«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»



жүктеу 1.04 Mb.
бет1/5
Дата21.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті




Құжат СМЖ 3 дәрежелі

ПОӘК

ПОӘК


042-16-02.1.09/03-2013


«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы» Оқу- әдістемелік кешені

5В011400 -«тарих»

мамандығына арналған

Редакция №1




«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)
011400 «тарих» мамандығы үшін

СЕМЕЙ -2013

ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

5В011400 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған. Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тарих» кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., доцент З. Қ. Мұқатаева.

«______» __________ 2013 ж.

2 ҚАРАЛДЫ


    1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тарих» кафедрасының отырысында

Хаттама №______ «__»________ 2013 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова
2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама №______ «__»________ 2013 жыл


ОӘБ төрағасы_________ Ш.Кеңесбаева

3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №______ «__»________ 2013 жыл


ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова
4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № «___» ____ 201_ ж. баспа ОРНЫНА)

Мазмұны :


  1. Глоссарий.................................................................................................




  1. Қысқаша дәрістер мәтіні...................................................................




  1. Практикалық (семинар) сабақтары ...............................................


4. Студенттердің өздік жұмыстары......................................................

6.3.1 ГЛОСАРИЙ
Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.

Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.

Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.

Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.

Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.

Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.

Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.

Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.

Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.

Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.

Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.

Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.

Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.

Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.

Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.

Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.

Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.

Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.

Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.

Инновация-жаңалық енгізу

Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.

Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі

Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.

Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі

Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.

Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.

Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.

Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.

Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы

Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым

Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.

Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..

Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.

Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.

Саяси -әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.

Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.

Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.

Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.

Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.

.

Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.



Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.

Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.
6.3.2 Қысқаша дәрістер
1.ХҮІІ ғ.соңы жартысындағы – 1918 жж. Қытай және Монголия

XVII ғасырдың 30-40 жылдарында Қытай мемлекеті терең дағдарыс кезеңін бастан кешірді. Шаруалардың жағдайының күрт төмендеуі, олардың жер иеліктерінен айырылуы, салық көлемінің өсуі, тұрмыс деңгейінің нашарлауы халық бұқарасының наразылығын тудырып отырды. Қытай халқының басына түскен үлкен ауыртпалық 1628-1644 жылдардағы шаруалар көтерілісіне әкелді. Көтерілісті қарапайым шаруа отбасынан шыққан Ли Цзычен (1606-1645) басқарды. Алғашқы ұйымдасқан бас көтерулер Хубей мен Шэньси провинциясында басталып, біртіндеп бүкіл қытай жеріне таралды. Ауыр тұрмыс зардабынан күйзелген шаруалар елдің әр түпкірінде көтеріліске үн қосып, наразылық шеруіне қосылды.

Ли Цзычен бастаған көтерілісілер елдің көне астаналарының бірі - Сианьді басып алып, көтеріліс көсемін елдің императоры деп жариялады. Енді шаруалар әскері Пекинді алуға аттанды. 1644 жылы көктемде көтерілісшілер астанаға таянды. Оларға қарсы қатты қарсылық та болған жоқ. Себебі, бұл кезде Қытайдың ішкі жағдайының нашарлауы, сондай-ақ Мин императорларының 15 жыл бойы елдің солтүстігінде өмір сүріп отырған маньчжур тайпаларының шабуылына қарсы соғыс жүргізуі мемлекетті қатты әлсіреткен еді. Сондықтан көтерілісшілерді басуға Мин императорының күш-қуаты жеткіліксіз болды. 1644 жылы сәуірде Ли Цзычен бастаған көтерілісшілер Пекинді басып алды. Мин әулетінің соңғы императоры бұл оқиғадан соң император бағында асылып өледі. Мемлекет билігі Ли Цзыченнің қолына көшеді.

Осы кезде Қытайдың солтүстік-шығыс шекарасын күзетіп тұрған әскери шептің қолбасшысы У Саньгуй жедел түрде маньчжурлардан көмек сұрайды. Ондағы ойы маньчжур әскерінің көмегімен Пекинді басып алып, шаруалар көсемі Ли Цзыченді тақтан тайдырып, өзінің билігін орнатпақ болатын.

Маньчжур тайпалары Қытайдың солтүстігімен шекаралас аймақта өмір сүрді. XVII ғасырда маньчжур тайпалары бір саяси бірлестікке топтаса бастайды. Нәтижесінде маньчжурлардың әскери қолбасшысы Нурхаци негізін қалаған алғашқы маньчжур мемлекеті пайда болды. Нурхацидің мұрагері Абахайдың тұсында маньчжур мемлекеті Цин (қытайша "таза" деген мағынада) деп аталды.Цин мемлекетінің алғашқы билеушісі Абахай болды. Цин мемлекеті қытайдың мемлекеттік үлгісінде құрылды. Мемлекеттік басқару әдісі, мемлекеттік аппараты дәл Мин мемлекетіндегідей болды. Маньчжурлардың бұл мемлекеті, негізінен, әскер күшіне әсіресе атты әскерге арқа сүйенді.

Маньчжурлар көрші елдерге басқыншылық соғыстар жүргізді. Қытайға, Монғолияға, Кореяға жүргізілген басқыншылық соғыстар барысында бағындырылған халықтар есебінен 8 қытай, 8 монғол әскерін жасақтады. Қытайды басып алуға аттанар алдында маньчжурлар әскерінің саны 200 мыңға жетті.

XVII ғасырдың 40-жылдары маньчжурлар Қытайға бірнеше рет басқыншылық жорықтар жасаған болатын. 1644 жылы кезекті шабуылға әзірленіп жатқанда, күтпеген жерден Қытайдың шекара әскерінің қолбасшысы У Саньгуйден көмек сұраған өтініші түседі. 1644 жылы көктемде маньчжурлар мен У Саньгуйдің әскері бірігіп, Ли Цзычэн басқарған шаруалардан Қытайды азат етуге кіріседі. Пекинді басып алған маньчжурлар Қытай императорының тағына Абахайдың кәмелеттік жасқа толмаған баласын отырғызады. Бұл император (аты Шунчжи) Қытайды 1661 жылға дейін билік етті. Осылайша Қытайда маньчжурлардың билігі орнайды. Қытай осы уақыттан бастап 1912 жылға дейін Цин империясы деп аталады. Қытай жат жерлік маньчжурлардың үстемдігінде өмір сүрді.

Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі боғдыхан (император) Көк Тәңірінің ұлы деп саналды. Оның жеке басы-қасиетті болып есептелді. Қарапайым халыққа оның жүзін көруге тиым салынды. Императордың шын атын дауыстап айтуға, қағазға жазуға болмайтын. Халық императорды оның ұранымен атайтын. Цин империясының ең жоғарғы заңды құылымдары императорлық әкімшілік пен әскери кеңес болды. Мемлекеттік қызметке ең алдымен маньчжурлар алынатын, содан кейін ғана маньчжурларға берілген, адал деп саналған қытайлықтар, бірен-саран моңғолдар қабылданатын.

Цин империясының мемлекеттік құрылысы Мин әулеті билеген Қытайдың мемлекеттік мекемелері мен салалық басқарушы органдары үлгісінде құрылды. Бүкіл Қытай жері әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінді. Оны император тағайындаған әкімдер басқарды. Конфуцилік дәстүр бойынша мемлекеттік қызметке ғылыми дәрежесі бар оқымыстылар алынатын. Оларды шэньшилер деп атады. Шэньши дәрежесін алу үшін мемлекеттік емтихан тапсырытын, маньчжурлар билігі тұсында емтиханды ақшаға сатып алған маньчжурлық феодалдар көбейді.

Әлеуметтік сатыда маньчжурлардан кейін тұрған, басы бос қытайлықтар төрт сословиеге бөлінді: оқымыстылар, егіншілер, қолөнершілер мен саудагерлер. Бұлардың ішінде сан жағынан ең көбі қытай егіншілері, яғни қарапайым шаруалар кірді. Ең төменгі сатыда кембағылдар деп аталған әртістер, қарапайым қызметшілер, үй малайлары тұрды. Бұл топқа жататын адамдар еш уақытта мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберілмейтін, яғни олар еш уақытта мемлекеттік қызметке алынбайтын. Маньчжурлар Қытайды басып алғаннан соң, мемлекеттегі орасан зор ең құнарлы жердің қожасы болды. XVIII ғасырдың ортасына қарай Цин императорының меншігінде жалпы көлемі 13 мың цин (1 цин – 6 гектар) 70 жер қожалығы болды. Императордан соң ірі жер иеліктері қолбасшылар, императордың туыстары, маньчжур ақсүйек бай таптарының қолында болды. Маньчжур феодалдарының жер иеліктерінде қытай шаруалары еңбек етті.

Қытай феодалдарының иелігіндегі жерлерге мемлекеттік салық салынды. Ал қолында аздаған жер иеліктері бар қытай шаруаларының жағдайы тіпті ауыр болды. Шаруларға көптеген салықтар салынды. XVII-XVIII ғасырларда Цин мемлекетінде жер иелену ірілендірілді. Ауыр салықтарға шыдамаған шаруалар жерін сатып, өздері феодаладарға жалдануға мәжбүр болды. Мемлекеттегі халықтың басым бөлігі кедей шаруалар егіншілікпен қатар қолөнер мен ұсталық, тоқымашылық, зергерлік сияқты жұмыстармен де айналысты. Қытай шаруаларының қолынан шыққан тоқыма бұйымдар елдің ішкі саудасымен қатар сырт елдерге де шығарылды. Осы кезеңдегі Қытайдағы ең ірі тоқыма орталықтарына Нанкин, Сучжоу, Ханьчжоу, Шанхай және тағы басқа қалалар жатты. Бұл қалаларда шығарылған Қытайдың жібек, мақта -мата бұйымдары дүние жүзіне белгілі болды. Қытайдағы қолөнердің ең көп таралған түрі фарфор өндірісі еді. Қытайдың атақты фарфор бұйымдары әлемнің әр түпкіріне таралды. Сондай-ақ қытайда тау кен өндірісі дамыды. Мыс, темір, т.б. металдар қорытылды.

Қолөнершілер ірілі-ұсақты ұйымдарға бірікті. Мемлекеттік мануфактуралар құрылды. Олардың негізгілері әскери қару-жарақ жасау, тау-кен өндірісі салаларында болды. Қазыналық қолөнер шеберханалары мен мануфактураларда жалдамалы қолөнершілер істеді.

XVII-XVIII ғасырларда Қытайдың аграрлық құрылысы натуралды шаруашылыққа негізделіп, үйдегі қолөнер өндірісі мен егіншілікті ұштастырылды.

Қытайды бағындырған цин билеушілері көрші елдерге қарсы басқыншылық саясат ұстанды. Басқаншылық соғыстар жүргізе отырып, империя құрамына жаңа жерлерді қосып алып отырды. Басқыншылық соғыстар арқылы Қытай халқының назарын өздеріне қарсы азаттық соғыстан басқа жаққа бұру саясатын жүзеге асырды. Цин билеушілерінің алғашқы басқыншылық жорығын Манғолияға бағытталды. XVI ғасырдың ортасында-ақ үш хандыққа бөлінген монғолдардың Шығыстағы Чахар хандығын маньчжурлар 1636 жылы өздеріне бағындырған еді. 1691 жылы Солтүстік Монғолиядағы ойрат тайпаларының Жоңғар хандығы циндіктерге қуатты қарсылық көрсетіп, ұзақ уақыт өзінің дербестігін сақтап тұрды.

XVIII ғасырдың ортасында Жоңғар хандығының ішкі дағдарыстарын пайдаланып, Цин әскерлері 1755-1757 жылдардағы соғыстың нәтижесінде бұл хандықтың жерін де иеленді. Қанды қырғын арқылы бүкіл бір хандықтың жерін халқынан босатып, Цин империясының құрамына қосты . Жоңғариядан кейін цин әскерлері шығыс Түркістанды басып алуға кірісті, Жергілікті халықтың қарсылығын басып, Цин әскерлері 1759 жылы бұл жерлерді де бағындырды. Осыдан кейін Жоңғария мен Шығыс Түркістанды Цин империясына қосылған «Жаңа шекаралық аймақ» (Синььцзян) деп атайды.

Цин империямының басқыншылық саясаты сондай-ақ Тибетке, Үндіқытай елдеріне де таралып, Цин империясының құрамына Тибет, Бирма, Вьетнам, Непал сияқты елдер кірді. Басқыншылық соғыстар арқылы Цин билеушілері империя құрамына орасан зор жерлерді қосып, Қытайдың шекарасын кеңейтті. Сонымен қатар бірқатар көрші жатқан елдерді өз ықпалына қаратып, тәуелділікте ұстады. Ол елдер Қытай императорына жыл сайын елші аттандырып, сыйлық тапсырып отырды.

Цин империясының басқыншылық саясаты Қытай халқына оңайға түскен жоқ. Үздіксіз жүргізілген соғыстар мемлекет қазынасына үлкен шығын әкелді, бұл шығынды толтыру үшін өкімет халықтың мойнына ауыр салықтар салды. Халық бұқарасының тұрмыс жағдайы нашарлап, қытай халқының билік жүргізіп отырған Цин үкіметіне наразылықтары күшейді.

XVII ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың басында Қытайдың экономикасы қайта жанданды. Қытай шаруалары басқыншылық соғыс кезінде қараусыз қалған жерлеріне қайта оралып, егіншілікпен айналыса бастады. Маньчжур билеушілері жергілікті халықтың наразылық көтерілістерін есепке ала отырып, шаруаларға салынытын салықты реттеп, ауыртпалықтарын біраз жеңілдетті. Ұсақ шаруа қожалықтары кеңінен дами бастады.

XVIІ ғасырдың соңында Қытай қалаларының қайта жандана бастауына сәйкес, қала мен ауыл арасында сауда байланыстары өркендеді. XVIII ғасырда Қытайда қазыналық және жеке меншік қолөнер өнеркәсібі дами бастады. Мақта мен жібек мата өндіру жақсы дамыды. Бұл бұйымдар елдің ішінде ғана емес, сыртқа экспортқа да шығарылды. XVIII ғасырда Цин билеушілері Қытай халқының сырт елдермен байланысына шектеу қойды. 1757 жылы император Цяньлун еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салды.

Қытай саудагерлері елдің оңтүстігінде, тек Гуаньчжоу портты қаласы арқылы ғана сырт елдермен сауда жасай алды. Оның себебі маньчжур үкіметінің өздерінің Қытайдағы билігін сақтау, қытайлықтарды сырт елдердің ықпалынан оқшау ұстау саясатынан туған болатын.

Қытай экономикасындағы тұрақтылық XVIII ғасырдың соңғы ширегіне дейін ғана сақталды. XVIII ғасырда империяның жүргізген үздіксіз басқыншылық соғыстарының ауыртпалығы қытай экономикасына үлкен зиян келтірді, халықтың басына түскен ауыртпалық – салықтар көбейді. Басқыншылықтар соғыстар, басып алған жерлерді қорғап тұру, халық көтерілістерін басу орасан зор шығынға түсті.

Сөйтіп, XVIII ғасырдың соңында Цин империясы дағдарыс кезіне аяқ басты.

Цин державасында басталған дағдарыс белгілері сондай-ақ мемлекеттік аппараттың ыдырауында, шенеуніктіктің бүкіл тобын қамтыған сатқындықтың таралуанда көрініс тапты. XVIII ғасырда Қытайда күрт ұлғайған тұрғын халықтың өсуі айқын рөл атқарды. XVIII ғасырдың басында елде 100 миллион адам болса, ал XVIII ғасырдың соңында 300 миллионнан аса адам тұрды. Император Цяньлун (1736-1796) Қытайда «өндірушілер аз, ал тұтынушылар көп» деп күйінішпен айтқан. XVIII ғасырдың соңында шенеуніктер халықтың шамадан тыс көптігі туралы: «алқаптарда үйлер үшін жер жетпейді» деген мәліметтерді хабарлаған. Қытайда азық-түліктің қатты жетіспеушілігі сезіле бастады. Мемлекет әрекет етуге дәрменсіз болды.

Елде толқулар мен көтерілістер басталды, олардың ұйымдастырушылары құпия қоғамдар мен діни секталар болды. Мәселен, XVIII ғасырдың соңында «Ақ лотос қоғамының» басшылығымен жаңа кезең кезеңіндегі аса ірі халық көтерілістерінің бірі басталды. Көтерілісшілер Маньчжур династиясын құлату, сатқын және қатал шенеуніктерді жою ұрандарын көтерді. Циндік әскерлер көтерілісшілерді аяусыз жазалады, қарсылық ошақтары басып жаншылды. Бірақ ауыр жеңілістерге қарамастан, құпия қоғамдар мен діни секталардың іс-әрекеті тоқтамады. Олар жаңа тарихтың келесі кезеңінің өн бойында Цин үкіметіне қарсылықтың дем берушілері болды.

Сыртқы әскерлер империяның шекараларын бұрын болып көрмеген шекке дейін кеңейтті. Пекиннің әсем сарайлары бүгінде өзінің құдіреттілігін еске түсіреді. Тұрғын халық жылдам қарқынмен өсті. Бір кездердегі Таң империясының билеушілері сияқты ғалымдығы және ақындығы бар Цяньлун императордың өзі күшті әрі қабілетті билеуші болды және өзін тандық император Тайцзуньмен салыстырғанда жақсы көрді. Цяньлун империяны алпыс жыл басқарды. Оның өлімінен кейін бірден бүліктер мен көтерілістер басталды, жарты ғасыр өткеннен кейін ағылшын әскерлері елдің бүкіл басты пункттерін оңай жаулап алды. Цяньлун патшалығынан кейін ылаң мен құлдырау ғасыры жүрді. Цяньлун империясының салтанатты бет әлпетін ақыл-ой және рухани тоқырау, шенеуніктер жемқорлығы бүркемеледі.

ХІХ ғасырдағы Қытайдың әлсіреуі оның еуропалық державаларға тәуелділігіне алып келді.

ХІХ ғасырдың басында маньчжурлар билігіндегі қытайда ортағасырлық феодалдық қатынастар үстемдік етті. Ел өмірінде ілгерлеушілік байқалмады. Ауыл шаруашылығы, қолөнер өндірісі, армия мен флот, жалпы қоғам өмірі көнеден келе жатқан конфуцилік дәстүрлер деңгейінде қалды.

Басқыншылық соғыс арқылы маньчжурлар құрған Цин империясының құрамына маньчжурлардың өз атамекені Маньчжурия, 18 провинциядан тұратын бүкіл Қытай жері және Монғолия, шыңжаң, Тибет аумақтары кірді. Маньчжур императоры Қытайдағы билігін ертеден келе жатқан конфуцилік ережелеріне қарап жүргізді. Император көк тәңірінің ұлы деп саналды. Маньчжур императоры Цин империясының күш-қуатын, беделін қытай халқының жоғары ұстау үшін, бүкіл оған бағынышты басқа халықтарды варварлар деп атады. Олардың өзі «ішкі варварлар» - монғолдар, тибеттіктер және «сыртқы варварлар» - Қытайға көрші бүкіл халықтар болып бөлінді. Қытай өзімен байланыс жасамақ болып, Пекинге келген елшіліктің бәрін варварлардың императордың рақымшылығын сұрауы, «өркениетке жақындау» әрекеті деп түсінді. Цин империясы ешқандай елмен ХІХ ғасырдың 40-жылдарына дейін тең дәрежеде дипломатиялық не сауда байланысын жасап көрген емес.

Цин үкіметінің Қытайды томаға-тұйық, оқшау жағдайда үстауы оны дүние жүзі елдерінен даму жағынан артта қалдырды. Орасан зор аумағына, табиғат байлықтарына, мемлекеттік даму тәжірибесіне қарамастан, Қытай дамымаған феодалдық ел болып қалды. Қытай халқы мемлекет басында отырған маньчжур үстемдігіне наразылық күрес жүргізумен болды, маньчжурлерге қарсы бағытталған құпия ұйымдар көбейді. Мысалы, «Ақ лотос», «Аспан ақыл-парасаты», т.б. құпия ұйымдар маньчжурлерге қарсы күрес ұйымдастырды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Цин империясы әлсірей бастады. Елдің экономикалық жағдайы нашарлап, ашаршылық, жұқпалы аурулар, қайыршылық етек алды. Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді.

Цин империясының ішкі дағдарысына сыртқы әсерлер де қосылды. Қытайға ағылшындардың отарлық әрекеті басталды.

Капиталистік Англия өз тауарларын өткізетін сыртқы рынок ретінде Қытайды ашуға кірісті. XVIII ғасырдың соңынан бастап ол Қытайға үш елшілік аттандырды. 1791 жылы Қытайға Макартией елшілігі, 1816 жылы Ахмерст, 1834 жылы Нэпир елшілігі келді. Қытайдың сырт елдермен сауда жасауға рұқсат берілген бір ғана аймағы Гуаньчжоудағы «Гунхан» сауда монополиясы болатын. Англимя енді бүкіл елде шетел саудасын жүргізуге рұқсат ету талабын қойды. Бұл талаптарына Цин империясы тарапынан жауап ала алмаған ағылшын отаршылдары Қытайға күш көрсетіп, соғыс ашуға сылтау іздеді. Ағылшын саудагерлері Гуаньчжоу порты арқылы Қытайға қарақшылық жолмен Апиын әкеліп сата бастады. Апиынның зардабынан шаруашылық күйреуге ұшырап, халық азғындауға айналды. Қытайдың алтын-күміс байлығы Апиынға айырбасталып, Англияға ағылды. Пекин ағылшындардың Қытайға апиын әкелуіне тиым салды, қытай әскерлері ағалшын кемелеріндегі апиын тиелген жәшіктерді суға лақтыра бастады.

Іздеген сылтауы табылған Англия Қытайға қарсы соғыс бастады. 1840-1842 жылдары болған бірінші апиын соғысында ағылшындар жеңіске жетт.іп, Цин империясын тізе бүктірді. Қытай жеңілгенін мойындап, еуропалықтар алдында тізе бүгіп, әділетсіз нанкин келісімшартына қол қойды.

Бұл келісім бойынша Қытай ағылшындарға тағы да бес порт ашық деп жариялауға, орасан зор мөлшерде өтемақы төлеуге мәжбүр болды. «Гунхан» сауда моноплиясын жойды. Нанкин келісімнен кейін Цин империясы жартылай отар елге айналып, шетелдіктерге тәуелділікке түсті. Осыдан кейін Англия мен Франция бірігіп, Қытайды отарлауды кеңейту үшін екінші апиын соғысын бастады. 1856-1860 жылдар болған екінші апиын соғысы кезінде Қытайдың ішкі жағдайы да өте ауыр халде болатын. 1850 жылы елдің оңтүстігіндегі Гуандун, Гуанси провинцияларында шаруалар көтерілісі басталған еді. Елдің эеономиткалық күйзелісі, апиын қозғалысының зардаптары, Цин империясын елді зардаптан шығаруға дәрменсіздігі шаруалардың ашу-ызасын туғызды. Олар тайпиндер деген атпен өздерінің саяси көсемі Хун Сюцюанның басқаруымен көтеріліске шықты.

Осындай шиленісті шақта ағылшын, француз және американ капиталистері Қытайды отарлаудың қолайлы сәтін пайдаланып, тағы да апиын соғысын танған еді, Цин үкіметі басқыншыларға қарсы қарымды қарсылық көрсете алмай, жеңіліп қалды. 1858 жылы Тяньцзинге таяу жердегі Дагу бекінісін ағылшын-француз әскерлері басып алған соң, Цин үкіметі державалардың қойған талаптарын мойындап, келісімге келді. Қытай Англиямен және Франциямен жеке-жеке Тяньцзин келісіміне қол қояды. Англия мен Франция пекинде өзің елшілерін ұстауға және өз елдерінің азаматтары Қытайды емін-еркін жүріп тұруына, Янцзы өзені бойында сауда жасауға мүмкіндік алды. Апиын сатуға шек қойылмайтын болды, саудаға салынатын салық мөлшері қысқартылды.

Тяньцзин келісімі Қытайды шетелдіктерге тәуелді, жартылай отар елге айналдырды. 1860 жылы Цин мемлекеті атынан князь Гун Англия және Франциямен пекин конвенциясына қол қойды. Бұл бойынша Тяньцзин келісіміне қосымша Қытай 16,7 млн лян өтемақы төлеп, Тяньцзин портын ашуға келісті. Англия Қытайдан кули (жалдамалы жұмысшы) әкетуге рұқсат алды. 1860 жылы Ресей Қытайдан Уссурий аймағын толық қайтарып алды.

Батыс капиталистері Цин империясын түпкілікті әлсіретіп, қытайды өз ықпалдарына айналдыру саясатын жүргізді. «Апиын соыстарынан» кейін Англия 1875-1876 жылдары пекинге тағы да соғыс қаупін төндіріп, Чифу конвенциясы бойынша тағы да жаңа төрт портты ағылшын саудасына ашып берді.

1884-1885 жылдары Франция Қытайға соғыс ашты. Вьетнамды Қытайдан тартып алып өз билігін орнатты. 1894-1895 жылдары Жапония соғыс ашып, қытайдан Тайвань, Пяньху аралдарын тартып алды. Кореяны Цин империясы билігінен азат етіп өз ықпалына көшірді. Франция оңтүстік Қытайда үстемдік етті. Ресей Маньчжурияда, Германия Шаньдун түбегінде, Жапония Фуцхянда билік жүргізді. Ал АҚШ болса «ашық есік» саясатын жүргізуді көздеді.


: ebook -> umkd
umkd -> Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі
umkd -> 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
umkd -> «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
umkd -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған
umkd -> ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


  1   2   3   4   5


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет