Бағдарламасы ( Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат)



жүктеу 83.52 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі83.52 Kb.
«Абайтану» таңдау курс бағдарламасы

( Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат)



Мақсаты: Ұлы ойшыл, ақын, данышпан Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын тереңірек оқыту. Ақынның қазақ әдебиетіне енгізген жаналығын, қосқан үлесін меңгерту.Өлеңдерін талдау, мәнерлеп оқу арқылы поэзияны сүюге тәрбиелеу, шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыру. Курсқа арналған барлық жоспарлы метериалдарды толық игерту, қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалана білуге, жұрт алдында өз ойын толық жеткізуге үйрету.


Міндеті: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін ұғыну, идеясын тану.

Теориялық білімдерін практикада қолдана білу біліктерін қалыптастыру.

Оқушының шығармашылық қабілетін арттыру.


Күтілетін нәтиже: Өз ойын көркем тілмен жеткізетін, поэзияны сүйетін, әдебиеттің сырлы әлеміне бойлай алатын, ,

білімділік, біліктілік дағдыларын қалыптастыра отырып, ізденімпаз, шығармашыл, адамгершілігі мол оқушы қалыптасады.

Түсінік хат
Қазақ поэзиясының асқар шыңы, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың көркем мұрасы- төл әдебиетіміздің асыл қазынасы. Ақын қазынасы көптеген өлеңдер мен поэмалардан, мысалдар мен нақыл сөздерден, философиялық толғаулардың негізінде құралғанын білеміз. Оның қай туындысын алып қарасақ та жаңа лебімен, сазды үнімен, ойлылығымен, сұлулығымен ерекшеленіп, оқырмандарды баурай түсері анық.

Қалың ойын өлең өрнегімен өргізген Абай жаңашылдық сипатта, өзіндік нақышпен бедерленген соны үлгіде, табиғи болмысымызға тән кең тыныста түлетіп, қазақ әдебиетін шырқау биікке көтерді.

Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ барды, ертегіні термек үшін

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-деп толғанады.

Ақын шығармашылығын танытуға арналған «Абайтану» курсы оқушыларды ақыл-ой әрекетіне бағыттайды, мәліметтерді өздігінен жинауға үйретеді. Оқушы шығармашылығын қалыптастыруға әсер етеді. Бағдарлама жеке тұлғаның танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі ерекшелігі- мектеп бағдарламасында қарастырылған материалдарды оқушылардың ізденімпаздықпен тауып, толықтырып, өз білімін байыта алуы.




«Абайтану» тақырыбына арналған таңдау курс бағдарламасы

( Аптасына 1 сағат Барлығы: 34 сағат)

Сыныбы: 5

Сабақ



Сабақтың тақырыбы

І тоқсан

Сағат саны

9 сағат

Күні

Сабақтың мақсаты

Сабақтың түрі,

әдісі

Қосымша материалдар


1.

А.Құнанбайұлы туралы мәлімет

1




Абай өмірі туралы жалпы түсінік беру

Танымдық, әңгімелесу




2.

Абай туып-өскен орта

1




«Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» Абайдың өскен ортасы туралы мағлұмат беру

Саяхат сабақ




3.

Абай-лирик ақын

1




Лирика туралы түсінік. Абайдың көңіл-күйдің ақындығы екенін таныту

Сын тұрғысынан ойлау.

Абайдың шығармалар жинағы

4.

Абай- табиғат жыршысы

«Жазғытұры», «Жаз» өлеңі



1




Табиғаттың төрт мезгіліне өлең арнаған ақын екендігін таныту.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

«Қазақ әдебиетінің тарихы»

5.

«Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір он екі ай» өлеңі

1




Абайдың гуманист болғандығын, ізгілік, әділет сияқты қасиеттерді қастерлегенін білу

Сипаттау, салыстыру

Абайдың шығармалар жинағы

6.

«Қыс» өлеңі

1




Өлеңнің идеясын таныту,ерекшелігін білу

Аралас сабақ

З.Қабдолов

«Сөз өнері»



7.

Абай өлеңдеріндегі достық мәселесі

«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңі



1




Өлеңнің идеясын ашу, мәтінді мәнерлеп оқу

Жаңа тақырыпты меңгерту

Абайдың шығармалар жинағы

8.

Әлеуметтік-саяси лирикасы «Қалың елім, қазағым» өлеңі

1




Әлеуметтік-саяси лириканы түсіндіру.

Жаңа тақырыпты меңгерту




9.

Қайталау, қорытындылау

1




Абай өлеңдерін білу

Поэзия сағаты









ІІ тоқсан



7 сағат













10

Абай-сатирик «Болыс болдым,мінеки» өлеңі

1




Сатира туралы түсінік беру.

Әңгімелесу, баяндау




11

Абай-ағартушы. «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

1




Дүниенің кілті-білім мен ғылымда екенін білу

Салыстыру, талдау

Абайдың шығармалар жинағы

12.

«Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдері

1




Білімді болу, өнерді игеру қызмет қылу, шен алу емес екенін түсіну

Аралас сабақ




13.

Абай-аудармашы.

Абай және Пушкин



1




Пушкиннен аударған шығармасын таныту

Салыстыру, талдау

«Евгений Онегин», «Татьянаның хаты»

14.

Абай және Лермонтов

1




Абайдың Лермонтовтан алған әсері, аударған өлеңдерін білу




«Абай жолы»

І кітабы 564 бет



15.

Абай және Крылов

1




Крылов мысалдарын аударушы екенін білу




«Шырылдауық шегіртке», «Қарға мен түлкі»

16.

Қайталау, қорытынды

1




Абай өлеңдерін жатқа білу

Поэзия сағаты

Әдебиет




ІІІ тоқсан

10 сағат













17.

Абай ән өнері жайында. «Құлақтан кіріп, бойды алар»

1




Әннің, сөз өнерінің адамға әсері туралы Абайдың не айтқанын білу

Аралас сабақ

Абайдың шығармалар жинағы

18.

Абай-сазгер. «Айттым сәлем, Қаламқас»

1




Әннің туу тарихын білу

Баяндау, салыстыру




19.

Абай-би, болыс,заңгер

1




«Қарамолада жазылған ереже» заң жиынтығы бар екенін білу

Жаңа тақырыпты меңгерту




20.

Абай- дана, ойшыл, филиософ

1




Даналық ойлар туралы қарасөздерінің тәрбиелік мәнін білу

Аралас сабақ

Абай қарасөздері

21

Абайдың 29, 31-қарасөздері

1




Қарасөздеріндегі мақал-мәтелдерді табу




Абай қарасөздері

22

Абай афоризмі

1




Ақынның афоризмге айналып кеткен сөздерін ажырату

Салыстыру




23.

Абайдың сөз қолдану ерекшелігі

( Риторикалық сұрақ)



1




Ақынның сөз қолдану ерекшеліктерін таныту

Салыстыру, талдау

З.Қабдолов

«Сөз өнері» кітабы



24.

«Пайда ойлама, ар ойла»

1




Шығамашылық жұмыс жүргізу дағдысын арттыру

Ой толғау




25

Сөзжұмбақтар құрастыру

1




Алған білімдерін тиянақтау

Білімді тексеру сабағы




26.

Қайталау

1




Қорытындылау

Шығармашылық жұмыс







ІҮ тоқсан

8 сағат













27

Абайдың ақындық мектебі. Көкбай Жанатайұлы туралы

1




Ақынның шәкірттері туралы мағлұмат беру

Жаңа тақырыпты меңгерту




28.

Шәкәрім мен Мағауия

1




Шәкәрім мен Мағауияның Абай үлгісімен ақындық жолға түскендігін таныту

Әңгімелеу, реферат жазу




29.

Абайтанудың негізін салушы- М.Әуезов

1




М.Әуезов туралы мағлұмат беру

Баяндау, ой түйіндеу

М.Әуезов І кітабы

30.

М.Әуезов «Абай жолы» романы І кітабы

1




«Қайтқанда» бөлімі бойынша бала Абайға мінездеме беру

Талдау, сипаттау

М.Әуезов «Абай жолы» романы

І кітабы


31.

Абай туралы ойтолғамдар, ақындар жырлары

1




Ұлы Абай туралы даналар сөздерін оқу, мәнін ұғыну




М.Әуезов. «Уақыт және әдебиет»

32.

Шығармашылық жұмыс

1




«Адамзаттың Абайы» шығарма жазу

Шығармашылық ізденіс




33.

«Абайды оқы, таңырқа»

1




Абай шығармаларын, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдысын арттыру




Абай шығармалар жинағы 1,2 том

34.

Абай шығармаларынан өткенді қайталау

1







Қайталау-жүйелеу сабағы




: ld
ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет