Бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »


Мұны білген жөн (оқып шығыңыз)



жүктеу 3.67 Mb.
бет4/19
Дата02.07.2016
өлшемі3.67 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс (17-бөлім «Азаматтың репродуктивтік құқығын қорғау»)



Пайдалы сілтемелер:

1) www.ivf.kz – Репродуктивті медицина орталығының сайты;

2) www.ecomed.kz – «Экомед» клиникасының сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бедеулік», «ЭКО» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


10. Аборт жасаудың денсаулыққа әсері қандай?
Медицина саласындағы қандай да бір жетістіктер, заманауи дәрі-дәрмектер мен аппараттар, өкінішке қарай, аборт жасатқаннан кейінгі әйел денсаулығына төнетін қауіпті, оның салдарынан болатын зиянды ең болмаса төмендете де алмайтынын көптеген әйелдер біле бермейді. Енді аборттың нақты қандай зиян алып келетіндігіне тоқталсақ.

Күшті инфекциялық асқыну. Инфекциялардың асқынбауына ешкім кепілдік бере алмайды. Мұндай жағдайда аборт жасаудың зияны зор. Аборттан кейін әйелдің иммунитеті төмендеп, оны көтеруге барлық дәрі-дәрмектің күші жетпей қалуы мүмкін. Егер инфекция асқынып кетсе, аборт жасау орны толмас өкінішке алып келеді. Ауруды жұқтыру оның асқынуына – эндометрияға, сонымен қатар, қанға сепсис ауруының жұғуына алып келеді, оны стационарда емдеу қиынға соғады. Кімде кім «астыртын» аборт жасауға бел буса, онда аса үлкен қауіпке тап болады.

Бедеулік және жатырдан тыс біткен жүктілік. Аборт жасаудың тағы да бір зияны – бедеулікке апарады. Аборт тіпті температураны және басқа да жұқпалы ауруларды ешқандай белгілерін байқатпай-ақ, кез келген уақытта асқындырып жібереді. Асқыну тек жатырды ғана емес, сонымен қатар, жатыр түгін де қамтиды, ондағы түкті эпителий – ұрықтанған ұрықтың түтік бойымен жатырға қарай жылжуына мүмкіндік беретін арнайы құрылымды жоюы мүмкін. Мұндай жағдайда жатыр түгінің өту жолдары оның соңына дейін бітеліп, бедеулікке алып келеді.

Толық жазылып бітпеген жағдайда қолдан аборт жасатудың тағы бір зияны әрі өте ауыр асқыну - жатырдан тыс жүктілік орын алады. Бұл кезде ұрық одан әрі жылжу мүмкін болмағандықтан түтікке жабысып қалады. Эмбриондардың өсуімен қатар жатыр түгі ісініп, жарылады, оның салдарынан қан ағады. Бұл жағдай жатыр түгін алып тастау қажет болатын жедел операцияны талап етеді, бұл өз бетінше екінші рет болатын жүктілікті қиындата түседі. Сонымен қатар, қан ағуды тоқтату мүмкіндігінің болмауы көбіне жатырды ампутациялауға алып келеді, жүктілік туралы енді мүлдем ойламауға алып келіп соғады.



Күрделі гормональды бұзылу. Әйел ағзасы жүктілікке бірнеше апта дайындалады. Сондықтан аборт жасау кезінде ол күрделі гормональды және жалпы күйзеліске тап болады. Аборттың зиянынан гормональды өзгерістер орын алады. Бұл тек жыныстық салада ғана болмайды, сонымен қатар, оған байланысты ішкі секрецияда – бүйрекасты, қалқанша безі (қылтанақ) органдарында да болуы мүмкін. Ұрықтар барлығынан көп зардап шегеді – олардың функциялары бұзылады, ол ұзақ және мұқият емделген соң да, жүктіліктің болмауына алып келеді.

Гормондық теңсіздік кезінде сүт бездері мен жатыр денесінің қатерсіз және қатерлі ісіктері секілді жаңа өспелер тәрізді ісіктердің пайда болу қаупі де ұлғаяды.

Тіпті тәжірибелі дәрігерлердің өзі жатырда ұрық тінінің бір бөлігін қалдырып кетуі мүмкін. Ірі және ақылы клиникаларда аборт қазіргі уақытта УДЗ-дің бақылауымен жасалуда, бірақ мұның өзі сәттілікке кепілдік бере алмайды. Жатырда қалып қалған тіндер көптеген бақытсыздыққа алып келеді және мұндай жағдайда аборттың зияны еселене түседі. Барлығы қанның ағуынан басталады, өйткені жатыр бос болған кезде ғана жиналады. Содан кейін мұның барлығы эндометрия деп аталатын жараның пайда болуына алып келіп соғады, ол қайта қыруды және күшті антибиотиктермен емдеуді талап ететін жайт. Шын мәнінде аборт салдарының ең ауыр түрі – хорионэпителиомның – эмбрионды тіннен өсетін қатерлі ісіктің туындауы. Мұндай жағдайда аборттың зардабы өлімге апарып соғады. Мұндай ісік сирек, бірақ агрессивті! Ол айналасындағы тіндерді жояды, ол ешнәрсеге қарамастан жан-жағына өсе береді – оны айқындау өте қиын және нашар емделеді.

Аборттың ең қауіпті асқынуы — жатыр қабырғасы бүтіндігінің бұзылуы және оның жыртылуы (тесілуі). Аборттың жатырды тесуі сынды таза техникалық асқынулар туралы да ұмытпауымыз қажет. Басқаша айтқанда, ол операция барысында жатырдың тесілу қаупі. Мұндай ауыртпашылық сирек кездеседі, бірақ міндетті түрде ескерілуі тиіс, өйткені мұндай жағдай тіпті тәжірибелі дәрігерде де болуы мүмкін. Жүктілік кезінде жатырдың шырышты қабаты бос, жұмсақ болады, егер «бұл жұмыс» көзбен көрмей тұрып жасалатынын ескерсек, жатырды жарақаттап алу өте оңай. Егер түсік астыртын жағдайда жасалса, барлық уақытта қатты қан кетуге, перитонитке алып келеді, бұдан әрі науқастың қайтыс болуына апаратын да жағдай тууы мүмкін, ал кейіннен қалаулы жүктілікке жету де қиындайды.



Дәрі-дәрмек тәсілімен жасалған аборт. Соңғы жылдары қолданылып жүрген «тіпті зияны жоқ» дәрі-дәрмек арқылы күшті әсер ететін бірнеше дәрі түйіршегінің көмегімен жасалатын аборт - техникалық операциялармен, қан кетумен немесе инфекциямен байланысты қауіптерден ғана «қорғайды», бірақ әйел ағзасында өте ауыр гормоналды бұзылу орын алады, оның салдарынан эндокринологиялық жүйе бұзылады. Дәрі-дәрмектік аборттың салдары ұрпақты болу жүйесінде гормональдық қалдық түрінде болуы мүмкін. 2-4% жағдайда ұрық безінің қалдығы болуы мүмкін, соған байланысты жатыр қуысын қыру қажеттігі туындайды.

Психологиялық аспект. Аборттың психологиялық зиянын да ескеру қажет. Әйелдің бұдан кейінгі өмірінде балалы болмайтындығын білгеннен кейінгі жай-күйін елестетудің өзі қаншалықты ауыр екенін әркім-ақ бағамдай жатар.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.aborti.ru/ - аборт және оның әсері тақырыбына арналған сайт;

2) www.noabort.net/ - аборт және оның әсері тақырыбына арналған сайт.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «аборттың зияны», «аборт салдары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
11. Маскүнемдіктен зардап шегіп жүрген адамға қалай көмектесуге болады?
Жақын адамымыз қайғыға душар болса, бізге одан екі есе ауыр тиетіні анық. Біріншіден, енді біз өтпес қамалдың екі жағында сияқтымыз, «мен ішпеймін, ал сен болсаң...». Ал екіншіден, біз оған қалай көмектесуді де білмейміз.  

Егер бұл проблема сіздің үйіңізде болса, онда ешқашан жақын адамыңыздың өз өмірін құртқанын күтіп, қол қусырып отыруға болмайды. Егер сіз өз туысыңыз маскүнемге жата ма, жоқ па дегенге күдіктенетін болсаңыз, ол үшін маскүнемді қалай тану керек екенін білу қажет. Медициналық орталыққа барғанға дейін, алдымен оны бақылап көріңіз. Және де мынадай сұрақтарға дұрыс жауап беріп көріңіз: «Ол ішуге бір себеп іздеп жүр ме?», «Қалыпты өмір сүру үшін оған міндетті түрде ішу керек пе?», «Ол отбасының басқа мүшелерінен тығылып іше ме?», «Оның сыртқы келбетінде және жақындарына деген көзқарасында өзгерістер бар ма?». Егер Сіз туысыңыздың спирттік сусындарға құмарлығын түсінсеңіз, оны ішуді өз бетінше тоқтата алмаса, ақырындап алкогольді көп мөлшерде ішуге үйренсе, оның кейін қалай өмірімен қоштасып бара жатқаны сынды қорқынышты көрмес үшін оған қалай көмектесу керектігі туралы ойланыңыз. Ол үшін Сізге мұндай жағдайлармен бірнеше мәрте түйісіп жүрген нарколог-дәрігердің кәсіби көмегі қажет.

Сіздің міндетіңіз – ауру адамды маскүнемдіктен міндетті түрде емделу керек екендігіне сендіру. Көптеген адамдар өзімнің қолымнан келеді, ішуді өзім-ақ қоямын деп емделуден бас тартады. Алайда, бұл тәжірибе жүзінде іске аспайды. Алкогольге тәуелділік – бұл ішкен адамға ғана емес, сонымен қатар күнделікті күйзелісте жүретін оның туыстарына да, ауыр әсер ететін сөзсіз қиын ауру. Бірақ алкогольге тәуелділікті жазылмайтын ауруға жатқызуға болмайды. Алкогольге тәуелділікті емдеуге мұқият ойланып кірісу қажет. Оны емдеудегі әрбір ойланбай жасалған қадам қайта айналып келмейтін зардаптарға, ауру ағзасының қайта орнына келместей өзгеруіне, тіпті өмірімен қош айтысуына да әкеліп соғуы мүмкін. Кәсіби көмек алу үшін сіз тұрғылықты жеріңіздегі емханаға, арнайы емдеу-сауықтыру орталықтарына, жеке медициналық мекемелерге, ғылыми-диагностикалық орталықтарға баруыңызға болады.

Әдетте емдеу курсы үш сатыдан тұрады:

1) спирттік сусындардан абсолютті бас тарту, алынған токсиндерден ағзаны тазарту және белсенді алкогольге қарсы емделуге психологиялық дайындық;

2) жиілікті емдеу үдерісі;

3) ұзақ көмекші терапия.

Ең бастысы ауру адамды өз қайғысымен жападан-жалғыз тастауға болмайды. Бұл үлкен шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Мұндай құрбандықсыз сіз үшін қымбат адамды алкогольге тәуелділіктен айыру қиын болады, ал көп жағдайда тіпті мүмкін емес. Ішетін адамға қалай көңіл бөлу керек? Әрбір отбасының өзіндік бағыт-бағдары, құндылықтары, әдет-ғұрыптары бар. Сондықтан да туындаған әрбір проблеманы дербес шешуге тура келеді. Дұрыс шешімінің нәтижесі табыстың 90%-ы екенін естен шығармаңыз. Сенің керек екеніңді, сені бәрі жақсы көретінін түсіну – бұл күресуге деген үлкен ынта.

Жанжал – бұл жұбанышты басқа жақтан іздеуге түрткі болады, күмән туғызатын «достардың» өмір сүру мәні - тек «ішуді» іздеу ғана. Мұндай орталарда тұлғаны азғыру көз алдыңда өтеді.

Алкогольге тәуелді адам салынып ішкен кезінде немесе ішкісі келген кезінде оны ұзаққа жібермеуге тырысыңыз. Мұны жәй сөзбен қинамай айту керек.

Маскүнемдікпен ауыратын адамға отбасы қалай көмек бере алады:


  • Үйде алкогольді қабылдамайтындай жағдай туғызыңыз, үйдегі ешбір зат ауру адамға ішуді еске салмауы қажет немесе қайта бастап ішіп кетуге итермелемеу керек. Бірінші рөмкені алып қойған екен, барлығы да құрдымға кетеді. Сондықтан мүмкіндігінше, көз алдынан спирттік ішімдіктерді ғана емес, сонымен қатар, үйдегі сәйкес атрибуттарды да (рюмка, бос шөлмек, штопор және т.б.) алып тастаңыз.

  • Сіздің үйіңіздегі отбасылық отырыстар ішімдіксіз өтуі керек. Егер сіздің қонақтарыңыз немесе сіздерді қонаққа шақырған үйдің қожайыны мұны түсінгісі де келмесе – онымен бірге отырыста болудан қашу керек.

  • Сіздің туысыңыз көп уақытын сізбен өткізгісі келетіндей жағдай жасаңыз – сол кезде ол адамда «достармен жиналайық» деген қашып құтыла алмайтын, азғыруға еріп кетуден құтылу мүмкіндігі болады.

  • Ішуді қойған адамға науқас адам сияқты емес, үлкен күрес жүргізген және де сыйлауға лайық адам ретінде қараңыз.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.



Пайдалы сілтемелер:

www.zdrav.kz – Алдын алу және тамақтану медицинасы академиясының ғалымдары әзірлеген веб-портал.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «алкоголизмді емдеу», «алкоголизмді емдеу орталықтары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

12. ВИЧ/СПИД. Қалай алдын алу керек?
СПИД пен ВИЧ жайында біз жиі естиміз, оқимыз, айтамыз. Бірақ дәл осындай қасіретке шалдыққан жандар қалай өмір сүріп жатқанын тіпті ойлағымыз да келмейді.

СПИД – иммундық жүйенің зақымдануы нәтижесінде организмнің қорғану күші әлсіреуінен туған патологиялық күй. Бұл ауруды ВИЧ - адамның иммундық тапшылық қоздырғышы (АИТҚ) тудырады. АИТҚ аурудың қандай да бір белгілері білінгенге дейін, адам ағзасында жылдар бойы тіршілік ете жүріп, басқа адамдарға да жұғуы мүмкін. АИТҚ ең алдымен адам ағзасының қорғаныштық тетіктерін зақымдап, оларды аурулар мен инфекцияларға қарсы тұра алмастай дәрменсіз етеді. Бұндай аурулар мен инфекциялар АИТҚ жұқтырған аурулар үшін өлім есігін ашады.

АИТҚ иммунитеттің ең маңызды жасушаларын өлтіреді. Бұл өте ақырын жүреді, бара-бара кез келген аурумен иммундық жүйе күресе алмайтын дәрежеге жетеді. СПИД о бастан-ақ денсаулығы әлсіз адамдарда тез ұлғая бастайды. Бұған шылым шегу, алкоголь, есірткі, дұрыс тамақтанбау және беймазалық күй де кері әсер етеді.

Бұл өте маңызды! АИТҚ жұқтырған адамдар жылдар бойы өздерін дені сау адамдардай сезінеді және сыртқа да солай көрінеді, олар жылдар бойы осы ауруды жұқтырғанынан бейхабар жүруі де мүмкін. Бірақ жыл өткен сайын алғашқы белгілері біліне бастайды. Салмағы күрт төмендеп, үлкен дәрет созылмалы сұйық түрде кететін болып, әлсіздік белең алады, қоздырғыштар мен бактериялар тудыратын аурулар жиілей бастайды. Бірнеше жылдан, бәлкім айдан соң, СПИД өзінің бар екендігінен толықтай хабар береді: ауыр жұқпалы аурулар, ісіктер, орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы біліне бастайды.

АИТҚ мынадай жолдармен:

1. Қан арқылы:



  • АИТҚ жұқтырған донордың мүшесін я болмаса тіндерін салдыру кезінде немесе қан құю кезінде;

  • есірткіні тамырға салу үшін ине мен шприцтерді бірлесе пайдалану кезінде;

  • медициналық амалдарды стерильденбеген құрал-жабдықтармен атқарған кезде;

  • татуаж және пирсинг аспаптарын стерильденбеген күйде бірлесе пайдаланған кезде жұғады.

Біреудің қырыну заттары мен тіс шеткаларын да пайдалану арқылы жұғуы мүмкін.

2. Жыныс жолдары арқылы.

3. Екіқабат, туу және емшек сүтімен тамақтандыру кезінде жұғады. АИТҚ жұқтырған анадан екіқабат, туу кезінде және емшек сүті арқылы емізген кезде балаға жұғады.

АИТҚ-ны жұқтырып алмас үшін не істеу керек?


  • қандай да бір қаннан бойыңызды аулақ ұстаңыз;

  • есірткіге, оның ішінде, СПИД жұқтыру қаупі жоғары тамыр арқылы егетін түрлеріне жоламаңыз;

  • некесіз, бейәдеп, кездейсоқ кез-келген жыныстық қатынастан аулақ болыңыз.

Сізге АИТҚ-ны жұқтыру қаупі ғана емес, жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларды (ЖЖЖИ) да жұқтыру қаупі бар, егер:

  • некесіз, бейәдеп, кездейсоқ кез келген жыныстық қатынастан бас тартыңыз. Серіліктен сақтаныңыз.

  • Сіз немесе Сіздің серігіңіз ЖЖЖИ (сифилис, соз, хламидиоз, АИТҚ) жұқтырған болса.

  • тамырға салатын екпе дәрілер үшін болса да, бөтен біреудің шприц немесе инелерін пайдаландыңыз ба? Бөтен адамның өңделмеген, тазартылмаған шприцінде АИТҚ және басқалары болуы мүмкін.

Сізде АИТҚ-ның бар-жоғын білудің бір ғана жолы бар, ол сараптама жасату. Арнайы жасалған сараптама нәтижесінде ғана тек дәрігер адамның АИТҚ жұқтырғанын анықтай алады. Елімізде 22 аймақтық және бір Республикалық СПИД-ке қарсы күрес және оның алдын алу орталығы жұмыс істейді (мекен жайы мен телефондарын анықтамадан сұрап білуге болады). Бұл орталықтардың бәріне АИТҚ инфекциясы бар-жоғын анықтау үшін сараптама жасатуға болады. Дәрігерлер сіздің күретамырыңыздан қан алып, онда АИТҚ-ның антителасы бар жоғын тексереді. Қанды алмас бұрын және нәтижелерін хабарламас бұрын олар сізге сараптама нәтижелерінің оң және кері нәтижесі жайлы мағлұмат беріп, сұрақтарыңызға жауап беруі тиіс. АИТҚ-ға сараптаманы өз тегіңізді айтып, немесе жасырын түрде тегін жасатуыңызға болады. Сараптама нәтижесі медициналық құпия болып есептеледі және оны жария еткені үшін медицина қызметкері заң алдында жауапкершілікте болады. Сіздің сараптамаңыздың қорытындысын тұрғылықты жеріңізге, жұмысыңызға немесе оқу орныңызға жария етуге олардың құқы жоқ.

АИТҚ да, СПИД те әзірге толықтай жазылып кетпейді, алайда күн сайын әлемде әлдеқайда тиімді, өмірді ұзартып, денсаулықты сақтауға көмек беретін дәрі-дәрмектер пайда болуда.



Ең бастысы, Сіздің қандай әлеуметтік топқа жататыныңыз я болмаса кімдермен араласатыныңыз емес, өзіңіз үшін қандай жолды таңдап алатыныңыз маңызды екенін естен шығармаңыз!

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуiрдегі № 2184 Заңы



Пайдалы сілтемелер:

www.rcaids.kz/ - «СПИД алдын алу және күрес жөніндегі республикалық орталық» мемлекеттік мекемесінің сайты;

www.plwha.kz/ - «АИТҚ бар адамдардың қазақстандық одағы» қоғамдық қорының сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ВИЧ/СПИД», «ВИЧ/СПИД ауруларына көмек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

13. Онкологиялық ауруларды алдын-алу үшін не істеу керек?
Рак (обыр) – түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ем аурудың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей, ауруды асқындырып алған жағдайдайда емдеу қиынға соғады. Соңғы жылдары онкологиялық аурулардың жасару бағытын байқай отырып, әрбір адам үшін алдын-ала тексерілу мен үнемі медициналық қаралудан өтіп тұру қажеттілігі сөз етуге тұрарлық жағдай.

Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады; «қоршаған орта» анықтамасы өзінің кең мағынасында әлі де аз зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай обыр ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған. Обыр ауруының үлесі: тамақтану сипатының 30-35 %-нан, темекі тартатындардың 30%-нан, жұқпалы (вирустық) агенттердің - 17%-нан, алкогольдің - 4%-нан, қоршаған ортаның ластануының - 2%-нан, ауыр тұқым қуалау салдарының - 2%-нан тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын-алу негіздерін, жалқаулық пен қол тимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз.

Обырдың алдын-алуға болатын ауру екендігі жайлы бірсыпыра бұлжытпас дәлелдер бар.

Есте ұстаңыз, ауруды емдеуге қарағанда, алдын-алу оңай!

Қатерлі жаңа өскіндердің даму тәуекелін едәуір төмендету үшін «салауатты өмір салты» деп аталатын ұғымға енетін қарапайым бірнеше ережені ұстана біліңіз.



Темекі тартпаңыз, егер тартып жүрген болсаңыз – тоқтатыңыз. Егер Сіз темекіні тастай алмай жүрсеңіз, онда тартпайтындар арасында темекі тартпаңыз. Пассивті темекі тарту активті темекі тарту сияқты зиянды.

Рак ауруының салдарынан болатын өлім жағдайларының 25-30%-ы темекімен байланысты деп саналады. Тек қана темекі тарту және оған алкогольдің қосылуы салдарынан болатын ұлтабар, жұтқыншақ және ауыз қуысы обырының үлесі 43%-60% аралығында өзгеріп отырады. Қуықтың, асқазан асты безі және бүйрек, асқазан, жатыр мойны, мұрын қуысы мен миелоидты лейкоз обыры жағдайларының көпшілігі темекі тартумен байланысты болып келеді. Өлім жағдайларының жартысы орташа жаста кездеседі, оған қоса темекі тартатындар тартпайтындарға қарағанда өздеріне берілген ғұмырдың 20-25 жылын текке жоғалтады.

Қазіргі таңда обыр немесе басқа аурулардың басталуына дейін темекі тартуды тоқтату темекі салдарынан болатын өлім жағдайларынан, орта жастан бастап, тіпті егделеу жаста да қашуға мүмкіндік беретіндігі жайлы нақты дәлелдемелер бар.

Зиянды тамақтарды алып тастаңыз. Канцерогендер (қатерлі жаңа өскіндердің дамуына себеп болатын химиялық заттар) көптеген азық-түліктерде кездеседі, әсіресе, майға қуырылған тағамдарда, консервіленген және маринадталған тағамдарда, ұзақ сақталынған азық-түліктерде, ысталған тағамдарда.

Майлы тағамдарды, әсіресе, малдың майын тұтынуды азайтыңыз, қатты тоя тамақтанбаңыз – күнделікті тамақтану рационы 2500 калориядан аспауы тиіс. Үнемі жүктемесіз және ақуызсыз тамақтану күндерінің жүйесі мен диета сақтауды ұстаныңыз. Алкоголь тұтынуды қойыңыз. Суға қатысты айтарымыз: фильтрленген немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз.



Қажетті азық-түліктер. Сізге күн сайын жасұнықтардан (клетчатка) тұратын жемістер, көкөністер, шырындар және басқа да өсімдік құрамдас тағамдардың 5 бөлшегін (порциясын) жеп отыру қажет. Жасыл, сары және қызғылт сары көкөністер мен жемістерді, цитрусты жемістерді, жидектерді, құрғатылған жемістерді, теңіз азық-түліктерін, пияз бен сарымсақты тұтыну ерекше пайдалы. Қызыл көкөністердің ішінде ең тамаша таңдау - қызанаққа тиесілі. Өзіңіздің күнделікті рационыңызға ірі ұнтақты ұннан жабылған нанды (бидайдан және қара бидайдан) және ботқаны қосқаныңыз абзал. Майлы балықта қатерлі жаңа өскіндердің дамуына кедергі жасайтын пайдалы заттар көп-ақ. Жаңғақтар да өте пайдалы.

Иммунитетті нығайтыңыз. Белсенді болыңыз, күн сайын дене шынықтырумен шұғылдануға тырысыңыз.

Дене белсенділігінің қорғану тиімділігі рак ауруының даму тәуекеліне қатысты белсенділік деңгейінің артуына байланысты күшейе түседі. Дегенмен жүрек ауруы бар адамдар сақтана білуі тиіс. Дененің қалыпты салмағын ұстау, әсіресе, үнемі отырып жұмыс істейтін адамдар үшін дене белсенділігі қажет. Дене жаттығуларын аптасына 3 реттен кем емес 30-40 минут бойы жасау керек. Егер сіз суық тиіп жиі ауыратын болсаңыз, иммунолог дәрігер маманына қаралыңыз.



Вирустарға тексеріліңіз. Барлық онкологиялық аурулардың 10%-ын вирустар шақыруы мүмкін. Жұқтырып алу мен рактың дамуы арасында көптеген жылдар өтуі мүмкін, бірақ сіз қоздырғыш вирустың тасымалдаушысы болсаңыз, өз денсаулық күйіңізді үнемі бақылауда ұстап, ауруға бірде-бір мүмкіндік бермеу үшін ол жайында білуіңіз қажет.

Артық күн сәулесін қабылдаудан қашуға тырысыңыз.

Тері аурулары рагының басты себебі күн сәулесі, әсіресе, оның ультракүлгін бөлігі болып табылады.

Өзіңізге көңіл бөліңіз. Егер Сіздің бойыңыздағы мең немесе қалыңыз киініп-шешінгеннен немесе мойныңыздағы алқаңыздың жанасуынан көлемі немесе түсі өзгеретін болса, жедел түрде дәрігерге хабарласыңыз. Ондай меңдерді өз уақытында алып тастау арқылы тері рагының тәуекеліне жол бермеуге болады. Өзіңізді бақылау барысында мазаңызды алып тұрған факторларға назар аударыңыз.

Обыр дамуының алдын алатын және осы аурудан жазылып шығу сенімділігін арттыратын денсаулық сақтау бағдарламалары бар. Скрининг бағдарламаларына қатысыңыз! Скрининг – симптомдары байқалғанға дейін ауруды анықтау мен емдеу. Адамдар арасында әлі симптомдары жоқ ауруларды анықтау мен емдеу рактан келетін өлім санын азайтуға мүмкіндік береді.



Әйелдер! Етеккір аяқталысымен өзіңіздің сүт бездеріңізді жан жағынан ортасына қарай сипалау арқылы тексеріп көріңіз. Егер Сізді оның сыртқы түрі мен тері түсіндегі және бездің формасындағы өзгерістер мазаласа, немесе Сіз сипалаған кезде тығыздық байқалса, онда міндетті түрде онкологқа қаралыңыз!

40 жастан асқан әйелдер! Сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзадағы ракты ертерек анықтау үшін маммографиялық тексеруден өтіп тұрыңыз. Егер Сіз 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жаста болсаңыз, онда сүт бездері рагының скринингіне қатысыңыз – ол үшін сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ертерек анықтау мақсатында маммографиялық тексеруден өтуіңіз қажет.

25 жастан асқан әйелдер! Жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен осы ағзаның обырынан сақтандыру мақсатында шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсырыңыз. Егер Сіз 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жаста болсаңыз, жатыр мойнының скринингіне қатысыңыз - жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсыру - осы ағзаның рагынан сақтану үшін қажет.

50 жастан асқан ерлер мен әйелдер, сіздер – колоректальді обыр скринингіне қатысыңыз, бұл үшін Сізге тоқ ішек (бүйен) мен тік ішек обырын анықтау мақсатында нәжіс және қан тапсыру қажет.



Ерлер! Егер Сіздің жасыңыз 55 жастан асса және қуық асты безіндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ерте сатысында анықтау үшін ПАА-ға үнемі қан анализін жасатқаныңыз жөн.

Үнемі флюорографиядан өтіп тұрыңыз.



Пайдалы сілтемелер:

1) http://medinfa.ru/article/19/2131/ - «Медициналық энциклопедия» сайты;

2) www.pror.ru – «Ресейдің обырға қарсы қоғамы» сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «онкологиялық аурулар», «қатерлі ісікті емдеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

14. Мүгедек баланы сауықтыру орталығына қалай орналастыруға болады?
Кез-келген бала, соның ішінде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар. Ортадан жырақ қалған балаларда ондай қажеттілік одан да жоғары және де олардың кейбіреуі медициналық қызметкер мен педагогтың назарын үнемі қажет етеді. Медициналық сауықтыру ауру, жарақат, жарымжан болудың салдарын шешуге немесе жеңілдетуге бағытталған диагностикалық, емдік және сауықтыру іс-шараларының жиынтығын қарастырады.

Мүгедек балалардың уақытша немесе тұрақты мекендеуін арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер бар. Ол жерге интеллектісі сақталған, сүйену-жылжу аппаратының қызметі бұзылған, тұрақты түрде басқа бір адамның көмегіне және медициналық қызметке зәру 4 пен 18 жас аралығындағы төмендегідей сырқатпен ауыратын мүгедек балалар орналасуы мүмкін:



  • әртүрлі этиологиядағы мидың сал ауруы;

  • полиомиелит салдарынан кейінгі қалыпқа келтіру және резидуальді кезең;

  • сүйену-жылжу аппаратының әртүрлі туа және кейін пайда болған деформациялары;

  • артрогриппозом;

  • хондродистрофией;

  • тұқым қуалайтын дегенеративті және жүйке-бұлшық ет аурулары.

Мүгедек баланы сауықтыру орталығына орналастыру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барып, келесі құжаттарды тапсырыңыз:

1. Баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) белгіленген үлгідегі өтініші.

2. Өкілетті органның (медициналық мекеменің) мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеге әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау жолдамасы:


  1. туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;

  2. СТН;

  3. ӘЖК;

  4. мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі;

  5. медициналық карта;

  6. психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысы;

  7. амбулаториялық картадан үзінді;

  8. жеке сауықтыру бағдарламасының көшірмесі.

Балаларды МӘМ-нен шығару:

  • баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші;

  • кәмелеттік жасқа толғанда;

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне қарайтын, оңалту орталықтары бар, онда әр түрлі аурулармен; тірек-қимыл және эндокринологиялық жүйелер ауруларымен ауыратын балаларды 20-27 күн аралығында оңалту курстарын өтеді.

Орталыққа орналасуға қажетті құжаттардың тізімі, оңалту шараларын өткізуге қарсы көрсеткіштер барлық аймақтардың емдеу органдарында бар.

Оңалту орталықтары жұмыстарын жеңілдету үшін балалардың келу кестесі құрастырылған, орын бөлу кезінде аймақтардан алдын-ала келетін өтініштер есептелген.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

2) «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» («Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесi»)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысы.

Пайдалы сілтемелер:

www.mz.gov.kz – Денсаулық сақтау министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мүгедек балаларды сауықтыру», «мүгедек балаларды сауықтыру орталықтары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

II ТАРАУ. БІЛІМ.
15. Бала асырап алғыңыз келсе...
Әрбір ересек адам үшін оның өміріндегі ең жақын әрі қадірлі нәрсе - бала. Оның жарық дүние есігін ашқанда іңгәлаған дауысы мен алғашқы жымиып, шалықтап күлген кездері, «апа», «әке» деген алғашқы сөздері өмірін мән-мағынаға толтырады. Бала үшін ата-ананың ыстық ықыласы мен мейірімінен артық не болмақ?  

Көптеген отбасылар бала сүйгісі келеді, алайда бала асырап алу жайында шешімге келу оңай емес. Сонда й-ақ, бүгінгі қоғамда отбасылық бақыттан айрылған қаншама сәби бар. Қымбатты болашақ ата-ана, қиындықтан ешуақытта қорықпаңыздар! Жер бетіндегі ең үлкен бақыт – әке атану мен ана болу бақыты! Сәл ойланып көрсеңіз, дүниеге ұрпақ әкелуден де маңыздысы, оны азамат етіп, тәрбиелеп өсіру екендігіне көз жеткізер едіңіз.

Егер Сіз бала асырап алғыңыз келсе, республикамыздың кез келген аймағынан не болмаса тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына барып, өтініш беруіңізге болады.

Өтінішке төменде көрсетілген құжаттарды қоса тіркеу қажет:

1) жұмыс орныңыздан лауазымыңыз бен еңбекақыңыз көрсетілген анықтама қағаз;

2) тұрғылықты мекен-жайыңыздағы үй кітапшасының көшірмесі;

3) тұрғын-жайға иелік, меншіктік құқығыңызды растайтын құжат;

4) сотталмағандығыңызды растайтын құқық қорғау органдарының анықтамасы;

5) денсаулық жағдайыңыз туралы емдеу-профилактика мекемелерінің медициналық қорытындысы;

6) (егер некеде болсаңыз) неке куәлігінің көшірмесі;

7) тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары жасаған тұрғын үй-тұрмыстық жағдайыңыздың зерттеу актісі .

Қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін сізге баланы таңдап алу және онымен қарым-қатынас орнату үшін ата-анасының қамқорлығынан айрылған және жетім балаларға арналған мекемелерге жолдама береді.

Барлық мағлұматты толық алу үшін, баланың жеке іс-парағымен мұқият танысыңыз. Ең алдымен асырауға берілетін әрбір баланың денсаулық жағдайына байланысты тұжырымдама беретін медициналық комиссияның тексеруінен (асырап алушылар баланың медициналық диагнозының қырларына мән бермей, нәтижесінде асырап алудан бас тартып, бұл жағдай асырап алушыға да, асырауға берілетін бала үшін де трагедияға айналған жағдайлар жиі кездесіп қалады) өтетінін білген дұрыс. Өз қаражатыңыз есебінен өз бетіңізше медициналық сараптама жүргізуге де құқыңыз бар екенін ұмытпаңыз.

Баланың ата-анасы туралы ақпаратты (оның жетім немесе ата-анасының қамқорлығынан айрылғандығын, яғни мәртебесін растайтын құжаттарды) сұратуды ұмытпаңыз. Мысалы, егер баланың анасы ата-аналық құқығынан айрылған болса, ал әкесі бас бостандығынан айрылған болса, онда мұндай баланы әкесі қамаудан босатылғанша асырап алуға болмайды (егер әкесі асырап алуға жазбаша түрде келісім берсе, әрине онда мүмкіндік бар).

Егер Сіз кәмелетке толмаған ата-аналардың (18-жасқа толмағандардың) баласын асырап алғыңыз келсе, онда олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының (қорғаншыларының), егер ондайлар болмаған жағдайда – қорғаншылық пен қамқоршылық органының келісімін алуыңыз керек. Баланы асырап алуға байланысты ата-аналардың келісімі өтінішпен бірге тіркелуі тиіс, ол нотариуспен расталуы немесе ата-анасының қарауынсыз қалған бала қарауына берілген мекеме жетекшісімен, әйтпесе баланы асырап алу ісі бойынша немесе ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша қамқоршылық пен қорғаншылық органымен, сондай-ақ, баланы асырап алу өндірісі бойынша сот отырысында тікелей расталуы керек.

Назар аударыңыз! Ата-аналар баланы асырап алу туралы сот шешімі шыққанға дейін асырап алу туралы өз келісімдерін қайтарып алуға құқылы.

Баланың ата-анасының оны асырап алуға байланысты келісімі талап етілмейтін жағдайлар:



  • белгісіз немесе сотпен хабарсыз жоғалып кеткен деп танылса;

  • сотпен дәрменсіз деп танылса;

  • сотпен ата-аналық құқығынан айрылған болса;

  • сот негізсіз деп таныған себептер бойынша, алты айдан артық уақыт баламен бірге тұрмаса және оның тәрбиесі мен оны асыраудан жалтарып жүрген жағдайлар бойынша.

Есіңізде болсын! Егер сіз он жасқа толған баланы асырап алғыңыз келсе, оның өз келісімі қажет болады. Бала асырап алу туралы өтініш білдіргенге дейін сіздің отбасыңызда тұрған болса және сізді ата-анасы ретінде санаса, онда асырап алу баланың келісімінсіз қарала береді.

Мұны білген дұрыс (оқып шығыңыз):

1) Қазақстан Республикасының Азаматтық-іс жүргізу кодексі (36-1 тарау. Баланы (қыз баланы) асырап алу туралы өтініштің өндірісі);

2) «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (12 тарау. Бала (қыз) асырап алу).

Пайдалы сілтемелер:

1) www.minjust.kz – Әділет министрлігінің сайты (Сұрақ/Жауап бөлімі);

2) www.e.gov.kz – «Электронды үкімет» порталы;

3) www.edu.gov.kz – Білім және ғылым министрлігінің сайты;

4) http://www.bala-kkk.kz/ - Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бала асырап алу», «Қазақстанда бала асырап алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
16. Баланы патронаттық тәрбиеге қалай алуға болады?
Көптеген адамдарда «патронат деген не?» деген сұрақ туындайды.

Патронаттық – ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды тәрбиелеуге алуға ниет білдірген отбасыларға тәрбиелеуге беру.



Ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың басқа формаларынан патронаттың айрықша белгілері:

  • патронат келісім-шартқа негізделген;

  • патронаттық тәрбиешілердің еңбегі төленеді;

  • паторнаттарды қабылдаған отбасының тәрбиеленушілеріне тамақ, киім, аяқ киім және басқа да тұрмыстық заттар алуға ай сайын қаражат бөлініп тұрады.

Патронаттық тәрбиеге:

  • ата-анасы жоқ жетім;

  • ата-ана құқығынан айрылған;

  • ата-анасының құқығы шектелген;

  • ата-анасы бас бостандығынан айрылған;

  • ата-анасы сот шешімімен қабілетсіз деп танылған;

  • ата-анасы жоғалып кеткен;

  • ата-анасы денсаулығына байланысты оның тәрбиесімен, оны бағып-қағумен айналыса алмайтын;

  • ата-анасы ешқандай себепсіз оның тәрбиесінен, оны бағып-қағудан, және олардың мүддесі мен құқығын қорғаудан жалтаратын;

  • ата-анасының кім екені беймәлім немесе олардың тұратын жері белгісіз балалар беріледі.

Егер Сіз патронатты тәрбиеші болғыңыз келсе, онда Сіз қамқоршы және қорғаншы органдарға келесі құжаттарыңызды тапсыруыңыз керек:

1) патронатты тәрбиеші болғыңыз келетіні туралы өтініш;

2) жеке куәлік;

3) некеде тұрсаңыз, жұбайыңыздың келісімі;

4) сіздің және жұбайыңыздың денсаулығы туралы анықтама (психиатр, нарколог, дерматолог, венеролог, терапевт);

5) құқықтық статистика орталығынан сотталғандығы жоқ деген анықтама;

6) тұрғын үйіңіздің бар екендігін растайтын құжат;

7) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайыңызды тексеру актісі.



Есте сақтаңыз! Құжаттардың өзін және көшірмесін беру қажет, салыстырып болған соң, құжаттарыңыз қайтарылып тек көшірмелерін ғана алады.

Патронатты тәрбиеші мен қамқоршы және қорғаншы органдары арасында күтім жағдайы, баланың тәрбиесі мен білімі, құқығын қорғау бойынша шаралар, патронатты тәрбиешіге берілетін құжаттар тізімі, екі жақтың құқықтары мен міндеттері, келісім-шартты бұзу жағдайы және тәртібі, келісім-шарт мерзімі, баланы бағып-қағуға төленетін қаражат көлемі, бақылаудың жүргізілу тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі және басқа да жағдайлар қарастырылған келісім-шарт жасалады.

Ақшалай төлемдерді алу үшін мына құжаттарды дайындау қажет:

1) ақша қаражаттарын бекіту туралы өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) баланың басқа қамқоршысы жоқ екенін растайтын құжат;

4) баланың білім беру ұйымдарында білім алғандығы туралы анықтамасы;

5) патронатты тәрбиеші мен қамқоршы және қорғаншы органдар арасындағы келісім-шарт;

6) 10 жастан асқан баладан алынған мектеп директорымен расталған жазбаша келісім.

Маңызды! Қызмет тегін көрсетіледі.

Патронатты тәрбиешінің міндеттері:


  • баланың өмірі мен денсаулығына жауап беру;

  • бала құқығын қорғау бойынша жоспарды орындау;

  • тәрбиеленушілерді бағып-қаққанда санитарлы-гигиеналық норманы сақтау;

  • баланың денесіне жаза қолданбау;

  • қамқоршы және қорғаншы органдардың рұқсатынсыз тәрбиеленушіні қала және облыстан тыс алып шықпау;

  • бала денсаулығы мен психикасының өзгеруі туралы, тәрбиеші үйінен ескертусіз кеткені немесе басқа да маңызды оқиғалар туралы, сондай-ақ балаларға мейірімсіз қарағандар немесе баланы жарақаттағандар туралы деректерді қамқоршы және қорғаншы органдарға хабарлап отыру;

  • қамқоршы және қорғаншы органдарға өзінің мекен-жайын ауыстырғаны жөнінде, жанұя құрамының өзгергені жөнінде, ауырғаны туралы және басқа да тәрбиеленушінің тәрбиеленуі мен дамуына әсер ететін басқа да жағдайлар туралы дер кезінде хабарлап отыру;

  • бала туралы ақпаратты жасырын ұстау.

Назар аударыңыз! Патронатты тәрбиелеуші міндетті түрде арнайы бағдарламамен оқытылып, тестілеуден өту керек. Психолог-мамандар арқылы балаларды отбасына орналастыруға дайындау қажет.

Білген (оқыған) жөн:

1) «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

2) «Қамқоршы және қорғаншы органдары туралы Ережені бекіту туралы, патронат және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке ұйымдастыру Ережелері туралы» ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысы;

3) «Патронатты тәрбилеушілерге берілген балаларды бағып-қағуға ақшалай қаражаттарды төлеу Ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 306 қаулысы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.e.gov.kz – «Электроны үкімет» порталы («Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу» тақырыбы);

2) www.portal.edu.kz – Қазақстанның білім порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «патронат», «патронаттық тәрбие» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

17. Баланы қалай тәрбиелеу керек? Ата-аналарға кеңестер
Бала – ол өте нәзік те сезімтал адам. Оның жанын жаралап алу өте оңай, алайда осы бір жара өмір бойы сыздап жүруі ғажап емес. Бала кезінде шешілмей қалған мәселелердің салдары ер жеткен кезде кейбір психикалық ауытқуларға негіз болатынын ұмытпаңыз

Көптеген ата-аналарды: бір мезгілде қатал да мейірімді бола білу, өз баласының алдындағы ата-аналық биігінен түспей тұрып, оған қалайда ең жақын дос бола білу жайы көп ойлантады. Төмендегі өте маңызды ақыл-кеңестер, бала тәрбиесі барысында сізге көп көмек берері сөзсіз:



  1. Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашан да бала тәрбиесімен айналыспаңыз. Өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға тек қана Сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, оң көзқарасыңыз ғана  әсер етеді.

  2. Тәрбие сатылы деңгейде жүргізілгені дұрыс. Әр биікке өз уақытында, біртіндеп көтеріліп отырған дұрыс.

  3. Бала – біздің айнамыз. Олар ең алдымен ата-анасынан үлгі алатынын және көп жағдайда біз өмірде қандай қадамдар жасасақ, олар да сондай қадамға баратыны есте жүрсін.

  4. Балаңызбен әңгімелесу нәтижелі болуы үшін, ең алдымен ашық жарқын сенімге құрылған риясыз әдісті таңдаңыз. Сіздің сөздеріңіз қатал естілуі мүмкін, бірақ ешқашан да ауыр әрі өрескел болмауы керек. Ақырын әрі сенімді айтылған әңгіме ғана ата-ананың талаптары мен ойларын балаға жеткізе алады.

  5. Балаңыз үшін керек уақытта қажетті ақыл қосатын, оның қадамдарын айыптамайтын ең жақын досына айналыңыз.

  6. Өзін және оны қоршаған адамдарды жақсы көруге үйретіңіз. Бұл оны өзіне өте сенімді адам ретінде қалыптастырып, қоршаған ортамен байланысын жолға қоюға көмек береді.

  7. Бір мезетте қатал да мейірімді бола біліңіз. Егер сіз балаңызға деген ыстық ықыласыңызды үнемі білдіре отырып, тек керек уақытында ғана ұрсатын болсаңыз, онда бұл сіздің тәрбиеңіз барысында міндетті түрде жемісін береді.

  8. Оған өмірдегі өз ұстанымына тұрақты болуды үйретіңіз.

  9. Баланы әр кезде оның көзіне қарап тұрып, мұқият тыңдаңыз, өйткені тек сол сәтте ғана оның ішкі жан дүниесі мен алаңдатқан мәселеге сіздің бей-жай қарамайтыныңызға сенімі болады.

  10. Өзіңіздің бос уақытыңызды үнемі балаңызбен өткізуге тырысыңыз. Ондай сәттер баланың өзіндік орнын сезініп өсуге мүмкіндік береді.

  11. Жанжалдасқан күйі екі жаққа бөлініп жүре беруге болмайтынын ұмытпаңыз, ең алдымен балаңызбен татуласып алыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызбен жүре берсеңіз болады.

  12. Әр уақытта оған қажет болғанда үйде болғаны қандай жақсы екенін жадына салып, мақтап отырыңыз, себебі ол өзінің қажеттігін түсініп, үнемі үйге асығатын болады.

  13. Өзінің жақсы адам екенін ескертіп отыру керек, алайда, басқалардан артық емес екенін естен шығармай, айтып отырған жөн, себебі оның тым тәкәппар және екіжүзді болып өспегені жақсы.

  14. Оның таңдауы мен пікіріне құлақ түріңіз. Тіпті сіз онымен келіспейтін болсаңыз да, оны ешуақытта сынамаңыз.

  15. Оны өз қадамдары үшін жауап беруге үйретіңіз. Оның өзін емес, әруақытта жақсы қадамын бағалап, егер ол дұрыс емес жасаған болса, қателігін көрсетіңіз, оның орнында өзіңіз болғанда былай істер едім деп, таңдау және шешім қабылдау құқығын оның өзіне қалдырыңыз.

  16. Ешуақытта оның осыған дейін жасаған қателіктерін еске алмаңыз. Болған нәрсенің барлығын өткен күнге қалдырыңыз.

  17. Оған тым қатты талап қойып, ұзын-сонар ақыл-кеңес айтудан аулақ болыңыз, оның жанын жаралайтын немесе намысына тиетін ащы әзіл не теңеулер, әжуа айту ешуақытта дұрыс болмайды.

  18. Егер сізді оның мінез-құлығы ренжітсе, бұл жайлы өзіне айтыңыз. Бұндай кезде оның тәртібін талқылымаңыз, тек өзіңіздің көңіл-күйіңіз туралы айтыңыз.

  19. Шектен тыс бақылауды азайтыңыз, бұл көп жағдайда табыс әкелмейді.

  20. Ол ақтай алмайтын үмітті, көтере алмайтын жүкті оған артпаңыз. Бастапқыда өзіңіз одан не талап ететініңізді анықтап алған жөн. Содан соң барып, міндетті түрде оның не қалайтынын біліңіз, ұстаным жасауға тиіс аса маңызды жағдайлар бойынша міндетті түрде келісімге келуге ұмтылған дұрыс.

  21. Әңгіме барысында оның маңызын жоғалтпау үшін көпсөзділіктен арылу керек.

  22. Сіздің баланы мәжбүрлеуіңіз тым нәзік, жан-жақты әрі жалғаспалы сипатта әсер ететіндей болуы керек.

  23. Әр уақытта баламен үлкен адамдарша, оны кішірейтіп, еркелетер сөздерді барынша аз қолдана отырып сөйлескен абзал.

  24. Даулы мәселелер орын алған жағдайда бала өзін үнемі қателесуші ретінде сезінбес үшін оған жол беріңіз. Бұл арқылы сіз балаңызға біреуді кешіруді, өз қателігін түсінуді, жеңілістер мен қателіктерді мойындай білуді үйреткен болар едіңіз.

  25. Оны ақылы, таланты, сұлулығы немесе тума дарыны үшін емес, қарапайым ғана оның осылай бар болғаны үшін ғана жақсы көріңіз.

  26. Есіңізде болса, балаға үш негізгі қасиетті дарытуға міндеттісіз: шешім шығару, құрмет, жауапкершілік. Қандай жағдай болса да, еңсесін тік ұстайтын, жан-жағындағыларға құрметпен қарайтын және өз қадамдары үшін жауап бере алатын адамдар көп жағдайда табысқа жететіні белгілі.

Егер сізге шын мәніндегі жақсы, жауапкершілігі жоғары, бәріне сыйлы, табысты азаматты тәрбиелеп шығару керек болса, ешқашан өзіңізді кінәлап, өкінішке ұрынбас үшін, бар мүмкіндікті қолдануға тырысыңыз, бәлкім сонда ғана сіз өз перзентіңізбен мақтана алатын боласыз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.balazan.kz – Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы сайт;



2) www.detki.kz – ата-аналарға арналған сайт.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бала тәрбиесі», «баланы қалай тәрбиелеу керек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

18. Балаға жақсы күтушіні қалай табуға болады?
Кей кездері бір-екі сағатқа болса да үйден шығуға тура келеді, сондай кезде баланы кіммен қалдыру керек деген сұрақ туындайды. Әрине, балаңызды қалдыруда жақсы білетін туыстармен, достармен немесе таныстармен келісу оңайырақ, әрі сіз де баланың олармен қуана қалатынын жақсы білесіз. Егер жақын туыстар түрлі себептермен осы жағдайда сізге қол үшін бере алмайтын болса, ал таныстар мен сенімді адамдар да сол мезетте жаныңыздан табылмаса, сізге балаңыз үшін кәсіби бала бағатын күтуші таңдауға мүмкіндігіңіз бар екенін ұмытпаңыз.

Бала бағушыны таңдау – бұл кейбіреулер үшін қиын, тіпті кейбір жағдайда, жеке қатынастарға мән беретін уайым әкелетін, ұзаққа созылатын процесс. Бала бағушы – бұл жай ғана қызметкер емес. Шындығында, ол жарық дүниедегі ең қымбат сәбиіңізді сеніп тапсыратын мүлде бөтен адам. Барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, сіздің де, балаңыздың да көңілінен шыға алатын адамды іздестіріңіз.

Бала бағушыны:


  • газеттер мен қабырғаларға ілінген жарнамалар арқылы;

  • таныстарыңыз бен туыстарыңыздың ұсыныстары арқылы;

  • мамандандырылған агенттіктер көмегіне жүгіну арқылы табуға болады.

Сіздің болашақ бала бағушыңызбен әңгімелесу барысында мынадай нәрселерді сұрауға болады, мысалы:

  • егер бала үйде немесе көшеде қатты құлап немесе жарақат алып қалған жағдайда, не істейсіз?

  • баланың қалыпты, бірақ қиын жағдайларынан қандай жол тауып шығады (мысалы, бала тісін жуғысы, киімін кигісі келмесе және т.б. жағдайларда)?

  • бала күтушісі баламен қандай жұмыстар жүргізеді?

  • егер баланың ыстығы көтеріліп кеткен жағдайда, қандай қадамдар жасайды?

  • баланы не үшін және қалай жазалау керектігін қалай түсінеді?

  • егер пәтерде бейне камера орнатылған болса, ол жұмыс істеуге келісе ме?

Қандай да бір адамға тоқталғаннан кейін, балаңыз бен оның болашақ күтушісін кездестіріп көріңіз (осыған бола баланың күн кестесіне ешқандай өзгеріс енгізудің қажеті жоқ).

Егер болашақ күтуші есіктен енбестен-ақ балаңызға өбектеп, құшақ жая ұмтылса, бұл анасы үшін қойылым көрсеткісі келген әртістің әрекеті деп бағалаңыз. Өз ісіне лайық бала күтушісі баланың өзіне үйренуін, оның жан-жағын бағамдауына мүмкіндік беріп, жағдайды асықтырмайды.

Болашақ бала бағушының сыртқы келбеті мен тазалығына да мән беріңіз. Егер оның өз-өзіне күтімі көрініп тұрса, онда сіздің балаңыз да, мұндай адаммен таза, ұқыпты жүреді. Адамның киім кию мәнері ол жайында көп мағлұмат береді. Алғашқы таныстықта алған әсеріңізге сеніммен қараңыз, алайда сізді бір нәрсе аяқ тартқызып немесе мазаласа, онда бұған жете мән беру қажет.

Көп сұрақ қоюдан қысылмаңыз. Тәжірибелі бала бағушы (отбасында жұмыс істеп көргендер) сізді түрлі сұрақтың астына алады. Әрине, оларды ең алдымен жұмыстың төлемі, жұмыс кестесі және үстеме жұмыстар жайы қызықтырады. Бала бағушының ақша жайындағы әңгімесіне назар аударуды да ұмытпаңыз. Әрине, адамның өз пайдасын ойлағаны дұрыс, алайда, бала бағушы – бұл жәй ғана қызметкер емес. Ол ең бірінші ақшаға емес, балаға көбірек маңыз беруі керек. Сіздің балаңыз жақсы күтуші үшін тамаша «индикатор» болуы мүмкін. Тәрбиешісімен алғашқы кездесуден-ақ, мазасызданып не болмаса жыламағаны жақсылықтың нышаны. Тіпті, ол бөтен адамнан қорқып қалса да, оған өз-өзіне келетін уақыт беріңіз де оның келесі әрекеттерін бақылаңыз. Егер бәрі дұрыс жағдайда өрбісе, балаңыз күтушімен ойнағысы келгенін білдіретін болады. Себебі, бала өмірді ойын арқылы таниды. Ол үшін шынайы нәрсе осы ғана. Енді бала бағушының баламен қалай ойнайтынын қарап көріңіз. Ата-ана ретінде балаға «жаңа досының» жанында болған ұнайтын, ұнамайтынын анықтаңыз. Бала көңілді ме, көңілсіз бе, ол бірнәрсеге мазасыздана ма, бәлкім, өзін өте еркін сезінетін болар. Күтушінің қандай сөздерді қолданатынына да назар аударған дұрыс. Оның сөйлегені көңіліңізден шыға ма, жоқ па, соны да салмақтап көріңіз.

Үлкен тәжірибе жақсы білімнен кем түспейтін жағдайлар жиі кездеседі. Тіпті кей жағдайларда оның басымдығы да білініп жатады. Баланы бағу шыдамдылық пен нақтылықты талап етеді. Сондықтан да, егер бала бағушының мұны білгеннен гөрі, іске асыра алғандығы әлдеқайда маңызды болар еді. Егер сізге емшектегі балаңыз үшін күтуші керек болса, онда медициналық білімі бар кандидаттарды таңдағаныңыз абзал.

Күтуші таңдаудағы ең маңызды нәрсенің бірі денсаулық. Ең дұрысы сіз таңдаған күтуші 26-45 жас аралығында болғаны дұрыс. Өйткені дәл осы жастағылар тәжірибелі әрі ауру сырқаудан ада болатыны белгілі. Егер сіз осы жастағыларды назарға алсаңыз, онда ең алдымен бала бағушының денсаулығы жайлы анықтамасына басты назар аударыңыз. Тубдиспансер, психдиспансер, дерматолог, венеролог сынды дәрігерлердің анықтамасы міндетті түрде қажет болатынын естен шығармаңыз. Бұл туралы сұрауды қолайсыз көруден гөрі, егер осы анықтамалары болмаған жағдайда балаңызға қаншалықты зияны тиетіні жайлы ойланып көріңіз. Сондықтан да кез келген бала күтушісі мұндай талаптарға түсіністікпен қарайды.

Сіз өзіңізге лайық бала бағушыны тапқан болсаңыз, егер ол балаңызбен тамаша тіл табысып кетсе, тағы да біршама уақытты болашақ күтушімен әңгімелесуге бөлгеніңіз артық болмас. Оның төлқұжаттық мәліметтерін, үй және ұялы телефон нөмірлерін, мекен-жайын түгел жазып алыңыз. Өз сұхбаттасушыңызды қаншалықты түсінетініңізді білу үшін оны алаңдатататын мәселелер бойынша әңгіме айтыңыз. Әңгіме барысына отбасының басқа да мүшелері қатысқаны дұрыс болар еді.

Бұрынғы жұмыс орны туралы, не себепті жұмыстан кеткендігі, ұсыныстар бар-жоқтығын, отбасылық жағдайының қандай екенін, балалары-немерелері бар-жоғын да толығырақ біліңіз. Қазіргі кезде кіммен тұратынын да білген дұрыс. Бұл сізге сөйлесу барысында бір-біріңізді дұрыс түсінуге көмектеседі. Өзіңізге ұнаған бала бағушыны шақырып, бір-біріңізді жұмыс барысында танып-білу үшін бір апта жұмыс істеуді ұсынып көріңіз.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.mama.kz/491 - бүкіл отбасына арналған «Мама Плюс» порталы;

2) www.prodetei.kz - жүктілік, балалар мен ата-аналар тақырыбына арналған сайт.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бала күтуші», «бала күтушіні таңдау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

19. Балабақшаны қалай таңдау керек?
Кішкентай балаға өмірдегі ең маңызды уақыт – бұл балабақшаға барудың басталуы. Ата-аналар бұл жаңа кезеңге байыпты түрде және жауапкершілікпен дайындалуы қажет. Егер сіз балаңыздың балабақшаға мерекеге барғандай ризашылықпен баруын қаласаңыз, онда балаңыз үшін ең дұрыс балабақшаны таңдауыңыз керек.

Ең дұрысы, балабақша туралы сәбиіңіз дүние есігін аша салысымен ойлану қажет.

Ол үшін Сізге білім беру орындарына немесе өзіңіз тіркеуде тұрған жердегі ХҚО-ға өтініш беруіңіз керек. Сіздің өтінішіңіз мектепке дейінгі білім беру бөліміне тіркеледі. Балаңыз балабақшаға кезекке тұрады. Кезек тәртібі бойынша, бос орын болған кезде, сіздің балаңыз топқа қабылданады.

Ең қарапайым жолы – таңдау жасамас бұрын балабақша туралы барлық мәліметтерді біліп алу керек. Оны сіз балабақшаға балалары барып жүрген ата-аналармен сөйлесіп біле аласыз. Олардан балаларға деген күтім, балабақшаның жабдықталуы, тәрбиешілері туралы және одан да басқа мағлұматтарды білуге болады. Балабақшаның аумағы, балалар ойнайтын жер, қоршалған алаңы қаншалықты таза екеніне назар аударыңыз.

Балабақшаның қызметкерлерімен, болашақ тәрбиешімен танысыңыз, дәрігерімен сөйлесіңіз. Балабақша меңгерушісінен сізге қызметкерлер жайлы, балалармен жүргізілетін жұмыс туралы айтып беруін сұраңыз.

Балабақшалар мемлекеттік, жеке (коммерциялық) және отбасылық деп үлкен үш топқа бөлінеді. Балаларды оқыту бағдарламасы, топтағы бала саны, тамақтандыру мен ойыншықтардың сапасы балабақшаның санатына байланысты.



  • Мемлекеттік балабақшаның басты артықшылығы – бағасының арзандығы. Бағасы айына 6000-12000 теңге аралығында болады. Сонымен қатар бірнеше жеңілдіктер қарастырылады. Мысалы, жалғыз басты аналарға, көп балалы жанұяларға жеңілдіктер бар. Мемлекеттік балабақшаның кемшілігі топтарда бала саны көп болады және әр балаға жеке көңіл бөлінбейді.

  • Егер жанұяда жеке балабақшаның қызметтерін төлеуге қаражат жеткілікті болса, онда бұл кез келген сәби үшін ең дұрыс таңдау. Бұл балабақшада қызықты даму бағдарламасы бар, топтардағы бала саны 15 шамасында, балалар жақсы ойыншықтармен қамтамасыз етілген, тамақтары да дәмді әрі әртүрлі. Және одан да басқа артықшылықтары бар. Жеке балабақшаның бір ғана кемшілігі - бұл оның бағасы.

  • Үй (отбасылық) балабақшасы – бұл жеке балабақшаның бір түрі. Әдетте бұл жеке пәтердегі немесе жалға алынған ғимараттағы жақсы жабдықталған жатын орын және ойнайтын бөлме. Онда тәрбиеші, бала бағушы және аспаз жұмыс істейді; ал ересек топтағы балалар үшін шет тілдерінің, ән-күйдің және сурет өнерінің оқытушылары шақыртылады. Үй балабақшасының жақсы жақтары: бала саны аз (3-5 бала), дербес тамақтану мәзірі, балаларға барынша назар аудару. Ал бірақ балабақшаның бұл түрінің бағасы өте қымбат, ал кей жағдайда ғимараты да тар болып келеді.

Ата-аналардың балабақшаның жақсы-жамандығын анықтау критерийі әртүрлі. Бірақ қандайда бір критерий бойынша балабақша таңдағанда, «мектепке дейінгі білім беру стандарты» барлық мектепке дейінгі балалар мекемелерінде бірдей жүзеге асырылатынына кәміл сеніңіз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.predschool.kz – «Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие жүйесі» сайты;

2) www.mamochka.kz – «Жүктіліктен мектепке дейін» сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «балабақша таңдау», «балабақша түрлері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

20. Алғашқы қоңырау. Баланы мектепке қалай даярлау керек?
Сәбилік шақ артта қалды, мектепке дейінгі кезең де зуылдап өте шықты. Енді аз ғана уақыттан соң сіздің балаңыз мектепке барады. Болашақ бірінші сынып оқушысы нені білуі керек?

Көптеген ата-аналар дайындық дегенді баласы оқу, санау және жазуды білсе болды деп біледі. Шындығында, бұл тек басы ғана. Мектепке дайындық сіз бен біз ойлағаннан да, әлдеқайда маңызды әрі күрделі мәселе екен. Негізі мектепке барғанға дейін теория жүзінде баланың оқи алуы, жаза білуі, санай алуы міндетті емес. Алайда, тәжірибе жүзінде мұның бәрін білгені өзіне пайдалы, өйткені оқудың қарқынына ілесу қиындап, бала «алдыңғы қатарлы» құрдастары арасында өзін қолайсыз сезінуі мүмкін. Бала өзін «ақсаусақ», қолынан ешнәрсе келмейтін оқушы ретінде сезінбес үшін, ата-аналарына мектепалды даярлыққа айтарлықтай мән беруге тура келеді. Сондықтан да, ерінбестен баламен даярлық сабақтарын өткізіп, үлкен жауапкершілік таныту не болмаса қолайлы уақыт пен ақша тауып, оны кәсіби мамандарға – дайындық курстарына (өзіңіз баланы апаратын мектеп ішіндегі курстар ең қолайлысы), баланы ерте бастан дамыту мекемелері немесе жеке педогогтар мен психологтарға тапсырған дұрыс болады. Әйтсе де есіңізде болсын, мектепке дайындық бірден жасала салатын нәрсе емес, оны кезең кезеңімен іске асыру керек!

Баланы мектепке даярлау барысында сіз басты назар аударатын негізгі сәттер:


  • Жалпы ой-өрісін дамыту (баланың таным көкжиегін кеңейтудің ең озық тәсілі - онымен «өмір жайлы» әңгіме жүргізу, кітап оқу және оны талдау);

  • әріптер мен сандарды, геометриялық кескіндерді және түстерді, оңға/солға, үлкен/кіші, кең/тар түсініктерін үйрену және т.б.;

  • мүмкіндігінше – оқи білуді (ең болмағанда буынға бөліп оқу) және санауды үйрету (ең болмағанда10-ға дейін);

  • міндетті түрде кіші қозғауыштарды дамыту, яғни, сүйектер мен саусақтардың икемділігін дамытуға арналған сабақтар өткізу. Бұл жазуға да, сондай-ақ тілді дамытуға да қажет болатын дүниелер (бала миынының құрылымында бұл екі орталықтың орны бар). Дәлірек айтқанда, баланың көбірек сурет салуы, конструктормен ойнауы, бірнәрсені жасауы, жапсыруы, ұсақ заттармен, мысалы, моншақ, тиын, сіріңке, тісшұқығыш сынды заттармен жұмыс істеуді меңгеруі керек, олардан картина немесе аппликация, тіпті олардан әр түрлі тізбектер жасап үйренуі керек, мұның бәрі оларды бір нәрсені істеу үшін, ұзағырақ отырып айналысуға үйретеді;

  • есте сақтау қабілетін жаттықтыру – яғни, әндер мен тақпақтарды жаттауды үйрету (мектепте болатын ертеңгіліктер мен жиындарда баланың жарқырап көрінуіне септігін тигізеді, бұл оның мектептегі өмірінің дұрыс жолға бағытталуына көмектеседі);

  • сараптауды, жіктеуді дұрыс меңгеруге жаттықтыру – бұл баладан бір оқиғаны айтуды, яғни ең алдымен не болғанын, одан кейін қандай жағдай орын алғанын (себептік-жалғаспалы байланыстар) сұрау, түрлі картина бөліктерінен бүтін нәрсе құрастыру, заттарды қандай да бір белгілеріне қарай орналастыруды, жинақтауды тапсыру.

Алайда, баланың үйренуі оның мүмкіндіктері мен психикалық жетілуіне сәйкес келмейтінін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ, оның үйрену қабілеті баланың танымдық белсенділігінің жоғарылығы деп айтуға болмайды, көп жағдайда ата-аналар өз баласына біліммен толтыру қажет бір ыдыс қана деп қарайды. Расында, «оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» дегендей, баланың жарқырай жануға дайын тұрған шырақ екенін, оны тек тұтату қажеттігін ескере бермейміз.

Оның үстіне тұтас беттегі тақпақты жатқа айтқан бала жақсы оқушы деп бағаланғанымен, шын мәнінде ол мектепке дайындығы бойынша, психологиялық, тұлғалық, қарым-қатынас тұрғысынан, әлеуметтік-психологиялық жағынан әлсіз, тіпті дайын емес те болуы мүмкін. Дәлірек айтсақ, білім қорынан басқа балаға:



  • коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды меңгеру,ияғни, өзі тұратын қоғамда қабылданған, күнделікті өмірдегі моральдық-адамгершілік қағидаларды пайдалана отырып, өз ортасымен түсінісе, араласа білуі керек;

  • өз құрдастарымен және өзінен үлкендермен байланыс орнатып, араласудан қорықпауы керек;

  • өз ұстанымын өркениетті әдістер арқылы қорғай білуі, орынсыз агрессияға, ашуға берілмеуі немесе керісінше, шектен тыс қорқақ, жасқаншақ болмағаны абзал;

  • мектептегі білім алу процесінің маңызын сезінуі, білім алудың не беретінін, мектепте оқудың тәртібі қандай екендігін білгені дұрыс;

  • бекітілген ережелерге бағынуы, тәртіп дегеннің не екенінен хабардар болуы және оның қажеттілігін түсінуі тиіс;

  • оқуға деген құлшынысы, оң көзқарасы қалыптасуы тиіс;

  • мұғалім берген тапсырма бойынша өз бастамасымен және өз әрекеттерін жоспарлы түрде орындап, олардың нәтижесі үшін жауап беруі тиіс (мысалы, портфелін өз бетінше жинап, үй тапсырмасын өз бетінше орындауы керек: егер сіз осы жұмыстарды бірінші сыныптан бастап, өз мойныңызға алсаңыз, бұл міндеттер балаңыз мектеп бітіргенше сіздің өзіңізге жүк болу мүмкіндігі 70% болады екен);

  • өз-өзіне деген оң қарым-қатынас қалыптасуы тиіс.

Әрине, мектепке деген дайындық бас пен оның жұмысына ғана емес, бүкіл ағзаның да дайындығын талап ететінін естен шығармаңыз: мектептің алғашқы жылында иммунитет жүктемесі ауырлайды, сондықтан да 1 сыныпқа барар алдындағы жаз айларында сабақтан өзге, физикалық дайындықпен де айналысқан абзал болар еді. Бала ағзасы көп қозғалысты (ең дұрысы, денсаулықтан өзге тәртіпке де үйрететін спорт секциясына жазылу), таза ауаны, толыққанды тамақтануды талап етеді.

Егер бала денсаулығына байланысты сұрақтар туындаса, дәрігермен міндетті түрде кеңесіп, оның оқу процесі мен жағдайын ретке келтіру бойынша ұсыныстарын тыңдау керек (мүмкін тіпті арнайы мектеп таңдауға тура келер).

Бірінші сыныптағылар үшін ең бастысы - бір нәрсені жасай алу мен дағдылану емес, мектепте қандай жағдай болса да, өз күшіне және ата-анасының қолдауына деген сенімділік екенін естен шығармаңыз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.formula.kz – «Школа Онлайн» сайты;



2) www.detki.kz – ата-аналарға арналған сайт.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «баланы мектепке дайындау», «баланың мектепке дайындығы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

21. Мектепті қалай таңдау керек?
Мектеп – бұл әрбір бала үшін екінші үй. Ол мұнда тек бастапқы білім алып қана қоймай, адамдармен қарым-қатынасты, әріптестермен бірге өмір сүруді үйренеді. Оның қандай болып өсетіні де дәл осы мектепке байланысты болады. Мектепті таңдағанда неге назар аудару қажет:

1. Мектептің беделі. Сіздің ауданыңыздағы әр түрлі мектеп оқушыларының ата-аналары қандай пікір айтатынын тыңдаңыз. Сонымен қатар мектеп директоры мен ұстаздардың мектеп беделін көтеруге үлесі туралы білу де аса маңызды.

2. Сізге таңдауға ұсынған мектепке кіріңіз. Сіз не сезінесіз? Өзіңіздің көңіл-күйіңізді байқап көріңіз. Сіздің балаңыз әр таңда осы ғимаратқа келіп, көп уақытын осында өткізетін болады.

3. Бұл мектепте асхана бар ма? Әлі күнге дейін көптеген мектептерде тек буфет ғана бар.

4. Сіздің мектепте аптасына қанша оқу күні болады? Егер бес күндік болса, өте жақсы. Екі күн демалыста бала толыққанды тынығып, қайта қалпына келе алады.

5. Сіз таңдаған мектепте бастауыш сынып оқушыларының күні ұзартылған топтар бар ма? Егер ұзарту уақыты сағат 16:00-ге дейін болса, тіпті тамаша. Бұл балаларды түстендіреді, егер бала мектептегі үйірмелерге қатысса, үйірмелерге апарады, үй тапсырмасын орындауға және тексеруге көмектеседі. Жұмыс істеп жүрген ата-аналар сағат 16:00-ге дейін балаларына алаңсыз болады.

6. Мектепте қандай да бір үйірмелер және студиялар жұмыс істейді ме? Бұл баланы оқу күнінен кейінгі ары-бері тасулармен шаршатпауға көмектеседі. Баланың өзін әртүрлі өнерде, спортта қабілетін байқап көріп, таңдай алатын тегін үйірмелер бар ма? Көп балалар бір үйірмеден екіншісіне жазылып, оны тастап жүре береді.

7. Оқушылар ұстаздарының атын айта ма, әлде құрметпен айта ма, соған назар аударыңыз. Бұл көп нәрсе туралы хабардар етеді.

8. Тағы бір өте маңыздысы - күзет бар ма? Негізі бірінші сынып оқушыларын ата-аналарының қолына немесе күтушісінің қолына тапсыруы тиіс. Кей жағдайда мектепте күзет те, бақылау бейнекамерасы да бар, бірақ оқушыларды сабақ аяқталысымен мектептен шығарып жібереді. Баланы кім алып кетті, алып кетсе егер...

9. Сіздің балаңыз қандай бағдарламамен шұғылданатын болады? Кейбір мектептерде бірнеше оқыту бағдарламалары болады. Баланың жасы ұлғайған сайын ол нақты тәртіпке үйрене бастайды. Сол үшін сізге қажетті ұстаз жұмыс істейтін сыныпты таңдаңыз. Ал пән бойынша ұстаздар туралы ақпаратты директордың орынбасарлары беруі керек.



Мектептер қандай болуы мүмкін?

1. Шет тілін тереңдетіп оқытатын. Тілдер (нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі) сән-салтанаттан қажеттілікке айналғалы қашан. Осыған орай көптеген мектептер біраздан бері бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқытуға көшкен.

2. Физика-математикалық. Математикалық, физика-математикалық немесе химия-биологиялық мектептерге нақты және шынайы ғылымдарға қабілеті бар оқушыларды, ережеге сай жоғарғы сыныпта ауыстырады.

3. Гуманитарлық. Гуманитарлық бағыт бірнеше жыл бұрын сәнге айналған. Ондай мектептерде өсіп келе жатқан жас буынды логикаға, риторикаға, шығармашылық мәдениетке, құқықтануға және т.б. үйретеді. Алайда, гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерді таңдағанда абай болу керек: олар гуманитарлық емес пәндерге бейімдеп, ең басты пәндер (әдебиет, тарих, тіл) назардан тыс қалып қояды.

4. Мамандануы сирек мектептер. Бұл жерде оқушыны ЖОО-ның белгілі бір мамандығына түсуге бағытталған, сондай-ақ бітірушіні мектепті бітіре сала жұмысқа тұрғызуға бағытталған оқу орны туралы айтылып отыр. Мұндай мектептер мен лицейлердің бағдарламаларына таңдап алған бағытқа байланысты бухгалтерлік есепті, экономиканы, құқықтануды, программалау тілдерін және т.б. оқыту кіреді. Бұл мектептерге көп жағдайда қабілеті нақты түрде болашақ мамандығын меңзеп тұрған балалар барады. Мұнда енді сіздің тұрғылықты жеріңізге көп нәрсе байланысты. Өйткені, мұндай мектептер барлық қалаларда бола бермейді. Ал егер бар болған жағдайда да, сіздің балаңыз үшін дәл осы мамандық керек деп ешкім кесіп айта алмайды.

5. Көркемдік-эстетикалық. Бұл мектептердің ішінде ең танымалы - балалар күнделікті сабағынан кейін баратын музыкалық білім беру мекемесін айтуға болады. Алайда арнайы маманданған пәндермен қатар жалпыға білім беру пәндерін жүргізетіндер де бар.

Көркем және би мектептерінде де бірінші сыныптан бастап кешенді түрде қосымша оқитындар бар, алайда мұнда жоғарғы сынып оқушыларына да есік ашық. Мұндай арнайы маманданған мектептерде күні бойы оқи отырып, балалар жоғары оқу орнына түсіп, өзінің болашақ өмірін де осы мамандықпен жалғастырады.

Естеріңізде болсын, мектепті таңдау – бұл өте жауапкершілікті және маңызды шара. Мектеп – баланың тұлға болып қалыптасуына өте қатты әсер ететін өміріндегі ең алғашқы әлеуметтік институт. Баланың ақыл-санасының дамуы қарқыны мен сапасы, оның болашақта кәсіби алға жылжуы, сондай-ақ, оның психологиялық, физиологиялық денсаулығы дұрыс жасалған таңдауға тікелей байланысты.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.mama.kz – бүкіл отбасына арналған портал;

2) www.shkolazhizni.ru – «Өмір мектебі» танымдық журналы» сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мектеп түрлері», «мектеп таңдау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


: files
files -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
files -> Бағдарламасы Қазақ бөлімі «Тіл теориясы»
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
files -> Қазақ әдебиетінен тапсырмалар. Құрастырған: ф.ғ. к.,проф. Б.Қ.Қапасова
files -> «№ `мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> «№мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Тест. 9-сынып. Сын есім қандай сұраққа жауап береді?


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет