Бағдарламасы Пән: Биология Мамандығы: «Стоматология»



жүктеу 185.87 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі185.87 Kb.
түріБағдарламасы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
«Бекітемін» ТжКББФ

деканы Отыншиев М.А.

____________________

«____»_________2012 ж

Жұмыс оқу бағдарламасы
Пән: Биология

Мамандығы: «Стоматология»

Курс: 1

Семестр: 1,2

Сағат саны:118

Шымкент 2012 ж.

Жұмыс бағдарламасы ҚР білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 530 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген.


Биохимия, биология және микробиология кафедрасының мәжілісінде

қаралды
«21» 05. 2012 ж 18 хаттама

Кафедра меңгерушісі: Есіркепов М.М.

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді


«29» 06. 2012 ж.«11» хаттама

Әдістемелік кеңес төрайымы: Джуманкулова Н.Р.



1.Алғы сөз
Осы үлгілік бағдарламасы ҚР 4.05. – 2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім. Негізгі ережелері» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп әзірленген.

Биология пәні жаратылыстану ғылымдарының негізгі пәндерінің бір ретінде ұсынылып отырған оқу бағдарламасы биологиялық білімнің мақсаты мен міндетіне сәйкес келеді.

Бағдарлама пәннің биологиялық заңдылықтары мен құбылыстарын толық меңгеру үшін, жаратылыстану – математикалық бағытында оқытуға арналған.

Бағдарламаның мақсаты – оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру,әрбір білім алушының қызығушылығы мен қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау.

Тірі организмдердің құрылысын,қызметін,тіршілік әрекеттерін эволюциялық тұрғыда түсіндіру арқылы тәжірибелік дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Бағдарлама оқытушының әрбір тақырыптық бөлімдерді оқытуда алдына қойылған мақсаттары мен міндеттері айқындалған.

Бағдарламада зертханалық – тәжірибелік сабақтарда қарастырылған, мақсат – алған білімдерді төмендегі талаптарға сай келуі: болжау,анықтау,салыстыру,түсіндіру,қолдану.

Жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу барысында,білім беру ұйымы үлгілік оқу бағдарламасындағы пәнді оқыту уақытының жалпы көлемін сақтай келе,айналымға бөлінген сағат көлемін қазіргі заманғы оқыту технологиясын пайдалана отырып, 10- 20℅ өзгертуге құқылы.

(Қ.Р. МЖБС 4.05. – 2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім. Негізгі ережелері».)

Бағдарлама төмендегі міндеттерді шешуге көмектеседі:



  • биология ғылымының негізгі қағидаларын,ағзалардың тіршілік әрекеттері, олардың жеке және тарихи дамуы,жүйесі,құрылымы және қызметі,адам әрекетінің экологиялық жүйелерде болатын өзгерістерге әсері туралы білімді

  • тірі организмдердің құрылысын, қызметін, тіршілік әрекеттерін эволюциялық тұрғыда түсіндіру.

  • тәжірибелік,зертханалық жұмыстарды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана білу;

  • пәнаралық байланыстарды қалыптастыру.

  • биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Жалпы биология курсы білім алушылардың бойында шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Сондықтан «Жаңалықты» өздігінен іздеп ашатындай танымдық,эмоциялық жағдайлар туғызатын оқытудың эвристикалық,ғылыми - зерттеу, табиғатты көркем қабылдау сияқты әдіс – тәсілдеріне серекше маңыз беру қажет.



Оқушы білуі қажет:

  • биология ғылымының негізгі қағидаларын,ағзалардың тіршілік әрекеттері, олардың жеке және тарихи дамуы,жүйесі,құрылымы және қызметі адам әрекетінің эволюциялық жүйелерде болатын өзгерістерге әсері туралы білімді қамтамассыз ету;

  • экологиялық білім және тәрбие, табиғатқа жауапкершілікті қарым – қатынас,органикалық дүние эволюциясы білім негізінде табиғатты қорғау іс - әрекетіне дайындауды қамтамассыз ету;

  • тірі организмдердің құрылысын, қызметін,тіршілік әрекеттерін эволюциялық тұрғыда түсіндіру.

  • тірі организмдерге тән қасиеттерді оқыту барысында өлкетану материалдарын кеңінен пайдалану; білім алушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыру да биологиялық ұғымдарды,көзқарастарды заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу.


2. Пәннің тақырыптық жоспары

1 семестр



Тарауы мен тақырыптың аталуы

Сағат саны

Оның ішінде


Теориялық сабақ

1

Кіріспе.Биология – тіршілік туралы ғылым. Тіршілік – материя қозғалысының көрінісі.Тіршіліктің негізгі қасиеттері

3

3

2

Жасушаның химиялық құрамы. Цитология ғылымы. Цитология пәні және міндеттері. Жасуша теориясының негізгі қағидалары.

3

3

3

Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар: су және оның қасиеттері. Минералды заттар.

3

3

4

Жасушаның құрамындағы органикалық қосылыстар. Липидтер.Көмірсулар. Ақуыздар. Олардың биологиялық рөлі және қасиеттері.

3

3

5

Жасушаның құ рылысы және атқаратын қызметі. Жасуша мембранасы, құрылысы және қызметі. Цитоплазма және ядро.

3

3

6

Жасуша негізгі органоидтары. Жасуша ядросы, құрылысы мен қызметі.Хромосомалар,прокариоттар және эукариоттар.

3

3

7

Жасушадағы зат алмасу және энергияның айналымы. Жасушада

ғы зат алмасу.Зат алмасудың этаптары. Метаболизм, анаболизм және катаболизм.



3

3

8

Фотосинтез. Автотрофты және гетеротрофты жасушалар. Фотолиз.

3

3

9

Пластикалық және энергетикалық алмасу. Ақуыздың биосинтезі. Транскрипция.Трансляция.

3

3

10

Организмдердің көбеюі мен жеке дамуы. Жасушаның бөлінуі. Митоз. Митоз фазалары,маңызы. Организмдердің көбею жолдары.

3

3

11

Мейоз және оның фазалары. Мейоздың биологиялық рөлі.

3

3

12

Жыныс жасушаларының дамуы. Ұрықтану,оның генетикалық маңызы.

3

3

13

Генетика және селекция негіздері. Генетиканың даму тари

хы.Г.Мендель заңдары.Доминанттық, рецессивтік белгілер.



3

3

14

Аллельді гендер.Фенотип және генотип. Белгілердің ажырау себептері.

3

3

15

Ген. Құрылымы,қасиеті. Гендердің арақатынасы. Жыныс гене

тикасы. Жыныс пен тіркес тұқым қуалау.



3

3

16

Адам генетикасы.Тұқым қуалаушылықты зерттеу әдістері. Адамның тұқым қуалайтын аурулары.

3

3

17

Өзгергіштік. Модификациялық және мутациялық өзгергіштік

тер.


3

3

18

Мутациялардың жиілігі. Мутацияның пайда болуына ортаның әсері. Геномдық, хромосомалық және гендік мутациялар.

3

3

19

Генетика және эволюциялық теория. Популяциялар генетика

сы. Табиғи сұрыпталу.



3

3

20

Өсімдіктер селекциясы. Гетерозис. Жануарлар селекциясы. Қазақстандағы жануарлар селекциясының жетістіктері.

3

3


2 семестр

1

Тіршіліктің анықтамасы. Тіршілік деңгейлері. Тіршілік жүйесінің негізгі қасиеттері. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы.



3

3

2

Биохимиялық эволюция.Тіршіліктің пайда болуын дәлелдеудегі А.И.Опарин,Дж.Холдейн теориялары.Тіршіліктердің абиогендік жолмен пайда болуы.

3

3

3

Эволюциялық идеялардың даму тарихы.Ч.Дарвинге дейінгі тірі табиғаттың дамуы жөніндегі түсініктер.Ерте заманғы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. К.Линней, Ж.Б.Ламарктың эволюциялық ілімі.

3

3

4

Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы. Табиғи сұрыптау теория

сының негізгі қағидалары.



3

3

5

Микроэволюция. Популяция - эволюцияның қарапайым өлшем бірлігі. Популяцияның құрылымы және негізгі сипаттамалары.

3

3

6

Өзгергіштік пен тұқымқуалаушылық, оның эволюциялық даму

дағы рөлі.



3

3

7

Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі.

3

3

8

Табиғи сұрыпталу эволюцияның қозғаушы және бағыт

таушы күші.Тіршілік үшін күрес,оның түрлері.



3

3

9

Органикалық дүниенің даму жолдары мен заңдылықтары.Фило

генетикалық топтардың эволюциясы салыстырмалы – анатомиялық дәлелдемелері.



3

3

10

Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары мен жолдары. Биологиялық прогресс пен регресс.

3

3

11

Аллогенез(идиоадаптация). Арогенез (ароморфоз).Катагенез (дегенерация).Биологиялық регресс - эволюция заңдылығы.

3

3

12

Жер тарихы. Органикалық дүниенің даму тарихы.Жердің даму тарихы.

3

3

13

Жер тарихының шежіресі.Архей,протерозой,палеозой,мезозой,

кайнозой, заманындағы өсімдіктер мен жануарлардың дамуы.



3

3

14

Антропогенез адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ілім. Жануарлар дүниесі жүйесіндегі адамның орны. Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері.

3

3

15

Антропогенездің қозғаушы күштері. Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары.

3

3

16

Адамның пайда болуындағы еңбектің рөлі.

3

3

17

Экология ғылымы.Экологияның негізгі міндеттері.Экология

лық зерттеулердің негізгі бағыттары.Қазақ халқының экология

лық қағидалары. Организмдердің әр түрлілігі және тіршілік орталары. Экологиялықфакторлар (абиотикалық,биотикалық, антропогендік).


3

3

18

Агроценоз және биоценоз. Адам іс әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері.Экологиялық апаттар.Экосистемадағы зат және энергия алмасу. Негізгі экосистемалардың өнімділігі.

Биосферадағы биогеографиялық аймақтар және олардың өнімділігі.



3

3

19

Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар. Ауаның, су ресурстарының,топырақтың,өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық жағдайлары. Қызыл кітап және оның рөлі. Қазақстанның экологиялық апат аймақтары.

2

2

20

Биосфера ілімінің негіздері. Жер планетасының биосферасы және биомассалар қасиеттері.В.И.Вернадский және оның биосфера туралы ілімі. Геосфера. Литосфера. Атмосфера. Биосфераның құрамы.


2

2




Барлығы:


118

118


3.Пәннің мазмұны

Кіріспе.
Биология – тіршілік туралы ғылым.

Тіршілік – материя қозғалысының көрінісі. Тіршіліктің негізгі қасиеттері.

Биологияны зерттеу әдістері. Биологиялық маңызы.
Тарау 1. Жасушаның химиялық құрамы.
Тақырып 2. Цитология ғылымы.Цитология пәні және міндеттері.Жасуша теориясының негізгі қағидалары.

Тақырып 3. Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар: су және оның қасиеттері. Минаралды заттар.

Тақырып4. Жасушаның құрамындағы органикалық қосылыстар.Липидтер.Көмірсулар.Ақуыздар.Олардың биологиялық рөлі және оның қасиеттері

Тақырып 1.4 нуклейн қышқылдары: ДНҚ және РНҚ. ДНҚ – ның құрылымы мен қасиеттері және екі еселенуі.ДНҚ – ның тұқым қуалаудағы рөлі.РНҚ – ның құрылымы.


Тарау II. Жасушаның құрылысы және атқаратын қызметі.

Тақырып 5. Жасуша мембранасы,құрылысы және қызметі. Цитоплазма.Ядро

Тақырып 6. Жасушаның негізгі органоидтары.Жасуша ядросы құрылысы мен қызметі. Хромосомдар. Прокариоттар және эукариоттар.Вирус – тіршіліктің жасушасыз түрлері.
Зертханалық жұмыс № 1.

Микроскоп арқылы бактерия, өсімдік,жануар жасушаларының құрылысын бақылау.

Кестелер,сызба нұсқалар мен суреттерді көрсету: жасушалардың көп түрлілігі, «жасушаның құрылысы», жасуша иорганоидтарының электрондық суреттері.

Тарау ІІІ. Жасушадағы зат алмасу және энергияның айналымы.

Тақырып 7. Жасушадағы зат алмасу. Зат алмасудың этаптары. Метаболизм,анаболизм және катаболизм.Ағзаның тыныс алуы.

Тақырып 8. Фотосинтез.Автотрофты және гетеротрофты жасушалар. Фотосинтез.Фотолиз.

Тақырып 9. Пластикалық және энергетикалық алмасу. Ақуыздың биосинтезі.

Транскрипция.Трансляция.Ақуыз биосинтезінің биологиялық рөлі.

Тарау ІV. Организмдердің көбеюі және жеке дамуы.

Тақырып 10. Жасушаның бөлінуі.Митоз.Митоз фазалары,маңызы.Организмдердің көбею жолдары.

Тақырып 11. Мейоз және оның фазалары.Мейоздың биологиялық рөлі.

Тақырып 12. Жыныс жасушасының дамуы.Ұрықтану,оның генетикалық маңызы.Онтогенез – организмдердің жеке дамуы.Бөлшектену.Бластула және гаструла. Нейрулла сатысы.

Постэмбриондық даму.
Зертханалық жұмыс № 2

Митоз.Митоздың жүруі.



Зертханалық жұмыс № 3

Мейоз.Мейоздың жүруі.

Көрсетілім «Жасушаның бөлінуі» таблица.
Тарау V. Генетика және селекция негіздері.

Тақырып 13. Генетиканың даму тарихы.Г.Мендель,оның еңбектері.

Доминанттылық,рецессивтік белгілері.

Тақырып 14. Аллельді гендер.Фенотип және генотип. Белгілердің ажырау себептері. Г. Мендель заңдары.

Тақырып 15. Ген. Құрылымы,қасиеті.Гендердің ара қатынасы.Жыныс генетикасы. Жынысты анықтау. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өзгеруіне ортаның әсері.

Тақырыап 16. Адам генетикасы.Тұқымқуалаушылықты зерттеу әдістері.

Адамның тұқымқуалайтын аурулары, олардың алдын алу.

Көрсетілімдер:

Мендель заңдарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтін кеппе шөп материалдарын, жинақтамаларды, нақнұсқа – тапсырмаларды,сызбанұсқаларды көрсету.



Тарау VI. Өзгергіштік заңдылықтары.

Тақырып 17. Өзгергіштік және олардың түрлері. Модификациялық және мутациялық өзгергіштіктер.

Тақырып 18. Мутациялардың жиілігі. Мутацияның пайда болуына ортаның әсері.

Геномдық,хромосомалық және гендік мутациялар.Селекциядағы мутацияның рөлі.

Тақырып 19. Генетика және эволюциялық теория.Популяция генетикасы. Табиғи сұрыптаудың түрлері: қозғаушы және тұрақтандырушы.
Тарау VIІ. Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің селекциясы.

Тақырып 20. Селекцияның генетикалық негіздері.Селекция үшін бастапқы материалдарды іріктеп алу,бағалау.Өсімдіктердің селекциясы.Селекциядағы табиғи сұрыптаудың маңызы. Гетерозис. Жасанды мутагенез,оның селекциядағы маңызы.Жануарлар селекциясы. Қазақстандағы жануарлар селекциясының жетістіктері.Микроорганизмдер селекциясы,оның өнеркәсіптегі маңызы.Биотехнология,оның бағыттары.Генетикалық инженерия.



Тарау VIІІ. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның дамуының алғашқы кезеңдері.

Тақырып 21. Тіршіліктің анықтамасы. Тіршілік деңгейлері.Тіршілік жүйесінің негізгі қасиеттері. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар. Тіршіліктің шығу тегі туралы қазіргі заманғы теориялар.

Тақырып 22. Биохимиялық эволюция. Тіршіліктің пайда болуын дәлеледеудегі А.И.Опарин,ДЖ Холдейн теориялары.Тіршіліктердің абиогендік жолмен пайда болуы.

Тарау ІХ. Эволюциялық ілімнің негіздері.

Тақырып 23. Эволюциялық идеялардың даму тарихы. Ч.Дарвинге дейінгі тірі табиғаттың дамуы жөніндегі түсініктер. Ерте заманғы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. К.Линней, Ж.Б.Ламарктың эволюциялық ілімі, оның негізгі қағидалары және оған берілген баға.

Тақырып 24. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы. Табиғи сұрыпталу теориясының негізгі қағидалары.

Тарау Х. Микроэволюция туралы ілім.

Тақырып 25. Популяция - эволюцияның қарапайым өлшем бірлігі. Популяция туралы ұғым. Популяцияның құрылымы және негізгі сипаттамалары.

Тақырып 26. Өзгергіштік пен тұқымқуалаушылық, оның эволюциялық дамудағы рөлі.

Тақырып 27. Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі.

Тақырып 28. Табиғи сұрыпталу - эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші.

Тіршілік үшін күрес,оның түрлері мен мысалдары. Бейімделушілік – табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі. Түр – эволюциясының негізгі кезеңі.Түр тұжырымдамасының даму тарихы,түр критериилері. Түрдің құрылымы. Түр түзілу – микроэволюциясының нәтижесі.


Зертханалық жұмыс № 4.

Тіршілік үшін күрес түрлерімен танысу.


Тарау ХІ. Органикалық дүниенің даму жолдары мен заңдылықтары.

Тақырып 29. Филогенетикалық топтардың эволюциясы. Эволюцияның салыстырмалы – анатомиялық дәлелдемелері.

Тақырып 30. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары мен жолдары. Биологиялық прогресс пен регресс.

Тақырып 31. Аллогенез (идиоадаптация

Арогенез (ароморфоз).Катагенез (дегенерация).

Топтардағы эволюция қарқыны.Биологиялық регресс – эволюция заңдылығы.Эволюция процестердің кейбір ережелері мен заңдылықтары.Филогенездің түрлері (дивергенция,конвергенция,параллелизм).



Зертханалық жұмыс № 5.

Эволюцияның салыстырмалы – анатомиялық дәлелдемелері мысалдарын талдау.



Зертханалық жұмыс № 6.
Өсімдіктер мен жануарлардағы ароморфоз және идиоадаптация мысалдарын талдау.
Тарау ХІІ. Жер тарихы.

Тақырып 32. Органикалық дүниенің даму тарихы. Жердің даму тарихы.

Тақырып 33. Жер тарихының шежіресі. Архей,протерозой,палеозой заманындағы өсімдіктер мен жануарлардың дамуы.Мезозой және кайнозой заманындағы органикалық дүниенің даму ерекшеліктері.
Көрсетілімдер:

Жердің геохронологиялық шежіресінің сызба нұсқалары.



Тарау ХІІІ. Антропогенез – адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ілім.

Тақырып 34. Жануарлар дүниесі жүйесіндегі адамның орны.Адамның жануарлардан шыққандығын дәлелдемелері.

Тақырып 35. Антропогенездің қозғаушы күштері.Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары.

Тақырып 36. Адамның пайда болуындағы еңбектің рөлі.

Тақырып 13.5. Адам эволюциясының бағыттары.Австралипитектер.Гоминидтер эволюциясының негізгі кезеңдері.Саналы адамның эволюциясының факторлары және олардың алғашқы отаны.

Саналы адам дамуының негізгі кезеңдері.Адам нәсілдері. Нәсілдердің бір екендігінің дәлелдемелері.


Тарау ХІV. Экология негіздері.
Тақырып 37. Экология ғылымы. Экологияның негізгі міндеттері.

Экологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары. Қазақ халқының экологиялық қағидалары. Организмдердің әртүрлілігі және тіршілік ортасы. Экологиялық факторлар. Организмдердің экологиялық топтары.

Тақырып 38. Агрогенез оның құрылымы.,ондағы тіршілік ететін организмдер топтары,қоректік тізбектер.Адам – іс әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері. Экологиялық апаттар.

Экосистемадағы зат және энергия алмасу.Негізгі экосистемалардың өнімділігі. Биосферадағы биогеографиялық аймақтар және олардың өнімділігі.

Тақырып 39. Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар.Ауаның,су ресурстарының, топырақтың,өсімдік пен жануарлардың экологиялық жағдайлары. Қызыл кітап және оның рөлі. Қазақстанның экологиялық апат аймақтары.

Тарау ХV. Биосфера ілімінің негізі.

Тақырып 40. Жер планетасының биосферасы және биомассалар қасиеттері. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану және биосфераны қорғау.В.И.Вернадский және оның биосфера туралы ілмі.

Жер планетасының географиясы.
4.Оқу - әдістемелік жабдықталуы
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1.Қасымбаева Т..,Мухаметжанова К. «Жалпы биология» 10 – 11 класс,Алматы,Мектеп,2006

2. Сартаев А.., Гильманов М., «Жалпы биология» 10 – 11 класс Алматы,Мектеп,2006

3. Беляев Д.К.., «Жалпы биология» 10 – 11 класс,М.Просвещание,2002

4. Голубоев И.Р.., Новиков Ю.В. «Окружающая среда и ее охрана»

М.: Провещание 1998

5. Атқанбаев Ж.Ж. «Экология»,Алматы 2003

6. р. Сәтімбеков «Биология» 10 – 11 класс Алматы,Мектеп 2007
Қосымша әдебиеттер:

1.Мухаметжанова К.,Қасымбаева Т., «Жалпы биология» Хрестоматия,

Алматы,Мектеп 2006

2.Абшенова Л.У.., Зайрова Б.З. «Биология», Алматы 2008

3.Дюсебаева М.К.,Қашқарова З.А. «Экология негіздері» оқу құралы, Алматы 2006

4.Воронков Н.А. Основы общей экологии,М.Просвещание


Көрнекілік құралдар және ОТҚ:

1.Компьютерлік сынып

2.Интерактивтік тақта

3.Электрондық оқу құралдары

4.Электрондық әдістемелік жүйе

5.Әдістемелік көмекші құралдары (кестелер,сызбалар)

6.Әр түрлі деңгейге арналған тест тапсырмалары

7.Өзіндік және бақылау жұмыстарының жиынтығы


Емтихан сұрақтары:

  1. Әрбір сағат бойынша 4 сұрақтан (472) тесттік сұрақтардан тұратын емтихан сұшрақтары дайындалады.

2013-2014 оқу жылына Жұмыс бағдарламадағы толықтырулар мен өзгертулер.

«Биология» пәні бойынша жұмыс бағдарламасына толықтырулар мен өзгертулер енгізілген жоқ.

Жұмыс бағдарламасы кафедраның мәжілісінде қайта қаралынған және мақұлданған.

«19»­­­­­ ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 06. 2013 ж. № 21 хаттамасы
Кафедра меңгерушісі Есіркепов.М.М.

Енгізілген өзгертулер келісілген


ТжКББ деканы Отыншиев.М.Ә.
«25» 06. 2013 ж. № 11 хаттамасы

Әдістемелік кеңестің төрағасы Джуманкулова.Н.Р.


«25» 06. 2013 ж. № 11 хаттамасы

­­­­­­­­­­­­



­­­­­­­­­­­­
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных
2014 -> РҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2014 -> Словообразование (VI класс)
2014 -> Контрольная работа по литературе за 2-е полугодие
2014 -> Склонение количественных числительных склонение числительных пять, шесть, семь, восемь, девять
2014 -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар (салыстыру, сандарды қосу және азайту). 10 көлеміндегі сандардың құрамы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет