Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен



жүктеу 0.5 Mb.
бет1/3
Дата19.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3


Кембридж бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен

(қазақ әдебиеті пәнінен)




Құрастырушы: Жубанова Амангул Ермековна
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,

Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,

Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебі

Құрастырушы: Жубанова Амангул Ермековна - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ұсынылып отырған жинақта мұғалімнің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамалары үлгілері және іс-тәжірибелері туралы есептері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Оқыту және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасын орташа мерзімді жоспарлау.

Оқыту үдісін жақсарту мақсатында оқытуда оқушылардың сабаққа ынтасын оятып,қызығушылығын арттыруда жаңа әдістерді өз сабағымда қолдану арқылы сыни ойлауын, өз ойын еркін жеткізе білуін, шығармашылық қабілетін дамытуға бағыттайтын орта мерзімді сабақтар топтамасын жоспарладым. Ал,құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуімен бағалай алуы болып табылады.

Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (Н-6-б)

Мектептегі тәжірибе кезеңінде 7 - сыныптың күнтізбелік оқу жоспарына сай тізбектелген төрт тақырыпты алдым . 7 - сыныпта 9 оқушы бар . Оның екеуі оқу озаттары , екеуі екпінділер , бесеуі үлгерімі төмен оқушылар . Әр сабағымда атмосферма қалыптастыру,оқушылардың көңіл-күйлерін реттеп,сергіту,бойларындағы сенімсіздікті жою мақсатында психологиялық жаттығулар,ойындар,ұйымдастырамын. Психологиялық жаттығулар бәрі өз қолдарында екенін сезінуге көмектеседі, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып , қызығушылығы, талпынысы,өзіне-өзгеге деген сенімі, жаңалыққа деген құштарлығы артады.Оқушылардың өз бетімен меңгеруіне,терең оймен қарап,салыстыра талдау жасап,топта, жұпта жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу керек деп санадым.Топтық жұмыстың арқасында балалар бірін-бірі тыңдауды, бірін-бірі қолдауды үйренеді. Оқушылар қасындағы оқушыға өз көмегін бере отырып,көшбасшысы бола білген оқушыларды анықтау, бірлесіп оқуға күш салады. Нәтижесінде тұйық оқушылар ашылып ,ойларын анық, еркін жеткізе білуге дағдылана-ды деп ойлаймын .Өзім бағдар бере отырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін,жеке қажеттілігін ескере отырып , сыни тұрғыдан еркін сұхбатты дамытатын тапсырмаларды пайдаланамын .Балалардың ойлауын жоғарырақ деңгейде дамыту, сұрақ қоя дағдыларын жетілдіру талантты және дарынды оқыту модулі сабақта дәрежелі сұрақтар кіргіземін. Түсіну дәрежесін бағалауға оқыту үшін бағалау модулін жүзеге асыруда өзара бағалау, топтық бағалау, бірін-бірі бағалау,жұптық бағалау, өзін-өзі бағалауды қолданамын.Бұл ретте оқушылардың өзін-өзі бағалауы , оқушының оқу үшін ынталануын және жеке жауапкершілігін арттыруға үлес қосады, өзін-өзі сыйлау сезімін арттырады деп ойлаймын. Нәтижесінде оқушылар жаңа ақпарат пен идеяны синтездеп, сыни ойлауы қалыптасады. Сабақтың нәтижесін ,тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін білу,оқуға деген түсінігін жетілдіру мақсатында кері байланыс жасатып, отыруды көздедім.Орта мерзімді жоспарлау жеті модулдың әдістерін кіріктіріп,іс-тәжірибемде соны тиімді пайдалану,сыни ойлауы жетіледі,алған білімін өмірінде қолдана алатын оқушыларды байқау мақсатында жететініме сенемін.






Сабақтың тақырыбы

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер,

барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстары

Оқып-үйренудің нәтижесі

(сабақ соңында оқушылар нені біліп шығады, ұғынады деп үміттенесіз?)



Үйрену мақсатындағы бағаны қоса алғандағы бағалау

(Сабақ соңында жоспарыңыз бойынша оқушы тақырыпты қаншалықты меңгергенін қалай біле аласыз? Қандай бағалау тәсілін қолданасыз?



Негізгі дереккөздер

1

А.Құнанбаевтің өмірі мен шығармашылығы


Сыни ойлау арқылы

Абайды жан-жақты тану.





Психологиялық тренинг

«Амандасу»

Топтық жұмыс

«Ыстық орындық»

Топтық жұмыс

«Ой қозғау»

( ЖИГСО (топтық ,жеке жұмыс)

INSERT (кері байланыс)



Топпен жұмыс істеуге бейімделеді.

сыни ойлауға үйренеді.

Шығармашылық қабілеттері дамиды.


Екі жұлдыз, бір тілек

Өзін-өзі бағалау




Абай суреті,кесте қағаздар

АКТ-қолдану,кесте қағаздар, слайд,плакаттар,маркер,дәптер,

оқулық


2

А.Құнанбаев

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»

өлеңі


Бірлесе ақынның өлеңнің идеясын ашу,


Психологиялық тренинг

«Бір тілек»

Топтық жұмыс,

«Серпілген сауалдар»

Топтық, жеке жұмыс

«Еркін талқылау»

Топтық жұмыс

ЖИГСО,


ББҮ (кері байланыс)

Бірлесе жұмыс жасай біледі.

Өткен сабақпен жаңа тақырыпты байланыстырады.

Бірлесе жұмысқа дағдыланады..

Сыни тұрғыдан

өзгенің –өзінің жұмысын бағалай біледі.


Бірін-бірі бағалау

Жұптық бағалау

Екі шындық, бір жалған


Абайдың өлеңдер жинақ кітабы,аңдар

суреті


Плакаттар

Оқулық, дәптер

Кеспе қағаздар

Бағалау парағы



3

А.Құнанбаев

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңі




Өлең идеясын топта талқылай отырып,

-ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылу,.



Психологиялық тренинг «Сен білмейсің..»

Қарлы кесек»

Топтық жұмыс

«Миға шабуыл»

Топтық жұмыс,

жеке жұмыс

Ротация ,

ЖИГСО


Ойды толықтыр (кері байланыс)

Ынтымақтаса жұмыс жасайды.

өздерін басқа қырыннан таниды.

өлеңнің мағынасын түсінеді.

Топта талқылай алады,дұрыс сұрақ қоя біледі.Шапшаңдыққа үйренеді.



Өзара бағалау

Топтық бағалау



Кеспе қағаздар

АКТ-қолдану

Оқулық

Плакаттар,маркер,



Кеспе қағаздар,дәптер


4

А.Құнанбаевтің қара сөздері.

29 қара сөзі



Сыни ойлау арқылы қара сөздің ерекшелігін түсіну


Психологиялық тренинг

«Болады,болмайды»

«Стикерлермен диалог»

Топтық жұмыс

«Миға шабуыл»

Топтық жұмыс

ЖИГСО. Венн диаграммасы,

Пошта парағы (кері байланыс)




Топпен жұмысқа белсене араласады.

Қара сөздің ерекшелігін түсінеді,талдайды,

салыстырады.

Өз ойларын ашық айтады.

Сабаққа құлшынысы артады,

топпен жұмыс істеуге төселеді.



Топтық бағалау

Өзара бағалау




АКТ-қолдану

Оқулық,дәптер

АКТ-ні қолдану

Кеспе қағаздар

маркер плакаттар



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

ПӘНІ: қазақ әдебиеті

КЛАСЫ:7

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Абайдың шығармаларын тереңірек білу.

-Абайды жан-жақты тану,

-сыни ойлау қабілеттерін дамыту

-арқылы шығармашылыққа баулу,



КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Абайдың жан-жақты қырларын

ақын,композитор,аудармашы, қара сөз шебері екенін біледі,

Топпен жұмыс істеуге бейімделеді

постер қорғау арқылы сыни ойлауға үйренеді.

шығармашылық қабілеттері дамиды.
ТҮЙІНДІ ИДЕЯ: Абайдың шығармалары арқылы дүниені тани біледі.

РЕСУРСТАР: Абай суреті,оқулық, АКТ-қолдану,кесте қағаздар, слайд,плакаттар,маркер.
МҰҒАЛІМ ЖАЗБАЛАРЫ:

Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)

Ұйымдастыру.

Кіріспе. Психологиялық дайындық

Бір тілек (стикерге тілек жазып, ортаға лақтырады)

Сосын алған стикерлер түсімен топқа бөлінеді.

Ұжымдық жұмыс. «Ыстық орындық»әдісі (сұрақ-жауап)

1.М.Өтемісұлы кім ?

2.Ол қай заманда өмір сүрді?

3.Қандай өлеңдерін білесіңдер?

4.әрі ақын,әрі кім......

5.Ақын көп өлеңдерін кімге арнаған?

6.метафора деген не?

7. Қандай тілдерді еркін меңгерген?

8.Оның досы кім?

9.Тағы қандай өлеңдерін білесіңдер?

10.Махамбеттің туған жерін айт.

(өзара бағалау)

Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

«Ой қозғау» әдісі (түстермен )

Топтасыру арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Топтық жұмыс

1.Абай туралы не білеміз?

2.Қандай өлеңін жатқа білесің?

3.6-класта қандай өлеңдерін өттіңдер?

Абай туралы білетіндерін топтастырады. Топтық бағалау.

Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. )

Оқулықпен жұмыс. (теориялық білім-слайд)

Абай туралы берілген мәтінді оқып,түсіндіріп шығу.Дәптермен жұмыс. (Керек мәліметті дәптерге жазу)

Топтық жұмыс ДЖИКСО әдісі ( топта бір-біріне түсіндіреді) постор қорғау арқылы

Екі жұлдыз, бір тілек (ауызша)

Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану)

INSERT бұрын білемін, жаңа білдім, білгім келеді (кері байланыс)

Жиынтық бағалау.
Сабақты талқылау

Не сәтті өтті? Тақырыпты жақсы ашты. Оқушылар көңілді болды.

Не сәтсіз өтті? Топтасып жұмыс істегенде бір-бірін тыңдамай, өзім айтам деушілер болды,топтасып жұмыс жасауға бейімделе алмай жатыр.
Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді?бірлесе жұмыс істеуді әрі қарай дамыту,бір-бірінің пікіріне жауапкершілікпен қарауға үйрету.

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
ПӘНІ: қазақ әдебиеті

КЛАСЫ:7

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:А.Құнанбайұлы «Қансонарда бүркітші шығады аңға»өлеңі

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Ақынның өлеңнің мағынасын ұғыну.

-өлеңнің идеясын ашу,

-мазмұнын топтық-ұжымдық жұмысқа дағдылану,

-өзінің-өзгенің жұмысына сыни тұрғыда қарай білу, бағалауға үйрену.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

-Өткен сабақпен жаңа тақырыпты байланыстырады.

-өлеңнің мағынасын түсінеді.

-Ұжымдық жұмысқа дағдыланады.

-Өлеңнің идесын ашады.

-Сыни тұрғыдан өзгенің –өзінің жұмысын бағалай біледі.



ТҮЙІНДІ ИДЕЯ:Аңға шығудың сыры мен қырын білу.
РЕСУРСТАР:видеоролик,оқулық,АКТ-қолдану,кесте қағаздар, слайд,плакаттар,маркер.
МҰҒАЛІМ ЖАЗБАЛАРЫ:

Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық. Бір тілек әдісі

Топпен жұмыс



«Серпілген сауалдар» (оқушылар дайындап келген сұрақтарын қояды,өткен сабақпен байланыс)

Бірін-бірі бағалау



Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

Миға шабуыл(диалог)

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңіне байланысты видеоролик көрсетемін.

-Оқушылар бұл бейнероликтен не байқадындар?

- Қазақтын қандай салт-дәстүрін аңғардыңдар?

- Сонда бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?
Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. )

Түстер арқылы топқа бөлу.



Еркін талқылау әдісі

Оқулықпен жұмыс,сөздікпен жұмыс (өлеңді оқып, түсінгенін басқа топқа түсіндіреді.) жұптық бағалау



ДЖИКСО әдісі постер қорғау

1-топқа тұжырымдамалық карта

2-топқа Глоссарий

Екі шындық, бір жалған


Сергіту сәті: би билеу (бой жазу)

Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану)

ББҮ Әдісі (кері байланыс)

Сабақты талқылау

Не сәтті өтті? Ынтымақтастық атмосферасын жақсы қалыптастырды. Тақырыпты ашуда оқушылар жауапкершілікті сезінді.

Не сәтсіз өтті? Әлі де қысылу, қымсыну болды, ойларын еркін жеткізе алмады.

Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді? Оқушыларды өзін еркін ұстауға дағдыландыру. Мәнерлеп оқуға үйрету



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

ПӘНІ: қазақ әдебиеті

КЛАСЫ:7

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:А.Құнанбайұлы «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңі

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Өлең идеясын ашу,ақынды басқа қырынан тани білу.

-ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылу,

-топта талқылай алу,

-мәселенің шешімін бірлесе табу,сұрақ қоя білу.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Ынтымақтаса жұмыс жасайды.

Ақынды басқа қырыннан таниды,өлеңнің мағынасын түсінеді.

Топта талқылай алады,дұрыс сұрақ қоя біледі.

Шапшаңдыққа үйренеді.

Сабаққа ынтасы оянады

ТҮЙІНДІ ИДЕЯ: «Жарамды әнді тыңдасаң,жаның еріп,

Жабырқаған көңілің көтерілер» ( Абай)


РЕСУРСТАР:Абайдың кітабы ,оқулық,АКТ-қолдану,кесте қағаздар, слайд,плакаттар,маркер.
МҰҒАЛІМ ЖАЗБАЛАРЫ:

Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)
Психологиялық жаттығу «Сен білмейсің» (шұғылданатын ісін айту)
(нота арқылы ән әуенін шығару)

Топтасу.(нота арқылы)

Топтық жұмыс

«Еркін талқылау» әдісі (топқа бөлініп, өлеңді мәнерлеп оқып, өткен сабақты қортындылайды) өзара бағалау

Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

Топтық жұмыс Миға шабуыл (диалог)

1.Әннен қандай әсер алдыңдар?

2.Ән өнері дегенді қалай түсінесіңдер?

Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдайды.Сұрақтарға жауап береді,жаңа тақырыпты геометриялық фигураларды құрастыру нәтижесінде оқушылар өздері ашады.

Өзара бағалау


Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. )

Ратация әдісі оқулықпен жұмыс (өлеңді оқып, басқа топқа барып түсіндіреді)

өзін-өзі бағалау



Сергіту сәті «Ән салайық»

ДЖИГСО әдісі « Мен суретшімін»(ән өнерінен алған әсерін қағаз бетіне түсіріп,қорғау)постер қорғау екі жұлдыз, бір тілек

Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану)

Ойды толықтыр... (кері байланыс)

Сабақты талқылау

Не сәтті өтті? Бірлесе жақсы жұмыс жасады,ынтымақтастық орта қалыптасты.

Не сәтсіз өтті? Өзара бағалауда бір-бірін жоғары бағалап жіберді,ойлары шашыраңқы болды.

Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді. Ой-қиялдарын дамыту.Бір-біріне қолдау көрсете отырып жұмыс жасату.



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

ПӘНІ: қазақ әдебиет

КЛАСЫ:7

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: А.Құнанбаевтің қара сөздері. Жиырма тоғызыншы қара сөзі .

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Мақал -мәтелдердің мәнін ашу.

-қара сөздің ерекшелігін түсіну

-Сыни ойлау дағдыларын дамыту

-қабілеттеріне қарай алға жоспар қоя білуді үйрену



КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Топпен жұмысқа белсене араласады.

Үй тапсырмасын пысықтайды. Мақал-мәтелдің мәнін ашады.

Қара сөздің ерекшелігін түсінеді,талдайды,салыстырады.

Өз ойларын ашық айтады.

Сабаққа құлшынысы арттады,топпен жұмыс істеуге бейімделеді.
ТҮЙІНДІ ИДЕЯ: Мақалдың мағынасын түсіну,Осындай білместікпенен айтылған сөздерге сақ болуды ойына түйеді.
РЕСУРСТАР:Абай дың кітабы,оқулық,АКТ-қолдану,кесте қағаздар, слайд,плакаттар,маркер.
МҰҒАЛІМ ЖАЗБАЛАРЫ:

Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)
Психологиялық жаттығу «Бір тілек»әдісі

Топпен жұмыс «Стикерлермен диалог» әдісі (сұрақтар арқылы үй тапсырмасын бекіту) топтық бағалау



Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

Миға шабуыл әдісі

Оқушыларға Абайдың бесінші қара сөзін тыңдатамын.( сұрақтар коямын)

- Бұл қара сөзден нені ұқтық?

- Бұрын соңды қара сөздерді естуіміз бар ма?

- Абайдың неше қара сөзі бар? (тақырыпты ашады) өзара бағалау
Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. )

(беріген қара сөздермен топқа бөлу)


ДЖИКСО әдісі топтық,жеке жұмыс оқулықпен жұмыс

1 топ- Жиырма тоғызыншы қара сөзді талдайды

2 топ- бесінші қара сөзді талдайды.

(хатшы,баяндаушы, таймкипер,бақылаушы)

екі шындық, бір жалған
Венн диаграммасы ( Абай мен өз көзқарасын салыстыру)

Топтық бағалау


Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану)
Пошта парағы (кері байланыс) Не нәрсе оңай болды? Не нәрсе қиын болды? Не білгіңіз келеді? Жиынтық бағалау

Сабақты талқылау

Не сәтті өтті? Өз пікірлерін еркін, ашық жеткізді. Бірлесе жұмыс жасағаны,жеке жұмыста да өздерінің белсенділігін көрсете білді.


Не сәтсіз өтті? Топтық бағалауда кейбір оқушылар әділ бағаланған жоқ.

Тізбектелген сабақтар топтасасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Бағдарламаны оқу арқылы сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер -жазбаша немесе ауызша түрде баға жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтарға жатады (Александер2001).

«Қалай оқу керектігін үйрету» модулінің атауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Мақсатым:бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуының кілті екендігі анықталады.

Оқыту формасына сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуды басқарудағы көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқытудағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың әдістерін қолдануды мақсатқа қойып, осы түрлі әдістерді оқушылар қалай қабылдайтынын бақыладым.

Сабақта қолданылатын ресурстарды сабаққа дейін дайындау барысында оқушыларды қызықтыра отырып, сабаққа ынталандыруды ойладым. Алғаш сыныпқа кіргенде оқушылармен амандасып, психологиялық ахуалын қалыптастыру үшін оқушылар көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсетуді сұрап едім, 9 оқушының 5-і көңілді, 2-еуі жақсы, 2-еуі орташа көңіл-күйдегі смайликті көрсетті. Сондықтан сабақтың ең маңызды кезеңі бұл ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан басталады. Мен оқушылармен өткізген тренингтерімен сабақта ашықтық пен тілектестік ортасын орнаттым. Оқушыларды әділетті түрде топтасуымен қатар,сабақтың тақырыбына жол ашады.Оқушылардың көңіл-күйін сабақ барысында бақылай отырып басында, ортасында, аяғында смайликтерін көтеріп көрсеттіріп отырдым.

Әр топтан сарапшы тағайындап, атқаратын қызметтерімен таныстырдым және әр оқушының қолына бағалау парақшалар таратамын.Өткен сабақпен байланыстыру үшін «Серпілген сауал», «Ыстық орындық», «Қарлы кесек» әдістері арқылы өздері дайындап келген сұрақтар қою арқылы өткен сабақпен байланыс жасады.Осы әдісті қолданған кезде оқушылардың қаншалықты деңгейде топтық әңгімеге қатысатыны көрінеді. Бұл кезде А деңгейлі оқушының жоғары сұрақтарға ұтқыр оймен жауап бергені көрініп отырды.Осы әдісті қолданғанда байқағаным үнсіз оқушының қызығушылығы оянғанын топтық әңгіме түскенде оның өз сұрақтарын қойып, жауап бергенінде байқалды.Сонымен бірге бірлесе сұрақтарға жауап бере отырып өткен сабақтарды пысықтады.Топтық әңгіме кезінде оқушылар өзара бағалып,неге мұндай баға қояғаны туралы пікірлерін айтқан оқушылар болды.Топтық бағалау арқылы бағаланды.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын ашуда «Миға шабуыл»,Ой қозғау», «Еркін талқылау»,әдістері арқылы сұрақтар қою барысында маған оқушылардың өз жауаптарын жүйелі жеткізе алмаса да әңгімеге қатысқаны қатты қуантты. Егерде біз осылай үнемі жасап тұрсақ,оқушылар өз пікірлерімен білімдерін дұрыс жеткізуді үйренеді. Миға шабуыл әдісін қолданғанда оқушыларды бағдаршам арқылы өзара бағалап отырды. Білім берудегі оқушының жұмысының нәтижесі есебінде біз оқушыға баға қоямыз, алайда, біз осы күнге дейін көп жағдайды жиынтық бағалауды қолданып келдік те, оқушының өз білімін жетілдіруіне мүмкіндік бере алмадық,оқушы алған бағасы ол үшін білімнің көрсеткіші іспеттес болып қала беретін. Ендігі жағдайда біз оқушыларымыздың білімін шектемей,білім алуына ынталандыру мақсатында формативтік бағалауды көптеп пайдаланғанымыз дұрыс болады.Сондықтан әр мұғалім оқушыны бағалауда Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды жетік түсінуі тиіс деп санаймын. Өздерінің көшбасшы екенін көрсете білген өз тобына көмектесе білгендері Ермұқан, Алтынай сияқты оқушылар өз идеяларын орта салып отырды, Кластастарының жауаптарын ықылас қоя тыңдады және талқылады. Сұраққа толық жауап бермеген оқушылар да болды. «Кім толықтырады?» деген кезде С деңгейлі оқушымның қызығушылығы оянып, өз ойын айтып толықтыра білді. Мені осы кезде таңқалдырғаны сыныпта көп үндемейтін Ринат деген оқушы өз топтарының жұмыстарын қорғауда белсенділікпен қатысып отырды. Бұл кезде әр сұраққа жауап берген оқушыларды жетондар арқылы бағаладым. Оқыту мен оқу жас ерекшеліктеріне,жеке қажеттілігіне байланысты құрылды. Аталған модуль « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулімен тығыз байланысты. Ал ол дегеніміз өзін өзі реттеу, өз оқуына деген жауапкершілікті сезіну сияқты дағдыларын қалыптастырады.Оқушылар ерекше ынтамен өздеріне, өз құрбыларына баға қойып жатты. Рас, басында асыра баға қою, көңіл жықпаушылық, немесе критерий бойынша бағалауды өз деңгейінде түсінбеу сияқты мәселелер болып отырды, сондықтан мен оларға үнемі бағыт-бағдар беріп отырдым. Топтық , жұптық,өзара бағалау, өзін- өзі бағалау түрлері сияқты формативті бағалау түрлері болды.

Әдетте мен бұрынғы сабақтарымда жиынтық бағалауды көп пайдаландым және бағалауды көбінесе өзім жүргізуге тырыстым. Әркім өзінің қателерінен үйренеді ғой, кейін бұл әрекетімнің дұрыс еместігін түсіндім, оған менің күнделікті тәжірибем жасаған өзгерістерімде себепші болды. Мен өз-өзімді реттедім, сабақ жоспарларымды қайта-қайта қарап, бұрынғы сабақтарымды есіме түсіріп, жаңаша көзқараспен , алған білімімнің негізінде күндіз-түні жұмыс жасадым, мектептегі іс-тәжірибемде әрбір сабақта жиынтық бағалаумен қалыптастырушы бағалауды қатар жүргізіп, оқушыларға сабақтағы өзгерістерді біртіндеп түсіндірдім, оқушылар қауымы әрқашан жаңалыққа құмар болғандықтан да, менің өзгерісім қызықты болып көрінді.Тәжірибемде өткізген сабақтарымда бағалаудың түрлері туралы оқушыларға түсінік бердім.Сабақ барысында қолданған бағалауымның басым көпшілігі қалыптастырушы бағалау болды.Сол қолданған әдіс-тәсілдерім оң нәтиже берді,себебі оқушылар әр кезең сайын берілген тапсырмаларды мұқият орындауға тырысты.

Оқушылардың көпшілігі бағалау туралы жағымсыз пікірлерін жою үшін ең алдымен олармен бағалау туралы әңгіме жүргіздім. Сонда мен олардың жаман баға алғанда жағымсыз сезімде болатынын және бағаға қатысты қиындықтардың бар екенін байқадым. Сондықтан оқушылардың бағалауға ынтасын арттыру үшін оны қызықты етіп жасауға тырыстым. Мысалы, топтық жұмыстарды орындағанда әр топтық жұмыс нәтижелері қорытындылана отырып, оқушылар бір-біріне екі жұлдыз, бір тілек арқылы алдымен екі жақсы жақтарын және кемшілігін алдағы уақытта түзеу мақсатында ұсыныс түрінде айта алды. Одан басқа жетістігін атап өтіп, ынталандыру мақсатында үш шапалақ арқылы мадақтау да қолданылды. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын , сонымен қатар олар қандай қиындықтарын кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет екендігін түсіндім.

Сабақтың маңызды тұсы-кері байланыс. ББҮ,ИНСЕРТ,Ойды толықтыр.., пошта парағы әдістерін қолдану арқылы кері байланыс орнаттым. Ол кезде оқушыларға парақшалар таратылды.Оған оқушылар сабақта жұмысты қалай жасағандықтар, өздерінің жұмыстарына көзқарастары, сабаққа деген пікірі мен сабақтағы көңіл күйлері жазылды. Оқушылардың жауапкершіліктері мен шын көңілден жазған пікірлері қатты әсер қалдырды.

Менің ойымша, қойылған мақсаттарға жету жолында,топта жұмыс жасауда,бағалау, кері байланыс, сыни ойлау үшін жүргізілген жұмыстар нәтиже берді.

Топтық жұмыстың жақсы жағы әр топ мүшесі бір-біріне қолпаштау, қолдау көрсетіп кейде тіпті мақтауын жетістіріп, шабыттандырып отырады. Әсіресе маған ұнағаны әр топ жұмыстарын ортаға шығып қорғағаннан кейін, сол топқа қолдау көрсетіп үш шапалақпен ризашылықтарын білдіру мен қатар екі жұлдыз бен бір тілек айтылған кезде одан әрі мамандығыңның жемісін көруге ынталанып, шабытыңның шарықтай түсетіні болды.

Практикаға барған кезімде сабақ кезеңінің қиындық тудырған тұсы бағалау арқылы оқушының өзін-өзі реттеуі жүргізген кезеңдерім болды. Ең алдымен оқушыларыма өз білімдерін бағалау үшін табыс өлшемдерін қалай құру керектігімен таныстырдым, әрі осы өлшемді пайдалануда әділ болуды баса айттым.

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін өз сабақтар топтамасына кіріктірген кездегі қойған мақсатым: оқушылардың тиімді кері байланыс жасай алуына, талдау жасай алуына және де бағалау нәтижесін ескере отырып, өз жұмысына түзету енгізе алу.

Оқушылармен тиімді кері байланыс орнайды, онда оқушылар сабақ бойынша алған әсерін жеткізді,кейбіреуінің тілектерін негізге ала отырып, сабақтарымды жоспарладым.

Оқушылар өздерінің оқу үдерісіне қызу араласады,олардың бағалау критериийлеріне сәйкес жұмыс жасағандығын байқадым, бұл көрсеткіш әр сабақ сайын жақсарып отырды.

Оқыту мен бағалау арасында байланыс орнайды, өз жұмысын өзі бағалау және өзін-өзі жетілдіру жолдарын түсінді.

Оқыту үшін бағалау модулін жүзеге асыруда қолданған статегияларымның бірі-жұптарда өзара бағалау. Оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма бердім. Бұл сабақта білімді бекіту кезінде орындалған өзіндік жұмыста қолданылды. Одан кейін үлгі бойынша жұмыстарын тексеруде оқушылар табыстылық өлшемдеріне қатысты өз жұмысын бағалады, содан соң жұмыстарын алмастырып жұптарда өзара жауап үлгілерімен бағалауды іске асырды. Өз сыныптасының жұмысын бағалау үрдісінің мұғалім жүргізген бағалаумен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар.

Оқушылардың топтық жұмыстарын бағалауда оқыту үшін бағалау модулін жүзеге асыруда қолданған стратегияларымның бірі-топтарда өзара бағалау. Мұнда оқушылар топтағы жауаптарымен өзара түсіндіріп, «үздік жауаптың»топтық идеясын шығарды.Одан кейін оқушыларға жауап үлгілері ұсынылып, олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырды.

Мұғалімнің бағалауы, яғни мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады. 


Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі бағалау жүйесін қолдануды өзекті деп санаймыз. Формативті бағалау ата-аналар, мұғалім және оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Өзін-өзі бағалаумен қатар оқушылардың бірін-бірін бағалауды жүргізуге болады.Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. 
Сонымен қатар мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын, жауабының қаншалықты дәрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушына қойылған бағаға күмән пайда болуы мүмкін. Ал бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы, не үшін осы бағаны алғандығын түсінетін болады және әр түрлі көзқарастар пайда болмайды. Осы тұста тізбектелген төрт сабақтың екінші сабағында сыныбымда оқушылар алған бағаларына қанағаттанып, өздерінің қанша алатындарын да сабақ соңында ұпайларын жиап жиынтық бағаларын біліп отырды. 
Енді тізбектелген төрт сабақта оқыту үшін және оқу үшін бағалауды қалай пайдаландым, соған толық тоқталып өтейін. Оқушыларды бағалаудағы менің мақсатым: оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан - жақты және әділ бағалай білу. 
Міндеттерім: 
а)Оқу материалын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға итермелеу, қызығушылығын ояту, түрткі болу,зерделеу. 
ә) Жеке тұлғаның интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету, АКТ-ны пайдалана отырып, ізненімпаздыққа, шығармашылыққа әкелу. 
б) Әрбір оқушының нәтижеге жетуге деген талпынысын дамыту, көпшілік ортасында өз ойын емін-еркін жеткізуге әкелу. Көрсетілген фишкалар арқылы оқушылардың берген жауаптарын бағаладым. Оқушылардың арасында фишка алуға қызығушылық жоғары болды. Формативті бағалау кезінде бұрынғыдай неге маған осы баға, оған ана баға деген оқушы болмады,сабақ соңында оқушылар өздерінің қаншаға жауап бергендерін біліп,бағаларын айтып шықты. Бір қызығы білімі төмен , зерттеуге алынған оқушы Сдеңгейлі оқушым , бастапқыда өзінің 3-не риза болса, бара-бара сабаққа деген қызығушылығы артып,4-тік бағаға жететін болды. Сұрақтар қою, жауап берген оқушылар фишкалар арқылы бағаланды. Сабақтың соңында әр бір оқушы өздерінің фишкаларын санау арқылы мен оларға жиынтық бағаны қойдым және қойылған бағаға комментария жасадым.Жиынтық бағаны қою үшін сабақ бойы оқушылардың жауаптарын бақыладым. Жиынтық бағамен қатар оқушылардың әр бір дұрыс жауабынан кейін оларды мадақтап, ынталандырдым. Ал топ мүшелерінің фишкаларын біріктіріп есептеп, көшбасшы болған топты анықтадым. . Ал С деңгейлі оқушым болса, "Өзіңді-өзің бағалаған қызық екен, үйге барып анама айтамын"- деп қуанғанын байқадым. Анасы маған келіп: "Менің ұлым қазақ әдебиетті жақсы көріп,оқиды,ал қазіргі жаңа технологияңызбен қызығушылығы одан бетер жоғарлады, бұл бірінші сіздің ,екіншіден,ұлым ның талпынысы,-деп білем" -деп қуана өз пікірін айтты. Бірінші сабақтан менің байқағаным дәстүрлі сабақтарда тек жиынтық баға қойып, біз оқушыларға тәуелсіздік бермеген екенбіз. Ал оқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы көтерілді. Олар бір-бірімен бәсекеге түсті. Дәстүрлі сабақтарда тыныш отыратын оқушылардың сабаққа қызығушылығынын көтерілгенін байқадым.Тек сол бәсекелестікке бола оқушыларым көп шулай бастады,бұл жағдайға ұшырамау үшін оқушылармен бірлесіп,топ ережелерін , оны сабақ басталған сайын қайталап отырып, бекітіп, практиканың аяғында жаттап алды. 
Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі. Бұл сабақта парақшалармен бағалауды пайдаландым.Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін, бағалау парақшаларын оқып түсінік бердім. Таланты және қабілетті балаларға жеке, жас ерекшелігіне қарай арнайы тапсырмалар берілді. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай алды. Сабақтың соңында ұпайларын есептеп, өздерін-өздері бағалады. Өзім бақылау жасадым. Алған бағаларына оқушылар қуанып шыға келді. Оқушыларда оқыту үшін бағалау әдісіне үйреніп қалды. Сабақ барысында оқушыларды мадақтау және ынталандыру жұмыстарын жүргіздім. Мысалы: С деңгейлі оқушым сабақта жауап берген кезде біраз ойланып қалды.Сыныптағы оқушылар ол оқушының жауабын күтпей жауап беру үшін қолдарын көтеріп, шулап кетті. Ал мен оқушыларды тыныштандырып, ол біледі, сендер оған айтуға мүмкіндік бермей жатырсыңдар деп айттым. Сол кезде С деңгейлі оқушым өзінің жауабын толық айтып берді. Менің бұл оқиғадан кейін байқағаным, мадақтау арқылы оқушыда сенімділік пайда болды. Ол өзінің ойын жүйелеп, пікірін толық айта білді.Кейін қазақ әдебиетке деген қызығушылығы артып,сабақта барын салуға бет бұрып 3 деген бағадан ,ол 4 –тік бағаға көтерілді. Бұл жайт мені өте қуандырды. 
Сыни тұрғысынан бағалаған оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар да белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады» - деп мұғалімге арналған нұсқаулықта жазылған сияқты, оқыту үшін бағалауда оқушылар белсенді араласады және олардың бағалауын бақылау арқылы алған фишкаларын әділ есептейтінін байқадым [8,нұсқаулық58-б.]. 
Абай Құнанбайұлының қара сөздері, 29 қара сөзі тақырыбында болды. Әрбір топтан бір оқушыдан бақылаушыларды анықтадық. Оқыту үшін (формативті) бағалауды сол бақылаушы оқушылар жүргізді. 2 топқа кезек-кезекпен сұрақтар қойылды. Бақылаушылар әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай қойып, есептеп отырды(кеңесшілер). 
Әр бір топтан бір көшбасшы анықталып, екі көшбасшыға бейне материалдар арқылы сұрақтар қойылды. Бұл көшбасшылардың арасынан бақылаушылар ұпайларын есептеу арқылы бір көшбасшыны анықтады. 

Нәтижесінде оқушы үшін қалыптастырушы бағалау үлкен маңызға ие,ол оның алға қарай жылжуға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар өздеріне, сыныптастарына әділ баға қоя біледі, өз деңгейі мен өз жұмысының деңгейін анықтай алады.

Болашақта өзгерте аламын сабақтар барысында қалыптастырушы бағалаулар мен жиынтық бағалаулар қатар жүріп отырса,білім сапасының арта бастайтынына көзім жетті. Әлі де болса өз тәжірибемдегі бағалауды жетілдірудің әдістерін қарастыруым керек деп түйіндедім.


: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных
2014 -> РҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет