Қазақстанда мұнай және мұнай өнімдерін құбыр жолымен тасымалдаудың



жүктеу 115.62 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі115.62 Kb.
С.С. Оспанов

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физ.-мат.ғ.д., профессор,

Қазақстан, Алматы қаласы

А.С. Джайтуганова

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистранты,

Қазақстан, Алматы қаласы

altuk_91@inbox.ru
Қазақстанда мұнай және мұнай өнімдерін құбыр жолымен тасымалдаудың дамуы
Қазіргі қоғам толығымен мұнай, газ және химиялық өндіріске тәуелді, бұл- өндіріс секторынан үй шаруашылығына дейін қамтитын кең ауқымды үдеріс. Мұнай өндірудің, экспорттың және мұнай мен мұнай өнімдерін ішкі тұтынудың қарқынды өсуіне байланысты, қазіргі уақытта тасымалдау жолдарын дамыту мәселесі өте маңызды орын алып отыр.

XXI ғасырдың басында әлемдік мұнай өндірістерінің динамикалық дамуы мұнайдың халықаралық саудасы ағынының айтарлықтай кеңеюімен қатар жүрді және бұл үдеріс құбыр жолы көлігі жүйесінің рөлін арттырды.

Магистральды құбыр жолдары Жер планетасын ''өрмекші'' тәрізді жаулап алды. Олардың басты бағыттарын анықтау қиын емес: мұнайды өндіру орындарынан мұнайды өңдеу орындарына немесе мұнайды тиеу орындарына бағыт ұстайды. Міне, осы себептен мұнайды тасымалдау міндеттері ірі құбыр жолдарының пайда болуына әкелді.

Құбыр көлігімен тасымалдау операторларының ішіндегі көш бастап тұрған ААҚ ''Транснефть'' (бұл кәсіпорын әлемдегі ең үлкен құбыр жолы жүйесіне ие- 50000 км-ден аса) және Канадалық кәсіпорын "Enbridge"[1].



Кесте 1. Шетелдік ірі құбыр жолдары


Шетелдік ірі құбыр жолдары

Диаметр,мм

Ұзындығы, км

Салынған жылы

''Enbridge'' құбыр жүйесі (Канада, АҚШ)

457-1220

5363

1950

''Keystone'' құбыр жүйесі (Канада, АҚШ)

762-914

4720

2014

"Қазақстан-Қытай" құбыр жолы

813

2228

2006

''Баку- Тбилиси- Джейхан''(Азербайджан, Грузия, Турция)

1067

1768

2006

''Tazama'' құбыр жолы (Танзания, Замбия)

200-300

1710

1968

Шығыс Арабия құбыр жолы (Араб Әмірлігі)

254-914

1620

-

''Трансаляскалық құбыр''(АҚШ)

1220

1288

1977

''Таплайн'' Трансарабиялық құбыр (тоқтатылған)(Араб Әмірлігі, Сирия, Иордания, Ливан)

760

1214

1950

Seaway құбыры (Кушинг- Фрипорт, АҚШ)

762

1080

1976

"Чад- Камерун''

-

1080

2003

Spearhead құбыры(Кушинг-Чикаго,АҚШ)

610

1050

-

''Сент-Джеймс- Патока'' құбыр жолы (АҚШ)

1067

1012

1968

Орталық Европа құбыр жолы(тоқтатылған)(Италия, Германия)

660

1000

1960

''Киркук- Джейхан''(Ирак- Түрік құбыры)

1020-1170

970

-

''Хасси Мессауд- Арзю''(Алжир)

720

805

1965

''Flanagan South'' құбыр жолы(Понтиак- Кушинг, АҚШ)

914

955

2014

"Эджеле- Сехира" құбыры(Алжир, Тунис)

610

790

1966

Оңтүстік Европа құбыры(Лаверт- Страсбург- Карлсруз)

864

772

-

''Сальяко- Баия- Бланка''(Аргентина)

356

630

-

Мамандардың болжамы бойынша, АҚШ құбыр жолдары жүйесі өз оптимальды деңгейіне жетті, сондықтан олардың жол салу немесе жол төсеу амалдары осы деңгейде сақталып қалмақ дегенді алға тартады. Құбыр жолдарын салу Қытайда, Үндістанда және Европа елдерінде(бұл елдерде тауар жеткізілімін жаппай әртараптандыру жүргізіліп жатыр) көбейетін болады.

Магистральды мұнай жеткізуші жолдары бұл- өндіру аудандарынан немесе сақталу орындарынан тұтынушыға жеткізуге дейін (мұнай базалары, цистерндерге құю пунктеріне, жекелеген кәсіпорындар және мұнайды өңдеуші зауыттарға) тауарлы мұнайды тасымалдауға арналған құбыр жолдары. Олардың диаметрі 219 мм-ден 1400 мм-ге дейін және 1,2 МПа-дан 10 МПа-ға дейін шамадан тыс қысымды өткізгіш қабілеттілігімен сипатталады[1].

Қазіргі кезде магистральды мұнай құбыры арзан және сенімділігі жоғары мұнай тасымалдаудың түрі болып табылады. Ол өте үлкен өткізгіш қасиетімен, жұмыстың үзіліссіздігімен және үлкен қашықтыққа да арналғандығымен де ерекшеленеді.

Көптеген мұнайды өндіру ошақтары мұнайды өңдеу және өткізу орындарынан алшақ орналасқандықтан, ''қара алтынды'' тез және тиімді, ұтымды жеткізу саланың өркендеуі жолында өте маңызды рөл атқарады.

Мұнайды тасымалдаудың ең арзан және экологиялық қауіпсіз әдісі деп құбыр жолдарын айта аламыз. Мұнда мұнай насостық бекеттен 3 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оларды температуралық, механикалық және химиялық ықпалдарды көтере алатын жоғары пластикалық болаттан жасайды.

Болашақта арқауланған пластиктерден істелген құбырлар танымалдыққа ие болмақ. Олар коррозияға ұшырамайтын және шексіз эксплуатация мерзіміне иелігімен ерекшеленбек.

Құбырлар - экономикалық тиімді әрі олар кез келген ауа райында және жыл мезгілінде жұмыс істейтіндіктен, шекарамыздың аумақтылығына және жыл мезгілдерінің өзгергіштігіне байланысты, бұл әдіс- Қазақстан үшін өте таптырмайтын жол.

Кесте 2. 2003-2014 жылдар аралығында Қазақстанда жүктерді тасымалдау(млн.тонна)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика Комитеті мәліметтері негізінде Автормен құрастырылған[2]

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика Комитеті мәліметтері негізінде құрастырылған кестеде 2003-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында темір жол және құбыр жолымен тасымалданған жүктер туралы мәліметтер берілген. Қазақстанда темір жол және құбыр жолдарымен тасымалданған жүктер көрсеткіштері аралығында ерекше ауытқулар немесе өзгерістер байқалмады, осы екі көлік түрлерімен жүк тасымалдауда аздаған өсу белгілері орын алған.

Жалпыдан жекеге қарай талдау жүргізер болсақ, магистральдық құбыр жолымен тасымалданатын мұнай және газдың көрсеткіштері жайлы келесі мәліметтер берілген(кесте 3):

Кесте 3. Қазақстанда магистральдық құбырмен жүк тасымалдау(млн.тонна)


Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика Комитеті мәліметтері негізінде Автормен құрастырылған[2]

Қазақстанда магистральдық құбырмен жүк тасымалдау жыл санап өсіп келеді, жалпы магистральдық құбырмен жүк тасымалдау 2003 жылы 166,1 млн. тонна болса, 2014 жылда бұл көрсеткіш 225 млн. тоннаны көрсетіп тұр.Қарқынды өсті деуге келмейді, дегенмен, 2003-2014 жылдар аралығында өсу белгілері орын алған. Жалпы жүк тасымалдаудан магистральдық құбырмен мұнай немесе газды тасымалдауға келер болсақ, магистральдық құбырмен газды тасымалдау жағынан төмендеу бар екекнін көруге болады, 2003 жылы 114,6 млн.тонна газ тасымалданып, өсу 2008 жылға(119.7млн.тонна) дейін жалғасқан, содан соң газды тасымалдау 99,6 млн.тоннаға (2014жыл) азайды, ал мұнайды тасымалдауда тек өсу белгілерін көре аламыз, бұл көрсеткіштерді мұнайға деген сұраныстың артуы деп білеміз.

Мұнай және мұнай өнімдерінің тасымалдануы туралы, магистральдық құбырлардың ұзақтығы жайлы, қанша километрге жылжығаны туралы да қарастырып өтетін болсақ, бұл мәліметтерді келесі кестеден көре аласыздар(кесте 4)[2].

Кесте 4. Магистральдық құбырлардың ұзақтығы(километр)


Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика Комитеті мәліметтері негізінде Автормен құрастырылған[2]

Берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика Комитеті мәліметтері 2003-2014 жылдар аралығында магистралдық құбырлар ұзындықтарының өсуін, яғни дамуды көрсетіп отыр.

2014 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдарының күшімен магистралды құбырлармен 64 млн. тонна мұнай тасымалданды.Магистралы мұнай құбырымен мұнай тасымалы «ҚазТранс Ойл» АҚ жүйесі бойынша еншілес ұйымдармен іске асырылады (жалпы ұзындығы 5495 км).

Бүгінгі таңда қазақстандық мұнайдың негізгі тасымал бағыты мыналар:

- Атырау-Самара құбыры («ҚазТрансОйл» АҚ - 100%);

- КҚК құбыры ( «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-20,75%);

- Атасу-Алашанькоу құбыры («ҚазТрансОйл» АҚ-50%);

- Ақтау теңіз терминалы[5].

Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаудың егжей- тегжейлі зерттелуі өте өзекті және жеткізудің әртүрлі әдістерін қолданудың стратегиясын құру үшін тәжірибелік қызығушылық тудыратын мәселе болып табылады. Бұл бір жағынан, ең қолайлы үлестіру, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаудың тиімділігін арттыру, жоғары деңгейлі қауіпсіздікті және тасымалдаудың экологиялық қорғаныстылығын қамтамасыз ету үшін, екінші жағынан, оларды тұтыну орындарына төгіп алусыз толық мөлшерде, ешқандай сапасы өзгертілмеген күйде жеткізу үшін өте маңызды талдау болмақ. Бұның барлығы әртүрлі тасымалдау жолдарын рационалды қолдану және біріккен көлік жүйесін жақсарту болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Крупнейшие магистральные нефтепроводы в мире, инженерный центр mavego http://mavego.ru/krupneyshie-magistralnyie-nefteprovody

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті http://www.stat.gov.kz/



3. Импорт и экспорт Казахстана. http://www.kazdata.kz/04/2014-11-export-import-kazakhstan.html

5. АО НК ''КазМунайГаз'', http://www.kmg.kz/manufacturing/oil/

6. http://www.kazpravda.kz/news/ekonomika/kazahstan





: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет