Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама



жүктеу 0.58 Mb.
Дата04.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРГЕ СИПАТТАМА
КІРІСПЕ
І. ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТУРИЗМДЕГІ РӨЛІ
1.1 Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама

1.2 Архитектуралық ескерткіштер

1.3. Көне замандағы қалалар

1.4. Қазіргі заманғы қалалардың сәулет өнері

ІІ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР
2.1. Батыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері

2.2. Солтүстік және Орталық Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері

2.3. Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері

2.4. Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері

ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТУРИЗМДЕГІ РӨЛІ
3.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік ореалдық мұражайы

3.2 Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің туризмдегі рөлі


ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ІІ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР


2.1. Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.

Қараман – Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман – Ата Шопан – Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М.Мендіқұлов Қараман – Ата мешітінің салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман – Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді.

Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас жыныстары қазындылардан табылды. Бұлар - шель-ашель құралдары мен оларды дайындауға пайдаланылған заттар ұшырасатын тұрақтар. Аймақтың ежелден-ақ қоныс орны болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә.

Кейінгі палеолит кезеңінде қазіргі Батыс Қазақстан аумағының табиғат жағдайы құбылмалы болды. Мұз қабатының еруі мен Кавказ жотасының солтүстік сілемдерінің жаңадан тектоникалық түзілуі Каспий маңы деңгейін жоғарылатты, сөйтіп бүкіл бүкіл Каспий маңы ойпатын тегіс су басты (“Қазақ ССР тарихы”, 1 –том, Алматы, 1980,81 – бет). Осындай елеулі жергілікті өзгерістер климаттың құрғап, шөлейттеуіне әкелді. Ірі – ірі шөп қоректі жануарлар қырылды. Ең соңғы мамонттардың бірі Жайық өзенінің сол жағында бұдан шамамен 8000 жыл бұрын жойылған (Сонда, 82 – бет). Қазақстан аумағындағы неолит пен энеолит кезеңінде Еуразияның кең – байақ кеңістігіндегідей андронов мәдениетіне ұқсас, біртеті шаруашылық сипатына қарай біріккен, ірі тарихи – мәдени аймақтар қалыптасты (қ. 5 – қосымша).

Батыс және Орталық Қазақстан аумағында палеолит кезеңінде, көптеп табылған жебе тәрізді заттардан көрінетіндей, аңшылыққа бейімделген біртұтас материалдық мәдениет қалыптасқан. Неолит дәуірінің тұрақты өзендік және көлдік типті болып келеді. Бұл кезең мәдениетінің Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан және Арал маңы мәдениеттерімен ұқсас тұстары да бар, оның басты ерекшелігі – көшпелі тұрмыс кешкен дала аңшыларының әдениетімен сипатталады.

Аңшылар мен балықшылардың тығыз мәдени – шаруашылық байланыстары, әсіресе кельтминар мәдени қауымдастығын айқын байқалады, олар Батыс Қазақстан аумағында бедерлі қолөнер түрінде ( шапақ тас құралдары мен ерекше пішін оюланаған қыш ыдыстар) ұшырасады. Батыс Қазақстан облысындағы көне мәдени ошақтарының арасында барынша зерттелгені – кельтминар археологиялық мәдениеті неолитте пайда болып, қола дауірінің ортасына дейін созылды. Бұл мемлекет өзін шектен тыс тұрақтылығымен ерешеленеді,, археологиялық деректердің материалдық тұрмыстары бірнеше мыңжылдықтар бойы өзгеріссіз сақталды. Кельтминар археологиялық мәдениеті Жайық өңірінде, өздерінің теңізге жағасына таралды. Бұл, алдымен, аулаушылар – терімшілер болды, кейін құғақ жерлерді игеруге орай аулаушылар – терімшілер мәдениетіне ұласты. Бұл мәдениет өкілдері мүмкін алғашқы ұсақ жануарларды қолға үйрете бастаған болар, бірақ кельтминалықтар жалпы алғанда “неолит төңкерісі” - өндіруші шаруашылықтың пайда болуына қатысқан жоқ. Кельтминар археологиялық мәдениетінің ескерткіштері Ақтөбе облыс аумағында барынша зерттелді. Батыс Қазақстан облысындағы “Солянка” (тасқала маңы) қоныстарында материалдарын зерттеуші ғалымдар осы археологиялық мәдениетке жатқызып жүр.

Соңғы 25 жыл көлемінде Ғ.А.Кушаевтың далалық зерттеулері нәтижесінде анықталған ескерткіштер Далалық Жайық бойы аумағы б.з.б. ғасырдың басына дейін қола мәдени – тарихи қаудастығына кіргеннін көрсетті. “Кресты” қонысы мен қорымында жүргізілген көпжылдық қазба жұмыстары барысында едәуір қызық материалдар табылды. Қазіргі кездегі бұл аймақтағы қара шұңқырлы археологиялық мәдениеттің (б.з.б. 3 ғасыр – 2 ғасыр басындағы) Далалық полтавкиндік архиология мәдениеті өрісіне кіреді деген болжамға дәлел де (кейбір табындылар негізінде) бола алатын бірден бір ескерткіш. Дәлме - дәл осы жерінде қима мәдениеті жергілікті варианты – ескі қорға шұңқырсыз топырақты қосымша үю арқылы жерлеу қалыптасады. Ал қалғандары керамика формасы, ою – нақышы, жер ғұрпы – Дон бойы мен Еділ жағалауында қималық жерлеуді толық қайталады.

Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданы аумағында “Қырықоба” атты ескерткіш 19 – ғасырдан ғалымдарға белгілі, 1883 жылы Кастаньенің тізбесінде “Қараоба” деген жергілікті атаумен енген, Еуразиядағы ең улкен қорғандар кешенінің бірі қима мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетеді.

Сарматтық археологиялық ескерткіштері барынша жан - жақты зерттелген мәдениеттердің бірі болып саналады. Зерттеудің объектілі жағдайларынна бөлінеді, атап айтқанда – а) Прохоровтық (ерте сарматтық) – б.з.б. 4 ғ. - б.з.б. 2 ғ.; ә) Сусловтық (орта сарматтық) - б.з.б. 2 ғ. – 2 ғ.; 3 ( соңғы сарматтық – 2 ғ. – 4ғ. Соңғы археологиялық мәдениет жылдары Шипов станциясы маңынан зерттелген ескерткіштерге байланысты шиповтық деп аталған еді. Бірақ одан әрі зерттеу барысында олар б.з. 4 – 5 ғасырларындағы ғұндар заманына жатқызылады.

Темір дәуірі Далалық жайық өзенінде б.з.б. 9 ғасырдың соңынан 4 ғасырға дейін Савромат архиологиялық мәдениетінің қалыптасу кезеңі болды. Осы кезеңді зерттеуші К.Ф.Смирнованың пікірінше, Жайық өңіріндегі аталмыш тайпаның іріктелуі нәтижесінде Еділ бойында б.з.б. 8 ғасырда савромат ескерткіштерінің еділбойлық жергілікті тобы пайда болады. Бұл мәдениеттің қалыптасуындағы негізгі құрамдас бөлік қима археологиялық мәдениетін жасаушы тайпалар еді.

Жалпы алғанда савроматтардың археологиялық мәдениеті қару – жарақты жауынгерлерді о дүниелік азығы саналатын ірі – ірі жануарлар қаңқаралымен бірге жер бетіне жерленген қорғандық ескерткіштермен сипатталады. Өте қызғылықты ескерткіштердің бірі – Володарка селосы маңындағы фалларлы жерлеу. Мұндағы мәдени материалдар савромат тайпаларының герк – фракациялықтармен байланысын куаландырады. Савроматтық археологиялық мәдениеттің соңы осы аймақта аса ірі (4 м жоғары) қорғандардың пайда болуымен аяқталады. Әдеттегідей, олардың көпшілігі тоналған, әйтседе сол уақытты сипаттайтындай сан – алуан деректер сақталған. 1987 -1988 жылдары Филиповка селосы түбіндегі қорғанды зерттеу кезінде көркедік құндылығ,ына баға жетпейтін, түсті және бағалы металдардан жасалған өте көп бұйымы бар, үш қойма табылды. Сарматтардың савроматтармен тектік байланысы бар, бірақ уақыт өте келе олардың арасына алан тайпаларының (Жайық өңірі массагеттерінің барынша күшті этникалық бөлігі) сіңісуімен материалдық мәдениеттің сыртқы бет – бедері өзгере береді. Сарматтық археологиялық мәдениет қорғандық ескерткіштерден, жерастылық, кейде жер бетіндегі қорымдардан тұрады. Көптеген қару - жарақ - ұғымалы қола және және мыс жебе, қанжар ұзын найзалар бірге көмілген. Өліктің басы көбінесе оңтүстікке қаратылады. О дүниелік тағам ретінде қой сүйектері мен ішінде қандай да бір сусын болған, қоладан жасалған қыш ыдыстар ұшырасады. Көптеген қорымдар ерте заманда – ақ тоналған, әйтсе де сақталғандарының үлес салмағы аз емес және олардан көптеген дерек алуға болады. Уақыт өте келе со4ғы сарматтардың көпшілігі хундармен (сюннулармен) араласып, жұтылып кетті және Батысқа бет алған көшке қосылды.

Б.з.б. 6-4 ғасырларда Еділ – Жайық бойы даласының ұлан – ғайыр аумағын бір –бірімен туытас тайпалар мекендеді. Еділ – Жайық өзендері аралығында археологиялық ескерткіштер Қараөзен және Сарыөзен жағалауларынан, Қамыс – Самар көлдерінің маңынан табылды. Жайық өңірінде олар көбінесе Елек, Шаған, Шыңғырлау өзендері жағалаурарында, Қобданың Елекпен қосылған жерінде, Жайықтың сол жағалауында кездеседі. Археологиялық ескерткіштер шартты түрде екі тарихи кезеңге: савромат мәдениеті (б.з.б. 7 -5 ғасырлар) мен сармат мәдениетіне (б.з.б. 4 – 2 ғасырлар бөлінеді. Соңғы сармат мәдениеті алғашқы жазба жұмыстарын жүргізген жердің атымен “прохоров ескерткіштері” деп те аталған.

Батыс Қазақстанның ежелгі тұрғындары отқа табынушылар болғандықтан өлікті өртеудің бірнеше түрі қолданылған. Қорымдарда табыну ғұрыптары мен салт – жоралғыларына қатысты көптеген бұйымдар ұшырасады. Сол кездегі савромат қорымдарында көптеген қару – жарақ пен аттың әбзел тұрмандары, әсіресе жүген, жон ұштары, сондай – ақ, қола және темір семсерлер жиі кездеседі.

Б.з.б. 3 ғасырдың аяғында сармат әскері мен қару – жарағының реформасы аяқталып, қару – жарақты атты әскердің алғашқы отрядтары пайда болады. Б.з.б. 4 – 3 ғасырлардағы әскери саяси өзгерістер аймақтағы этно – саяси процеске айтарлықтай өз ықпалын тигізді. Сарматтардың Орта Азия тұрғындарымен де, сондай – ақ Кавказ, Шығыс Европа және Қазақстанның тайпалық одақтарымен де қарым – қатынаста болғанын күмансыз.

Әсіресе, сармат мәдениетінің нышандары ерте орта ғасырлар кезеңіндегі жер рәсімдерінде, зират тұрғызу әдісінде айқын көрініс тапқан. Облыс аумағынан табылған (Сантас тауы маңы, 1970) кейінгі көшпелілер ескерткіштеріне тән ерекшеліктер:

1) мүрдені аттың жіліншігімен, сүйегімен қоса жерлеу (8-9 ғ.); 2) жылқының тұтас қаңқасымен қоса жерлеу (9 – 11); 3) ат әбзелдері – жүген, айыл, ер – тұрманмен қоса жерлеу.

Әдетте, тарихи мерзім дәстүрі бойынша мәдениеті 11 ғасырдың екінші жартысынан 13 ғасырдың 30 – жылдары аралығына жатқызылатын оғыз – печенегтерінің архиологиялық ескерткіштері обалар сипатында болып келеді. Оғыздар мен печенегтердің әдеп – ғұрпы мен материалдық мәдениеті арасында айырмашылық аз, сондықтан Жайың өңірінің 9 – 11 ғасырдағы архиологиялық ескерткіштерін ортақ алып қарастырамыз. Олардың ішінде мейлінше құндылығы – І Қарасу және Қалмақ – Чабан қорымдары. Аймақта Алтын Орда ескерткіштері – обалар мен қалалықтар көп кездеседі, әрі олар толық сақталған. Бұлардың арасында көрнектісі - Сарайшық. Обаларды қазғанда көшпенділердің жерлеу кезеңдері айқын көрінеді. Өткен дәуірлерге тән рәсім адамды ат – көлігімен қоса жерлеу мүлдем жойылады. Зираттардан Алтын Орда архемдері (теңгелер) жиі табылады.

Алтайдың жібек мақтасының үлкен бөлігі сақталған Шалқар қорымындағы қыпшақ сүйегінің моласы зерттелді. Көптеген бұрымдардан бұлғар айнасы, т.б. заттар шықты 15 ғасырдағы араб географы Дешті Қыпшақтың көршілес мемлекеттерімен кеңінен сауда және саяси байланыста болғанын айтады.. Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі Жайық өңірінің ылғалдануы, сондай – ақ қоғамдық саяси өзгерістер Алтын Орда орталығын Еділ бойы мен Жайық өңіріне көшіруге мүмкіндік береді.

Осы себептен де аймақта бұл кезеңнің ескерткіштері молынан ұшырасады, бірақ олар барынша толық зерттеліп болған жоқ.

Алтын Орда ескерткіштерінде дәстүрлі шығыстық – түркілік мәдениеттің, Орта Азияға тән қолөнер әдебінің ықпалы байқалады.

Жалпы кез келген аймақтық материалдары мәдениетімен таныстыру барысында архиологиялық зерттеулердің өзге ғылым салаларынан, әсіресе тарих пәнінен өзіндік ерекшелігін ұмытпаған жөн. Ең бастысы мұнда тарихтағыдай нақты тұлғалар қатыспайды, әйтсе де өткен кезеңдердегі тұтыным заттарын тауып зерттеу арқылы архиология сол тарихи тұлғалардың (ұлыстар мен тайпалардың, т.б.) белгілі бір кезеңде нақты аймақта болғанын - өмір сүріп, тірлік еткенін дәлелдейді. Алғаш рет Батыс Қазақстан облысындағы архиологиялық ескерткіштері хақында П.И.Рычковтың “Орынбор губерниясының топографиясы” (1762) және академик П.С.Палластың “Ресей мемлекетінің әр алуанжерлерін аралап саяхаттау” (1770, 1778) атты еңбектерінде айтылды. 19 ғасырдың 50 – жылдары Орынбор Кадет корпусының түлегі, алғашқы қазақ ғалымдарының бірі – С.Бабажанов аймақтағы печенег – қыпшақ дәуірінің ескерткіштері - балбал тастар туралы жазды. Оның зерттеу еңбегіндегі ой – тұжырымдары орыс ғалымдары (П.И.Небольсин, В.В.Григорьев, т.б арасында жоғары бағаланып, жас қазақ ғалымы Ресей география қоғамының күміс медаліне ие болды.

Одан кейінгі жылдары батыс Қазақстанның архиологиялық ескерткіштерін зерттеуде орыс ғалымдары Ахарузин (1889ж), И.А.Кастенье (1810), П.С.Рыков (1925- 27), М.П.Грезнов, И.В.Синицын (1948-50), т.б. ғалымдар қатысты. Әсіресе, өлке тарихын зерттеп, тануға Орал педагогикалық институтының оқытушысы археолог Ғ.Кушаевтың сіңірген еңбегі зор. Оның басшылығымен Жәнібек, Фурманов, бұрынғы Тайпақ, Бөкей ордасы аудандарында (1971) арнайы барлау жұмыстары жүргізіліп 500 аса ескерткіштер (342 оба, 48 мола, 11 мазар) есепке алынды. 1972-86 жылдар аралығында облыс аумағындағы 1000 аса архиологиялық ескерткіштер тіркелді. Архиологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Батыс Қазақстан облыстық өлкетану музейі өткен дәуірлердегі материалдық мәдениеттің аса құнды үлгілері мен: қышқұмыра, темір қанжар, семсер, темір және қола жебе, зергерлік әшекейлік бұйымдар және т.б. жәдігерлік бұйымдармен толықты.

Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысындағы 460 оба қазылып, Жайық өзенінің сол жақ алабындағы 25 мола зерттелген.

Халық архитектура ескерткіштері. Батыс Қазақстан аймығының солтүстік батыс бөлігіндегі халықтық архиологиялық ескерткіштері көршілес облыстар мен салыстырғанда этнографиялық тұрғыдан да, тарихи архитектуралық жағынан да аз зерттелген. Бұл қалыптасқан зерттеу дәстүрлеріне және аумақтың негізгі ғылым орталықтан шалғай орналасқандығына, бәлки Жайық өңірінде мемориялдық- рәсми архитектуралық үрдісінің кенже әрі баяу дамуына да байланысты болуы мүмкін.

Көне жазбаларда қазіргі Батыс Қазақстан облысы мен оған шектес аумақтардағы ескерткіштер туралы деректер аракідік ұшырасып отырады. Мәселен, 1768- 74 жылы академиялық экспедицияны басқарған П.С.Паллас “Саяхаттар” атты еңбегінде “1773 жылы студент Быков… Нарын даласының шағылдарына дейін келеді… Толағай көлінен 10 верст қашықтағы даладан ол қалмақтардың шикі кірпіштен қалаған пирамидасын тапты, оны қалмақтар “ Шороллигин Билгассун” (Топырақ қала) деп атайды” деп жазды. Осы еңбекте , сондай-ақ А.Н.Харузиннің жазбаларында қазақтардың мола - қорымдарының ерекшелігіне көңіл бөледі, әйтсе де оның өзіндік болмысын, әсіресе тастан қашалған эпиграфиялық ескерткіштер тұрпатын ашып көрсете алмаған. И.А.Кастаньенің “Қазақ даласы мен Орынбор өлкесінің ежелгі дүниелері” (Орынбор, 1910) еңбегінде Жайықтың сол жақ беткейіндегі кейбір архиологиялық ескерткіштері шалқар көлінің солтүстік шығысындағы күйдірілген кірпіштен салынған ортағасырлық зират қалдығы мен Жымпиты болысындағы “жүз жыл бұрын” ағаштан салынған Әбіл бейіті туралы сөз қозғайды. Сондай- ақ өлкетанушы Е.Ф.Тимофеев “Урало- Прикаспийская степь” аймағында (Орал, 1930, №4) сол Жымпиты уезіндегі көне зираттар, мешіт ғимараты жөнінде жазады.

Алайда далалық Жайық архиологиялық ескерткіштерін мақсатты түрде зерттеу жұмыстары тек 1980 жылы Республика Мәдениет митингі “Казпроектреставрация” институтының Орал архитектура экспедициясының (жетекшісі Т.Төреқұлов) күшімен жүргізілді. Іздестіру экспедициясы шолу сипатында өтіп, мемориялдық- рәсми ескерткіштер қатарын құжаттау мақсатында зерттеу жүргізілді.

1998 жылы Батыс Қазақстандағы кең ауқымда этномәдени тұрғыдан зерттеу шеңберінде шыққан арнайы экспедиция (жетекшісі - С.Әжіғалиев, архитектор- Ғ.Мұсабеков бар) дәстүрлі- халықтық, бірінші кезекте, мемориялдық-рәсми архитектураны қарастырады. Облыстағы Ақжайық, Касталов, Бөкей ордасы, Жаңақала, Сырым, Қаратөбе аудандарының аумағындағы ескерткіштер назарға алынды. Экспедиция жұмысы барысында Жайықтың оң жағалауы Бөкей болысы жағында орналасқан ескерткіштер мұқият әрі тыянақты зерттелді, сондай - ақ, Жайықтың сол жақ, “Бұқара бетіндегі“ қорымдарға барлау жасалып , есебі алынды. Осы орайда Батыс Қазақстан облысында мемориялдық- рәсми архитектура ғимараттары Арал, каспий аймағына таралған халық сәулеткерлік пен тас қашау өнері ескерткіштерінің құрамдас бөлігі екендігі тұжырымдалды. Бұған қоса, далалық Жайық өңірінің ескерткіштерінде географиялық фактормен өлкелік тарихи-әкімшілік ерекшеліктері айқын аңғарылды. Мәселен, аймақтың батыс жағалауындағы құлпытас арасында беті жазық, эпиграфиялық пішіндегілері, ал шығыс жағында бөлікті, ауқымды тасбелгілер жиі ұшырасады. Сондықтан олар екі жергілікті топқа Бөкей ордасы және Жайық өңірі ескерткіштеріне бөлінеді. Атырау тобымен бірге бұл екеуі де солтүстік Каспий кешендерінің тобына жатады (қ. 12-15 қосымшалар).

Әсіресе оң жағалауда, “Бөкей бетінде” орналасқан ескерткіштердің өзіндік ерекшеліктері мол. Олар көбінесе Қараөзен мен Сарыөзен алабында 19 ғасыр мен 20 ғасыр басындағы қорымдарда, Жалпақтал, Казталовка ауылдары маңындағы ескі зираттарда шоғырланған. Әсіресе, Жалпақтал маңындағы қорымдағы тастан қашалған құлпытастар тарихи – этнографиялық және архитетуралық тұрғыдан көңіл аударарлық. Мұндағы көне белгілердің бәрі Бөкей Ордасындағы эпигарфилық құлпатастардың әдібімен жасалған. Әдетте, жалпақ, кейде шаршы пішіндес қашалған, ұзын не орташа биіктіктегі құлпытастардың жазба бөлігі әр алуан кескінде бедерленген. Олардағы араб қарпімен айшықталаған жазулар мен таңбаларға қарап, мұнда негізінен байбақты, тана, табын, т.б. рулардың өкілдері жерленгенін байқауға болады. Осы қорымдағы кейінгі кезеңдерде салынған ағаш ескерткіштерге де дәстүрлі сәулеттік кесуін сақталған. Сонымен қатар арнаулы экспедицияға қатысқан зерттеуші ғалымдар Көктерек, Казталовка, Беспішен, Айдарлы, Жаңаөзен, Мәстеқсай, ескіқала ауылдарының маңындағы зираттардың, Бөкей Ордасындағы Хан зираттарының (қ. 11 – қосымша) этнографиялық – тарихи архиологиялық ескерткіштеріне зейін аударды. Жәңгір хан М.С.Бабажанов, т.б. тарихи тұлғалардың кесене – бейіттерінің сақталу жайына көніл бөлді.

Обылыстың шығыс жағында, сол жағалаудағы аудандарда орналасқан мемориалдық – рәсіми архиологиялық ескерткіштері әлі күнге дейін тиянақты зерттелмеген. Мұнда негізінен далалық Арал – Каспий аймағына таралған дәстүрлі нышан – ауқымды көп бөлікті құрылыстар кездеседі. Солардың қатарында Әулие қасірет қорығы мен Қондыке бейітін атауға болады. Дәстүрлі соқпа тәсілімен құйылған молалар да осы өңірінде ғана ұшырасады. Ақкөл ауылының оңтүстік шығысында Қазының бейіті бар. Ал Қаратөбе ауданындағы Ақбақай қорымына төре тұқымы – Мұхит Мерәліұлы, Шәңгерей Бөкеев, т.б. жерленген. Сондай – ақ аудан орталығы – қаратөбе ауылынан солтүстікке қарай 20 км жердегі қорымға С.Датұлының серігі, батыр әрі би Қаратау Өмірзақұлы жерленген.

Шола зерттеу нәтижесінде Батыс Қазақстан болысындағы дәстүрлі мемориалдық – рәсми архиологиялық ескерткіштеріне Еділ татарларының әсері байқалады. Ал сол жағалау тұрғындары Үстірт ескерткіштерінің әдібімен көп бөлікті, тастан қашалған белгі орнатуға бейімделген. Сонымен қатар, облыс аумағындағы қорымдарда өзге де ерекшеліктер – отарлау кезеңінің просинциялық архитектурасының нышандары да із қалдырған. Облыс шеңберіндегі, әсіресе солтүстік пен шығыс кеңістіктегі ескерткіштерді кешенді түрде зерттеп, зерделеу келешектегі міндеті болмақ (қ. 16 – қосымша).

Облыс тарихында жергілікті экономикалық, әлеуметтік - мәдени дамуына үлес қосқандар көп. Тоғызыншы бесжылдықтың кезінде “Омега” прибор құрылысы зауыты, “Металист” тігін және киіз бастыру фабрикасы салынды. Он бірінші бесжылдықта “Оралмұнайгазгеология” мұнай – газ бұрғылау бірлестігі құрылды. Бірегей Қарашығанақ мұнай – газ конденсаты кен орны батысында “Қазақгаз” мемлекеттік холдинг компаниясы ұйымдастырылды. Норвегия, Жапония және басқа шет елдерге экспорт шығаратын мия өңдеу зауыты жаңа өндіру корпусына көшірілді. Обылыс аумағында өнеркәсіптің түрлі салаларын қамтитын жүзге жуық кәсіпорын бар. Облыс орталығының өнеркәсіп кәсіпорындары 30 шет елге өз өнімдерін өткізді.

Орал қаласы – тоғыз жолдың торабы, мұнда қала мен облыс орталықтарына, жақын және алыс шет елдерге темір жол ауа, су және автомобиль жолдары тоғысады.

Еліміз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, бес даму жолын таңдауына байланысты Батыс Қазақстан облысының саяси - әлуметтік өмірінде, жергілікті басқару жүйесінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты. 1992 жылы республикада әкімшілік басқару институты енгізіліп, облыс әкімі Н.Есқалиев (1992-93), Жақыпов (1993-2000) болды. 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап облысты Қ.Көшербаев басқарды. Жергілікті басқару жүйесінде облыстық мәслихаттың да алатын орны зор. Бұл мемлекетті билік органы тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністен сайланған депутаттар арқылы облыс тұрғындарының ерік – жігерін білдіреді. Сондай – ақ батыс қазақстандықтар республика аумағында маңызды мемлекет, қоғамдық іс – шараларға белсене қатысып, саяси – құқықтық және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға үлес қосып келеді. Мәселен, еліміздің жоғарғы заң шығарушы органына А. Есенғалиев, И.Б.Водолазов, Э.Ғаббасов, В.В.Киянский, Т.Сапаров, Р.Сүйербаев (1994), М.Артығалиев, С.Мұқанов (1996), В.Б.Асанов, Қ.Шалабаев, В.Я. Землянов (1999), сондай –ақ В.И.Балдин, А.Таспихов, Р.Ахметов депутат сайланды.

Облыс тарихында жергілікті экономикалық, әлеуметтік – мәдени дамуына үлес қосқан басшылар есімі құрметпен аталады. Мәселен, Кеңес өкіметі жылдарында облыс партия комитетін К.М. Аммосов (1932), І.Құрамысов (1934), Х.М.Пазиков (1937), М.С. Салин (1946), С.Тоқтамысов (1955), С.Ниязбеков (1959 – 62), ш.Қоспанов (1962 -75), М.Ықсанов (1975 – 86), Н.Ескалиев (1986 -92), облыс атқару комитетін әр жылдарда Х.Ищанов, Ғафиатуллин, П.П. Волошко зерттеді.


2.2. Солтүстік және Орталық Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері

Беғазы кешені - Қазақстандағы қола дәуірінің соңғы кезеңінен сақталған тайпа көсемдері мен дін басыларының бейіттері. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінің оңтүстік – шығысында 40 км жерде. Беғазы қорымының солтүстік – шығыс жақ шетінде орналасқан. 1947 – 1952 жыл Орталық Қазақстан архиологиялық экспедициясы ( жетекшісі - Ә.Мағұлан)“ зерттеген 6 қоршаулы обалардан тұрады. Барлығы қазылған. Құлылыста бір – біріне ұқсас. Тек көлемдері әртүрлі. Сыртқы көлемі 4х4 метрден 9,6х9,6 метрге жетеді, пішімі шаршы, кісі қойылған қоймасының көлемі 2,2х2,2 метрден 6х6 метрге дейін. Екі жағы үлкен қақпақ тастармен көмкерілген, қабырғаларының қалыңдығы - 1,8 -3,6 м, биіктігі 0,4 – 1,1 м. Барлығының шығыс жағынан 1,8 – 9 м, ені 0,75 – 4 дәліз салынған Кешеннің ішінде көлемінің үлкендігімен көзге 1 - және 2 – бейіт. Сыртқы қоршауды құрайтын қақпақ тастарды биіктігі – 2,5 м Бейіттер кезінде ұрланғандықтан жерлеу дәстүрін анықтау үшін”

тайпаның іріктелуі нәтижесінде жерлеу дәстүрінанықтау үшін емес. Қабірлер бірнеше бөлікке мүрдеге арналса, екінші бөлігі түрлі заттар мен сс құылатын орын болған. 1 – бейітте бұл орын саз жентектерден қаланған,ұзына бойына үш сытас тіреуіш қадасы бар, сәкі тәрізді. Оның үстіне найзаның қола ұшы, тас кетпен, тас балға, төрт көзе мен марал, арқар таутеке сүйектері қойылған.Осы жерде мәйітті орын да бар. Оның ұзындығы 2,8 м, ені 1,2 м. Басқа бейіттердің ішінен де күл, күйген сүйек қалдықтары кездеседі. Беғазы кешені көзеренінің пішіні де, өрнектері де андрон мәдениетінің көзелерінен басқаша. Көбі құмыра тәрәздес, қабырғалары жұқа, сырты мұқият тегістелген, өрнек салу тәсілдері де өзгеше. Беғазы кешендерінен қола шаштүйреуіш, жұлдыз моншақ, тас қайрақ, өрнектелген және өрнегі жоқ сүйек түтікшелер, жебенің үш қола ұшы табылған. Бұл заттар, әсіресе, жебенің екі қанатты, үш қанатты ұштары Беғазы кешенінің б.з.б. – 8 ғасырларда салынғанын көрсетеді. Осы кезеңде мұндай ірі кешендердің салынуы (Дәндібай, Бұғылы Ақсу-Аюлы, Сангру) құрылыс ісінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Оған қойылған кісілердің сол қоғамдағы орнының ерекше болғандығы айтады.

Беғазы қорымы– Қазақстандағы қола, ерте темір тоб. Қарағанды обылысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінің оңтүстік – шығысына қарай 40 км жерде. Қаратал (Беғазы) өзінің оң жағалауында . 1947 – 49 және 1952 жылдары Орталық Қазақстан архиологияқ экспедициясы (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген.Беғазы қорымында қола, ерте темір дәуірінің бейіттері мен ортағасырлық 57, кейінгі кездердегі 100 – ге жуық қазақ бейіттері бар. Қорымның аум 240х570 м 20 бейіт зерттелді. Оның 14-і андрон мәдениетінен Беғазы – Дәндібаймәдениетіне өту кезеңіне жатады. Өтпелі кезең бейіттері өңделеген төртбұрыш, шаршы, дөңгелек пішінді жалпақ грагнит тастары қырынан, жоғырғы жағын ортаға қарай еңкейте құрастырылған қоршаулар ретінде болады. Мәйітті оның ортасындағы тас жәшіктерге жерлеген. Кейбір қоршаудың ішінде қос жәшік қатар салынған. Олар ертеректе тоналған. Сақталған сүйектерінің қалдығынан, олардың бүклеліп, қырынан батысқа қарай жерленген, бірінің мүрдесін өртелгенін күлінен анықталды. Бейіттер андрон мәдениетінің соңғы кезеңіне тән, өрнегі мен пішіні сақталған көселер мен олардың сынықтары. Жебенің тастан жасалған ұшы, мыстан, илемеден жасалған моншақтар, киімге тағатын өрнекті жапырмалар, Алтыннан апталған салпыншақтар мен екі дөңгелек сырға, т.б. заттар табылды. Беғазы қорымындағы пішімі, құрылысы, табылған бұйымдар Оңтүстік Қазақстанда қола дәуірінен соңғы кезеңінде өмір сүрген. Тайпалардың жерлеу салты. Діни сенімдері, қолөнеру туралы күнделікті мағлұмат береді.

Қазақстан территориясында 6002-ден аса неолиттік және энеолиттік тұрақтар болатын болса, соның үшеуі Баянауыл өңірінде. Олардың бірі Жақсыбай көлінің, екіншісі Сағындыкөлдің жағалауында, үшіншісі Баянауыл орталығынан 8 км қашыттықтағы Капар деген жерде орналасқан. Орталық Қазақстанның тарихи топографиясында да қола дәуірінің қоныстары мен өзен аңғарлары бойнан тыс жерлерде де кездесе бастады. Бұл қоныстар Қарқаралы, Баянауыл далалары мен Нұра, Есіл, Шілдерті өзендерінің бойын қамтиды. Қола дәуірінің қоныстарының үлгісі көп бөлмелі тұрғын үйлер ретінде көрініс табады. Ол үйлердің ортасында жеке ошақтардың орны табылған. Мұндай қоныс орындары Ақкезең, Қаратомар, Тағыбай бұлақ тағы басқа жерлерде ашылып зерттеледі.

Әуелі Темір дәуірі ескерткіші Тасмола зираты Павлодар облысы, Шідерті өзені бойынды кіші – гірім қырдың басында орналасқан. Оларға 1959 жылы зерттеу жүгізілді. Зиратта әртүрлі деңгейдегі 36 жерлеу жәшіктері, қола дуірінің қоршауы, жерқорғандар, бір “мұратты обы”, қазақ қорымы орнадасқан. Баянауыл даласында 1964 – 1965 жылдар геолог В.С.Танцюра Қойтас жерінде 12 тұрақтың орнын ашты. Бұлардың ішіндегі айғақты деректерді беретіндері Қойтас І, Қойтас ІІ, Қойтас IV, Қойтас VII, Қойтас XII. Олардың барлығы Баянала тауының солтүстік беткейінде, осы өңірге белгілі Қойтастың басы. Табылған заттық құралдар: 70 нуклеус, 121 пышақ қырғыштар, 35 қырғыштардың ұштары, 33 қашаулар, 1180 қырғыш заттық құралдар.

Қола дәуірінің ескерткіштерінің бірі “Тағыбай бұлақ” деген жерде. Бұл ескерткіш 1974 жылы М.Қадірбаевтың жетекшілігімен зерттелді. 1989 жылы Баянауыл ауданы Бірлік моласын А.Бейсеновтың ғылыми жетекшілігімен зерттеу жұмыстары басталды. Екі жыл ішінде 14 оба зерттеліп, ерте көшпенділердің зерттеу рәсімі жөнінен біршама деректер берді.

Он саусағына өнері тамған тас безеуші – шеберлердің тамаша туындылары – тас мүсіндер еді. Өткен замандардан сақталып, біздің уақытқа дейінгі жеткен тас мүсіндер жөнінде ғылыми тұжырым жасаған Әлекей Марғұлан болды. Ол Сарыарқаны 30 жыл бойы зерттеген. Тас мүсіндері туралы жазғаны да көп. Түркі мен Қыпшақ дәуірінен қалған ондаған мүсіндер тауып, Ә.Марғұлан: “Тегінде, мұндай тас мүсіндер әрбір өлген адамның ескерткіші ретінде орнатылған, сондықтан олардың әрқайсысы әрбір өлген адамның келбетін бейнеледі деуге болады”, - деп жазды.

Мүсін тастардың шоғырланған жерлері Жаңаарқа, Ұлытау өңірі болып есептеледі. Ұлытау ескерткіштері сияқты тас мүсіндер тобы Астана қаласының алдындағы Шұбардан басталып Ерментаудың сыртына дейін кездесіп отырады. Олардың жие кездесетін жері Кедей, Торғай өзендерінің бойы мен Ерейменнің сыртқы жазықтары, Олжабай, Едіге сөрелерінің қасы. Торғай өзені бойындағы тас мүсіндердің бір тобын ғалым А.Машанов зерттеп, қағаз бетіне түсірген. Бұл мүсіндер қос батыр деп аталады. Кедей өзенінің бас жағындағы Жаушоқы деген жердегі ескерткіш солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған, көлемі 3,5х3,5 м екі тас шарбақ зерттелген. Шарбақтың әрқайсысының шығыс жақ іргесіндегі беті шығысқа қарап бір –бір мүсіннен тұрған.

Тас зират. Бақтыбай қажының қорымында орналасқан енді бір зират бедері өңделмеген табиғи асты жымдастырып қалаған сәулеткерлік өнермен ерекшеленеді. Осы аталмыш қорымның сәулеткерлік құрылымын тас күйінде қайталаған. Зираттың барлық алты қыры және қабырғалары кескінделіп салынған. Табиғи тасты өте ұқыптылықпен қалау әдісінің арқасында бұрыштыма қырлары бұл күндері де жақсы сақталған. Дегенмен, тас зираттың біршама бөліктері қираған. Сәулеткерлік құрылымындағы өлшемдерін қарастырсақ, ішкі диаметрі – 3,3 м, қабырғасының қалыңдығы – 1,20 м. табиғи заттардың аумақтары құрылыс қалауында қолданылғанына қарай әртүрлі.

Амалдық сопы мазары. Қарағанды - шідерті тас жолының бойындағы Шідерті өзенінің ескі арнасының жағасында орналасқан. Ескерткіш ХІХ ғасырдың ІІ жартысында тұрғызылғын. Күмбез архитектуралық құрылым жақсы сақталумен және қайталанбас өзіндік қалануымен ерекшеленеді. Себебі бұның төбесі жабық, ал жан – жақты қабырғалары шаршыдан жоғарылаған сайын ұшталып салынған. Жерден – 3,10 м биіктікте терезе басталады, оның биіктігі – 1,10 м. Төрт терезенің екі жақ бөлігіқұлаған, қалған екі бөлігі сақталған. Жан құбырларының өлшемі – 5,20 м, алдыңғы қабырғасы – 5,40 м. Есігінің биіктігі – 0,95 м, ені – 0,60 м. Қабырғасының қалыңдығы -1,10 м. Архитектуралық құрылымыбойынша бұл тектес күмбез бұл өңірде кездеспейді.

Жасыбай- Баянауыл тауларындағы табиғаты аса көркем жерлердің бірі. Адам тұрмысына ерте дәуірлерден-ақ қолайлы болғанына ескілікті жәдігерлер куәлік етеді. “Арғымақтағы” көне дәуірден сақталған ізтаңбаларда елдікті сипаттайтын тасқа түсірілген таудың, ерліктің белгісі болып табылатын найзалы жауынгердің суреттері салынғпн. Сол сияқты бұл жерде ғұндар кие тұтқан бұғының, бақсы-абыздар көлік ретінде мінген түйенің суреттері бейнеленген.

Жасыбай жерін қазақтың арғы бабалары тас, қола, темір дәуірлерінде де, ғұн, түрік заманында да қоныс қылған. Қазақтың әйгілі батырлары Олжабай. Жасыбай, Жалаңтөс осы жерлерді мекендеген. Жасыбай көлінің жағасында Жаяу Мұса, Ермұхан Бекмаханұлы дүниеге келіп, балалық шағын өткізген.

Мәтек абыздың екі қонысы Далба тауының бауырындағы Қарағайлы бұлақ, мұрынтал жерінде. Өз дәуірінде ерекше қасиеттерімен танылған Мәстек абыздың өмірі, қария сөздің айтуынша, осы жерлерде өткен. Мәстек абыздың зираты Мұрынтал аулының ортасында орналасқан көне қорым ішінде.

Түрік кезеңінің әйел мүсін тасы, Баянауыл өңірінен. Әйел адамның басында қазақы суйе келе бейнеленген. Ер адамның қолында тостаған болуы- бақсы-абыз белгісі. Қанжар суреті салынуы- батырлықты білдіреді. Көп жағдайда ер адамның мүсініндегі бейнесі малдас құрып отырған күйінде салынған.


2.3.Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері


Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы – ғылыми- мұрағаттық мәдени мекеме. Орталық Азиядағы ең ірі де көне мұражайлардың бірі. 1925ж. Қазақ өлкелік Орталық мұражайы құрылды. 1929ж. Қазақ өлкелік Орталық мұражайы жаңа астана- Алматыға көшірілді, Жетісу губерниясының мұражайымен біріктіріліп, еліміздегі іргелі мәдени ордаға айналды. 1944 жылдан қазіргі атымен аталады. Алматы қаласындағы мұражайдың жаңа ғимараты архитекторлар: Ю.Ратушный, З.Мустафина, Б.Рзағалиевтердің жобасымен 1985ж. салынды. Жалпы аумағы 17 мың м2 құрайтын құрылыс кескінінде төрт экспозиция залы, ауқымды көрме галереясы мен сақтау қор-қоймалары, киномәжіліс залы, қызмет кеңселері бар. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәурінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйым жинақталған.

Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайдың полеонтология залына хронологиялық мөлшері 570 млн. жыл бұрынғы кембрий дәуірінен бастау алып, голоцен деп аталатын бүгінгі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын жәдәгерлік бұйымдар қойылған. Олар қазіргі Қазақстан жерінде тіршілік еткен жан-жануарлар, өсімдіктер, тасқа айналған сүйек қалдықтарымен таныстырады. әсіресе, 420 млн. жыл бұрынғы тіршілік еткен трилобит деп аталатын жануарлардың түрі, 300 млн. жыл бұрын пада болған ең алғашқы омыртқалы жануарлардың бірі-стегоцефалдар, сондай-ақ, Қазақстан аумағында тіршілік еті, 10-12 мың жыл бұрын жойылып кеткен мүйізтұмсықтар мен піл-мамонттардың сүйек қалдықтары ерекше құнды.

Мұражайдың аргеология қорындағы сирек кездесетін экспонаттар- ежелгі обалар мен көмбелерден табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мәнері бағзы дәуірдегі бабаларымыздың эстетикалық талғамын көрсетеді. Мұражайға 1939ж. Алматы қаласынан 50 км батыста, Іле алатауы бөктерінде орналасқан Қарғалы қонысынан табылған көмбе бұйымдары қойылған. Бұл “Қарғалы көмбесін” қазғанда шамамен б.з.б. 2ғ.-б.з. 1 ғасырында өмір сүрген абыз әйелдің мүрдесінен бірге көмілген ерекшк әсем 370әшекейлік бұйым шықты. әйелдің басына киетін тәтісі-қарғалы диадемасында бейнеленген құстардың, хайуанаттардың, қиял-ғажайып кейіптегі әйел мен ер адамның бейнелері ата-бабаларымыздың ғарыш пен кеңістік туралы дүниетанымын аңғартады.

Бестамқала- Қазақстандағы орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Қызылорда облысынан солтүстік батысқа қарай 240 км жерде, Жаңадарияның құрғап қалған арнасының бойында. ХІІ-ХІІІ ғғ. өркендеген қаланың ауданы 390х300м, айнала екі қатар дуалмен, терең ормен қоршарған, ішкі қорғаныс алаңы оның бойындағы биіктігі 3м, мұнаралар мен ауызғы бөлмелері жақсы сақталған. Мұнаралардың ортасын жалғастыратын жұмбаздап соғылған дуалдың биіктігі 1,5м, қабарғасы 1м. Сыртқы қорғаныс дуалының қалыңдығы 2м-ге жуық. Биіктігі 3м. Қала ішінде төрт бұрышты жердің орындары сақталған. Қорғанға сырттан солтүстік және оңтүстік қабырғалар арқылы кіретін болған. Үйдің орны мен ерекше ошақтардың қалдығы ашылып алынған. Қашалынған қыш ыдыстар, металдан жасалған дөғгелек қалқанның, тастардың, көгілдір моншақтың ойыншықтары, жебенің сабы ментемір қорытпалары т.б. сақталған.

Бесшадыпыт- Батыс Түрік қағанатындағы ондық негізде оң қанатқа топтасқан территориялық-тайпалық бірлестіктің атауы. Деректер бойынша 648 ж. Бесшадыпыт құрамына Азғыр, қашу, барсхан, Азғыр-Низук,Қашу-Чубон тайпалары енген. Бесшадыпыттар негізінен Шу өзенінің батысы мен солтүстігіндегі

Бесшатыр- Қазақстандағы көне қорамдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы, Іле өзенінің жағалауынан 3 км жердегі Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында.1957,1959-61ж. Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев) зерттеді.қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2км болатын алқапты алып жатыр. 21-і тас пен, ал 10-ы қиыршық тас арқылы топырақ үйінділерімен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең ірі үлкен, ІІ және ІІІ обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45-ден 105-ге дейін, биіктігі 6-17 м-ге дейін, тиісінше орталарынікі 25-38м, 5-6м, кішісінікі 6-18м, 0,8-2м. Ескерткіштердің көлеміне қарай жіктелуі бұл аймақтың ежелгі Бесшатыр тұрғындардың әлеуметтік баму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 18 оба қазылды. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар. Алынған ғылыми деректкр ежелгі сақтардың әлеуметтік топтарға жіктелуі, шаруашылығы, тұрмыстық салт-дәстүрлері, діни-наным сенімі, архитектуралық жетістіктері, тұтынған қару-жарағы мен құрал жабдықтары жайлы құнды мәліметте береді. Таспен жабылған 21 обаның алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын тізбектер бар. Олардың жалпы саны 5-тен 94-ке дейін жететін тастардан тұрғызылған құрайды.

Айша бибі кесенесі- Қазақстандағы сәлет өнері ескерткіші. ХІХ ғ. салынған. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан. Кесене құрылысын 1897ж. В.А.Киплаур, 1938-39жж. А.Н.Бернштейн жасаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы. 1953 ж. Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген Күмбезді Қарахан (Әулие Ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен. Ауданы 7,6х7,6м. бұрыштар бағаны- тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында кұлпытас (3х1,4м) орналасқан. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір арқылы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғары жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді.бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға арап әріпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде “күз,бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80см) үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі палитармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқа беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш қисақ плиткалар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне алпыс түрлі әшекеей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл ойулар бір-бірімен қиуласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипатталған композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Әмір Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды – тақталды дәстүр айқын аңғарылады. “Қазақ жобалау, қалпына келтіру” институтының Айша бибі кесенесін ресубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескеткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлкет қорғауына алынған.

Есік сақлаған жазуы – Қазақстандағы сақ дәуірінен сақталған жазба ескерткіш. 1970 жылы Іле өңірінің тау бөктеріндегі Есік қаласы іргесінен сақ дәуірінде (б.з.б. 5 – 4 ғасырларды) салынған үлкен қорым қазылды. Қазу жұмысына жетекшілік еткен – К.Ақышев. Мазардың ішінен алтынғы бөленген жауынгердің мәйіті, дулығасы, алтын саты қанжары мен семсері, түрлі ыдыс - аяқ және жұмсақ жазуы бар күміс тостағанша табылды. Күміс тостағаншаның сыртқы жағына ойылған 26 таңба екі жолға жазылғын. Үстінгі жол тостағаншаның тура түп ортасына, ал астыңғысы жол бүйір тұсын жиектей ойылған. Үстіңгі жолда 9 таңба, астыңғы жолда 17 таңба бар (оқшау тұрған таңбаны қоса есептегенде). Күміс тостағаншадағы осы таңбалар, біріншіден, көне түркі сына жазулары таңбадларына ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне әліпбилік таңбаларға (әсіресе, көне грек пен арамей әріптеріне) үйлеседі. Сөйтіп бұл жазуды көне түркі тілінде оңнан соға қарай былай оқыдық: Аға, сыңа очкуқ! Без чөк! Букум ічре (р?) азуқ і. Аудармасы: Аға саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы), тізеңді бүк! Халықта азық – түлік (мол болғай!)! Сақ дуіріндегі бұл көне түркі жазуы, біріншіден, адам о дүнеге барғанда өмір сүреді, азық түлік керек етеді деген сенімді білдірсе, екіншіден, халықтың сыртқы дұшпандарды жеңуге бел байлағанын көрсетеді, үшіншіден, халықтың қағанағы қарқ, сағанағы сарық болуға ұмтылған тілегін білдіреді. Бұл жазудың аса бір құндылығы – ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларынаң тілі көне түркі тілі болғандығын тағы да нақты дәлелдей түседі. Сондай – ақ, Қазақстан жерінде алғашқы көшпенділер де жазу – сызу бомады – мыс деген пікірдің ешбір негізсіз екенін айқындап, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес тайпалардың жаза білгендігін және оның кең түрде пайдаланылғанын куәландырады.

Арыстан баб кесенесі – Түркістан мағындағы ежелгі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман тілін таратушы Қожа Амет Иассауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған. Мазар XIV ғасырда қайта жөнделген. Осыған орай ел арасында тараған мынадай аңыз бар: “Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз келіп, дуалдарды мүйізімен соғып, құлатын кетеді. Ғимараттың қабырғасы қайта тұрғызылып, күмбездері қайта қалана бастағанда осы оқиға тағы қайталанып, құрылыс үйілген төбеге айналады. Бұл жай Әмір Темірді көп ойландырады. Бір күні түсіне ақ киімді шал еніп, ол Қожа Аметтің алғашқы ұстазы Арыстан бабтың қабірінің үстіне мазар сал деп кеңес береді. Осы кеңес орындалған соң ғана Әмір Темір Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі құрылысын ойдағыдай аяқтапты”. Арыстан баб кесенесі ХХ ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35х12 м, биіктігі 12 м бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделді. Дәліз - қақпа майданшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һиджра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт жазылғын. Құрылыс мемлекет қорғауына алынған.

Қожа Ахмет Иассауи кесенесі - Түркістан қаласында ХІV ғасырдың соңына тұрғызылған архитеттуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылғын кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. 1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардғы қантөгіс ұрытарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойп, астанасы – Сарай - Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Яссауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесенені орнатуды ұйғарады. Осы тұрғыда Әмір Темір тек діни мақсат – мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге және дала жақ ту сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Бұл кезде Әмір Темір Мағолстан әміршісі Хазыр Қожа ханның қызы – Тукел ханымды алмақ болып той қамына кірісіп жатқан қалыңдықты қарсы алу үшін Әмір Темірдің әмірімен Самалқандта “Ділкүш” (“Гүл атқан жүрек”) бағын салу аяқталды. Қалыңдығының алдынан шызуға аттанған Әмір Темір жолшыбай Шанас елді – мекеніне таяу маңдағы Ахангеран қойнауында біраз аялдайды. Қыркүйек айында ол арадан Яссы шаһарына соғып, Қожа Ахмет Яссауи зиратының басында қлшылық ету ырымын жасайды, мазар маңында тұрған шырақшы мен діни қызметшілерге бағалы силықтар береді. Деректерде, Қожа Ахмет Яссауидің ХІІ ғасырда салынған, құлауға жақын тұрған мазарын көрген Әмір Темір мұны бұзып, орнына жаңасын салуға әмір еткендігі айтылады. Әмір Темірдің ұсақ – түйекке дейін есептеп барып берген нұсқауында кесененің негізері алдын – ала анықталып көрсетілген-ді.



Жамағатқана күмбезінің 41 кезге (кез – ұзындық өлшемі, бір кез – 60,6 см-ге тең) ал айналасы 130 кезге тең болуы тиіс. Бас фасады қос мұнаралы биік порталмен көмкерілуі керек еді. Пештақтың мұнараларға дейінгі ені - 60 кезге, пештақ арқасының биіктігі – 30 кезге жетуі қажет болатын. Одан әрі қабырғаларының ұзындығы – 30 кезе тең, бірнеше металдың қоспасынан құйылған қазан орнатылатын төртбұрышты, күмбезді бөлме – жамағатхана орналаспақ еді. Оған қабырғалары 12 кезге тең, әр қабырғасында 4 қуысы бар, төбесі қосарлы күмбезбен көмкерілген төрт бұрышты бөлме – көрхана жайғасуы керек-тін. Бұл бөлменің еденіне Тавриз мәрмәрі төселуі тиіс еді. Көрхананың оң және сол жағынан көлденең 16,5х13,5 кез бөлмелер салынуы керек болатын. Бұлардан басқа да бөлмелер болуы көзделеген тұгын. Әмір Темірдің жарлығы бойынша Яссы шаһара\ының маңынан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне пайда түсіріп тұратын жерлер мен арықтар атап көрсетілген “Вакфнаме” жасалды. Мұнда әкімшілік ететіндер де, оларды ұстауға кететін шығындар да, жөндеу жұмысын жүргізу жайлы да аталынып көрсетіліп, тұңғыш мутевали болып Қожа Ахмет Яссауидің ағасының ұрпағы Мір Әли Қожа тағайындалды.

Құрылысты жүргізуді Әмір Темір өз дуанында игілікті істермен шұғылданатын Мәулен Ұбайдұлла Садырға жүктеді. Кесенені салу жедел қолға алынып, сол заманғы деңгейден қарағанда әлдеқайда қарқынды жүргізілді. Негізгі қосымша бөлмелерді салу кезінде құрылысшылар қолдарындағы архитектуралық сызбарлар мен ғимарат жобасына сүйеніп отырды. Әмір Темірдің болашақ кесене жасауға тікелей қатысып, құрылысшыларға нақтылы нұсқау бергендігін әр түрлі жазба деректкер де дәлелдейді. Қытайға қарсы жорығын жүзеге асыра алмаған Әмір Темір 1405ж ақпанда Отырарда дүние салады. Ол өлген соң, кесене құрылысы да тоқтап қалады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – аса үлкен порталды – күмбезді құрылыс. Оның ені – 46,5 м, ұзындығы – 60,7 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені – 50 м жуық порталды арқасының ұзындығы ұзындығ – 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түлрі мақсатта арналған 35 бөлме салынған. Жамағатқа (мұна қазан тұруы себепті қазандық деп аталады) күмбезінің ұшыр басына дейін есептелгендегі ғимараттың биіктігі – 37,5 м. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы – 1,8 -2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы – 3 м. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері – ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынанат тұрады. Ол порталы оңтүстік шығысқа, ал бір беттері тиісінше оңтүстік – батыс пен солтүстік – шығысқа қарайтын етіп салынған. Келген адам орта залға бас порталдың сәнді есіігі арқылы креді. Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкені, диаметрі – 18,3 метрлік күмбезбен көмкерілген. Бұл бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Яссауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады. Көрхананың қос қабат күмбезін кейде Мұхаммед Ханафия порталы деп те атайды. Қазандықтан өзге бөлмелерге қарай қос қатарлы сегіз дәліз тарайды. Бұл дәліздер ғимаратты сегіз дара блокқа бөледі. Әр блокқа архитектурасы да, пайдаланатын мақсаты да әр қилы бөлмелер бар. Оңтүстік батыс блокта мешін орналасқан. Ал оңтүстік – шығыс блокта халимхана бар. Халимханада дүйсенбі мен жұма күндерікедей – кепшікер мен зйруіштерге тегін үлестірілген тағам - халим әзірленетін болған. Солтүстік – шығыс боокка құлдықхана, ал солтүстік - батыс блокта Үлкен Ақсарай орналасқан. Оңтүстік – батыс және солтүстік шығыс жақтарының орта тұсында өзінің архитектуралық тұрқы жағынан біртектес, қабатты залдар – Кіші Ақсарай мен кіиапхана бар. Кесенедегі сегіз дәлдіздің алтауы - өтпелі де, екеуі – тұйық. Архитектура мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тек зират болумен шектелмей, мешіт – медреселік қызметтерді де атқарған. Түрлі мақсаттағы бөлмелердің басын осылайша біріктіру өз заманының тамаша үлгісі болып табылады. Кітапхана мен Ақсарай бөлмелері көлденең арқалармен жабылған. Төбені осылайша жабу түрлі пошымдағы күмбездерге, тұрқы шаңырақ тәрізді иықтар мен жаппаларға негіз болып тұр. Бұл жаппаларда көтеруші арқалардың өзара қиылыу элементтері Орта Азия архитектурасында сол кезге дейін кездеспеген елеулі жаңалық болып табылады. Негізгі бөлмелер – қазандықта, көрхана мен мешітте қос қабатты арқалар жоқ, олардың әрқайсысының қабырғаларынан төрт – төрттен ойықшалар жасалған. Күмбездердің ішкі қабаты алуан тұрпаттағы сталакиттерге көмкерілген. Бұлар арша ағашынан жасалған білезіктермен бекітілген. Кесененің сырт қабырғаларының көмкерілуі үш бөлікке жіктеледі. Оның орта бөлігіне үлкен көлемдегі өрнектелген жазулар түсірілген, жоғары жағына – эпиградтық фриз, төменгі жағына (ірге бөлмесіне) биіктігі – 1,85 тас кенере жүрзізілген. Ірге бөлегі қашалғаг тас тақталармен дәнекерленген. Кесененің үш қабырғасының үстінгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде құраннан алынған сөздер жазылған. Эпиграфтық фриздің жазулары терракоталық фонда қүйма кірпіштермен өрнектелген. Фриздің биіктігі – 2,37 м. Жазулар көгілдір қышпен өрнектеліп, қара көк түсті кірпіштермен көлеңке түсірілген. Ғимараттың солтүстік бетіндегі екі бұрыштың екеуінде цилиндр түріндегі дөңгелектер бар. Бұл дөңгелектерге де қуфа қарпімен жазылған жазулер мен ою - өрнектер түсірілген. Жазулардың арасынан “Алла”, “Мұхаммед”, “о”, “Жарылқаушы”, “Билік Аллада”, “Алла менің әміршімс” деген секілді тағы бпсқа сөздерді оқуға болады. Кесененің солтүстік – шығыс бетінде Ілияс хан ойығының үстіндегі фриз соңында “Шираздық Қожа Хасан” деген сөз және “һиджраның 800 жыл” деп жазылған. Көрхананың қатпарлы күмбезінің жоғары жақтауы мен алты бұрыштытақтайшада куфалық стильмен шираздық мозаикашы Шемз Әбдәл – Уақабтың есімі жазылған.Ол күмбезді қатпарлы қабырғаларына өрнектер жасаған шебер еді. Бас порталдың екі жағы биік мұнарамен жиектелген зәулім арқасы бар. Оның ені – 50 м-ге, ішінің ұзындығы – 18,2 метрге, биіктігі – 37,5 метрге тең. Порталдың салынып бітпей қалған тәрізденіп көрінеді. Әмір Темірдің кезінде бас порталдың тек нұсқасы ғана бар – ды. Оның құрылысын 1583 – 98 жыл Бұхарды билеген Абдолла хан аяқтады. Абдолла хан заманындағы жөндеу жұмыстарына арналған ағаш діңгектер бүгінге шейін сақталған. ХІХ ғасырда Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталға қарабайыр қоғау орындары салынып, қам кешекпен қоршалған, кесене қамалға айналдырылған. Ортақ залы – қазандық төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген төртбұрышты бөлме. Қазандық күмбезі сегіз қырлы, діңгек үстіндегі желкенге табан тірейді. Қазандық күмбезінің ішкі жағы – 18,2 м-ге, сырты -20,5м-ге тең. Қазандық,көрхана және мешіт қабырғаларының төменгі жағы алты бұрышты көгілдір тақтайлардан тұратын биіктігі(1,5 метрлік майолика тыстамамен қапталып, мозаикалық өрнектермен әшекейленген. Әрі мозаикалық бедермен көлеңкелендірілген. Ал еденге жанасар тұста, бетіне өсімдік өрнегі салынып, тастан қашалған белдеушелер жүргізілген. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да халық өнерінің лағыл- маржандарының қатарына жатады. Бұларда да оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд –Дин Изединнің есімі жазылған. Қола шырағындағы жазулар һиджраның 799 жылы 20 рамазанында жасалғандығын көрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі- әулиенің көрханасы болып табылады. Бұл- қабырғаларының ұзындығы 7,15 метрлік төртбұрышты бөлме. Қабырғаларында сталаттиттермен әшекейленген тайыздау ойықтары бар. Көрхананың төбесі қосқабатты күмбезбен көмкерілген. Ішкі күмбезі – құрылыстық, сыртқы күмбезі- көркемдік міндет атқарады. Көрхана күмбезі бұрыш- бұрыштағы төрт білікке тіреліп, биік мойындықпен көтерілген. Сыртқы күмбезі қатпарлы. Бұл қатпарлар өсімдік өрнегі пішіндес мозайкамен қапталған. Солтүстік портал қабырғаларының көркемдігі көрген жанды таң қалдырады. Үш ширектік дінгекшелері алты қырлы тақталармен қапталған, көгілдір түсті бояулар мен айшықталған. Көрхананың дәл ортасында Қожа Ахмет Иассауидың сағана- құлыптасы орнатылған. Ол жасыл түсті яшмадан жасалған, ернеуіне нәзік өрнектер салынған. Қазандық пен көрханадағы Сафар шебер өрнектеп жасалған ағаш есіктер көркемдігімен көз жауын алады. Көрхана есігінің ою- өрнектері сүйекпен ерекше нақышталған. Есік жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Есіктің үстіндегі тас тақтайға көрхана Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылғандығы жайында жазылған. Кесененің мешіті де аса бір тамаша архитектуралық құрылыс. Ол мойындығында 16 терезесі бар, шағындау қос қабат күмбезді сопақшалау келген зал. Оған қазандық бөлмесінен Жолбарыс хан дәлізі арқылы өтуге болады. Мешіттің батыс жақ қабырғасында Меккедегі Қағба сияқтандырып 3,5х2,5 метрлік мозайкалық михраб орнатылған. Михраб мешітке ерекше көрік беріп тұр.

Оның беті мозайкамен және өсімдік суретімен әшекейленген. Михраб- жебе ұшты арқасы бар ойық. Бұл ойық көгілдір түсті мозайкамен көркемделген, тікбұрышты сәндік белдеумен қоршалған, оған ақ әріптермен құран сөздері жазылған. әр жерден әсемдік үшін жалатылған алтынның сілемі көзге шалынады. Кесененің оңтүстік батыс жағында діншілдердің қырық күндік ораза ұстауына және құдайға құлшылық етуге арналған жерасты мінажатханалары Қожа Ахмет Яссауидің көзі тірі кезінде жасалып, қайта жаңғыртылған. ХVІ ғасырда мешітке іргелес қосалқы бөлмелер тұрғызылған. Бұлар: батыс беткейдегі дәрет алатын тахаратхана мен Үлкен Ақсарайдың солтүстік шығысындағы “балхи” тәсіліндегі иықпен көмкерілген жер асты зираттары. ХVІ ғасырдан бастап, кесененің жекелеген бөлмелерінде әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде және оның төңірегінде Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар жерленген. 1864 жылы Черняев бастаған Ресей әскерлері Түркістан қаласын алған кезде полк. Веревкин қала қорғаушылары бас сауғалаған Қожа Ахмет Яссауи кесенесін зеңбірекпен атқылады. Оның снарядтары кесенені 11 жерден опырып кетті. 1871-72 жылдары А.Кун 7 дана фотосуретті “Түркістан” альбомын құрастырды. Бұл әлем жұртшылығының Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бұруға белгілі дәрежеде әсер етті. Соның нәтижесінде Ресей өкімет орындары Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне көңіл бөле бастады.

1884 жылы патша үкіметі кесенені жөндеуге 15 мың сом қаржы бөлді. ХІХ ғасырдың соңына қарай ғалымдар Қожа Ахмет Яссауи кесенесін – эпиграфикалық зерттеуге ден қоя бастады. 1907 жылы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жөндеуге мұсылман бұқарасынан ерікті түрде жәрдем жинауға әрекет жасалды.

1910 жылы Түркістанға жергілікті орыс әкімшілігінің бақылауымен кесенені жөндеуге қаражат жинайтын арнайы комитет құрылып, мұсылмандар жинаған 12 мың сомға ғимараттың төбесі мен қабырғаларының бір бөлігіне азды- көпті жөндеу жүргізілді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін исламның Қазақстандағы басты орталығы ретіндегі діни қызметіне тосқауыл қоюға ұмтылған кеңестік тоталитаризмнің әрекеттері діттеген жеріне жете алмады.

1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Яссауи республика мұражайы ашылды. 1989 жылы 28 тамызда Қазақстан Үкіметінің шешімімен “Әзірет Сұлтан қорық мұражайы” ашылды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілді. Қазақстан Үкіметі түркиялық фирмалармен бірлесе отырып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін толық қалпына келтіру жұмысын аяқтады (2000).

2.4. Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері

Семей- Қазақстанның ірі және әдемі қалаларының бірі. Ол 1718 жылы І Петрдің жарлығымен құрылған. Дегенмен қаланың нақтылы жасы одан да көбірек. Себебі оның қазіргі орнында Доржнкент деген көне қала болған. Доржынкент қазақ – жоңғар қақтығыстры кезінде әлсіреп, жойылып кеткен. 1606 жылдың өзінде Михайыл патшаның грамотасында Доржынкент қаласының аты аталды. Онда бұқа стилінде салынғын әдемі сарайлар екені жазылғыан. ХІХ ғасырдың орта тұсында Ресейдің Азия бөлігіндегі керуен жолдары тоғысқан ірі сауда орталығына айналды. 1851 жылы қаланың елтаңбасы бекітіліп, 1854 жылы Кереку және Өскемен уездерінің басын біріктірген үлкен орталық облыс болып құралды. Кейбір ғалымдар “Семей” сөзінің түптөркінінің “ырысы сол, нұрлы жол” мағынасынын білдіретінін айтады. Бүгінгі күні Семей еліміздің рухани және мәдени орталығы ретінде белгілі. ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстанда тұңғыш рет Семей қаласында типография мен көпшілік кітапхана ашылып, алғашқы су құбыры жүргізілді. ХХ ғасырдың барысында бірінші футбол командасы құрылса, одан кейін де алғаш рет осы қалада фктбол мен шахмат элементтерін “Нью - футбол” ойыны дүниеге келді.

Бұл қасиетті мекен ұлттық цирк пен театрдың отаны. Сонымен қатар, мұнда Қазақстандағы алғашқы өлкетану мұражайы ашылып, оған Абай сиқты ұлы тұлға экспонат тапсырған.

Семей дегенде, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы Федор Достоевский, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әміре Қашаубаев, Галина Серебрякова, Всеволод Иванов және тағы да басқа ұлы тұлғалардың есімдері еске түседі.

Семей 1917 жылы құрылған “Алаш - Орда” партиясының көсемдерінің аттарымен біте қайнасқан саяси орталық. Сол жылдары қаланың сол жағалауы Алаш партиясының құрметіне Алаш қаласы деп аталғаны мәлім. Семей ерте кезден өзіне саяхатшыларды қызықтырған, саяхатшыларды тарихи терең тамырымен тарта білген қала. Мұнда Пржевальский, Семенов Тянь – Шанский, Потанин, Джордж сияқты әлемге танымал саяхатшы – ғалымдар ат басын тіреген. Бүгінгі күні Семей Қазақстанның аса қызықты да, тартымды туристік орталығы деуге болады.

Абай Құнанбайұлының Республикалық әдеби – мемориалдық, Федор Достоевскийдің ірі әдеби - мемориалдық мұражайы (мұндай мұражай Мәскеу мен Санкт – Петербургте де жоқ), Қазақстан эрмиажы ретінде жұртқа танымал болған Невзоровтар жанұясының өнер мұражайы, Қазақстанда ең көп тарихи - өлкетану мұражайы, Қазақстандағы алғашқы полиграфия мұражайы, анатомиялық мұражай, “Кішкентай әлем” атты қуыршақтар мұражайы – міне, қаншама мәдени – тынығу оындары бар. Алайда бұл қала мәдени орындардың толық тізімі емес. Қалада тарихи және архитектуралық ескерткіштер де көп. Солардаң бірі - көне шығыс бедерімен безендірілген екі минаретті мешіт екенін айта кету орынды.

Қаланың көрікті орындарының біріне айналған кеңестік кеңістіктегі алғашқы, дүниежүзіндегі 17 аспалы көпір де Ертіс өзенінңң шырайын келтіріп тұр. Өзен ортасындағы аралға орналасқан ядролық сынақ құрбандарына арналған мемориал да өлке тарихынан сыр шертетін тарихи ескерткіштердің біріне айналды.

Қала маңы өзінің ерекше табиғатымен, архитектуралық ескерткіштерімен көз тартады. Қазақстандық және шетелдік туристерді Еуразия континентінің географиялық орталығына апаратын маршруттың да қызықтырары сөзсіз. Бұл маршрутта тағдырдың жазуымен атақты Шыңғысханның лагері мен Абай Құнанбайұлының қорық – мұражайының көрші келуі де таң қаларлық құбылыс. Көк аспанға бой тартқан Абай мен Шәкәрімнің күмбезді мазарлары, Тоқтамыс хан мен Мамай батыр мазарлары да тарихтан сыр шертеді. Амфитеатр кешенінде этнографиялық ұжымдардың тамылжыта салған әнін тыңдап, қазақтың киіз үйінде отырып әр түрлі ұлттық тағамдардан да дәм татуға бар. Туристер сәйгүліктермен серуендеп, дала кемесі түйемен қыдырып, Ұлттық киімдерді киіп те суретке түсе алады. Ұлттық аңшылық өнермен танысып, қазақ ұлтының атты спорт ойындарына қатысып, өз бақтарын сынауларының да мүмкіндігі бар.

Бұл машруттың құрамдас бөлігі “Еңлік - Кебек” ескерткіші махаббат үшін қүрбан болған Тристан мен Изольда, Рамео мен Джулетта оқиғасын еске түсіреді. Абайдың асыл жарлары Ділдә мен Айгерім мазарлары, Мұхтар Әуезовтың әдеби – мемориалдық мұражайы мен оның ата – анасының мазарлары да туристер үшін қызықты болары сөзсіз.

Маршрут соңында достық пен мәдениеттерр қауышуының символына арналған “Гете – Лермонтов - Абай” мемориалдары кешеніне ат басын тірейміз.

Табиғаттың ерекше ілтипатпен жасаған “Қоңыр әулие” үңгірі бірнеше және адам ескерткішінен тұрады. Мұнада әлі күнге дейін толық зерттеліп болмаған жер асты көлі бар.

Семейге жақын орналасқан кеңестік ядролық сынақ полигонының орныны “Қырғи қабақ соғыстың” суық ызғарын еске түсіреді. Бұл машрутта туристер ядролық сынақ құрбандарына арналған ескерткішпен, анатомиялық, тарихи - өлкетану мұражайларымен ғана танысып қоймай, ядролық сынақтардың жер анаға салған үлкен жарасы “атом” көлін де көре алады

Семей туризм бизнесінің орталығы ретінде де өзіне жұртшылықты тартады.. Туристер үшін қалалық басқарма басқарма әкімшілігімен кездесу ұйымдастырылады.

Семейде концерттік туризм үшін барлық жағдай жасалынған. Іскерлік кездесулер де, конференцияларға, симпозиумдерге арналған әртүрлі залдар қандай ба болсын талаптан шығады. Семей қазіргі кезде әйгілі халықаралық, республикалық спорт сайыстарын өткізу үшін жиі таңдайды.

Туристерге қала театрлары, көптеген мейрамханалар, кафе, казино, түнгі клубтар, бильярд салондары, сауналар, дамыған сауда орталықтары бар ықыластарымен қызмет етеді. Осының барлығы сіздердің көңіліңізге біздің қаламыздың бейнесін жарқын да, сымбатты түрде сақтауыңывзға көмектеседі.

Абай кесенесі -1996 жылы салынған сәулет өнер ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы Жидебай қонысында ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған мерейтойды ЮНЕСКО – шешімімен әлемдік деңгейде атап өту шаралары қарсаңында орнатылды. Сәулеткерлері – Ибраев, Б.С. Ағынаев, а.Қарпыков. Жобалаушысы – Т. Ержігітов, суретшісі - К. Алтынбеков. Абай кесенесінің биіктігі 5 метр етіп жасалған дөңнің үстінде тұрғызылған. Ұзындығы - 200 метр, көлденеңнен – 60 метр, биікте екі мұнара көзге түседі. 1. Абаймұнарасы (биіктігі – 38,5 метр), екінші Шәкәрім мұнарасы (35 метр) кешенінің төрт бұрышында төрт күмбез бар. Бұларға қоса диаметрі 36 метр болатын “Орталық Азиядағы жазба мәдениет тарихы” мұражай орны келіп кетушілерге арналған қонақ жай, сондай – ақ мешіт салынды. Бұрын осы орынға жерленген Абай, Оспан, Шәкәрім, Ахмет бейіттері қозғалмай солардың бірін ішіне ала тұрғызылған кесене құрылысы көшпелілер мәдениетінің үрдісіне қазақ халқының космологиялық танымын бейнелейді. Сонымен бірге, Абайкесенесіне Самархандтағы Бүр -Әмір, Аградағы Тәж – Махал кесенелерінің әсері де байқалады. Кесене сыртында күмістен бедер салынған ошақ бұтындай үлкен ағаш тегене мен бұғы мүйізінен жасалған қымыз ожау бірнеше тегенелермен тостағандар тұр – бұл Абай үйінің мүліктері. Оң жақтағы сүйек тосек - Әйгерімдікі. Абайдың нәресте кезінде апасының суға шомылдыратын ыдысы осы болған. Оң жақ босағада Абайдың үш ауызды және шигі мылтықтары ілулі тұр. Үш ауызды мылтықты Семейдегі әскерибастық сиға тартқан. Дәліз бойымен ілгері жүргенде гүлкірдегі бөлменің оң жағында тұрған сүйек төсек Еркежандыкі. Оның үстінде мұсылман шымылдық пен төсек жапқыш Еркежанның келіні Камалиядан алынған. Еркежан мен Камалияның да білезіктері осында. Абайдың соңғы кездегі өмірінің куәсі әсіресе Абайдың күміс ер тоқымы тарихи құндылығымен қымбат. Мұражай үй шомаласының температурасы жазы – қысы бір қалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған. Айыр бұлақтары бар. Адалбақандарға бұрын ет ілінген. Шошаладағы шайқазан мен ағаш соқа аң ұстайтын қақпан түрлері, тағы басқа ақын заманының куәләрін көзбен көруге болады.

Абайдың Жидебайдағы мұражай үйі. Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Семей қаласынан 180 шақырым аудан орталығы Қарауылдан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. 1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 толуы қарсаңында, арнаулы мемлекеттік комиссия шешімімен Жижебайдғы Абай қыстауы - Абайдың Жидебайдағы мұражай үйіне айналды. 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражай үйдің бес бөлмесімен үш залына орналастырған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достарынан, замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай залындағы көрініс келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіріеді. Ол терезесі шығысқа қараған кең бөлме. Кіре берісте қазан аспа. Оған екі қазан орнатылған. Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленген қазан аспаның жанында екі самаурын. Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылған сүйектен жасалған кішкене кебеже.

1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен кіргізген. Кебеже үстіне оюлы паднос пен табақ қойылған көп заттардың ішінен қабырғадағы түскиіз ерекше назар аударады.

Ас үйдегі мұнан өзге тарихи мұрағаттардың бірі – суреттер. Мұнда Абайдың үй шаруасы да болған. Қорамжанұлы Қатпа мен оның бәйбішесі Мақым әженің, Ырысқали Исақызының фото бейнелері көзге салынады. Қонақ үйдің есігі дәлдізден шығады. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П.Михаэлис, С.С.Грос, Н.И.Долгополов пен П.Лабановскийлердің суреттері бар. Олардың Абай ауылында болғанын айғақтайтын құжаттармен қатар Абайдың Семейдегі өлкетану мұражайына өькінзген көптеген затарының суреттері қойылған. Мұнда күміс құты, кесе, айбалта, шақша сияқты бұйымдар бар. Абай заманынан бізге жеткен ең құнды затының бірі 1885 жылы П.Лабановский қарындашпен салған Абай суреті. Ол Абайдың өзіне қарап отырып салғандықтан және Абайдың өзі қолына ұстап көрген суреті болғандықтан аса қымбат бейне болып саналады.

Абайдың Семейдегі мұражайына өткізген заттарының бірі Шақар Жұманбалаұлы. Бақсының бүйірлі қобызы М.Әуезовтың “Абай жолы” романы бойынша Зере әже мен бала Абайға Байкөкше ақынның қисса айтып отырған сәті бейнеленген суретте осында қойылған. Үйдің түргі бөлмесінде Ақынның өзі отырғын. Осында кітап оқып, жазу жазып жұмыс істеген. Осы бөлмеге Ділдәнің сүйек төсегі қойылған. Төсек тұсына Абдрахмен мен Мағауияның суреттері ілінген. Сүйек төсек астына төрт қабаттап көрпе салынған, екі жастық қойылған. Оған Абайдың үш ішекті домбырасы сүйегі тұр. Дөңгелек стол үтсіне қойылған шыны қорапшаның ішінде Абайдың күміс қалта сағаты, қолжазбаларының көшірмесі, құс қанатынан жасалған қаламсап пен сиясауыты Ақын өмір сүрген ортаны көзге елестетеді. Үстел үстіндегі тағы бір мұрағат Абайға шақша жасап берген шебердің қолтаңбасы. Абайдың өзі ойнап, кейіннен Семейдегі өлкетану мұражайына өткізген тоғызқұмалақ дойбы құмалақтарымен.

Ақынның күміс белдігі де бағалы қазыналар. Ақын ғұмырының соңғы күндеріне дейін рухани серігі болған араб, парсы, түркі және орыс тілдеріндегі кітаптары мен екі басылымдар ұлы тұлғаның дүниетаным әлемінен сыр шертеді. Төргі бөлменің кіре берісінде оң жақ қабырғада ілулі тұрған күіміс белдік пен тақия Құнанбай қажынікі.

Ауызғы бөлме ортасында, дөңгелек үстел үстінде құрылмына ислам әлемі мен Қазақстандағы жерлеу дәстүрінің негіздері сақталған. Кешен жоғары бейнелі түрде қазақтардың діни сенімдегі үш әлемімен төменгі әлем – серілер (қара түсті), ортаңғы әлем - пірлер (қызыл түсті), жоғарғы әлем - әруақтар мен Алланың мекені дегенде (ақ түсті) байланысады. Осы жоғары бөлікке көтерілу үшін келушілер кіре беріс торғалы. Қазақ түрік жұртының ұлы перзенттері бейітінен әкелінген топырақ салынған. Гранит тостаған тұрған ұзын жер асты дәлізі арқылы белдеуіне “Өзіңді тақығаның халықты жапығаның” деген Қожа Ахмет Яссауидің сопылық талғамы жазылғын шырақ жанынан өтеді. Ал, мазарлар көп қырлы мұнара түрінде жасалуы – бұл өңірде бір жарым мың жылдан бері қалыпасқан (дамбаул діңгек Қосы Көрпеш - Баян сұлу мазары, Мамай ескерткіштері) дәстүрді сақтауға ұмытылудан тұрған шешім. Кешен компазициясында бастан аяқ тұрмыстық заттар сақталған. Оның барлық ғимараттары бірін – бірі толықтырып, кеңдігімен үйлесім тапқан құрылыс жұмыстарын негізінен Маңғыстаудың ұлу тастары пайдаланылған.

Алтай ескерткіштері. Бұл көне дәуір ескеркіштері. ХVІ ғасырдың басынан зерттеле бастады. 1713 жылы көне зираттарды тонаушылар ұрлаған асыл бұйымдар Ресей патшасы Петр І- ге жетіп, тұңғыш рет “Петр І- нің Сібір коллекциясы” аталған археологиялық коллекция жасалынды. Сол бұйымдар қазіргі уақытта Санкт- Петербургтегі Эрмитажда қымбат экспонат ретінде сақтаулы. Осы кезеңде Алтай жеріне географиялық эспедициялар жіберіле бастады. Оларға саяхатшы ғалымдар Г.Ф.Миллер (1733 және 1744). П.С.Паллас (1770) жетекшілік етеді. Миллер өлкедегі тарихи ескерткіштер туралы тұңғыш еңбек жазып, Ресей және Еуропа елдеріне паш етті. 1865 жылы түрколог- ғалым В.В.Радлов Бұқтырма өзенінің бойында Берел жазығында ерте темір дәуіріне жататын Берел обасын қазып, зерттеді. 1911 жылы А.В.Андриянов батыс Алтайда Черновая, Солнечные Белки, Майәмір деген жерлерде көшпелілер обаларын ашты. 1927 жылы С.И.Руденко Қатынқарағайда, 1956-65 жылдары С.С.Сорокин Берел, Күрт; Қатын, Құмай маңында, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші З.Самашев) Берел обаларынан алғашқы темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеді.

Алтай ескерткіштерін жерлеу дәстүріне, табылған бұйымдар ескерткіштеріне қарай хранологиялық жағынан төрт кезеңге бөлуге болады: Күрті (б.з.б. 7-8 ғасырлар), Майәмір (б.з.б. 7-6 ғасырлар), Пазырық (б.з.б. 5-3 ғасырлар) және Құлажорға (б.з.б. 3- б.з.-дың 1 ғасырлары) кезеңдері.

Күрті (Бұқтырманың жоғарғы саласы) бойындағы обаларда мәйіт сол жақ қырына, аяқ- қолын бауырына бүктеп жатқызылған. Басы солтүстік батысқа қаратылған. Мәйіттің аяқ жағынан жылқы таңқалары табылды.

Майәмір (Нарын өзенінің жоғарғы жағы) обаларында мәйіт шалқасынан, аяқ қолы созылып жерленген, лақат қабырғалары ағашпен шегенделіп, төбесі бөренелермен жабылған. Зират тас үйіндімен қоршалған. 1997 жылы Майәмір тұсынан 45-50 жасында қайтыс болған әйел адам қаңқасы жанында қорамсаға салынған қола жебе ұштары т.б. заттар табылды. Радиокарбондық анықтау бойынша бұл әйел б.з.б. 803 жылы қайтыс болғаны дәлелдеді. Оның бет әлпетінде Еуропа және Маңғол нәсілдерінің араласу белгілері бар.

Пазырық (немесе Берел) кезеңіндегі зираттардан табылған бұйымдар бұл дәуірде қола мен мысты темір ығыстырғанын, зергірлік өнердің біршама дами түскенін көрсетеді.

Құлажорға )Шығыс Қазақстан ) кезеңі Пазырық үлгілерінің жаңа сатыдағы жалғасы болып табылады. Обалардан адам сүйегімен бірге аңдар нақышымен өрнектелген көне петроглифтер көптеп табылды. Солардың ішінде бұғының, бүркіттің, таутекенің бейнелері тартымды берілген.

Алтай ескерткіштері бұл өңірде мәдениеті, шаруашылығы, діни нанымдары ортақ этностар жайлағанан, Алтайдағы сақ мәдениетінің алғашқы қалыптасу орталығы болғанын көрсетеді.

ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТУРИЗМДЕГІ РӨЛІ
3.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік ореалдық мұражайы
Қазақ тарихы және және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамы – мекеме қоғамы. 1972 жылы 7 қаңтарда құрылған. Мекеме халықты тарихи ескерткіштерді қорғау ісіне қатысу тартып, ескерткіштерді қорғау мен пайдалану заңдылықтарын көпшілікке жеткізумен шұғылданады. Мемлекеттік ескерткіштерді қорғау органдарының жұмысына жәрдемдеседі, ескерткіштердің сақталуына, пайдалануына, жөнделуіне және қалпына келтіруіне қоғамдық бақылау жасайды, тарих және мәдениет ескерткіштері туралы ғылыми танымдық деректерді халық арасында насихаттайды, соның негізінде Отанына, тарихына сүйіспеншілігі құрмет сезімін тәрбиелеу шараларын жүргізеді. Барлық облыстарда және Алматы қаласында қоғамның бөлімшелері құрылды. “Жалын”, “Жазушы”, “Өнер”, “Қазақстан” баспаларынан тәрихи және мәдени ескерткіштер жөнінде шығармалар жарық көрді.

Қоғам “Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері” атты үш жинақты, “Атамекен”, “Мұра” атты тарихи публисистикалық альманахтарды әзірлеп, жарыққа шығады. Жыл сайын өткізіліп тұратын “Матғұлан тағылымы” атты ғылыми конференция ұйымдастырып, қаржыландырып келеді. Әр түрлі экологиялық экспедицияларқа қатысты Қызылорда облысындағы Қорқыт Ата, Алматы облысындағы Черкаск қорған – мемориалы, Атырау облысындағы Исатай Тайманов ескерткішінің құрылысы, Ақтөбе облысындағы Есет батыр бейіті, т. б. қоғам қаржысына орнатылды. Сол сияқты Астанадағы Кенесары ескерткішін, Семейдегі атом сынақтарының құрбандарына арналған монументті, Алматыдағы Тәуелсіздік монументін жасауға қатысты.

3.2 Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің туризмдегі рөлі.
Бұл тарихи туристік - экскурциялық сапарлардағы орны ерекше. Архиологиялық ескерткіштердің кез келген нысандары туристік экскурция жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайран, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Архилогиялық – тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор.

Қола дәуірі ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай – ақ, Шолақ, Кіндіктас, Баян жүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысындағы Катынқарағай ауданының Бердіел (Берікел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” архиологиялық туристік нысандарға жатады.

Орта ғасырлық Түркістан, Отырар, Жаркент, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз қалалары, т.б. елді – мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.

Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.

Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайран т.б. орта ғасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар. Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлемендегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Амет Яссауи кесенесі, Абаб – Араб мешіті, Гауһар ана зираты, Әли Қожа бейіті, т.б. жатады.

Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа қоғам адамдар маңында (Отырар ауданы) Арыстанбаб кесенесі, Ибрахим ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданында Исмаил ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында Артық, Айман кесенелері, Балхаш қаласы маңында Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелі орындары бар.

Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыры ескерткіштер. (Алматы облысы), Қордайдағы (Жамбыл облысында) Өтеген батыр, Ақтөбеде Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қара Керей Қабанбай ескерткіштері жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументы, Астанадағы үш ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік – Кебек кесенелері, Шохан Уалиханов, Қажымұқан Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Дина Нұрпейісова, Абай Құнанбаев, Абылай хан, Әлия мен Мәншүк, Амангелді Иманов, Ілияс Жансүгіров, Сакен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады.

Солардың ішіндегі туристерді аса қызықтыратын ерте орта ғасырлық сәулет құрылыс нысандарының бірі - ежелгі Қойлық қаласының шығыс шетіндегі мұсылман моншасы – Хамам.

Ежелгі Қойлық қаласының ірі сауда орталығы болғанын айғақтайтын жақсы сақталған, туристік тұрғыдан алғанда ең тартымды әрі маңызды екінші нысан – ежелгі қаланың Солтүстік Батыс шетіндегі ауданы 400 шаршы метрден асатын – будда храмы. Храм табынатын кең орталық және оған жапсарлас жатқан бірнеше қосалқы бөлмелерден тұрады.

Ауданның 48 - 50 шаршы метрге жететін орталық бөлме өтетін ғибадат ету қызметін атқарған.

Табынатын орталық бөлменің жан – жағынан ені үш метр болатын қосалқы бөлмелер ұзыннан ұзаққа созылып қоршап жатыр. Кіре беріс бөлме дәліз қызметін атқарған. Ғимараттың биіктігі – 3 метр, керегелерінің қалыңдығы – 80 сантиметр. Ең астында іргетас қызметін атқаратын екі қатар күйдірілген қыш кірпіштің үстіне 5 – 6 қатар шикі саз кірпіштер қаланып, тағы да екі қатар күйдірілген кірпіштер қаланған. Орталық бөлменің табанынан 1 – 2 метр биіктікте бүкіл керегені бойлай көлбей қаланған арасы қуыс екі қатар кірпіш бар. Қуыс дәлізбен орталық бөлмені бір – бірімен байланыстыратын есіктің жақтауыда айқын байқалады. Ол бөлмелердің ішін желдетіп, керегені ылғалдан сақтау немесе бүкіл керегені бойлай салынған түтін шығатын жылу жүйесі қызметін атқаруы мүмкін.

Елбасының 2005 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына сәйкес, ежелгі Қойлық қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін архиологиялық қазба жұмыстары жүргізілген шығыс моншасы, бай саудагердің үйі, мұсылман мешіті, будда храмы сияқты маңызды - әлеуметтік - тұрмыстық нысандарды орта ғасырдағы бастапқы қалпына келтіріп, реставрациялау жұмыстарына мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінуі қажет.

Қаржы тапшылығына байланысты археологиялық жазба жұмыстары жүргізілген сәулет - құрылыс нысандары сыртқы күштердің әсерінен бұзылып тартымдылығын жоғалтуда. Ендеше, қойлық Қойлық (Қиялық) қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін шығыс моншасымен басқа да әлеуметтік –экономикалық мағынасы бар нысандарды толығымен қайта қалпына келтіріп, ашық аспан астындағы тарихи - археологиялық қорық- бақ ашу болашақтағы кезек күттірмес мәселелердің бірі.

Жинақталған қолда бар деректерді талдай отырып, халықты еңбекпен қамтамасыз етумен қатар әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуда маңызды орын алатын туризмді дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Олар:

еліміздің оңтүстік шығысындағы – дәліз қызметін атқаратын Алматы облысының аумағының қолайлы көліктік жағдайы;

Қытаймен тікелей мәдени, сауда - экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы геосаяси жағдайы;

Отандық және шетелдік туристерді көптеп тартуға мүмкіндік беретін табиғи және тарихи - мәдени ескерткіштердің халықаралық маңызы бар Алматы - Өскемен, Алматы - Жаркент – Қорғас тас жолдары мен темір жолдарға жақын ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ

橢橢埳埳Й찦㶑 㶑 凄 ￿¤￿¤￿¤]¦¦¦¦¦¦¦µϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ

橢橢埳埳Й찦㶑 㶑 凄 ￿¤￿¤￿¤]¦¦¦¦¦¦¦µϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ

橢橢埳埳Й찦㶑 㶑 凄 ￿¤￿¤￿¤]¦¦¦¦¦¦¦µϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ

橢橢埳埳Й찦㶑 㶑 凄 ￿¤￿¤￿¤]¦¦¦¦¦¦¦µϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ

橢橢埳埳Й찦㶑 㶑 凄 ￿¤￿¤￿¤]¦¦¦¦¦¦¦µϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ

橢橢埳埳Й찦㶑 㶑 凄 ￿¤￿¤￿¤]¦¦¦¦¦¦¦µϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ

橢橢埳埳Й찦㶑 㶑 凄 ￿¤￿¤￿¤]¦¦¦¦¦¦¦µϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ꗬÁYЙሀ¿ကЀꞈ

橢橢埳埳Й찦㶑 㶑 凄 ￿¤￿¤￿¤]¦¦¦¦¦¦¦µϢϢϢϢϢ$ІlϢ뎂ƂѾѾѾѾѾѾѾѾ댣Ā댥댥댥댥댥댥$딄Ǵ뛸ž덉9¦ѾѾѾѾѾ덉ндыдан және қолданылған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың жалпы көлемі 6 беттен, 1 сызбанұсқадан тұрады.



КІРІСПЕ
Қазақ жері өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Оның ұлттық тарихы аса ерте замандардан бастау алады. Ел мен жерді қорғау ең алдымен сол ел мен сол жердің тарихын білуден басталады. Ел мен жердің тарихын білу тарихта өткен қасиетті ата-бабалар әруағына тағзым етіп, олардың игілікті істерін еске алудан бастау алады. Ұлт тарихынан білімді болудың басты мақсаты-өткеннен тағылым алу. Осыған орай еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштері білу-біздің тарих алдындағы міндетіміз.

Әлемдегі әр ұлттың өз тарихында кие тұтатын мекендері бар. Ол жерлердің киелілігі сол халықтардың шығу ошағы немесе ұлттық мәдениетінің ошағы, елдіктің ошағы болуына байланысты болса керек. Қазақ халқының тарихында осындай жерлер өте көп. Алтай мен Жетісу, Ұлытау мен Қаратау, Еділ мен Жайық, Ертіс пен Сыр, Маңғыстау, Түркістан мен Отырар –міне, қазақтың төл бесігі болған киелі мекендер. Бұл аймақтардың өз ішінде және кішігірім киелі орындары бар. Мысалы, айтар болсақ, оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Гауһар ана зираты, Әли Қожа бейіті, шығыстағы Алтай ескерткіштері мен Жидебайдағы Абай мұражайы, Қарағандыдағы Беғазы кешені, Жамбыл облысындағы –Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Маңғыстау өңіріндегі Шопан-Ата жер асты мешіті және тағы басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер туралы бұл бітіру жұмысында баяндалады.

Қазіргі кезде туризмнің өте қарқынды дамуына байланысты жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштер арқылы біз елімізді дүниежүзіне таныта аламыз.

Осы құндылықтарымызды қорғау және оны қайта қалпына келтіріп отыру кезек күттірмейтін мәселердің бірі.



ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, тарихи-мәдени ескерткіштердің Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. Сол ескерткіштер арқылы өткенімізді зерттеп, тарихқа терең үңіле аламыз.

Осы тарихи-мәдени ескерткіштерді ғылыми негізде терең әрі дәйекті зерттеу, зерделеу сол арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, сол өткен тұлғалардан үлгі - өнеге беру қазіргі қазақ мемлекетінің алдында тұрған бірден бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Алайда, олардың кейбіреулері мемлекеттік орындардың қорғауына алынбаған, тіпті біршамасы тоналған күйінде тұр. Бұл біздің өткен тарихымызды жоғалтуға алып келуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы аясында кезек күттірмейтін бірнеше мәселелер бар. Олар ескерткіштердің толық тізімін жасау, қорғау аймақтарын анықтау, белгілеу, мемлекеттік қорғауға алыну. Жойылу қаупі төнген археологиялық ескерткіштерді ғылыми тұрғыда зерреу жұмыстарын қолға алып, осы тұрғыда насихат жұмыстары кеңірек жүргізілуі керек.

Елбасымыздың 2005 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына сәйкестарихи-мәдени ескерткіштерді туризмнің ірі орталығына айналдыру керектігі, ондағы мәдени құндылықтарымызды қорғауға алынуы керектігі айтылған.

Осы тарихи ескерткіштерді көркейте отырып, көне ескерткіштері туристік жерлерге айналдырып, барынша отандық және шетелдік туристерге жағдай жасап, ескерткіштерді ел экономикасының көтерілуіне себебін тигізуіне мүмкіндік туғызуымыз керек. Бұл қазақ елін, жерін, тарихын бүкіл әлемге паш ете отырып, экономиканың көтерілуіне де өз үлесін қосады және Қазақстанның шетелдермен байланысын нығайта түседі.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Марғұлан А. Архитектурные памятники долины реки Кенгир. Вестник АНКазССР 1948 №4/119

2. Алпысбес М., Аршабек Т., Қасен Е., Кейкі Е. Көне Көктау, байрғы Баянаула Байтағының тарихы, Астана 2005

3. Көпейұлы М.Ж. Қазақ шежіресі. Алматы, 2003

4. Марғұлан А.Х. К изучению памятников романа Сарысу, Улытау. Вестник. АНКазССР Аламты, 1948 №2/55

5. Жолдасбеков М. Егемен Қазақстан. 2005 мамыр

6. Жолдасбеков М. Алтын арқалы асыл мұра. Егемен Қазақстан. 2005 мамыр

7. Мәдени мұра. Тарихи орналасқан ескерткіш – Алтын адам, Арыстан баб, Айша бибі кесенесі. Жас алаш, 2003 желтоқсан

8. Қазақстанның экономикалық географиясы. Оқулық 8 сынып

9. Туризм и образования. №2,  2003

10. Котляров Е.А. География отдыха и туризма. Москва, 1978/201

11. Ердавлетов С.Р. География туризма.

12. Егеменді Қазақстан, 2005 шілде

13. Марғұлан Ә.Х. Эпос - жыр туғызудағы тарихи мұралар//Халық мұғалімі, 1940, №4

14. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі//Жұлдыз, 1993 №12

15. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы, 1994 400 б

16. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы. 1,2,3,5,8

17. Ғұн тарихының жылнамасы. Көне қытай тілінен аударғандар. А.Мүтәліп, А.Жиылұлы. – Түркістан, 2004

18. Наукенұлы Б. Тарихтағы қазақ хандары // Қазақ тарихы, 2003

19. Сатпаев К.И. Доисторические памятники в Джезказганском районе // Народное хозяйство Қазақстана, 1941

20. Ө. Жәнібеков. Ақиқат журналы. №1, 2000

21. Садықов С. Тастағы тарихымызды іздейік. Қазақ елі, 2005

22. Самаев А. Семей. Семей 2004

23. Тұрабаев Ж. Оқты ата мазараты. Алматы, 2003

24. Тоқтабай А. Ескеркіштер – ел тарихы: тарихи ескерткіштерге рестобрация жасау мәселелері // Қазақ әдебиеті, 2003 мамыр



25. Тасмағанбетов И. Сәулет өнерінің асыл туындысы. Алматы, 2005

26. Шәймерденов К. Тарихи ескерткіштер рухани қазына байлықтары. Шымкент, 1981
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
2013 -> Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұНЫ
2013 -> Тұңғыш Президентпен өткен бес жылым
2013 -> Кіріспе 4 І әдебиеттерге шолу
2013 -> Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі
2013 -> 2-5 Тарау–I. 1921-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты
2013 -> Жоспар: і-тарау. Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет