БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014



жүктеу 152.78 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі152.78 Kb.
түріБағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ тілі)», «6М020500-Филология (қазақ тілі)» мамандықтары бойынша магистратураға түсушілерге арналған пән

БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақ филологиясы кафедрасы

Орал-2014

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» және «6М020500-Филология (қазақ әдебиеті)» мамандығының типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды


Бағдарламаны құрастырғандар:

филология ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Қ.Хасанов

филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.А.Раманова
Бағдарлама қазақ филологиясы кафедрасының мәжілісінде қаралды.

«12» маусым 2014 ж. № 10 хаттама


Кафедра меңгерушісі: ____________ З.Ж.Мүтиев

1.Қазақтың ұлттық әдеби тiлi

Қазақ әдеби тілі – сан ғасырлар елеуінен өткен тарихи категория. Әдеби тілдің жазуға қатысын жалпыхалықтық тіл мен әдеби тіл ұғымдарының тепе-тең еместігін түсіндіріп, әдеби тілдің пайда болу, қалыптасу, дамуына және ұлттық сипатқа ие болуына байланысты мәліметтер. Қазақтың ұлттық әдеби тілінің өзекті мәселелері туралы ақпарат. Қазақ зиялылары мен репрессияға ұшыраған қазақ қайраткерлері мұраларының, сондай-ақ өзге де құжаттар тілінің қазақ әдеби тілін дамытуға тигізген ықпалы. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері: ауыз әдебиетінің тілі, ерте дәуір мен орта ғасырлардағы әдеби тіл, ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілі, ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілі, ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі, қазіргі замандағы қазақ әдеби тілі. Қазақтың ұлттық әдеби тілінің зерттелуі.



2.Қазақ тілінің дыбыс жүйесі.

Дыбыс жүйесі. Дауысты дыбыстар. Тілдің қатысына қарай жуан, жіңішке, жақтың қатысына қарай ашық, қысаң, еріннің қатысына қарай еріндік, езулік дауысты дыбыстар.

Дауыссыз дыбыстар. Дауыс пен салдардың қатысына қарай үнді, ұяң, қатаң.

Үндестік заңы. Дыбыстар мен буындардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік заңының негізгі түрлері. Сөз құрамындағы буындардың бірыңғай жуан немесе жіңішке, еріндік болып үндесуінің себебі. Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі.

Буын. Буынның жасалуы. Буынға тән белгілер. Буынның түрлері. Буынның дыбыстық құрамы. Сөздің буын құрамы. Буын және тасымал.

Екпін. Екпін туралы түсінік. Екпін мен ырғақ, ырғақтың маңызы. Екпін мен ырғақтың сөз мағынасын саралау қызметі.

Дыбыстық құбылыстар. Редукция. Сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың түсірілуі. Элизия сөз іші мен сөз жігінде қатар келген дауысты дыбыстардың біреуінің түсірілуі. Метатеза. Сөз ішіндегі қатар келген дыбыстардың орын ауыстыруы.

Орфография. Орфографияның фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі және ажыратушы принциптері. Олардың артықшылықтары мен қиындықтары.

Орфоэпия. Орфоэпияның әдеби тілдегі орны. Орфоэпиялық норманың негізгі өлшемдері. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың және кейбір сөздер мен қосымшалардың айтылуындағы ауытқулар. Орфография мен орфоэпияның арақатысы.

Үндестік заңының түрлері. Дыбыс үндестігі: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал.

Буын үндестігі: тіл, ерін үндестігі. Тіл үндестігі бойынша сөздің барлық буындарының бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып үйлесуі. Тіл үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.

Ерін үндестігі. Сөз ішіндегі еріндік дауыстылардың үндесуі.


Бейімдестік.

Дауысты-дауыссыз дыбыстардың үндесуі. Дауысты дыбыстың орналасу тәртібіне байланысты ілгерінді, кейінді аккомадация түрлері.

Бірге және бөлек жазылатын сөздер.Кірме сөздер емлесі.
Қазақ тілі дыбыс жүйесінің зерттелуі.

3.Қазақ тілінің лексикасы.

Сөз мағынасы. Сөз мағынасының түрлері. Сөз мағынасының жіктелуі. Лингвистикалық мағына. Лексикалық мағына. Сөздердің мағыналық топтары. Синонимдер. Омонимдер. Антонимдер. Сөз мағынасының өзгеруі. Сөздердің ауыспалы мағынада қолданылу себептері. Сөздің негізгі мағынасына қоса туынды, ауыспалы мағыналарда жұмсалуы нәтижесінде көп мағыналықтың пайда болуы. Метафора. Метонимия. Синекдоха.

Қазақ тілінің негізгі сөздік құрамы мен сөздік қоры. Терминдер мен кәсіби сөздер. Төл сөздер мен кірме сөздер. Диалектизмдер. Фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер. Сөздіктер. Сөздердің шығу тегі. Ономастика. Этимология. Қазақ тілі лексикасының зерттелуі.

4.Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.

Сөзжасамдық ұғымдар. Сөзжасамдық ұя. Сөзжасамдық жұп. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық мағына. Сөзжасам тәсілдері. Синтетикалық тәсіл. Аналитикалық тәсіл. Лексика-семантикалық тәсіл.

Сөз таптарының сөзжасамы. Есім сөздердің сөзжасамы. Етістіктің сөзжасамы. Үстеудің сөзжасамы.

5.Қазақ тілінің сөз жүйесі.

Сөздің грамматикалық мағынасы. Грамматикалық мағынаның түрлері, берілу тәсілдері: қосымша, көмекші сөз, сөздердің орын тәртібі, қосарлану, интонация.

Морфема және оның түрлері. Түбір морфема. Белгілері. Сипаты. Қосымша морфема: жұрнақ және жалғау. Жұрнақтар. Олардың сөз тудырушы және форма тудырушы белгілері. Құрамы. Жұрнақтардың мағыналық түрлері: омоним, синоним, антоним және көп мағыналы жұрнақтар.

Жалғаулар. Оларға тән белгілер, түрлері. Көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулары.

Сөз таптары. Зат есім. Лексика-грамматикалық сипаты. Зат есімнің септелуі, көптелуі, тәуелденуі, жіктелуі.

Сын есім. Семантикалық мағынасы. Сын есімнің шырай түрлері, жасалу жолдары.

Сан есім. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Дара, күрделі сан есімдер. Сан есімнің мағыналық топтары.

Есімдік. Есімдіктің басқа сөз таптарының орнына қолданылуы, мағыналық топтары. Түрлену ерекшеліктері.

Етістік. Лексика-семантикалық және морфологиялық сипаты. Етістіктің рай, шақ, жақ, етіс категориялары. Етістіктің есімше, көсемше формалары. Қимыл-атауы, мағынасы, жасалуы.

Үстеу. Үстеуге тән ерекшеліктер. Негізгі және туынды үстеулер. Үстеудің мағыналық топтары.

Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің фонетикалық ерекшеліктері. Мағыналық топтары.

Одағайлар. Одайғайлардың мағынасына қарай бөлінуі. Негізгі және туынды одағайлар.

Шылау. Шылаудың түрлері. Септеуліктер. Демеуліктер. Жалғаулықтар.

Көмекші есімдер. Лексика-грамматикалық сипаты. Түрлері.

Көмекші етістіктер. Түрлері. Ауыспалы және арнаулы көмекші етістіктер. Қызметі.

Модаль сөздер. Модаль сөздердің сөз табы ретіндегі ерекшелігі, басқа сөз таптарымен арақатынасы. Түрлері.

Қазақ тілі сөз жүйесінің зерттелуі.

6.Қазақ тілінің сөйлем жүйесі.

Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрылысы. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Сөз тіркестерінің синтаксистік қатынасы. Есімді, етістікті сөз тіркестері.

Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің түрлаусыз мүшелері. Жасалуы. Құрамы. Ерекшеліктері.

Жай сөйлем. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі. Ерекшеліктері. Жасалу жолдары. Жалаң, жайылма сөйлемдер. Жақты, жақсыз сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер. Атаулы сөйлем. Ерекшеліктері, жасалу жолдары.

Салалас құрмалас сөйлем. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер. Ерекшеліктері. Жасалу жолдары.

Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем. Ерекшеліктері. Жасалу жолдары.

Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Грамматикалық белгілері. Байланысу амалдары.

Аралас құрмалас сөйлемдер. Грамматикалық ерекшлігі. Құрамына және байланысу тәсіліне қарай түрлері.

Қазақ тілі сөйлем жүйесінің зерттелуі.

7.Қазақ тілінің тыныс белгілері жүйесі.

Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілер. Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері. Жалпылауыш сөздер мен бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері.


Оқшау сөздердің тыныс белгілері. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің тыныс белгілері.

Айқындауыш мүшелердің тыныс белгілері. Оңашаланған айқындауыш. Қосарлы айқындауыш.

Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері. Тыныс белгілерінің төл сөз бен автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай қойылуы. Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы.

Салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері.

Аралас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.

Қазақ тілінің тыныс белгілер жүйесіне байланысты еңбектер.

8.Қазақ тілінің сөйлеу жүйесі.

Әдеби тіл және оның нормалары. Орфографиялық норма. Орфоэпиялық норма. Лексикалық норма. Грамматикалық норма.


Ауызекі сөйлеу тілі және ауызша сөйлеу тілі. Тұрмыстық сөйлеу тілі. Кітаби тілдің ауызша түрлері.

Мәтін және оның түрлері. Ғылыми мәтін. Публицистикалық мәтін. Ресми мәтін. Көркем мәтін.



Тіл мәдениетінің сапалары. Сөздің дәлдігі, сөздің логикалылығы, сөздің тазалығы, сөздің мәнерлілігі, сөздің байлығы, сөздің қисындылығы.
І. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»
1.БАҚ және тіл мәдениеті.

БАҚ – қазақ әдеби тілінің тарихында қалыптасуы мен дамуы тұрғысынан ерекше стиль түріне жатады. БАҚ беттеріндегі тіл мәдениетінің сақталуы маңызды, егер сақталмаса, әдеби тілдің мәртебесіне, қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

2.Қазақ тіліндегі жаңа қолданыстар.

Қазақ тілінің сөздік қоры жаңа қолданыстармен толығып отырады. Олардың кезеңдік сипаты мен жасалу жолдары бар. 

3.Фразеологизмдердің мағыналық варианттары.

Фразеологизмдер – ұлттық сананың тілдегі көрінісі. Олардың мағыналық, семантикалық ұқсастықтары, соған орай варианттары болады.

4.А.Байтұрсынұлының лингвистикалық терминдері.

Қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғалым, А. Байтұрсынұлының лингвистикалық терминдері тілдік деңгейлердің барлығын қамтиды. Олардың көбі қазіргі кезде қолданыста жүр.

ІІ. «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен фонологиясы»

1.Сингармонизм – қазақ тілінің негізгі заңы. 

Үндестік немесе сингормонизм заңы – түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің негізгі заңы болып саанлады. Бұл заң туралы алғашқы ғылыми еңбектердің авторының бірі – Х. Досмұхамедұлы.

2.Қазақ тіліндегі интонация.

Сөйлеу әрекеті кезінде интонация ерекше рөл атқарады. Интонацияның түрлері бар, интонацияны зерттейтін сала – интонология деп аталады.

Қазақ тіліндегі ықпал заңдары.

Фонетикада қалыптасқан бірнеше заңдылықтар бар. Солардың бірі ықпал заңдылығы. Оның ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал дейтін түрлері бар.

ІІІ. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы»

1.Күрделі етістіктердің түрлері.

Күрделі етістіктердің күрделі сөздерге қатысы қандай және олардың тұрақты формалары бар ма, түрлері қандай, қандай да болмасын грамматикалық мағынаны қалай білдіреді, оларды етістіктің еркін, жай тіркесінен қалай айыруға болатыны қарастырылады. 

2.Нөлдік форма және грамматикалық мағына

Арнайы грамматикалық мағынасы болғанмен, арнайы көрсеткіші болмайтын ерекше тілдік формалар грамматикалық тұлғасыз да грамматикалық мағынаны білдіреді. Оларды нөлдік формалар деп атау қалыптасқан. Олар сырттай түбір тұлғаға аса ұқсас болып келеді.
3.Күрделі сөздер және олардың зерттелуі

Сөздер грамматикалық құрылымына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Күрделі сөздердің фонетикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық фактор арқылы жасалу жолдары бар. Олардың бірнеше түрі бар. Бір жүйеге түскен жазу емлесі толық қалыптаспаған. Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерді зерттеу даму үстінде.

4.Қос функциялы қосымшалар

Қосымша морфемалар кейде қалыптасқан қызметінен бөлек басқа қызметтерді атқарады. Сондықтан оларды қос функциялы қосымшалар деп атау үрдісі қалыптасқан. 

5.Көмекші сөздердің морфологиялық ерекшеліктері
Атауыш сөздер лексикалық мағынасының солғындауынан, дербестігінен айырылып, грамматикализацияланып, десемантикаланып, көмекші сөздерге айналады. Түркі тілін зерттеген ғалымдар оларды сөз деп есептейді, себебі олардың тұлғалары тұрақты. Олар дербес тұлғалы сөздер сияқты есім және етістік көмекшілер болып бөлінеді. 

ІҮ. «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі»

  1. Мезгілдік ұғымды білдіретін тілдік бірліктер. 

Мезгілдік ұғымның сөйлем құрылымына сай берілу еркшеліктері. Жай сөйлемнің қрамындағы мезгілдік мағына. Құрмалас сөйлем құрамындағы мезгілдік мағынаның берілу жолдары. Қатар орындалған әрекеттер, бірінен кейін бірінің орындалуы, іле-шала орындалуы т.б. Мезгілдік, мезгілдес, мезгіл бағыныңқылы терминдерінің ерекшеліктері. 

2. Жақтылық және жақсыздық категориясы синтаксис деңгейінде. 
Сөйлемнің жақты және жақсыз болып құрылуы. Жақсыз сөйлемдердің бір негізді сөйлемдердің құрамында қарастырылуы. Олардың жасалу жолдары. Сөйлемің жаты болып құрылуының сөйлем сематикасына әсері. Олардың екі

негізді сөйлемдердің құрамына қарстырылуы. 

3. Функциялас салалас және сабақтас сөйлемдер.

Құрылымдық грамматикада сөйлемдер «формадан мағынаға» қарай принципі бойынша топтастырылатын болса, соңғы кездері «мағынадан формаға» қарай принципі басшылыққа алынып жүр. Осы принциптің негізінде құрмалас сөйлемдердің белгілі бір ұғымдық категорияны білдірудегі функциясына қарай топтастырылуы. 

4. Сөз тіркестері: етістікті, есімді сөз тіркестері. 

Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің топтастырылуы. Синтаксистік тіркестерді тану принциптері. Қазақ тіліндегі байланысу формалары туралы ғалымдардың көзқарастары. 

5. Сөйлемдерді құрылымына сай топтастыру принциптері

Қазақ тіліндегі сөйлемдер негізіне, айтылу мақсатына сай, информацияның көлеміне сай, жақтың қатысуына қарай топтастырылады. 

Ү. «Стилистика және тіл мәдениеті»

1.Функционалды стильдердің жіктелуі.

Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдеуіш амал-тәсілдерін, тілдің қоғамның түрлі саласында жұмсалу аясын, қатысымдық функциясын зерттейді. Негізгі нысаны – стильдер, олардың функционалдығы.

2.Стилистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары.

Тіл ғылымының басқа салалры сияқты стилистика ғылымының да өзіне тән категориялары бар. Стилистикалық категориялар стильдік белгілерден шығады. Стилистикалық категориялардың қатарына бағалау категориясы, акценттік категория, гипотезиялық категория, диалогтық категория, «автор бейнесі» категориясы, мәтін категориясы т.б. жатады. 

ҮІ. «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы»

1. Көне түркі тіліндегі септік және көптік категориясы.

Көне түркі тілінде көптік категориясы лексика-семантикалық тәсіл арқылы, морфологиялық тәсіл арқылы, синтаксистік тәсіл арқылы жасалған. Көптік жалғаудың шығу төркіні туралы В.Ковальскийдің, Н.Баскаковтың, А.Кононовтың көзқарастары бар.

2.Түркі тілдері тарихын зерттеудің әдіс-тәсілдері.

Түркі тілдерінің тарихын зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдіс, ареальдық әдіс, типологиялық-модификациялық әдіс, диахронды әдіс, синхрондық әдіс кеңінен қолданылады. Ретроспективті тәсіл, сөз құрамына іштей реконструкциялау тіл тарихы үшін маңызды тәсілдер.

3.Орта түркі жазба ескерткіштері.

«Дивани луғат ит-турк», «Құтадғу білік», «Ақиқат сыйы», «Кодекс Куманикус», «Дивани Хикмет» жазба ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктері сөз етіледі. Орта түркі кезеңіндегі дыбыстық алмасулар, грамматикалық формалар, сөз мағыналарының дамуы қарастырылады.

ҮІІ. «Қазақ тілін оқытудың әдістемесі»

1.Қазақ тілін оқытудағы көрнекі құралдар.

Көру көрнекі құралдары: экрандық, диапозитивтік, диафильмдер, үлестірмелі материалдар; Есту, көру көрнекілері: дыбыстық магнитофондар, экрандық дыбыстық көрнекіліктер. 

2.Модульдік оқыту технологиясы

Модульдік оқыту технологиясынң кезеңдері: кіріспе, сөйлесу, қорытынды. Оқушының таным қызығушылығын туғызу арқылы үлкен тақырыптар жүйесін оқушыларға өздерінің іздену арқылы жетілдіру. 

3.Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық жағдай туғызу, оқушыға проблемалық сұрақ қою, проблемалық міндет шешуге оқышыларды қатыстыру. 1. Ұғымы; 2. Технологиядағы мәселенің қойылуы; 3. Оны жүзеге асыру жолдары. 

Пайдаланылатын әдебиет:
1. Авакова Р. Фразеологиялық семантика. – Алматы, 2002.
2. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. – Алматы, 1997.
3. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен дамуы. – Алматы, 1998.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Санат, 1993.
5. Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. – Алматы, 1979.
6. Әбдірәсілов Е. Қазақ терминографиясының жүйесі. – Астана, 2005.
7. Әлісжанов С. Ғылыми прозаның синтаксисі. – Алматы, 2007.
8. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.
9. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы, 1984.
10. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы, 1971.

11. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы, 1995.


12. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің

стилистикасы. – Алматы, 2004.


13.Бизақов С. Тілдік норма және варианттылық. – Алматы, 1997.
14.Жаманбаева Қ.Ә. Тіл қолданысының когнитивнік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – Алматы, 1998.
15.Жанұзақ Т., Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы. – Алматы, 2004.
16.Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. – Алматы, 1996.
17.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.
18.Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. – Алма Ата, 1982.

19.Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. – Алматы, 1987.


20.Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1977.
21.Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – Алматы, 1975.
22.Қалиев Б., Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері. – Алматы, 2002.
23.Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.
24.Қазақ тіл білімі бойынша қорғалған диссертация авторефераттарының библиографиялық көрсеткіші (1950-2000 жылдар). – Алматы, 2003.
25.Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы, 1998.
26.Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1954.
27.Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, 1998.
28.Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы, 2006.
29.Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. – Алматы, 2005.
30.Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007.
31.Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, 1997.
32.Момынова Б.Қ. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). – Алматы, 2003.
33.Мұратова Г. Көркем әдебиет тіліндегі қажеттілік пен кездейсоқтық. – Алматы, 2002.
34.Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы, 2008.
35.Оразалиева Э.Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы, 2007.
36.Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы, 1991.
37.Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы, 1998.
38.Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы, 1994.
39.Серғалиев М. Стилистика негіздері. – Астана, 2006.
40.Серғалиев М., Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазақ әдеби тілі. Оқу құралы. Екінші басылым. – Алматы, 2006.
41.Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық  мәдени аспектілері. – Алматы, 1998.
42.Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. – Алматы, 1996.
43.Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы. – Астана, 2001.
44.Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы, 2004.
45.Тіл білімі сөздігі. – Алматы, 1998.
46.Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы, 1984.
47.Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма. – Алматы, 1998.
48.Хасанов Ғ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы. – Алматы, 2009. 49.Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. Алматы: «Қазақ университеті» баспасы, 2008.

50.Қазақ грамматикасы. – Астана, Елорда, 2002.

51.Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы:Арыс,2004.

52.Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. – Алматы, 2002.

53.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі.–Алматы, 1998. 

54.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1991.

55.Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.

56.Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 2002.

57.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1966.

58.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.

59.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1993.

60. Момынова Б., Саткенова Ж. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. – Алматы: Арыс, 2007.




: images -> M images -> 2015 -> magistratura
magistratura -> Сочинение Мирзы (Мухаммеда) Хайдара Дулати (1500-1551 гг.) «Тарих-и Рашиди» о истории Казахского ханства
magistratura -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М011400-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
magistratura -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
magistratura -> 6М060700 – «Биология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге «Биология» пәнінен қабылдау емтиханының сұрақтары
magistratura -> Жаратылыстану
magistratura -> Жаратылыстану-география факультеті География кафедрасы
M images -> Жаратылыстану
M images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2016
M images -> Жаратылыстану-география факультеті География кафедрасы
magistratura -> 6М010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистратураға арналған жазбаша емтихан сұрақтары




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет