БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/3
Дата22.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

Қазақстан тарихы


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

5-9 сыныптар

Астана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

Қазақстан тарихы


жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген



Бағдарлама авторлары: Тұрлығұл Т.Т., Жусанбаева Г.М., Жолдасбаев С.Ж.,Таймағамбетов Ж, Қ., Назарбаева А.П.

Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010.– 35 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010



І. ТҮСІНІК ХАТ
«Қазақстан тарихы» - мектептегі оқу пәні ретінде негізгі орта білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың өзегін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді қалыптастырады

«Қазақстан тарихы» оқу пәнінің негізі — адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам — табиғат — қоғам). Ол оқушыларды адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен қазіргі кезге дейінгі кезеңдерімен таныстырады. Бірақ мектептік пән бүкіл тарих ғылымын тұтас та, толық қамти алмайды. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық дәрежесі ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарихи үрдістер, тарихи-ғылыми ұғымдар іріктеліп алынады. Бұл тарихи объектілер адамзаттың кез келген қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық түсінуге мүмкіндік береді.

Мектепте «Қазақстан тарихын» оқытуға біртұтас көзқарас қалыптастыру, бұл тарихты оқып – үйренуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қарауды ұштастыруға негізделуі қажет. Формациялық тұрғыдан қарау тарихи даму кезеңдерінің сабақтастығы мен ішкі байланыстарын бейнелейді, әлеуметтік- экономикалық процестердің логикасын түсінуге мүмкіндік береді. Өркениеттік тұрғыдан қарау, әр түрлі халықтар мәдениетінің өзара байланысы мен өзара ықпалын көрсетеді, салыстырмалы-типологиялық әдісті кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

«Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мақсаты - оқушыларының дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру.

Оқу пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:



  • оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

  • оқушылардың басты назарын қоғам тарихына; адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;

  • гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;

  • оқушыларда тарихты оқып- үйренудегі көпөлшемділігі және тарихи процестің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру;

  • оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.


Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:

5 сыныпта аптасына - 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

6 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

7 сыныпта аптасына - 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат құрайды

8 сыныпта аптасына - 1,5 сағат,оқу жылында 51 сағатты құрайды

9 сыныпта аптасына - 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағатты құрайды

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі.

«Қазақстан тарихы» оқу пәні мазмұнын толықтыруға, оқушының пәні бойынша білімін көтеруге, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Пәнді тереңірек білу үшін оқушыларға қосымша вариативті курстар ұсынуға болады. Мәселен: «Қазақ елінің тарихы» «Түркілер мәдениеті», «Тарихи тұлғалар», «Қазақстанның сыртқы саясаты»

«Қазақ дипломатиясының тарихы», «Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастықта», «Атақты қазақ хандары», «Батырлар- қазақ хандығының жерін қорғаушылар» және т.б

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ

5 сынып

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН ӘҢГІМЕЛЕР

(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)


1-бөлім. Тарих әлемі (16 сағат)

Тарих ғылымы туралы

Тарих туралы түсінік. Тарихтың қалыптасуы және дамуы. Шежіреші – қазақтардың жылнамасын жазушылар және әңгімелеушілер. Ежелгі грек тарихшысы Геродот және оның «Тарих» кітабы. Қытай шежірешісі Сыма Цянь. Рашид-ад-дин. «Жами-ат-тауарих». Еуропалық хроникалар. Орыс шежіресі. Тарихты зерделеу не үшін керек? Қазақстан тарихы – дүние жүзі тарихының бір бөлігі. Қазақстан тарихының кезеңдері



Тарихи жәдігерлер. Тарихи жәдігерлердің негізі. Тарихи жәдігерлердің түрлері: ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық. Қосалқы тарих пәндері және оның тарихты үйренудегі рөлі. Нумизматика. Геральдика. Антропология.

Жазбаша жәдігерлер. Жазбаша тарихтың дамуы. Ежелгі пиктография. Иеороглифтер. Шумерлік және египеттік жазбалар.

Финиктер – алғашқы әліпбиді құрастырушылар. Көне түркілердің тарихи қолтаңбалары. Көне түркілердің жазбаша руникасы. Жазуға қолданылатын құралдар: тас, саз, қыл қалам, қағаз, пергамент. Тарихи оқиғалар мен ұлы адамдардың өмірлеріндегі жазбаша сипаттамалар.



Заттай жәдігерлер. Археология ғылымы және оның қалыптасуы. Археологиялық түсінік. Этнография және этнология. Этнографиялық зерттеулер. Н.Н.Миклухо-Маклай, Льюис Морган.

Өлкетану деген не? Тарихи өлкетану. Тарихи география. Тарихи демография. Мұрағаттану. Мұрағат – жазба ескерткіштердің қоймасы.

Тарихи уақыт. Тарихтағы уақыттың бағыты. Есепші – қазақтың болжағыштары, көріпкелдері. Әр түрлі халықтардың жыл қайыруы. Қазақша жыл қайыру. Мұсылмандық жыл қайыру. Хижра. Юлиандық, григориандық күнтізбе.

Тарих және кеңістік. Кеңістік туралы түсінік. Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымы. Жердің шар тәрізді екенін қазақтардың білуі.

Тарихи карта. Тарихи карталардың қалыптасу тарихы және оны жетілдіру. Ежелгі қытайлар мен гректердің карталары. Орталық Азияда картаның құрылымы. Әл-Хорезми және оның «Жер туралы кітабы». Карта құрылу дәуіріндегі ұлы географиялық ашылулар. Тарихи картада қазақ жерінің сипатталуы. Әл-Ыдырыстың карталары. С.Ремезовтың «Сібірдің сызба кітабы», И.Г.Ренаттың Қазақстан картасы.

Қазақстан – дүниежүзіндегі ең ірі мемлекеттердің бірі. Дүниежүзілік картадағы Қазақстан. Қазақстан аумағы. Халқы. Топонимика (Жер-су атаулары). Қазақстан табиғаты. Қазақстанның байлығы. Пайдалы қазбалар.



Қазақстанның тұрғындары. Қазақстан халықтары – көп ұлтты. Әр түрлі халықтардың Қазақстан территориясына қоныстану кезеңдері. Қазақстан Республикасының ұлттар жөніндегі саясаты. Мемлекеттік тіл.

Қазақстан қалалары. Қазақстандағы қалалардың құрылу тарихы. Ірі қалалар – Түркістан, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Семей, Қарағанды, Шымкент.

Қайталау (1 сағат)
2-бөлім. Тарихқа саяхат (17 сағат)

Адамды кім жаратты? Адамның шығу тегі. Алғашқы адамның пайда болуы туралы түсініктер. Әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары.

Адам туралы жаңа уақыттардағы ілімнің дамуы. Адамның шығу тегі туралы ғылыми көзқарастар. Жердің алғашқы адамдары. Саналы адам. Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар. Археолог Х.Алпысбаевтың ашулары.



Қазақстан территориясындағы тас дәуірі. Палеолит – ерте тас дәуірі. Ежелгі еңбек құралдары. Адамдардың тайпалары. Табиғат. Ауа-райы. Мұздақтардың еруі.

Мезолит – орта тас дәуірі. Күннің жылынуы, мұздақтардың еруі. Садақ пен жебенің өнертабысы, бумеранг. Жеке аң аулаулар. Ең алғашқы мал шаруашылығының белгілері және егін шаруашылығы. Жаңа еңбек құралдарының пайда болуы.

Неолит – жаңа тас дәуірі. Микролиттік мәдениет. Мал шаруашылығы мен жер өңдеудің қалыптасуы.

Қазақстан территориясындағы қола дәуірі. Алғашқы металдар. Қола өнертабысы. Қола кезеңінің ерекшеліктері. Егін шаруашылығының дамуы. Мал шаруашылығы. Андронов мәдениеті. Энеолит мәдениеті.

Қол дәуіріндегі тайпалар – арийлар, турлар, қияндар. Қола кезеңіндегі тайпалар мәдениеті. Петроглифтер. Ә.Марғұлан. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.



Сақ тайпалары. Сақтар – Ежелгі Қазақстанды мекендеушілер. Сақтар туралы парсылардың және гректердің жазбалары. Сақтардың тұрмысы, шаруашылығы, олардың салт-дәстүрлері. Көшпелі мал шаруашылығы.

Сақ билеушілері. Сақтардың басқару жүйесі. Томирис пен Зарина – сақтардың атақты патшалары(ханшайымдары)

Сақтардың тәуелсіздік үшін күрестері. Парсылармен соғысы. Шырақтың жорығы.

Сақ мәдениеті. «Алтын адам – баға жетпес мұра». «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес қазіргі уақыттағы Берелдегі, Шіліктідегі, Шірік Рабад қалашығындағы археологиялық зерттеулер.

Қазақстан территориясындағы ғұн тайпалары. Мөде – ғұн мемлекетінің негізін қалаушы. Ғұндардың тарихы. Ғұндардың шаруашылығы, тұрмысы. Халықтың ұлы көші. Атила (Еділ) – ұлы жаулап алушы.

Қазақстан территориясындағы көне түркілер. «Түркі» түсінігі. Түркі қағанатының пайда болуы. Бумын қаған – Түркі қағанатаның негізін қалаушы. Көне түркілердің тұрмысы, қызметі. Көне түркілердің мәдениеті, дінге сенушіліктері.

Көне түркі жазбалары. Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк жазбалары. «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес көне түркілердің тасқа жазылған жазулары.

Ұлы Жібек жолы – Маңызды сауда жолы.

Қайталау (1-сағат)
Әл-Фараби – Шығыстың көрнекті ойшылы. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл-Фарабидің философия, математика, физика, медицина, логика, этика, және география ғылымдарынан көптеген еңбектері бар. Этномәдени орталық құрылысы және Әл-Фараби кесенесі.

Орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары. Қалалардың құрылуы. Қалалардың құрылысы.

Ірі қалалар – Түркістан, Сығанақ, Сайрам, Тараз, Қалалардың әкімшілік, сауда-саттық, мәдениеттегі рөлі.

Отырар – қаһарман-қала. Отырардың тарихы. Отырар қорғанысы. Қайыр хан. «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес ежелгі қалалар мен қалашықтар Бозақ, Отырар, Сауран, Талғар, Қойлық, Сарайшыққа осы заманғы археологиялық зерттеулер жүргізу.

Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ халқының бұрынғы ата-бабалары. Сақтар, үйсіндер, қаңлылар, түркілер, түргештер, қарлұқтар. Оғыздар, қыпшақтар – қазақ халқының ата-бабалары.

Қазақ хандығының құрылуы. «Қазақ» терминінің пайда болуы және маңызы.

Алтын Орданың ыдырауы. Ақ Орданың құрылуы. Әбілхайыр хан мемлекеті. Жәнібек пен Керей сұлтандардың бөлінуі және өздерінің тектерімен Моғолстан территориясына қоныстануы. Қазақ хандығының құрылуы. Жүздердің қалыптасуы. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі.

Қазақ хандығының тарихы. Хан – халық билеушісі. Монархия. Аңызға айналған қазақ хандары. Алаша хан. Уыз хан(Оғыз хан). Жошы хан. Қазақ хандары. Жәнібек, Керей, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуке.

Қазақ билері. Қазақ қоғамындағы билердің рөлі. Би – дана, шешен, қазылар. Төле би – жоғарғы би. Қазыбек би, Әйтеке би. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жазуға билердің қатысуы. Тәуке – ақылды хан. Тәуке ханның ел басқарған уақыты – «қазақтардың алтын ғасыры».

Қазақ батырлары. Қазақ қоғамындағы батырлардың алатын орны. Қарасай батыр. ХҮІІІ ғасырдың ұлы батырлары. Бөгенбай батыр. Қабанбай батыр. Наурызбай батыр. Баян батыр. Малайсары батыр.

Қайталау (1 сағат)
Қазақстан мен Ресей. Қазақстанның Ресейге қосылуы. ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның жағдайы. Әбілхайыр ханның Ресей құрамына кіруге ұмтылысы. Кіші жүз қазақтарының Ресей империясының құрамына кіруі. ша хан.тасуы. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі.қоныстануы. осы заманғы археологиялы громатасы А.Тевкелевтің елшілігі.

Абылай хан. Өмірі мен саяси қызметі. Абылай ханның жоңғарларға қарсы күресі.

Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы өз тәуелсіздіктері үшін күрестері. Кенесары Қасымұлының Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы көтерілісі. Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістер. Махамбет өлеңдері.

Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов. Ш.Уәлихановтың өмірбаяны. Омбыдағы кадет корпусында білім алуы. Ф.М.Достоевскиймен достығы. Ғылыми жұмыстары. Қашғарға сапары

Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Абайдың балалық шағы. Абай-сазгер. Абай өлеңдері. Қара сөздері.

Ыбырай Алтынсарин – ғалым, ағартушы. Ы.Алтынсарин – ғалым, педагог. Қазақстанда қыздарға білім беретін мектептің негізін салушы.

Қайталау (1 сағат)
3-бөлім. Әлемдегі кереметтер. (10 сағат)

Архитектуралық ескерткіштер. Ежелгі құрылыстар. Үйлер құрылысы. Орта ғасырлардағы архитектуралық ескерткіштер. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Бабаджа-қатын, Айша бибі, Алаша хан, Сырлытам, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі. Қазіргі кезде «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Қара сопы, Мақұл там, Мола Қалан, Ысқақ ата, Жәбірейіл кесенелерін қалпына келтіру жұмыстары

Наурыз мейрамы. Қазақ халқының мейрамы. Наурыз – жаңа жыл.

Қазақ халқының шешендік өнері – Шешендік өнер және оның қазақ халқының мәдениетіндегі алатын орны. Шешендердің өнерлері. Жиренше шешен, Аяз би, Алдар көсе, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік өнерлері.

Қазақ халқының музыка өнері. Дала әуендерінің ерекшеліктері. Күй өнері. Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Қорқыт.

Халық ауыз әдебиеті. Ауызша тарих – көненің бейнесі. Дастан, аңыз-әңгімелер, шежірелер.

Қазақ халқының дін көзқарастары. Діннің пайда болуы. Ежелгі адамдардың діни ғұрыптары. Қазақ халқының алғашқы дінге сенушілігі.

Қазақ халқының материалдық мәдениеті. Қазақтардың тұрғын үйлері. Киіз үй. Киіз үйдің түрлері. Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қазақтардың қолөнер бұйымдары. «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес қазақ өнерінің кешенді зерттелуі.
4-бөлім. Қазақстан ХХ ғасырда (10 сағат)

Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы.1917 жылғы патша жарлығы. 1917 жылы қазанда қызыл әскерлермен билікті жаулап алуы. Азамат соғысы. КСРО-ның құрылуы.

Алаш қозғалысы. Алаш партиясы – Қазақстандағы беделді саяси күш. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов. 1917 жылы желтоқсанда екінші жалпықазақтық съезінде Алаш Орда үкіметінің құрылуы., Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, ы.улары., Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік өнерлері.тары жүргізілуде.

20-30жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы. Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Индустрияландыру туралы түсінік Оның мақсаты мен міндеттері. Индустрияландыру жетістіктері. Түрксіб – индустрияландырудың ірі нысаны.

Қазақстан ұжымдастыру жылдарында. Ұжымдастырудың мақсаты мен міндеттері. Байлар шаруашылығын тәркілеу. Колхозға зорлықпен біріктірілген шаруалар. Малдың қырылуы. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық. Қазақ халқының басындағы қайғысы. (азапты күндері)

Карлагтың пайда болуы.



ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы. Сауатсыздықты жою. Халыққа білім берудің дамуы. Жоғары және орта білім берудің дамуы. Ғылым мен мәдениет. Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы. Әміре Қашаубаев – танымал қазақ әншісі. Жұмат Шанин – актер, режиссер. Әбілхан Қастеев – суретші.

Қайталау (1 сағат)
1941-1945жж. Қазақтан Ұлы Отан соғыс жылдарында.

КСРО-ға қарсы Германияның фашистік әскери жоспары. Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстан- майдан арсеналы. Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек қозғалысы.



Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста. Бауыржан Момышұлы. Мәлік Ғабдуллин. Төлеген Тоқтаров. Рамазан Елебаев.

Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста. Әлия Молдағұлова. Мәншүк Мәметова. Сұлтан Баймағанбетов – Кеңес Одағының батырлары.

Ұлы Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі.



Тың игеру. Тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың және тыңайған жерлерді игеру себептері. Тың игеруге Қазақстанға 2 млн. адамның келуі. Тың игерудің келеңсіз салдары.

Ғарышты игеру. Қазақстан – ғарыш басқармасы. Байқоңыр. Қазақстандық ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.

Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы. Қ.И.Сәтпаев – қазақтың тұңғыш академигі, ҚазҒА бірінші президенті.

Осы заманғы Қазақстандағы мәдениет пен өнер. Бейнелеу өнері, архитектура, музыка, қазақ киносы. Әдебиеттің дамуы. «Мәдени мұра» бағдарламасы не үшін қабылданды?

Қайталау (1 сағат)
5-бөлім. Тәуелсіз Қазақстан (10 сағат)

Қазақстан – егеменді мемлекет. КСРО-ның құлауы. Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігі туралы заң.

Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті.



Ата Заң – Тәуелсіз Қазақстанның негізгі Заңы. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдануы. Қазіргі қолданыстағы Ата заң 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. Конституцияның мазмұны мен оның құрылымы. ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттері.

Қазақстан – демократиялы, құқықтық мемлекет.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Мемлекеттік рәміздер туралы түсінік. Қазақ халқының мемлекеттік рәміздері тарихынан. ҚР азаматтарының конституциялық міндеттері - мемлекеттік рәміздерді құрметтеу.

Қазақстанның ұлттық валютасы. Нумизматика деген не? Ақша қалай пайда болды? Ұлттық валюта – теңгенің пайда болу тарихы.

Қазақстан экономикасындағы теңгенің маңыздылығы.



Астана – Қазақстанның жаңа астанасы. Біздің еліміздің басты қаласы. Қазіргі Астананың орнында орта ғасырлық Бозок қалашығының болуы. Қазақстанның алғашқы астаналары – Орынбор, Қызылорда, Алматы. 1997 жылы Астана – Қазақстанның астанасы болып жариялануы.

Қазақстан болашақ жолында. Қазіргі уақыттағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. ҚР жоғарғы билік органдары. Президент Н.Ә.Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаты. Қазақстан – бүкіл әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы мүше.

Жылдық қортынды қайталау.
6 сынып

ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)


Кіріспе (1 сағат) 6 сыныпта Қазақтан тарихы нені үйретеді.
1 бөлім. Ежелгі адамдардың өмірі.
Ертедегі аңшылық пен терімшілік (5 сағат)

Алғашқы адамдардың пайда болуы. Адамның шығу тегі. Ежелгі адамдардың іс-әрекеттері. Аңшылық. Терімшілік.

Алғашқы адамдардың Қазақстанда пайда болуы. Алғашқы тастан жасалған еңбек құралдары.Адамдардың үйірі – алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымы.



Алғашқы адамдардың өмірі. Еңбек құралдарын жетілдіру. Палеолитттен неолитке дейінгі еңбек құралдарындағы өзгерістер. Ұлы мұздақтар. Отты қолдану.

Ерте тас дәуірі Қазақстан территориясында (палеолит). Төменгі және жоғарғы палеолит. Қазақстан жерінде палеолит дәуірінің тұрақтары. Еңбек құралдары. «Саналы адамның» пайда болуы. Рулық қауымның пайда болуы. Көсемдер. Ақсақалдар.

Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде. (мезолит) Орта тас дәуіріндегі ерекшеліктер. Микролиттердің пайда болуы. Садақ пен жебе жасаудағы өнертабыстар. Алғашқы адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер. Рулық қауымның нығаюы. Тайпалардың бірігуі. Жер өңдеу және мал шаруашылығының тууы. Еңбек бөлінісінің басталуы.

Мұздақтардың еруі. Күннің жылынуы. жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіндегі өзгерістер. Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.



Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде. (неолит) Неолит төңкерісі. Жер өңдеу мен мал шаруашылығына көшу. Гончарлық кәсіптің пайда болуы. Балшықтан жасалған ыдыстар заманы. Тоқыма өнері. Тастан, сүйектен жасалған жасалған еңбек құралдары. Қазақстан территориясында неолит дәуірінің тұрақтары. Неолит дәуірінің ескерткіштері. Рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы.

Мыстытас дәуірі (энеолит). Алғашқы металларды өңдеу. Мыс. Қалайы. Еңбек құралдарын жетілдіру. Энеолиттің ерекшеліктері. Еңбек бөліністері. Патриархаттың бекітілуі. Қазақстан территориясында энеолит дәуірінің тұрақтары.

Алғашқы адамдардың өздерін қоршаған орта туралы айтқан (ой-пікірлері). Діннің пайда болуы. Анимизм. Тотемизм. Фетишизм, Магия – алғашқы діни ұғымдар. Тілдердің дамуы. Құдай мен әруақтарға сену.

Өнердің тууы. Бейнелеу өнері.
Қола дәуіріндегі Қазақстан (5сағат)

Қола дәуірінің негізгі ерекшеліктері. Қола – мыс мен қалайының қоспасы. Қолдан жасалған еңбек құралдары. Қазақстан территориясындағы мыстың табылған жерлері. Андронов мәдениетінің қоныстары. Андроновтардың шаруашылығы мен тұрмысы. Андроновтардың үйлері.

Қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өмірлеріндегі шаруашылық өзгерістер.

Климаттың өзгеруі. Отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Отырықшы жер өңдеу. Адамдардың қоныстары.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Жеке меншіктің пайда болуы. Зергерлік өнер.



Қайталау

2 бөлім. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан. (20 сағат)

Көшпелі мал шаруашылығы - өнімді шаруашылық.

Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы. Отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысу. Малдың түрлері. Киіз үй – көшпелілердің баспанасы. Отырықшы мен көшпелі өмір арасындағы айырмашылықтар.

Көшпелі мал шаруашылығы. Мал шаруашылығымен айналысатын көшпелілердің салт-дәстүрлері. Жайылым түрлері – көктеу, жайлау, күздеу, қыстау. Наурыз мейрамы. Көшпелілердің мәдениеті.

Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және алғашқы мемелекеттер. Сақтар. Сақтардың қоныстануы. Сақ қоғамы. Сақтар туралы алғашқы деректер. Сақтар туралы Геродоттың айтқандары.

Сақтар туралы парсылардың мәліметтері. Сақ тайпаларының қоныстануы. Сақтар – Тиграхауда, парадарайя, хаомаварга.

Сақтар қоғамының құрылымы.

Сақтардың шаруашылығы, тұрмысы. Сақтардың шаруашылығы, тұрмысы туралы Геродоттың жазбасы. Мал шаруашылығы және егін шаруашылығы. Темірді пайдалану.

Тәуелсіздік үшін сақтардың күресі. Қазақстан жеріне парсы әскерлерінің басып кіруі. Сақ патшасы – Томиристің парсы патшасы Кирге қарсы күресі. Шырақтың ерлігі. Александр Макендонскийдің әскеріне қарсы күрестер.

Сақ мәдениеті. Сақ ескерткіштері. Есік және Бесшатыр қорғаны. «Алтын адам». Сақтардың зергерлік өнері. «Аң стилі».

«Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде сақтардың астанасы болған Шірік-Рабат, Қызыл Уықтағы обалар, Берел, Шіліктідегі қорымдар мен патшалардың мәйіттеріне жүргізілген зерттеулер.



Үйсіндер. Үйсін тайпалары. Үйсіндердің қоныстанған жерлері. Үйсіндер туралы жазба мәліметтер, деректер.

Үйсіндердіің қоғамдық орналасуы. Ғұн – үйсіндердің билеушісі.

Үйсіндердің тұрмысы, шаруашылығы. Мал шаруашылығы. Жер өңдеу. Отырықшылық. Кәсіп. Зергерлік өнер. Қарғалы тәтісі. Салт-дәстүрлері, дінге сенімділіктері.

Қаңлы. Қаңлылар туралы жазбаша деректер. Қаңлылардың тарихы туралы қытай және иран жазбалары. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері. Қостөбе, Көк-Мардан, Пұшық-мардан. Қаңлылардың қоныстануы. Қоғамдық құрылуы.

Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы. Жер өңдеу. Мал шаруашылығы және кәсіптері. Металдарды өңдеу. Сауда. Қаңлы мәдениеті және діншілдік.

Ғұндар. Ертеді ғұндардың тарихы жайлы қытай жазбалары. Шаньюй. Мөде – ғұн мемлекетінің негізін салушы. Ғұн мемлекетінің құрылуы. Ғұн тайпаларының бірігуі.

Халықтардың ұлы қоныс аударуы. Ғұндардың батысқа қоныс аударуы. Ұлы әскербасы Аттила (Еділ) және оның жорықтары. Ғұн жорықтарының маңызы. Тарихи әдебиеттердегі ғұн образы.

Шаруашылығы. Ғұн қоғамының құрылуы. Ғұн мәдениеті. Мал шаруашылығы. Жер өңдеу. Қоныстануы, кәсіптері. Қоғамдық құрылу. Ғұн мәдениеті. Зергерлік өнер. «Полихром стилі».

Сарматтар.

Сармат тайпасының қоныстануы. Савромат, дай, каспий, гиркон тайпалары. Сарматтардың қоғамдық құрылысы. Әскери демократия. Әлеуметтік теңсіздік.

Сарматтардың тұрмысы. Шаруашылығы. Мал шарауашылығы. Егін шаруашылығы. Сарматтардың материалдық мәдениеті. Археологиялық ескерткіштер. Сынтас.

: download -> version
version -> Коучинг сессиясының орта мерзімді жоспар Тақырыбы
version -> Сабақ тақырыбы Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс Жалпы мақсаты
version -> Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Секция: қазақ әдебиеті
version -> Жалпы орта білім деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Қазақстан тарихы сұрақ кітапшасы
version -> Тип урока: изучение нового материала, урок-соревнование. Педагогические технологии
version -> БАҒдарламасы 10-11 сыныптар жаратылыстану-математикалық бағыт
version -> [Қарақытай] 1217-1218 ж. Хорезм шахы Мұхамет Текеш теңге соқтырған қала: [Отырар]
version -> Ауырлық күшінің әсерінен дене


  1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет