады. Тек патша өкімет құлағаннан кейін Торғай облысындағы көтерілістер тоқтатылды. Көтерілісті басу үшін Жетісуға 8750 найзашылары бар 95 ротаны, 3900 қылышты 24 жүздікті, 16 зеңбірекші мен 47 пудеметшіні жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ және қырғыз ауылдары жойылды, бейбітшіл халық мейірімсіз қудалауға ұшырады.

Патша өкіметімен қудаланған 300 мың қазақ пен қырғыздар немесе Жетісудағы байырғы тұрғындардың төрттен бір бөлігі Қытайға қашуға мәжбүр болды. Сот және тергеусіз атылғандар, қоныс аударушы ауыл тұрғындарынан құрылған жазалаушы мен жасақтардың қолынан қазақ тапқандарды есептемегенде, 1917 ж. 1 ақпанда Түркістан өңірінде генерал-губернатор Куропаткин бекіткен сот шешімі бойынша өлім жазасына 347, азапты жұмыстарға – 168, абақты қамауға – 129 адам кесілді. 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық тарихында ерекше орынды алады.

Терминологиялық сөздік: http://im4.asset.yvimg.kz/userimages/sanchosss/kxgo0ax81jn7jcif5ihqkpbwluvm3h.jpg

  1. Десятина - 1,09 га тең жер көлемі

  2. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды

  3. Ұлт-Азаттық Қозғалыс - ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес


Сұрақтар:

  1. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына не түрткі болды?

  2. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі ошақтары қай жерлер?

  3. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басшылары кімдер болды?

  4. Көтеріліс көздеген мақсаттарына жетті ме? Сұраққа 2-3 нақты тұжырыммен жауап беріңіз.


3-тақырып.Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты?

Қазақстан ақпан және қазан төңкерістері кезінде

Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917 жылы ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкерісі деп атайды.

Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарының кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқай тағайындалды. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. http://socialist.memo.ru/anniv/y07/foto_1917/1.jpeg

Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурызРесей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды.

Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөзбаспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді.

Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды.

Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.

Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан  өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының,кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердіңэсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман кадеттері болды.

Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық  Алаш партиясын  ұйымдастырған  Ә.Бөкейханов  басқарған ұлттық-демократиялық  интеллигенцияның  жетекшілігімен құрылды.

  1   2   3   4   5   6   7   8


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет