Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану



жүктеу 89.79 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі89.79 Kb.


Қазақстан Республикасы

Yкіметiнің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген



Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру

қорларын қалыптастыру және пайдалану

қағидалары

1. Жалпы ережелер


  1. Осы Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  1. азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры (бұдан әрі – тұрақтандыру қоры) – облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған астықты қоспағандағы азық-түлiк тауарларының жедел қоры;

  2. азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру – сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау.

  1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.

  2. Комиссия төрағасы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), әкімінің орынбасары болып табылады, Комиссия мүшелері кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болып табылады. Комиссияның сандық құрамы тақ және тоғыз адамнан кем болмауы тиіс. Бұл ретте Комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

  3. Комиссияның құрамы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өкімімен бекітіледі.

  4. Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

  5. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін жұмыс органы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген мамандандырылған ұйымнан тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алады.

  6. Жұмыс органы әр үш жыл сайын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алуды көздейді және мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасасады.

  7. Шарт осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша үш жылға жасалады. Шартты тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалануға қатысты басқа да талаптармен толықтыруға жол беріледі.

  8. Мамандандырылған ұйым шарт жасасқаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:

  1. тиісті қаржы жылына арналған сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, азық-түлік тауарларының атауы мен көлемі;

  2. сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері;

  3. тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімі және орны;

  4. кестеге және көзделген сомалар шегінде жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды жеткізудің жоспарланған мерзімі.

    1. Мамандандырылған ұйым сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

    2. Шартқа облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі шешім қабылдағаннан кейін сатып алу және тауарлық интервенцияларды жүзеге асыру жөніндегі шарттар қосылады.

    3. Мамандандырылған ұйым шарт бойынша міндеттемелерді орындау аяқталғаннан кейін азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджеттік қаражаттардың жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді. Егер Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын сату сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылған жағдайда соманы қайтару сатып алу және сату бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.

  1. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша мамандандырылған ұйымның үстеме шығындары азық-түлік тауарларының бекітілген және нарықтық бағалары айырмасы есебінен, сондай-ақ уақытша бос қаражаттарды екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырудан түскен табыстар есебінен жабылады.

2. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру тәртібі


  1. Тұрақтандыру қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлiк тауарларының тізбесіне сәйкес азық-түлiк тауарлары бойынша қалыптастырылады.

  2. Комиссия ұсыныс пен сұраныстың өңірлік теңгерімі, жұмыс органының егістік алаңдары (жоспарлы), болжамды өнім түсімі, өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан бағалар туралы мәліметтері, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының тізбесін, көлемін, оларға бекітілген бағаны айқындайды және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы ұсыным енгізеді.

  3. Сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы Комиссияның ұсынымы хаттама түрінде жасалады және оған Комиссия мүшелері отырыс өткізілген күні қол қойып, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне бір жұмыс күні ішінде шешім қабылдау үшін енгізіледі.

  4. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру туралы Комиссияның хаттамасында сатып алуға жататын тауарлардың тізбесі, олардың көлемі және оларға бекітілген сатып алу бағалары көрсетіледі.

  5. Сатып алу интервенциялары үшін азық-түлік тауарларына бекітілген баға отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында Комиссия шешімімен нарықтық бағадан жоғары деңгейде белгіленеді.

Бекітілген және нарықтық бағалар арасындағы айырмашылықты Комиссия дербес айқындайды, бұл ретте бекітілген баға азық-түлік тауарларының рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы тиіс.

Тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын сатып алу делдалдарды болдырмау мақсатында отандық тауар өндірушілерден басым тәртіппен жүзеге асырылады. Импорттық өнімдерді сатып алуға жол берілмейді.



  1. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы шешімі Комиссияның сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы ұсынымы енгізілген сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қабылдануы тиіс.

  2. Жұмыс органы мамандандырылған ұйымды тұрақтандыру қорын қалыптастыру қажеттілігі туралы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешімі қабылданған күні жазбаша хабардар етеді.

  3. Мамандандырылған ұйым облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешім қабылдағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап, тұрақтандыру қорын қалыптастыруға кіріседі.

  4. Көкөністер мен картоп бойынша тұрақтандыру қоры маусымдық өнім жинау (тамыз-қазан) және бағалардың төмендеу кезеңінде қалыптастырылады.

Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларының жоспарланған көлемін кепілді сатып алу, сондай-ақ азық-түлік тауарларын өндірумен байланысты шығындарды алдын-ала қаржыландыру жолымен отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында мамандандырылған ұйыммен азық-түлік тауарларын сатып алуға фьючерстік және форвардтық шарттар жасасуына жол беріледі. Бұл ретте осы шарттардың орындалуына жауапкершілік тиісті шарттар жасасқан мамандандырылған ұйымдарға жүктеледі.

  1. Тұрақтандыру қорларына сатып алынатын азық-түлiк тауарлары «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

  2. Мамандандырылған ұйым тұрақтандыру қорының орналастырылуын, сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ сатып алынған азық-түлiк тауарларының сақталу мерзімдерінің есебін жүргізеді.

  3. Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары мамандандырылған ұйымдардың қоймаларында және (немесе) мамандандырылған ұйымдар мен жауапты сақтау жөнінде қызмет жеткізушілер арасында жасалған шарт бойынша қоймаларда осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайлар орын алғанға дейін сақталады.


3. Тұрақтандыру қорын пайдалану тәртібі


  1. Тауар интервенцияларын жүргізу тәртібі




  1. Тұрақтандыру қорын пайдалануды Комиссия ұсынымы негізінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешімі бойынша:

1) тауар интервенциялары;

2) азық-түлiк тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.



  1. Жұмыс органы өңірдің ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау жүргізеді (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар қозғалысы, запастардың болуы, баға) және Комиссияның қарауына енгізеді.

  2. Баға аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет деңгейге дейін көтерілген жағдайда Комиссия облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдауды ұсынады.

  3. Комиссияның тұрақтандыру қорын пайдалану туралы ұсынымы хаттама түрінде жасалады және отырыс өткізілген күні Комиссия мүшелері оған қолдарын қояды.

  4. Комиссияның тұақтандыру қорын пайдалану туралы хаттамасында сатылуға жататын азық-түлік тауарларының тізбесі, олардың көлемі және бөлшек саудада сату үшін оларға белгіленген бағалар көрсетіледі.

  5. Маусымаралық кезеңде тауар интервенцияларын жүргізу үшін азық-түлiк тауарларының белгіленген бағасы нарық бағасынан төмен деңгейде белгіленеді.

Белгіленген баға мен нарық бағасының айырмашылығын Комиссия дербес айқындайды.

  1. Тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешімді облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі жұмыс органы аграрлық азық-түлiк нарығына реттеушілік ықпал етуге қажетті баға деңгейінің көтерілгендігін анықтаған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қабылдайды.

  2. Жұмыс органы мамандандырылған ұйымға тұрақтандыру қорын пайдалану қажеттігі туралы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі шешім қабылдаған күні жазбаша түрде хабарлайды.

  3. Мамандандырылған ұйым облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап, тұрақтандыру қорын пайдалануға кіріседі.

  4. Көкөністер мен картоп бойынша тауар интервенциялары міндетті түрде қыс-көктем мезгілінде оларды осы кезең аралығына тең бөлу арқылы жүзеге асырылады.

  1. Жұмыс органы тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда нүктелерінің орналасқан жері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізу бойынша ақпарат жұмысын жүргізеді.



  1. Азық-түлік тауарларын жаңартуды жүргізу тәртібі




  1. Мамандандырылған ұйым тұрақты негізде тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақтау мерзіміне бақылау жүргізеді және азық-түлік тауарларының сақталу мерзімінің аяқталуына алпыс күндік мерзім қалған жағдайда жұмыс органына жазбаша түрде хабарлайды.

  2. Жұмыс органы бес күнтізбелік күн ішінде Комиссияның қарауына азық-түлік тауарларын жаңартудың қажеттілігі туралы мәселені енгізеді және Комиссия облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне тұрақтандыру қорын жаңарту туралы шешім қабылдауды ұсынады.

  3. Тұрақтандыру қорын жаңарту туралы Комиссияның ұсынымы хаттама түрінде әзірленеді және отырыс өткізілген күні Комиссия мүшелері оған қолдарын қояды.

  4. Комиссияның тұрақтандыру қорын жаңарту туралы хаттамасында жаңартылуға жататын азық-түлік тауарларының тізбесі, олардың көлемі және бөлшек саудада сату үшін оларға белгіленген бағалар көрсетіледі.

  5. Тұрақтандыру қорын жаңарту кезіндегі азық-түлік тауарының белгіленген бағасы нарықтық баға деңгейінде белгіленеді.

  6. Тұрақтандыру қорын жаңарту туралы шешімді облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі Комиссия ұсыныс енгізген сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде қабылдайды.

  7. Тұрақтандыру қорын жаңартуды Комиссия ұсынымы негізінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешімі бойынша мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

  8. Жұмыс органы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі шешім қабылдаған күні мамандандырылған ұйымға тұрақтандыру қорын жаңартудың қажеттілігі туралы жазбаша хабарлайды.

  9. Мамандандырылған ұйым облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап тұрақтандыру қорын жаңартуға кіріседі.

  10. Тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін отыз күннен кешіктірмей, тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын сату және азық-түлік тауарларын тең мөлшерде және ұқсас сапада сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

  11. Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын жаңарту жағдайында сатуды мамандандырылған ұйым өзінің сауда нүктелері арқылы және (немесе) келісілген сауда үстемесімен сату туралы алдын ала шарт жасасқан сауда желілері арқылы жүзеге асырылады.

________________________________





: sites -> default -> files -> pages
pages -> ЭҚабж мо 17. 2 версия) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
pages -> Мероприятия по развитию спорта и физической культуры в Тюлькубасском районе
pages -> Бухгалтерский учет У052. 9(2К)243я7 Д70
pages -> Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты»
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында
pages -> 2015 жылдың тамыз айы бойынша Қазақстан Республикасы мойындаған авиациялық персоналды оқыту үшін шетелдік авиациялық оқыту орталықтарының тізімі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет