Бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе»



жүктеу 1.21 Mb.
бет1/6
Дата29.06.2016
өлшемі1.21 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕмей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.56

/03-2013



ПОӘК

Оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы



«Мамандыққа кіріспе»

№ 1 басылым

.09.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мамандыққы кіріспе»


5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей 2013



Мазмұны


1.

Глоссарий

3

2.

Дәрістер

4

3.

Практикалық сабақтар

54

4.

Студенттің өздік жұмыстары

55



  1. Глоссарий


Бейорганикалық химическая технология - минералдық шикі затты (металдық рудалардан басқаны) өндеу, қышқылдар, сілтілер, сода, силикатты материалдар, минералды тыңайтқыштар, тұздар, т.б. алу.
Органикалық химическая технология - мұнай, көмір,табиғи газ және басқа жаңғыш заттарды өндеу, жасанды каучук, пластмассалар, спирттер, органикалық қышқылдар, бояғыш заттар, дәрі-дәрмек, т.б. алу.
Химиялық технология - табиғи шикізаттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық жолдар арқылы тұтыну мүліктеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым.
Химиялық технологияның басты мақсаты - өндірістік процестердің физикалық-химиялық жағдайын зерттеу, технологиялық процестердің сұлбасын жасау, аппараттар мен приборлардың құралымын анықтау және оларды дайындайтын материалдар іздестіру.

  1. Дәрістер

МИКРОМОДУЛЬ 1 «МАМАНДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ»

1 Дәріс.



Кіріспе.

Мазмұны:

1. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы туралы түсінік.

2. 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бакалардың бағаланған сипаттамасы: кәсіптік қызметтің саласы, объектісі, пәні, түрлері, типтік есептері, бағыттары, мазмұны, 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бакалар бастауыш компетенцияларына Талаптар.
Химиялық технология - табиғи шикі заттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық жолдар арқылы тұтыну мүліктеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық және экологиялық тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым. Химиялық технологияның бөлек білім саласы және оқу пәні ретінде бөлінуі XVIII ғ. Екінші жартысында болды.

Зерттейтін объектілері бойынша химиялық технология екіге бөлінеді:



  • бейорганикалық (қышқылдар, сілтілер, сода, силикатты материалдар, минералды тыңайтқыштар, тұздар, т.б.)

  • органикалық (жасанды каучук, пластмассалар, спирттер, органикалық қышқылдар, бояғыш заттар, дәрі-дәрмек, т.б.) заттар технологиясы.

Механикалық технология заттардың сырт пішінін, физикалық қасиеттерін өзгерту әдістерін зерттесе, химиялық технология заттардың құрамы мен құрылысын өзгертудің химиялық жолдарын қарастырады. Химиялық технологияның басты мақсаты - өндірістік процестердің физикалық-химиялық жағдайын зерттеу, технологиялық процестердің сұлбасын жасау, аппараттар мен приборлардың құралымын анықтау және оларды дайындайтын материалдар іздестіру.

Жаңадан жасалған технологиялық процестер ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген, экономикалық жағынан тиімді қажетті технолиялық процестердің техникалық және экономикалық тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштеріне: өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шикізат пен энергия мөлшері, өнімнің шығыны мен сапасы, еңбек өнімділігі, процестің өндіру қарқыны, өндірісті іске қосуға жұмсалатын қаражат, өнім құны, т.б. жатады. Химиялық технология әдістері химия, металлургия, құрылыс материалдары мен силикаттар, тері, тамақ, тоқыма, т.б. өнеркәсіп салаларында пайдаланылады.

Химиялық технологияның барлық процестері жалпы кинетикалық заңдылықтарға байланысты 5 негізгі топқа бөлінеді:


  • гидромеханикалық;

  • жылу;

  • массаалмасу (немесе диффузиялық) процестер;

  • химиялық процестер;

  • механикалық процестер.

Ұйымдасу-техникалық құрылысына байланысты процестер периодтық және периодтық емес болады.

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандарының жетістіктері жаңа ғылыми-өндіріс бағыттарының жасалуы мен жетілуінің негізі. Адам әрекетінің барлық салаларына химиялық технологияның осындай енгізілуі оны терең зерттеуін қажет етеді.


050721 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы бакалавр мамандығының бағаланған сипаттамасы
050721-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы ба- калавриатының түлектері мамандарға деген мемлекет және нарық тұтынысын ескеріп келесі қызметтерде жұмыс істей алады:

  • технолог;

  • химик-технолог;

  • техник-технолог;

  • шебер-технолог;

  • маман;

  • орта оқу орындарының оқытушысы және т.б.


1. Кәсіптік қызмет сферасы
050721 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы бакалавр мамандығының кәсіптік қызмет сферасы:

  • мұнайөңдеу, мұнайхимия,

  • полимерлердi өңдеу,

  • геология,

  • гидрогеология,

  • тау-кен өндірістерінде,

  • білім және ғылым салаларында, т.б. қолдануға болады.


2. Кәсіптік қызмет объектісі
Кәсіптік қызмет объектісі: органикалық заттар өндірісі, мұнай, газ, көмір және полимерлерді, эластомерлерді, лак-бояу материалдарын, сұйық және қатты ракета отындарын өңдеу, көмірсутекті шикі заттарды дайын- дау, өндіру және тасымалдау мен оларды тиімді пайдалану, ғылыми-зерттеу және салалық жобалау институттары, орташа техникалық оқу орындары, қорғаныс кәсiпорындары, тау-кен өнеркәсіп салалары.


      1. 3. Кәсіби қызметінің пәнi



050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бо- йынша бакалаврдың кәсіби қызмет пәндері: негізгі және нәзік органикалық синтез өнімдері, органикалық заттар мен материалдарды өндіру және өңдеудің химиялық технологиясының аппараттары мен құрал-жабдықтары, шикізаттық, қосалқы заттар мен материалдардың әртүрлі типтері (соның ішінде мұнай, газ, көмір, өсімдік шикі заты), полимерлер, мономерлер, эластомерлер, химиялық реагенттер мен реактивтер, ғылыми-зерттеу приборлары мен құрал- жабдықтары болып табылады.


      1. 4. Кәсiби қызметінің түрлерi



050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бо- йынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • ұйымдастыру-технологиялық;

  • өндiрiстiк-басқару;

  • жобалау;

  • ғылыми-зерттеу;

  • бiлiм беру (ұстаздық).



      1. 5. Кәсiби қызметінің функциясы



050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы- ның бакалавры саласына, объектісіне қарай өз кәсіби қызметін жүзеге асырады:

Ұйымдастыру–технологиялық қызметi бойынша



  • органикалық заттарды өндіру және өңдеу мүмкіндігі тұрғысынан шикі зат материалдарының кірістік бақылауын ұйымдастыру және іске асыру

  • жоғары сапаны қамтамасыз ететiн жаңа технологиялық процесстердi ойластыру мүмкiндiгiн қарастыра отырып бастапқы шикiзаттың құрамы мен

қасиетiн бағалау

  • органикалық заттарды өндіру және өңдеу бойынша жоғары тиiмдi тех- нологиялық процесстердi жүргiзу мақсатында технологиялық желiлердi модер- низациялау және жетiлдiру жолдарын талдау

Өндiрiстiк-басқару қызметi бойынша

  • iстеп тұрған өндiрiс шартына байланысты ұжым жұмысын ұйымдастыру

  • техникалық бақылауды жүргiзу

  • өндiрiстi техника-экономикалық тұрғыдан талдау жүргiзу Жобалау қызметi бойынша

  • жаңа және жаңартылған технологиялық жүйелердi жобалау технология-

лық параметрлердi таңдау жабдықтарды таңдауды есептеу

  • жобалау шешiмдерiнiң тиiмдiлiгiн қамтымасыз ететiн жобалау-смета- лық құжат-тарды дайындау




  • математикалық моделдердi кеңiнен пайдалана отырыптехнологиялық




жүйелерi мен оның кейбiр бөлiмдерiнiң альтернативтi түрлерiн талдау және ба- ғалау 

Ғылыми-зерттеу қызметi бойынша



  • органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында ғылыми зерттеулердi жоспарлау мен жүргiзу

  • өндiрiстiк қондырғылар мен технологиялық жүйелердi модельдеу мен

оптимиза-циялау

  • ғылыми-техникалық әдебиеттердi талдау мен патенттiк iзденiстер жүргiзу

Бiлiм беру (ұстаздық) қызметi бойынша

  • органикалық заттарды өңдеудің химиясы мен технологиясына жастарды үйрету;

    • ұстаздық және өндiрiстiк қызметте жасөспiрiмдердi тәрбиелеу

      1. Кәсіби қызметінің типтік міндеттері

050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы- ның бакалавры кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында өз кәсіби міндеттемеле- рін орындайды және келесі типтік міндеттерді жемісті шешуге қабілетті:

    • жұмыс істеп тұрған технологиялық тізбектер мен процестерді қамтама- сыз ету үшін бастапқы шикі зат материалдарының, заттардың және қосалқы ма-

териалдардың кірістік бақылауын ұйымдастыру және іске асыру;

    • өнеркәсіптік технологиялық регламент және техника-эксплуатациялық құжат талаптарына сәйкес органикалық заттарды өндіру мен өңдеу, мұнай, газ және көмір, полимерлер, эластомерлер, синтетикалық талшықтарды өңдейтін жұмыс істеп тұрған технологиялық тізбектер мен процестерді және технология- лық құрал-жабдықтардың технологиялық бақылауын жүргізу;

    • қажетті талдау әдістері мен құралдарын пайдаланып қызмет объектілері (технологиялық процестер, құрал-жабдықтар және т.с.с.) динамикасы мен күйі-

нің диагностикасы мен сараптау;

    • жаңа технологиялық процестер, технологиялық тізбектер немесе технологиялық құрал-жабдықтарды жобалауға техникалық тапсырмалар беру;

    • мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарының қазіргі технология- сын, технологиялық процестерін, технологиялық тізбектер немесе технологиялық құрал-жабдықтарын жаңарту бойынша жобалауға техникалық тапсырмалар беру;

    • әртүрлі типтегі (лабораториялық, тәжірибе-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік) технологиялық регламенттерді жасау;

    • тәжірибе-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік технологиялық регламенттерді жа- сауға қатысу;

    • жаңа химиялық технология мен технологиялық процестерді жасау бо- йынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қатысу;

    • органикалық заттар мен материалдарды өндіру бойынша жобалау-сме- талық құжаттарды жасау, қосу-жөндеу жұмыстарына қатысу;

    • органикалық заттар өндірісі кәсіпорындарының жеке түйіндері мен тех- нологиялық схемаларының балама нұсқаларын талдау және бағалау;

    • жұмыс істеп тұрған өндіріс жағдайларында орындаушылар мен маман- дар ұжымының жұмысын ұйымдастыру;

    • өндіріс және еңбек тәртібінің қажетті деңгейін ұстап тұру;

    • өндірістің техника-экономикалық талдауын жүргізу;

    • әртүрлі пікір туған жағдайда басқару шешімдерін қабылдау және іске асыру;

    • жоғары кәсіптік білімнің келесі сатысында білім алуды жалғастыру.




      1. 6. Кәсіби қызметінің бағыттары



050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы- ның бакалавры-ның кәсіби келесі бағыттарда іске асырылады:

    • өндірістік-басқару;

    • инженерлік-техникалық;

    • ұйымдастыру-технологиялық;

    • жобалау-технологиялық;

    • конструкторлық;

    • ұйымдастыру-басқарушылық;

    • ғылыми-зерттеу;

    • бiлiм беру - ұстаздық.




      1. 7. Кәсiби қызметінің мазмұны



050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы- ның бакалаврының кәсіби қызметінің түріне қарай келесі кәсіби міндеттерді шешуге дайындалған:

а) ұйымдастыру–технологиялық қызметi бойынша



    • органикалық заттар мен материалдар өндірісінде қолданылатын шикі зат пен материалдардың кірістік бақылауын ұйымдастыру және іске асыру

    • жоғары сапаны қамтамасыз ететiн жаңа технологиялық процесстердi

ойластыру мүмкiндiгiн қарастыра отырып аралық өнімдердің, бастапқы шикi- заттың құрамы мен қасиетiн бағалау

    • шикі зат пен қосалқы материалдарды, құрал-жабдықтарды пайдаланудың жоғары тиімділігін бақылау және қамтамасыз ету;

    • технологиялық регламент талаптарына сәйкес органикалық заттар мен материалдарды өндіру мен өңдейтін технологиялық процестер, технологиялық тізбектер жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету және ұйымдастыру;

    • технологиялық регламент талаптарына сәйкес мұнай, газ, көмір, полимер- лер, эластомерлер, өсімдік шикі затын өңдейтін технологиялық процестер, техно- логиялық тізбектер жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету және ұйымдастыру;

    • қажетті талдау әдістері мен құралдарын пайдаланып технологиялық процестер мен технологиялық құрал-жабдықтар динамикасы мен күйінің диаг-

ностикасы және сараптау;

б) жобалау қызметi бойынша



    • жаңа технологиялық процестер, технологиялық тізбектер немесе тех- нологиялық құралжабдықты жобалауға техникалық тапсырмалар беру;

    • жұмыс істеп тұрған технологиялар, технологиялық процестер, техноло-

гиялық тіз-бектер немесе технологиялық құрал-жабдықтарды жаңарту бойынша жобалауға техникалық тапсырмалар беру;

    • әртүрлі типтегі (лабораториялық, тәжірибе-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік) технологиялық регламенттерді жасау;

    • тәжірибе-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік технологиялық регламенттерді жа- сауға қатысу;

    • қосу-жөндеу жұмыстарына қатысу және қамтамасыз ету;

    • органикалық заттар мен материалдар өндірісінде жобалау-сметалық құ- жаттарды жасау;

    • технологиялық схемалардың балама нұсқалары мен жеке түйіндерін

талдау және бағалау;

в) ғылыми-зерттеу қызметi бойынша



    • жаңа химиялық технология мен технологиялық процестерді жасау бо- йынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қатысу;

    • қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу;

г) ұйымдастыру-басқару қызметі бойынша:

    • жұмыс істеп тұрған өндіріс жағдайларында орындаушылар мен маман- дар ұжымының жұмысын ұйымдастыру;

    • өндіріс және еңбек тәртібінің қажетті деңгейін ұстап тұру;

    • өндірістің техника-экономикалық талдауын жүргізу;

    • әртүрлі пікір туған жағдайда басқару шешімдерін қабылдау және іске асыру;




      1. 8. 050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі қызметіне қойылатын талаптар



050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы- ның бакалаврының

бiлуi керек: елiнiң тарихы және оның әлемдiк бiрлестiктегi орны; жеке адамның және оның еркiндiгiнiң қалыптасу жағдайлары; табиғатты және әртұр-

лi процестердi танудың қазiргi кездегi ғылыми әдiстерi; Қазақстан заңдылығы



ның құқықтық жүйесi мен экономикалық теориясы негiздерi; информатика негіздері; бағдарламалау тілдерінің сыныптамасы; кәсiптiк мәселелердi шешуге қажеттi математика негiзi, физика және химия заңдары; өзiнiң кәсiбiнiң мәнi мен әлеуметтiк маңызы, оның қызметiнiң нақты аумағын анықтайтын ғылым- ның негiзгi проблемалары; технологиялық обьектiлердi жобалау негiздерi; хи- миялық технологиядағы реакциялық, масса алмасу, жылулық, соның ішінде термиялық, каталитикалық, гидродинамикалық процестердiң физика-химиялық негiздерi; заттарды аспаптық және химиялық талдау әдістері және оның сапасын бақылау, функциялары, автоматты басқарудың элементтік базасын мен құрастыру принциптері; өндіріс ғимараты конструкциясының негізгі элементтері мен кәсіпорынның генералды жоспары; кәсіпорын жұмысының ұйымдастыру-экономикалық негіздері; органикалық заттарды өндіру мен өңдеудің технологиялық схемаларын құрастыру принциптері және мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай химиясы кәсіпорындарының технологиялық құрал-жабдықтарын таңдау; қалдықсыз және экологиялық қауіпсіз технологияны жасау принциптері;

хабардар болуы керек: негiзгi гуманитарлық, әлеуметтiк және экономика- лық iлiмдер, табиғи процестер мен құбылыстар, олардың тұтастығы мен өзара байланыстылығы, адамзаттың мәдени байлығы; табиғат танудың негiздiк бiр- лестiгi, оның аяқталмағаны және одан ары дамуының мұмкiндiгi; экологияның орасан зор проблемалары; ұлттың және мәдени-тарихи факторлардың бiлiм бе- ру мен тәрбиелеудегi ролi мен мәнi; заманаби компьютерлердің сәулеті туралы; химиялық технологияның ғылым мен техниканың және өндiрiстiң өркендеу- iндегi орны мен ролi, негiзгi химиялық өндiрiстер, шикiзат көздерi, химия-тех- нологиялық жүйелердi талдау және құру принциптерi; химиялық технология- ның даму тенденциялары; мұнай, газ, көмiр, полимерлерді өңдеудiң химиялық технологиясы саласының негiзгi ғылыми-техникалық проблемалары мен даму келешегi және олардың iргелес салалармен байланыстары жөнiнде;

ұйымдастыра алуы керек: әлеуметтiк мәндi проблемалар мен процестердi ғылыми тұрғыда талдау; гуманитарлық ғылымдар тәсiлдерiн әр түрлi процес- терде және әлеуметтiк iс-әрекеттерде пайдалану; еңбектi ғылыми негiзде ұйым- дастыру; қазiргi кездегi ақпараттық бiлiмдiк технологияларды пайдаланып жа- ңа бiлiм алу, математикалық модельдердi пайдалану және құрау, қалыптық жә- не құқықтық құжаттарды пайдалану және құрау; шет тiлiнде әңгiме диалог жа- сау, мамандық әдебиеттерiн оқу; рефераттар, iс хаттарын шет тілінде құрасты- ру; кәсiби функцияларды iске асыруға байланысты мақсаттарды қою және ше- шетiн мәселелердi тұжырымдау; экологиялық, химиялық ұқсастырудың, зат- тардың реакциялық қабiлеттiлiгiнiң, химиялық жүйелердiң, статикалық физика мен термодинамиканың, кванттық физикалық, толқындық және тербелiстiк, магниттiк және электрлiк, механикалық модельдер мен заңдылықтарды, негiзгi түсiнiктердi қолдана бiлу; органикалық заттар өндірісінің технологиялық про- цестерiн жоспарлау және ұйымдастыру; автоматты құралдарын пайдаланып оларды басқару; жаңа кәсiпорындардың технологиялық желiлерiн жобалау,

технологиялық қондырғылардың жұмыс iстеу тәртiбi мен шарттарын талдау; полимерлерді өндіру мен өңдеу, мұнай, газ және көмiрдi өңдеу технологиясы саласында ғылыми жұмыстар жүргiзу, алынған нәтижелердi талдау және өңдеу; дағдысы болуы керек: өз-өзiн физикалық түрде жетiлдiру; ойлау және

ойын жеткiзу мәдениетi; Қазақстан Республикасының ресми және мемлекеттiк тiлдерi; мәлiметтердi жинақтаудың, сақтаудың және өңдеудiң компьютерлiк тә- сiлдерiн; адамдық, техникалық және қаржылық факторларды ескере отырған- дағы өндiрiстiк қатынастардың негiзгi iлiмдерiн және оны басқару принципте- рiн; технологиялық қондырғыларды есептеу, таңдап алу, конструкциялау, жо- балау тәсiлдерiн; химиялық өндiрiстердiң материалдық және жылулық балан- старын құрастыру әдiстерiн; iргелес мамандықтар мен үдемелi технологияларды жылдам меңгеру қабiлетi; инженерлiк шешiмдардi техника- экономикалық талдау тәсiлдерi.

жетік білуі керек: гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылым- дар саласын; өндірістік қатынастар негіздерін; информатика, матерматика,

физика, органикалық заттар технологиясы, бейорганикалық, органикалық, фи-

зикалық химиялар, экология, мұнай, газ, көмір және полимерлер химиясы мен технологиясы негіздерін; кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-экономикалық н- егіздерін; органикалық заттар, мұнай, газ, көмiр және полимерлердi өндіру және өңдеудің технологиялық схемаларын құрастыру принциптерін, технологиялық құрал-жабдықтарды таңдауды; қалдықсыз және экологиялық қауіпсіз технологияны жасау принциптерін.


: ebook -> umkd
umkd -> Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі
umkd -> 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
umkd -> «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
umkd -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> «Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
umkd -> Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған


  1   2   3   4   5   6


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет