БАҒдарламасы өскемен қ., 2014 жыл 1 Паспорт



жүктеу 3.92 Mb.
бет1/20
Дата07.07.2016
өлшемі3.92 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының сессия шешімімен бекітілген

2014 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 24/295-V




Шығыс Қазақстан облысының аумағын

дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған

БАҒДАРЛАМАСЫ

Өскемен қ., 2014 жыл





1 Паспорт………………………………………………………………………………………

2. Ағымдағы жағдайды талдау.......………………………………………………….

2.1. Табиғи- экономикалық әлеует…………………………………………………………..

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау………………………………….

2.2.1. Экономикалық даму…………………………………………………………………...

2.2.1.1. Өңірлік макроэкономика......................................................................................

2.2.1.2 Өнеркәсіп…………………………………………………………………………

2.2.1.3 Агроөнеркәсіп кешені……………………………………………………………

2.2.1.4 Туризм....................................................................................................................

2.2.1.5 Шағын және орта кәсіпкерлік

2.2.1.6. Сауда……………………………………………………………………….……..

2.2.1.7. Бәсекелестікті дамыту...........................................................................................

2.2.1.8. Өңірдің инновациялық дамуы..............................................................................

2.2.1.9. Негізгі капиталға инвестициялар.......................................................................

2.2.1.10 Қоршаған орта жағдайы….......……………………………………………

2.2.2 Әлеуметтік сала………………………………………………………………………...

2.2.2.1 Білім беру…………………………………………………………………………

2.2.2.2 Денсаулық сақтау………………………………………………………………...

2.2.2.3 Халықты әлеуметтік қорғау ………………………………………………….....

2.2.2.4 Мәдениет …………………………………………………....................................

2.2.2.5 Тілдерді дамыту …………………………………………………….....................

2.2.2.6 Дене шынықтыру және спорт ………………………………………………......

2.2.2.7 Ішкі саясат………………………………………………………………………..

2.2.2.8 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп…………………………………


2.2.2.9 Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту


2.2.2.10 Мұрағат ісі………………………………………………………………........

2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен…………………………………………………………….

2.2.3.1. Телекоммуникация және байланыс …………………………………………....

2.2.3.2 Құрылыс..................................................................................................................

2.2.3.3.Жолдар және көлік ..............................................................................................

2.2.3.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық..............................................................

2.2.4 Аумақтық құрылыс…………………………………………………………………….

2.2.4.1 Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету…………………………………………....

2.2.4.2 Шекаралас өңірлер……………………………………………………………….

2.2.5 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі …………………….

2.2.5.1 Гендерлік саясат....................................................................................................

2.2.5.2 Облыс бюджеті…………………………………………………………………...

2.3 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау…………………………………………………………………………………..

2.4 Проблемалар, тәуекелдер, бәсекелестік артықшылықтар мен мүмкіндіктердің кешенді сипаттамасы.............................................................................................................................…...

3. Өңірдің дамуын пайымдау……………………………………………………….....

4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші және мақсатқа жету жолдары.................................

5. Іске асыру кезеңдері.......................................................................................................

6. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстар..............

6.1.Қаржыландыру көздері бойынша..........................................................................................

7. Бағдарламаны басқару................................................................................................



3

10

11



13

13

13



17

32

40



43

46

47



50

54

57



62

62

66



73

78

81



83

86

92



96

100


101

101


103

106


114

127


128

131


133

136


137
139
140

159
162

204

204


204

204

1. Паспорт





Атауы

Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы, Қазақстан Республикасы Президентінің – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы, «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдаулары

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік-шығысында орналасқан, 1932 жылы құрылған. Облыста: 19 әкiмшiлiк-аумақтық бірлік, соның iшiнде 15 аудан, 10 қала, 764-ден аса кенттер мен ауылдар, 246 ауылдық және кенттік округтер бар. Халық саны – 1394,9 мың адам. Экономиканың базалық саласы түсті металургия болып табылады, сондай-ақ машинажасау және металл өндеу, орман және ағаш өндеу, жеңіл және тамақ, өнеркәсібі дамыған.

Әзірлеуші

ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мүдделі облыстық салалық басқармалармен бірлесе отырып

Стратегиялық бағыттары

Өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияда, шағын және орта кәсіпкерлікте, сауда және қоршаған ортада жоғары өндірісті инновациялық технологиялар енгізу негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;

әлеуметтік сала мен адами әлеуетті дамыту, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату, барлық сапалы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтамасыз ету;

экономиканың үдемелі индустрияландырылуына және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көліктік қызметті қамтамасыз етуге жағдай жасайтын инфрақұрылым кешенін жаңарту;

аумақтық құрылым;

мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.


Мақсаттары


Облыс экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

демографиялық жағдайды жақсарту;

өндірісті әртараптандыру арқылы өнеркәсіптің тұрақты және қалыпты дамуын қамтамасыз ету;

Өнеркәсіптің әртараптылығын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту;

үздіксіз және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету, облыста электр энергиясы тапшылығын жабу үшін жаңа қуаттылықтарды енгізу, қолда бар энергетикалық құралдарын, электр желілерін жаңарту және қайта жаңғырту;

өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік тауарларының ішкі нарығында отандық азық-түліктердің үлес салмағын арттыру, облыстың АӨК экспорттық әлеуетін іске асыру;

шағын және орта кәсіпкерлікті серпінді және кешенді дамыту,

ішкі сауда саласын серпінді дамыту;

өңір экономикасына инвестиция ағымын ынталандыру;

өңірдің инновациялық дамуын жандандыру;

жүйеқұраушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамту үлесін арттыру;

балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен қамту, балалардың түрлі мектепке дейінгі тәрбие және мектепке дайындау үшін оқытудың түрлі бағдарламаларына бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету;

білім берудің сапасын және қол жетімділігін, балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылату;

қоғам сұранысы және өңір экономикасының индустриялық-инновациялық дамуына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту;

тұрғындар денсаулығын жақсарту;

азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

отандық мәдениетті сақтау, тарату және насихаттау;

бұқаралық спорт пен жоғарғы жетістіктер спортын дамыту;

облыста туризм индустриясын тұрақты дамыту;

ұлт бірлігін және қазақстандық патриотизмді нығайтуды қамтамасыз ету. Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекетін жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту;

тұрғындарды ұлттық сандық телехабар таратумен толық қамту жолымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

мемлекеттік жастар саясатынының тиімділігін жоғарылату;

көшелерде және қоғамдық жерлерде сенімді құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды анықтау;

табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шығындар мен залал тию қаупін мүмкіндігінше барынша азайту;

құрылыс жұмыстарының көлемін ұлғайту;

тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

автожол саласы инфрақұрылымын дамыту деңгейін жоғарылату;

облыс тұрғындарын сапалы, қолжетімді көлік қызметімен қамтамасыз ету;

халықты қолжетімді және сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

облыстың электронды әкімдігі қызметтерін пайдалануға тұрғындардың дайындығын ұлғайту;

өңір тұрғындарын қажетті көлемдегі және кепілдендірілген сападағы ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз ету;

облыс азаматтарының жайлы өмір сүруі;

тұтынушыларды жылумен қамту қызметтерімен, өңірдің елді мекендерінде су бұру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесінің үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

ауыл аймақтарының тұрақты дамуының негізін құру, ауыл тұрғындарын өмір сүрумен қамтамасыз етудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

шекаралас елді мекендердің экономикалық әлеуеті мен инженерлік инфрақұрылымын дамыту;

қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту;

бұрын мемлекеттік орман қорының ормандары алып жатқан кесінділер, өртенген және өзге аумақтарында ормандарды қалпына келтіру, ормандарды өрттен қорғау;

ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту;

азаматтар және ұйымдар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру



Міндеттері

Экономиканың болжамдалған параметрлері шегінде дамуын қамтамасыз ету;

өнеркәсіптің тұтастай алғандағы басым секторларын дамыту;

өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларын дамыту;

металлургиялық саланы дамыту;

машинажасау саласын дамыту;

басқа металл емес минералды өнімдер өндірісін дамыту;

құрылыс материалдары өндірісін дамыту;

химия өнеркәсібін дамыту;

фармацевтика өнеркәсібінің өндірісін дамыту;

жеңіл өнеркәсіпті дамыту;

энергетикалық ресурстар мен қуаттылықтарды пайдаланудың тиімділігін жоғарылату;

АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу;

өсімдік шаруашылығының өнім көлемін арттыру;

мал шаруашылығының өнім көлемін арттыру;

қайта өңдеу өнеркәсібінің тауарлық өнім көлемін арттыру;

ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ішкі сауда инфрақұрылымын дамыту;

шағын және орта кәсіпкерлік саласын серпінді дамытуды қамтамасыз ету;

шикізаттық емес және жоғары технологиялық өндіріске инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

инновациялық қызметті дамыту үшін жағдай жасау;

жергілікті қамту үлесін ұлғайту;

мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру және ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту;

мектептегі білім беру қызметінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы дайындау үшін жағдай жасау;

азаматтардың денсаулығын нығайту;

әлеуметтік маңызды аурулардың ауыртпашылығын төмендету;

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;

жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту;

халықтың ең осал топтарын әлеуметтік қолдау;

заманауи сапалы деңгейде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үшін жағдай жасау;

тұрғындардың мәдениет мекемлеері қызметтеріне қолжетімділігін кеңейту;

мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуын қамтамасыз ету;

дене шынықтыру және спортты насихаттау;

облыстың бәсекеге қабілетті туристік өнімін қалыптастыру;

этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту;

ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

патриоттық өзіндік сананы, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық позицияны қалыптастыруға бағытталған жастармен өзара қарым-қатынастың тиімді моделін әзірлеу;

жолдардағы апаттарды және олардың салдарының ауыртпалығын қысқарту;

қылмысты және есірткі қылмысын ашу бойынша жедел-іздеу тәжірибесінің нәтижелілігін арттыру;

техногендік апаттардан, катастрофалардан және дүлей апаттардан болған тәуекелдерді төмендету және залалдарын азайту бойынша жағдай жасау;

тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту;

тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

көліктік инфрақұрылымды қалпына келтіру және жетілдіру;

облыс бойынша жолаушы бағытының қолданыстағы желісін дамыту, жолаушыларды тасу көлемін арттыру, халықтың қажеттілігі есебімен елді мекендер арасындағы көліктік қатынасты қамтамасыз ету;

жаңа, қазіргі заманғы байланыс қызметін енгізу, телефон байланысын жаңарту және қайта жаңғыртуды жүргізу;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-ды пайдалануда және электрондық қызметті алуда халықтың қажеттілігін өсіруді ынталандыру;

облыстың ауылдық елді мекендерінің сумен қамту жүйесін тұрақты дамыту;

халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің сапасын жақсарту;

жылумен қамту жүйесін жаңарту және дамыту;

облыстың су бұру жүйесін қалпына келтіру;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

ауылдың тіршілік етуін қамтамасыз етудің қалыпты шарттарын құруға жәрдем көрсету;

шекаралас аудандар экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жолымен тұрғындар санын өсіру үшін қолайлы әлеуметтік-экономикалық шарттарды қамтамасыз ету;

қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін онтайландыру және табиғат пайдалануды экологиялық реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында табиғи ортанының ластануына мониторинг жүргізу;

орман ағаштарының жерсінуін ұлғайту;

жерлер жағдайын нақты бағалау үшін жерлер мониторингін жүргізу;

әлеуметтік маңызды қызметтерді электронды нұсқаға ауыстыру, ЖАО ішкі бизнес-процесстерді автоматтандыру


Іске асыру кезеңдері

I кезең (аралық) – 2011 – 2013 жылдар, бірінші кезектегі іс – шараларды іске асыру.

II кезең (қорытынды) – 2014-2015 жылдар, қойылған міндеттерді шешу үшін көзделген іс – шараларды іске асыру.



Нысаналы индикаторлар

Жалпы өңірлік өнімнің табиғи көлем индексін 107 % дейін ұлғайту;

тұрғындар санын 99,1 % дейін ұлғайту;

өнеркәсіптік өнімнің табиғи көлем индексін 109,6 % дейін ұлғайту;

өңдеу өнеркәсібі өндірісінің табиғи көлем индексін 105 % дейін ұлғайту;

энергия шығындылығын 10 % төмендету,

ауыл шаруашылығы өнім өндірісінің табиғи көлем индексін 103,1% дейін ұлғайту;

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндірісінің табиғи көлем индексін 101% дейін арттыру;

бөлшек сауданың табиғи көлем индексін 106% дейін ұлғайту;

ауыл шаруашылығы өнеркәсібіне инвестициялардың табиғи көлем индексін 5,5% дейін ұлғайту;

инновациялар саласында белсенді кәсіпорындар және ұйымдар деңгейін 17,7 % ұлғайту;

тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда жергілікті қамтуды 39,5 % ұлғайту;

балалардың жалпы санынан балалардың 98%-на дейін мектепке дейінгі біліммен және оқытумен қамту;

табиғи-математикалық дисциплиналар бойынша білім беру бағдарламаларын табысты (үздік/жақсы) меңгерген оқушылар үлесін 62,7% дейін;

үлгілік жастағы жастарды (14-24 жас) техникалық және кәсіби біліммен қамту деңгейінің үлесін 17 % дейін;

халықтың өмір сүру ұзақтығын 69 жасқа дейін ұлғайту,

жалпы өлімді 1000 халыққа 10,9-ға төмендету;

жұмыссыздар деңгейін 2015 жылға 4,9 % дейін төмендету;

күн көріс минимумынан табысы төмен халықтың үлесін 4,7% дейін;

арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағын (оны алуға мұқтаж адамдардың жалпы санынан) 91,5% дейін;

мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа санын 1000 адамға 268 мың адамға дейін;

мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар санын 76 % дейін ұлғайту;

халықтың жалпы санынан жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын барлық жастағы тұрғындар санын 32,1% дейін ұлғайту;

туристік салада қызмет көрсететін жиынтық табысты 2015 жылы 2008 жылдың деңгейіне қарағанда кемінде 56,5% ұлғайту;

азаматтық қоғам институтының және мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оң бағалайтын тұрғындар үлесін 57% дейін арттыру;

тұрғындарды отандық телехабар таратумен қамту деңгейі көрсеткішін 62,3% дейін;

15-28 жастағы жастардың жалпы санында NEET үлесін 8,2% дейін;

көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағын 21,2% дейін;

облыс қалалары мен аудандарын төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрекет ету күштерімен барынша қамтуды 79% дейін;

құрылыс жұмыстарының табиғи көлем индексін 103,7% ұлғайту;

тұрғын үйлерді пайдалануға енгізуді жалпы алаңнан 340,8 шаршы метрге дейін;

жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 77% дейін ұлғайту;

жолаушы көлігі айналымының көлемін 11 951 млн. жолаушыға дейін ұлғайту;

халықтың байланыс және коммуникация саласының қызмет сапасымен қанағаттану деңгейін 75% дейін ұлғайту;

халықтың компьютерлік сауаттылығы деңгейін 68% дейін ұлғайту;

халықтың орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігінің деңгейін 85% дейін ұлғайту;

нормативті эксплуатациямен қамтылған кондоминиум объектілерінің үлесін 13,4% дейін ұлғайту;

жылумен қамту қызметімен қамтамасыз етілу деңгейін 10,5% дейін ұлғайту;

халықтың су бұру қызметімен қамтамасыз етілу деңгейін 36,1% дейін ұлғайту;

даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендер санын 50 бірлікке дейін ұлғайту;

шекаралас аудандарда халық санының өсімін 100,3% ұлғайту;

зиянды заттардың жалпы шығындыларының төмендету;

мемлекеттік орман қорының орман алаңдарымен жабылған жерлерді 1169,8 мың га ұлғайту;

ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлердің жалпы ауданынан ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлер үлесін 98 % дейін ұлғайту;

халықтың қызмет көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін 70% дейін арттыру.



Қаржыландыру көздері және көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджеттер, тартылған және меншікті қаражат, қарыз қаражат.

Қаржыландыру көлемі:

барлығы – 1 052 261 млн. теңге

соның ішінде:

2011ж. – 131 584 млн. теңге

2012ж. – 142 424 млн. теңге

2013ж. – 208 132 млн. теңге

2014ж. – 210 671 млн. теңге

2015ж. – 359 450 млн. теңге


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет