Қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша глоссарий аккумуляциялық процесс



Дата01.07.2016
өлшемі100.7 Kb.
Қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша ГЛОССАРИЙ

Аккумуляциялық процесс – су, жел, т.б.әсерінен әр түрлі бос жатқан минерал шөгінділері мен органикалық тұнбалардың бір жерге жиналуы, үйілу.

Аллювий – үйінді жиынтастардың өзен суымен шайылып, өзен арналарына жиналатын шөгінді.

Альпілік тектогенез – жер қыртысының неоген дәуірінен осы кезге дейінгі тауларды жаратушы қозғалысы.

Антициклон – атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ .

Антропогенді әрекет – адамның ландшафтыны өзгерту әрекеті.

Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады.

Антропогенді ландшафт – адам әрекетінің түлеп қайта түзілген ландшафт

Антропогендік фактор – ландшафтылардың пайда болуындағы адам әрекеті.

Ареал – жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін бөлігі.

Аридті ландшафт (қуаңшылық ландшафт) – құрғақ жылы немесе ыстық континенттік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт.

Ауа айналымы – жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.

Аэротермикалық градиент – ауа темпиратурасының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік.

Батолит – жер қыртысын беткі қабатына қатқан интрузивті жыныс.

Бедленд (шөл адыр) – эрозияның әрекеті нәтижесінде құрғақ климат жағдайында пайда болған аласа таулы жер бетінің күрделі түрі.

Биогенді кешен – аумақтық табиғат кешендерінің топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Биоклиматтық белгі – белгілі бір климатпен үйлескен биоценоздардың жай – күйі.

Бионика – тірі ағзалар құрылысынаң заңдылықтары туралы ғылым.

Биотикалық фактор – ландшафтвлардың пайда болуына тілі ағза тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері.

Биохимиялық процесс – тірі ағзаның қоректік заттарды сіңіруінен бастап, олардың толық ыдырауына дейінгі реакциялар .

Биоценоз – тіршілік жағдайларда азды – көпті біркелкі болып келетін аймақты мекендейтін микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлар бірлестігі.

Борықты сор – тұзы шығып жатқан жер.

Галофиттер – тұзды топыраққа өсетін өсімдіктер.

Гамада – таты шөлдердің араб тілінде аталуы.

Геодезия – жердің пішіні мен көлемін зерттейтің, оның бетін план мен картада бейнелеу үшін жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын ғылым.

Геоморфологиялық кешен – жердің ішкі және сыртқы күштері әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешен бірлігі.

Геосинклиналь – жер қыртысының ұзынан созылып жатқан тектоникалық қозғалмалы ойпаң үлескісі. Мұнда сейсмикалық процестер күшті байқалады.

Геофизика – жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін, оның қабаттарында өтіп жататын процестерді зерттейтін ғылымдар кешені.

Гербицид – арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыс.

Гидротермиялық градиент – ылғал және жылу балансының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік сатысы.

Гидротермиялық коэффициент – ылғал балансын жылу балансына бөлгендегі шама. Аумақтық табиғат кешендерінің құрамдық бөліктерінің жетіліп кемелденуіне қаншалықты өлшемде ылғалдың немесе жылудың жетіспейтінің , артық екенін көрсететін өлшем.



Гидрофизика – өзен, көл, жер асты суының, теңіз, мұхит суының физикалық құбылыстарын, процестерін зерттейтін ғылым.

Гляциальды-нивальды зона – көпжылдық омбы қар мен мұздық ландшафтылары тарағант жер.

Гравитацияық қозғалыс – заттардың салмақ күші әсерінен орын алмастыруы.

Гравитацияық процесс – заттардың түрліше гравитацияық қозғалыстарына байланысты дамитын құбылыстар мен процестер. Мысалы, сел тасқыны, қар көшкіні, қорым тастардың беткейден сусып түсуі, т.б.

Гравитацияық энергия – заттардың гравитациялық қозғалысының күші. Мысалы, су, жел күшінен электр қуатын, жылу алу.

Гумидті процесс – тірі ағзалардың өлгеннен кейінгі шіруіне байланысты болатын құбылыстар, процестер.

Гумидті ландшафт – климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт.

Дефляция (лат.deflatio - үрлеу) – топырақ пен тау жыныстарының жел әсерінен үгілуі.

Дендрология (грек.dendron ағаш және логия) – ботаниканың ағаш, бұта, шала бұтаны зерттейтін бір саласы.

Дендро бағы - жеке бір жерде не ботаника бағының бір бөлігінде ағаш өсімдіктердің әр алуан түрлерін өсіретін арнайы бақ.

Денудациялық процесс – тау жыныстарының үгілу және пайда болған үйінділердің биік жерден су, жел, мұздың әрекетінен сырғып, ойысқа шөгуі.



Депрессия – жер бетінің немесе жер қыртысының ойыс жері.

Дигрессиялық ландшафт өзгерісі – ландшафтының құнарсыздануы.

Дренаж – жер асты суының деңгейін төмен түсіру үшін қазылатын канал.

Жер беті жыныстарының аярациясы - жер беті жыныстары мен ауаның төменгі қабатындағы зат алмасуы.

Зоомасса – аумақтық табиғат кешендеріндегі жануарлар дүниесінен түзілген масса.

Инсоляция – күн радиациясының жер бетіне сәуле болып түсуі.

Инсоляциялық беткей – күнгей беткей.

Интрузия (лат. Intrudo – итермелеп енгізу ) - 1)жер қыртысының жоғарғы зоналарында, тереңдікте пайда болған кеңістіктерге, жер бетіне шығып үлгермеген магманың енуі; 2) осы магманың қатаюынан пайда болған магмалық дене.

Интрузивтік тау жыныстары – жердің терең қыртысында баяу суынудан пайда болған силикат құрамды магмалық жыныстар.

Карбонатты шөгінді – құрамында көмір қышқылының қоспалары болатын жыныстар.

Каппилярлық су - топырақ пен топырақ асты жыныстарының қыл түтікшесінен жер қызған кезде топырақ астынан жер бетіне қарай көтерілген су.

Киммериялық тектогенез – мезозой эрасындағы қатпарлық. Маңқыстау таулары түзілген.

Консервативті ландшафт – барлық кешендері динамикалық тепе- теңдік тапқан ландшафтылар.

Күн радиациясының интенсивтілігі – күн сәулесіне перпендикуляр қойылған , абсолют қара денеден жасалған, 1 см(квадрат)бетке 1 минут ішінде күннен келетін жылу мөлшері.

Күннің тік радиацциясы - күннен жер бетіне тік түсетін сәуле.

Кайназой эрасы - жердің геологиялық тарихындағы ең жас эра, бұдан 60- 70 млн жыл бұрын басталған. Үш дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, төрттік немесе антропоген.

Қалқанды жазық – тасты қатты жыныстан түзілген жазық. Ежелгі таулы аймақтардың үгіліп тегістелген аймақтарында кеңінен таралған.

Қатқыл – беткі қабаты қабыршықтанып қатып жататын сор.

Моласса – тасты жынысты жердегі тектоникалық жарықтардың ізіне жиналған үгінділі үйіндер.

Мортмасса – өсімдіктер мен жануалардың қурап қалған қалдықтары.

Морфомүсін – сыртқы күштер (су, жел, мұздық, т.б.) әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешені (өзен аңғары, құмды шағыл, т.б.)

Морфоқұрылым – ішкіжәне сыртқы, әсіресе ішкі күштердің басым әрекет етуінен түзілген жер бедері пішіндерінің кешені. Мысалы, тау жотасы, тау іші жазығы, т.б.

Неоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайназой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдында өткен.

Неотектоникалық қозғалыс – неоген, антропоген дәуірлеріндегіжер қыртысы қозғалысы.

Нивальды белдеу – таудағы мәңгі тау басқан белдеу.

Оазис (жазира) – шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгалды алқап.

Органогенді шөгінді – органикалық жолмен тараған тау жынысы.

Орқаш тау – жер қыртысының жарықтары арасынан көтерілген бөлігі.

Палеоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайназой эрасының ескі дәуірі, неоген дәуірінің алдында өткен.

Палеозой эрасы – жердің геологиялық тарихындағы ескі өмір кезеңі. Қазіргі кезеңнен 570 млн жыл бұрын басталып, 340-350 млн жылға созылған. Өсімдіктер дүниесі балдырлардан ірі- ірі орман ағаштарына дейін дамыған. Жануарлар дүниесі омыртқасыздардан ірі бауырымен жорғалаушыларға дейін дамыған.

Пермь дәуірі – палеозой эрасының ең соңғы дәуірі, 55 млн жылға созылған. Орал – Тянь-Шань геосинклиналында герцин қатпарлануы аяқталған.

Платформа жазығы – іргетасы қатпарланған қатты жыныстардан түзіліп, жер бедері жазық болып келген тектоникалық тұрақты аймақ.



Плиталы жазық – шөгінді жамылғысы қалың жазық.

Радиациялық жылу – күн сәулесінің жылуы.

Регрессия – теңіз, көл деңгейінің қайтуы,ландшафтының құнарсыздану бағытындағы өзгеріс.

Рекреациялық жүйе – көрікті, саялы жерлер.

Реликтілі ұсақ шоқы – қатты жынысты жерде сақталған ұсақ шоқылы ежелгі таулы аймақтың үгіліп тегістелуінен кейін түзілген жазық(мысалы, Сарыарқа).

Сапрофаг – шіріп ыдыраған органикалық заттармен қоректенетін тірі ағзалар.

Синеклиза – жыныс қабаттары ойысты болып келетін аймақ(мысалы, Каспий маңы ойпаты).

Су буының сублимациялануы – ауадағы су буының төмен температуралық ортада мұз кристалдарына айналуы.

Тақыр – шөл, шөлейт жердегі топырақ , өсімдік жамылғысы нашар дамыған, жер беті жарылып кеткен алаң.

Тартпа сор – шөл, шөлейт және дала зоналарының ащы (тұздылығы 1%-дан жоғары) жынысты алаң. Көбіне тартылып қалған көл табанында таралған, топырақ жамылғысы нашар дамыған. Өсімдік жамылғысы сораң шөптерден тұрады.

Тау беткейінің инсоляциялық әрекеті – тау беткейінің күн сәулесін тосып қалу әрекеті.

Тау беткейінің айналымдық әрекеті - тау беткейінің ауа ағысын тосын қалу әрекеті.

Тектоника (грек.tektonikos - құрылыс) – геотектоника жердің қыртысы мен жоғарғы мантиясының (тектоносфера) құлымдарын ғаламшардың (Жердің) уақыт пен кеңістікке жартылай бағыттала дамуымен байланыстыра зерттейтін ғылым.

Тектоникалық жарық – жердің ішкі күшіне байланысты жер қыртысының жарылуынан пайда болған жарық.

Тектоникалық қозғалыс – жердің ішкі күшіне байланысты болатын жер қыртысының қозғалысы.

Теңіз трансгрессиясы – теңіз суы деңгейінің көтеріліп, құрлықты басуы.

Триас дәуірі - мезазой эрасының юрадан кейінгі бордан бұрынғы өткен дәуірі.35 млн жылға созылған. Табиғат жағдайы континентті болып келеді.

Циркті ойыс – аса биік тау беткейіндегі мұздықта жатқан жердегі ойыс. Олар беткейдегі мұздықтардың біресе еріп, біресе қатуының нәтижесінде шұңқырланып түзіледі.

Шашыранды радиация – күн сәулесінің ауа қабатынан өткенде ауаны құрайтын зат түйіршіктеріне шағылысып шашырауынан түзілген радиация жиынтығы.

Шық нүктесі – ауадағы су буының су тамшысына айналатын температура шегі.

Ылғалдану коэффиценті – нақтылы жердің жылдық жауын – шашын мөлшерінің буланғыштық мөлшеріне қатынасы.

Хемосинтез – кейбір ұсақ ағзалардың қоректену тәсілі (олар бейорганикалық заттардан органикалық зат түзе алады).

Экзогендік процесс – сыртқы қүштер (жер, су, мұздақ, т.б.) әрекетіне байланысты болатын геоморфологиялық процесс.

Экология – тірі ағзалардың айналадағы ортамен қарым – қатынасы туралы ілім. Экология ортаның өсімдіктер мен жануарлар ағзаларына, сондай – ақ олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді.

Экологиялық жағдай – айналадағы ландшафт ортасының жарылыс жағдайына ықпал ететін фактор (ландшафт ортасының жаратылыс жағдайы).

Экологиялық фактор – айналадағы ортаның тірі ағзалардың тіршілік ету жағдайын анықтайтын сыртқы күш (күнқызуы мен жел, су, өсімдіктер, жануарлар, адам әрекеті).

Эол(грек. aiolis – жер әміршісі), Аккумуляция(лат.accumulatio - жиналу). Жел ұзақ уақыт айдап көшірген құмның минералдық құрамы тұрақты (Каспий теңізінен Қызылқұмға дейінгіаймақтағы эолдық құмдар) болады.

Эффузия (лат. Effusion – төгілу) – жер бетіне шыққан сұйық лаваныңжайвла суынып, тасқын жамылғы түрінде қатаюы (магма, вулкандық тау жыныстары).



Эффузиялық тау жыныстары – лаваның жер бетінде немесе жер қыртысының жоғарғы қат – қабаттары арасында суынуынан түзілген атпа магмалық тау жыныстары.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> «Педагогика тарихы» пәнінен дәрістер тезисі №1 Дәріс тақырыбы: Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 2 сағат Дәріс тақырыбының мақсаты
2016 -> "Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" Сайыс тақырыбы: “1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліске 100 жыл”
2016 -> Қазақстан республикасының отбасы-неке қатынастарын реттеу заңЫ


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет