Б иыл Ауған жерінен Кеңес армиясының шығарылғанына 15 ақпанда 22 жыл толып отыр. Міне, осыған байланысты аудандық кітапхана мен тарихи өлкетану мұражайы бірлесіп «Ауған асуында от кешкендер» атты тақырыпта Х



жүктеу 11.74 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі11.74 Kb.
Биыл Ауған жерінен Кеңес армиясының шығарылғанына 15 ақпанда 22 жыл толып отыр. Міне, осыған байланысты аудандық кітапхана мен тарихи өлкетану мұражайы бірлесіп «Ауған асуында от кешкендер» атты тақырыпта Х.Мұстафина атындағы орта мектептің оқушыларымен Ауған ардагері Б.Типеевпен кездесу өткізді. Кездесу кешіне аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы Р.Қ.Шотаева, «Достық» газетінің тілшісі А.Ахыт қатысты.

Кешті кітапханашы Ж.Сиязбаева ашып, келген қонақтармен таныстырды. Ауған соғысы жайлы көптеген мәліметтер беріп, баяндап өтті. Мұнан кейін кітапханашы Г.Артықбаева «Ерлік ұмытылмайды» атты ұйымдастырылған көрмедегі әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасап оқырмандарды қызықтыра білді.

Кеш қонағы, Астана қаласында өткен ауған соғысы ардагері форумына қатысып қайтқан ауған ардагері Б.Типеев Ауғанстан жерінде басынан кешкен қасіретті жылдарды жүрек тебірентерліктей оқушыларға әңгімелеп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді.



Шотаева Райса оқушыларға соғыс алапатының талай шаңыраққа қайғы-қасірет әкеліп, талай жас өмірді жалмап өткені, соғыстың зардабы, ардагерлер өміріне тигізген соғыс жарасының әлі де жазылмағаны жайында айтып өтті.

Мұражай директоры Ә.Әбілмәжінов оқушыларды Ауған соғысына арналып ұйымдастырылған бұрышпен, жалпы мұражайдың қазақ тарихы, оның салт-дәстүріне байланысты көрме залдарымен таныстырып әсерлі әңгімелеп берді.



Кеш соңында кітапхана қызметкері Айжан Зайнулдина қонақтарға музыкалық сәлем ретінде «Қазақстан» әнін орындап, оқушыларды бір серпілтіп тастады.
Зайсан аудандық кітапхана қызметкері: Қ.Сағымжанова




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет